Арнайы білім берудегі технологиялар

Дәрістер тезистері Дәріс № 1 – 4 (4 сағат) Тақырыбы: Арнайы педагогиканың жалпы негіздері   1.1. Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері Арнайы педагогика – қалыпты педагогикалық жағдайда білім алуға қиналатын немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғалардың арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесі. Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беру педагогикалық феномен ретінде қарастырылады және кемтар тұлғаның білім алу мәселесін шешуге бағыталған. Арнайы білім берудің субъектісі- мүмкіндіктері шектеулі тұлға. Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін олардын тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарың зерттейді. Арнайы педагогиканың негізгі максаты - дамушы тұлғанын әлеуметтенуге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуін көздей отырып, арнайы педагогика бұл максаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды мәнін көрсетеді: тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу. Арнайы педагогика негізгі мақсатқа жету үшін жалпы максатар жүйесін жүзеге асыру қажет, олар:  - дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;  - педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру; орның толықтыру (компенсациялау);  - абилитация     (ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік- педагогикалық шаралар жүйесі. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады.  - сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) - тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипатағы кешендерді қолдану. Соңдықтан жалпы мақсаттар нақты тұлғаға көмек көрсетуге бағытталған, мысалы, көруінде ауытқуы бар тұлғаны арнайы құралдармен қолдануға үйрету және қоршаған кеңістікте бағыттау дағдыларын қалыптастыру болса, естуінде ауытқуы бар тұлға үшін қалдық естуге сүйене отырып, сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан ауызша сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыру болады. Арнайы педагогиканың өзгеше мақсаттар қатарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғаны сауықтыру шараларды ұйымдастыру, нақты өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу, өз тұлғасын барабар бағалау, әлеуметтік мінез-құлықтың сәйкестік формаларын қалыптастыру. Бұл жұмысты атқаруда психолог мамандар ата-аналармен бірлесіп өз үлестерін қосу қажет. Ал арнайы педагогиканың мақсаттарын жүзеге асыру үшін бір қатар міндеттерді шешу аса қажетті, олар: - мүмкіндіктердің шектеулі тұлғаның даму заңдылықтарын зерттеу; - кемістіктің құрылысына сәйкес түзету және теңестіру (компенсация) орның толықтыру мүмкіндіктерін анықтау; - мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан жіктеу әзірлеу жағдайларын анықтау және негіздеу; - арнайы білім берудің заңдылықтарын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқытудың педагогикалық жүйелерін зерттеумен қатар жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуын болжау т.с.с. 1.2. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері Арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін және барлық арнайы терминдерді білуі тиіс. Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдердің пайда болуы медицинадан туындаған олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с. Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасқан, олар диагнозды сипатқа ие болған, нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар 2) танымдық әрекеті төмен балалар 3) психомоторикасындағы ауытқу сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейіннен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагноздың сипатына назар аудармай, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған.Тарихи, әлеуметтік өзгерістерге тәуелді дефектологияның орнына “түзету педагогика” термині пайдалану құбылыстар байқалды. Ал педагогикалық ғылымдар жүйесінде арнайы педагогикалық ғылымдар бөлек аталатын, олар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия. Арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы “мүгедек” терминңнің орнын басады, өйткені “мүгедек” деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілітсіздікті білдіреді. Соңдықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады. Сөйтіп дамұында кемістігі бар тұлғаларды көп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктеу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады: - естімейтіндер - нашар еститіндер - көрмейтіндер - нашар көретіндер -тіл кемістігі бар -ақыл-ойы кем -психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиыналатын балалар) - тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар -сезім-ерік аясында ауытқуы бар Ал 2002 жылы қабылданған ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң отандық арнайы білім беруде пайдаланатын негізгі терминдер мен аңықтамаларды занды түрде бекітіп тәжірибеге ұсынды.   2. Арнайы педагогиканың пәндік салалары. Қазіргі өз бетімен дамыған, өз пәні мен мақсат-міндеттерін, өзінің тарихын, дидактикасын, тәрбиелеу теориясы мен практикасын және арнайы әдістемесін ажырататын педагогикалық салаларды біріктіреді, олар: - тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер) - сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер) - тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен қатар көруінде ауытқуы бар ) - логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар) - олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар). Соңғы жылдары арнайы педагогикада тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға педагогикалық көмек көрсету саласы бөлініп – ортопедагогика деп аталған және ерік-сезім саласында кемістігі бар тұлғалар үшін өзіндік пән саласы ретінде дамып жатыр. Соңғы жылдары созылмалы ауруы және көптеген ауыр ауытқулары бар балалалар үшін арнайы педагогиканың жаңа өзіндік саласы ретінде қалыптасуда. Арнайы педагогиканың әр бір пәндік саласы жалпы педагогика сияқты құрастырылған, нақты мектепке дейінгі және мектеп жастаындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жақсы зерттелген болып саналады (мектепке дейінгі сурдопедагогика, мектепке дейінгі олигофренопедагогика, т.б.)  Бірақ сонымен қатар арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі жастар мен ересектерді арнайы оқыту және ерте жастан педагогикалық көмек көрсету мәселелері әлі күнге дейін ғылыми зерттеулерді қажет етеді.   Дәріс № 5 - 8 (4 сағат) Тақырыбы: Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі 1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдағы мәліметтердің жүйелілігімен мазмұндылығы қажет екені сөзсіз. Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен әр түрлі ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен, педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық. Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді. Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн.  Нақты мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне арнайы білім алу деңгейімен анықталады. Әлеуметтік философиялық аспектісінің өзектілігі дамудағы пайда болған кемістіктердін қазіргі экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді. Дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалардын өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелері ұзақ уақыт бойы философтардын назарадында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық тұрғыдан жүйеленбеген. Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу үшін ықпалын тигізеді. Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі бағытта қалыптасады, олар: - гуманизация, яғни адамшершілікке бас бұру;  - фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру; - интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді..  2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі. Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана дейін шетелде және совет одағында – да тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия қалаған. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім берудің құндылығы-кемістікті түзету арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды. Бұл контексте арнайы білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға түскен ауыртпашылығы болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған. Кеңес дәуріндегі арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу туралы совет педагогикасындағы концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті. Бірақта қоғамның тұлға қызығушылығына деген көзқарасын біздің елімізде «екінші сортты адамдар» деген беделмен бекітілген. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы шектейтін – қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды. ХХ ғасырдың екінші жартысында, соғыстан кейін бүкіл әлемде демократиялық, ұлттық-бостандықты жариялайтын қозғалыстар басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары өмірдегі ең жоғары құндылық - адам өмірі мен амандығы екенің көрсетті. Сол кезде 1948 жылдан бастап “Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы” қабылдағаннан кейін бүкіл әлем адамгершілік бағытын көздейтін халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес құра бастады. Бұл контестегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік тұрғыда қайта құрылуына деген жаңа көзқарастың мәнінің негізі – ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме онысына қарамастан әр қайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып тәуелсіздікпен еріктіліктің жоғарғы деңгейіне жету идеясы болып саналады.   3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі Арнайы психология – психологиялық білімнің өзіндік даумында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психология пәні – тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кеміс балалардың психикасын зерттейді. Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын табуын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады. Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев Семенович Выготскийдің еңбегі. Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлардың қисындасуы арқылы қарастырған. Бұл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тірбиелеудің тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады. Біріншіден, Л.С.Выготский кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның орнын толықтырады. Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Екіншілік ауытқулар баланың психикалық даму құрылымын өзгертеді. Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелділігі, олардың бірі – бірімен байланысы, теуелділігі. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі.  Төртіншіден, Л.С.Выготский әр түрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту, сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетіне қосуды ұсынған. Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды. Бұл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және – сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей тигізеді.     4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері Адамның ең маңызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қоргауды қолдайды. Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті негізгі құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырыла алмайды. Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар “Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация”, “Бала құқықтары жайлы Конвенция” т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР “Білім туралы” Заңы (2007), ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңы (2002), , ҚР “Бала құқықтары туралы” Заңы (2002),.  “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңның 4 Тарауында Кемтар балалардың құқықтары. Олардың ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бапта кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға туралы құқығын бекітті. “Баланың құқықтары туралы Конвенцияда” мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы омір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамысдандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген. Аталған құжаттарда барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар: әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға; білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға; инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы; жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру; арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б. Мүмкіндіктері шектеулі балардың құқықтарының теңдігі бірқатар заңдар мен құқықтық құжаттар жарияланып бекітілген, арнайы білім беру   Дәріс № 10-11  Тақырыбы: Арнайы мектептегі оқыту процесі Жоспары: 1. Арнайы оқыту процесіне сипаттама 2.Арнайы оқыту процесінің ерекшіліктері 3.Арнайы мектеп оқушылардың білімін тексеру Түсініктер: оқыту, білім беру, оқу, дидактика, таным.   1. Оқыту процесі туралы түсінік  Арнайы педагогиканың дидактикасы – мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады және оқытудың динамикасын көрсете, барлық өзгерістерін ашып, білім берудің мазмұның қамтиды. Дидактика нысаны – тұлғаның білім алуда, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді. Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұның меңгереді. Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі.. Арнайы педагогикада оқыту, білім беру, оқу, білім алу арнайы мектеп оқушыларының қоғамдық мәнін міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты педагогикалық процес тұрғысында сипатталады. Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту. Арнайы білім беру мен оқытудың бойында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды жан – жақты дамыту мен кемістікті түзетуге қуатты жағдайы бар. Осы жағдайларды ашу және жүзеге асыру – арнайы білім беру мен оқыту теориясының маңызды міндеті. Педагогика ұлы орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов жасаған жоғарғы жоғарғы жүйке жүйесінің іс-әрекеті жөніндегі алдыңғы қатарлы материалистік ілімге сүйенеді. Жүйке жүйесінің қызметінің шартты рефлекторық теориясы оқушылардың таным процесінің және олардың қоғамдық негізінің дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ал, оқыту процесі – оқушының қоршаған әлемді тану процесі. Оқыту процесінің бұл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің басқа түрлері мен формалары ұқсастығын білдіреді. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту құрылымының ойын, көркем- бейнелеу, еңбек және басқа да іс-әрекеттерден мәндік айырмашылығы болады. 2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері  Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдарды қызықтырған (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.)   Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдық іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейтді, қоршаған әлемді таниды. Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әркеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады. Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді. Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді: - сезіммен қабылдау, - абстрактілі ойлау, -  тәжірибе. Оқытуда келесі құрылымдылық бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланысты. Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді. Соңымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтығын, нақтылығын және барабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталған, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін аңықтайды, нақты: - күрделі оқу материалы бөлемдерге жіктеледі; - оқыту үрдісі баяу өтеді; - оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады; - оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді; - сақталған, сау анализаторларға сүйену қажеттелігі. Оқу материалын саналы меңгеру – бұл күрделі процес, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын еңгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқылданған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге ((талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі. Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады. Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сақтай алмаса, қабылдағаның сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкештікке, жүйелісіздікке, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс. Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсінілмей қалмауын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс. Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді жәнен әрекет тәсілдерін қатйта құру жүзеге асырылады. Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктін қалыптаспауы. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ( құрамдары ) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді қайта жаңғыртуға және білім мен практикалық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзету құралдары мен тәсілдерін пайдаланылады. Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді. Біріншіден оқытудың барлық кезендерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау; Екіншіден танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық етуін талап ету, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді. Бірақ балалар өз танымдық әрекетін ұйымдастырып үйренген соң, мұғалімнің тікелей көмегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді. Мұғалім көмегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп тұрады. Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше мұғалімнің басшылығымен орындауға үйренеді. Үшіншіден, оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оқу материалын жақсы меңгере алады. Арнайы мектепте оқу материалын дұрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқытылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі жиі пайдаланылады. Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру қажет. Бұл үшін оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдар т.б. Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бұ л ерекшелік оқушыдардың таным мүкіндігінің қалыпсыз дамуынан туындаған.Ал ол болса арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап етеді – ол оқушыларды түзете-дамыту.   3. Оқушылардың білімін тексеру  Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал- тәсілдерімен таныстырады. Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, материалды нәтижелірек игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады. Дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан. Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім оқушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ  барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды. Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді. Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі. Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың бойындағы кемістіктің түрі және даму ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оқушылар білімін қорытынды тексеруде ең қолайлысы бақылау жұмыстарын жүргізу (арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы). Бақылау жұмысы алдын ала ескертілмесе, оқушы бойында өте күшті сезімдік қобалжу туады. Жұмыстың оқушылар мүмкіндіктеріне сай және қол жетерлігіне сенімді болу үшін мұғалім оқушылардың даму деңгейін жақсы білу керек.. Қазіргі арнайы мектептерде білімді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілген. Ол Білім алушыларды аттестаттау   “әдістемесінің ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004           жылғы «2»       наурыз № 166 бұйрығымен бекітілген. Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық  түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 – бабының 6 – тармағына сәйкес әзірленді. Қазіргі уақытта арнайы білім беруде оқушылардың білімін тексеру, бағалау арнайы білім беру бағдарламаларда бекітілген талаптарға лайықты. Сонымен бірге, дәстүрлі бағалармен бірге, бастауыш сыныптарда “+”,” –“, түсті дөнгелек, төртбұрыштар пайдаланады. Баға қою кезінде арнайы мектеп мұғалімдері міндетті түрде, не үшін, қандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.   Дәріс № 12-13  Арнайы білім берудің мазмұны Жоспары: 1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні Жалпы білім беру мазмұны – оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде. Ал оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар нақты тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталады. Арнайы мектептегі білім мазмұны – арнайы мектептің мақсат-міндеттерімен, сондай-ақ оқушылардын таным әрекет ерекшеліктеріне тәуелді. Арнайы білім мазмұны мектепте берілетін ғылыми білімдер жүйесін қалайды. Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады. Мүмкіндіктері шектеулі баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екеншілік реттегі кемістіктің алдың алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толықтыру. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше қажеттіліктерін толық қанағаттандыруды білдіреді. Шектеулі даму мүмкіндіктердің (есту, көру, қозғалыс, т.б) сапалы сипатта екенің ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажетсінеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламалын меңгеруімен тоқтамай, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым-қатынас жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-құлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру және болашақ өмірге деген позитивті көз қарасын қалыптастырады. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары: - арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, сонын ішншде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары; - әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану арқылы түзетушілік-педагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру; - толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету; - түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық қолдау көрсетуі; -  психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндіктеріне сәйкес және білім алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін меңгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі білім беру деңгейлерін қамтиды: - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; - бастауыш білім беру; - негізгі орта білім беру; - орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру); - орта білімнен кейінгі білім беру; - жоғары білім беру; - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Ал мүмкіндіктері шектеулі түлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтің, көрмейтін, нашар көретін және тірек-қимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу орнында оқи алады. Сонымен арнайы білім берудің мазмұны тек даму кемістіктеріне ғана емес сонымен қатар білім алушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет.   2. Арнайы білім беру мазмұны Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойлады: - оқытудың түзету-дамыту бағыты; - оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесі қалыптастыруы тиіс, - оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру; - оқытудың ғылымилығы; - оқу материалының білім беретің оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы; - білім мазмұны өмір, тәжірибемен тығыз байланыста болуы, - оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты қамтамасыз ету; - білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларың ұсыну ( мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек). Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол деңсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, қоғамның аталмыш тұлғаларға қажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынай сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді. Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің еңгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептін жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді. Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу пәндрінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін мемлекеттік құжат. Оқу жоспары жалпы орта білім беру құрылымына сәйкес келеді және әр сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу жылдарына байланысты орналасады. Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, ұласымдылықты сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді. Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін аңықтайды. Арнайы мектеп мұғалімі орта және жоғары сыныптарда пәндердін оқылу ретін білуі керек, себебі, жалпы орта білім алудағы бастауш оқытудың орнын аңықтап түсінуі қажет. Оқу пәні оқушыларға ғылымның бастапқы негізгі қағидалардың игеруге мүмкіндік беретін алғашқы білім, практикалық икемділік пен дағдылар жүйесі, немесе оқушы жасына қарай тану мүмкіндіктерін және даму деңгейіне сәйкес келентін мәдениеттің, еңбек және өндірістің нақты жақтары. Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оны мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі – оларды адамзат тәжірибисінің белгілі жақтары болып табылуы. Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, икемділік, дағдыларды калыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибсінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды, болашақта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді.. Оқу пәндерінің жиыны, білім беретің оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар алар мазмұнының шартын білдіреді. Арнайы мектепте оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және түзету мен дамуы үздіксіз байланысты. Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерінің бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан – жақты, үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады және қоғамға әлеуметтік бейімделуіне әсер ететің негізгі қүрал. Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен көлемін айқындататын құжат. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Арнайы мектептердгі оқу бағдарламалар сынақтан өтуде, ерекше қиындық білім мазмұның қазақ тіліне аудару, дайындау. Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды. Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар – бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұнда кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көру мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздықтың негізін қалайды. Дәріс № 13-14 Арнайы педагогиканың принциптері Жоспары: 1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптер 2. Арнайы педагогиканың принциптері 3.Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптер Принцип дегеніміз - білім беру, түзету үрдісінің ұйымдастырудың сипаты мен ерекшеліктерін анықтайтын және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардын танымдық әрекетін басқаруды реттейтін, негізгі заңдылықтармен тұрақты талаптар жүйесі. Кемтар балаларды оқыту принциптерін жүйегі келтіру үшін арнайы мектептегі оқыту жалпы дидактикалық принциптермен бірге арнайы өзгеше принциптерге негізделетінің ескеру қажет. Дәстүрлі жалпы дидактикалық принциптер: оқытудың тәрбиелігі, ғылымилығы, жүйелігі, қол жетерлігі, көрнекілігі, саналылығы мен белсенділігі, білім, білік дағдаларының беріктігі, оқытудың жекелік сипатқа ие болуы. Кейде білімділік мақсатқа сәйкес бұл принциптердің екі не үшеуін біріктіріп те қарастыруға болады. Оқытудың жүйелілігі Қоршаған ортаның оқу материалында бейнелеуі оны оқудың жүйесін анықтайды. Оқытудағы жүйе ғылым логикасына тәуелді. Егер мұғалім оқу материалын ғылым логикасы тұрғысынан бағаламаса, онда ол өз пікірінің дербестігін және сенімін жоғалтады. Кез келген оқу материалы өз бойында белгілі бір теориялық қағидалар, түсініктер жиынтығын және осы қағидаларды дәлелдейтін құралдарды қамтиды. Арнайы оқытудың жүйелілігі оқушылардың жас және психолофизиологиялық ерекшеліктеріне, кемістіктің түрі мен деңгейіне негізделеді. Арнайы мектеп оқушыларына сабақ мазмұнын тек есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, танымдық міндетті көруі, ол міндетті шешу тәсілдерін сайлауы да маңызды. Сондықтан түсіндіру оқу материалын игеруге қажетті танымдық белсенділікті, ойдың нақты құрылымын, логикалық операцияларды қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Сабақ барысындағы, түсіндіруде оқушының таным процестерін даму ерекшеліктерін, жан- жақты есепке алу керек. Оқытуда ақыл – ойды дамыту, сонымен қатар кемістіктерді түзету – күрделі, әрі кешенді процесс. Бұл принцип оқу бағдарламасы және оқу жоспары (әрбір жаңа тақырыптың мазмұны) арқылы жүзеге асады. Жүйелілік ұдайы қайталаудан тұрады, сол себепті арнайы оқытуда оқушылардың есте сақтау ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің жетекші міндеті. Арнайы мектеп оқушыларының ақыл – ойын дамытудың әсерлі факторы мұқият ойластырған сабақта түсіндірудің жүйесі болып табылады. Оқытудың ғылымилығы Ғылыми білімдер шындықты дұрыс бейнелеу болып табылады. Бірақ шындықты кез келген дұрыс бейнелеу ғылыми білім бола бермейді. Егер білімде қоршаған әлем заңдылықтары, заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне сай қасиеттері мен байланыстары бейнеленсе ғана білім ғылыми білім болады. Оқытудың ғылымилығы принципі оқу материалындағы заңдылықтарды оқушы дұрыс бейнелеуі, түсінуі және игеруі шартын жасау үшін қажет. Оқу пәні әрдайым ғылыми білімдерді қамтиды, бірақ оқу пәні және оған сәйкес ғылым арасында бірмәнді байланыс бола бермейді. Ғылым логикасы оқу материалының ғылымилығына ықпал етеді. Ғылыми білім ғылымилығын қоймай, шындықты әртүрлі тереңдікті бейнелеуі мүмкін. Сондықтан арнайы оқытудың барлық кезеңінде ғылыми түсіндіру мүмкіндігі бар. Арнайы оқытуда нақты бейнелік ойлаудан танымның ұғымдық формасына көшудің күрделі мәселесі туады. Теориялық материалды оқудың негізгі оқушы санасында ұғымдарды қалыптастыру болады. Кез келген ұғым – заттар, құбылыстар және олардың қасиеттерінің нақты жиынтығын сипаттайды. Оқытудың тәрбиелігі Оқыту оқушыны өмірге және болашақ іс- әрекетке даярлаудың негізгі құралы. Бірақ мектептегі білімнің күрделі және тереңдігі, оқу материалы мазмұнының игеруге қиындығы, оқу пәнінің әртүрлілігі, ойдың абстрактылығы көп жағдайда баланың баланың оқуға деген субьективтік ынтасын, тәрбиелі, еңбексүйгіш, өз бетімен өзін еңбекке даярлау ынтасын түғызбайды. Оқыту процесінде тәрбие, көзқарас пен сенімдерді қалыптастыру міндеттерін орындау қажеттігі туады.  Оқытудың қол жетерлігі Оқыту арнайы мектеп оқушылардың жасына, даму деңгейіне және кемістіктің түріне сәйкес қол жетерліктей болуы керек. Бұл принцип арнайы педагогика үшін өте маңызды. Қол жетерліктің елеулі белгісі – қабылданатын білімнің оқушы санасында бұрыннан меңгерілген білім деңгейімен байланысы. Егер бұл байланыс қалыптаспаса, онда білім арнайы мектеп оқушыларына қол жетпестей болады. Бұл жағдайдың себептері: материалдың күрделілігі, оқыту әдістерінің сай еместігі, ал негізгісі оқушылардың таным ерекшеліктері .  Білім баланың жеке тәжірбиесіне, сол жеке тәжірбиеге оның бөлігі ретінде енсе қол жетерлікке айналады. Арнайы оқыту үшін қол жетерліктің шекарасы, оның өлшемі аса маңызды мәселе. Оқу материалының қол жетерлігі және түсінілу мүмкіндігі арнайы мектептегі оқыту әдістері мен мұғалімнің шеберлігі және оқушылардың ойлау даму дәрежесіне тәуелді болады.  Оқу материалының оқушылардың дамуына пайдалы және қажеттілігін ажырата білу керек. Қоршаған әлемді дұрыс көре біліп, түсінуге мүмкіндік беретін кез келген білім пайдалы болады. Оқытудың қол жетерлік принципі білімге және оның өмір тәжірбиесіне негізделген болуы қажет және оқылатын білім жүйесі жалпы дамудың тереңірек деңгейіне өтуге көмектесуі немесе осы өтуді қамтамасыз ететін бағыт жасауы керек. Нақты дамудың жақын аймағын дамудың өзекті аймағына айналдыру арқылы жүзеге асады. Оқытудың белгілі жағдайында оқу материалының оқушының даму міндеттерін шешу үшін қажеттігіне көз жеткізетіндей болуы керек.       Оқытудағы көрнекілік  Оқытудағы көрнекілік принципінің қажеттігі ойдың нақтыдан абстрактыға, сезімдіктен тиімдікке көшу негізінде жүзеге асады. Оқытуды пайдаланылатын сезімдік бейнелердің сапалық жағы көрнекі құрал негізінде оқушыда нақты нысанды елестетуге, оқу материалында бейнеленген заттар мен құбылыстарды жинақтап, көруге мүмкіндік тудырады. Көрнекі құралдар оқушының сезімдік танымын дамытады. Арнайы оқыту үшін бұл өте маңызды жағдай, өйткені оқушылар бастауыш сыныптарда білімді тек көрнекі арқылы меңгере алады. Бұл жағдайдың себебі, сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар және де ең негізгісі көрнекі ойдың басым сипаттамасы. Арнайы мектеп мұғалімі көрнекі құралмен жұмыс істегенде келесі жағдайларды ескеруі тиіс, біріншіден көрнекі құралдық мазмұнын талдау сонымен бірге көрнекі құралдың оқушылардың даму деңгейімен, кемістітің түріне сәйкес келуін анықтау. Көрнекілікті пайдалануда оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни оқушының ойлау әрекетін басқару және оқушылырдың нақты кемістіктерін ескеру қажет. Сонымен қоса қалыптастыратын сезімдік бейнені оқу міндетін орындаумен байланыстыру керек және түзетушілік міндетін шешу керек. Оқытудың саналылығы мен белсенділігі Білім мен іскерлікті меңгерудегі саналылықты қамтамасыз ету –педагог әдісіндегі ңеғұрлым күрделі мәселе. Жалпы оқытуда саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың оқу материалын сапалы түсінуіне, мектептегі оқытуды сананың қатысуында, танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған. Арнайы мектепте білімді игерудің сапасы көп жағдайда сабақта жүргізілетін жаттығуларға тәуелді болады. Оқушылардың, әсіресе бастауыш сыныптарда оқу ынтасы, көп жағдайда, оқытудың нәтижесін анықтайды. Оқушының өз бетімен ойлауына, дайындығына талапты біртіндеп күшейту керек, сол кезде ілімдерді игеру жасампаздық сипат алады. Арнайы оқытуда оқушылардын оқу жұмысына қатынастарына зейін аудару керек. Бұл принципті жүзеге асыру үшін ең бастысы – оқушы үшін оқу материалы және оның танымдық іс– әрекетінің қандай мәні бар екендігін түсіну керек. Белсенділік әрдайым адамның қоғамдық мәнінің нақты бағыттарын, оқушы үшін мәні бар обьектілерге жинақы бағытталғандығын көрсетеді. Саналы меңгеру – яғни фактілерді ажырату олардың мәнін түсіну, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды анықтау. Саналылық нәтижесі –дұрыс ұғым түсінікті бейнелейтін және тәжірибеде қолданылатын ғылыми негіздегі білімді қалыптастыру. Бұл принциптің естімейтін балаларды оқытуда маңызы ерекше, өйткені бұл балаларда ауызша сөзбен айтылған материалдарды меңгеруде қиындықтар кездеседі. Н.Б.Морозова, Т.В.Розанова, И.М.Соловьев мәліметтері бойынша мәтінді толық түсінбеу байланыс пен тәуелділік қоюда қиындықтар туғызады. Ал ақыл ойы кем балалар берілген материалдың негізгісі мен қосалқысын ажырата алмайды өздерінің танымдық әрекетін түсінбейді және ұзақ уақыт бойы мұғалімнің сөзін тыңдай алмайды. Сабақтағы оқушының белсенділігі туралы оның мұғалім сұрағына жуап беруге дайындығы жолдастарының пікіріне өз пікірін қосу, өз бетімен сұрақ қою дерек пен дәлелдерге сүйену. Саналылық пен белсенділік принципін пайдаланудың нәтижелілігі оқушыларда қалыптасқан танымдық белсенділік және өз бетімен жұмыс істеу деңгейіне байланысты анықталады. Педагогикалық оптимизм туралы принцип Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми-тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді сауықтурыдың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтылған. Педагогикалық оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мұнда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын қорғау әрекеттері бекітіледі. Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципі Қазіргі арнайы педагогика нәтижелі түзету –педагогикалық көмектің бірі – бала дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және ерте диагностикадан өткізу мен колдауды қамтамасыз ету деп санайды. Арнайы білім беру бала дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау сәті мен бір мақсатқа бағытталған түзету-педагогикалық көмектін басталуы арасындағы уақытты біршама қысқартуды қарастырады. Психологияда бала дамуында сензитивті деп аталатын кезеңдер бар, олар белгілі психикалық процестердің жағымды, жеңіл әрі қарқынды тез дамитын кезең. Бұл кезеңнің уақыты шектеулі, егерде осы уақытта қандай да бір себептерге байланысты нақты бір жүйе қалыптаспаса, кейін көптеген арнайы жағдайларды талап етеді. Бала дамуы үшін ерте және мектепке дейінгі жас өте маңызды, сол кезде бастапқы психикалық процестері қарқын дамиды.Қазіргі ғылыми жетістіктер қажетті диагностикалық құралдар мен түзету-педагогикалық технологияларды уақытымен ерте жастан көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік ашады. Білім беруде әлеуметтік-бейімдеу бағыттын қамтамасыз ету принципі Дамудағы кемістікті түзету және орның теңестіру яғни толықтыру арнайы педагогикада кемтар тұлғалардың әлеуметтік өмірде тәулсіздігін қамтамасыздандыру құралы ретінде қарастырылады. Арнайы білім берудің әлеуметтік-бейімдеу бағыты әлеуметтік қатынастын түрлі құрылымын және адамды қоршаған мәдени ортаға психологиялық дайындықты қалыптастырады, дамудағы әлеуметтік кемшілікті анықтап түзетуге көмектеседі. Арнайы білім берудің әлеуметтік-бейімдеу бағыты арнайы білім стандартының мазмұнымен, түзетушілік білім беру үрдісінің формасы мен кұралдарымен қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік өмірге қатынасуына қажетті мінез-құлқын меңгеруі бойынша жүргізілетін түзету-педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ұзақ әрі күрделі жүйесін, сондай-ақ аталмыш тұлғаға тиісті қарапайым гигиеналық, қарым- қатынастық, тұрмыстық дағдыладан бастап күрделі әлеуметтік, адамгершілік, философиялық, әлеуметтік-мәдени дағдыларға дейінгі әдеттерді қалыптастыруды арнайы білім беру стандарты қарастырады. Ойлау, сөйлеу тіл және қарым-қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ сөйлеу ортасында болып және затты-әлеуметтік өмірмен белсене араласа отырып , тіл мен ойлауды дамыту, сөйлеу тәртібін қалыптастыру, қарым-қатынас іскерлігін меңгеру үшін қажетті барлық қажетті жағдайларды меңгереді. Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда болады. Осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалық ойлауы дамиды. Сөйлесу негізінде қарым-қатынас дами бастайды, мінез-құлқы реттеледі. Ақыл-ой немесе дене дамуындағы кез-келген кемістік баланың ойлауына, сөйлеу тіліне, қарым-қатынасына жағымсыз әсерін тигізеді. Сөйлеу, ойлау және қарым-қатынастағы кемістіктер мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің барлық категорияларына тән дамуындағы өзіндік мәселелерді тән етеді. Сондықтан да, олар үшін маңызды қажетті жағдайдын бірі сөйлеу, ойлау және қарым-қатынасты дамыту бағыты бойынша түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру. Арнайы оқытудын түзету-теңестіру бағыты туралы принцип Бұл принцип арнайы мектептердегі оқушылардың сақтаулы сау күшіне сүйенуді талап етеді яғни зақымдалмаған анализаторлар мен ағза мүшелері, жүйелерді пайдалана отырып әзірленеді. Психикалық және дене дамуындағы зақымдалған немесе әлсізденген функцияларды реттеуге бағытталған түзету жұмысы үшін ағзадағы зақымдалған функциялар мен жүйелерді теңестіру үрдісі қосымша құрал ретінде қарастырылады. Көрмейтіндер саусағының ұшымен сипау арқылы оқып үйренеді, естімейтіндер сөйлеп тұрған адамның ерін қимылы арқылы сөйлеу мағынасын түсінуге үйренеді немесе ымдық қимыл арқылы. Білім берудің түзету-теңестіру бағыты оқыту, түзету-дамыту процесін арнайы техникалық құралдарының қазіргі жүйесімен, компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету талабын білдірді. Жалпы бұл принцип арнайы білім беруде жетекші деп айтуға болады, өйткені нақты дамудағы кемістіктерді түзетуді қамтамасыз етуін қадағалайды. Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ең қуатты нәтижелі түзету құралы екенің дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады. Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек. Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі Кемтар балалар дамуындағы ерекшеліктер оқу-таным әрекетіне үнемі арнайы өзгерістерді еңгізуді талап етеді. Көптеген жағдайларда кемтар балалар таным ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасаудағы қиындықтар арнайы педагогтың басшылығын қажет етеді. Арнайы педагог оқу әрекетін, еңбек әрекетін барлық кезендерінде тапсырма беру мен бақылау арқылы басшылық жасайды. Арнайы оқыту мен тәрбиелеуде арнайы педагогтар кемтар балаларға жаң-жақты қолдау көрсетуге тиіс. Дәріс № 15-17 Тақырыбы: Арнайы мектептердегі оқыту әдістері  

Арнайы білім берудегі технологиялар

Түзету педагогикалық процесінде арнайы оқыту принциптер түрлі әдіс-тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаға білім беруде білім беру технологиялар және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін пайдаланылады.

Білім беру технологиясы - бұл алдын ала жобаланған педагогикалық мәселені шешуге бағытталған арнайы педагогтың бір бірімен байланысты әрекеттер жүйесі . Педагогикалық технология нақты нәтиже жөнінде кепілдік беретін педагогикалық әрекеттерді ғылыми тұрғыдан жобалау.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Қазіргі дидактикада әрқилы технологиялар көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізуіне байланысты. Жалпы педагогикада технологиялардың түрлі нұсқалары жүзеге асырылып нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады. 

Жаңа технологияларды іздестіру – бұл жинақталған тәжірибені беру тәсіліндегі объективті құбылыс екенін атап өткен жөн. Егер классикалық технологиялар белгілі білім мазмұның меңгеруге, оның деңгейіне сүйенсе, бүгінгі таңдағы жаңа технологиялар оқушылардың танымдық әрекетін және метатанымдық дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделеді. ( мысалы, нәтижеге бағытталған оқыту технологиясы).

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері

 Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байлан ысты.

Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістердің ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.

Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезеніне байланысты жіктеуге болады.

-білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер;

-білімді бекіту кезеніндегі әдістер;

-дамыту әдістері.

Арнайы педагогиканын дидактикасы, жалпы педагогиканын әдістерін қолдана отырып , өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:

-логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.

-гностикалық әдістер-іздеуге байланыстырылған әдістер

-репродуктивті әдістер – еске түсіру, қайталау әдісі

Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.

- сөздік әдістер тобы;

- көрнекілік әдістер тобы;

- практикалық әдістер тобы.   

Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс - әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.

Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Сөздік әдістер тобы: әнгімелеу, әнгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу.

Әнгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. 

Әнгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар :

- әнгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;

- мұғалім әнгімелеумен бірге  сурет, көрнекілік пайдалануы тиіc.

Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшкліктерін ескере отырып әңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс сондықтан оқушыларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеу ұжыммен бірге жүргізуге болады.

Әңгіме – оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі-сабақта сұрақ-жауап түрінде және сабақтың кез – келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты.

Түсіндіру – ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағидаларды қалыптастыруда, заңдар мен заңдылықтарды зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе – ой – пікірдің логикалық ғылыми дәлелділігі.

Оқытудың көрнекілік әдістеріне көрнекі құралдарды пайдалану жолдары жатады. Көрнекі құрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Себебі кез – келген көрнекі құрал түсіндірмелі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізі не қосымша көз қайнары болып табылады. Арнайы мектеп оқушыларының қабылдауы психолгиялық қерекшіліктері көрнекілік әдәстерін жүзеге асырудағы өзгешілігін анықтайды

Шеру әдісі - тәжірибелерді, приборлар, препараттар, табиғи нысандарды, кинофильмдерді т.б. көрсету арқылы жүзеге асады. Шеру әдісі әсіресе физика, химия, биология сабақтарында жиі қолданылады.

Иллюстрация- әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды ( плакат, карталар, сурет, портреттер, карталар) көрсетуге болады.

Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлмелерінде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе аймақтарында еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүргізледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады.

Түзету –педагогикалық жұмысының нәтижесі көрнекілік әдістерінің практикалық әдістермен бірге қолданған жағадайда жоғарлайды

Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жатады.

Практикалық және лабораториялық жұмыстарды оқушылар көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанындағы бақшаларда орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша, оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру керек.

   Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсырманың шешілу тәсілдерін өздері іздеп табуы керек, ал сол кезде міндетті түрде мұғалім қалай орындалып жатқаның бақылауы міндет.

 Арнайы мектепте практикалық жұмыстардың түрлері: еңбек және әлеуметік –тұрмыстық бағытттау, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарында жиі қолданады. Практикалық әрекетінде мұғалім оқушылардың біріккен әрекетін ұйымдастыру формалары өте маңызды.(мұғалім көмегін байқап мөлшерін анықтап көрсеткен жөн, сол көмек оқушылардың ынта дербестігін дамытуға кедергі жасамауы керек.

Жаттығулар- оқушылардың іскерлік қабілетті, дағдысы, жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады. Жатығулардың түрлері: ауысша жаттығулар, жазбаша жатығулар, сыныпта үй жағдайында орындалатын жаттығулар. Жаттығулар арнайы мектептерде оқушылардың жасаған қателіктерін түзетуге мүмкіндік береді. Кемтар балалар үшін жаттығулардың қиыншылығын мөлшерлеу қажет, түрлі нұсқаларын пайдаланған тиімді болады.

3.Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары 

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесінде қалыпты балаларды оқытуда пайдаланатын дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Сол себепте арнайы - өзгеше құрал тәсілдерді пайдалану қажеттілігі өзекті мәселе.

Тарихи емдеу мен түрлі түзетуде түрлі өнер құралдарын антикалық заманнан пайдаланған туралы дәректер бар.

Арнайы педагогикада шет елдік мамандар Э.Сеген, Ж. Демор, О.Декроли, ресейлік арнайы педагогтар Л.С.Выготский, А.И. Граборов, В.П. Кащенко дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде өнер құралдарын пайдалану қажеттілігі туралы ойларын білдірген.

Арнайы педагогика мен психология саласындағы зерттеулер мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағымды әсер етуі туралы нәтижелер көрсетеді.

Зиятында аутқуы бар балалармен жұмыс жасауда ән күйді пайдалану ақыл-ойын, зейін тұрақтығын дамытуға мол мүмкіндік береді (С.М. Миловская, И.В.Евтушенко).

Зиятында аутқуы бар балаларға көркем өнердің әсер етуі (О.В. Гаврилушкина, И.А. Грошенков, О.В. Боровик), мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балаларға (Е.А. Екжанова), тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балаларға (Г.В. Кузнецова), аутистикалық жағдайдағы балалар (О.С.Никольская) сүрет салу сенсорикалық дамуына, ұсақ моторикасына, сөйлеу тіліне, қарым-қатынас дамуы арқылы жүзеге асады.

Естуінде ауытқуы бар балалардың таным процестерін дамыту үшін көркем өнердің мүмкіндіктер ашады (М.Ю. Рау, Е.А. Сошина).

Ән тындау, ән-күй ырғақ сабақтардың естуінде ауытқуы бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамытады (Е.З. Яхнина).

Қазіргі уақытта арнайы педагогикада оқыту құралдары арнайы білім беруде бекітілген принциптерге нақты сәйкес келуі талап. Арнайы педагог оқытуда қандай құралды пайдалану қажеттілігін оқу материалдын мазмұны, оқушылардың білім деңгейі мен даму мүмкіндіктері арқылы біледі. 

Білімді оқушыларға жеткізудің негізгі құралы мұғалімнің сөзі. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың сөйлеу тіліне ерекше талаптар қойылады.

Арнайы білім беруде мұғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауытқуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сөйлеу тілі мен жест арқылы сөйлеу.

Дактильді сөйлеу қол саусақтары бейнелейтің әріптер (дактилема) арқылы қарым қатынас.

Жест арқылы сөйлесу жүйесінің құрамы күрделі келеді. Бұл жұйе екі түрін ажыратады: сөйлесу және калькалық яғни басқа тілдің үлгісімен сөз жасау. Жест арқылы сөйлесу ресми түрде пайдаланбайды, тек қарым қатынам құқралы ретінде жүреді. Калькалық жест сөйлеунде әр жест бір сөзді білдіреді, ал сөйлемдегі сөз реті қалыпты сөйлем құрамы сияқты.

Естуінде аутқуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір құралы – ауызша сөйлеу тілін көру арқылы қабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оқу деп айтылады. Бұл қосымша құрал нашар естийтін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толықтыру қызметін атқарыды.

Кейбір ауыр жағдайларда пиктографиялық жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл-қозғалысындағы терең кемістіктермен қатар сөйлеу тілінде ауытқушылықтар болған кезде (Блисс жүйесі сияқты).

Сонымен арнайы оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсіл жүйесін пайдалану қажет. Оқыту әдістері арнайы оқытуда кешенді пайдаланады және олар нақты оқушыларға тиімді болуы мұғалімнің білік пен шеберлегіне тәуелді.

Дәріс № 18- 20

Арнайы білім беруді ұйымдастыру формасы

1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

 

Оқушылардың білім мазмұның меңгеру процесі ұйымдастыру формасына байланысты. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әртүрлі формада ұйымдасады.

Тарихи кемтар балалар мен жасөспірімдерді оқыту тәжірибесе жеке оқутыдан басталған. Қазір уақытта әрбір нақтылы жағдай үшін арнайы оқытудың әдістелмелік тәсілін табу жеке дара оқытуды анықтайды. Арнайы педагогикада жеке дара оқыту келесі жағдайларда жүзеге асады:

- оқушылар дамуындағы ауыр және көптеген кемістіктерге себепті және оқытумен тәрбиелеу үшін тек жеке ықпал етуді қажетсінетін кезде. Сонымен қатар, танымдық процестердің ерекшеліктері үздіксіз жеке дара психологиялық-педагогикалық қолдауды, қадағалау мен бақылауды талап ететін кезде;

- оқыту процесінде бала дамуындағы өзгешілік жеке дара арнайы психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және түзетушілік көмекті қажетсінетін жағдайда;

- денсаулығына байланысты бала үйде білім алуға мәжбұр болған кезде.

Сонымен, жеке дара оқыту түрі мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасы арқылы жүреді, бұл жерде жеке оқыту сабақтар 20-30 минут шамасында өткізілуі тиіс.

Арнайы білім беруде жеке дара оқытудың жалғасы ретінде жеке дара-топтық оқыту формасы жүргізіледі. Бұл оқыту түрі жеке дара сабақтарында біршама түзетушілік әсер пайда болып, оны арықарай топта бекіту мақсатымен ұймдастырылады. Ал оқытудын топтық формасы мақсатқа сәйкес орайласқан топтарда оқыту арқылы ұйымдасады. Топтық жұмыс істеу арнайы сабақтарға жиі қолданылады.

Топтық оқыту балалардың әрекеттерін белсендіреді, оқуға деген қызығушылығын оятады, ұжымдық әрекет іскерлігі мен әлеуметтік тәртіп дағдысын практикалық түрде меңгертеді, сөйлеу, ойлау және қарым-қатынас әрекеттерін белсендіреді.

Оқу процесін ұымдастырудың ең негізгі, тиімді формасы ол – сабақ. Жалпы мектептегідей арнайы мектептегі сабақ таным әрекетімен бірге басқада дамытушы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Арнайы оқытуды ұйымдастырудың қосалқы формалары да арнайы мектептерге кең пайдаланылады, олар: факультатив сабақтары, оқу саяхаттар, семинар, зертханалық-практикалық сабақтар, үйдегі өзіндік жұмыстар.

Факультатив сабақтары – оку пәндерін оқушылар өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналады және білімдерің тереңдету міндетін көздейді.

Оқу саяхаттар- әрқилы нысандар қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылап зерттеу мақсатымен өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясына бару арқылы оқуды ұйымдастыру. Бұл сабақтар кемтар арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажетті, өйткені балалардың қоршаған орта туралы білімдерің кеңейтуге және болашақта әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік береді.

Семинар оқу сабақтар- меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамаларды ұжымдық талқылау түрінде өтеді. Бұл сабақтар оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне көбіне өзіндік жұмыстары негізінде арнайы мектептерде жоғары сыныптарында ұйымдастырылады. Арнайы мектеп үшін бұл сабақтар жаңа түр. Семинар оқу сабақтары сыныпта және сыныптан жұмыс аралығындағы бірлестікті сақтауға жол ашады.

Үйдегі өзіндік жұмыс – сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл оқу түрі арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру жалпы қиын мәселе. Бұл жерде үздіксіз үй тапсырмасын толық түсіндіру, талқылау кейін міндетті түрде қадағалау мен бақылау қажет екенің ұмытпау қажет.

1. Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері

 

Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің барлық компонентері (мақсат-міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толығымен жүзеге асырылады.

Сабақ мұғалімнің шығармашылық өңері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат- міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс. 

Білім беру міндеттері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды.

Сабақтын тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.

Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің алдын алуға бағытталған, яғни ең жиі кездесетіндер, таным процестерін және сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету.

Арнайы мектепте міндеттерді орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін қамтамасыздандыратын оқыту әдістер мен тәсілдерін үйлесімді пайдалану мен қатар оқу тапсырмаларынын көлемі мен күрделігін анықтауы қажет.

Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.

Психологиялық-педагогикалық жағдайлар оқытудың жоғары нәтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға қызығушылын оятуды білдіреді. Бұл үшін арнайы педагогтар балалардың психика даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет және өздері кемтар балалармен жұмыс істеуге психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын болуы қажет.

     Сабақ түрлері, құрамы

Әр бір сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар: үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау. Сабақ құрылымы –бір белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Ал сабақтын түрлері –белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұрақты үйлесімділігі.

Жалпы білім беретін және арнайы сабақтар сабақ түріне сәйкес құрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай топтастырады. Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:

- пропедевтикалық сабақтар;

- жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру;

- білім, икем, дағдыларды қайталау;

- білім, икем, дағдыларды бекіту;

- білімді қорытындылау;

- білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.

Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас. Бұл сабақ жаңа оқу материалын шағын бөліктермен беріледі (басқа міндеттерді шешуге уақыт қалады), материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; оқуға қызығушылықты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін қамтамасыздандырады. Аралас сабақтын құрылымы:

1. Психологиялық-педагогикалық даярлық

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Оқу материалын қайталау

4. Жаңа оқу материалын баяндау

5. Үй тапсырмасын беру

6. Білімді бағалау

7. Сабақты қорытындылау.

Аралас сабақ құрылымы үнемі бірдей бола бермейді, сабақ міндеттеріне, оқу материалынын күрделігіне тәуелді кезендер орындары ауысуы мүмкін. Дидактикалық міндетке байланысты кейбір жағдайларда жаңа материалды баяндау негізгі орынға ие болса, бірде қайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.

Арнайы мектептердің өзгешелігі ол түзету сабақтары. Түзету міндеттері әр сабақта, сабақтан тыс уақытта жүзеге асқанына қарамастан арнайы түзету сабақтар енгізілген. Бұл сабақтардын түрлері арнайы мектеп оқушыларынын дамуындағы кемістікке тәуелді.

Арнайы мектептегі сабақты талдау. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау сабаққа қойылған міндеттер жүйесінін орындалуын қадағалуымен бірге оқушылар ерекшеліктерін ескергенді жөн көреді.

Сабақты талдауда ең бастысы құрылымына назар аудару қажет. Сабақтағы бірліктер реттігі, оның тиімділігі, жасалған әрекеттердің ұйымдасуы талдау қажет. Сабақтағы білім мазмұның талдау үшін арнайы білім беретін бағдарламаға және білім беру міндеттерге сәйкестігін анықтау қажет. Бұл талдау кезде арнайы түзету міндеттердің орындалуын қадағалау жауапты мәселе.

Ал сабақтын дамытушы қызметіне оқушылардың таным әрекетін белсендіру деңгейін қарастыру арқылы баға беріледі, әсіресе арнайы оқытудың ерекшеліктерін толығымен ескеру қажет.

Сабақты талдау кезде, оның сабақ жүйесінде орның анықтау маңызды. Тек “жақсы” сабақ немесе “жаман” сабақ, “ұнамады” деген баға беруден бас тарту керек. Өйткені әр сабақ арқылы мұғалімнің білім деңгейін жетілдіруге болады.

3. Арнайы педагог тұлғасы

Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Қазіргі уақытта түрлі педагогикалық мамандықтарды игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына тәуелді, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, түзету-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог ретінде жұмыс істей алады. 

Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және нақты арнайы білім беру ұйыдарында ғылыми-әдістемелік, ұйымдыстыру-басқару жұмыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапқы қызметтерді атқара алатындығына бағыттайды.

 Арнайы педагог- бұл жан-дүниесі өте кең, ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді, жан-жақты кәсіби құндылықтар жүйісін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіпті оған әлеуметтік –мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді.

Арнайы педагогтың яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыққа кері әсерін тигізетін мамандықтар қатарынан болып табылады. Сондықтан денсаулығы нашар тұлғалар бұл мамандық бойынша жұмыс істеуі қиын. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймен деген тұлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы жақсы болғаны жөн.

Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және суре салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне, халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман- арнайы педагогтар.

Ал сабақ бағытындағы дайындық әр күн сайын арнайы педагогтың жұмысы. Дәстүрлі бұл жұмыс сабақта меңгерілетін оқу материалын талдайды, тақырыбын анықтайды. Оқу материалын іріктей отырып, қандай білім беру, тәрбиелік және түзету-дамыту міндеттерді орындауға тиіс екенін белгілейді.

Дәріс № 21-23

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу

1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері Тәрбие бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты, әрекеттерін қамтамасыз етушіарнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғанықалыптастыру, ол үшін рухани байлығы мен эмоциялыққұндылықтарды тәрбиелеу мақсатын көздейтін әлеуметтік процесс.Тәрбие түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асуына қарамастан, жетекшіорында мектеп екені анық. Қазіргі уақытта тәрбиенің жаңа көрінісінайқауға болады, нақты адам баласының құндылығы және оқыту менбілім беру тәрбие құралдары ретінде қарастырылады. Тәрбиеніңнегізгі көрсеткіші- мақсаттылығы. Арнайы білім берудемүмкіндіктері шектеулі балаларды, кемістіктеріне қарамастан, жаңжақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу негізгі мақстат. Жаң-жақтыдамыту өмір барлық салаларына белсенді қатысуын қамтиды,зият, құндылықты бағдарлау, қоғамдық, еңбек ету, көркем өнер, спорт,ойын, коммуникативті т.б. әрекеттер арқылы, қоршаған ортаменбайланыста болуынан көрінеді. 2. Тәрбие принциптері мен әдістері Тәрбие принциптері - тәрбие субъектілерін қарым-қатынасын, тәрбиенің жалпы бағытын, әдістері мен мазмұның анықтаушы негізгі идеялар.Тәрбие принциптері: - тұлғалық бағыт принципі; - тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі; - тәрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі; - тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі; - тәрбиелік ықпалдар бірлігі мен үздікіздігі туралы принцип, - ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; Тәрбие әдісі - 1. Педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету; 2. Жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау; 3. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара 4. байланыс тәсілдері. Бұл анықтамалардың барлығын жинақтаса келесі қорытынды беруге болады, тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиетер қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Бір топтастыруда келтірсек, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді. Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі қарым-қатынас, мінез-құлқында жағымды тәжірибе қалыптастыру әдістері: талап, пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаяттар.Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік әрекетке қатыстыруды білдіреді. Талапты ынталандыру және тежелдету жағдайлары бар. Ынталандыру – жұмысты бастау мен аяқтау. Тежелдету – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіру, жұмысты тоқтату.Қоғам пікірі – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап нақты міндет, оны іс әрекет арқылы орындау қажет. Ұжым мүшелерінің пайымдау, баға беру – бұл қоғам пікірі, ұжым еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі , педагогтің тірегі. Үйрету мен жаттықтыру – бұл мінез құлық нормасына сәйкес оқушыларда қажетті дағды, әдетті төсілдіру. Әр тәрбие үйретуден басталады, мысалы: баланың мезгілмен үйқыға жауы мен, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы. Үйрету әдісі баланын ұқыптылық, инабаттылық, мұқияттылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Бала өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып,басқа әдістермен бірігеді, мысалы жаттықтыру әдісімен.Жаттықтыру бұл әдіс түрлі жағдайларда оқушылардыңадамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арнайы тапсырмалрды орындау арқылы жүреді. Жаттықтыру әдісі ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды ұжымда бір мезгілде бастау, оқушыларды тәртіптілік пен ұйымшылдаққа үйретеді. Үйрету мен жаттықтыру нұсқау, көрсету, машықтандыру , тапсырма беру сияқты тәсілдер арқылы нәтижілі өтеді.  Тәрбиелік жағдаяттар жеке адамның жағымды қасиет пен қылықтарын қалыптастыруына жақсы ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп аралығында жарыстар ұйымдастыру арқылы балаларды топқа бөліп, тәрбиелік жағдайға сәйкес тапсырма беру нәтиже тәрбиелік әрекет. Тәрбиелік жағдаяттар балаларда жағымды мінез-құлқысын тәрбиелеуге көп мүмкіндік береді. Екінші топ – жеке адам санасын қалыптастыру әдістері: ұғындыру, пайымдау пікір айту, баға беру, сендіру. Бұл әдістер әнгіме мен әнгімелесу, өнеге және пікір талас арқылы тиімді жүреді және бала санасына ықпал жасауда маңызы зор. Ұғындыру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеуде аса нәтижелі әдістердің бірі. Баланы ұғындыру арқылы санасына әсер етіп, мінез-құлқы мен әдет, ерік жүйесін дұрыс қалыптастыруға болады. Пайымдау пікір айту – арнайы мектеп оқушылары үшін тиімді тәрбие әдісі. Оқушының қате жасаған қылығын көрсету, оны түзетуге бағыт беруді білдіреді. Пікір айту кеңес немесе өтініш арқылы жүреді. Балаға нені дұрыс жасамады, оны қалай түзету керек екенің тәрбиеші толық түсіндіруі тиіс. Сендіру әдісі баланың сену сезімі арқылы тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізеді. Сендіру – латын сөзі suggestio ықпал ету, сендіру аудармасынан шыққан. Бала жастағы тұлғаны түрлі заттар мен жағдайларға сендіруге болады. Арнайы мектепке келген кезден бастап бала моральді ережелерге сәйкес өз тәртібін реттейді, олай болады, болмайды, рұқсат, емес сияқты нұсқауларды орындай арқылы. Сондықтан бала бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сендіру әдісін пайдалана отырып тәрбиелеуге болады. Пікір талас бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікір-таласқа қатысу арқылы оқушы тақырып бойынша өз көзқарасын, ой-пікірін дәлелдейді. Үшінші топ – мадақтау мен жазалау әдістері. Өткізілген тәрбиелік шаралар сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мадақтау мен жазалау әдістері қолайлы болады. Мадақтау тәрбиеленуші іс әрекеті мен мінез –құлқын жағымды белсенділікке ынталандырады. Егер бала өзінің жетістіктері мен ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта береді. Жазалау әдісін пайдалану баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді. Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазалау әдісін ұқыпты пайдалануды ескертеді. Дамуында кемістігі бар бала кез келген жағдайда нені дұрыс жасамағаның түсінбеді. Сондықтан жазалау әдісін тек бала жасаған қылығынын қателігін түсінгеніне сенімді болған кезде тәрбиеші пайдалануға құқылы. Жазалау әдісі баланын намысына тиймей, денесіне ауыртпашылық тигізбеуі, дауыс көтермеу, талап етеді.   3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны       Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан- жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын қамтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық,  дене тәрбиесі  

Адамгершілік тәрбиесі. Арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өміріне дайындау оның адамгершілікке тәрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың тәрбиесі имандылыққа үйрету негізінде жүзеге асады.

Мектеп оқушыларды отанын сүюге, қоғамға пайдалы, еңбек етуге, қоғамдық құндылықтарды қорғауға, ұжымға және жолдастық өзара көмек беруге, адамдар арасындағы өзара сыйластыққа және адамгершілік қатынасына, адами тазалық, өмірде қарапайымдылыққа, арамдық, әділетсіздікке қарсы болуға, достықта оларды рухани өсуге, ұлттық және нәсілдік қайшылықтаға қарсы болуға тәрбиелейді.Адамгершілік тәрбиесі өте сезімтал және күрделі процесс. Ол мұғалімдерден пайымдаушылық, бақылаушылық, шығармашылық пен этикалық заңдылықтар білімін және мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін білуді талап етеді.

Еңбекке тәрбиелеудің мәні - болашақта қажет болатын еңбек әрекетіне қатысты барлық жұмысты қамтамасыз ету, яғни еңбек етудің жалпы және арнайы (кәсіби) білім, икемділік пен дағдыларын қалыптастыру, енбеке ету үшін дене, зият, инабаттылық пен ерік-сезім қаситтерін дамыту. Эстетикалық тәрбие – оқушылардың бойында қоршаған орта, табиғаттын әдемілігі мен әсемділігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбие арнайы мектеп оқушылары үшін орны ерекше. Эстетикалық даму зият дамуына әсер етеді, сондықтан сезім, қарым-қатынас пен дене дамуына жағымды.
Зиятында ауытқушылығы бар балаларды эстетикалық тәрбиелеуде ерекшеліктер байқалады, олар әдемі мен көріксізді ажырата алмайды. Әсем заттарды көргенде қуаныш сезімі туындамады, өйткені бұл балаларда эмоциялық дамуында көптеген ауытқушылықтар бар. Ал көрмейтін және нашар көретіндердің танымдық ерекшеліктері шындықтың өзгеше эстетикалық меңгеруін білдіреді. Эстетикалық сезімдері әр түрлі ойын, еңбек, көркем, таным әрекеттер негізінде қалыптасады. Арнайы мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі тәсілдері: - еңбек, тұрмыс пен әлеуметтік қарым-қатынастарды эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру (күнделікті әдімілік пен ұқыптылықты тәрбиелеу); - табиғаттың әсемділігіне сүйену (бақылау арқылы үйрету, саяхаттарға бару); - өнер құралдарын пайдалану (ән-күй, сүрет, еңбек, ана тілі сабақтарында, мұражай мен көрмелерге бару, үйірмелер арқылы жүзеге асады). Дене тәрбиесі – арнайы мектептегі сауықтыру жұмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. Арнайы мектеп оқушыларында дене дамуы мен денсауылығы төмен көрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік түріне қарамастан көбінде қан-тамыр, демалу жүйелерінде аурулар кездеседі. Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға қарағанда төмен, тірек-қимыл қозғалысында жетіспеушіліктер байқалады (бұлшық еттерінің әлсіздігі, жүрісіндегі кемістіктер, ұсақ және жалпы моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары оқушылардың денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету мақсатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б. ) қамтиды.  
5.Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмысы Оқушылар қоршаған орта туралы білім мен икем, көзқарас пен ой пікірлерін тек сабақ арқылы ғана толық меңгере алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы атқаруға тиіс. Сыныптан тыс жұмысы бір тұтас педагогикалық үрдістің бөлегі. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының ерекшелігі, ол сабақ сияқты қатал талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әр түрлі көріністе, еркін ынтамен , шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмыс келесі бағытта ұйымдасады: -отан сүйгішті тәрбиелеу; - білім беру, тәрбиелік жұмысы; - көркем өнерпаз әрекет; - дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыс; - үйірмелер жұмысы. Ал сыныптан тыс жұмысын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үш негізгі түрі тараған: - жалпы мектептегі; - топтық; - жеке дара. Бұл ажырату тәрбие процесіне қатысушылардың саны бойынша негізделеді .

Тәрбие жұмысының формаларын мақсаты мен бағыты бойынша және қатысушылардың орны мен ролі бойынша ажыратуға болады. Тәрбие жұмысын өткізу уақыт мерзімі бойынша :

- қысқаша ( бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін);

- ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін);

- дәстүрлі ( жиі, үйреншікті) түрлерге бөліенді.

Ал келесі тәрбие сыныптан тыс жұмысын жетекші әрекет арқылы негізделген: оқу, еңбек, спорт, көркем өнерпаз т.б.

1) Арнайы мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбиелік мақсаттарға жетудің негізгі құралы. Жоспар – тәрбие жұмысының мазмұны, өткізу шарттарын, көлемін, уақытын белгілейтін құжат. 

Жоспарлау 3 кезенді қамтиды, олар:

1. Жоспар жобасын әзірлеу;

2. Ұжыммен талдау, ұсыныстарды жинақтау , қарастыру;

3. Өзгерістерді еңгізу, соңғы нұсқасын бекіту.

Жоспар мұғалімнің шығармашылық мүмкіндіктеріне және педагогикалық талаптарға сәйкес әзірленеді. Педагогикада жоспарлардын келесі түрлері кездеседі:

1. Мазмұны мен көлемі бойынша -

- кешенді (жалпы жоспар барлық бағыттар мен жұмыс түрлерін қамтиды);

- тематикалық ( нақты бір бағытта, м-лы ата-аналармен жұмыс);

- нақты затты (бір іс-шара туралы жоспар, м-лы сынып сағаты)

2. Тәрбие процесінің ұзақтығына байланысты -

- ұзақ мерзімге (бір жылға)

- бір кезенге (бір тоқсан)

- қысқа мерзімге (бір айға)

- шұғыл жоспар (бір күнге).

Тәрбиелеуде сабақтан тыс жұмысы аса маңызды қызмет атқарады. Бұл жұмысты мұғалімдер мен тәрбиешілер белсенді түрлі әрекеттер арқылы ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақытында білім беру, түзету міндеттері кешенді түрде орындауға мүмкіндік туады.

6.Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.

Отбасы тәрбиесі көзделегн нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы тәрбиеленіп жатқан баланың тән - дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Мүмкіндіктері шектеулі бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүру мен қалыптасуы қадамы отбасында өтеді. Отбасы бұл мектеп, ақпарат қайнары, ұжымда, дос-жаранды да, әдеп пен өнер кілті. Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді.

Мүмкіндіктері шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері отбасына тәуелді. Отбасы типологиясы үшін бала саны маңызды көрсеткіш. Отбасы бір балалы, екі балалы, көп балалы болып бөлінеді. Жалғыз баланы тәрбиелеудің жағымдысы - бала махаббатты сезінеді, өзіне өзі сенімді болады, бірақ сонымен бірге өзін өзі жоғары есептеуі де пайда болуы ықтимал. Екі бала тәрбиелейтін отбасында бала ерте жастан өзінен басқа бала бар екенің түсініп серіктестік сезіммен тұлға ретінде дамиды. Көп балалы отбасындағы балалар көбінесе еңбекке төзімді, икемді, жауапкершілік сезімі жоғары болады.

Отбасын типологиясы ата-ана түгелдігіне қарай бөлу: толық және толық емес. Белгілі, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала туылған кезде отбасында көптерген қиындықтар пайда болады. Оның ішінде бала дамуындағы кемістіктер салдарынан қиындықтарды көтере алмау, шыдамсыздық пен ата ана арасындағы түсніспейушілік.Осы кезең неке беріктілігің сынағы болады. Бұл жағдай жиі ажырасу мен аяқталады, бала толық емес отбасында тәрбие алады. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балада жағымсыз әдеттерге жақын болу және үлгерімі төмен болу қаупы жоғары.

Отбасы мен арнайы мектеп мүмкідіктері шектеулі баланы оқытуда келесі жұмыс түрлері нәтижелі жүреді:

- мұғалімдердің баланың үйіне бару, тұрмыс жағдайларымен танысу;

- ата-аналарға кеңес беру сабақтар мен семинар, конференцияларды өткізу;

- ата-аналар ұжымын біріктіру;

- ата-аналардың ғылыми-тәжірибелік конференциялары.

Мүмкідіктері шектеулі баланың ата-аналармен жұмыстын мазмұны келесі бағытта болуы тиіс:

- деңсаулығын дамыту, кемістіктің салдарын жою, азайту;

- адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу, адам арасындағы қарым-қатынастарға, жағымсыз қылықтарды ажыратуға үйрету;

- баланың отбасындағы жағдайын тексеру, жануясындағы ішкі қарым-қатынастарды психологиялық-педагогикалық түзетуге көмектесу;

- ата-анасын мектеппен бірге жұмыс жасауға шақыру.

- “ашық есік” күндерін өткізу;

Ата-аналар жиналысы – мектеп ата-аналардың байланысының негізгі түрі. Оларды мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін талқылау мақсатында өткізеді. Нақты тақырыптағы жиналыстар оқу жылында кем дегенде 4 рет өткізілуі тиіс.

Жалпы бұл жұмыстын негізгі бағыты ата-аналарда баланың даму мүмкіндіктеріне сеңдіру, білім беру, тәрбиелеу, түзету міндеттерін шешуге көмекші болуға үйрету.

Дәріс № 24 –27

Қазіргі арнайы білім беру жүйесі

1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері

Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері:

1. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары;

2. Түзету білім беру ұйымдары;

3. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;

4. Арнайы білім беру ұйымдары;

5. Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған білім беру ұйымдары.

Арнайы білім беру ұйымдарының мақсат - міндеттері, оның принциптері:

1.. Арнайы білім беру мекемелерінде кемтар балаларды оқыту
жұмыстары, ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді
медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру
мен кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу,
медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер
көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.

   2  Арнайы білім беру мекемелерінің мақсаттары:

1) туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау; балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандыру;

балалар мүгедектігінің деңгейін төмендетпеу;

4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабілеттерінің
орнын толтыру немесе оларды қалпына келтіру, олардың әлеуметтік
құқықтарын іске асыру,неғұрлым толық әлеуметтік бейімделуіне
жәрдемдесу болып табылады.

3.Арнайы білім беру мекемелерінің міндеттері:кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алу;арнайы білім беру және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;кемтар балаларды әлеуметтік бейімдеу;кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау;халықты әлеуметік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарымен арнайы білім беру ұйымдарын сабақтастыру болып табылады.

4.Арнайы білім беру мекемелердін қызметі келесі принциптерге негізделеді:

1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау
және оңалту көмегін көрсету кепілдігі;

2) кемтар баласы бар отбасы мен арнайы білім беру ұйымдар
мамандарының ынтымақтастарына;

3) балалардың қабілеттердің шектелу дәрежесіне, жасына,
әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ерте қолдау мен білім алуға қол
жеткізуіне және тең қүқықтылығына;

 4)      әрбір балаға жеке тұрғыдан қолдау көрсетуді саралауға

“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңында кемтар балаларға білім беруді ұйымдастыру келесідей көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі білімді – үш жастан бастап, бастауыш және негізгі жалпы білімді жеті-он жастан бастапалуына болады.

 

2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.

Мемлекеттік мектепке дейінгіарнайы білім беру жүйесі совет одағында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары құрыла бастаған. Біздің елімізде алғақы арнайы балабақшалар өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ашылды.

Мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелердің кеңейген жұйесі:

- бөбекжай

- балабақша

- мектепке дейінгі балалар үйлері

- сонымен бірге жалпы балабақшадағы арнайы топтар.

Мектепке дейінгі арнайы мекемелердің қағидалары.

  - арнайы мекемелерді дамуындағы жетекші бұзылуына сай іріктеп жинақтау. Соған сай келесі мектепке дейінгі мекемелердің типтері бар:

1. есту қабілеті бұзылған (естімейтін және нашар еститін балалар)

2. көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін амблиопиясы бар балалар)

3. сөйлеу қабілеті бұзылған (тұтықпасы, жалпы тілінің дамымаушылығы бар балалар)

4. зияты зақымдалған (ақыл-ойы кемтар)

5. тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған

- арнайы балабақшалардағы топтардың жалпы балабақшаларымен салыстырғанда толықтыруының аздығы (15 балаға дейін)

- мектепке дейінгі арнайы мекемелерге қосымша олигофренопедогог, сурдопедогог, тифлопедогог, медициналық қызметкерлердің штатын енгізу

- дефектологтар мен тәрбиешілердің сабақтарын қайта бөлу, тіл дамыту сабақтарын математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарын тәрбиешілер емес, дефектологтардың жүргізуі

- сабақтарының арнайы түрлерін ұйымдастыру (есту қабілетінің қабылдауын дамытуға, көру қабілетін дамытуға, кеңістікте бағдарлау сабақтары)

- мекемелер қызметінің тегін болуы.

Арнайы мекемелердің барлық жұмысы бір мақсатқа бағытталған отбасына дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеуге көмектесу, оның потенциялды мүмкіндіктерін дамыту.

Баланы бөбекжайға тек 2 жастан, бала-бақшаға 3 жастан ғана беруге болатын. Ерте жастағы балалар тек денсаулық сақтау ұйымының зейінінде ғана балатын және ешқашан психологиялық – педагогикалық көмек ала-алмайтын.

Арнайы мектепке дейінгі білім берудің мазмұның мемелекеттік стандарт пен арнайы балабақшаларың бағдарламар қамтиды. Бұл жерде арнайы балабақшалар бағдарламаларына жаңа өзгерітер енгізу мәселесі өз өзектіліген білдіреді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру мекемелеріне жіберу психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия арқылы жүзеге асады. Ата-аналары өз беттерімен ПМПК-ға бара алады. Бірақ көбіне олар емдік-профилактикалық мекемелердің бағыттауымен барады.

Комиссия баланың психологиялық және дене дамуының жағдайы туралы қорытынды мен келешек білім алу түріне нұсқамалар береді.

 


Дата добавления: 2018-04-04; просмотров: 9419; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!