В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 11 страница



· егер конкурстық өндіріс барысында қарыздарды бөліп өтеу туралы шешім қабылданбаған болса, онда банкроттың өзі сотқа күштеп өтеу жүргізуді ұсынуға құқылы, бұл кредиторлардың ѕ бөлігі келіскен жағдайда мүмкін болады;

· мемлекеттік кәсіпорындарды банкрот деп танудың ерекше тәртібі белгіленген: банкроттық туралы шешім қабылдау үшін халықтық мүлік және жекешелендіру істері жөнінде Министрліктің шешімі қажет, қорғау мерзімі борышкер кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында және оны жекешелендіру мерзімі шеңберінде беріледі;

· банкроттылық туралы зандылық мемлекет қарыздары бойынша субсидиарлық жауаптылықты өз мойнына алатын кәсіпорындарға қолданылмайды.

Чехия заңдылығында банкротты ажыратудың басқа елдерден ерекшелігі жоқтың қасы-дәрменсіздік белгісі болып, кредиторлық қарыздардың кәсіпорынның таза активтерінен жоғары болуы табылады.

Экономиканы дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің аспектілері әр елде әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та бұл, жұмысбастылық саласында заңдылықты жетілдіру, әсіресе, жастарға жұмыс орындарын көбейту, аймақтық күрылымдық бағдарламалар жасаудан көрінеді. АҚШ-тың заңдар жинағында үкіметтің тиімді іс-шаралары жеке аймақтардағы жұпемыссыздықтың жоғары деңгейін төмендету жөнінде арнайы әзірленген бағдарламаларды қамту, экспорт ролін көбейтуге және ауыл-шаруашылықтың, машина жасаудың және өнеркәсіптің бәсеке қабілеттілігін жақсартуға көбірік көңіл бөлу керек деп айтылған. Бұл саясат жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бағдарламасын және штаттар, жалпы ел үшін маңызы зор салаларда жұмыс орындарын құру бағдарламаларын қамтиды.

Конгресс мәліметтері бойынша, елдегі жұмыссыздардың көп бөлігі жастардың үлесіне тиеді және бұл қылмыстың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және т.б. жоғары деңгейде өсуіне жағдай жасайды. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен бағдарламаларды әзірлеуде американдық заңгерлер үкіметке жұмысты кәсіптік оқумен үйлестірудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, өндірістен қол үзбей кәсіптік білім алу тәжірибесі сияқты міндеттерді шешуді қарастыруды ұсынады.

АҚШ-та дағдарысты мемлекеттік реттеуді жетілдірудің екінші маңызды бағыты болып, экономикалық саясатты әзірлеу мен жүргізу жөніндегі әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың қызметтерін ғылыми жан-жақты негізделген үйлестіру табылады. Осы мақсатта реттеуді жетілдіру жөніндегі Президенттік кеңес құрылған. Оның басты міндеті болып, мемлекеттік аппарат алдында туындайтын мәселелерді шешуді әзірлеу табылады. Оның қызметінде келесі басым бағыттар бөліп көрсетіледі:

· қаржы ресурстарын басқаруды жетілдіру;

· басқару құралдары мен үрдістерін ұтымдау;

· бас инспектор қызметін үйлестіру;

· қылмыстар санын қысқарту жөніндегі әртүрлі ұйымдардың күшеюі және т. б.

Дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқару экстремальді даму кезеңдерінде күшейеді-дағдарыс кезінде кәсіпорындар мен салаларды мемлекеттік бақылаудан бастап, өндіріс және өнімді бөлу сфераларында орталықтандырылған әкімшіліктің болуына дейін күшейеді. Мысалы, соғыстан кейінгі жылдардағы Жапониядағы экономикалық механизм қорларды бөлу, айналыс үрдісін қатаң реттеу, баға белгілеу, табыстар саясаты жүйесін реттеу, көптеген салалар мен кәсіпорындарды тікелей мемлекеттік басқарумен сипатталады.

Ол кезеңдегі жапон бизнесі үшін күрделі мәселе- отандық тауарларының қанағаттанарлықсыз сапасы болды. Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің ұсынуымен 1950 жылы Жапонияға осы салада белгілі маман профессор Э.Деминг шақырылған, ол Жапон кәсіпкерлеріне "Жапон сапасы әлемде ең алдыңғы бола алады" деп жариялаған. Демингтің бұл сөздері, болашақты болжағанын өмір көрсетті .

Кей елдерде мемлекеттік органдар жекешелендіру бағдарламаларын әзірлейді, ал олардың жүзеге асырылуы жеке кәсіпорындарды және тұтастай экономикалық салаларды дағдарыстан шығаруға немесе оны болдырмауға бағытталған оң шаралар ретінде қарастырылады. Ондай жекешелендірудің мақсаты кәсіпорындардың жаңа, жетілдірілген құрылымдарын іздеу, олардың бәсекеқабілеттілігін және тиімділігін жоғарылату. Жекешелендірудің әр елде өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Ұлыбританиядағы жекешелендіруге тән белгі болып бірыңғайлылық, Германияда сақтық, Италияда анық көрсетілген прагматизм табылады. Чехия Республикасындағы жекешелендірудің басты мақсаты-жеке меншік бөлігіндегі мемлекеттің үлесін азайту және мемлекеттік мүліктің үлес салмағын 10- 15 % - ға дейін жеткізу болды .

Дамыған елдердің банкроттық туралы заңдылық негіздерінің мұқият әзірленгендігі, олардың үнемі дамуда болуы, нарықтық шаруашылық жүргізудің өзгермелі жағдайларына бейімделуі көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің көп жылдық тәжірибесімен шартталған. Сонымен қатар, көптеген елдің банкроттық заңдылығы мазмұнының ортақтығына қарамастан, әрбір мемлекеттің экономикасына тән өз ерекшеліктері тән.

Америкалық құқық институтымен құрастырылған үлгілік қылмыстық кодексте американ штаттарына жаңа қылмыстық кодекс құрастыру барысында оған "Төлем қабілетсіздік жағдайындағы жалғандық" атты бап қосылу ұсынылған. Бұл бапта кәсіпорынды әдейі банкроттыққа ұшыратқан тұлғалардың жауапқа тартылатыны ашық ұсынылған. Американ штаттарының заң шығару жиналыстарының көбісі қылмыстық заң реформасын жүзеге асыруда үлгілік қылмыстық кодекске бағдарланып, банкроттық заңдылығын жасауда банкроттық кезіндегі жауапкершіліктің сол түрін де қамтыған.

Француз заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы тек алыпсатарларға қолданылады, сондықтан саудаға жатпайтын маман тұлғаларға банкроттық жайлы ережелер колданылмайды. Англо-американдық құкық, сондай-ақ Германия заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы сауда жұмыстарының тұлғаларымен шектелмейді, сондықтан банкроттық субъектісі болып төлеуді тоқтатқан борышқор болады. Швециялық қылмыстық кодексте төлем қабілетсіздікке әкелетін әрекеттер жасайтын борышқордың жауаптылығы қарастырылады.

Тағы бір айта кететін жайт, дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің әртүрлі елдердегі ұлттық механизмдері бір-біріне ұқсамайтыны соншалық, әлі күнге дейін бірегей нұсқаулар, бұл механизм стандарттары әлі әзірленбеген. Әлем елдеріндегі дағдарысқа қарсы басқарудың мемлекеттік механизмін шартты түрде бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады. Негізгі мүддесі - борышқор кәсіпорындарды қорғайтын заңдылықтар да бар. Бейтарап немесе мүдделерді «фифти-фифти» түрінде қарастыратын заңдылықтар да бар. Ақырында, радикалды кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға ұмтылатын заңдылықтар да бар.

Ресей Федерациясының «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заңы алғаш рет 1992 жылдың 19 - қарашасында қабылданды да, үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізілумен болды. Нәтижесінде 1998 жылдың 8-қаңтарында «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заң қайта қабылданды. Осы заңға сәйкес «төлемқабілетсіздік (банкроттық) арбитрлық сотпен немесе борышкердің жариялауымен кредиторларға ақша міндеттемелерін және (немесе) міндетті төлемдерін толық көлемде қанағаттандыра алмау қабілетсіздігі» деп анықталады.

Бұл елде заңды тұлғаның үш ай көлемінде кредиторлардың акша қаражаттары бойынша және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлей алмауы банкроттық белгісі болады. Арбиторлық сот кәсіпорынның құрылтай құжаттарында көрсетілген орналасқан орны бойынша төлем қабілетсіздік туралы істі жүргізеді. Арбиторлық сотқа борышкердің жиынтық қарызы еңбек ақы төлеудің ең аз көлемінен 500 есе артып кетсе өтінішпен баруға болады. Заң кәсіпорынды таратып жіберуді мақсат етпейді. Кәсіпорынның қызметін сауықтырудың мүмкіншіліктері бар болса, төрелік сот борышкердің мүлкін басқаратын конкурстық басқарушыны анықтайды. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінде бекітілген жоспар бойынша сауықтыру шараларын жүргізеді. Конкурстық басқару 12 айдан аспайтын мерзімге бекітіледі, ерекше жағдайларда бұл уақыт 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Кәсіпорын санацияның екі түрін ажыратады.

Санацияның бірінші түрі қарызды қайта ұйымдастыруға бағытталған (санация жүргізілетін занды тұлғаның мәртебесі өзгертілмейді). Мұндай санация кәсіпорынға, егер оның дағдарыстық жағдайы уақытша құбылыс түрінде қарастырылса, төлем қабілетсіздігін жоюға көмектесу үшін жүргізіледі.

Санацияның екінші түрі бойынша заңды тұлғаның мәртебесі, меншік түрі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгертіледі. Кәсіпорында жүргізілген санация жұмыстары күткен нәтижеге жеткізбесе, онда ол банкрот деп жарияланады. Арбиторлық соттың шешімімен тарату үрдістерін өткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Банкроттық жағдайындағы тарату жұмыстары келесі кезекте жүргізіледі:

· баланстық және нарықтық құны бойынша банкрот - кәсіпорынның мүлкі бағаланады;

· тарату массасы анықталады;

· мүлікті сатудың ең тиімді нысаны анықталады;

· кредиторлар талаптарын қанағаттандыру орындалады;

- тарату комиссиясы кредиторлардың барлық талаптары қанағаттандырылған соң арбиторлық сотқа тарату балансын жасайды.

Кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың өз кезегі бар: біріншіден арбиторлық соттың, тарату комиссиясының, мүлікті бөлушілердің, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары орындалады. Сосын кәсіпорынның өз жұмыскерлері алдындағы міндеттемелерін, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарды, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді, зейнетақы аударылымдарын, кепілмен қамтамасыз етілмеген кредиторлар талаптарын төлеу жүргізіледі. Әр келесі кезектегі кредитордың талабы тек алдыңғысы төленген соң ғана орындалады. Мүлікті сатқаннан кейінгі қаржылар жетпей жатса, талаптар пропорционалды түрде тең бөлініп, орындалады .

Қазақстан Республикасында банкроттықты реттейтін негізгі заң болып, 1997 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Банкроттық туралы» табылады. Бұл заңға уақыт талабына сай үнемі өзгерістер енгізіліп келеді. ҚР-сы банкроттылық заңдылығы кредитор мүддесін қорғауға көбірек бағытталған. Себебі кредиторлар мүддесі қаншалықты белсенді қорғалса, соғұрлым экономика инвестициялар үшін тартымды. Ал, бұл көкейкесті мәселе.

Заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.

Кредитордың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмаса, банкроттық туралы істерді сот қарайды. Кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы органға арыз беріп, өтініш жасауына борышкердің төлем қабілетсіздігі негіз болып табылады. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі .

Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы уәкілетті органға арыз беріп өтініш жасауына оның дәрменсіздігі негіз болып табылады. Оңалту рәсімі шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез - келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтык және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем кабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданылады. Борышкер өзі оңалту үрдісінің жоспарын ұсынса, кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса, бес күннен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарылады. Тарату үрдістеріне мыналар жатады: кредиторлар бақылауымен, дәрменсіз кәсіпорынның еркімен таратылады және борышкер кәсіпорынды күштеп тарату.

Кредиторлар мүддесін қорғау және әкімшілік шығындарды азайту мақсатында кредиторлар комитетінің құрамына келесі кұрылымдардың өкілдері кіреді: еңбек ақы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер және кепілдік кредиторлар.

Конкурстық және оңалту басқарушысына ай сайын берілетін сыйақы мөлшері шектелген. Заңға борышкермен ұсталған, бірақ төленбеген алименттерді алуға кәмілетке толмағандардың құкығын қорғауға бағытталған қосымшалар енгізілген. Осындай мөлшер міндетті зейнетақы жарналары бойынша борыштарға қатысты қарастырылған. Заңға кредиторлар комитетінің отырысы олардың 2/3-сі қатысса құқылы деген толықтырулар енгізілген. Конкурстық өндіріс мерзімі 6 айдан көп болмауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 3 айға дейін созылады. Шығындар, айып санкцияларының шамасы және т.б. қарыздарды банкрот деп тану шешімі қабылданған және оны тарату мезетіне анықталады. Банкроттық үрдісінде катысуға байланысты несиегерлер шығындарының орны толтырылмауы борышқор несиегерлер реестрінің мазмұнымен танысқан соң, конкурстық басқарушы несиегерлер талаптарының реестрі мен оларды қарастыру нәтижелерін сотқа ол күшіне енгеннен 3 айдан кешіктірілмей бекітуге беріледі. Борышкердің қаржы құжаттарында көрсетілген, меншік иесі екенін растайтын құжаттар бар мүлік конкурстық массаны құрайды. Әкімшілік және сот шығыстары борышкер мүлкінің есебінен кезектен тыс өтеледі. Конкурстық масса келесі тәртіппен бөлінеді:

1. Біріншіден, таратылатын банкрот өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап беретін азаматтардың талаптары тиісті уақтылы төленетін капиталға айналдыру арқылы бірінші кезекте
қанағаттандырылады.

2. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, авторлық шарттар бойынша сыйақылар екінші кезекте жүргізіледі.

3. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.

4. Салық және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек төрттінші кезекте орындалады.

5. Бесіншіден, басқа кредиторлармен есеп айрылысады.

Әрбір кезек талаптары алдыңғы талап толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. Банкрот мүлкі жетпегеннен орындалмай қалған, сонымен қатар сотпен тарату балансы бекітілгенге дейін жарияланбаған талаптар өтелген деп саналады. Көрсетілген сомалар кредиторлармен дебиторлық борыштан есептен шығарылуы керек .


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 559; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!