Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967

АзақстанРеспубликасыбілімжәнеғылымминистірлігі         СӨЖ №9-10                    Пән: Еуразияшылдық: теория және практика

                                                                                                      

                                                                 Орындаған: Өтемұратова Ару

                                                             Факультет: АСФ

                                                             Группа: ГК-11

                                                             Курс: І курс

                                                             Тексерген: Қаленова Теңгеш

                                                                                Серікбайқызы

 

Астана қаласы

2016 жыл

І. Л. Н. Гумилевтің келесі жұмыстарының біреуіне талдау жасаңыз:

· Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. Москва,1989.

· Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. Москва,1974.

ІІ. Л.Н.Гумилевтың творцестволық және өмір жолымен танысу үшін Л.Н.Гумилевтың музей-кабинетіне экскурсия жасап, өмір жолын кесте негізінде жазу.

ІІІ. Этногенез және пассионарлық терминдеріне анықтама беріңіз. Бұл түсініктерге сөздік жасаңыз.

ІҮ. Л.Н.Гумилевтың негізгі ғылыми-теориялық тұжырымдамаларына конспект жазыпкелу.

Лев Николаевич Гумилев (1912 ж. қазанның 1, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 1992 ж. маусымның 15, Санкт-Петербург) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог- XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы.

Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді.

1934 ж. Гумилев Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI – VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилев қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. 1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалды. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген. 2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилевке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған : «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына». Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гумилевтің есімімен аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы құрылды.

Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу.

Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді. Жанкештілік мұнда кеңінен алғанда - ең басты, тіпті, өмірлік маңызды қажеттіліктерден бас тарту, жоғары пассионарлық шиеленісте тіпті үстемдік етуші мақсат болып табылатын әлеуметтік және мінсіз қажеттілік жолында құрбан болып, өмірден де бас тарту. Жалпы, пассионари биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және идеалдық қажет- тіліктерді басым қоюымен сипатталады. Тарихи-биографиялық әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде анықтайды.

Негізгі еңбектері

· «Этногенез и биосфера Земли», АСТ, Астрель, 2005 ж., ISBN 5-17-031811-1, 5-271-12025-2

· «Конец и вновь начало», АСТ, АСТ Москва, Хранитель, 2007 ж., ISBN 978-5-17-044877-7, 978-5-9713-5990-6, 978-5-9762-3829-9

· «В поисках вымышленного царства», Товарищество «Клышников — Комаров и К», 1992 ж., ISBN 5-87495-006-0

· «Древняя Русь и Великая степь», Астрель, АСТ, 2004 ж., ISBN 5-17-026279-5, 5-271-09769-2

· «История народа хунну», АСТ, Люкс, 2004 ж., ISBN 5-17-026629-4, 5-9660-0501-X

· «Тысячелетие вокруг Каспия», АСТ, АСТ Москва, Харвест, 2008 ж., ISBN 978-5-17-051463-2, 978-5-9713-9145-6, 978-985-16-6196-7

· «Черная легенда», Айрис-Пресс, 2008 ж., ISBN 978-5-8112-3377-9

· «Древний Тибет», ДИ — ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-022-0

· «Открытие Хазарии», ДИ-ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-023-9

· «Волшебные папиросы» 1993 (написал в Норильском лагере в 1942 ж., решился записать на бумаге в 1966 ж., издано посмертно).

Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері - Э. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты. 2004 жылы Н.В. Гумилева ғалымның Мәскеу жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтап, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар. Л.Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту мен Мәскеуден Астанаға Л.Н. Гумилевтiң Мәскеу кабинетiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдаған болатын (2004-2008 жж.). 7 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде немере жиені, профессор Маргарита Иоанновна Новгородованың қатысуымен Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинетінің жаңа экспозициясының тұсаукесері өткен болатын. 2012 жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді. Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін. Мұражайдың түпкi мақсаты - Л.Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу, еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату. Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.

Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды.

Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі. Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.

Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л.Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.

    Қазір Ресейде Еу­ра­зиялық Одақ құру мәселесі қызу тал­қы­лануда. Сабақ берген мұғалімдер де сөздерінің арасында бір іліп алып айтып өтеді. Бұл идеяны ХХ ғасырдың аяғында ғылыми тұрғыда зерттеп, «жарқын» на­сихаттаған Николай Гумилев пен Анна Ах­матованың ұлы Лев Гумилев болатын. Ғалымның «Ежелгі түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» кітаптарын оқығанда, «...Этностар бір-бірінен мінез-құлық стереотипімен ерекшеленеді. Этнос, әрбір адам өзінің географиялық және этникалық ортасына бейімделеді. Қоғамда пассионар-тұлғалар көбейіп шарықтау шегіне жеткен кезде, біртұтас этникалық әлем – бір-біріне мінез-құлық және мә­дениеті тұрғысынан жақын жеке этностарды қамтыған суперэтнос пайда болады. Пассионарлық кемісе, керісінше жағдай орын алады. ...Түркілер мен сла­вяндардың бірігуі Орман мен Даланың «спецификалық» үйлесімінен туындаған симбиоз. Себебі, көшпелі шаруашылық жермен айналысатындармен байланыс­пай тұра алмайды, өніммен айырбас екі тарап үшін де бірдей маңызды». Гуми­левтің айтқандарының бәрі дұрыс деуден аулақпыз, оның өз сыншылары бар. Алайда, экономикалық қажеттіліктен туындаған Қазақстанның Ресеймен Ке­дендік одақ аясындағы қарым-қатынасының болашағына саяси реңк беріп жүргендер көп...

Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті. Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар, пікірлер бізге Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи дамудың нәтижесі. Мұнда тарихта тәңірлік, будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі діндер брінің ізін бірі баса, қатарласа дамыған. Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды. Ол тарихты Л. Гумилевтен бұрын бәзбіреулер білсе де білмегенге сайып жылы жауып келді.

Советтік түркология түркі халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай кезеңде орыс халқының ұлы перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», – деді. 1992 жылы ол тағы да «олардың (еуразияшылдардың) сағаты енді соқты»-деді. Батыстық А.Тойнби, О.Шпенглер секілді еуроцентристерге қарсы Л. Гумилев өзінің ғылыми ойларымен, кең масштабты пікірлерімен жауап берді. Ең алғаш көшпенділер қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда, ну жынысты шатқалдарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты. Қылаяғы дөп-дөңгелек киіз үйлер де сол заманның ең ыңғайлы тұрақты мекені болып табылатын», – дейді. Л. Гумилев айтқандай, археологиялық және жазба деректер көшпенділердің Алтайда, Арқада, Монғолияда, Ерен-қабырғада және Жетісуда теміршілікпен шұғылданғанын, олардың қалалары және отырықшы мәдениеті болғанын дәлелдейді.

Шын мәнінде, көне ғұндар мен түркітер қытайларға шалбар киюді үйретті. Одан бұрын Орта жазықтағы қытайлар кенеп жамылғымен ғана жүретін. Л. Гумилев осы шалбар жайында айта келіп, Римдіктер шалбарсыз, тоға(жеңсіз ұзын жамылғы) киіп жүрді; көне гректер мантия (ұзын шапан) киіп жүрген жоқ, кең мата шүберекке оранып жүрді. Ал атқа салт мінетін ғұндар, түріктер мен монғолдар Еуропа мәдениетіне шалбар киюді енгізді дейді. Басқа басқа, дәл ғұндардың қытайларға шалбар киюді үйреткенін қытай ғалымдары мойындайды. Қарап отырсақ, ғұндардың қытай өркениетіне қосқан үлесі мұнымен ғана өлшенбейді. Әу бастан, ғұндар қытай топырағында қуатты бірлікке келген мемлекеттің құрылуына себепші болды.

Жоғарыдағы ойларын айта отырып Гумилев қандайда бір ұлттың өркениет көшіне қосқан үлесін арнайы бағалаудан бас тартады. «Бағаны жалпы уақытқа қатысты, заманға қатысты беру жарасымды бола қоймайды. Тегінде бағалау біздің ісіміз емес, біздің ісіміз-бейнелеп түсіндіріп, жүйелеп баяндау, мазмұндап, хаттау. Халықтардың мәдениетін, қызметін, шығармашылығын, қаһармандығын және басқа да осындай өзіндік өрнекті сипаттарын қандай да бір материалдық есептеулер білдіре алмайды», – дейді ол.

 

Қолданылған әдебиеттер

Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 287; ЗАКАЗАТЬ РАБОТУ