Гибридті шыныиономерлі цементтер



ШИЦ-тердің ерігіштігін төмендету мақсатымен әдеттегі ШИЦ-терді жетілдіру классикалық ШИЦ-терге радикалдар реакиясынан полимеризацияға қабілетті полимерлік матрицаны қосу болжамданған. Бұл технология DMG компаниясымен 1985 жылы құрастырылған болатын және “полимеризацияға қабілетті цементтік қоспалар” деп атанды. DMG фирмасы Ионозитті (иономер+композит) сауда маркасы ретінде енгізген. 32

1988 жылы нарықта екіншілік қатаятын ШИЦ атанған алғашқы материал пайда болды – сәулемен қатаятын шыныиономерлік төсемдік материал Vitrebond (3M компаниясы). Бұл класс материалдары гибридті ШИЦ-тер немесе полимермен модификацияланған ШИЦ-тер деген атқа ие болды.

 

 

Гибридті ШИЦ-тердің құрамы.

Ұнтақ –рентгеноконтрастты фторалюмосиликатты шыны болып табылады, кейде оған кептірілген кополимеризатты қосады.

Сұйықтығы – негізінен қышқылдардың кополимер ерітіндісі болып табылады, бірақ полиқышқылдардың молекулалары оларға біршама қанықпаған метакрилат топтарының қосылуымен модификацияланған. Бұл модификацияланған радикалдар молекулалары соңында сәуле әсерінен бір-бірімен байланысады.

Сұйықтықта сонымен қатар гидрооксиэтилметакрилаттың сулы ерітіндісі (HEMA), шарап қышқылы және де сәулемен қатаюға қажетті фотоинициатор (камфорахинон типтес) бар. Сұйықтық фотоактивті, сондықтан қара бөтелкеде немесе капсулада сақталуы қажет.

Гибридті ШИЦ-тердің қатаю механизмдері.

Бұл ШИЦ-тер класының қатаю механизмдері үшеу:

Бос радикалдардың фотоынталандырылған метакрилатты полмеризациясы, ұнтақ пен сұйықтықтың қоспасын сәулелегенде жүреді және мықты құрылымның түзілуімен жүретін жедел реакцияны және қолданудағы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді;

Қышқылды-сілтілі шыныиономерлік реакция  кезінде фтор бөлініп, тіс тіндерімен ион алмасу жүреді, ол ұнтақ пен сұйықтықты араластырғанда пайда болады және де материалға тән қасиеттер береді;

Сәуленің әсерінсіз бос метакрилатты радикалдардың өздігінен полимеризациясы,ол ұнтақ пен сұйықтықты араластырғанда жүреді, және сәуле  жетпейтін жерлерде толық қатаюды қамтамасыз етеді.

 

Кейінгі жылдары сауыттарды, көпір тәрізді протездерді, салмаларды, штифтер мен ортопедиялық құрылымдарды бекітуге арналған гибридті ШИЦ-тер шығарылды, олар сәуле әсер інсіз қатаяды.

Гибридті ШИЦ-тер қасиеттері жағынан қарапайым ШИЦ-ге жақын, бірақ біраз ерекшеліктері бар.                                                                                                                      

Дентин, кіреуке мен цементке химиялық адгезия. Химиялық адгезия қышқылдандыруды жасамай-ақ сақталады, бірақ адгезияның негізгі компоненті болып табылмайды. Әдеттегі шыныиономерлік байланысқа пластмассалық матрицаның бекітілуі қосылады. Кополимер сұйықтығы қышқыл бола тұра, ШИЦ-ті қуысқа салғаннан кейін өзіне тән кондиционер қызметін атқарады. Өзі жағылған дентин қабатын ыдыратып, түрлендіреді, дентинді иондар мен төменмолекулалы НЕМА шайырлары үшін аса енгіш етеді. Олар ыдыраған тінге еніп және бірмезгілде өзінде түрлендірілген полиқышқылдардың метакрилат топтарын бекітеді. Сәулелендіргеннен кейін барлық осы құрылым тіс тіндерінің бетінде бекіп, берік болады. Демек, адгезия механизмі адгезивті жүйелердің 3-нші өкілінің әсер етуін елестетеді.

Фтортәуелді тісжегі тұрақтылық эффектібар материалдар тобында сақталады, себебі фтор бөлінуімен жүретін қышқылды-сілтілі реакция әдеттегі ШИЦ-тердегідеі жүреді.

Биосәйкестілік, антитоксикалық қасиет.Фотоқатаятын ШИЦ –тердің араластырғаннан кейінгі инициальды қышқылдығы аздау, сондықтан да оның ұлпаға тітіркендіре әсері төмен.

Жоғары беріктілік.Жаңа материалдар өздігінен қатаятындарға қарағанда беріктеу, себебі оларда пластмассалы матрица бар, олардың беріктілігі микротолтырылған композиттер беріктілігіне жақындайды. Материалдың бетін өңдеу міндетті түрде ол қатайғаннан кейін жүргізілуі керек.

Төмен эластикалық модулі.Гибридті ШИЦ-тердің эластикалық модулі композиттерге қарағанда төмендеу. Сондықтан бұл материалдарды сэндвич-техникасының ашық және жабық әдістерінде қолданған жөн.

Отыруы.Осы генерацияның көптеген материалдарындағы пластмассаның құрамы онша жоғары емес, сондықтан да отыруы да әдеттегі ШИЦ-терге қарағанда онша көп емес (3,8-4,8%).

Ылғалдылыққа төмен сезімталдық.Материалдың тез полимеризациялануы оны ылғалдылықтың артығына немес жетіспеуіне тұрақты етеді.

Эстетикалық қасиеттер.Пластмассалы матрицаның болуы гибридті ШИЦ-тердің ең жақсы эстетикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Олар мөлдірлік және жылтырлық.

 

Гибридті ШИЦ-тердің артықшылықтары:

-материалдың тез қатаюы

-фотополимеризациядан кейінгі жоғары беріктілік сынғыштығының төмендігі, микротесіктердің болмауы                                                                                      

-тіс тіндеріне берік адгезиясы

-ылғалдылық пен құрғап кетуге тұрақтылық

-тез арада жылтырлату мүмкіндігі

-жұмыс істеуге ыңғайлы (жұмыс уақыты майысқақ, уақытта енгізіледі, барлық қалыңдығы мен сапалы қатаяды)

 

Гибридті ШИЦ-терді қолдануға көрсеткіштерәдеттегі ШИЦ-тердегідей. Гибридті материалдар сэндвич-техникасының ашық әдісінде қолданыла алады.

 

Гибридті ШИЦ-термен жұмыс істеу ережелері:

-пломбылау алдында әдеттегі кондиционерлер қолданылады

-қосарланып қатаятын ШИЦ-пен жұмыс істегенде оларды қалыңдығы 2мм-дей қабаттармен салу керек, әр қабатты фотополимеризациялау қажет. Егер терең тісжегі қуысында сәулеөткізгіштің тореці материалға тығыз жанаспаса, ал одан біршама қашықтықта орналасса, онда фотополимеризация уақытын ұзарту керек.

-полимеризациядан кейін ылғалдылықты мұқият түрде бақылау қажет емес, пломбаны 24сағатқа оқшалаумауға болады

-пломбаны соңғы рет өңдеуді сол қабылдауда жүргізуге болады

-қажет болса цементті фотополимеризациядан кейін қышқылдандыруға болады

-композитті материалдың гибридті цементтің қышқылданбаған бетімен химиялық байланыс түзетінін ескере отырып, ШИЦ-ті тек мына жағдайда ғана қышқылдандыру қажет – егер кесетін аспаппен цементтік базаны түзету керек болса. Егер коррекция жүргізілмесе, цемент бетіне бірден кіреуке адгезиві мен композитті материалды қоюға болады.

 

 

Гибридті ШИЦ-тердің өкілдері:

Қалпына келтіретін материалдар:

Vitremer TC

Photac-Fil (Quick) (3M ESPE фирмасы)

Fuji II LC (GC фирмасы)

Төсемдік цементтер:

Vitrebond (3M ESPE фирмасы)

Aqua Cenit (VOCO фирмасы)

Fuji Bond LC (GC фирмасы)                                                                                          35  

Fuji Lining LC (GC фирмасы)

XR-Ionomer (Kerr фирмасы)

Бекіткіш материалдар:

Rely X Luting (3M ESPE фирмасы)

Fuji Plus (GC фирмасы)

Fuji Plus EWT(GC фирмасы)

Fuji Cem(GC фирмасы)

Fuji Ortho LC(GC фирмасы)

Vitremer™ (3М фирмасы)

Гибридті шыныиономерлі цемент тройного отверждения.

Тағайындалуы:

- I-II класс қуысын пломбылау;

- III және V класс қуысын пломбылау;

- Қарт науқастар мен пациенттерді төменгі гигиеналық индекспен емдеуде;

- тістің тісжегі емес ақауларын емдеуде;

- тістің түбірін пломбылауда;

- сүт тістерді пломбылауда;

- тұқыл қондырмада;

- сэндвич-техникасының негізін құрылуында;

- перфорациялық ақауларды жабуда;

- Наркоз астында қалпына келтіру.

Артықшылықтары:

- патентованный тройной механизм полимеризации:

* фотополимеризация

* химиялық полимеризация

* шыныиономерлі реакция

- возможность вносить материал большими порциями (особенно актуально при реставрации депульпированных зубов);

- активті фтор бөлінуі;

- жоғары компрессионды  күш;

- тозуға жоғарғыштығы;

- қырлық тұтастығы өте жоғары;

- дентиннің патологиялық өзгерісте химиялық байланысының мықты болуы;

- материалды қабаттап емес, бір блоктап қосылу;

- возможность вносить материал в полость с помощью пистолета-диспенсера;

- фотополимеризациядан кейін реставрация жасауға дайындау;

- функциональді топтары әртүрлі тістерді қалпына келтіруге;

- пакуемость;

- әртүрлі 9 түске;

- мөлдірлік, табиғи дентинге ұқсас;

- ортопедия және балалар стоматологиясы үшін арнайы түстер;

- ерігіштігі төмен.

Қолданылу тәсілі:

- ұнтақты мөлшерлеу алдында сілкіп алу;

- мөлшерлеу 1тамшы: 1 қасық;

- араластыру  45 сек;

- жұмыс барысындағы уақыт (араластыру уақыты) 3 мин;

- фотополимерлеу 40 сек;

 

Fuji Plus(GC фирмасы)

Шыныиономерлі цемент полимерлі компоненттерімен реставрацияның барлық түрлеріне (керамиклар және  металлокерамика, қойындылар және жамауда).

Мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

- жұмыс барысында оңай араластырылады, жәй цемент түрінде;

- механикалық қасиеті аналогияланған композитті цементтер;

- тістің қатты тіндеріне химиялық жолмен жабысуы жоғарғы ылғалдылықты қажет етеді,бондинг жүйесін талап етпейді;

- металға жабысуы жақсы, полимер және силанирленген керамикаға, материалдың мультифункционалдығы жоғары;

- ауыз сұйықтығына ерігіштігі төмен;

- рентгеноконтрасты;

- тұрақты түрде жоғары фтор бөлінуі.

Көрсеткіштері:

Әмбебап материал ретінде және цементтеу үшін пайдаланылады:

- Кез-келген негіздегі қорытпаларда ,металдық, металлокерамикалық және  металлокомпозиттік сауыттарда және көпіртәрізді протезде;

- керамикалық қойынды /жабынды;

- күшейтілген керамикалық сауытта және көпіртәрізді протезде;

- бүтінкомпозитті сауыттарда.

Қолданылуы:

Сумен шайыңыз. Fuji Plus Conditioner қолдану, 20 секунд қалдыру, тағы да сумен шайып,кептіру (құрғақ емес!). Реставрацияға және сауытты тістің жоғарғы бөлігіне отырғызу кезінде материалды 30 секунд араластырып болған соң қолдану. Материалдың артық бөлігін гель түрінде болған кезде алып тастау.

Vitrebond (3M ESPE фирмасы)

Сәулемен қатаятын шыныиономерлі аралық төсем.

Мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

Материал екі компоненттен тұрады: ұнтақ және сұйықтан. Ұнтағы фторалюмосиликатты шыны, сұйықтығы – полиалкенді қышқылдан тұрады.

«Vitrebond» материалы  сәулемен қатаятын , фтор бөлінетін және дентинге жақсы жабысатын  шыныиономерлі аралық төсем.

Компомерлер

Компомерлердің қосарланып қатаятын ШИЦ-терден принципиальды ерекшелігі – полимерлі матрица мөлшерінің көп болуы және полиқышқылды компоненттің аз болуы. Полиқышқылды компоненттің аз болуынан қышқылды-сілтілі шыныиономерлі реакциямен материалдың қатаюы жүре алмайды.

Компомерлер әдетте біркомпонентті паста тәріздес материалдар болып табылады, олар өздігінен метакрилат топтарының полимеризациялану жүйесінің ынтасынсыз қатаймайды.

Нарықта алғаш рет пайда болған коммерциялық материалдар Expaliner (Pierre Rollan) – 1985 жылы,  Ionosit (DMG) – 1987 жылы болды.

1993 жылы нарықта Dyrect (De Trey/Dentsply) пайда болды және “компомер” деген сауда атқа ие болды.

Компомер құрамы

Компомерлер композиттерге типті полимеризация реакциясы тән композиттік материалдар болып табылады.

Толықтырғыш – бұл әр түрлі қосындылары бар реактивті фторалюмосиликатты шынының бөлшектері. Толықтырғыш 52-60% құрайды. Шыныдан басқа толықтырғыш құрамына инициаторлар, стабилизаторлар мен пигменттер кіреді.

Органикалық матрица – мономер, оның құрамында полимеризациялайтын композиттік шайырлар тобы да, шыныиономерлік полимердің қышқылды топтары да бар. Бұл шайырлар ароматты (Bis-GMA), уретанды (UDMA), алифатикалық (TEGMA), диметакрилаттар.

Қазіргі кезде компомерлердің 2 өкілі белгілі.                                                                 363

Бірінші өкілдегі материалдар.Толықтырғыш ретінде фтор-кремний-алюминий-стронций шыны бар. Құрылымы бойынша олар ШИЦ-терге жақын келеді, төмен механикалық беріктілік пен жоғары қажалу деңгейі тән.

Екінші өкілдегі материалдар. .Толықтырғыш ретінде фтор-кремний-алюминий-барий шыны бар. Толықтырғыш құрамына қосымша сферосил кіреді, ол механикалық беріктіліктің жоғарылауы мен оның сорғыштығын төмендетіп, материалдың жоғары оптикалық қасиеттерін  қамтамасыз етеді.

Компомерлердің адгезиясы.

Компомерлерді композиттерге арналған әдеттегі адгезивті жүйелермен және қышқылдандыруды қажет етпейтін меншікті адгезивті жүйелермен бірге қолдануға болады. Әдетте мұндай адгезивті жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен қышқылданатын немесе өздігінен кондиционерленетін болып табылады, сондықтан компомерлердің адгезия түрі кез келген жағдайда қазіргі заманға сай композиттер адгезиясына ұқсас және микроретенцияға негізделеді.

Компомерлердің ерекшеліктері:

-ШИЦ-терге қарағандағы ылғалдылыққа төмен сезімталдық

-жеткілікті беріктік

-эстетикалық қасиеттері жақсы

-фтордың бөлінуі

-жақсы биосәйкестілік

-қышқылдануды қажет етпейтін адгезивті жүйелермен бірге әсерлеседі

Компомерлердің кемшіліктері:

-жоғары шайнау қысымы түсетін аймақтарға қолданылмайды

-жеткіліксіз жылтырлануы (композитті материалдармен салыстырғанда)

-материалдың гигроскопиялық түрде кеңеюінен пломба-тіс шекарасының боялу мүмкіншілігі

-тісжегістатикалық эффекті жеткіліксіз

 

Компомерлерді қолдану көрсеткіштері:

  1. Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
  2. Уақытша тістерді реставрациялау (барлық класс тісжегі қуыстары)
  3. Тістердің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау, (мойын маңында орналасқан)
  4. Тұрақты тістерде үлкен емес I және II класс тісжегі қуыстарын пломбылау
  5. Тұрақты тістерде I және II класс тісжегі қуыстарын уақытша пломбылау         37
  6. Фиссураларды герметизациялау (арнайы компомерлі герметиктармен)
  7. Барлық кластағы аса үлкен емес тісжегі қуыстарын протез қою алдында пломбылау (керамикалық сауыттардан басқа)
  8. Сэндвич-техниканың ашық әдісін қолданғандағы дентиннің орынбасуы
  9. Амальгама астына төсемдік материал ретінде қолдану
  10. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
  11. Түбір қабырғасы мен тіс қуысы табанының перфорациялары кезінде оперативті және оперативті емес жабу
  12.  Ортопедиялық және ортодонтиялық аппараттарды бекіту (химиялық жолмен қатаятын бекіткіш компомерлерді қолдану)
  13. Ветеринарлық стоматологияда

 

Компомерлермен жұмыс істеу ережесітәжірибе жүзінде композитті материалды қолданудың барлық кезеңдерін қайталайды, біреуінен басқасын – тотальды қышылдандыру.

Компомерлердің кең таралған түрлері болып табылатын Dyrect AP, бекіткіш материалдар  Dyrect Cem (Dentsply фирмасы), Compoglass және Compoglass Flow (Vivadent фирмасы), Elan (Kerr фирмасы).

Компомерлер шығарудағы технологиялық жетістіктер олардың физико-механикалық қасиеттерін жақсартуға, жоғары ағымды материалдарды жасауға, химиялық жолмен қатаятын бекіткіш компомерлерді шығаруға бағытталған.

Уақытша тістерді реставрациялауға арналған арнайы компомерлер бар. Бұл материалдардың түстері әр түрлі (алтын, қызғылт, көк, сары, жылтыры бар), ал бұл балалардың емделуге деген қызығушылығын тудырады (Twinki Star, DMG MagicFil).

MagicFil компомері – алғашқы қосарланып қатаятын паста-паста түріндегі компомерлік жүйе. Материалды бір қабатпен салып, оның біртекті полимеризациялануын қамтамасыз етеді.

Comp Natur  компомердің опакерлік жүйесі мен қызыл иек түстісі бар, ол қызыл иек рецессиясы кезінде тістің мойын бөлігіндегі қызыл иек ақауын реставрациялауға арналған.

 

Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы

I. Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау

Мұндай жағдайларда ШИЦ-терге альтернатива ретінде микрофильді және аққыт композитті материалдар, сонымен қатар компомерлер болып табылады.                   

ШИЦ-тердің ерекшеліктері:

-тісжегінің декомпинсерленген ағымы

-ауыз қуысының нашар гигиенасы

-тісжегі үрдісінің тіс түбіріне, қызыл иек астына жайылуы

-композитті материалдарды қолдануға (композит компоненттеріне аллергиялық реакциялар) немесе фотополимеризацияға (фотосезімтал препараттарды қабылдау, фотобиологиялық реакцияларға қабілеттілік) қарсы көрсеткіштердің болуы

-композиттік материалдарды техникалық жағынан қолдана алмау

 

Эстетикалық реставрациялау үшін әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады – ең тиімдісі гибридті түрлері (егер фотополимеризацияға қарсы көрсеткіш болмаса). Егер эстетикалық параметрлер ешқандай мән берілмесе, онда жүктелген реставрацияларған арналған цементтерді қолдануға болады.

 

Жұмыс кезеңдері:

1.Тіс шөгінділерін профессиональды алу

2. Тісжегі қуысын мұқият егеп-тазалау, кіреуке жиектерін финирлеу

3. ШИЦ түсін таңдау.

4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

5. Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою (Calcimol LC, Reocap E, Urbical LC және т.б.)

6. Қажет болса – сыналарды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру

7. 10-30секундқа кондиционерді жағу

8. Кондиционерді жуып-шаю

9. Қуысты аздап кептіру

 10. Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру

11.  Материалды салу. Әдеттегі ШИЦ және үш рет қатаятын гибридті ШИЦ бір порциямен салынады. Қосарланып қатаятын гибридті ШИЦ-ті фотоплимерлі композиттер сияқты қалыңдығы 2мм-дей салып, әр қабаттарын қатайтқан жөн.

12. Металл аспап көмегімен модельдеу. Материалды суландырып тығыз сығылған мақта анжымен конденсациялауға болады. Материал жылтырлығы мен ағымдылығын жоғалта бастағанда, модельдеуді бірден тоқтату керек.

 13. Пломбаны ылғалдан арнайы сәулеленбеген фотоқатаятын адгезивпен 5-7минутқа біріншілік қатаю аяқталғанша оқшаулау қажет. Бұл кезең гибридті ШИЦ-терден қиылған пломбаларға тән емес.                                                                                              

14. Материалдың артығын өткір қол аспабымен немесе төмен жиіліктегі ротациялы аспаппен алып тастау. Гибридті ШИЦ-ті қолданғанда, пломбаны соңғы рет тегістеуді және жылтыратуды бірден жүргізуге болады.

15. Пломба бетін оқшаулау

16. Пломбаны 24сағаттан кейін соңғы рет тегістеу мен жылтырлату

II. Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау

Бұл жағдайда ШИЦ-ті қолданудың артылықшылықтары - балалар үшін өзекті мәселелердің бірі – тістің қатты тіндерін көп алып, егеп-тазалауды қажет етпейді және де бұл материалдардың тісжегістатикалық қасиеті бар.

Уақытша тістің салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қызмет ету цементтерді айқын жүктемеге ұшырайтын жерлерде қолдануға болады.

Композиттерді уақытша тістерді пломбылау үшін келесі себептер қатарынан қолданбайды:

-қатты тіндердің төмен дәрежелі минерализациясынан тотальды қышқылданудың мәнсіз болуы

-композитті қолдану техникасының күрделілігі

-тісжегіпрофилактикалық эффектінің болмауы

 

Сүт тістерді пломбылау үшін жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-ті, күмісқұрамдас ШИц пен гибридті ШИЦ-ті қолдануға қолайлы.

 

Жұмыс істеужоғарыда айтылған кезендері қайталайды, сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

  1.  Тіс шөгінділерін профессиональды алу
  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау
  3. ШИЦ жүгін таңдау.
  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
  5. Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою
  6. Қажет болса – клиньяларды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру
  7. 10-30секундқа кондиционерді жағу
  8. Кондиционерді жуып-шаю
  9. Қуысты жеңіл түрде кептіру
  10.  Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру
  11.  Материалды салу.                                                                                                      
  12.  Пломбаны модельдеу
  13.  Пломба бетін оқшаулау
  14.  Біріншілік қатайғаннан кейін пломбаның артығын алып тастау
  15.  Пломба бетін оқшаулау
  16.  Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

 

III.  Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын  пломбылау

Клиникалық тәжірибеден белгілі, ШИЦ-тің адгезивті жүйелері осындай типті қуыстарда бекітуге тиімді қолданылады.

Жиі жағдайда тіс жарып шыққанға дейінгі дамитын тісжегі емес ақаулар кезінде композиттер мен адгезивті жүйелерді қолдану қиындайды. Мысалы, тіс флюорозы кезінде тістің қатты тіндерінің құрамы мен құрылысы қалыпты жағдайдан біршама ерекшеленеді, сондықтан қышқылдандыру кезінде ретенциялық құрылымға жету күрделі мәселе болады. Осындай жағдайды кіреуке гипоплазиясы кезінде де байқауға болады.

Гипопластикалық кіреуке гиперэстезиясы кезінде ШИЦ-пен уақытша пломбылау оның сезімталдығын төмендетуі мүмкін (Грохольский А.П. және соавт., 2000жыл).

Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау үшін эстетикалық реставрацияларға арналған ШИЦ-тер, гибридті ШИЦ-тер және де егер эстетикаға мән берілмесе, онда жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-терді қолданады.

Жұмыстың кезеңдеріжоғарыда айтылғандарды қайталайды, сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

1.Тіс шөгінділерін профессиональды алу

2.Қуысты егеп-тазалау. Сына тәрізді ақау кезінде қуысты машиналық түрде егеп-тазалаудың қажеті жоқ. Тазалау, жуып-шаю мен тіс бетін кондиционерлеу жеткілікті болады. Тазалауды тазартатын пастамен рәзіңке немесе ротанциялық щеткалар көмегімен жүргізіледі.

3.ШИЦ түсін таңдау.

4.Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

5.Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою

6.Қажет болса – клиньяларды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қою

7.10-30секундқа кондиционерді жағу

8.Кондиционерді жуып-шаю

9.Қуысты жеңіл түрде кептіру

 10.Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру                                                    

 11.Материалды салу.

 12.Пломбаны модельдеу

 13.Пломба бетін оқшаулау

 14.Біріншілік қатайғаннан кейін пломба артығын алып тастау

 15.Пломба бетін оқшаулау

 16.Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

 

IV.  Тіс түбірінің тісжегісі

       Шыныиономер – мұндай жағдайда ең жиі қолдануға болатын жалғыз материал. Егер эстетика критикалық болмаса, онда жиі жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады. Үш рет қатаятын гибридті ШИЦ-терді қолдану тиімді, себебі мұндай қуыстарға материалды қабат-қабат енгізу және фотополимеризациялау әдетте қиындық туғызады.

Жұмыстың кезеңдеріжоғарыда айтылғандарды қайталайды, сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

  1. Тіс шөгінділерін профессиональды алу
  2. Қуысты егеп-тазалау.
  3. ШИЦ түсін таңдау.
  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
  5. Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою
  6. Қажет болса – клиньяларды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру
  7. 10-30секундқа кондиционерді жағу
  8. Кондиционерді жуып-шаю
  9. Қуысты жеңіл түрде кептіру
  10.  Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру
  11.  Материалды салу.
  12.  Пломбаны модельдеу
  13.  Пломба бетін оқшаулау
  14.  Біріншілік қатайғаннан кейін пломбының артығын алып тастау
  15.  Пломба бетін оқшаулау
  16.  Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

 

V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау                               

Мұндай процедура әдетте тістердің эндодонтиялық емімен байланысты болады, әсіресе, апексогенезді немесе түбірлері қалыптаспаған тістерде апексификация жүргізгенде.

Өзекті уақытша обтурациялағаннан кейін тіс қуысына ылғал мен микрофлораның түсуінің алдын алу үшін оның герметикалық жабылуы қажет

       ШИЦ-ті қолданып кейінірек пломбылау көбінесе аз минералданған кіреукеде немесе  тістің тісжегінің көлемді зақымдалуы кезінде жүргізіледі. Мұндай тістерде әдеттегі материалдарды қолданғандай да қайталамалы тісжегінің пайда болу қаупі өте жоғары, ал пісіп-жетілмеген кіреукені қышқылдандыру композиттің бекітілуі үшін ретенциялық аймақтарының пайда болуын қиындатады. Реминералдандырушы ем жүргізгеннен кейін, және де кіреукенің соңғы рет минерализациясы мен тісжегі үрдісінің стабилизациясынан соң шыныиономерлі пломбаларды композиттерге ауыстыру жүргізіледі. Ереже бойынша, жүктелген реставрацияларға арналған немесе гибридті ШИЦ-тер қолданылады.

Жұмыстың кезеңдеріжоғарыда айтылғандарды қайталайды, сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:

  1. Тіс шөгінділерін профессиональды алу
  2. Қуысты егеп-тазалау.
  3. ШИЦ реңін таңдау.
  4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
  5. Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою. Уақытша обтурация кезінде түбір өзегін емдегеннен кейін өзек сағасына стерильді құрғақ мақта анжыны қалдырған жөн, ол келешекте қуыстың ашылуын жеңілдетеді.  
  6. Қажет болса – клиньяларды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру
  7. 10-30секундқа кондиционерді жағу
  8. Кондиционерді жуып-шаю
  9. Қуысты жеңіл түрде кептіру
  10.  Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру
  11.  Материалды салу.
  12.  Пломбаны модельдеу
  13.  Пломба бетін оқшаулау
  14.  Біріншілік қатайғаннан кейін пломба артығын алып тастау
  15.  Пломба бетін оқшаулау
  16.  Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

 

                                                                                                                                                  

 VI. Тістердің тісжегісін ART-әдісін қолданып емдеу

ART-әдісі– атравматикалық қалпына келтіретін ем (atraumatic restorative treatment) – Taco Pilot-пен ұсынылған және бұл әдіс тісжегі қуысын егеп-тазаламай (экскаватормен некрэктомия жүргізгеннен кейін), тісжегіге қарсы әсері бар материалдармен пломбылауды қарастырады.

Техника тісжегімен зақымдалған тіндерді толық алуды қамтамасыз етпейді, бірақ ШИЦ-тің тісжегі дентинге адгезиясы егелгенген дентиндікідей, ал фтордың бөлінуі тісжегістатикалық эффект пен тіндер реминерализациясын қамтамасыз етеді.

Бұл әдіс кең қолдануға ұсынылмайды және әдетте тісжегі қуыстарын сапалы егеп-тазалуға мүмкіндік жоқ болғанда орындалады. Ол 1994 жылы ВОЗ-БӘДҰ-мен кедей аймақтардың тұрғындарына, босқындар мен көшіп-қонушыларға стоматологиялық көмек көрсету үшін ұсынылған.

Қажетті жабдықтар аса көп емес. Олар қол экскаваторы, стоматологиялық айна, рәзіңке қолғаптар, мақта біліктеі, пластмассалы шпатель, араластыруға арналған пластинасы бар шыныиономерлі цемент. Тісжегі қуыстарын І класс бойынша 3жыл уақыт ішінде емдеу пломбалардың 90% сақталады.

Стоматологиялық кабинет жағдайында бұл әдіс келесі жағдайлар кезінде қолданылуы мүмкін:

-бормашина алдында қатты қорқу

-физикалық және ақыл-ес кемістігі бар адамдар

-егде жастағы балалар мен науқастар

-жалпысоматикалық патологиясы бар адамдар

Әдіс сүт тістерді емдеу үшін ыңғайлы. ART-әдісі көбінісе басты шарты – асқынбаған тісжегі. Бірақ ол қуысқа жол болмағанда тісжегіні емдеу үшін, сонымен қатар пломба айналасындағы екінщілік тісжегі кезінде қолайлы емес.

Жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады.

Бұл әдіске Ketac Molar A.R.T. (ESPE) шыныиономерлі цемент идеальды түрде жарайды.

 

Жұмыс кезеңдері:

  1. Зақымдалған дентинді экскаватор көмегімен алу
  2. Операциялық алаңды мақта анжы көмегімен оқшаулау
  3. Қуысты кондиционерлеу. Ketac Molar A.R.T. (ESPE) немесе Kemlex (Dentsply) материалдарын қолданғанда кондиционер ретінде шыныиономер сұйықтығы қолданылады. Кондиционер мақта тампонмен қуысқа 10секундқа енгізіледі. Мүмкіндік болмағанда кондиционерді жуып-шаймасада болады.                     44
  4. ШИЦ-ті мөлшерлеу және араластыру
  5. Материалды бір порциямен салу
  6. Материалға қолғап киіп, саусақпен басу. Егеп-тазалау қажет болмас үшін пломба беті окклюзиялық деңгейден төмен болуы керек
  7. Пломбаны модельдеу (бұл кезең міндетті емес, себебі үнемі жасалынбайды)
  8. Қажет болса – қатайғаннан кейін пломбаны соңғы рет модельдеу

 

Классикалық ART-тәсілі 2 түрде жүргізілген. Олардың біреуі жоғарыда сипатталған. Ал екіншісінің ерекшелігі – егеп-тазалағаннан кейін дентинге 40% күміс фториді ерітіндісінің аппликациясы жүргізіліп, содан соң шыныиономермен пломбыланады.

 

Фиссураларды герметизациялау

ШИЦ-терді фиссуралардың герметиктері ретінде 1974 жылы ұсынылған болатын (J.W.Mclean). Олар қышқылдандыру қажет етпей, жақсы бекітіледі және фтор бөле алатын қабілеті бар, бірақ олардың кемшіліктері бар – тұтқырлығы үлкен, беріктілігі төмен және қажалуы жоғары, сондықтан оларды бұндай жағдайларда қолдануды шектейді.

ШИЦ фиссуралардың тереңіне енбейді, сондықтан мынандай ой-пікір бар – “герметизация” термині осы материалдарды қолданғанда нақты емес, дұрысы  “профилактикалық қорғаныс қабатты жағу” деген анықтама берілсе.

Материал инвазивті герметизация кезінде жақсырақ бекиді, бірақ та алдын ала фиссураларды ашпай да нәтижелі болады.

Қышқылдандырмайтын әдіс әлсіз минерализацияланған фиссуралар жағынан ең аяйтын болып табылады және де сол себептен тек қана жарып шыққан немесе шарып шығып бара жатқан тістерде қолдану ұсынылады. Бұндай герметизация уақытша болуы мүмкін.

Профилактикалық эффект шыныиономерлі герметиктің сақталу фактіне байланысты емес, ал ол материалдың тіспен қатынасу уақытына байланысты болады. Кіреукеге фтор түсу әсерінен кіреукенің минерализациялану дәрежесі шыныиономерлі жабу астында 10-20%-ға жоғарылайды. Бұндай тістердің қышқылға тұрақтылығы 20%-ға жоғарылайтыныны анықталған. Шыныиономерлі герметиктің тұрақты профилактикалық эффектісі 6-12айдан кейін дамиды, ал тісжегінің жоғары дәрежелі редукциясы (80-90%) ұзақ уақыт ішінде сақталады.                                                                                                                           45

Фиссуралардың герметиктері ретінде герметизация үшін фирмамен ұсынылған цементтер, немесе тұрақты пломбылауға арналған цементтерді қолдануға болады. Ең тиімдісі – бұл төсемдік шыныиономерлер, әсіресе гибридті (Vitrebond). Төсемдік цементтер ағымдырақ  еледі, бұл олармен фиссураларды жақсы толтыруды қамтамасыз етеді, бірақ олардың қажалуға беріктілігі мен тұрақтылығы реставрациялық ШИЦ-терге қарағанда төмендеу.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Тіс шөгінділерін алу. Енді ғана жарып шыққан немесе фиссуралар минерализациясы аяқталмаған тістерді профилактикалық тазалау кезінде пісіп-жетілмеген кіреукені зақымдамас үшін абразивті пасталарды қолданылмаған жөн. 3% сутегі асқын тотығын қолданылып, пастасыз жасауға болады. Кішкентай балаларда кәдімгі тіс щеткасын, ал үлкендеу науқастарда – айналмалы щеткаларды қолдануға болады.
  2. Көшірме қағазы көмегімен антогонист-тістермен контактілерді анықтау. Герметикті енгізгенде тісте із қалдыратын контактылы нүктелерді материалмен жабуға болмайды, ол окклюзияның биіктеп кетуін алдын алады.
  3. Операциялық алаңды оқшаулау
  4. Кіреукеге кондиционер салу
  5. Тісті жуып-шайып, аяп кептіру
  6. Шыныиономерді араластырып, фиссураларға салу, зонд немесе гуттаперчалы штифт көмегімен материалды бүкіл фиссуралар бойымен жайғастыру
  7. Модельдеу
  8. 5-7 минутқа тіс бетін оқшаулау (алғашқы қатаю уақыты)
  9. Қажет болса – тістем бойынша коррекция жасау
  10. Материал бетін 24 сағатқа оқшаулау
  11. Сапалық қарап тексерулер 3-6 айда 1 реттен кем емес

 

 

  Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың тоннельді техникасын қолданылып қуыстарды пломбылау

Бұл егеп-тазалаудың кең қолданылатын түрі емес, бұл әдіс алғаш 1963 жылы сипатталған (Jinks).

Тоннельді егеп-тазалау техникасының мәні – ілінген қырларды алумен тісжегі қуысының толық ашылуы жүргізілмейді, ал тіс тіндері, соның ішінде төмпешіктері сақталып тоннельге ұқсас бір затты қалыптастырады (Hunt P., 1990ж.).

J.W. Mclean (1985) бұл техниканы “ішкі егеп-тазалау” деп атауды ұсынды. Бұл кезде бүйір тістің жанасу бетіндегі тісжегімен зақымдану ошағы шайнау бетіне оперативтік жолмен жету арқылы кіреуке жиегінің сақталуымен алынады.

3-сурет. Тістердің тісжегісін оперативті емдеудің тоннельді техникасы: а – тісжегі қуысы, б – оперативті қуыстың пішіні, в – қуысты шыныиономерлі цементпен толтыру.        46

Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолдануға көрсеткіштер:

-шайнау тіс апроксимальды бетінің кішігірім тісжегі зақымдануы жанасу пунктінен төмен

-жиектік қырдың сақталуы кезіндегі кіреукенің минимальды зақымдануы

-көлемді окклюзиялық тісжегі қуыстарының болмауы

Бұл әдіс шектелген обзор әсерінен тісжегі тіндерінің жеткілікті түрде алынуына гарантия бермегендіктен, тісжегістатикалық белсенділігі мен дентинге жақсы адгезиясы бар материалдарды қолдану қажет, бұндай материалдар шыныиономерлі цементтер болып табылады.

Тоннельді егеп-тазалау техникасына “латеральды тоннель” немесе “Slot-егеп-тазалау” (ағ.Slot-паз, саңылау) (Wilson A.D., Mclean W.W., 1988. Jonas P.1995) техникасы жақын. Ол тістердің жанасу беттеріндегі кішігірім тісжегі қуыстарында қолданыла алады және оның негізі – оларға вестибулярлы немесе оральды беттерден тар доступ жасау. Бұндай жағдайда беріктілігі жоғары рентгеноконтрасты ШИЦ-терді қолдану ұсынылады.

Жұмыс кезеңдеріжоғарыдағы сипатталғанды қайталайды, тек егеп-тазалау техникасымен ерекшелінеді.

  1. Тіс шөгінділерін алу
  2. Қуысты егеп-тазалау. Классикалық тоннельді егеп-тазалау әдісін қолданып, қуысты дайындағанда тіс экваторынан төмен апроксимальды қуысқа жолды орталық фиссура және жиектік қырды бөлетін үшбұрыш тесігі арқылы жүргізеді. Көрші тіс әрқашанда металл матрицамен қорғалады.

1999 жылы С.В. Радлинский тоннельді егеп-тазалаудың модифицирленген принципін ұсынған, бұндағы зақымдану ошағына доступ үшбұрыш тесігі арқылы тігінен жүргізіледі, бұл кезде апроксимальды деминерализацияланған кіреуке алынбайды. (4-сурет). Бұл әдісте шыныиономерлі цементтердің орнынакомпозитті немесе компомерлі материалдармен реставрациялау ұсынылады.

4-сурет. Тоннельді егеп-тазалаудың әдістері: а - әдеттегі, б – С.В. Радлинскиймен модифицирленген.

3. ШИЦ реңін таңдау

4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

5. Матрицаны қондыру

6. 10-30секундқа кондиционер жағу (инструкцияға сай)

7. Кондиционерді жуып-шаю

8. Қуысты жеңіл кептіру

9. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият түрде мөлшерлеу және араластыру                      

10. Материалды салу

11. Пломбаны мүсіндеу

12. Пломба бетін оқшаулау

13. Біріншілік қатаюдан кейін пломба артығын алу

14. Пломба бетін оқшаулау

15. Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

Пломбаның окклюзиялық бөлігін сэндвич-техникасын қолдана отырып композиттен жасауға болады.

 

VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру

Техника тісті шыныиономерлі цементпен жартылай қалпына келтіруге негізделген, ал ШИЦ сыртынан беріктеу композитті материалмен қапталады.

Әдістің артылықшылықтары:

  1. композитті материалдың отыру компенсациясы
  2. ШИЦ-тің тісжегістатикалық эффектісі
  3. пломбаның қуыстың тереңдеу бөліктердегі химиялық адгезиясы
  4. қолданылатын материалдар бағасының төменділігі
  5. аз уақыт кетеді

Сэндвич-техникасының жабық әдісін қолдануға көсреткіштер:

-композитті материалдың отыруын қиын түрде компенсирлейтін қуыстарды пломбылау

-жоғары беткейлік беріктілік пен эстетика қажет болғандағы уақытша тістерді реставрациялау

-түбірлері қалыптаспаған тістерді уақытша немесе тұрақты пломбылау

-тісжегінің декомпенсирленген ағымы жоғары эстетикалық талаптар кезінде 

-композитті материалды қолдануға альтернатива болғанда

Сэндвич-техникасының жабық әдісінде дентин ақауы жартылай немесе толық түрде ШИЦ-пен, ал кіреуке – композитті материалмен жабылады. Осындай мақсаттар үшін ең жақсысы ол ШИЦ-ті қолдану,себебі оның дентинге де, композитке де адгезиясы жақсы, қысымға берік.

Сэндвич-техникасының жабық әдісінде жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер, күмісқұрамдас және гибридті түрлері қолданылады. Сонымен қатар төсемдік ШИЦ-ті қолдануға болады,егер де оның инструкциясында бұл материалды композитті материалдармен реставрация кезінде негізі ретінде қолдануға жарайды деп жазылса. 48

Пломбаны мүсіндегенде шыныиономерлі негіздің беті кіреуке-дентин шекарасынан сәл төмендеу және мүмкіндігінше оның пішінін қайталау керек. Бұндай жағдайда қалған дентиннің жұқа полоскасы белгілі бір дәрежеде кіреукенің, композит пен шыныиономерлі цементтің эластикалық модулінінің әр түрлілігін компенсирлейді, өйткені дентин кіреуке мен композитке қарағанда эластикалылығы жоғарылау.

Егер де композит астына негіз әдеттегі ШИЦ-тен жасалса, онда цемент пісіп-жетілгеннен кейін кейінге қалтырылған сэндвич техникасын орындау керек. Олай болмаса, ШИЦ-пен байланысатын композитті материалдың полимеризациялық отырунан пісіп-жетілмеген шыныиономер қуыс түбінен бөлінуі мүмкін.

 

Кейінге қалтырылған сэндвич техникасы кезіндегі кезеңдердің реттілігі:

-композитке арналған кеңістікті шыныиономерлі материалмен 24сағатқа жабу

-келесі қабылдауда – уақытша пломбалық материалды немесе цементтен қойылған пломбаның жоғарғы қабатын алу, қуысты жуып-шаю

-қажет болса – кіреуке жиектерін дайындау (финирлеу,скос жасау)

-ШИЦ және қуыс қабырғаларын қышқылдандыру

-жуып-шаю, кептіру

-композитті салу, конденсациялау, мүсіндеу және полимеризациялау

-пломбаны соңғы рет өңдеу

 

Сэндвич-техникасының ашық әдісіқызыл иек астына жайылған қуыстарда қолданылады. Әдетте бұл II, III, IV және V класс тісжегі қуыстары.

Техниканың негізі – тісжегі қуысының қызылиекасты бөлігі, сонымен бірге оның қызылиекүсті бөлігі жанаспалы пунктке 1-2мм-ге жетпей ШИЦ-тен, ал жанаспа пункті және окклюзиялық бөлік – композитті материалдан жасалады.

Бұл әдіс ең критикалық және ең күрделі  реставрация бөлігінде – қызылиекасты және үстінде химиялық адгезия мен тісжегістатикалық эффектіні қамтамасыз ете алады.

Бұл техника үшін тек қана гибридті немесе ылғалға төзімдірек берікті шыныиономерлерді қолдануға болады.

ШИЦ матрицаларды қолданумен мүсінделеді, қызыл иек астына – металды матрицалар жақсырақ. Қатаюдан кейін тістерді бөліп, жанаспа пунктін қалыптастыру үшін мөлдір матрицаны қондыруғаболады. Қалғанында техника сэндвич-тің жабық әдісін қайталайды.

5-сурет. ІІ класс тісжегі қуыстарын реставрациялау: а – сэндвич-техникасының жабық әдісі, б - сэндвич-техникасының ашық әдісі, в – ламинерленген сэндич-әдісі.              49

 

VIII. Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау

Бұл жағдайда ШИЦ жоғалған тіс дентинін жартылай түрде қалыптастырады, ал жасанды сауыт кіреукені орынбасады.

Тек қана упроченные, күмісқұрамдас немесе реставрацияларға арналған гибридті шыныиономерлі цементтер қолданылады.

Ең тиімдісі – тіс тұқылын түбірішілік штифтерді қолдана отырып, шыныиономерлі цементпен қалпына келтіру.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Тіс шөгінділерін алу
  2. Қуысты егеп-тазалау. Шыныиономер мен тіс тінінің жанасу алаңын барынша жоғары түрде қамтамасыз ету
  3. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
  4. Қажет болса – сыналарды, матрицаларды, ретракциялық жіпті орналастыру
  5. 10-30секундқа кондиционер жағу (инструкцияға сай)

6. Кондиционерді жуып-шаю

7. Қуысты аздап кептіру

8. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият түрде мөлшерлеу және араластыру

9. Материалды салу

10. Тіс тұқылын тістің анатомиясы мен сауыт конструкциясына сай мүсіндеу

11. Тұқыл бетіне аралық материал салу (тек қана берікті ШИЦ үшін)

12. Біріншілік қатаюдан кейін пломбаның артығын алу

13. Пломба бетін оқшаулау

14. Тұқылдың кеуіп-кетуін алдын алу үшін гидрофильді немесе сулы қалыптық материалмен қалып алу

15. Сауытты дайындау мен өлшеп көру. Уақытша бекітуші цемент ретінде эвгенолсыз материалды қолданған жөн.

16. Сауытты тұрақты бекіту

 

 

ІХ. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру

Сауытты жылдам түрде ауыстыру мүмкіндігі жоқ кезінде уақытша процедура түрінде жүргізіледі.                                                                                                                              50

2 подтиптегі реставрациялық шыныиономерлі материалдар қолданылады. Жоғары эстетикалық талаптар кезінде эстетикалық реставрацияларға арналған ШИЦ-тердіқолдануға болады.

Жұмыс кезеңдері:

1. Тіс шөгінділерін алу

2. Қуысты егеп-тазалау

3. Материал реңін таңдау

4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

5. 10-30секундқа кондиционер жағу (инструкцияға сай)

6. Кондиционерді жуып-шаю

7. Қуысты жеңіл кептіру

8. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият түрде мөлшерлеу және араластыру

9. Материалды салу

10. Пломбаны мүсіндеу

11. Біріншілік қатаюдан кейін пломба артығын алу

12. Пломба бетін оқшаулау

13. Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату

 

Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал

Шыныиономерлі цементтер материал отыруы кезінде қалыптасатын ішкі кернеулікті компенсациялайды, пломба деформациясына кедергі жасайды, пломбалық материалдың тіс ұлпасына қолайсыз әсер етуін алдын алады, сонымен қатар композиттік материалды қолданғанда  төсемдік материалды кондиционер мен праймердің қышқыл әсер етуінен қорғайды.

ШИЦ-ті қолдануға көрсеткіштер:

-уақытша тістердің тісжегісі

-түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістердің тісжегісі

-тез ағымды тісжегі кезінде кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсеммен оқшаулау

-күрделі конфигурациялы тісжегі қуыстары

-эндодонтиялық емнен кейінгі түбірішілік пломбалық материалды оқшаулау

ІІІ типтегі ШИЦ-тер қолданылады (төсемдік немесе лайнингті). Төсем ретінде ІІ типтегі реставрациялық цементтерді қолдануға болады, бірақ олардың консистенциясы қоюлау. Берілген цементтерді эндодонтиялық емнен кейінгі пломбыланған түбірлер сағаларын оқшаулау үшін қолдануға тиімді.                                                                                          51

Төсем ретіндеқолданылатын реставрациялық цементтің қалыңдығы 1мм-ден азболмау керек.

 

Жұмыс кезеңдері:

1. Тіс шөгінділерін алу

2. Қуысты егеп-тазалау

3. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау

4. Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою

5. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият түрде мөлшерлеу және араластыру

6. Материалды салу және тісжегі қуысының табаны бойымен жайғастыру. ШИЦ дентиннің ашық бетімен жеткілікті түрде жанасып, төсемдік материалды толығымен жабуы керек. Егер де пломба амальгамадан болса, онда төсем кіреуке-дентин шекарасына жетпей тісжегі қуысының табаны мен қабырғасын жабуы керек.

7. Фотополимеризация, егер де гибридті ШИЦ қолданылса

8. Тұрақты пломба қою. Композитті материалды қолданғанда кондиционерлеу техникасының ерекшеліктерін ШИЦ түріне байланысты ескерту қажет. Әдеттегі лайнингті цементтерді қышқылдандыруға болмайды. Гибридті цементтерді олардың фотополимеризациясынан кейін бірден қышқылдандыруға болады. Егер де төсем ретінде берікті реставрациялық ШИЦ қолданса, онда оны біріншілік қатаюдан кейін қышқылдандыруға болады, бірақ тек мына жағдайда – егер төсем қалыңдығы 1мм-ден аз болмаса.

 

ХІ. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту

ШИЦ-тің қалған лютингті материалдарға қарағандағы артылықшылықтары:

-салыстармалы түрдетөмен ерігіштік

-тиксотропты эффект

-жұқа қабат жағу мүмкіндігі

-фтор иондарының бөлінуі

-гиперсезімталдық пен тірі ұлпасы бар тістерге бекіту кезіндегі асқынулардың пайда болудың төмен мүмкіншілігі

-тіс тіндерімен жоғары биосәйкестілігі

 Лютингті ШИЦ-терді қолдануға қарсы көрсеткіштер:

-металлокерамикалық сауыттарды бекіту

-винирлердібекіту                                                                                                             52

Бұндай ШИЦ-терді тісжегі пайда болудың жоғары қаупі бар науқастар үшін қолдану тиімді. Тістерде ортодонтиялық сақиналарды шыныиономермен бекіту тіс қағының пайда болуын төмендетеді және реминерализациялық эффектіні қамтамасыз етеді.

І типтегі лютингті цементтер қолданылады.

 

ХІІ. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту

І типтегі ШИЦ-тер қолданылады.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Штифт немесе тұқылды салманы және олар астына өзекті дайындау
  2. Түбір өзегін натрий гипохлоридімен және ЭДТА-мен 5минуттай өңдеу
  3. Түбір өзегін жуып-шаю және кептіру
  4. ШИЦ-ті мөлшерлеу және жартылайсұйық консистенциясына дейін араластыру
  5. Түбір өзекке материалды енгізу
  6. Материалдың азмөлшерін штифт бетіне салу
  7. Штифтті бекіту
  8. Біріншілік қатаюдан кейін материал артығын алу
  9. Кейінгі реставрация

 

 

ХІІІ. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау

Дентинге химиялық адгезиясы әсерінен ШИЦ өзектің жақсы герметизациясын қамтамасыз етеді.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған арнайы ШИЦ-тер қолданылады. Гуттаперчаны қолдана отырып обтурацияның кез келген техникасын қолдануға болады, тек біреуінен басқасы – қыздырылған гуттаперча техникасы.

Түбір өзекті обтурациялауға дайындау - әдеттегі. Шыныиономерлі силерді гуттаперчасыз қолдануға болмайды, себебі материалдың жоғары адгезиясы мен беріктілігі оны қажет болғанда алуға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, эдодонтиялық ШИЦ-тердің рентгеноконтрасттылығы жеткілікті түрде жоғары болмайды, ал бұл обтурацияның сапасын бағалауға қиындатады. 

XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау

ШИЦ-тің дентинге деген химиялық адгезиясы апикальды бөліктің жақсы герметизациясын қамтамасыз етеді, ал материалдың жоғары биосәйкестілігі операциядан кейінгі тіндердің жағымсыз реакциясын алдын алады.                                                     53

Жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-тер қолданылады, жақсысы әдеттегі немесе беріктетілген, бірақ гибридті емес (метакрилаттарға реакция болуы мүмкін).

Жұмыс кезеңдері:

  1. Түбір өзектің әдеттегі обтурациясы
  2. Түбір ұшына оперативті жол ашу,оны резекициялау
  3. Бормен түбір ұшы кесіндіде материалды толтыру үшін ретенциялық пунктті жасау. Оның оптимальды тереңдігі резекцияның 45градус бұрышында – 2,5мм, 30градус бұрышында – 2мм, ал 90градус бұрышында – 1мм.
  4. Түбір ұшын антисептикалық өңдеу, гемостаз.
  5. Түбір ұшын кептіру
  6. Кондиционерлеу, жуып-шаю, кептіру
  7. Материалды араластыру
  8. Резекция бөлігіндегі тереңдіктерді ШИЦ-пен пломбылау
  9. Материал қатқаннан кейін хирургиялық операцияны аяқтау

 

 

XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу

Эндодонтиялық емнің бұндай асқынуларында ШИЦ-тер тіс қуысының  герметизмін жеткілікті қамтамасыз ете алады.

Бифуркациялар аймағындағы перфорацияларды жапқанда реставрациялық беріктетілген және гибридті ШИЦ-терді қолданған тиімді.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Перфорацияны абайлап керіконусты бормен тереңдету
  2. Қанды тоқтату, перфорациялық тесікті антисептикалық ерітіндімен өңдеу, жуып-шаю, кептіру
  3. Эндодонтиялық аспаптарды немесе гуттаперчалы, үлкен көлемді қағаз штифтерін өзектер сағаларының цементпен толтырылуын алдын алу үшін түбір өзектеріне енгізу
  4. Материалды араластыру және салу
  5. Материалды қатайту (өздігінен немесе фотополимеризация)
  6. Түбір өзектерінің кейінгі өңделуі мен обтурациясы                                           
  7. Егер перфорация ерте жасалынған болса,онда 6 айдан кейін стабилизация мен сүйек тінінің деструкция ошағын төмендегенін анықтау үшін контрольды рентген суретін түсіріп алу дұрыс болар. Егер де сүйектің сорылу ошағы сақталған немесе үлкейген болса,онда консервативті-хирургиялық емге жүгіну керек (мысалы, корона-радикулярлы сепарация немесе гемисекция).

 

Түбір қабырғаларының перфорацияларын консервативті жолмен жапқанда, қатаятын кальцийқұрамдас материалдарды қолдану тиімді болып есептеледі, бірақ та түбір өзектерін обтурациялауға арналған ШИЦ-терді де қолданады. Бұндай ем үшін жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-терді қолдануға болады, бірақ дегенмен жақсы нәтижелерді төсемдік және гибридті шыныиономерлер береді. 

                                       

Дентин- қойыртпағы-паста(ВладМиВа фирмасы)

Уақытша пломбылық материал, эвгенолсыз.

Қолданылуы:

Асқынбаған тісжегі қуысын емдеу үшін қолданылады.

Құрамы:

 Уақытша пломбылық материал «Дентин-қойырпағы-паста» тегіс массалы, негізгі ұнтақ құрамында мырыш сульфатты цемент және бояғыш қосылған қойыртпақ түрінде шығарылады.

«Дентин- қойырпағы- паста» ауыз қуысында 2 сағат аралығында қатады. Материал ауыз сұйықтығында ерігіштігі төмен,тіс қуысына герметикалық қамтамасыз етеді.

Дентин-ұнтағы- порошок(ВладМиВа фирмасы)

Уақытша пломбылық материал.

Қолданылуы:

Ауыз қуысында тісжегі қуысын уақытша жабу үшін пломбылық материал ретінде қолданылады.

Құрамы:

«Дентин-ұнтағы-порошок» сумен қатаятын кальцийқұрамдас мырышсульфатты цемент, модифицирленген қоспалардан туратын материал.Ұнтақ сумен араласқанда пластикалық қасиетке ие болады. Жасанды дентинді уақытша пломбы ретінде тіс қуысын герметизациялаймыз.

«Дентин-ұнтағы-порошок» уыттылығы төмен¸ жұмсақ және қатты тіндерді түршіктендірмейді.

ApderSingle Bond2 (3М фирмасы)

Нанонаполненный адгезив V-ого поколения.

Қолданылуы:

- композиттен және компомерден тұратын сәулемен қатаятын реставрациялық материал;

- винир керамикалық бондинг;

- тіс түбірінің ашылу кезінде сезімталдықты жою;

- керамикаларды жамап коррекциялау , металлокерамика және  композитті реставрацияда.

Артықшылықтары:

- қолданар алдында флаконды сілкудің қажеті жоқ;

- нанотолтырғыш өткізбейтін тығыз қабілетін қалыптастырады;

- эмал және дентинге жоғарғы жабысқыштық;

- ыңғайлы флакон нысаны сұйық сығындысына оңай ашылуына мүмкіндік береді;

- сұйықтық консистенциясы нанотолтырғышқа байланысты тұрақты болып келеді.

Қолданылу тәсілі:

- протравкалық  гель Scotchbond™ ты эмальға 30 сек қолданып, дентинге 15 сек, сумен шайып, мақта-анжылдармен қуысты кептіру;

- Adper™ Single Bond2  адгезивті 2-3 қабатпен жағу  15 сек;

- 5 сек аралығанда ауамен кептіру;

- 10 сек аралығында полимеризациялау;

- адгезивтен соң 10 сек аралығында полимеризация жүргізу.

 

Клинья:    

 

Матрицалар:

 

Тест тапсырмалары

№1 тапсырма

Тісжегістатикалық қасиетке ие:

  1. Мырыш-фосфатты цементтер
  2. Мырыш-оксид эвгенолды цементтер
  3. Поликарбоксилатты цементтер
  4. ШИЦ-тер
  5. Силикатты цементтер

№2 тапсырма

Шыныиономер құрамындағы кварцтың жоғары болуы қамтамасыз етеді:

  1. жоғары мөлдірлікті
  2. жоғары беріктілікті
  3. қышқылғатұрақтылықты
  4. ұзақ уақыт қатаюды
  5. механикалық беріктілікті

 

№3 тапсырма

Шыныиономер құрамындағы кальций фторидінің жоғары болуы қамтамасыз етеді:

жоғары мөлдірлікті

жоғары беріктілікті

қышқылғатұрақтылықты

ұзақ уақыт қатаюды

тісжегістатикалық эффектіні

№4 тапсырма

Шыныиономер құрамындағы алюминий оксидінің жоғары болуы қамтамасыз етеді:

  1. жоғары мөлдірлікті
  2. жоғары беріктілікті
  3. қышқылғатұрақтылықты
  4. қысқа уақыт қатаюды
  5. тісжегістатикалық эффектіні                                                                                  

 

№5 тапсырма

Әдеттегі ШИЦ құрамындағы фтор иондарының орта мөлшері:

  1. 5-10%
  2. 10-15%
  3. 20-25%
  4. 30-50%
  5. 50% жоғары

 

№6 тапсырма

Шыныиономер полимері ретінде төмендегі қышқылдар комбинациясы қолданылады:

  1. акрил қышқылы
  2. ортофосфор қышқылы
  3. итакон қышқылы
  4. малеин қышқылы
  5. пирожүзім қышқылы

 

№7 тапсырма

Шыныиономерлі цементтер келесі түрлерде шығарылады:

  1. сулы жүйелер
  2. сусыз жүйелер
  3. жартылайсулы жүйелер
  4. ұнтақ пен сұйықтығы бар капсулалар
  5. базалықжәне каталитикалық пасталар комплекті

 

№8 тапсырма

Лютингті шыныиономерлердің қолдануы:

  1. ортопедиялық конструкцияларды бекіту
  2. фиссураларды герметизациялау
  3. жүктелген реставрация
  4. эстетикалық реставрация
  5. аралық төсем материалы ретінде

 

№9 тапсырма                                                                                                                  

Лайнингті шыныиономерлердің қолдануы:

  1. ортопедиялық конструкцияларды бекіту
  2. фиссураларды герметизациялау
  3. жүктелген реставрация
  4. эстетикалық реставрация
  5. аралық төсем материалы ретінде

№10 тапсырма

Лютингті шыныиономерлерге тән:

  1. шыны бөлшектерінің кіші көлемі
  2. жоғары механикалық беірктілік
  3. жұмыс уақыты ұзақ
  4. төмен механикалық беірктілік
  5. төмен ерігіштік

 

№11 тапсырма

ІІ типтегі шыныиономерлердің қолдануы:

  1. ІІІ класс тісжегі қуыстарын пломбылау
  2. V класс тісжегі қуыстарын пломбылау
  3. тісжегі емес ақауларды пломбылау
  4. аралық төсем
  5. фиссуралық герметик

 

№12 тапсырма

ІІ типтегі шыныиономерлер қышқылмен өңделе алады, егер материал қабатының қалыңдығы аз болмаса:

  1. 1мм
  2. 2мм
  3. 3мм
  4. 4мм
  5. 5мм

 

№13 тапсырма

Fudji-VII шыныиономерлі цементтің қолданылуы:

  1. фиссураларды герметизациялау                                                                               
  2. мойын маңындағы тісжегі қуыстарын пломбылау
  3. уақытша пломбылау
  4. аралық төсем
  5. кіші және үлкен азу тістердің шайнау беттеріндегі тісжегі қуыстарын пломбылау

 

№14 тапсырма

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шыныиономерлердің жұмыс уақыты:

  1. 1-3минут
  2. 5-10минут
  3. 15-20минут
  4. 30-40минут
  5. 50-60минут

 

№15 тапсырма

Металл құрамдас шыныиономерлі цементтер қалай аталады:

  1. герметиктер
  2. компомерлер
  3. композиттер
  4. керметтер
  5. силандар

 

№16 тапсырма

Дентин ақауы жартылай немесе толығымен ШИЦ-пен, ал кіреуке – композитті материалмен жабылатын тісжегі қуысын пломбылау техникасы қалай аталады:

  1. ламинирлеу
  2. дентиннің тотальды резекциясы
  3. жабық сэндвич
  4. ашық сэндвич
  5. АRT-тәсілі

 

№17 тапсырма

Қызыл иек астына жайылатын терең тісжегі қуыстарында қандай пломбылау әдісі тиімдірек:

  1. ламинирлеу
  2. дентиннің тотальды резекциясы                                                                              
  3. жабық сэндвич
  4. ашық сэндвич
  5. АRT-тәсілі

 

№18 тапсырма

Терең тісжегі қуыстары кезінде шыныиономерлі цемент салмасбұрын қандай емдік төсемді қолдану тиімдірек:

  1. кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар
  2. мырыш-оксид эвгенолды цемент
  3. сүйек-гепаринді паста
  4. антибиотик пен кортикостероид композициясы
  5. лизоцим-витаминді паста

 

№19 тапсырма

Төсемдік шыныиономерлердің орташа қатаю уақыты:

  1. 1-2минут
  2. 2-3минут
  3. 4-5минут
  4. 5-7минут
  5. 7-10минут

 

№20 тапсырма

ІІ типтегі шыныиономерден пломбаның алдын ала өңдеу ерекшелігі:

  1. бірінші қабылдауда тек қана пломба артығы алынады
  2. аспаптың пломбадан тіске қарай қозғалуы
  3. аспаптың тістен пломбаға қарай қозғалуы
  4. сулы спрейді қолдану міндетті түрде
  5. сулы спрейді қолдану ұсынылмайды

 

№21 тапсырма

Шыныиономерден пломбаның бетін оқшаулау үшін нені қолдану тиімдірек:

1. копалды лак

2. фтор-лак

3. пластмасса мен ацетон негізіндегі лак

4. синтетикалық шайыр мен ацетон негізіндегі лак                                                   

5. синтетикалық шайыр мен хлороформ негізіндегі лак

 

№22 тапсырма

Компомерлердің қасиеттері:

  1. ылғалға сезімтал
  2. жеткілікті берік
  3. жақсы эстетикалық қасиеттері
  4. фтордың бөлінуі
  5. жақсы биосәйкестілік

 

№23 тапсырма

Гибридті шыныиономерлердің қасиеттері:

  1. тістің қатты тіндерімен байланысты екі әсерлі механизмнің болуы
  2. фтортәуелді тісжегістатикалық эффект
  3. ылғалға төзімсіз
  4. эластикалық модулі төмен
  5. тез арадағы тегістеудің мүмкіншілігі

 

№24 тапсырма

Гибридті шыныиономерлердің композиттерге қарағандағы артықшылығы:

  1. эстетикалылығы
  2. ылғалға тұрақтылығы
  3. қажалуға тұрақтылығы
  4. механикалық беріктілік
  5. мөлдірлігі

№25 тапсырма

Компомерлерді қолдануға көрсеткіштер:

  1. ІІІ және V класс тісжегі қуыстарын пломбылау
  2. мойын маңындағы тісжегі емес ақауларды пломбылау
  3. фиссураларды герметизациялау
  4. түбір өзегін пломбылау
  5. түбір өзегін ретроградты пломбылау

 

№26 тапсырма                                                                                                                   

Тоннельді егеп-тазалау техникасын орындау үшін жағдайлар:

  1. шайнау тістің апроксимальды бетінің көлемді емес тісжегі зақымдануы
  2. фронтальды тістің апроксимальды бетінің көлемді емес тісжегі зақымдануы
  3. кіреукенің жиектік қырының сақталуы
  4. көлемді окклюзиялық қуыстардың болмауы
  5. тісжегі қуысының жанаспа пунктінен төмен орналасуы

 

№27 тапсырма

Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолдана отырып, тісжегі қуыстарын пломбылауға арналған материалға қойылатын міндетті талаптар:

  1. рентгеноконтрасттылық
  2. эстетикалық
  3. тісжегістатикалық белсенділік
  4. дентинге жақсы адгезия
  5. механикалық беріктілік

 

№28 тапсырма

Сэндвич-техникасының ашық әдісі бойынша тісжегі қуысын пломбылау үшін қандай материал қолдануға тиімді:

  1. мырыш-оксид-эвгенолды цемент
  2. мырыш-фосфатты цемент
  3. поликарбоксилатты цемент
  4. гибридті шыныиономер
  5. беріктетілген шыныиономер

 

№29 тапсырма

Сәулемен қатаятын материал астына аралық төсем ретінде қолдануға тиімді:

  1. мырыш-оксид-эвгенолды цемент
  2. мырыш-фосфатты цемент
  3. поликарбоксилатты цемент
  4. лютингті шыныиономер
  5. лайнингті шыныиономер

 

№30 тапсырма

Бифуркация аймағындағы перфорацияларды жабуға тиімді материал:                 

  1. мырыш-оксид-эвгенолды цемент
  2. беріктетілген шыныиономер
  3. поликарбоксилатты цемент
  4. гибридті шыныиономер
  5. мырыш-фосфатты цемент

 

                                                                                                                                            63

                      Тест тапсырмаларына жауаптар:

1) 4

2) 1,4

3) 2,5

4) 2,3,4

5) 3

6) 1,3,4

7) 1,2,3

8) 1

9) 2,5

10) 1,3,4

11) 1,2,3

12) 1

13) 1,2,3,4

14) 3

15) 4

16) 3

17) 4

18) 1

19) 3

20) 1,2,5

21) 1

22) 2,3,4,5

23) 1,2,4,5

24) 1,3,4

25) 1,2,3,5

26) 1,3,4,5

27) 1,3,4

28) 4,5

29) 5

30) 2,4

 

 

                                                                                                                                                  64

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 2657; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!