Официоналды аралас емдік пасталар



Nbsp; ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ

                                               

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

БАКБАЕВ Б.Б.

ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.

                                          ОҚУ ҚҰРАЛЫ

АЛМАТЫ, 2015

    

УДК 616.31:615.46 (07)

Бакбаев Б.Б. Заманауи пломбылық материалдар.

 (оқу құралы). –Алматы, 2015. 66 бет.

Рецензент:

 С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедра-

сының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты  Мезгілбаева Д.М.

Осы оқу құралында қазіргі кезде кеңінен қолданылатын пломбылық материалдар, емдік төсемдер, шыны иономерлік цементтер, компомерлер

көрсетілген. Пломбылық материалдардың оның ішінде цементтер тарихы жазылған. Емдік төсемге қойылатын талаптар , оларды қолдану қағидалары , төсемді қою әдісі мен тактикаларының толықтай сипаттамасы берілген. Шыны иономерлі цементтер мен компомерлік материалдардың құрамы, олардың қатаю механизмі, жіктелуі, клиникалық қолдануға маңызы бар негізгі қасиеттері жеке дара көрсетілген. Шыны иономерлік цементтер мен компомерлерді клиникалық ситуациялық жағдайда қолданудың практикалық аспектілеріне көңіл бөлінді.

Студенттерге, клиникалық ординаторларға ,аспиранттарға, «Стоматология» мамандығы бойынша жоғарғы медициналық оқу орнының оқытушыларына арналған.

 

                                           МАЗМҰНЫ

Кіріспе...............................................................................................

Емдік төсемдер.................................................................................

Аралас емдік төсемдер....................................................................

Дәріханада дайындалатын емдік төсемдер....................................

Кальций гидрооксид құрамдас материалдар................................

Цинк-эвгеолды цементтер...............................................................

Беріктелінген цинк оксид

-эвгенолды цементтер, толықтырғыштар....................................

Ортоэтоксибензой қышқылымен цинк оксид

-эвгенолды цементтер.......................................................................

Шыны иономерлік цементтер (тарихи анықтама)...........................

Шыны иономерлік цементтің құрамы...............................................

Шыны иономерлік цементтің шығарылу түрі..................................

Шыны иономерлік цементтің қатаюы...............................................

Шыны иономерлік цементтердің негізгі қасиеттері........................

Шыны иономерлік цементтердің түрлері.........................................

Түбір өзегіне арналған шыныиономерлік цементтер....................

Металл құрамдас шыныиономерлік цементтер..............................

Шыны иономерлік цементтермен жұмысі стеу ережесі..................

Гибридті шыны иономерлік цементтер...........................................

Компомерлер.....................................................................................

Шыны иономерлік цементтерді клиникада қолдану......................

Тестік тапсырмалар...........................................................................

Тестік тапсырмалардың жауап эталондары....................................

Әдебиеттер..........................................................................................

                                     Емдік төсемдер

Емдік төсем( синонимі – суббазалық төсем ) тіс ұлпасына, қалған микрофлораға емдік әсер ету үшін тісжегі қуысының табанына, кальций қосындыларын жоғалтқан дентинге оның минералдануы үшін қойылады.

Емдік төсемдер құрамында дентин мен ұлпаның табиғи қорғаныс механизмдерін күшейтуге, қайталама тісжегі мен ұлпаның қабынуын тудыруға қабілетті тісжегі қуысының инфекциясын тежеуге қажетті белсенді дәрілік заттар бар.

 

Емдік төсемдерді қолданатын көрсеткіштер (жағдайлар):

  1. Терең тісжегі
  2. Тіс қуысының абайсыздан ашылып кетуі
  3. Ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу

 

Емдік төсемдердің жіктелуі:                                       

  1. Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:

- өздігінен қатаятын

- сәулемен қатаятын

  1. Мырыш тотықты-эвгенолды цементтер:

- меншікті мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

- толықтырғышы бар беріктетілген мырыштотықты-эвгенолды цементтер

- ортоэтоксибензой қышқылы бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

  1. Аралас емдік пасталар:

- официнальды араластырылған қоспалар (комбинированнный) емдік қойыртпақтар (пасталар)

- ex tempore дайындалатын комбинирленген емдік пасталар

 

Емдік төсемдерге қойылатын талаптар:

Емдік төсемдер келесі қасиеттерге ие болу керек:

- тіс ұлпасына репаративті-қайта құрылу және қабынуға қарсы әсер ету керек

- дентиногенезді белсендіру керек

- антибактериальдық

- пластикалық болу қажет

- адгезиялық

- қатайғаннан кейін қысымға төзімділік.

 

 

Терең тісжегіні емдеу төмендегі нұсқауларға сай жүргізілуі мүмкін:                                                       

  1. Тісжегі қуысын егеп-тазалау және оны бір қабылдауда пломбылау
  2. Максимальды түрде толық некрэк, 12-14 күннен кейін тұрақты пломбы қою.
  3. Дентиннің деминерализацияланған аймақтар шекарасында бұзылған тіндерді толық алмай, тісжегі қуысын егеп-тазалау, емдік төсеммен  1 айға уақытша пломба қою, кейін оны тұрақты пломбыға ауыстыру.

 

Емдік төсемдерді қою тәсілі.

Терең тісжегінің көрсеткіші бойынша 1 немесе 2 кезеңде емдеуге болады.

 

Бір кезеңде емдеу реттілігі:

  1. Жансыздандыру
  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау
  3. Тісті сілекейден мақта біліктермен немесе коффердаммен оқшаулау
  4. Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3% хлоргексидин ерітіндісі, 0,02% фурацилин ерітіндісі және т.б.) дәрілік өңдеу
  5. Тісжегі қуысын коттонды немесе поролонды шариктер көмегімен немесе ауамен кептіру
  6. Емдік төсемді таңдау. Емдік төсемге ұлпаны тікелей немесе жанама жабуға арналған препарат немесе материалды қолдану мүмкіндігі ескеріледі. Терең тісжегіні бір кезеңде емдеуде жиі кальций негізіндегі емдік төсемдер қолданылады.
  7. Сүңгі ұшымен немесе тар тегістегішпен емдік төсемді салу. Емдік төсемді бүкіл тісжегі қуысының табанына салу керек емес. Емдік төсемді ұлпа мүйізшелері проекциясы бойынша нүктелі түрде немесе тісжегі қуысының ең терең жеріне қояды (тікелей емес жабу) немесе ұлпа мүйізшесі ашылған жеріне (тікелей жабу).
  8. Аралық төсемді қою. Оның қалыңдығы мен қою деңгейі тұрақты пломбаның қалыптастырушы материал түріне байланысты болады.
  9. Тұрақты пломба қою
  10. Пломбаны тегістеу және жылтырату

 

Екі кезеңде емдеу реттілігі.

Бірінші қабылдауда:

  1. Жансыздандыру
  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау
  3. Тісті сілекейден мақта біліктермен немесе коффердаммен оқшаулау                    2
  4. Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3% хлоргексидин ерітіндісі, 0,02% фурацилин ерітіндісі және т.б.) дәрілік өңдеу
  5. Тісжегі қуысын коттонды немесе поролонды шариктер көмегімен немесе ауамен кептіру
  6. Емдік төсемді таңдау. Үйлестірілген емдік пасталар немесе мырыш-эвгенолды цементтерді қолдану ұсынылады.
  7. Сүңгі ұшымен немесе жіңішке тегістегішпен емдік төсемді қою. Емдік төсемді бүкіл тісжегі қуысының табанына салу мүмкіндігі бар.
  8. 12-14тәулікке жасанды дентиннен немесе 1-6 айға шыныиономерлі цементтен уақытша пломба қою.

Екінші қабылдауда:

Науқастың шағымы мен тістің температуралық тітіркендіргіштерге ауруы реакциясы жоқ болғанда:

  1. Электродиагностика. Тістің электрқозғыштығын анықтау.
  2. Уақытша плмбаны алу
  3. Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3% хлоргексидин ерітіндісі, 0,02% фурацилин ерітіндісі және т.б.) дәрілік өңдеу
  4. Емдік төсем қою. Кальций гидрооксиді негізіндегі немесе мырыш-эвгенолды цементтер.
  5. Аралық төсемді қою. Оның қалыңдығы мен қою деңгейі тұрақты пломбаның қалыптастырушы материал түріне байланысты болады.
  6. Тұрақты пломба қою
  7. Пломбаны тегістеу және жылтырату

                                                                                                 

Ұлпа қабынуын емдеу кезінде емдік төсемдерді қолдану қағидалары:

Қазіргі заманға сай стоматологияның негізгі принципі бұл тіс тіндерінің ішінде тіс ұлпасын сақтап қалу болып табылады. Ұлпадағы патологиялық өзгерістер қайтымды болса және оны сақтау мүмкіншілігі бар болған жағдайларда ұлпаны алып тастауды әдетті емдеуге айналдырмау керек.

Бұндай жағдайларда ұлпаға міндетті түрде сауықтандыратын фармакологиялық әсер ету қажет. Бұл мақсатпен қабыну процесін жоюға, оның ары қарай дамуын тоқтатуға және ұлпадағы репаративті үрдістерді күшейтуге қабілеті бар емдік пасталар қолданылады.

Бұндай жағдайларда емдеу екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңнің міндеттері:

- ұлпадағы қабыну процесін жою

- микрофлораға әсер ету                                                                                                     3

- анестезиялық әсер ету

Бұл үшін емдік қасиеті жоғары, бірақ қысқа уақыт әсер ететін препараттар қолданылады. Олар уақытша пломба астына бірнеше тәулікке емдік паста түрінде жиі  қойылады.

Екінші кезеңнің міндеттері:

- орынбасушы дентиннің түзілуін күшейту

- ұлпадағы зат алмасу үрдістерін қалыпты жағдайға келтіру

Бұл кезеңде ұзақ және жұмсақтау әсер ететін, сонымен қатар тісжегі қуысында ұзақ жатқанда ыдырамайтын препараттар қолданылады. Олар тұрақты пломба астына емдік төсем ретінде қойылады.

 

Бірінші кезеңде қолданылатын емдік төсемдер құрамына кіретін заттар.

Ұлпадағы қабыну ұрдісін (процесін) жоюға арналған заттар:

-стероидты қабынуға қарсы заттар (глюкокортикостероидтар)

-стероидты емес қабынуға қарсы заттар (салицилаттар, индометацин және т.б.)

Микрофлораға әсер ететін заттар:

-сульфаниламидтер (норсульфазол, сульфацил натрий және т.б.)

-антибиотиктер (левомицетин, тетрациклин, неомицин және т.б.)

-антисептиктер (хлоргексидин, фенол, тимол және т.б.)

-антипротозойлық заттар (метронидазол, этоний және т.б.)

Анестезиялық әсер ететін заттар:

-жергілікті ауру сезімін басатын гельдер,препараттар-спрей (лидокаин, анестезин және т.б.)

Тағы басқалар:

-протеолиздеуші ферменттер (трипсин, химотрипсин)

-“өткізгіштер” – ұлпаға белсенді заттардың өткізгіштігін жоғарылататын заттар (гиалуронидаза, димексид, тизоль, эфтидерм және т.б.)

-пиримидин туындылары (пентоксил, метилурацил)

-көмекші заттар (каолин, мырыш тотығы, күкіртқышқылды барий, ақ балшық, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, глицерин, өсімдік майлары, майда еритін витаминдер)

 

Екінші кезеңде қолданылатын емдік төсемдер құрамына кіретін заттар.

Бұған кальций гидрооксиді, фторидтер, кальций глицерофосфаттары, дентин үгінділері, сүйек ұны, табиғи және жасанды гидрооксиапатиттер, коллаген сияқты препараттар жатады. Олар орынбасушы дентиннің қалыптасуы мен ұлпадағы репаративті үрдістерді күшейтеді.                                                                                                                                   

Емдік төсемдер ретінде жиі мырыш-эвгенолды цементтер немесе кальций гидрооксиді негізіндегі препараттар қолданылады.

Дәрілік препараттар комбинациясынан тұратын емдік төсемдердің артықшылықтарына қарағанда кемшіліктері көп. Негізгі кемшіліктері бұл ex tempore дайындаудың күрделілігі, жаман адгезия, беріктілік қасиеттері төмен.

 

Официоналды аралас емдік пасталар

Пульпанес(ВладМиВа фирмасы)

Компресс-паста Пульпанес негізінен тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың алдында және кейін ауыру сезімін басатын зат ретінде қолданылады.

Құрамы:

-лидокаин гидрохлориді

-табиғи антисептиктер жиынтығы

Пастаны лидокаин типтес жансыздандыратын препараттарға аллергиясы бар науқастарға қолдануға болмайды.

 

 

Anesthopulpe(Septodont фирмасы)

Құрамы:

-тұзқышқылды тетракаин – 15г

-тимол – 20г

-гваякол – 10г

-толықтырғыш – 100г-ға дейін

Жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді, талшықты паста түрінде шығарылады.

Негізінен тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың алдында және кейін аыру сезімін басатын зат ретінде қолданылады.

 

 

Anthocryl(Septodont фирмасы)

Тіс ұлпасын витальды жағдайда сақтайтын аралық қорғаныс ерітінді. Екі ерітінді түрінде шығарылады.

Anthocryl А –мырыш хлориді негізіндегі сұйық ерітінді.                                                       5   

Anthocryl В – қанды тұз негізіндегі сұйық ерітінді.

Екі ерітіндіні араластырғанда мырыштың ақ преципитаты түзіледі, ол дентин тініне сіңеді. Ерітінділердің қоспасы қышқыл иондарына тығыз тосқауыл түзіп, олардың ұлпаға енуіне бөгет жасайды.

Қолданылу әдісі.

  1. Өңделетін тісті сілкейден оқшаулау
  2. Тісжегі қуысын майсыздандырып, мақта тампонмен құрғатып алу
  3. Мақтадан шарик жасап және оның көмегімен А ерітіндіні бүкіл дентин бетіне жағу. Қатынасу уақыты – 45секундтан көп емес.
  4. А ерітіндінің қалдықтарын сүртіп алып, кейін В ерітіндіні жоғарыдағы айтылған әдіспен қолдану (нәтижесінде сүт түстес преципитат түзіледі). 1-2минут күту.
  5. Таза сумен жуып алу

 

 

Pulpanest(Septodont фирмасы)

Құрамы: фенол, прокаин, ментол, тимол

Терең тісжегі мен ұлпа қабынуларын емдеуде жансыздандырушы әсер ету үшін қолданылады.

Қолданылу әдісі:мақтадан шарик жасап, препаратты сіңіріп, тісжегі қуысына 1-2тәулікке уақытша пломбы астына қояды.

 

 

Pulperyl(Septodont фирмасы)

Құрамы:прокаин хлоргидраты, бензил спирті, дәрілік креозот, фенол, эвгенол, толықтырғыш.

Жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді.

Қолдануға көрсеткіш – терең тісжегі, ұлпаның жедел толық қабынуы.

Қолданылу әдісі Pulpanest  препаратына ұқсас.

 

“Pulpomixine” пастасы(Septodont фирмасы)

Құрамы:дексаметазон ацетаты, фрамицетин сульфаты, полимиксин В сульфаты, полиэтилен гликоль.

Глюкокортикостероид дексаметазон домбығу, тамырлар қысылуы мен ұлпа ишемиясын басады, бұл микроциркуляцияның тез қалпына келуін қамтамасыз етіп, патологиялық үрдіс қайтымды болады. Көрсетілген кең спектрлі антибиотиктер сенсибилизациялану жуындатпай инфекцияны жояды, себебі олар жергілікті түрде қолданылады.

Қолдануға көрсеткіш –терең тісжегі, ұлпаның абайсызда ашылуы, ұлпаның жедел толық қабынуы.

Қолданылу әдісі.Пастаның аз мөлшерін тісжегі қуысына қысым көрсетпей уақытша пломба астына қояды. Екінші қабылдау 8күннен кейін.

 

 

Pulpovital(LEGE Artis фирмасы)

Жедел ағымды тісжегі, ұлпа қабынуы мен тіс қуысын абайсызда ашып алу кезінде ұлпаны витальды жағдайда сақтауға арналған дәрілік төсем ретінде қолданылатын антибиотик-кортикостероидты композиция.

 

 

Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.

Төменде дәріханада жасалынатын пасталар көрсетілген.

Бұл емдік төсемдер тобының көптеген кемшіліктері бар, ең негізгісі – дайындаудың күрделілігі, беріктілік қасиеттері төмендеу. Сондықтан оларды сирек қолданады.

 

 

Сүйек-гепаринді паста.

Бөлек сақталатын екі компоненттен тұрады – сүйек ұны мен 0,5% гепарин жақпасы.

Қолданар алдында дайындалады. Қою паста консистенциясына дейін 10:1 қатынаста араластырылады.

Жедел ағымды терең тісжегі мен ұлпа қабынуларын консервативті емдеуде емдік төсем ретінде қолданылады.

Гепарин микроцияркуляцияны қалыптастырады, ал сүйек ұны дентин түзілуін белсендіреді.

 

Лизоцим-витаминді паста.

3 компоненттен тұрады: лизоцим – 0,01; А-витаминінің  майлы ерітіндісі – 0,1; мырыш тоотығы паста консистенциясына дейін.

Қолданар алдында дайындалады.

Жақсы антимикробты әсер етеді, ұлпаның репаративті қызметі мен бейспецификалық резистенттілігін күшейтеді.                                                                                                   

Паста ММП.

Прополис пен араның аналық  сүті негізіндегі емдік төсем.

Қолданар алдында дайындалады. 4%прополис тұндырмасы мен аналық сүтті 4:1 қатынаста араластырады.

 Қабынуға қарсы, жансыздандыратын, иммунитет реттеушілік әсер етеді.

 

Кальций сутотығы құрамдас материалдар.

Кальций сутотығы негізді емдік төсемдер терапиялық стоматологияда кеңінен қолданылады.

Құрамы.

Негізін кальций сутотығы құрайды. Бұл ұсақ дисперсиялы ұнтақ, рН-ы - 12,4. Кальций сутотығы атмосфералық көмірқышқыл газына өте сезімтал болып келеді, ауадан оны сіңіріп кальций карбонатына айналдырады.

Қасиеттері.

Ұлпаны кальций гидрооксидімен тікелей емес жапқанда, оның жоғары рН-ына (10-12) байланысты дентин өзекшелерін толтырып, орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді. Препараттың жоғары сілтілік ортасы антисептикалық әсер етіп, мырыш-фосфатты цементтерден шығатын қышқылдарды бейтараптандырады.

Препаратпен ұлпаны тікелей жапқанда алдымен дегенерациялану аймағы мен 50-150мк тереңдікте некроз дамиды. Кейін ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуі қалпына келіп, ал 1-айдан соң ұлпа мүйізшесі ашылған аймақта дентинен кұрылған көпірлер қалыптасады.

Шығарылу түрі.

Кальций гидрооксиді негізіндегі емдік пасталар ұнтақ-сұйықтық, паста-паста және біркомпонентті паста (өздігінен және сәуле әсерінен қатаятын) түрінде шығарылады.

Сәулемен қатаятын емдік пасталар химиялық жолмен қатаятын препараттарға қарағанда компрессиялық беріктігі жоғарылау. Бірақ химиялық жолмен қатаятын препараттар бактериостатикалық қасиетке ие және тісжегі қуысы мен төсем арасында микробкеңістіктердің түзілу мүмкіндігі төмен.

Оң қасиеттері.

-Қабынуға қарсы

-Антисептикалық әсер етеді

-Орынбасушы дентин түзілуін ынтыландырады

Теріс қасиеттері.                                                                                                                         8

-рН деңгейінің (12-ге дейін) жоғары болуынан ұлпаның некроздануы  мүмкін

-дентикл мен петрификаттар түзілген жайғдайда, тіс қуыстарының жартылай облитерациялануы мүмкін.

 

 

Материалдардың сипаттамасы

Кальрадент(ВладМиВа фирмасы)

Өздігінен қатаятын дайын паста түрінде шығарылады, ол терең тісжегін емдегенде және ұлпаны тікелей емес жабу үшін қолданылады.

Құрамы:кальций гидрооксиді; рентгеноконтрасты қосымша; толықтырғыш.

Қолданылу тәсілі.

Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Кальрадент пастасын тегістегіш көмегімен тісжегі қуысының табанына салып, мақта тампонмен нығыздап, артығын алып, ауамен кептіргеннен кейін, пломбылаудың келесі кезеңдерін іске асырады.

 

Кальцесил(ВладМиВа фирмасы)

Химиялық жолмен қатаятын рентгено-айқын материал. Шығарылу түрі – паста-паста.

Кальцесил бір жағынан дентин мен ұлпа арасындағы қорғаныс-тосқауыл қызметін атқарады, ал басқа жағынан материалдар мен қышқылды генераторлар арасында да орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді. Ұлпаны тікелей емес жабу үшін емдік төсем ретінде қолданылады.

Құрамы:

-кальций гидрототығы

-метилсалицилат

-рентгено-айқынды толықтырғыш

-пастатүзгіш

-модифициялаушы қоспалар

Қолдану тәсілі.Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Арнулы қағаз немесе шыны пластинка бетіне базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерлерін сығып шығару. 30секунд аралығында араластырып, оны сүңгі немесе жіңішке тегістегіштің көмегімен тісжегі қуысының табанына салу. Дайындап және қою уақыты – 2-2,5минут. Қойыртпақтың артығы бірден алынуы керек. Содан кейін аралық төсем қояды.                                                                                           9

Ескерту:кальцесилді ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу кезінде қолдануға болмайды.

 

Кальцесил LC(ВладМиВа фирмасы)

Ұлпаны тікелей емес жабуға арналған сәулемен қатаятын рентгенайқын біркомпонентті материал.

Құрамы:

кальций сутотығы

рентгенайқындылықты толықтырғыш

олигокарбонатметакрилат

полимеризацияның инициаторы

полимеризацияның ингибиторы ( тежегіші)

Қолдану тәсілі.Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Материалмен тісжегі қуысының табанын жауып және сәулесінің ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен 20секөнд қатайту. Материалдың артығын бордың көмегімен алып тастау.

Ескерту:метакрилатқа аллергиясы бар науқастарға қолданылмайды.

 

 

Эстерфил Са(Диас фирмасы)

Кальций құрамдас сәулемен қатаятын композициялық төсемдік материал.

Қолдану көрсеткіштері:

-емдік және аралық төсем ретінде ұлпаны тікелей емес жабу

-тістерді композиттермен реставрациялағанда байланыстырушы негіз ретінде

-фиссураларды герметизациялау

-V класс тісжегі қуыстары мен тісжегі емес зақымдануларды пломбылау

Материалдың құрамы мен қасиеттері.

Байланыстырушы негіз ретінде диметакрилді олигомерлер қоспасы, сонымен қатар фосфор құрамдас адгезионды-активті олигоэфиракрилат бар. Ал толықтырғыш ретінде биоактивті шыны қолданылады, ол кальций мен фторды бөле алады.

Материалдың құрамында 1мкм өлшемді толықтырғыш мөлшері 50% пайызға дейін. Материал кіреукеге тікелей жабысады, ал праймер қолданғанда дентинге де жабысады. Сауле толқынның ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен қатаяды.

Қолдану тәсілі.                                                                                                                 

Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Материалды жұқа қабатпен тісжегі қуысының табанына салып, толқын ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен 10секунд қатайту. Материал артығын бормен алып тастау.

 

Calcicur(Voco фирмасы)

Қолдануға дайын біркомпонентті рентгенайқынды материал. Алынатын канюласы бар шприц түрінде шығарылады.

Су негізіндегі паста болып табылады және ұлпаны тікелей жабуға, түбір өзектерін уақытша обтурациялауға арналған. Құрамындағы кальций гидрототығы 45%  пайызға дейін, рН=12.

 

 

Calсimol  (Voco фирмасы)

Өздігінен қатаятын рентгенайқынды екікомпонентті емдік төсемдік материал. Шығарылу түрі – паста-паста.

Барлық пломбалық материалдардың астына ұлпаны тікелей емес жабуға қолданылады.

Calcimol LC(Voco фирмасы)

Сәулемен қатаятын рентгеноконтрасты төсемді материал. Барлық пломбалық материалдардың астына ұлпаны тікелей жабуға қолданылады. Тұрақтылығымен, жақсы изоляциялық қабілеттілігімен және рН-тың бейтарап мәнімен ерекшелінеді.

Calcipulpe(Septodont фирмасы)

Өздігінен қатаятын рентгеноконтрасты біркомпонентті төсемді материал.

Құрамы:

кальций гидрототығы

барий сульфаты

толықтырғыш

Қасиеттері.

Сау ұлпамен жанасқанда немесе тікелей көршілескенде орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді. Тісжегі қуысының табанында цементтен түзілетін қышқылдарды бейтараптандырып, олардың ұлпаға енуіне кедергі жасайды. Егер материал жұқа қабатпен салынса, онда пломбылаудың сапасына әсер етпей тез қатаяды.

Қолдануға көрсеткіштер:                                                                                                    11

-терең тісжегі

-ұлпаның абайсызда ашылып алуы немесе оны ампутацияланудан кейін  тікелей жабу

-жасанды сауыттар кигізу үшін егелген тістердің жоғары сезімталдылығын жоюға арналған жабынды ретінде

Қолдану тәсілі.

Қолданар алдында препараттың шприцін пластикалық тюбиктен бөліп алу және шприцтің қара кнопкасын сағат тілі бағытымен айналдырып, материалдың қажет мөлшерін қысып шығару. Кейін шприцтің кнопкасын қарама-қарсы жаққа айналдырып, инені аппликатор сияқты қолданып, материалды дайын тісжегі қуысының табанына енгізеді. Пастаның артығын алып тастайды. Материал 30секунд ішінде қатаяды.

Contrasil(Septodont фирмасы шығарған)

Өздігінен қатаятын лак болып табылады. Цементтің қышқылдық әсеріне тосқауылдық қызмет атқарып, ұлпада толық қорғанысты қамтамасыз етеді. Препараттың ағымдылығы оны тісжегі қуысының табанына жұқа, бірегей және тегіс қабатпен салуға мүмкіндік береді. Консистенциясы өзгермелі. Егер препараттың жоғары ағымдылығы керек болса, онда еріткіштің бірнеше тамшыларын қосуға болады.

Қолдану көрсеткіштері:

-терең тісжегі

-силикатты цементтермен пломбылаған жағдайда қорғаныс қабат ретінде

-пломбыға күштірек шайнау қысымы түскен болған жағдай да

Қолдану тәсілі.

Лактың аз ғана мөлшерін кисточкамен немесе стерильді мақта тампонмен тісжегі қуысының табанына жағады. Буланып ұшқаннан кейін препараттың қорғаныс қабаты қалады. Қажет болса манипуляцияны қайтадан орындайды.

Ескерту:

Толық бірегейлікті қамтамасыз ету үшін құтыны қолданар алдында шайқау керек.

Шығарылу түрі.

Құрамында 1 құтын лак және 1 құтын еріткіші бар қорап.

 

 

Dycal(Dentsply фирмасы)                                                                                                     12

Кальций гидрототығы құрамдас емдік-аралық төсем. Ұлпаны жабуға арналған классикалық материал. Оңай араластырылады, тез қатаяды. Қышқылдарға төзімді, түсі дентинге жақын. Қорытынды реставрациялаудың түсіне әсер етпейді.

Қолдану тәсілі.

Пластинада базалық және катализдік пасталардың тең мөлшерлерін 10секунд ішінде гомогенді түс пайда болғанша араластырады.

Шығарылым түрі.Паста-паста (базалық және катализдеуші)

 

Life(Kerr фирмасы)

Кальций гидрототығы құрамдас өздігінен қатаятын рентгеноконтрасты материал. Ұлпаны тікелей және жанама жабуға және барлық пломбалық материалдардың астына цементтік негіз ретінде қолданылады. Оңай араластырылады, жақсы қалаптасады.

Пластинада базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерлерін 10секунд ішінде гомогенді түс пайда болғанша араластырады. Материалдың қатаяю үрдісін оған сумен ылғалданған мақта тампонды жанастыр арқылы жылдамдатуға болады.

Life-тің артықшылықтары:

-орынбасушы дентинді түзеді

-пластикалық қасиеті жақсы

-ұлпа жалаңаштанғанда оның өмірге қабілеттілігін сақтайды

-шайнау қысымына жақсы жөтеп бере алады

-ұлпаны температуралық тітіркендіргіштерден қорғайды

-композиттік материалдардың полимеризациялануын тежемейді

-қышқылдармен өңдегенге турақтылығын сақтайды

-ұлпаны пломбалық материалдың токсикалық әсерінен қорғайды

-рентгеноконтрасты

Жұмыс уақыты – 2,5-6минутқа дейін.

Сақтау шарты.

Материалды 10-25◦С температурада сақтап, 18-24◦С температурада қолданған жөн. Температура мен ауа ылғалдылығының жоғарылауы жұмыс уақытын қысқартады.

Ескерту.

Кейбір композиттердің химиялық табиғаты әсерінен Life боялуы қызғылт түске уақытша  мүмкін. Бұл қызғылт түс 2сағат ішінде жойылып, Life пен композиттің физикалық қасиеттері мен биологиялық сәйкестілігіне әсер етпейді.

                                                                                                                                                  13

Septocalcine ultra (Septodont фирмасы)

Кальций гидрототығы негізіндегі өздігінен қатаятын рентгеноконтрасты материал. Аралық төсем ретінде ұлпаны тікелей және жанама жабуға қолданылады.

Шығарылу түрі -паста-паста

Араластыру уақыты – 10-15секунд

Қатаяю уақыты – 2минуттай

Axia pulp(Фирма Денталика/Dentalika)

Лечебный прокладочный материал на основе гидроксида кальция.

Показания - Лечение кариеса и превентивное лечение пульпита.

Применение- Подготовить обычным образом кариозную полость. Удалить разрушенный дентин экскаватором. Внимание! При подготовке кариозной полости исключите попадание смазки турбинного наконечника в полость. В противном случае снижается адгезия пломбировочного материала. Непосредственно из шприца внесите прокладочный материал на дно кариозной полости , раздуйте воздухом, придав менискообразную форму. Время отверждения - 4 мин. Для ускорения затвердевания следует подсушить 1-2 мин воздухом.

Форма выпуска – 1 шприц (2 мл)

 

Мырыш-эвгенолды цементтер

Құрамы.

Мырыш-эвгенолды цементтер ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.

Ұнтақ – мырыш оксиді, оған полимерзациялануды жылдамдату үшін 1-2%сірке-қышқылды мырыш, сірке ангидриді, канифоль және тағы басқалар қосылуы мүмкін.

Сұйықтық эвгенол немес қалампыр майынан (85% эвгенол) тұрады. Сұйықтық құрамына полимеризацияны жылдамдату үшін этил спирті және сірке қышқылы, сонымен қатар судың аз мөлшері қосылуы мүмкін.

Қасиеттері.

Ылғал бар жерде цемент 10минут ішінде тез қатаяды. Судағы ерігіштігі – 1,5%.

Қатайту.

Ұнтақты сұйықтықпен араластырғанда төмендегі схема бойынша химиялық реакция жүреді:

Мырыш оксиді+эвгенол→мырыш эвгеноляты

Цементтің қатайған массасы құрамында мырыш оксидінің бөлшектері болады, олар мырыш эвгенолятынан тұратын матрицада байланысады.

Оң қасиеттері.

-жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді

-рентгеноконтрасты

-жұмыс уақыты ұзақ

Теріс қасиеттері.

-беріктілігі төмен

-ауыз және тін сұйықтығы әсерінен ериді

-композиттік пломбалық материалдармен сәйкес келмейді                        

-потенциалды аллерген болып табылады                                                                     

Құрғақ шыны пластинкаға ұнтақ пен сұйықтықтың аз мөлшерін салып, шпатель көмегімен ұзақ және интенсивті араластырады. Шпательдің езетін қозғалыстармен қоспаны қою аймақ тәрізді консистенциясына дейін әкеледі. Тегістегіш көмегімен тісжегі қуысына салып, мырыш тотығына припудрленген мақта анжымен нығыздайды.

 

Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

Бұл топ цементтер төсем, уақытша пломбалық материал ретінде және алынбайтын протездерді цементтеуге қолданылады.

Құрамы.

Ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.

Ұнтақ – мырыш оксиді, оған 10-40% табиғи (канифоль) немесе синтетикалық (полиметилметакрилат полистирол немесе поликарбонат) шайырлар және катализаторлар қосылады.

Сұйықтығы – эвгенол, оған жоғарыда айтылған шайырлар, катализаторлар (сірке қышқылы) және микробқа қарсы заттар (тимол немесе 8-гидроксихинолин) қосылады.

Қасиеттері

Цемент 10минут ішінде қатаяды. Судағы ерігіштігі – 1,5%

Оң қасиеттері

-нағыз мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге қарағанда беріктілігі жоғары

-жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді

-рентгеноконтрасты

-жұмыс уақыты ұзақ

Теріс қасиеттері

-ауыз және тін сұйықтығы әсерінен ериді

-композиттік пломбалық материалдармен сәйкес келмейді

Қатайту және қолдану тәсілі

Мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге ұқсас

 

 

Ортоэтоксибензой қышқылы (ЕВА) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

Мырыш-оксид-эвгенолды цементтің қасиеттерін жақсарту үшін оның құрамына 50-60%ортоэтоксибензой қышқылын (ЕВА) қосады, бұл цементтердің беріктілігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызды.

цементтер төсем, уақытша пломбалық материал ретінде және алынбайтын протездерді бекітуге қолданылады.

Құрамы.                                                                                                                                  15

Ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.

Ұнтақ – мырыш оксиді, оған 20-30% алюминий оксиді немесе тағы басқа минералды толықтырғыштар мен метилметакрилат қосылады.

Сұйықтығы – эвгенол мен ЕВА (50-60%).

Қасиеттері

Цемент 10минут ішінде қатаяды, судағы ерігіштігі – 1,5%

Оң қасиеттері

-меншікті мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге қарағанда беріктілігі жоғары, беріктілік жағынан мырыш-фосфатты цементтерге жақын

-жансыздандыратын және антисептикалық әсер етеді

-рентгеноконтрасты

-жұмыс уақыты ұзақ

-герметикалық қабілеттілігі жақсы

Теріс қасиеттері

-ауыз және тін сұйықтығы әсерінен ериді

Қатайту және қолданылу тәсілі

Қатаю механизмі толығымен анықталмаған. Қолдану тәсілі жоғарыда айтылғандай.

 

 

Материалдардың сипаттамасы

Биодент(Медполимер фирмасы)

Құрамында эвгенол мен иммунокорректоры бар емдік паста, құрамындағы заттар ұлпаның иммунологиялық реактивтілігінің қалпына келуін ыңтыландырады. Паста антисептикалық, жансыздандыратын, қабынуға қарсы әсер етеді. Қолдануға дайын біркомпонентті өздігінен қатаятын материал.

                                                                  

 

 

Эвгецент-П(ВладМиВа фирмасы)

Композиттік материалдардан басқа кез келген пломбалық материалдар астына емдік және аралық төсем ретінде, уақытша пломбылауға, алынбайтын протездерді бекітуге және де түбір өзектерін пломбылауға қолданылады.

Құрамы – ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады.

Ұнтақ –бұл модифицияланған қоспасы  бар мырыш оксиді.

Сұйықтығы – эвгенол.

Қолдану тәсілі.                                                                                                                     16

Құрғақ шыны пластинка-бетінде ұнтақ пен сұйықтықты 4:1 қатынаста гомогенді консистенцияға дейін араластырады.

Араластыру уақыты –60секунд. Цементтік қамыр пластикалығын шыныда 1,5-2минут ішінде сақтайды.

Қатаю уақыты тісжегі қуысында – 4-6минут.

 

Мырыш-оксид-эвгенолды цементтерге сонымен қатар төмендегі материалдар жатады:

Кариосан – Spofa Dental фирмасы

Саvitec –Kerr фирмасы

Eugespad –SPAD фирмасы

CP-CAP –Lege Artis фирмасы

IRM –Dentsply фирмасы

Zinoment –Voco фирмасы.

 

Кариосан(Spofa Dental фирмасы)

Мырыш-оксид-эвгенолды цемент.

Характеристика:

Цемент является не раздражительным, обладает слабым обезболивающим эффектом и создает совершенное закрытие полости после кавитации.

Қолданлу тәсілі:

Порошок (в обеих вариантах – Нормал и Рапид) смешивается с жидкостью в отношении веса 1,2 г порошка и 0,3 г жидкости в течение приблизительно 2 минут на стекле для растирания до достижения жесткой консистенции пасты (соответствующей стекольной шпаклевке) при комнатной температуре (20 — 25°C). Более жидкая консистенция необходима для наполнения корневого канала.

 

Шыныиономерлі цементтер

Тарихи анықтама

Стоматологиялық пломбалық материалдардың тарихы – бұл тіс тіндерінің табиғи түрлері мен сапасын құруға арналған тұрақты ұмтылыстың бір мысалы.

Ескертетін бір жәйт, тісжегі қуыстарын әр түрлі материалдармен толтыру тәжірибесі тіс қызметі мен мақсатын көздемегені алғашқы әдебиет көздерден белгілі болды. Мысалы, Авл Корнелий Цельс (б.з.д.30-40жж.) – әр түрлі ғылыми трактаттардың авторы, соның ішінде сегізінші кітаб “De medicina” трактатаның авторы, тістердегі үлкен тісжегі қуыстарын қорғасынмен және басқа да материалдармен тіс аспаптың қысымынан сынбас үшін пломбылауды ұсынды.

IX ғасырда майяның ежелгі халқы  арнайы фосфат кальций негізіндегі цемент тәріздес массамен егелген қуыстары бар тістерге аса бағалы тастардан жасалған салмаларды бекіткен.

Бұзылған тістерді оларды пломбылау жолымен сақтау ойы Х ғасырға жатады және ол араб медицинасымен байланысты. Багдадтағы госпиталь-мектептің басты емшісі Абу-Бакр Мухаммед ибн-Закария аль-Рази (841-926жж.), медицина бойынша екі көптомды еңбектердің авторы, тістердегі қуыстарды квасц, мастика және балмен толтыруды ұсынған.                                                                                                                                   17

1480 жылы Болонье (Италия) университетінде Джованни Арколани адам тісіне алғаш рет алтыннан жасалған пломбаны қойған.

Бұдан кешрек Джованни де Виго (1460-1520жж.) тісжегі қуыстарын алдын ала егегеннен кейін оларды толтыру үшін жапырақты алтынды қолданды.

1728 жылы атақты хирург және тіс емшісі Пьер Фошар медицина тарихындағы алғашқы еңбекті жазған, онда ол тістер мен ауыз қуысы ауруларын емдеу туралы қамтитын барлық білімін жүйеледі. Тістердегі қуыстарды қорғасынмен, қалайымен және алтынмен пломбылау ұсынылған. Бірақ негізінен қорғасынмен толтыру ұсынылды, себебі ол пластикалық және тісжегі қуыстарына деген адгезиясы жақсы болған.

1826 жылы тісжегі қуыстарын күміс пастасы деп аталатын күміс пен сынап қоспасымен толтыру ұсынылды (O.Taveay, Париж), бірақ 1840 жылы алғашқы “амальгамалық соғыс” жарияланған және де тісжегі қуыстарын пломбылау үшін күміс амальгаманы қолдануға тыйым салынды. Кейінірек тыйым жойылды, бірақ амальгама тек 1895 жылы реабилитацияланды, бұл кезде амальгама бойынша G.V.Black алғашқы толық зерттеуді жариялаған болатын.

1870 жылы Америкада алғашқы бормашинаны құрастырылды, бұл егеп-тазалау дәуірдің басталуына әсер етті. Тісжегі қуыстарын толтыру мәселесі актуальды болды. Бұл уақытқа тісжегі қуыстарын пломбылау материалдары ретінде алтын мен оның платинамен, қалайымен қосплары,таза қалайы, платина, мыс, фарфор, амальгама және гуттаперча қолданылды. Салмалар дайындауда шыны қолданылды, оны майда ұсақтап, азот қышқылы көмегімен тазалаған. Көбінесе лампалы қалпақшаларға арналған сүттік шыныны қолданған, ал түрлі түсті бөтелкелік шыныларды әр түрлі түстерді алу үшін қосқан болатын.

Стоматологиялық цементтердің дәуірі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталды. “Цемент” деген термині ең басынан құрамы дегенді білдірген жоқ, ал құрылыс материалы ретінде қаралған (латын сөзі caementum – щебень, ұрған тас).

Стоматологиялық цементтердің тарихы 1832 жылы Ostermann алғашқы фосфат цементін тапқан кезде басталады, бұл цементтің ұнтағы кальций тотығынан, ал сұйықтығы фосфор қышқылынан тұрған болатын.

1858 жылы пломбалық материал ретінде мырыш оксиді мен хлорлы мырыш қоспасын қолдану ұсынылды. Беріктілікті жоғарылату үшін цементке шыны ұнтақ немесе кремний қышқылын қосқан.                                                                                                                  18

1880 жылы мырыш-фосфатты цемент ашылды, ол құрамында 81% мырыш оскиді мен 19% алюмосиликаты бар ұнтақ пен фосфор қышқылының сулы ерітіндісін араластыру арқылы түзіледі. Қатайған цемент ядролары реакцияланбаған мырыш оксидінен тұратын енттерленген дәндері болып табылады, ал қабық-матрицасы – ол мырыш фосфаты. Мырыш-фосфатты цементтердің басты кемшіліктерінің бірі – тіс тіндеріне деген нағыз адгезияның болмауы, алғашқы қышқылдығының жоғары болуы (ол тіс ұлпасына нағыз қауіп), төмен беріктілік пен қанағаттандырмайтын эстетикалық қасиеттері болды.

1873 жылы силикатты цементты ойлап тапты, оның ұнтағы бұл - кремний тотығы, алюмосиликаттар, фторлы қосылыстар мен пигменттерден тұратын жұқа майдаланған қышқылда еритін шыны, ал сұйықтығы – фосфор қышқылының сулы ерітіндісі.

Кейінірек фторлы қосылыстардың жоғары болуы (15%) белгілі материалға тісжегіге қарсы қасиеттерін беретіні туралы ой-пікір ұсынылды. Силикатты цементтердің басты кемшіліктері бұл – алғашқы қышқылдықтың баяу түрде төмендеуінен   тіс ұлпасына токсикалық әсері, майысуға төмен беріктілік, ауыз қуысы жағдайларындағы салыстырмалы түрдегі жоғары ерігіштік, тіс тіндеріне адгезияның төмен болуы.

Жоғары сапалы пломбалық материалдарды ойлап-табуға деген ұмтылыс ХХ ғасырдың 60жж.аяғында поликарбоксилатты цементтерді шығаруына әкелді. 1966ж. құрамы мырыш оксиді мен полиакрил қышқыл қоспасынан тұратын цементтердің жақсы адгезиялық қасиеттері анықталды. Поликарбоксилатты цементтердің қатаюы полиакрил қышқылдың сызықты макромолекулаларының металдардың поливалентті катиондарымен тігілуі нәтижесінде кеңістікті-торлы құрылымның түзілуіне байланысты. Кальций гидроксиапатиттерімен хелатты байланыстардың түзілуі, сонымен қатар полиакрил қышқылының комплекстерді түзей білу мен дентин протеинімен реакцияға түсуі поликарбоксилатты цементтердің тіс кіреукесі мен дентинге деген адгезиясын қамтамасыз етті.

Ендеше, поликарбоксилатты цементтер тіс тіндеріне нағыз адгезиясына ие болған алғашқы пломбалық материалдар болып шықты. Бірақ олардың төмен беріктілігі мен қанағаттандырмайтындығы эстетикалық қасиеттері оларды қолдану шектелді.

Кейінгі ізденістер 1971 жылы алғаш рет сипатталып жазылған жаңа класс цементтердің пайда болуына әкелді. Жаңа материалдың артықшылығы мырыш оксиді негізіндегі ұнтақтың жұқа майдаланған фторалюмосиликатты шыныға ауыстырылуына негізделді. Мырыш-поликарбоксилатты цементтердің адгезиялық қасиеттерін қосқан, құрамында фторы және де қанағаттандыратын эстетикалық қасиеттері бар жаңа материалдар шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) деген атауға ие болды.                                              19

Алғашқы коммерциялық шыныиономерлі цемент ASPA-IV 70-ншы жылдардың басында АҚШ-та De Trey компаниясымен шығарылған болатын. Алғашқы шыныиономерлер жұмыс жағынан жеткілікті түрде күрделі және ылғалдылық пен дегидратацияға өте сезімтал болған. ШИЦ-тер 1984 жылы нарықта капсулалар түрінде цементтер (Ketac Aplicap жүйесі, ESPE) пайда болғанда жоғары әйгілікке ие болды.

Шыныиономерлі цементтердің құрамы

Шыныиономерлі цемент – бұл негізгі шыны мен қышқыл компоненттен тұратын, осы компоненттердің арасындағы қышқыл-негіз реакциясымен қатаятын цемент (McLean J.W. және басқалар., 1994жыл) (1-сурет).

Ұнтақ. Алғашқы шыныиономерлі цементтердің ұнтағы 2:1 қатынасындағы кремний диоксиді мен алюминий және 23% фтордан тұрған. Қазіргі кезде шығарылатын шыныиономерлі цементтің құрамы  (1 кестеде көрсетілген).

Кремний диоксидінің жоғары концентрацияда болуы шынының жоғары мөлдірлік дәрежесін қамтамасыз еткенімен, цементтің ұсталу үрдісін тежейді, қатаю уақыты мен жұмыс уақытын ұзартады, сонымен қатар қатайған материалдың беріктілігін біршама төмендетеді.

 

1 кесте. Шыныиономерлі цементтің құрамы (Bayne S.C., 1998 жыл).

Компонент Құрамы, %
Кремний диоксиді 29,0
Алюминий оксиді 16,6
Кальций фториді 34,3
Алюминий фосфаты 9,8
Натрий фториді 5,3
Алюминий фториді 5,0

        

    

Алюминий оксидінің көп мөлшері материалдың мөлдірлігін төмендетеді, бірақ оның беріктілігін, қышқылға төзімділігін жоғарылатады, қатаю және жұмыс уақытын азайтады.

Ұнтақта кальций фторидінің жоғары мөлшерде болуы материалдың мөлдірлігін төмендетеді, бірақ құрамындағы фтор мөлшерінің көп болуынан оның тісжегістұрақтылық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы шыныиономерлі цементтердің құрамындағы фтордың орташа мөлшері – 20-25%.

Алюминий фосфаты материалдың мөлдірлігін төмендетіп, оның беріктілігі мен механикалық тұрақтылығын жоғарылатады.                                                                       20

Иондардың босау деңгейі мен материалдың эстетикалық қасиеттері (пигменттердің болуы, шағылу және сыну көрсеткіштері) шыныға тәуелді болады. Ұнтақ бөлшектерінің көлемі материал тағайындауға байланысты болады – ол қалпына келтіретін материалдар (40-50мкм) мен төсемдік және бекітуші цементтерде көбірек (20-25мкм).

Ұнтақ құрамына күміс немесе күміс амальгама ұнтағының бөлшектері кіретін материалдар – керметтер құрастырылды.

Полиқышқылдар. Полимер ретінде молекулярлық массасы, формуласы мен конфигурациялары көп түрлі поликарбон қышқылдарының әр түрлі комбинациялары қолданылады.  Полимеризация үшін әдетте қанықпаған үш карбон қышқылдары қолданылады: акрилді, итаконды және малеинді. Бұл қышқылдардың полимерлерінде карбоксилді топтар көп, олардың арқасында полимер тізбектерінің тігілуі жүріп, тіс тіндеріне адгезиясы қамтамасыз етіледі.

 

 

Шыныиономерлі цементтердің шығарылу түрлері

Сулы цементтер(құрамына полиқышқылдар мен су кіреді құрамдас) ұнтақ пен сұйықтықтан тұрады. Ұнтағы – ұсақ майдаланған фторалюмосиликатты шыны мен қажетті қоспалар, ал сұйықтығы – карбон қышқылдар кополимерінің сулы ерітіндісі мен 5% шарап қышқылы болып табылады.

Сусыз цементтер(сусыз полиқышқыл құрамдас) – бұл дистиллирленген суда араластырылатын су құрамдас цементтердің түрі. Сусыз материалдардағы төмен температурада кептірілген полиқышқыл мен шарап қышқылы шыны ұнтаққа қосылған. Мұндай материалдардың артықшылығы сұйықтық тұтқырлығының төмен болуына байланысты оңай араластырылуы, ұнтақ немесе сұйықтықтың мөлшерден тыс мүмкіншілігінің болмауы, тасымалдағанда және сақтау кезіндегі өте ыңғайлылы болуы. Бірақ сусыз шыныиономерлердің бастапқы қышқылдығын жоғары болуы операциядан кейінгі сезімталдылықтың басқа материалдармен салыстырғанда жоғары болуына әкеледі. Сусыз цементтердің ұнтақтары ауадағы ылғалдылықты белсенді түрде сіңіріп алатындықтан оларды тығыз жауып сақтау керек.

Жартылайсулы цементтерсулы және сусыз цементтердің арасындағы аралық орын алады. Себебі полиқышқыл ұнтақ және, ерітінді  түрінде де болады.

Көптеген ШИЦ-тер жұқа қалқаны бар капсулаларда шығарылады, ұнтақ пен сұйықтық дұрыс қатынаста сақталады. Капсуланың белсенділігі мен материалды араластырғаннан кейін жылдамды араластырғышта 10секунд ішінде оптимальды технологиялық қасиеттерге ие масса түзіледі. Капсулалық жүйелердің кемшілігі материал порциясының мөлшерін нұсқалаудың мүмкінсіздігі болып табылады. Қазіргі заманға сай капсулалар тісжегі қуысына материалды жеткізу үшін поршень мен мұрынмен жабдықталған.    

 

ШИЦ-тердің қатаюы.

ШИЦ-тердің қатаюы бірінен соң бірі жүретін үш кезеңдерден тұрады:

1. Еру (гидратация, иондардың бөлінуі, иондардың сілтіленуі)

2. Қоюлану (алғашқы гельдің түзілуі, бастапқы тұрақты емес қатаю)

3. Қатаю (дегидратация, пісіп-жетілу, соңғы рет қатаю)

 

Еру кезеңі.Бұл кезеңде ерітіндіге ауысқан қышқыл шыны бөлшектерінің беткей қабатымен реакцияға түсіп, одан алюминий, кальций, натрий және фтор иондарын бөледі, кейін бөлшектердің бетінде тек қана силикагель қалады. Иондардың бөліну үрдісі 24сағат ішінде аяқталады, бірақ материал өзінің соңғы физикалық және механикалық қасиеттеріне жетпей 3-6минуттан кейін ғана қатаяды. Қышқыл әсер етуінен шамамен 20-30% шыны бөлшектері декомпозицияланады.

Қоюлану кезеңі.Шамамен 7минутқа созылады. Бастапқы қатаю полиқышқылдар молекулаларының кальций иондарымен тігілу жолымен жүзеге асады. Полиқышқылдардың молекулалары гельге ауыса бастайды. Бұл кезеңде цементтің рН жоғарылай бастайтытыны байқалады.

Қатаю кезеңі.  7 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ол негізінен полиқышқылдар тізбектерінің алюминий иондарымен тігілуімен жүзеге асады. Алюминий иондарының үш валенттілігі жоғары дәрежедегі көлденең байланыс пен кеңістікті құрылымның түзілуін қамтамасыз етеді. Бірақ кальций және алюминий тізбектері үзіліп, реставрацияның бүкіл кезеңі бойында орын ауыстыра алатыныны туралы мәліметтер бар.

Бұл кезеңде сонымен қатар шыны бөлшектердің бетіндегі силикагель түзілу үрдісі аяқталады. Бұдан кейін материал ылғалдылыққа төзімсіз болады.

Қатайған цементтің соңғы құрылымы шыны бөлшектер болып табылады, олардың әрқайсысы силикагельмен қоршалып, көлденең байланысқан полиқышқылдар молекулалардың матриксінде орналасады (2-сурет).

 

2-сурет. Шыныиономерлі цементтің қатаю кезеңдері: полиқышқылдар молекулалары мен үш валентті алюминий иондарының көлденең түрде тігіліп, кеңістікті полимер құрылымның түзілуі.

 

Шыныиономерлі цементтердің негізгі қасиеттері:

IШИЦ-тер өзінің қолдауына байланысты 3 топқа бөлінеді:

1. Бекітуші цементтер                                                                                                                            

2. Қалпына келтіруші

3. Төсемдік, соның ішінде базисті (композитті материалдармен реставрациялаудың негізі ретінде)

G.J.Mount ШИЦ-терді “қазіргі күнгі жалғыз биологиялық белсенді реставрациялық материалдар” деп атады, себебі олар тістің қатты тіндерімен байланысып, құрамына фтор бөле алады.

Кіреуке, дентин және цементке деген химиялық адгезиялануын екі механизммен түсіндіреді.

Полиакрил қышқыл молекулаларының карбоксилатты топтары кальциймен, соның ішінде дентин мен кіреукенің кальций гидроксиапатиттерімен байланысқа түсе алады.

Поликарбон қышқылдары азоттың белокты молекулаларына туыстас келіп, соның ішінде коллагенге, бұл дентин коллагеніні де полиакрил қышқылының абсорбциясымен көрінеді.

Көптеген материалдарға химиялық адгезиясы(композиттер, амальгамалар, эвгенол, азот, платина, оксидтелген фольга, тоттанбайтын болат, қалайы, алтын қоспасы бар материалдар) ШИЦ-тердің әр түрлі субстраттармен хелатты және сулы байланыстар түзуімен қамтамассыз етеді.

Фтортәуелдес тісжегістатикалық әсер ШИЦ-тердің қатаю және қатайғаннан кейінгі кезеңдерде жүретін екі үрдіске негізделген – фтордың бөлінуі және пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шекарада фторқұрамдас апатиттер қабатының түзілуі.

Фтор иондарының бөлінуі еру фазасында басталады және иондардың бүкіл уақыт бойы бөліну үрдісіне дейін созылады. 24-28сағаттан кейін ол шегіне жетіп, 72сағаттан кейін жедел түрде төмендейді. ШИЦ бөлетін фтордың бірнеше айлар бойы дентиннің 25-50мкм тереңдігінде сақталатыны туралы мәлімет бар. Фтордың диффузиясы қоршаған қатты тіндердің минералдануын күшейтіп, дентин өткізгіштігін төмендетіп, бастапқы тісжегі зақымданулардың реминерализация үрдістің тоқталуын немесе қалған тісжегі үрдістің тежелуін қамтамасыз етеді.

ШИЦ-тердің антибактериальдық қасиеттері бөлінетін фтор әсерімен байланысты. Мырышфосфатты немесе мырышполикарбоксилатты цементтерге қарағанда ШИЦ-терден қойылған пломбалардың бетінде бактериялар мөлшерінің деңгейі төмендеу екені дәлелденген.                                                                                                                            23

Жақсы биосәйкестілік, антитоксикалық қасиеттері. ШИЦ-тер жоғары биосәйкестілікке ие. Жануарларға жасалған ШИЦ-ті теріастылық имплантациялау тәжірибесінде қоршаған тіндерде ешқандай патологиялық реакциялар анықталмаған. Материлдың бастапқы кездегі жоғары қышқылдылығының ұлпаны тітіркендіру мүмкіндігі терең тісжегі қуыстарында кальций құрамдас төсемдерді қолдануды қажет етеді.

Жылудан кеңею коэффициентінің тіс тіндеріне жақын болуы.Бұл пломбыланған тістердің сынып кетуін немесе ауыз қуысында температура өзгергенде пломбаның жиектік жабысуының бұзылуының алдын алады. Басқа материалдармен салыстырғанда ШИЦ-тің жылу өткізу коэффициенті дентинге жақынырақ.

Қатаю үрдісі кезінде жылудың бөлінуі. Айқын емес, ұлпаға жағымсыз термиялық әсер етуді алдын алады.

Қысымға жоғары беріктілігі. ШИЦ-тердің бұл қасиеті оларды сэндвич-техникасы кезінде композиттік материалдар астына қолдануға мүмкіндік береді.

Диаметрлік созылуға төмен беріктілік.Бұл қасиет ШИЦ-терді тістердің қысым анық түсетін аймақтарында қолдануды шектейді (кесу қыры, шайнау төмпешіктері).

Эластикалық төмен болуы.ЩИЦ-тердің салыстырмалы ригидтілігі шыны бөлшектер мен ионды табиғаттың бар болуымен және полимер жіпшелерінің арасындағы байланыстың болуымен түсіндіріледі. Бұл қасиет ШИЦ-терді V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылауға мүмкіндік береді.

Отыруы.ШИЦ-тердің көлемдік отыруы: оларды қойғаннан кейін 30секунд өткенде – 1-3,6%, ал 24сағаттан кейін – 2,8-7,1% құрайды. Бұл отырудың күші композиттік материалдарды полимеризациялағанда пайда болатын отыру күштің 40%-ын құрайды, бұл ШИЦ-терді сэндвич-техникасымен композиттермен бірге қолдануға мүмкіндік береді.

Жиектік тұрақтылықтың жақсы болуы.Ол ШИЦ-тің қасиеттері арқасында жүзеге асып, басқа пломбалық материалдарға қарағанда микро ағып кету мүмкіншілігінің минимальды түрде болуын қамтамасыз етеді.

Ерігіштігі.Судағы жоғары ерігіштік – көптеген цементтердің кемшілігі, соның ішінде ШИЦ-терге де тән. Дегенмен ШИЦ-тердің басқа цементтерге қарағандағы артықшылығы олардың қышқылдардағы ерігіштігінің төмен болуы.

Қажалуға төмен болуы.Жүктеменің жоғары дәрежелі бар жерлерде ШИЦ-терді қолданбайды.

Эстетикалық қасиеттері.ШИЦ-тердің түсі шыны түрімен және түрлі түсті пигменттерді қосумен қамтамасыз етіледі. ШИЦ-тер түсі  тіс тіндеріне түсіне жақын болып келеді, бірақ қатаю жағынан төмендеу.

 

Химиялық жолмен қатаятын ШИЦ-тердің кемшіліктері:                  

-салыстырмалы қысқа жұмыс уақыты кезінде соңғы рет қатаю уақытының ұзақ болуы                       

-алғашқы рН мәнінің ұзақ уақыт ішінде төмен сақталуы, бұл ұлпаға жағымсыз әсерін тигізеді

-қатаюдың барлық кезеңдерінде ылғалдылықтың тапшылығы мен артық болуына өте сезімтал келеді

-қатты кептіріп алғанда микротесікердің пайда болуы

-қатты кептіріп алғанда кондиционердің тежеліп қалу мүмкіндігі (қышқыл мина деп аталатын заттың түзілуі)

-пломбылағаннан кейінгі тістің жоғары сезімталдығы

-тұрақты емес адгезиялық қасиеттерінің тұрақсыздығы

-бүйір және жұлынатын күштерге сынғыш және беріктілігінің төмен болып келуі

-эстетикалық жеткіліксіз, төмен беріктілік, пломба мен тіс тіндері арасындағы оптикалық шекараны алып тастаудың қиыншылығы, қанағаттандырмайтын жылтырату

 

 

ШИЦ-тердің типтері:

I типі – бекітуші (лютинг) цементтер

II типі – қалпына келтіруші (реставрациялық) цементтер

1 подтипі – эстетикалық реставрациялар үшін

2 подтипі – жүктелген реставрациялар үшін

III типі– төсемдік (лайнинг) цементтер

Соңғы кезде бір тобы ШИЦ-тердің тағы шығарылды. Олар  түбір өзектерін пломбылауға арналған.

 

ШИЦ-тің I типі

Өкілдері:

Aquacem (Dentsply фирмасы)

Fuji I (GC фирмасы )

Ketac-Cem (3M-Espe фирмасы )

Ionofix(Voco фирмасы )

 

 

Бұл топ цементтердің салыстырмалы белгілері шыны бөлшектердің кішірейген көлемі, сұйықтық пен ұнтақ арасындағы қатынастың төмендеуі, ұзақ жұмыс уақыты болып табылады (цементті араластыру және салу орта шамамен 2,5-3минут алады).               

 

ШИЦ-тің II типі

Реставрациялық ШИЦ-тер тістердегі ақауларды қалпына келтіруге арналған. Олардың ерекшелігі – бұл жоғары берктілік пен басқа топ өкілдерімен салыстырғандағы ерігіштігінің төмендеу болуы. Қатаю уақыты орта шамамен 3-7минутқа созылады.

1 подтип – эстетикалық реставрациялар үшін

Өкілдері:

Ketac-Fil (3M-Espe фирмасы)

Ionofil(Voco фирмасы )

Fugi-II (GC фирмасы)

Алюминий оксиді мен кремний оксиді арасындағы қатынастың кремний оксиді жағына өзгеруі, сонымен қатар бұл топ цементтер құрамына арнайы дисперсиялы кіріуі шынының қосылуы материалдың эстетикалық қасиеттерін жақсартады, соның ішінде, олардың мөлдірлігін, бірақ та беркітілікті төмендетіп, оларды үлкен жүктемеге жүгінетін жерлерде қолдануды қажет етпейді, және біршама қатаю уақытын ұзартады.

Ionofil Plus(Voco фирмасы )

Шыныиономерлі пломбалық материал.

Тағайындалуы:

- Сынатәрізді ақауды және кіреуке эрозиясын қалпына келтіру;

- Аралық төсемде;

- сүт тістерді пломбалауға;

-  III және V класстық тісжегі қуысын емдеуде.

Қасиеттері:

- Жүйелілігінің жоғарылығы;

- Бейімдеушілігі жоғары;

- Шыныиономерлі технологияның кеңдігі;

-Жоғары мөлдірлігімен косметикалық қасиеттерге сай келуі;

Ketac-Fil(3M-Espe фирмасы)

Шыныиономерлі реставрациялық материал.

Тағайындалуы:

-  III және V класс тісжегі қуысын қалпына келтіруде;

- I класс тісжегі қуысын қалпына келтіруде;

- сүт тістерді пломбылауда;

- терең және беткей фиссураларды герметизациялауда;

- Тістің мойын бөлігіндегі эрозияны пломбылауда;

Артықшылықтары:

- 8 түске дейін жоғары эстетикалық қалпына келтіру;

- Кеңею коэффициентінің тіс құрылымына сәйкестігі;

- рентгенмен көрінұі

- Фтордың жоғары дәрежеде бөлінгіштігі;

- Қолмен және капсулулық (Aplicap) версия.

2 типтік – жүктелген реставрациялар үшін

Өкілдері:

Ketac-Molar(3M фирмасы)

Kavitan(Spofa Dental фирмасы )

Fugi-IX(GC фирмасы )

Бұл топтың шыныиономерлі цементтері жеткілікті түрде берік және оларды реставрацияның негізі ретінде қолданғанда қышқылмен өңдеуге болады, егер материал қабатының қалыңдығы 1мм-ден көп болмаса.

 

Ketak Molar Easymix(3M фирмасы)

Шыныиономерлі пломбылық материал.

Қасиеттері:

Ұнтақтың гранулденген  формасы береді :

- оңай және тез араласатын материал;

- нақты мөлшерде;

-  материалдың сорылмауы

- біртекті тығыздықта араластыру (ұнтақпен сұйықтық арақатынасын).

 «Ketac Molar» шыныиономерлі пломбылық материал өзінің қасиетін сақтайды.

ШИЦ-тің III типі

Төсемдік (лайнингті)ШИЦ амальгамадан қойылған және композиттік пломбалық материалдар астына төсем ретінде қолданылады.

Өкілдері:

Aqua Ionobond (Voco фирмасы)

Ionobond (Voco фирмасы )

Base line (Dentsply фирмасы)

 

Ionobond (Voco фирмасы )

Өздігінен қатаятын шыныиономерлі цемент.

Ionobond рентгеноконтрастный материал, тіс тұқылын оқшаулағыш аралық төсем ретінде қолданылады. Ionobond –тың ұсақ дисперсті бөлігінің қатысуымен оңай және тез араласады.

Екіншілік тісжегіні болдырмау үшін, Ionobond ұзақ уақыт фтор ионын бөліп өзі жоғары қасиетке ие болады.

Артықшылықтары:

- жақсы тығыздалуы

- Тістің кіреукесіне және дентинге химиялық жолмен жабысу қасиеті;

- биосыйымдылығы жоғары;

- фтор ионының бөлінуі;

- қысқан күштің жоғарылығы;

- тістің қалыпты температуралық тәртібіне төзімді келеді.

 

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған ШИЦ-тер                    26

Әр түрлі модификациядағы штифтермен бірге қолданылады.

Өкілдері:

Ketac-Endo Aplicap (ESPE фирмасы)

Endion (Voco фирмасы)

Endo-Jen (Jendental фирмасы )

Endoseal (Promedica фирмасы)

Стиодент(ВладМиВа фирмасы )

 

Endion (Voco фирмасы)

Түбір өзектерін пломбылауға арналған шыныиономерлік цемент.

Көрсеткіштері:

Түбір өзектерін гуттапершілі штифтімен пломбылау.

Қолдану әдістері:

Жалпы әдіске сәйкестендіріп түбір өзегін емдеп, тазалау. Эндионды бөлме температурасында пайдалану. Жұмыс барысында жоғары температурада айнаға араластыру кезінде қатып қалуы мүмкін.  

 

Стиодент(ВладМиВа фирмасы)

Шыныиономерлі сумен қатаятын цемент.

Тағайындалуы:

Түбір өзектерін пломбылауғы арналған.

Мүмкіндіктері:

Шыныиономерлі цемент ұнтағын  «Стиодент» механикалық жолмен  айнаға  алюмофторсиликатты қоспаны   және құрғақ полиакрилді қышқылды сумен оңай араластыра отырып өзінің тығыздығына сай келтіреміз. Шыныиономерлі реакция ұнтақ пен суды араластырған сәтте  фтор ионын бөледі, дентинге бактерицидтік қасиет береді.

Материал дентинге жоғары жабысқыштық және ерігіштігі төмен, жоғары механикалық күш береді. Тістің түбір өзектерін гуттаперчалы штифпен пломбылауға жақсы нәтиже береді. При необходимости канал можно распломбировать, комбинируя химическое действие препарата «Солвадент» с механическим воздействием.

Жұмыс барысында 18-20°С температурада айнаға цементті 9-10 мин. аралығында араластыру , материал түбір өзегінде 30-40 мин аралығында қатаяды.

Металл құрамдас ШИЦ-тер

Бұл материалдар “керметтер”деген атауға ие болды. Күміс бөлшектерін енгізу цементтің қаттылығын, оның қажалуға тұрақтылығын жоғарылатады, материалдың беріктілік қасиеттерін, оның тығыздығын жақсартады, кеуектілігін төмендетіп, рентгеноконтрасттылығын қамтамасыз етеді.

Өкілдері:

Argion Molar (VOCO фирмасы)

Chelon Silver (3M фирмасы)

Miracle mix (GC фирмасы)

Alpha Silver (DMG фирмасы)

 

Argion Molar (VOCO фирмасы)

Конденсирленген жоғары тұтқырлықтағы күмістен тұратын шыныиономерлік цемент.

Көрсеткіштері:

- тісті қалпына келтіру;

- I және  II класс тісжегі қуысын уақытша пломбылау;;

- аралық төсем ретінде;

- сүт тістерді пломбылауда;

- тұқылды қалпына келтіруде.

Қасиеттері:

- материал жақсы  конденсирленеді;

- жабысқақ емес;

- рентгеноконтрасты;

- төзімділігі жоғары ұзаққа шыдамды;

- эмаль және дентинмен жақсы байланысады;

- фтор бөледі.

 

 

ШИЦ-терді қолдануға көрсеткіштер:

  1. Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
  2. Тұйық тесіктерде I класстағы тісжегі қуыстарын пломбылау
  3. Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
  4. Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
  5. Түбір тісжегісі кезінде тісжегі қуыстарын пломбылау
  6. Тұрақты тістерді отсроченно түрде уақытша пломбылау
  7. Фиссураларды герметизациялау
  8. ART-әдісін қолданып тісжегіні емдеу
  9. Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолданып тісжегіні емдеу
  10. Қызыл иек отыруы кезінде сауыттардың жиектік ақауларын толтыру
  11. Сэндвич-техниканың жабық әдісін қолданғандағы дентиннің орынбасуы
  12. Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
  13. Композиттік материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал ретінде қолдану                                                                                          27
  14. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
  15. Металл штифтерді түбірішілік бекіту
  16. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
  17. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
  18. Түбір қабырғасы мен тіс қуысы табанының перфорациялары кезінде оперативті және оперативті емес жабу

 

 

Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары

  1. Тісжегі қуысын егеп-тазалау.

ШИЦ-ті қолданғанда материалдың тісжегістатикалық қасиеттерін ескере отырып, Блэк әдісі бойынша бұзылмаған тіндерді профилактикалық мақсатта алмай, тек қана тісжегімен зақымдалған кіреуке мен дентинді алу керек. Бірақ та жүктелген реставрация кезінде тісжегі қуысын егеп-тазалау классикалық түріне жақын болу керек. Кіреуке жиегі финирленеді, бірақ та егелмейді.

Жиі мойын маңындағы ақаулар (сына тәрізді ақау, кіреуке эрозиясы) бормашинамен егеп-тазалауды қажет етпейді – бұндай жағдайда тазалау, жуып-шаю мен бетін кондиционерлеу жеткілікті болады.

Материал түсін анықтағанда мынаны ескерту қажет – цемент қатайғанда аздап қараяды, тұрақты реңге 2-3аптадан кейін ғана ие болады. Бұл оның толық полмиеризациядан кейін мөлдірлігінің жоғарылауымен түсіндіріледі. Материалдың опактілігіне судың абсорбциясы әсер етеді – реставрация лакпен қатынасқаннан кейін қараяды.

  1. Ұлпаны оқшаулау.

Терең аймақтарға кальций гидрооксиді негізіндегі төсемдерді қолданған жөн. Тісжегінің баяу ағымында, тығыз склерозданған дентин түзілгенде ұлпаны оқшаулау міндетті емес.

  1. Беткейлік кондиционерлеу.                                                                                    

ШИЦ тістің қатты тіндерімен химиялық түрде байланысатындықтан, тіс беттерін алдын ала кондиционерлеу мықты байланысты қамтамасыз етеді. Кондиционер ретінде төмен концентрациядағы (10-25%) лимон қышқылы, ЭДТА мен полиакрил қышқылы қолданылды. Бұндай кондиционердің химиялық құрамы мен ШИЦ-тің сұйықтығы келесі материалдың пайда болуына әкелді, ондағы сұйықтық екі қызметті атқара алады: бастапқыда ол тіс бетін кондиционерлеу үшін, ал кейін материалды ластыратын сұйықтық ретінде қолданады (Кемфлекс Денсплай цементі). Цементтің сұйықтығын кондиционер ретінде қолдану Кетак-моляр материалы да ұсынылады.

Кондиционермен өңдеу әдетте 10-30секунд уақыт аралығында жүргізіледі, ал кейін тісжегі қуысы сумен жуып-шайылып, кептіріледі.

Дентинді егеп-тазалау қажетсіз жағдайда, кондиционерлеу өте қажет. Бұл үшін егеп-тазаланбаған тінннен беткейлік шөгінділерді алу керек. Кондиционерлеу мен қышқылдану арасындағы шекараны өтпеу аса маңызды, себебі бұл кезде цементтің босап қалған коллаген талшықтарымен байланысы нашарлайды, дентинді шамадан тыс кептіріп алу мүмкіндігі туындайды, толық ионды алмасу үшін кедергілер пайда болады.

Тіс мойындарының гиперэстезиясы бар науқастарда дентин түтікшелерінің кездейсоқ ашылуы мүмкін, сондықтан мұндай жағдайларда кондиционерлеуді жүргізбеуге де болады немесе қысқа уақыт ішінде жүргізеді.

  1. Тістің қатты тіндерін алып кептіру.

ШИЦ-тің сусыздануға жоғары сезімталдығын ескере отырып, тіс тіндерін компрессор ауасымен кептіру керек емес. Мақта анжымен кептірген жөн, онымен тек ылғалдың артығын алады. Дентин салыстырмалы түрде ғана құрғақ болуы керек, бірақ аса құрғақ болмау керек.  

  1. Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.

ШИЦараластыратын компоненттердің арақатынасына аса сезімтал келеді.

Сұйық пастаны алу мақсатымен қоспадағы ұнтақтың мөлшерін азайту цементтің қатаюының баяулауына және әлсізденуіне әкеледі, ал бұл оның ерігіштігін жоғарылатады.

Ұнтақты мөлшерден тыс қолдану қатаятын цементтің ұлпа тінінен ылғалдылықты өзіне тартып алып, гиперэстезияны жуындатауына әкеп соғады.

Материалды мөлшерлеудің келесі қағидаларын сақтау керек:

-ұнтақты алмас бұрын, ыдысты бірнеше рет сілку керек

-ұнтақты жазық, горкасыз қасықпен оны тығындамай өлшеу керек

-тамшы бос құлау үшін сұйықтығы бар флаконды  жеткіліті түрде жоғары ұстау керек

-сұйықтықтың тамшы көлемдері бірдей болуын қадағалап, және де ауа көпіршіктері болмауын қадағалау керек

-ШИЦ-тің сұйықтығы бөлме температурасындай болу керек

-судың сұйықтықтан буланып кетуін және ұнтаққа ауадан ылғалдылықтың түсуін алдын алу үшін ұнтақ пен сұйықтықты алғаннан кейін ыдысты бірден жабу қажет

  1. Операциялық алаңды оқшаулау.                                                                         

ШИЦ гидрофильді материал болғанына қарамастан, операциялық алаңды мұқият түрде оқшаулау керек, өйткені қан мен сілекей тек қана қатаю үрдісін бұзбай, сонымен қатар реставрациялық материалды ластап, тіс тіндеріне адгезиясын және эстетикалық қасиеттерді төмендетуі мүмкін.

  1. ШИЦ-ті араластыру.

Цементтің ұсталу уақытын ұзарту қажет болған жағдайда, суыған ұнтақ пен сұйықтықты суыған пластинада араластыруға болады. Шыны пластинада материалды 3◦С температурада араластыру жұмыс уақытын 9минутқа дейін ұзартады, дегенмен бұл цемент қасиеттерінің аздап нашарлауына әкеледі  (беріктілігі төмендейді).

  1. Материалды араластыру.

Материалды 18-23◦С температурада шыны пластинаның тегіс жағында немесе қағаз бетінде араластырады(температура 25◦С-дан жоғары болғанда пластинаны суыту керек). Көптеген материалдарда бұл уақыт 45секундтан аспайды.

Ереже бойынша, ұнтақтың өлшенген порциясы екі тең бөлшекке бөлінеді. Оның біріншісі тез сұйықтыққа енгізіліп және 20секунд ішінде біртекті масса пайда болғанша араластырылады, кейін оған екінші порцияны қосып және қалған уақытта беті жылтыр біртекті массаға дейін араластырылады. Материалды пластмассалы шпательмен араластырған жөн, метал шпательді араластырғаннан кейін міндетті түрде оны сумен тазалау керек, себебі ШИЦ-тің металға жақсы жабысады.

Цементтердің капсуладағы түрлерін қолданғанда капсуланы активация алдында сілку қажет. Материалды жоғары жиілікті амальгамаараластырғышта минутына 4000 тербеліс жиілігінде 10 секунд ішінде араластырады.

Әдеттегі амальгамаараластырғыштардан басқа тағы да ротациялаушы жүйелер бар (Rotomix 3M ESPE),  олардағы көлденең орналасқан капсула үлкен жылдамдықпен еңкейіс және айналым бойымен жылжиды, осының нәтижесінде цемент сапалы араластырылады. Соңында ауа көпіршіктерін шығару үшін центрифуга компоненті қосылады. Ұсынылған жүйедегі цементтің араластырылу уақыты әдеттегіге қарағанда екі есе аз.

  1. ШИЦ-ті енгізу.

Материал металл аспаптарға жабысатындықтан, ШИЦ-ті салу үшін пластмассалы аспаптарды немесе поршеньдік диспенсерлері бар капсула-насадкаларды қолданған жөн.

GC компаниясы ШИЦ-пен жұмыс істегенде металды аспаптарға жағу үшін кокос майын шығарады. Материалды нығыздау үшін суға малынған және жақсы сығылған мақта шаригін қолдануға болады.                                                               

ШИЦ-тің тістің қатты тіндеріне адгезиясы реакцияның тек бастапқы фазасында пайда болады, Қатаю фазасы басталғанда және материал беті бұлыңғырланып, жылтырлық пен мөлдірлік жойылғанда, материалмен жұмыс істеу оынң қалыптастырушы құрылымының және тіс тіндеріне адгезиясының бұзылуына әкелуі мүмкін.

  1.  Жұмыс уақыты.

Көптеген ШИЦ-тер үшін жұмыс уақыт 1,5-4минуттыы құрайды (орта шамамен – 2минут). Бұл уақытта иондардың бөлінуі мен көшуі жүреді, бұл қатаю реакциясының бірінші фазасы – еру фазасына сәйкес болады.

ШИЦ-тің қатаю уақыты

Төсемдік цементтер үшін – орта шамамен 4-5минут

Қалпына келтіруші цементтер үшін – 3-4минут

Бұл уақытта полиқышқылдар тізбекшелерінде металл иондарының отыруы жүреді, ол қоюлану фазасына немесе бастапқы қатаю фазасына сәйкес келеді.

Металл иондарының шайылып кету қаупін ескере отырып, цемент қатайған кезде ылғалдың түсүдінң алдын алады.

  1.  Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).

Бірінші қабылдауда өткір кесетін қол аспаппен немесе ротациялы аспаптармен (силиконды бастар, ақ карборунд тастары немесе майысқақ дискілермен) тек қана материал қалдықтары алынады. Цементтің пісіп-жетілмеуін ескере отырып, аспапты пломбадан тіске қарай жылжытқан жөн, ал керісінше тиімді емес. Бұл фазада сулы спрейді қолдану ұсынылмайды. Соңғы рет қатайғаннан соң дегидратация мен машадан тыс қызып кетуді алдын алу үшін пломбаны судың астында тегістеп жылтырлатады.

  1.  ШИЦ-ті оқшаулау.

Гидратация мен дегидратацияны алдын алу үшін пломбаның ашық бетін немесе бекітілген сауыттың қырын оқшаулауды 24сағат ішінде жүргізеді. Аралық материал (варниша) ретінде арнайы лактар, толтырылмаған өздігінен және сәулемен қатаятын шайырлар, нитроцеллюлоза, метилметакрилат, амидті резина, полиуретанды материалдар қолданылады. Сәулеқатаятын композитті бондингті жүйелер мен фиссуралық герметиктерді қолдану бүгінгі күнгі жақсы нәтиже беріп отыр.

  1.  Пломбаны соңғы рет жылтырлату.

Пломбаны соңғы рет жылтырлату цементтің толығымен пісіп-жетілуінен кейін (24сағаттан кейін емес) су барда жүргізілуі керек. Тегістеу үшін алмазды бастар, абразивті дискілер, металды штрипсалар, ал жылтырлату үшін – жылтырлатқыш дискілер, резиналы полирлер, щеткалар, қағаз штрипсалар қолданылады.

Өңдеуден кейін реставрация аймағы лактың көмегімен ылғалдылықтан қайтадан оқшаулануы керек.                                                                                                                                    

Қатайғаннан кейін науқас стоматологқа қайта келе алмаса, пломбаның пішінін төмен жылдамдықтағы бор немесе сусыз металды штрипса көмегімен коррекциялау ұсынылады. Кейін пломба 20минутқа лакпен оқшауланады, содан соң жоғарыда көрсетілген схема бойынша тегістеу мен жылтыратуды кезеңін орындайды.

  1.  ШИЦ-ті қышқылдандыру.

Сэндвич-техникасының жабық әдісін қолданғанда ШИЦ-ті қышқылдандыру оның композитпен микроретенция әсерінен жақсы байланысын қамтамасыз етеді. Ол цементтік матрицаның таңдап алуына әсер етіп, қышқылдандырылған кіреукеге ұқсас кедір-бұдыр бетті түзеді.

Бірақ та пісіп-жетілмеген цементті фосфор қышқылымен қышқылдандыру ШИЦ-тің сынуына әкелуі мүмкін. Қышқылдану ұзарту қышқылдың ШИЦ-ке соншалықты терең енуіне, тіпті оны сумен жуып шаю мүмкіндігінің төмендеуіне әкеп соғады. Бұл ұлпаның жоғарысезімталдығын және ұлпа жағынан теріс реакцияны туындатуы мүмкін.

Бұдан басқа, егер қалпына келтіру сэндвич-техникасының прниципі бойынша бір мезгілде жүргізілсе, онда композиттік материал полимеризациялық отыру кезінде әлі пісіп-жетілмеген ШИЦ-ті дентиннен жұлып алады да, пломбаның герметизмін бұзады.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қышқылдауды 15-20секундтан көп емес уақытта шприцтердегі тұтқыр гельдерді қолдана отырып жүргізген жөн.

Композитті материалдың отыруынан болатын ШИЦ-тің дентиннен жұлынуның алдын алу мүмкін, ол үшін пломбылаудың кейінге қалтыру  әдісін (композитті бір тәуліктен кеш емес енгізу, демек цементтің пісіп-жетілуінен кейін) қолданады немесе цементті қышқылдандырмайды. Дегенмен де мынандай ой-пікір бар, композиттің қышқылданған және қышқылданбаған ШИЦ-тің бетімен байланысында айырмашылық жоқ, сондықтан цементті қышқылдандыру міндетті емес.

ШИЦ-тің жақсы байланысын қамтамасыз ету үшін төмен тұтқырлықты композиттерді қолдану ұсынылады. 

Kavitan cem ( Спофа дентал/Spofa dental фирмасы)

Химиялық жолмен қатаятын шыныиономерлік цемент (стеклополалкенатты).

Көрсеткіштері:

- керамикалық және пластмассалық сауыттарды бекітуде;

- тұрақты көпіртәрізді протезді бекітуде;

- штифті конструкцияларды және инлей,онлей қойындыларды бекітуде;

- ортодонтиялық блоктарды бекітуде;

- композиттік тығыздағыш материал ретінде.

Құрамы:

- ұнтағы – фторсиликатты шыны;

- сұйықтығы –  кополимер акрилді сулы ерітінді   және итаконов қышқылынан тұрады.

Мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

-  тістің қатты тіндеріне жоғары дәрежеде бекінеді;

- ылғалды ортада дезинтеграциясы төмендейді (ерігіштігі),тұрақтылығы жоғары  үйлесімді материал, әсіресе отырғызу ауданында (герметикалық отырғызу ауданында ұзақ уақыт құрылады);

- қажайтын төзімділігі мен қысым түсіретін күш жоғары дәрежеде;

-  тұрақты фтор ионы бөлініп отырады  (күніне 1 мкг );

- ұсақдисперсті;

-  қолдану барысында материалды дайындау қарапайымдылығы және ыңғайлылығы;

- рентгенмен байқалуы

Қолдану тәсілі:

Материалды «Kavitan cem» 18-23◦С температурада шыны пластинаның тегіс жағында немесе қағаз бетінде араластырады(температура 25◦С-дан жоғары болғанда пластинаны суыту керек).

Ереже бойынша, ұнтақтың өлшенген порциясы екі тең бөлшекке бөлінеді. Оның біріншісі тез сұйықтыққа енгізіліп және 20секунд ішінде біртекті масса пайда болғанша араластырылады, кейін оған екінші порцияны қосып және қалған уақытта беті жылтыр біртекті массаға дейін араластырылады. Материалды пластмассалы шпательмен араластырған жөн, метал шпательді араластырғаннан кейін міндетті түрде оны сумен тазалау керек. Жұмыс барысында мырыш-фосфатты цементтің айырмашылығында алынған масса жабысқақ , сұйық емес, қатаймайды.

Материалды қолданар алдында тістің жоғарғы бөлігін дайындап алу керек, ол үшін уақытша пломбаны және цементтерді қырып алып, тазалау, мысалы, майсыз абразивті пастаны сумен шайып , кептіру. Мүмкіндігінше кальций гидроксид құрамдас материал  (мысалы, «Кальксида») қолдану. Көпіртәрізді конструкцияларды, онлей немесе инлей қоймаларын тістің жоғары бөлігіне мұқият тазалау және ауамен кептіру.

Дайындалған материал сауыттың, қойманың ішкі бетінің қабырғасына жағып, дайындалған тіске тікелей енгізіліп бекітіледі. Қатаю уақыты 5-6 мин. Қатып қалған артық материал бөлігін арнайы инструмент көмегімен алып тастайды.

Композиттен айырмашылығы, «Kavitan cem»-ді қолданғанда   тістің жоғары бөлігіне протравка қолданбай дентин бөлігіне адгезивті түрде қолданамыз.

   Барлық шыныиономерлік цементтерге тән «Kavitan cem» ылғалға сезімтал келеді. Сол үшін жоғары бөлікті қатаятын материалды қорғаныс лакпен жабу керек. Мүмкіндігінше қатып қалған артық цементтерді тазалап қорғаныс лакпен пломбылау.Шыныиономерлі цементті сәулемен немесе химиялық жолмен қатаятын пломбамен пломбылау тағайындалады. Жұмыстың аяқталу кезінде тісті қалпына келтіру 1 сағат аралығында тағайындалады.

«БейзЛайн»(Стомадент фирмасы )

Шыныиономерлік (шыныполиалкенатты) цемент.

Көрсеткіштері:

- композитті материалмен амальгаммада аралық төсем ретінде пломбылау ;

- сүт тістерді пломбылауда;

- уақытша пломбылау;

- сауыттарды цементке отырғызуда.

Мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

«БейзЛайн» цементі ұнтақтан : алюмофторсиликатты шыны мен полиакрильді қышқылдан тұрады. Дистилденген сумен араластырғанда тез қатаятын тегіс материал. Рентгеноконтрасты. Тіс тіндеріне жоғары биологиялық бірлестілігі бар.Жұмыс барысында «БейзЛайн» цементі – 1 мин 40 с пломбылауға, аралық төсемде  – 2 мин 10 с. қолданылады. Пломбыда - 2 минутта, аралық төсемде – 4 мин 15 с .қатаяды.

 

Кемфил Супериор( Стомадент фирмасы)

Шыныиономерлі  (шыныполиалкенатты) цемент.

Көрсеткіштері:

- Ересектерде және балаларда  III-V класс тісжегі қуысын қалпына келтіруде;

- тіс тінінің тісжегі емес ақауын қалпына келтіруде;

-  I-II сүт тістердің қуысын қалпына келтіруде;

- тісжегі түбірін емдеуде;

- уақытша пломбылауда;

-  фиссураларды жабуда;

- Композитті пломбылық материалмен пломбылауда аралық төсем ретінде;

Мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

«Кемфил Супериор» цементі ұнтақтан : алюмофторсиликатты шыны мен полиакрильді қышқылдан тұрады. Дистилденген сумен араластырғанда тез қатаятын тегіс материал. Тіс қуысында қату барысында реакцияға түсіп, тіс тіндерімен материал арасында химиялық байланыс түзеді.Қорытындысында жиектерінде өткізгіштіктің болмауы. Фтор құрамдас материал болған соң тісжегіге қарсы эффектіні қамтамасыз етеді.Жұмыс барысындағы температура 23°С , 2 мин, қату уақыты – 2 мин 40 с.                                                                                                     

 

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 4546; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!