Тапсырма 2. Динамикалы графикті салу
PowerPoint» тақырыбы бойынша тәжрибелік жұмысқа тапсырмалар Тапсырма 1. Тізбекті анимация мен орынауыстыру.Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек: 1. ТЕМА_ХХ (мұнда және әріде ТЕМА_ХХтегі ХХ тәжлибелік сабақтың рет нөмірі)бумасындағы «Презентация.pptx» файлын ашып, слайдта «Заголовок слайда» орнына тақырыбын «Орын ауыстыру» теру. 2. «Анимация» қосымшасын белсендіріп, «Кеңейтілген анимация» тобындағы «Анимация ауданы» әмірін шерту. Слайдтың оң жағында «Анимация ауданы» атаулы аудан пайда болуы керек. Бұл аудан тұрақты орналасып тұрғаны жөн. Онда анимация элементтерінің тізіміорындалу ретінде көрсетіліп тұрады. Осы аудандағы элементтің 0-ден ерекше цифрмен белгіленуі оның тінтуірмен шерткенде орындалатынын көрсетеді. 3. Слайдтың оң жағына оның жарты ауданын алып тұратындай төртбұрыш сызып (сурет 1), оған көкшіл түс беру.Ол үшін «Ендіру» қосымшасын белсендіріп, «Иллюстрациялар» тобындағы «Фигуралар» әмірін шеркен соң төментүскіш мәзірден «Тік бұрыштар» тобынан «Тікбұрыш» (Прямоугольник) кескінін щерту, онан кейін «+» түріндегі курсорды слайдтың оң жақ төменгі бұрышына әкеліп, тінтуірдің сол жақ тиегін басып тұрып, курсорды жоғары және солға қарай төртбұрыштың қажетті суретін алғанша жылжыту керек. 4. Слайдқа 1-ші суретте көрсетілгендей ТЕМА_ХХ бумасынан «Шар1.jpg» файлындағы суретті жаңа салынған төртбұрыштың сол жақ төменгі бұрышы маңына кірістіру. Ол үшін «Ендіру» қосымшасын белсендіріп «Иллюстрациялар» тобындағы «Сурет» (Рисунок) тиегін шертіп, пайда болған сұқбат терезесінде сол жақта «Жұмыс үстелін» шертіп, оң жақтағы терезеде өз бумаңыздың атауын, онан соң ТЕМА_ХХ бума атауын екі шерткен соң – қажетті файл есімін белгілеп, «Ендіру» батырмасын шерту керек. 5. Шар суретіндегі қажетсіз (ақ түсті) ауданды жасыру үшін суретті белгілеп рындау керек: а) «Пішім» (Формат) – «Түс» (Цвет)«Өзгеріс» (Изменение) тобындағы» – «Мөлдір түс беру» (Установить прозрачный цвет); б) кескіні ерекше түрге келген курсормен суреттің қажетсіз (ақ түсті) ауданын шерту; в) қажет болса а және б әрекеттерін қайталауға болады. 6. «Шар1» суретіне анимация беру үшін орындау керек:суретті белгілеп, «Анимация» қосымшасын белсендіріп, «Анимация» тобындағы «Көріну» (Возникновение) әмірін шерту. Сурет жанында 1 саны бар төртбұрыш шығуы керек. «Анимация ауданында» 1 нөмірлі элемент пайда болуы керек. 7. «Ендіру» қосымшасының «Мәтін» тобындағы «Жазба» (Надпись) әмірін шерткен соң, төртбұрыш салғандай слайдтың сол жағындағы бос ауданда мәтін енгізуге орын жасап, «Шарды үрлесе ол үлкейеді» мәтінін теру керек (сурет 1). 8. Мәтінге анимация қосу үшін мәтін ауданын белгілеу және «Анимация» қосымшасын белсендіріп, «Анимация» тобындағы «Пайда болу» (Появление) әмірін шерту. Егер қажетті әмір көрінбесе, онда анимация тізімінің оң жағындағы стрелканың төменгісін шертіп, пайда болған тізімнен «Кіру» тобындағы «Пайда болу» әмірін шерту керек. Мәтіннің сол жағында 2 саны бар төртбұрыш шығуы керек. «Анимация ауданында» 2 нөмірлі элемент пайда болуы керек. 9. ТЕМА_ХХ бумасынан «Шар2.jpg» файлындағы суретті бірінші шар суретін қойғандай кірістіру және оны бірінші шарды жауып тұратындай етіп орналастыру керек (сурет 1), содан соң 5-ші әрекетте көрсетілгендей суреттің керексіз аумағына (ақ түсті) мөлдірлік ұйымдастыру керек. 10. «Шар2» суретіне анимция беру үшін орындау керек: суретті белгілеп, «Анимация» қосымшасын белсендіріп, «Анимация» тобындағы үш стрелканың төменгісін шерту, сонан соң пайда болған тізімнен «Кірудің қосымша эффектісі...» (Дополнительные эффекты входа…) шертіп, «Кіру эффектін өзгерту» (Изменение эффекта входа) сұқбат терезесінде «Қарапайым үлкейту» (Простое увеличение) әмірін шерту. Сурет жанында 3 саны бар төртбұрыш шығуы керек. «Анимация ауданында» 3 нөмірлі элемент пайда болуы керек. 11. Бірінші мәтіннен төмен 7-ші әрекетті қайталап орындап, «Шарды қоя берсе, ол ұшады» мәтінін теру (сурет 1). 12. Бұл мәтінге анимация беру үшін алғашқы мәтінге анимация бергендегі әрекеттерді қайталау керек. Мәтіннің сол жағында 4 саны бар төртбұрыш шығуы керек. «Анимация ауданында» 4 нөмірлі элемент пайда болуы керек. 13. Екінші үлкен шарды белгілеп, «Анимация» қосымшасын белсендірген соң, «Кеңейтілген анимация» тобындағы «Анимацияны үстеу» (Добавить анимацию) әмірін шертіп, жылжытқышты төмен түсіріп, «Жолдар» тобынан «Пайдалануға» (Пользовательский) әмірін шерту. Үлкен шардың қозғалу жолын (сурет 1) көрсету үшін мына әрекеттерді орындау керек: а) үлкен шардың орта нүктесін шерту; б) тінтуір тиегін қоя беру; в) курсорды (плюс белгісі түріндегі) жоғары қарай оңға ығыстыра көк фон бойында жылжыту; в) тінтуірдің сол жақ тиегін шерту; г) тінтуір тиегін қоя беріп, курсорды төмен қарай оңға ығыстыра көк фон бойында жылжыту; д) тінтуірмен шерту; е) б, в, г, д әрекеттерін бірнеше рет қайталап, ең соңғы нүктеде тінтуірдің сол жақ тиегін бірнеше рет шерту керек.Үлкен шардың жанында 5 саны бар төртбұрыш шығуы керек. «Анимация ауданында» 5 нөмірлі элемент пайда болуы керек. 14. Слайдты оның элементтеріне берілген анимация эффектілерімен көру үшін Shiftтиегін басылып тұрғанда функциональдық F5 тиекті басқан соң не «Слайдты көрсету» (Показ слайдов) қосымшасын белсендіріп «Слайдты көрсетуді бастау» тобындағы «Ағымды слайдтан» (С текущего слайда) әмірін шерткен соң, слайдтың кезкелген жерін шерту керек. Бірінші нөмірлі анимация эффектісі көрсетіледі. Келесі элементті көру үшін тағы да тінтуірмен шерту керек. Осылай үлкен шардың қозғалысын көргенше жарғастыру керек. 15. Үлкен шар ұшқан кезде кіші шар кескіні көрініп тұрады. Ол көрінбеуі үшін орындау керек: а) «Анимация ауданы» ауданындағы 1 нөмірлі элементтерді шерту; б) «Анимация» қосымшасын белсендіру; в) «Анимацияны үстеу» (Добавить анимацию) әмірін шерту; г) пайда болған тізімнен «Шығу» (Выход) тобындағы «Жоғалу» (Исчезновение)әмірін шерту. «Анимация ауданында» 6 цифрлы элемент пайда болады; д) «Анимация ауданындағы» 6-шы нөмірлі элементті объектер тізімінде 4-ші орынға орын ауыстыру үшін: · не курсорды 6 нөмірлі элементке апарып,ол екі ұшты стрелкаға айналған кезде сол жақ тиекті басып, сілтегішті 4-ші орынға жекізіп тиекті қоя беру керек; · не 6-шы нөмірлі элементті белгілеп, «Анимация» қосымшасының «Слайдтарды көрсету уақыты» тобындағы «Кері орын ауыстыру» (Переместить назад) әмірін элемент 4-ші орынға келгенше шерту керек; 16. Слайдты автоматты түрде көрсету (тінтуірмен шертусіз) үшін «Анимация ауданында» а) 1-объектіні белсендіріп оның оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп, «Уақыт» (Время) әмірін таңдап шерткен соң, пайда болған сұқбат терезесінде «Басталуы» (Начало) өрісінде стрелканы шертіп «Алдыңғыдан соң» (После предыдущего) әмірін таңдап, «Кідіріс» (Задержка) өрісінде 1 секунд уақытты көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек; б) 2-объектіні (1 нөмірлі) белсендіріп оның оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп, «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) әмірін таңдап шерткен соң, пайда болған сұқбат терезесінде «Эффект» қосымшасының «Бағыт» (Направление) өрісіндегі стрелканы шертіп «Солдан» (Слева) әмірін қою, сонан соң «Уақыт» қосымшасын белсендіріп«Басталуы» өрісінде стрелканы шертіп «Алдыңғыдан соң» әмірін таңдап, «Кідіріс» өрісінде 0 секунд уақытты, «Ұзақтылығы» (Продолжительность) өрісінде 2 сек уақытты көрсетіп, «ОК» батырмасын шерту керек; в) 3-объектіні (1 нөмірлі) белсендіріп оның оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп, «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) әмірін таңдап шерткен соң, пайда болған сұқбат терезесінде «Эффект» қосымшасының«Масштаб» өрісіндегі стрелканы шертіп «Үлкейту» (Увеличение) әмірін қою, сонан соң «Уақыт» қосымшасын белсендіріп «Басталуы» өрісінде стрелканы шертіп «Алдыңғыдан соң» әмірін таңдап, «Кідіріс» өрісінде 0 секунд уақытты, «Ұзақтылығы» өрісінде 3 сек уақытты көрсетіп, «ОК» батырмасын шерту керек; г) 4-объектіні (1 нөмірлі) белсендіріп оның оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп, «Уақыт» әмірін таңдап шерткен соң, пайда болған сұқбат терезесінде «Басталуы» (Начало) өрісінде стрелканы шертіп «Алдыңғымен бірге» (с предыдущим) әмірін таңдап, «Кідіріс» (Задержка) өрісінде 1 секунд уақытты көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек; д) 5-объектіні (1 нөмірлі) белсендіріп оның оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп, «Эффектер сипаттамалары» әмірін таңдап шерткен соң, пайда болған сұқбат терезесінде «Эффект» қосымшасының «Бағыт» өрісіндегі стрелканы шертіп «Жоғарыдан» (Сверху) әмірін қою, сонан соң «Уақыт» қосымшасын белсендіріп «Басталуы» өрісінде стрелканы шертіп «Алдыңғыдан соң» әмірін таңдап, «Кідіріс» өрісінде 1 секунд уақытты, «Ұзақтылығы» өрісінде 2 сек уақытты көрсетіп, «ОК» батырмасын шерту керек; е) 6-объектіні (1 нөмірлі) белсендіріп, оның оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп, «Уақыт» әмірін таңдап шерткен соң, пайда болған сұқбат терезесінде «Басталуы» өрісінде стрелканы шертіп, «Алдыңғыдан соң» әмірін таңдап, «Кідіріс» өрісінде 1 секунд уақытты көрсетіп, «Ұзақтылығы» өрісінде 5 секунд, «Қайталау» (Повторение) өрісінде 5 рет көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек; 17. Слайдты оның элементтеріне берілген анимация эффектілерімен көру үшін Shift тиегін басылып тұрғанда функциональдық F5 тиекті басу не «Слайдты көрсету» қосымшасын белсендіріп «Слайдты көрсетуді бастау» тобындағы «Ағымды слайдтан» әмірін шерту керек.
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 2. Динамикалы графикті салу.
1. «Бас» қосымшасын белсендіріп «Слайдтар» тобындағы «Слайд құру» (Создать слайд) әмірінің стрелкасын шерту.«Тек тақырып» (Только заголовок) үлгісін таңдап, тақырыпқа «Динамикалы график» мәтінін пернетақтада теру.
2. «Ендіру» қосымшасын белсендіріп, «Иллюстрациялар» тобындаңы «Фигуралар» мүмкіндігін пайдаланып бүкіл слайдқа 2-ші суретте көрсетілгендей диаграмма сызу. Ол үшін:
а)«Ендіру» - «Фигуралар» - «Сызықтар» тобындағы «Сызық»(Линия) әмірін шерткен соң слайдты шертіп, тінтуірдің сол жақ басып тұрып сызық сызу;
б) графиктің әр сызығы үшін алдыңғы әрекеттерді орындау керек;
в) сандарды енгізу үшін «Ендіру» қосымшасының «Мәтін» тобындағы «Жазба» әмірін шертіп, сан жазылатын жерге төртбұрыш салып, оған керекті санды теру.
3. Координат остері сызықтарын белгілеу: бір сызықты шертіпбелгілеген соң, екіншісін Ctrl не Shift тиектерін басып тұрып шертіп белгілеу.
4. «Сурет салу құралдары Пішім» (Средства рисования Формат) қосымшасын белсендіріп , «Фигуралар стилі» тобындағы «Фигура контуры» әміріндегі стрелканы шерткен соң, төмен түскіш мәзірден «Жуандық» (Толшина) әмірін шертіп, бағыныңқы мәзірден «3 пт» таңдап шерту.
5. Тағыда «Фигуралар стилі» тобындағы «Фигура контуры» әміріндегі стрелканы шерткен соң, остер сызықтары үшін түсті таңдап шерту.
6. 3, 4және 5 нөмірлі әрекеттерді график сызықтары үшін орындап, ось сызықтары түсінен басқа түсті және «4,5 пт» қалыңдықты таңдап белгілеу.
7. «Анимация» қосымшасын белсендіріп, «Анимация ауданы» әмірін шертіп, Power Point терезесінің оқ жағында орналасатын «Анимация ауданы» ауданын шақыру.
8. Графикте ордината (Y) осі сызығын белгілеп, «Анимация» – «Анимация стилі» – «Пайда болу» (Появление) орындаған соң, анимация сипаттамаларын беру үшін орындау керек: «Анимация» тобында «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) әмірін шертіп - «Төменнен» (Снизу) таңдау, «Слайдты көрсету уақыты» «Басы:» өрісінде- «Алдыңғыдан соң», «Ұзақтылық:» өрісінде - 02,00 сек, «Кідіріс» өрісінде - 00,00 сек.
9. Графикте абцисса (Х) осі сызығын белгілеп, (Появление) орындаған соң, анимация сипаттамаларын беру үшін орындау керек: «Анимация» тобында «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) әмірін шертіп - «Солдан» (Слева) таңдау, «Слайдты көрсету уақыты» «Басы:» өрісінде- «Алдыңғымен бірге», «Ұзақтылық:» өрісінде - 02,00 сек, «Кідіріс» өрісінде - 00,00 сек.
10. 2 санын белгілеп, орындау керек «Анимация»– «Анимация стилі» – «Көріну»(Возникновение). Анимация сипаттамаларын беру:«Басы:» өрісінде –«Алдыңғыдан соң», «Кідіріс» өрісінде –01,00 сек.
11. Графиктегі бірінші (2 мен 15 аралығындағы) сызықты белгілеп, анимация қосу үшін орындау керек: «Анимация»– «Анимация стилі»– «Пайда болу» (Появление) және анимация сипаттамалары үшін: «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) - «Төменнен», «Басы:»өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Ұзақтылық:» өрісінде - 02,00 сек, «Кідіріс» өрісінде - 00,00 сек.
12. 15 санын белгілеп, орындау керек «Анимация»– «Анимация стилі» – «Көріну»(Возникновение). Анимация сипаттамаларын беру: «Басы:» өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Кідіріс» өрісінде –01,00 сек.
13. Графиктегі екінші сызықты белгілеп, анимация қосу үшін орындау керек: «Анимация»– «Анимация стилі» – «Пайда болу» (Появление) және анимация сипаттамалары үшін: «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) - «Солдан», «Басы:»өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Ұзақтылық:» өрісінде - 02,00 сек, «Кідіріс» өрісінде - 00,00 сек.
14. Графиктегі үшінші сызықты белгілеп, анимация қосу үшін орындау керек: «Анимация»– «Анимация стилі» – «Пайда болу» (Появление) және анимация сипаттамалары үшін: «Эффектер сипаттамалары» (Параметры эффектов) - «Төменнен», «Басы:»өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Ұзақтылық:» өрісінде - 02,00 сек, «Кідіріс» өрісінде - 00,00 сек.
12. 42 санын белгілеп, орындау керек «Анимация»– «Анимация стилі» – «Көріну»(Возникновение). Анимация сипаттамаларын беру: «Басы:» өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Кідіріс» өрісінде –01,00 сек.
13. Shift тиегін басылып тұрғанда F5 тиегін басып слайдты көрсету.
Тамсырма 3. Анимация эффектісін үлгі көмегімен ЭКГ элементтеріне қосу.
Слайдтың қандайда болмасын элементіне берілген анимация эффектісін үлгі ретінде пайдалану үшін орындау керек:
А) алдын ала анимацияланғандықтан, анимация эффектісі пайдаланылатын элементті шерту;
Б) «Анимация» қосымшасын белсендіріп, «Анимация ауданы» әмірін шертіп, «Анимация ауданы» ауданын шақыру;
В) «Кеңейтілген анимация» тобындағы «Үлгі бойынша анимация» (Анимация по образцу) әмірін екі рет шерту. Курсорды слайдқа әкелгенде оның кескінінде қыл қалам болуы керек;
Г) осы анимация эффектісі берілетін элементті шерту;
Д) «Үлгі бойынша анимация» әмірінің орындалуын аяқтау үшін слайдтағы кез келген бос орынды шерту не «Үлгі бойынша анимация» әмірін шерту керек.
Ескерту: Анимация эффектісін бірнеше объектке беру үшін Г әрекетін кезекпен барлық объектерге қолдану керек.
Тапсырманы орындау
1) ЭКГ-ның бірінші изосызығына «Пайда болу» (Появление) анимация эффектісін қосып оған келесі сипаттамаларды беру керек: «Эффект сипаттамалары» әмірін шертіп Параметров эффектов»– «Солдан», «Басы:» өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Ұзақтылық» өрісінде – 02,00 (сек), «Кідіріс» өрісінде – 00,00.
2) ЭКГ-ның бірінші изосызығын белгілеп, оған берілген анимация эффектісін үлгі ету үшін «Кеңейтілген анимация» тобындағы «Үлгі бойынша анимация» (Анимация по образцу) әмірін екі рет шертіңіз;
3) Бірінші «Изосызық» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
4) Р сермесі сызығын шертіңіз;
5) «Серме Р» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
6) ЭКГ-ның екінші изосызығын шертіңіз;
7) Екінші «Изосызық» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
8) Q сермесі сызығын шертіңіз;
9) «Серме Q» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
10) R сермесі сызығын шертіңіз;.
11) «Серме R» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
12) S сермесі сызығын шертіңіз;
13) «Серме S» мәтіні бар стрелканышертіңіз;
14) ЭКГ-ның үшінші изосызығын шертіңіз;
15) Үшінші «Изосызық» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
16) Т сермесі сызығын шертіңіз;
17) «Серме Т» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
18) ЭКГ-ның төртінші изосызығын шертіңіз;
19) Төртінші «Изосызық» мәтіні бар стрелканы шертіңіз;
20) Электрокардиограмманың қалған бөлігін шертіп, ол үшін«Ұзақтылық» өрісінде – 10,00 сек көрсету;
21) Үлгі бойынша анимациялау жағдайынан шығу ушін үшін слайдтағы кез келген бос орынды шерту не «Үлгі бойынша анимация» әмірін шерту керек;
22) Бірінші «Изосызық» мәтіні бар стрелканы шертіп, «Эффект сипаттамасы» тізімінен – «Төменнен», «Басы:» өрісінде –«Алдыңғымен», «Ұзақтылық» өрісінде– 01,50 (сек), «Кідіріс» өрісінде–00,50;
23) Алдыңғы 22-ші жағдайды кезекпен «Изосызық» және «СермеS» жазуы бар стрелкаларды шертіп орындаңыз;
24) «Серме P», «Серме Q», «Серме R» жене «Серме T» жазулары бар стрелкаларды кезекпен шертіп әрқайсысы үшін орындаңыз:«Эффект сипаттамасы» тізімінен – «Жоғарыдан», «Басы:» өрісінде –«Алдыңғымен», «Ұзақтылық» өрісінде– 01,50 (сек), «Кідіріс» өрісінде–00,50;
25) Shift тиегін басылып тұрғанда F5 тиегін басып слайдты көрсету.
Тапсырма 4. Кестені слайдқа қосу.
1. «Бас» қосымшаны белсендіріп, «Слайдтар» тобындағы «Слайд құру» әмірінің стрелкасын шерткен соң «Тек тақырып» (Только заголовок) үлгісін таңдап, тақырыпқа «Кесте» мәтінін теру.
2.ТЕМА_ХХ бумасындағы «Кесте» есімді құжатты ашып, А1-ден I16-ға дейінгі ауданды белгілеген соң, оң тиекпен шертіп «Көшіру» әмірін, сонан соң слайдта бос орынды шертіп «Бас» – «Ендіру» әмірін орындау.
3. Кесте тақырыбын белгілеп «Bookman Old Style» қаріпін және қаріп өлшемі «20» қою.
4. Кесте ауданын белгілеп «Bookman Old Style» қаріпін және қаріп өлшемі «16» қою.
5. Кесте ауданы белгіленіп тұрғанда «Кестемен жұмыс Үлгі» (Работа с таблицами Макет) қосымшасын белсендіріп, «Теңестіру» тобындағы «Ортаға теңестіру» мен «Тік бағытта ортаға келтіру»(Центрировать по вертикали) әмірлерін шерту.
6. Кесте ауданы белгіленіп тұрғанда «Кестемен жұмыс Конструктор» қосымшасын белсендіріп, «Кесте стильдері» тобындағы шекараны күйлеу әмірінің стрелкасын шерткен соң «Барлық шекаралар» кескінін шерту.
7. «Период наблюдения, лет» мәтінін белгілеп «Кестемен жұмыс Конструктор» қосымшасының «Кесте стильдері» тобындағы шекараны күйлеу әмірінің «Ішкі жатық шекара» (Внутренняя горизонтальная граница) кескінін белгіленген сөздер арасындағы шекара жоғалып кеткенше шерту.
8. Алдыңғы 7 нөмірлі әрекетті «Основная группа на 1000 человек» және «Контрольная группа на 1000 человек» мәтіндері үшін орындау.
9. Кестенің шектеу сызықтарын қалыңдату үшін орындау керек: Кестені белгілеу –«Кестемен жұмыс Конструктор» қосымшасы – «Шекараны сызу» тобындағы «Кесте суретін салу» (Нарисовать таблицу) – «Қаламүш жуандығы» (Толщина пера) өрісіндегі стрелка –«2¼ пт» орындаған соң, қаламүшпен жуандалатын сызықтар (сурет 3) үстінен тінтуірдің сол тиегін басып тұрып жүргізу.
10. Бүкіл кестені белгілеп, анимация эффектісіне «Фигура» таңдап алып, оған сипаттамалар беру: «Бағыт» (Направление) өрісінде – «Өсіру» (Увеличение), «Басы:» өрісінде – «Алдыңғыдан соң», «Ұзақтылығы» өрісінде – 10 сек.
11. Shift тиегін басылып тұрғанда F5 тиегін басып слайдты көрсету.
Тапсырма 5. «Жарыс» слайдын құру.
1. «Бас» қосымшасын белсендіріп «Слайдтар» тобындағы «Слайд құру» (Создать слайд) әмірінің стрелкасын шерту.«Тек тақырып» (Только заголовок) үлгісін таңдап, тақырыпқа «Жарыс» мәтінін пернетақтада теру.
2. «Ендіру» қосымшасын белсендіріп, «Кескіндер» (Изображения) тобындаңы «Картинкалар» мүмкіндігін пайдаланып слайдқа 3 автомобильдің суретін орналастыру.Ол үшін: «Картинкалар» әмірінің пиктограммасын шертіп, пайда болған «Картинкалар» тақтасында «Таңдалған мультимедия файлдары түрлері» (Выбранные типы файлов мультимедиа) стрелкасын шертіп, «Иллюстрациялар» алдына жалауша қойып, «Бастау» (Начать) батырмасын шертіп, төмендегі тізімнен 3 автомобильдін суреттерін слайдқа орналастыру.
3. Автомобиль суреттерін слайдтың оң жақ шетіне орналастырып, оларға сол жаққа бет беріп тұруы үшін суретті белгілеп, «Формат» қосымшасының «Реттеу» (Упорядочить) тобындағы «Аудару» (Повернуть) әмірі пиктограммасын шертіп, пайда болған тізімнен қажетті әмірді шерту.
4. Автомобильдердің қозғалысын көрсету үшін олардың біреуін белгілеп, «Анимация» қосымшасын белсендірген соң, «Анимация» тобындағы «Анимация стилі» (Добавить анимацию) әмірін шертіп, жылжытқышты төмен түсіріп, «Жолдар» тобынан «Сызықтар» (Линии) әмірін шерту. Осы автомобиль суретін белсендіріп, «Үлгі бойынша анимация» (Анимация по образцу) әмірін бірнеше ретжылдам шерткен соң, келесі автомобильдерді шертіп, олаға анимация беруге болады.
5. Анимацияның басталуы үшін бір автомобильге «Алдыңғыдан соң», ал басқаларына «Алдыңғымен бірге» деп көрсету. Уақытты біреуіне 2 с, екіншісіне 2,5 с, үшіншісіне 1,5 с деп көрсету.
6. Слайдқа өту ұйымдастыру.
7. Анимация нәтижесін Shift+F5 тиектерін басу арқылы көруге болады.
Тапсырма 6. «Секундомер» слайдын құру.
1. «Бас» қосымшасын белсендіріп «Слайдтар» тобындағы «Слайд құру» (Создать слайд) әмірінің стрелкасын шерту.«Тек тақырып» (Только заголовок) үлгісін таңдап, тақырыпқа «Секундомер» мәтінін пернетақтада теру;
2. Слайдқа 0 цифрын 200 өлшеммен ендіру;
3. Бұл цифрдың алып тұратын ауданының шекарасын көрсететін пунктир сызықты шертіп, үздіксіз сызыққа айналдырып белгілу;
4. Оған «Көріну» (Возникновение), «Алғашқыдан соң» және «Кідіріс» 0 санимация эффектісін беру;
5. Осы тапсырмадағы 3-әрекетті орындап 0 цифры ауданын белгілеу;
6. «Кеңейтілген анимация» тобындағы «Анимация қосу» (Добавить анимацию) әмірін шертіп, 0 цифрына қосымша «Шығу» (Выход) тобынан «Жоғалу» (Исчезновеие) анимация эффектісін «Алғашқыдан соң» және «Кідіріс» 1 ссипаттамаларымен беру;
7. Осы тапсырмадағы 3-әрекетті орындап 0 цифры ауданын белгілеп, оның көшірмесін алып, 0 цифрын 1-ге өзгерту;
8. Осы тапсырмадағы 3-әрекетті орындап 1 цифры ауданын белгілеп, оның көшірмесін алып, 1 цифрын 2-ге өзгерту;
9. Алдыңғы әрекетті орындап кезегімен 2-нің көшірмесін 3-ке, 3-тің көшірмесін 4-ке, 4-тің көшірмесін 5-ке өзгерту;
10. «Анимация ауданын» ашып ең соңғы қызылмен белгіленген жолды тінтуірдің оң тиегімен шертіп, жою әмірін орындау;
11. Анимация нәтижесін Shift+F5 тиектерін басу арқылы көруге болады.
12. Дыбыс үшін «Дыбыс: шығару» сұқбат терезесінде «Эффект» қосымшасының «Аяқтау» тобында – «Соңынан» (После) және «8-шы слайдтан» соңынан «ОК» батырмасын шерту.
Тапсырма7. Слайд элементін басқа құжатпен гиперсілтеме көмегімен байланыстыру.
1.«Обратная связь» слайдын ашу.
2. «Обратная связь» мәтінін белгілеп оған «Пайда болу» анимациясын беріп сипаттамалар тағайындау: бағыт «Үстіден», басталуы «Алдыңғыдан соң», кідіріс 0 секунд, ұзақтылық 2 секунд.
3. Бірінші кестені белсендіріп оған «Көріну»(Возникновение) анимация эффектісін беру.
4. 3-ші нөмірлі әрекетті барлық кестелер үшін орындау.
5. Бірінші, екінші және үщінші кестелерде әр жауапты гиперсілтеме көмегімен «Дұрыс.txt» не «Қате.txt"файлдарымен байланыстыру. Ол үшін қажетті жауапты белгілеп, оң тиекпен шертіп, пайда болған тізімнен «Гиперсілтеме» әмірін таңдап, шыққан сұқбат терезесінде файлға жету жолын көрсетіп: «Жұмыс үстелі» – меншікті бума –ТЕМА_ХХ, сонан соң қажетті файл атауын белгілеп, «ОК» батырмасын шерту керек.
6. Төртінші кесте үшін тест сұрағын жұмыс бумасындағы «Мысықтар тұқымы.ppsx» файлымен гиперсілтеме көмегімен байланыстыру.
7. Төртінші кесте жауаптарын гиперсілтеме көмегімен «Дұрыс.txt» не «Қате.txt"файлдарымен байланыстыру.
8. Shift тиегін басылып тұрғанда F5 тиегін басып слайдты көрсету.
Тапсырма 8. Слайдқа дыбыс қосу.
1. Бірінші слайдқа көшу.
2. Презентацияны дыбыстандыру үшін орындау керек: «Ендіру» қосымшасы – «Мультимедия» тобындағы «Дыбыс» – бағыныңқы мәзірде «Дыбыс файлдан» (Звук из файла) – «Дыбысты кірістіру» сұқбат терезесінде дыбыстық файлға жолды «Жұмыс үстелі» – меншікті бума – ТЕМА_ХХ көрсеткен соң кірістірілуші дыбыстық файлды (1, 4, 7, 10, 13, 16, 19 компьютерде «То ли еще будет.wav», 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 компьютерде «Песенка первоклашки.mp3», 3, 6, 9, 12, 15, 18 компьютерде «Песня первоклассника. wav»)белгілеп, «Кірістіру» батырмасын шерту.
3. Слайдтағы дыбыс белгісін жоғарғы оң бұрышқа апарып орналастыру.
4. Дыбыс белгісін белгілеген соң «Анимация» қосымшасын белсендіру және анимация стильдерінен «Қайта шығару» ( Воспроизведение) әмірін шерту.
5. «Анимация ауданында» рет нөмірі 1 элементті тауып, оны осы аудандағы элементтер тізімінің басына қою керек.
6. Осы элементтің оң жақ шетіндегі стрелканы шертіп «Эффектер сипаттамалары» әмірін таңдап «Дыбыс: шығару» сұқбат терезесінде «Эффект» қосымшасының «Қайта шығару басы» тобында – «Басынан»(С начала), «Аяқтау» тобында – «Соңынан» (После) және «6-ші слайдтан»; «Уақыт» қосымшасында «Басталуы» өрісінде – «Алдыңғыдан соң» белгілеп «ОК» батырмасын шерту.
7. Дыбыс белгісін белгілеп және «Дыбыспен жұмыс Қайта шығару» қосымшасын белсендіріп «Көрсету кезінде жасыру» әмірінің алдына жалауша қою. «То ли еще будет» файлын қолданғанда «Үздіксіз» (Непрерывно) әмірі алдына жалауша қою.
8. Файлды осы жұмыс бумасында топ нөмірі мен тектен (фамилиядан) тұратын есіммен және «.pptx» кеңейтуімен сақтау.
9. Оқытушының рұқсатымен презентацияны F5 тиегін басып жұмысқа қосу.
Тапсырма 9. Слайдқа анимация эффектісі қосылған автоматты өтуді ұйымдастыру.
1. Бірінші слайдты белсендіріп, «Өтулер» (Переходы) қосымшасы атауын шертіп, «Осы слайдқа өту» тобындағы «Есіктер» (Двери) әмірін таңдау, ал «Слайдтарды көрсету уақыты» тобында «Шертумен» (По щелчку) әмірі алдындағы жалаушаны алып тастап, «Кейін» (После) алдына жалауша және 20 секунд (00:20,00) уақыт қою керек.
2. Екінші слайдты белсендіріп, «Өтулер» (Переходы) қосымшасы атауын шертіп, «Осы слайдқа өту» тобындағы «Ашылу» (Открывание) әмірін таңдау, ал «Слайдтарды көрсету уақыты» тобында «Шертумен» (По щелчку) әмірі алдындағы жалаушаны алып тастап, «Кейін» (После) алдына жалауша және 20 секунд (00:10,00) уақыт қою керек.
3. Үшінші слайдты белсендіріп, «Өтулер» (Переходы) қосымшасы атауын шертіп, «Осы слайдқа өту» тобындағы «Қаптау» (Наплыв)әмірін таңдау, ал «Слайдтарды көрсету уақыты» тобында «Шертумен» (По щелчку) әмірі алдындағы жалаушаны алып тастап, «Кейін» (После) алдына жалауша және 20 секунд (00:20,00) уақыт қою керек.
4. Төртінші слайдты белсендіріп, «Өтулер» (Переходы) қосымшасы атауын шертіп, «Осы слайдқа өту» тобындағы «Галерея»әмірін таңдау, ал «Слайдтарды көрсету уақыты» тобында «Шертумен» (По щелчку) әмірі алдындағы жалаушаны алып тастап, «Кейін» (После) алдына жалауша және 20 секунд (00:10,00) уақыт қою керек.
5. Бесінші слайдты белсендіріп, «Өтулер» (Переходы) қосымшасы атауын шертіп, «Осы слайдқа өту» тобындағы «Тікбұрыш»әмірін таңдау, ал «Слайдтарды көрсету уақыты» тобында «Шертумен» (По щелчку) әмірі алдындағы жалаушаны алып тастап, «Кейін» (После) алдына жалауша және 20 секунд (00:20,00) уақыт қою керек.
6. Осы кейінгі әректті бесінші слайдтан кейінгі слайдтар үшін орындау керек.
Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 355; Мы поможем в написании вашей работы! |

Мы поможем в написании ваших работ!