ЭЕМ-де тісті берілістерді есептеу



 

«T-FLEX» бағдарламасының көмегімен тісті берілістердің келесі түрлерінің технологиялық және конструкторлық есептемелер жүргізуге болады[9]:

- цилиндрлі тіктісті берілістер;

-цилиндрлікқиғаштістіберілістер;
 - конустық тік жәнетангенциал тісті;

- шеврондық;

- червиягты берілістер.

Тісті берілістердің өлшемдерін кестеге енгізіп  керекті есептеулер жүргізу нәтижесінде қажетті мәліметтерге қол жеткізе аламыз.

Сонымен қатар «T-FLEX» бағдарламасын пайдалана отырып және алынған мәліметтерге сай тісті дөңгелектердің 2D және 3D (2.5-сурет) түріндегі графикалық кескінін жасау мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

2.5-сурет-T-FLEX бағдарламасының 3Д кескінге түсіру терезесі

2.5Арнайы бөлім

Патенттік зерттеулер

№1089222 авторлық куәлігінің сипаттамасы

 

Құрылымына станина, өтпелі тесігі бар ротор үстелі, жоғарғы және төменгі ротор тіректері және жетектен тұратын бұрғылау қондырғысының роторы белгілі. Мұндай қондырғының роторы, жетекті машинадан айналатын жұмыс мүшеден тұратын, ставқа хабарлайды. Айналатын жұмыс мүшесі(конусная бабка), өзінің салмағының әсерінен немесе ұңғыдағы нығыздалатын құмды жерге еріксіз басады.

Цикл ішінде жұмыс мүшесі мен құмды жердің түйіскен жерінде нығыздау және жер таңдаудан жұмыс мүшесінің айналасындағы бұрын жасалған нығыздауды нығыздамау әсерінен құрылғы азөнімді.

Ұсынылғанға ең жақын техникалық шешім ретінде, құрылымына бұрғылау ставының қыспағы бар ішпектер орналастырылған станина, өтпелі тесігі бар ротор үстелі және ротор үстелінің айналу жетегі кіретін бұрғылау қондырғысының роторы болып табылады.

Бұл құрылғының кемшілігі, бұл конструкцияда құмды жермен түйісетін, нығыздалатын жұмыс мүшесінің қозғалыс заңы сақталуы болып табылады.

Өнертабыс мақсаты – құмды жерлерді жұмыс мүшесімен нығыздау кезінде құрылғының өнімділігін арттыру.

Бұл мақсат, құрылымына бұрғылау ставының қыспағы бар ішпектер орналастырылған станина, өтпелі тесігі бар ротор үстелі және ротор үстелінің айналу жетегі, ішпектің бүйір беті сфера формалы, ротор үстел тесігі ротор өсіне қатысты эксцентрлі орындалуымен жетеді.

Ротор 2.6-сурет станинадан 1, ротор үстелінен 2, конусты тістен 3, тәжбен 5 бірге жетекші біліктен 4, ротор үстелінің 2 жоғарғы 6 және төменгі 7 тіректерінен, май шомылғышы 8 мен мойынтіректерден 9 тұрады.

Ротор үстелінде 2 сфералық бүйір бетімен 11 саңылау 10 эксцентрлі орындалған.Саңылауға 10 екі жартыдан тұратын 13 және 14 ішпек 12 орналастырылған.Алынып-салынбалы ішпекте 12 саңылаудың 10 бүйір беті бар11.Алынып-салынбалы ішпектің 12 ішінде бұрғылау ставының 16 қыспақ буыны орналастырылған.

Құрылғының жұмысы келесіде жүргізіледі.

Базалы машинаның жетегінен келетін айналу моменті, тәжі 5 бар жетекші білік 4 арқылы ротор үстелінің бүйір бетіне отырғызылған конусты тіске 3 беріледі. Эксцентрлі орындалған саңылау 10, бұрғылау ставының қыспақ буыны бар ішпек, эксцентрикке тең диаметрмен шеңбер бойымен қозғалады.

Осылайша бұрғылау ставының бекітілген бөлігі де қозғалады, ал жұмыс мүшесімен бірге оның төменгі жағы құмды жермен түйіскен жерімен ұңғыда заң бойынша қозғалады.

Келтірілген ротор жұмыс мүшесінің жаңа қозғалыс заңын қолдана оты-

рып,құмды жерді нығыздау процессін сапалы жақсартуға және жұмыс мүшесінің айналасындағы жердің шығарылуын, оның көлденең және көлбеу бағытта нығыздау арқасында төмендетуге, құмды жерді ұңғыда нығыздауға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Сурет

№73212 авторлық куәлігінің сипаттамасы

 

Бұрғылау қондырғысының қозғалтқышынан бұрғылау құбырлар тізбегіне айналым беру және бұрғылау құбырлар тізбегін ұзарту немесе шашу кезінде, ұстап тұру үшін роторлар қолданылады[18].

Ұсынылған ротор конструкциясы 2.7-сурет столдан 1, корпустан 2 және конусты беріліс тістерінен 6 тұрады. Ротор столының айналым саны кейде 300 айн/мин, ал құбырлар тізбегінің столдағы қысымы 200 т. дейін жетеді. Стол центрленеді және корпусқа 2 екі радиалды - тіректі мойынтіректер, негізгі 3 және көмекші 4, арқылы тіреледі.Ротор мойынтіректері жоғарыдан бұрандамалармен бекітіледі. Бұл бұрандамалар ауыстыруға және тексеріске оңай.                                                                          

Тіректердің мұндай орналасуы ротордың биіктігін үлкейтпей, мойынтіректер базасын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Базаны жоғарлату, ротордың конусты тісті берілістің 6 жұмысын жақсартады.

Роторға құйылған майдың сыртқа төгілуінен және су мен кір жуу сұйығының ротор ішіне енуінен қорғаныс, станинаның жоғарғы бөлігіндегі лабиринтті нығыздағышпен 5 атқарылады. Лабиринтті нығыздағыштың 5 ротор центріне жақындағанымен, май төгілмейді.

Ротор столының негізгі тіректерінің ротор станинасының астында, ал көмекші тіректің станинаның үстінде орналасуы, дайындауды жеңілдендіреді және ротордың пайдалануын жақсартады.

Берілген ротордың негізгі артықшылықтары - стол тіректерін ротор астында бекітетін тетіктің (деталь) жоқтығы; конусты тісті берілістің жұмыс шартын жақсартуы және жоғарғы лабиринтті нығыздағыштың сенімділігі.

Өнертабыс формуласы

Ұңғыны бұрғылауға арналған әкету және көмекші тіректері бар ротор,

әкету ретінде төмеңгі шарикті тіректерді қолдануымен ерекшеленеді.

 

Сурет

№578417 авторлық куәлігінің сипаттамасы

 

Берілген өнертабыс мұнай өндірісі жабдығына жатады және ұңғымаларды жүргізу барысында бұрғылау құбырларының бағандарына айналу қозғалысын беру үшін және көтеріп - түсіру операциялары кезінде бұрғылау құбырларын салмақта статикалық ұстап тұру қызметін атқарады[18].

Станина, нығыздауышты тіреу үстелінен және стопорлық құрылғыдан тұратын бұрғылау роторы белгілі.

Алайда мұндай ротордың кемшілігіне қосалқы тірек пен нығыздау жүйелерінің жинақталуы станина қарсы аударылып тұрған кезінде төменнен жүргізілетіні жатады.

Станина, тірек үстелінен, жетекші біліктен, мойынтірек түйіндерінен, беттік нығыздауыштар және стопорлық құрылғыдан тұратын бұрғылау роторы белгілі. Бірақ ротордың мұндай құрылымы жинақтау дәлділігі мен жетек осі мен мұнара центріне қатысты ротордың айналу өсінесәйкестігін қамтамасыз етпейді.

Өнертабыс мақсаты – ротордың монтажы мен демонтажын қамтамасыз ету.

Бұл станина тіреуші негіз бен орнатушы сақинадан орындау арқылы қол жеткізіледі, орнатушы сақина стопорлы құрылғымен бекіту мүмкіндігімен ротор үстелінің тіректері арасында орналасқан.

2.8-суретте тезшашылатын бұрғылау роторы, тілік түрінде көрсетілген;

2.9-суретте жеке жиналатын ротор столы, тілік түрінде көрсетілген;

2.10-суретте ротор столының стопорлы құрылғысы көрсетілген;

Ротор үстеліне 1 конустық берілістің 2 тәжі пресстеледі, негізгі 3 және қосалқы 4 тіреуіштің бос сақиналары аралығында орнатушы сақина жиналады, оған өз кезегінде бағыттаушы бүркеншіксіз штифттар 6, серіппе 7 және қозғалмайтын резеңке нығыздауыш 9 кигізілген беттік нығыздауыштың қысқыш сақинасы 8 жиналады. Бұдан кейін үстелге 1 ротордың майлы ваннасының беттік нығыздауышының қозғалмалы сақинасы 10 кигізіледі, ол өзара әсерлесетін элементтер арасындағы қажетті кепілді саңылау орнатқаннан кейін бұрандамалармен 11 тартылады және фигуралық шайба көмегімен 12

тіркеледі.

Станина 13 бүйір бетінде бірдей қашықтықта диаметр бойынша қарама-

қарсы бұрамдамасы бар саңылаулар бұрғыланады, оларға контргайкасы 15 бар

стопорлы бұрандамалар бұралады.

Ұсынылатын құрылымда ротор станинасында жиналған үстелдің бекітілуі келесі түрде жүзеге асырылады.

Нақты алынған А және Б өлшемдерінің шамаларын өлшегеннен кейін реттелінетін болат төсемелер 16 жиынтығының қажетті қалыңдығы анықталады, төсемелер 16 ротордың өзара түйісетін тетіктерін жасау қателіктерінің орнын толтырады.

Төсемелер жиынтығымен жиналған ротордың үстелі негізгі тіректің бос сақина бетінің станинаның тіректік бетіне тірелгенге дейін станина 13жоң-ғышына қойылады.

Бұл кезде орнатушы сақинаның 5 сыртқы бетінде кесілген жырашық станинаға 13 бұралған стопорлы бұрандамаларға қарсы орналасады.

Сәйкесінше, стопорлы болттарды 14 орнатушы сақинаның 5 жырашыққа

тірелгенше бұрау арқылы және оларды контргайкалармен 15 бекіту арқылы ротор станинасында үстелдің сенімді бекітілуі қамтамасыз етіледі. Бұл кезде негізгі 3 және қосалқы 4 тіректердің бос сақиналары станинаға қатысты қозғалыссыз қалады (станина өзінің бір бөлігі болып), ал ішкі сақиналар ротор үстелімен бірге еркін айналушы қозғалысын жасай алады. Осылайша, ротор жұмысқа дайын болады.

Алдын ала жөндеу және бақылау кезінде роторды бөлшектеу үшін кон-

тргайкаларды 15 босатып, стопорлық болттарды 14 орнатушы сақинадағы 5 жырақша тереңдігіне тең шамаға бұрап алу және ротор үстелін станинадан оның бұрғылау қондырғысынан босатпастан және қандай да бір орын ауыстырусыз шешу қажет.

Өнертабыс формуласы

Станина, тірек үстелінен, жетекші біліктен, мойынтірек түйіндерінен, беттік нығыздауыштар және стопорлық құрылғыдан тұратын бұрғылау роторы ротордың монтажы мен демонтажын қамтамасыз ету мақсатымен станинасы тіреуші негіз және орнатушы сақина стопорлы құрылғымен бекіту мүмкіндігімен ротор үстелінің тіректері арасында орналасқан орнатушы сақинадан орындалуымен ерекшеленеді.

 

Сурет

Сурет

Сурет

Бөлім бойынша қорытынды

 

Есептеу бөлімінде роторға есептеу жүргізу нәтижесінде, өлшемдер мен негізгі параметрлер анықталды.Патенттік зерттеулерді нақтылау үшін авторлық куәлікте таңдалынып алынған конструкциямның мойынтіректеріне есептеулер жүргізілді.

Патенттік зерттеулерді дәлелдеуде, өткенді шола отырып роторлы қондырғыны зерттей отырып менің жобамның тақырыбына жақынырақ келетін үш авторлық куәлік алдым. Бұл авторлық куәліктер жұмыста көрсетілген.

Осы үш патенттің ішіндегі менің тақырыбыма ең жақыны келетін авторлық куәлік №578417 Е21 В3/04. Бұрғылау роторы болып табылады.Авторы: Н.А.Раджабов30.10.77  патенттік статусқа сәйкес. Патент өз күшінде.

Ротор жұмыс кезіндегі сенімділігі жәнеротордың жылдаммонтажымен демонтажын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінорналастырылған сақинаның конструкцияда орындалуымен ерекшеленеді.Жұмысын ұзарту жолындағы табысты шешімдері үшін мен ұсынған ротор өндіріс орындарында қолданыс табуға әбден лайық.

Сондықтан менің роторды жобалауымда негіз ретінде №578417 авторлық куәлікте көрсетілген конструкция алынды. 

3 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі

3.1 Еңбек қорғаудың негізгі заңдары

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және де Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3-ші сәуіріндегі №314 «Қауіпті өнеркәсіптік кешендерде индустриялдық қауіпсіздік туралы»атқылауға қарсы жабдықтармен ұңғы оқпанын саңылаусыздандыру кезінде кезде еңбектің қорғалуы және сақтық шаралары жүргізілуі керек[13].

Дипломдық жобаның нақты бөлімі «ҚР-ның еңбек кодексінің» дәйектемесіне сәйкес 15.05.07. № 252 ҚР ІІІ заңы бойынша жазылған, 22.11.96 бастап «Өрт қауіпсіздігі туралы заңы», № 314 – ҚР ІІІ заңы бойынша 03.04.02 бастап «Қауіпті өндіріс обьектілеріндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңы». Сонымен қатар «Газ және мұнай өңдейтін кенорындарындағы жалпы қауіпсіз ережелерге» сәйкес 03.04.2009 жыл.

Еңбек кодексі бойынша кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздеме

1.Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық құжаттық актілерден тұрады.                         .                                  
2.Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.

3.Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіліенген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарында тікелей қолданылады.

3.2 Техникалық шаралар

 

Жабдықтар мен механизмдердің барлық қауіпті үзбелері қауіпсіздік ережелеріне сәйкес кедергілеу құрылғыларымен жабдықталады.

Шұңқырларды, қараусыз қалған ұңғыларды, биікте орналасқан жұмыс аймақтарын, жабдықтың кернеуі бойынша қауіпті төкжүргіш бөліктерін, жоғары температуралы және зиянды сәулелендірген аймақтарды кедергілейді. Шұңқырларды, құдықтар мен басқаларды сонымен қатар биіктегі жұмыс алаңдарын кедергілеу үшін көптеген жағдайларда ағашты пайдаланады.

Механизмдердің қозғалған бөліктерінен 35 см-дегі қашықтықта орнатыл-

ған кедергілер тор түрінде жасалуы мүмкін (мысалы, желілі белбеулер үшін).

Тісті берілістерді алмастыратын шитті тұтас металды (торлармен) щиттермен (қаптама) және ыңғайлы жинау мен ажырату үшін қажетті құралдармен кедергілейді.

Стоноктар мен машиналардың қозғалыс бөліктерінің шығыңқы бөлшектері мен айналмалы қосылыстары айналымның барлық шеңбер бойымен кедергіленеді. Кейде кедергілену механизмді бір бүтін конструктивті түрде болады, мысалы, қотару станогындағы редукторлар, ротор және басқалар. Бұл ең жақсы табылған нәрсе, өйткені жабдықтың кедергілеусіз іске қосылмайды.

Биікте орналасқан алаңдар үшін кедергілеу адамға төмен құлау мүмкіндігін алдын алатын, бұзылуға қарсы тұрақты болуы тиіс барьерлі түрде қарастырылған. Барьер 1,25 м биіктікте болуы тиіс, яғни орта бойлы адам белінен биік.

 

3.2.1 Электроқауіпсіздігі

 

Электрлі тоқ адам мүшелеріне әр түрлі әсер етеді, бұл өте қиын құбылыс, ол жылу, механикалы, биологиялы түрде болуы мүмкін. Адам денесінің кедергісі кең шектеулерде тербеледі (300-ден 400000 Ом-ға дейін).

Тізбектің кернеулі қауіптігі адам денесіне тікелей әсер етеді.

Кездейсоқ үзілген электр желісінің жерге және сымды айырудың электрлі қондырғысында жерге құлауы өте қауіпті.

 

3.1-кесте-Ротордағы потенциалды қауіпті өндіріс факторларын талдау

 

Технологиялық үрдістің цех бөлімшесінің және жұмыс түрлерінің атауы

 

Орындалған жұмыстар аты

 

Операциялар орындалатын жабдықтар мен құрылғылар

 

                   ҚӨФ

Құбылыс түрлері мен сипаты

 

Факторлар маңызы

Факт түрде   Нормативті түрде  
Бұрғылау қондырғысы   ТКО   Ротор   Жөндел-мейтін монтаж     Мойынті-рек тірек- терінің бұзылуы     Негізгі тіреуіштің жоғары тозымы  

3.2.2 Жерге қосу құрылғысын есептеу

 

Ұңғыны бұрғылау жердегі топырақтың салыстырмалы кедергісі Р=0,64 [Ом/м], ал 25 % ылғалдылық кезінде қорғаныс кедергісі R3 ≤4 [Ом].

Ағып өтетін тоқтың кедергісі:

 Rт= ρ ,                 (3.1)

 

мұндағы l-жерге қосу ұзындығы, l=25 м;

d -жерге қосу құбырының диаметрі, d=0,05 м;

h–жер бетінен құбыр ұзындығының ортасына дейінгі арақашық-

тық;   

h=1,65 м;

ρ- топрақтың салыстырмалы кедергісі, ρ=0,64 [Ом/м];

 

Rт = =12 [Ом];

Құбырлы жерге қысылу саны:

 

n = - ,                                              (3.2.2)

мұндағы nе -жерге қосу құрылғысының тиімділігін есептейтін коэффи-

циент 

nе =1,3;

                                    n= =7,76.

n=8 деп аламыз.

Жерге қосуды қосу үшін 0,40 х 0,04 м болатты жолақты қолданамыз.

 

3.2-Сурет. Қорғанысты жерге қосу схемасы

Пісіру жұмыстары.

Пісіру жұмыстары техника қауіпсіздік талаптарын сақтамаған кезде күрделі авариялар, өрттер мен сәтсіз оқиғалар тудыруы мүмкін.

 

3.3 Санитарлық-гигиеналық шаралар

 

Дұрыс метереологиялық жағдайларды қамтамасыз ету үшін өндіріс орындарының жұмыс аймақтарында қоршаған орта температурасына ауа қозғалысының жылдамдығына ылғалдығына бақылау орнатады.

Осы мақсатта келесі аспаптар қолданылады: термометрлер, термоградалар, ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу үшін анеометрлер.

Жабдықтың қызбаған бетінің температурасы 45 ˚С-дан аспау керек.

Қыздырылған жабдықтардың бетін суыту мақсатында сулы қабаттарда немесе құбыр жүйелерінде циркуляцияланатын суды пайдаланады. Мұнай мен газ өнеркәсібіндегі көптеген жұмысшылар объектінің сыртқы ортадан қорғалмай еңбек етеді.

Мұнай мен газ өнеркәсібінің өндіріс объектілерімен кәсіпорындарында жұмысшылардың жеке гигиенасы үшін бөлмелер орнатылған.

Тұрмыс объектілерін орналастыру кезінде шаң –тозаңдар, зиянды газдар мен бу бөлінетін қондырғылардан санитарлы ажыраулар сақталуы қажет (50м-дей). Жұмысшылар киімдерін кептіру бөлімшелері жұмыс кезінде кептірілуін қамтамасыз етеді.

Өндіріс санитарлығының тапсырмасы болып көрсетілген жайсыз факторларды болдырмау.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жобалаудың санитарлы мөлшері өндіріс орындарындағы температурамен, ылғалдылықпен, ауаның қозғалыс жылдамдығымен мөлшерленеді. Осыған байланысты өндіріс орындарындағы ауаның тиімді температурасы болып +16-+22 ˚С болып, жылдың өтпелі суық кезеңдерінде +18-+25 ˚С болып есептеледі.

Осыдан ауа ылғалдылығы 30-60%, ал оның жылдамдығы 2,2-0,7м/с болады.

Ротордағы шу мен тербеліс.

Жобаланатын объектіде пайдаланатын жабдықтардағы шу мен тербелу деңгейі жіберілген деңгейден аспау керек. Ол жаңа жабдықтарды құру үрдісінде шу мен тербелістің санитарлы өлшемдері әркез ескеріле бермейді.

Қатты шу есту мүшесіне әсер етеді, толықсаңыраулыққа немесе кәсіби жаман естуге әкелуге мүмкін. Осыдан жүрек тамырлары мен асқорыту жүйелерінің жүйкелік қызметі бұзылады, асқыну аурулары туады. Әртүрлі дыбыстардағы оның ретсіз күйі 16-20000 Гц жиілік аралығында.

Тербеліс деп тығыз денелердің механикалық беріктігінің бұзылуына әкелетін жағдайлар қатарындағы әртүрлі ғимараттардың механикалы тербелуін айтамыз.

Дыбыс қысымының жоғары деңгейінде шу бұрғылаушының жүйке жүйе-   

леріне және есту мүшелеріне әсер етеді. Роторды пайдалану кезінде дыбыс қы-

сымының жіберілген деңгейі Р=90 Дб. Ротордың жеке сымын қолдану бұрғылауда шуды азайтады және роторлы тізбектің жеке жөндеу жұмысына байланысты қауіпті болдырмайды.

3.3.1 Жарықтандыруды есептеу

 

Жұмыс орның жарықтандыру мына формуламен анықталады;

 

;                         (3.3)

 

мұндағыФ-барлық шамдардың жарық ағыны;

S-жарықтанған ауадан, м ;

Берілген жағдайда жарық ағыны 1845лм Н 35150 жарлысына қарсы сенімділігі жоғары светильниктер қолданылады.

Жұмыс орнын жарықтандыру үшін қажет жарықтандырғыштар саны мына формуламен есептеледі:

;                         (3.4)

мұндағы S-жарықтанғанаудан, м ;

Р-салыстырмалы қуаты, Вт/м ;

W-шаманың қуаты.

Метеожағдайларға байланысты сақтық шаралары

Мұнай мен газ өнеркәсібінің кәсіпорындарда жеке жұмысты орындау сирек түрде жеке жұмысшылардың зиянды заттар мен газдардың буымен ластанған ортада болуымен байланысты. Бұл жағдайларда противогаздар мен респираторлар пайдаланылады.

Екі түрлі противогаздар бар; фильтрлейтін –онда жұтылатын ауа зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазартылады және айырғыш –онда жұтылатын ауа қоршаған ортадан ажыратылған.

Фильтерлеуші противогаздар улы бумен газдардың құрамы белгілі болғанда, ауадағы зиянды заттардың концентрациясы 16 об% болған жағдайда қолданылады, ал кейбір противогаздар ол 18 об%-тей.

 

3.3.2 Өртке қарсы шаралар

 

Мұнай және газ өнеркәсібінің объектілерінде қатты және сұйық жанармай материалдарынан туған өрт ошақтарын сөндіру үшін ОП-5 түрдегі химиялық қолмен өрт сөндіргіштер мен ОВП-10 ауалы-көпірікті сөндіргіштер.

Мұнай өнеркәсібінің объектілеріндегі өрт сөндіру құралдарының бастапқы нормаларына сәйкес әр бұрғылау қондырғыда мыналар болуы тиіс:

- көбікті өрт сөндіргіштер  -6

- 0,5 м  құмы бар жәшік     -4

- күректер                              -4

- балталар                              -2

- ломдар                             -2

- өрт шелектері                     -4

Өрт байланысы өрт туралы жылдам және дәл беру үшін әрекетке өндірістік автоматты өрт сөндіру құралдарын келтіру үшін арналған. Жобаланатын объектідеөрт бөліктерін өте тиімді басқаруды қамтамасыз ететін өрт сигналы мен диспетчерлі байланыс болады. Төтенше жағдайлардағы эвакуациялау сұлбасы 3.3- суретте көрсетілген.

 

 
я1

 

44

22
33

     

 

5

 

 

88

 

55   В

77
         

 

66

 

В   В

 

9 9   10

 

 

 

1-дәретхана; 2- қоқысқа арналған ыдыс; 3- асхана; 4- су; 5- жатақхана; 6- қойма; 7- ГСМ; 8- ПТШ; 9- мастерлер бөлмесі; 10-ТҚ бойынша кабинет

3.3-сурет. Эвакуациялау сұлбасы

3.4 Ұйымдастыру шаралары

 

Кен орнының территориясы аумағында машиналар мен басқа да көліктердің жүрісін реттеу және ұйымдастыру.Қалдықтарды басқару жүйесін бұзатын рұқсатсыз жұмыстарды болдырмау.

Технологиялық шаралар рельефті келесі әрекеттер кезінде қорғауды ескереді:

- бұрғылау;

- жабдықтарды тасымалдау;

- жер жұмыстарын орындауда;

- су ресурстарын саналы пайдалану;

- қалдық суларды тазартуда соңғы әдістерді пайдалану;

- жер бетіндегі және жер асты суларын өндірістің қалдық суларымен ластамау шараларын қамтамасыз ету;

- авариялық және қалдық төгуді болдырмау мақсатында инженерлік шараларды қамтамасыз ету;

-өндіріс өнімдерінің және оған істелетін заттардың өндіріс алаңына түспеуін және пайда болмауын қамтамасыз ету.

Қалдық суларды тазартуда соңғы механикалық және биологиялық әдістерді пайдаланылады. Жоба қалдық суларды жер бетіне жинауды да ескереді.

Сұйықтық түріндегі улы заттардың қоршаған ортаға әсерін барынша азайту келесі жобалау шешімдердің нәтижесінде орындалады:

- нысандардың қалыпты жұмысы кезінде өндірістік және жаңбыр сулары жүйесіне баратын құрамында мұнай өнімдерінің ізі бар су технологиялық регламентке сәйкес аппараттар мен құбырларды алдын ала тазартудан кейін ғана жіберіледі;

- тазарту құралдарынан шыққан мұнай өнімдері арнайы ыдысқа жиналып,

технологиялық процеске қайтарылып отырады;

-механикалық қоспалар сусызданудан кейін шламды майсыздандыру қондырғысына жіберіледі;

 

 Бөлім бойынша қорытынды

Еңбeкті қoрғaу – бұл әлeумeттік-тeхникaлық ғылым, өндірістік қaуіпті жaғдaйлaрда жәнe кәсіптік зияндaрды бoлдырмaу шaрaлaрын жaсaйтын нeмeсe oқыс жaғдaйлaрдың, кәсіптік aурулaрдың aлдын aлу әрекеттері.

Еңбeкті қoрғaудың мaқсaты – жұмыс істeушінің қaуіпсіздігінe жәнe aуырмaуы үшін қoлaйлы жaғдaй жaсaп, eңбeк өнімділігін бaрыншa жoғaры көрсeтe aлaтындaй жaғдaйлaрмeн қaмтaмaсыз eту. Еңбeк өнімділігі aдaмның дeнсaулығы мeн жұмыс істeк қaбілeтін сaқтaу, aдaм eңбeгін жұмыс мeзгілін үнeмдeу,oның бeлсeнді жұмыс істeу пeриoдын ұзaрту, өнімнің жoғaры сaпaсын көтeріп, қoғaмдық eңбeкті үнeмдeу, нeгізгі өндірістік қoрлaрды қoлдaнуды жaқсaрту aпaттaр сaнын aзaйту жәнe тaғы бaсқaлaры aрқылы aртaды.

4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі                            

4.1 Өндірістің биосфера компоненттеріне әсерін талдау

 

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы адам – табиғатта экономикалық жүйесін тұрақты тепе – теңдікте сақтау және ұстау мақсатында өмірлік маңызды мәнге ие.

Мұнай және газ өнеркәсібіндегі технологиялық үрдісте су мен ауаны ластайтын өндірістік қоқыстартопыраққа, су мен атмосфераға едәуір көлемде бөлінеді.Халық шаруашылығының үлкен экономикалық шығыны атмосфераға өнеркәсіптік шығындарды келтіреді.

Көптеген жағдайларда атмосфераға бөлінетін түтін мен шаң – тозаңдармен едәуір көлемінде бағалы химиялық өнімдер шығарады.

Атмосферамен суаттардың тазалығын сақтау адамдар денсаулығы мен өміріне байланысты әлеуметтік проблема болды.

Атмосфераның өнеркәсіптік шығындармен ластанумен күрес әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады.                          

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы адам – табиғатта экономикалық жүйесін тұрақты тепе – теңдікте сақтау және ұстау мақсатында өмірлік маңызды мәнге ие.

Мұнай және газ өнеркәсібіндегі технологиялық үрдісте су мен ауаны ластайтын өндірістік қоқыстартопыраққа, су мен атмосфераға едәуір көлемде бөлінеді.Халық шаруашылығының үлкен экономикалық шығыны атмосфераға өнеркәсіптік шығындарды келтіреді.

Көптеген жағдайларда атмосфераға бөлінетін түтін мен шаң – тозаңдармен едәуір көлемінде бағалы химиялық өнімдер шығарады.

Атмосферамен суаттардың тазалығын сақтау адамдар денсаулығы мен өміріне байланысты әлеуметтік проблема болды.

Атмосфераның өнеркәсіптік шығындармен ластанумен күрес әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады

Кез-келген кен орнында биосфераға зиян әсер етуші көздерге құрамында газ өңдеу зауыты, кен орнының жинау жүйесі, тауар парктері, сораптар орналастырылған бөлмелер, реагенттер складтар мен тазалау құрылымдары, гавзотурбиналық станциялар мен резервуарлық парктер болатын негізгі және қосалқы технологиялық процестер жатады.

Атмосфераға әсері.

Атмосфераны ластаушы негізгі заттарға көмірсутегі, күкіртсутегі, күкіртті ангидрид, азот қышқылы, көміртегі оксиді, күкірт шаңы, диэтаноламин, метил спирті, пісіруге арналған аэрозоль, марганец қосындылары, кремний, фторид қосындылары, фторсутегі, күкіртқышқылының аэрозолі жатады.

Гидросфераға әсер 

Кез-келген кенішінде тазартуды қажет ететін қалдық сулар пайда болады: өндірістік,тұрмыстық-шаруашылық,жаңбыр және т.б. дегенмен, жер астындағы және жер бетіндегі су қорларына келесі көздерден әсер етілуі мүмкін:

- ыдыстардан, құбырлардан немесе бақа да құрылымдардан аққан токсикалық сұйық материалда;

- су мен жердегі нысандардың бетіне қонған атмосферадағы улы заттар (шаң, аэрозолдер);

- авариялық төгулер мен лақтырулар (мұнайдың төгілуі, реагенттерден тазарту өнімдері және т.с.с.)

- тазартылмаған немесе толық тазартылмаған қалдық сулар;

- дренажды сулар;

- қалдықты суларды қайта құю немесе авариялық төгілулер;

- материалдар мен қалдықтарды сақтау орындарында;

- ұйымдастырылмаған төгілімдер;

- өндірістік қалдықты сулар негізінен мұнай есебінен ластанады, ал тұрмыстық қалдық сулар органикалық және басқа да заттармен ластанады.

Литосфераға әсері

Мұнай өндіру кешені жер бетінде де қатты әсер етеді. Бұл жергілікті сейсмикалық, өндіру салдарынан болған сейсмикалық жағдайларға немесе топырақтың отырып кетуіне байланысты болуы мүмкін.

Талдау жасау негізінде келесідей қорытынды жасалады:

- ең үлкен қауіпті ұңғымаларды жеке жағдайлардағы пласт жылжуы немесе топырақ ажырауы туғызады;

- күкіртсутектің цементтеу жұмыстары сапасыз орындалған басқа ескі ұңғымаларға кетіп қалу қауіпі болады;

- топырақтың белгіленген шекті шамадан асып отырып кетуі жоққа шығарылмайды және оны жие тексеру арқылы болдырмауға болады.

 

4.2 Ұйымдастыру шаралары

 

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған барлық шаралар Қазақстан Республикасының 1997 жылғы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» және «Мұнай туралы» Заңдарына сәйкес орындалады. Қоршаған ортаны қорғауға жауапты арнайы инженер қарастырылады. Жалпы басқару кәсіпорынның бірінші басшысы атқарады. Жұмысшылар міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау шараларының жаңа әдістері мен тәсілдерін үйреніп отыруы тиіс [8].

Топырақты қорғау шаралары келесі әрекеттерден тұрады:

1) ұйымдастыру;

2) технологиялық;

3) жобалау-конструкциялық;

4) санитарлы-эпидемиялық.

Ұйымдастыру:

- қалдықтардыбасқаруды ұйымдастыру;

- кен орнының территориясы аумағында машиналар мен басқа да көліктердің жүрісін реттеу және ұйымдастыру;

- қалдықтарды басқару жүйесін бұзатын рұқсатсыз жұмыстарды болдырмау.

Технологиялық шаралар рельефті келесі әрекеттер кезінде қорғауды ескереді:

- бұрғылау;

- жабдықтарды тасымалдау;

- жер жұмыстарын орындауда;

- техникалық рекультивациялау.

Жобалау- конструкторлық:

- барлық конструкторлық жобаларды қоршаған ортаны қорғау органдары мен СЭС-те сараптамадан өткізу;

- топырақты барынша аз ластайтын тиімді жобалау-конструкторлық шешімдерді таңдау.

Санитарлы-эпидемиялық:

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды көму және орналастыру жерлерді таңдау және ұйымдастыру;

- жұмыс істейтін ұжымды қауіпті инфекциялардан қорғау шараларын қамтамасыз ету.

4.3 Гидросфераны қорғау

 

Гидросфераны қорғау мақсатында бұл жоба келесі шараларды ескереді:

-  су ресурстарын саналы пайдалану;

- қалдық суларды тазартуда соңғы әдістерді пайдалану;

- жер бетіндегі және жер асты суларын өндірістің қалдық суларымен ластамау шараларын қамтамасыз ету;

 -авариялық және қалдық төгілімдерді болдырмау мақсатындаинженерлік шараларды қамтамасыз ету;

- өндіріс өнімдерінің және оған істелетін заттардың өндіріс алаңына түспеуін және пайда болмауын қамтамасыз ету.

Қалдық суларды тазартуда соңғы механикалық және биологиялық әдістерді пайдаланылады. Жоба қалдық суларды жер бетіне жинауды да ескереді.

Сұйықтық түріндегі улы заттардың қоршаған ортаға әсерін барынша азайту келесі жобалау шешімдердің нәтижесінде орындалады:

 - нысандардың қалыпты жұмысы кезінде өндірістік және жаңбыр сулары жүйесіне баратын құрамында мұнай өнімдерінің ізі бар су технологиялық регламентке сәйкес аппараттар мен құбырларды алдын ала тазартудан кейін ғана жіберіледі;

- тазарту құралдарынан шыққан мұнай өнімдері арнайы ыдысқа жиналып, технологиялық процеске қайтарылып отырады;

- механикалық қоспалар сусызданудан кейін шламды майсыздандыру қондырғысына жіберіледі;

- диэталонаминмен ластанған қалдық сулар арнайы жүйе бойымен құра-

мында аминдер бар суларды тазарту қондырғысында келеді және микробиологиялық әдіспен тазартылғаннан соң тұрмыстық-шаруашылық сулармен бірге биологиялық тазарту қондырғысына жіберіледі;

- тұрмыстық және өндірістік қалдық сулардың топыраққа кетпеуіне құбырлар мен ыдыстардың герметикалық қасиеті мен изоляциясына қамтамасыз етіледі;

- авария жағдайлары болған кезде технологиялық аппараттар мен жабдықтардан төгілген сұйықтарды жинау үшін бордюрлер мен бетондалған аймақтар қарастырылған;

- авария кезінде төгілген өнімдер алғашқы сағаттары жылжымалы автоқондырғылар көмегімен тазартылып, дренажды технологиялық ыдыстарға жиналады;

- дренаж жүйесіне жиналатын мұнайды көлемі авариялық аппараттың, жабдықтың немесе құбырдың көлеміне байланысты болмақ, оның көлемі шамамен 60 м3.

 

Бөлім бойынша қорытынды

Атмосфераның ластануын төмендету үшін басты ережелердің бірі техникалық агрегаттарды дұрыс жағдайда ұстау. Айтарлықтай экологиялық қозғалтқыш электроқозғалтқыштары болып табылады.

Бұл жобада гидросфераны сенімді қорғау үшін қарастырылатындар:

- механикалық және биологиялық тазалаудың жаңа заманға сай жүйесі;

- қабаттық суларды дайындаудың әлемдік тәжірибесін пайдалану;

- ауамен салқындату аппаратын пайдаланып кері сумен қамту жүйесін пайдалану.

Жер бетін қорғау.

Бұзылған жерлерді рекультивациялау жоспарына кіретіндер:

- құбырөткізгішті төсеу үшін ұзынорларды тереңдігі 1,2 – 1,8м қазып топырақты одан кейін де пайдалану үшін шынжыр табанды трактормен қайта көму;

- ұзынорды өңдеуден соқ қалып қойған топырақтың бір бөлігін жер бетіне біркелкі таратады да, артынан рекультивацияланды;

- құрылыс қалдықтарын жинау және жою, бүкіл құрылыстармен уақытша сипаттағы ғимараттарды қайта монтаждау;

- өсімдік қабатын қайта қалпына келтіру;

- автожолдардың құрылысы кезінде трассалы резервтердің және карьерлердің рекультивациясы қарастырылады;

 

5 Экономикалық бөлім

5.1 Аммортизациялық бөліністер

 

Жаңа машиналар мен жабдықтарды сатып алуға және пайдалануға кететін шығындар, бұрын қолданыстағы техниканы игеруге кететін шығындардан кем болған жағдайда пайдаланушы үшін жаңа техника тиімді болып табылады.

Жаңа машина мен жабдықтарды қолданысқа ендірудің мақсаттылығы туралы шешім жылдық экономикалық тиімділікті негізге ала отырып қабылданады. 

Техниканы сатып алуға жұмсалатын капитал кәсіпорын немесе бірлестік бюджетінен бөлінеді. Жұмсалған қаражат белгілі уақыттан кейін ақталуы тиіс. Сатып алуға жұмсалған капиталдың нормативтік төлем мерзімі( ):

 

 жыл,                                   (5.1)

 

мұндағы - салынған қаржы тиімділігінің нормативтік коэффициенті;

.

Жылдық экономикалық тиімділік(теңгемен) қолданыстағы және жаңа техниканы пайдалану және өндіріс саласында салыстырып анықтайды.

Бұл диплом жұмысында жетілдірілген және балама роторларды пайдаланудағы шығындар есептелді.

Пайдалану саласындағы шығындарды есептеу.

Жабдыққа бөлінетін амортизациялық төлем(бұдан ары қарай балама жабдық- I, жетілдірілген жабдық –ІІ):

 

;                                        (5.2)

 

мұндағы Ц- жабдықтың құны;

     ;

- күрделі жөндеудегі амортизациялау нормасы;

 = 12%.

 

;              

 

Электроэнергиясына жұмсалатын шығындар. Ротор жетегі өзгеріссіз қалғандықтан, олардың электроэнергиясын тұтыну мөлшері екі жағдайда да бірдей болмақ.

 

;              (5.3)

 

мұндағы  Мэ  500кВт- жетектің номинал қуаты;

=0,98 – жетек П.Ә.К.-і;

=0,94–қуаттың жоғалу коэффициенті;

     450кВт- жетектің орныққан қуаты;

5000(сағ)-жабдықтың жылдық тиіміді жұмыс істеу қоры; 

 

 

Жабдыққа күтім көрсетуге жұмсалатын шығындар:

 

;                              (5.4)

 

мұндағы  - қызмет етуші персоналдың сағаттық тарифі;

     - жабдыққа күту коффициенті, қызметші/машина;

 - 3 қызм/маш;

 - 2қызм/маш.

=0,46 - қосалқы еңбекақы (сыйақы, әлеуметтік сақтандыру төлемдері, еңбекті қорғау, т.б.) шығындарын ескеретін коэффициент.

 

, (5.5)

 

;

 

=5000 200 3 (1+0,46) = 4380000 тг,

 

=5000 200 2 (1+0,46) = 2920000 тг;

 

6.2 Қосымша материалдарға жұмсалатын шығын

Майлау материалдарына кететін шығындар

1) Ротордың тіректі мойынтіректерін және механизмдеріне кететін май шығыны, кг/сағ:

В =0,050;  

 

2) Майды ауыстыру мерзімінің ұзақтығы, сағ:

 

t =4500 сағ.

 

3) Жылына майды ауыстыру саны мына формула бойынша анықталады:

n= ;                                          (5.6)

nбаз= =1,78 рет.

4) Ротор мойынтіректерін және механизмдерін майлауға кететін 1 т майдың бағасы:

Цп.м =10 500 теңге.

 

5) Майлау материалдарына кететін жылдық шығындар, теңге/кг:

 

Ц мм∙Тф∙ Цп.м ∙аn,                                           (5.7)

 

мұндағы Вмм-тіректі мойынтіректерге кететін май шығыны;

Цп.м -1 т майдың бағасы.

 

Ц мм∙Тф∙ Цп.м ∙аn;(5.8)

 

 Ц =5 250 000 теңге;

 

;                                        (5.9)

мұндағы m - қосалқы материалдардың шығындалу нормасы, кг/сағ;

 - материал бірлігінің құны, тенге/кг(қосалқы материалдарға кететін шығын туралы мәліметтер болмаған жағдайда,машина құнының 0,5% етіп алуға болады).

Жөндеуге жұмсалатын шығын жабдықты монтаждауға кететін қаражатты негізге алып есептелінеді:  

 

           (5.10)

 

мұндағы = 1500000 (тг) - жетектің құны;

= 120000 (тг) - транспорттық, дайындамалық шығындар;

            Моб  150000 (тг) -технологиялық жабдықты монтаждау;

 Обн  200000 (тг) - ескерілмеген жабдықтарға кететін шығын;

 

 = 0,55(500000+150000+

+200+120000+150000+200000)=383361тг;

 

(500000+150000+150+120000+150000+200000)=383361тг;

 

Аспапқа кететін шығын:

 

         (5.11)

 

(500000+150000+200+120000+150000+200000)=38300тг;

 

(500000+150000+100+120000+150000+200000)=34850тг;

 

Ілеспелі капитал салымдарын амортизациялау:

 

( (5.12)

 

( =0,01(150000+200+

+120000+150000+200000)12=236424тг;

 

( =0,01(150000+100+

+120000+150000+200000)12=236324тг;

 

Пайдалану саласындағы шығындар:

 

+ (5.13)

+ =600000+4308500+ +4380000+ 383300+41666+38300+236424 9988261тг;

 

+ =600000+4300000+ +2920000 + 380000+41666+348500+236424 8524638 тг;

5.2 Жылдық экономикалық тиімділікті анықтау

 

Жинақ шығынды есептеу:

 

;(5.14)

 

мұндағы U´- пайдаланусаласындағыжадықбірлігінежұмсалатыншығын, теңге/дана;

 

=5000000+1500000+120000+ +150000+20000=6970000тг       

 

 

 

5.1-кесте-Пайдалану барысындағы балама және жетілдірілген жабдыққа жұмсалатын шығындар кестесі

 

Атауы Белгіленуі Аналог Жоба
1 Жабдыққабөлінетін амортизациялық төлем 600000 600000
2 Электрэнргиясына жұмсалатын шығын 4308500 4300000
3 Жабдыққа күтім көрсетуге жұмсалдатын шығын     4380000   2920000
4 Жабдықты жөндеуге жұмсалатын шығын 383300 380000
5 Қосымша материалдарға жұмасалатын шығын 41666 41666
6 Аспаптарға кететін шығын 38300 34850
7 Ілеспелі капитал салымдарын амортизациялау     236424   236224
8 Қолданыс саласындағы шығын   U´ 9988261 8524638
9 Жинақ шығын 11033761 9570138

 

Келтірілген шығындарды аналог және жобалық нұсқамен салыстыра отырып үнемдеу жылына 146200 теңге екенің көреміз.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл дипломдық жобада тақырыбы «Тереңдігі 4000 м асатын, ұңғыны бұрғылауға Р-560 роторын жобалау» бұрғылау роторларының конструкциясы толығымен игерілді, атап айтқанда, оның мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда қолданылатын басқа роторлармен салыстырғандағы ерекшеліктері, артықшылықтары мен тиімділігі. Олардың конструкцияларын қарастыру және анализдеу нәтижесінде игеруге қажетті негізгі бағыттар мен бастапқы берілгендер анықталды. Р-560 бұрғылау роторын игеру және жетілдіру мақсатында есептеулер мен зерттеулер жүргізілді.

Ротордың конструкциясы мен техникалық сипаттамасының талдамасы орындалған.Оны модернизациялау сұрағын қарастырсақ. Ротордың патенттік талдау негізінде ЭЕМ-ды пайдалану арқылы есептеу, өте үлкен мүмкіндіктер тудырады.

Жабдықтарды пайдалану мен жөндеу кезіндегі еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сұрақтарға көңіл бөлінген.

Экономика жөніндегі сұрақтары дәріптелген және экономикалық тиім- ділік есептері келтірілген.

Дипломдық жобада келтірілген есептеулер техника- экономикалық баламаларға сәйкес  жауап береді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Баграмов Р.А. Буровые машины и механизмы. «Недра», 1988

2. Ильский А.Л., Миронов Ю.В., Чернобыльский А.Г. Расчет и конструирование бурового оборудования.- М: «Недра», 1985

3. Бейзельман Р.Д., Цыпкин Б.В., Перель Л.Я. Подшибники качения. Справочник. Изд.5., испр. и дополн. 1967

4. Ефимченко С. И. , Бабарыкин В. В. Расчет бурового оборудования с применением ЭВМ. Уч. пособие. - М. : МИНХ и ГП им. И. М. Губкина,

5.Алексеевский Г.В. Буровые установки Уралмашзавода.-М.:          Недра, 1981. 528с.

6. Северинчик И.А. Машины и оборудование для бурения скважин.-М.:Недра,1986.368с.

7. Ефимченко С.И., Прыгаев А.К. Расчет и конструирование машин и оборудования нефтяных и газовых промыслов. Часть 1. Расчет и конструирование оборудования для бурения нефтяных и газовых скважин. – М.: ФГУП «Изд-во «Нефть и газ» РГУ нефти и газа им. И.М.Губкина, 2006. – 736 с.

8. Басарыгин Ю.М., Булатов А.И., Проселков Ю.М. Технология бурения нефтяных и газовых скважинУчебник. М.: Издательский центр «Академия», 2003. — 352 с

9. Аванесов В.А. , Смолина А.К.,Москалева Е.М. Расчеты буровых машин и механизмов с применением ЭВМ. Учебное пособие.- Перьм. Ухтинский индустриальный институт, Ухта,1989.134 с.

10. Чернавский С. А. Курсовое проектирование деталей машин. М. Машиностроение, 1979.

11. Буровые установки Уралмашзавода. Вып.'2. М., Недра, 1975

12. Лесецкий В. А., Ильский А, Л. Буровые машины и механизмы. М.,    Недра, 1980

13. http://eco.gov.kz/kaz/docs/eko_kodeks.php - ҚР Экологиялық кодексі

14. http://www.tflex.ru/products/konstructor/cad2d/

15. http://sozdik.kz/ - Қазақша-орысша онлайн сөздік

16. http://gost.ru/wps/portal/ - Мемлекеттік стандарттар базасы

17.http://technologysmash.ru/page_Obrabotka-konicheskix-zubchatyx–маши-

на жасаудың теориялық негіздері 

18.http://ru-patent.info/21/00-04/2103471.html-Мемлекеттік патенттер база-

сы

19.http://www.cross-kpk.ru/ims/02708/OTM/Glava5/razdel6/razdel5-маши-

налар мен механизмдердің бөлшектерін есептеу

20.http://www.oglibrary.ru–Техникалық әдебиеттің электронды библио-

текасы "Нефть и газ"

21. http://neft-gaz.kazakh.ru - Ғылыми техникалық электронды журнал

 


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1156; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!