Сандар пирамидасы Биомасса пирамидасы Энергия пирамидасы

ДӘРІС №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы. Мақсаты:Студенттерге экология және оның қысқаша даму тарихы, экологияның ғылым ретінде анықтамасы, мақсаты, міндеттері және әдістері, ғылымның қысқаша тарихы. бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология туралы түсінік бере отырып, экологияның басқа ғылымдармен байланысын, экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролін түсіндіру. Жоспары: 1. Экология туралы түсінік. 2. Экология қалыптасуының және дамуының қысқаша тарихы. 3. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы 4. Экология бөлімдері. 5. Экологияның зерттеу әдістері. Негізгі түсініктер: экология, аутэкология, синэкология, биоиндикация, лихеноиндикация, қоршаған орта. Экология туралы ұғым.    Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экологиядейміз.   Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.    Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.    Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ.б.э.д) жазған , ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған. Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.Рулье, Н.Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты. А.Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы , Орталық Европаны, Сібірді , Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды. XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды. XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде. XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.    Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.    Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау. Экология ғылымының негізгі міндеттері: 1. организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу; 2. табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау; 3. адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу; 4. биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру; 5. биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру; 6. көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру; 7. экологиялық қауіпсіздікті сақтау.  2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.        Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым». Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады. Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады. Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.         Ф.Энгельстің айтуынша , «ғылымның ең бастапқы қалыптасуы мен дамуы өндіріске тәуелді» , дейді.        Басқа жұмысында(1868ж.) Геккель жазған: «Біз экология деп экономика туралы, жануар организмінің үй тұрмысы туралы ғылымды ұғынамыз» дейді. Осындай жоспарда өсімдіктер туралы Эмпедокл (б.э.д.IVғ.) жазған , Теофраст (IIIғ.б.э.д.) , ал жануарлар туралы Аристотель(IVғ.б.э.д.) жазған. Экологияның дамуына үлкен үлес қосқан А. Гумбольдтың, Ч.Дарвиннің, К.Ф.Рульенің , А.Северцовтың және т.б. еңбектері болды.        Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулісі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып , өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды. XIXғ. ортасында Ресейде биологиялық ғылымның экологиялық бағытының дамуына үлкен үлес қосқан К.Ф.Рулье(1814-1858) болды. Осы ғалымның еңбектері арқасында зоологиядағы экологиялық бөлім қалыптасқан. XIXғ. соңында Ч.Дарвиннің ілімі негізінде экология – организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған. Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде , табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді. XXғ. 60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады.           3 Экология бөлімдері. 1.Аутэкология  - особьтар экологиясы. Аутэкология  бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді. 2. Демэкология - популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.        Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. 3.  Синэкология - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. 4.Экологияның негізгі бағыттары Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар: 1.Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді. 2.Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді. 3.Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады. 4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді. 5. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді. 6. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді. 7. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі. 5. Экологиялық зерттеу әдістері. Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр. Бақылау сұрақтары: 1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз. 2.Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз. 3.Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз. 4.Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз. 5.Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз. 6.Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Р.С. Оразбаева, А.О.Дәрібай «Экология», Астана, 2010 2.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 3.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990. 4.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003 Қосымша әдебиеттер: 1.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003. 2.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997. ДӘРІС № 2 Тақырып: Аутэкология. Организм және қоршаған орта. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі. Мақсаты:Студенттерге экологияның аутэкология бөлімінің ерекшеліктері, тірі организмдердің таралған негізгі тіршілік орталары, тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері туралы білім беру. Жоспары: 1. Аутэкология –экологияның бір бөлімі. 2. Жер бетіндегі организмдердің таралуы. 3. Тіршіліктің пайда болу теориясы. 4. Биосфера эволюциясы. 5. Организдердің негізгі тіршілік орталары: 6. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм. Негізгі түсініктер:биологиялық ырғақтар, фотопериодизм, биолюминесценция, гидробионттар, геобионттар. 1. Аутэкология  бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады. 2. Жер бетінде организмдердің таралуы.           Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді. Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған . Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады- тропикалық жауынды орман , таулы орман , тундра , тайга, сованна немесе шөлдала.  Биогеографиялық облыстар : 1.Голарктикалық (Солт.Америка Гренландиясыз, Евразия Индиясыз, Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка) 2.Палеотропикалық (Оңт. Африка, Мадагаскар , Индия  және ИндоКитай) 3.Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания) 4.Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка) 5.Антарктикалық (Антарктика) 3. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. 1.абиогеноз теориясы(тірінің өліден пайда болуы) 2.биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы) Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады. Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклейн қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесу функциясы болып табылады. Нуклеин қышқылы-нуклеотид полимерлері болып табылады, ал ол кезегінде азоттық негізден, центоздан және фосфаттан тұрады. Ақуыздар-бұлар да полимерлер және амин қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы - ферментативтік.   Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін. 1-сатысында өмір үшін сипатты содан метаннан және аммиактан аралық молекула қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азоттық қосылысты, жай күрделілігі бар қосылыстар-амин қышқылдар және органикалық негізді-аденин. Олар Опаринмен Холдейн гипотезаларына сәйкес «первичный бульон» құрамды бөлігі болып саналады. 2-сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдастыру процесінің пайда болу, оны біз тіршілік деп атаймыз.    3-сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану. 4. Биосфера эволюциясы. Палеонтологиялық мәліметтер бойынша: 1.протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын)- бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды. 2.палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) – жер беті өсімдіктер , амфибиялар пайда болды; 3.мезозой эрасы- (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды; 4.кайназой эрасы-(70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды.

Тіршілік орталары

Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта.

Су тіршілік ортасы.

Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь.

Су тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттектің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т.б. Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробионттар деп атайды. Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі.

  Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі – зоопланктон және фитопланктон  деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар , т.б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады.

Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады.

Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.

Құрлық- әуе тіршілік ортасы.

      Құрлық – әуе тіршілік ортасы – экологиялық жағдайы бойынша ең күрделісі.

      Жер беті ортасының жарық тәртібіне өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық адаптациясы қалыптасқан .

      Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін энергияның сырттан түсуі қажет. Оның негізгі көзі күн сәулесі болып табылады.

    Егер Жерге дейін жететін күн энергиясын 100% деп есептесек, онда шамамен оның 19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық кеңістікке шағылысады және 47% жер бетіне жетеді. Тікілей күн сәулесі - әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден тұрады: ультракүлгін сәулелер 1-ден 5% дейін , көзге көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін, инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін.

   Ультракүлгін сәулелер ұзынтолқынды (290-380нм), қысқатолқынды (тірі ағза үшін өте қауіпті), іс жүзінде толықтай 20-25 км биіктікте озон экранымен сіңіріліп кетеді. Ұзынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян , ал аз мөлшерде бактерицидтік әсері бар және құрамында Д витамині болғандықтан, рахит ауруына қарсы пайдаланылады.

Жер бетінің экологиялық факторларының біріне ауа жатады. Ауаның құрамындағы аздаған өзгерістер мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті. Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлардың кең таралуына себебін тигізуі.

  Топырақ тіршілік ортасы.

            Жер бетінде топырақ түзілу процесі ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жеміс. Топырақтағы организімдердің экологиялық топтары.

Геобионттар – топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизімдер, қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары, т.б.

Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организімдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзынаяқтылар, масалар, т.б. жатады.

Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады.

Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады.   

Топырақта мекендеушілеріне жануарлардың келесі тобы жатады.

1) Микрофауна(ұсақ топырақ жануарлары).

2) мезофауна-буынаяқтылар.

3) макрофауна-ірі топырақ жануарлары.

Тірі ағзалық тіршілік ортасы

Тірі организмдердің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің ішінде көптеген олардың өкілдері екінші бір организмдерді-паразиттер немесе арамтамақтар  деп атайды. Барлық паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер: эктопаразиттер (иесінің сыртқы денесінде кездесетін – кенелер, сүліктер, бүргелер, масалар, т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде кездесетін-құрттар, бактериялар, вирустар, қарапайым паразит өкілдері,т.б.) деп жіктеледі.

Ағзалық тіршілік ортасында ағзалар паразиттік және жартылай паразиттік тіршілік етеді.

Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.

Табиғаттағы жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді. Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.

Бақылау сұрақтары:

1.Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз.

2.Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз.

3.Тіршілік орталарын атаңыз.

4.Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз№ Әр топтың өкілдеріне мысал келтіріңіз.

5.Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсетіңіз.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

2.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 


ДӘРІС №3

Тақырып: Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.

Мақсаты: Студенттерге антропогенді факторлардың әсер ету заңдылықтары, Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы, стенобионтты және эврибионтты организмдер, организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні, ортаның экологиялық сыйымдылығы жайлы білім беру

Жоспары: 

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:

2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы.

Негізгі түсініктер: экологиялық факторлар, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, антропогенді факторлар, толеранттылық диапазоны, оптимум зонасы, экологиялық валенттілік

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлерін ерекше атап өту қажет;

1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі.         

2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.

            Экологиялық факторлардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді.

1.фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.

2.фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.

3.фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады. 

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.

1.Орта және орта факторлары, оларды топтау.

2.Ағзаға орта факторларының әсері етуінің кейбір жалпы заңдылықтары.

3.Адаптация биологиялық құбылыс ретінде.

4.Тіршілік ету ортасы.

1.Мекен ету ортасы деп, әдетте ағзалардың табиғи денелермен және құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз.

2.Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.

1.Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.)

2.Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар - кейбір уақыттарда қайталанады-ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.

3.Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.).

4. Белгісіз әсер етуші факторлар-бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестіктері үшін өте қауіпті.

Жарық және мінез-құлық бағдарлануы.

Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық әсері өте маңызды.

Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз.

Ағымдар және оттегі.

          Көптеген тіршілік орталарында жануарлар ағымының әсер етуін сезінеді. Ауа және су ағымдар болып бөлінеді және жануарлардың таралуында қоршаған ортаның реттеуші факторы болып табылады. Олардың әсері екі жақты: біріншіден, ағымдар жануарларға әртүрлі заттар және жылу әкелсе, екіншіден, олар жануарлардың өзін басқа жаққа орнын ауыстыртады.

          Ауа ағымдары горизантальды түрде тұратын жел сипатта және жер бетінен шығатын термальды түрде болып бөлінеді.

          Суда да ағымдар бар. Су ағымының жылдамдығы ауа ағымына қарағанда аз болып келеді. Ол сарқырамаларды үлкен шамада-6 м. секундқа дейін. Ең қуатты су ағымы мұхитта болады, жылы Гольфстрим ағымдарында немесе суық компенсациялық ағымдарында.

          Зат алмасу процесінде көпшілік жануарлар үшін оттегінің ролі өте зор. Ол тыныс алуға қатысады.

          Ересек адамдардың қанында гемоглабиндік байланысқан оттегінің мөлшері 1 метрге дейін болады. Гемоглобин көмегімен О2-тканьдерге таралады және сіңіреді.

          Жануарлар үшін О2 негізгі зат тіршілік үшін қажетті. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, одан жануарлардыңәртүрлі мекен ету орталарына таралуы тәуелді. О2 таралуы: Ауадағы оттегі, топырақтағы О2, таяз судағы О2, теңіз О2-сі, паразиттердегі О2.

Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу.

Температура мен ылғалдылықтың әсер етуі. Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлардеп аталады.

          Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды.

          Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте төзімді жануарлар эвритермдік , ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.

          Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері- Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі шарты. Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері су ерітіндісінде жүреді.

            Көптеген жануарларда ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.

Биотикалық факторларға адаптация.

Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.

          Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

Гүлдер мен өсімдіктер.

          Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар Екі өзендік мемлекетінде құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік).

          Х.К.Шпренгель «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің балауыз қасиеттері сол өсімдікті тозаңдыратын насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасы кектар соратын мүшесі ұзын болып келеді. Оңтүстік америка көбелегі- тұмсықтар өте ұзын гүл формасына байланысты. Шмель -> аконит

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.

            Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

      

Бақылау сұрақтары:

1.Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?

2.Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?

3.Экологиялық фаткорлардың жіктелуін көрсетіңіз.

4.Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?

5.Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз.Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?

6.Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

2.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

3.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

3.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

4.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 


ДӘРІС № 4

Тақырып: Популяция экологиясы-демэкология.

Мақсаты: Студенттерге популяция түсінігі, популяцияның статикалық сипаттамалары, популяцияның динамикалық сипаттамасы туралы түсінік беру

Жоспары:

1. Популяция туралы жалпы мағлұмат.

2. Популяцияның құрылымы мен түрлері.

3. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.

4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.

5.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Негізгі түсініктер: популяция, динамика, статика, тығыздық, өсу қарқындылығы, логистикалық қисық, экспоненциалды өсім, демография, биомасса.

1.  Популяциялық тіршілік деңгейі.

       Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді.

          Популяция  дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.

  Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.

           

Популяция құрылымы

 


                                                                                                                      өлімі

 

      особьтар

        саны        ареалы  жастық    жыныстық туылымы

                                               құрамы        құрамы      өсу темпі

       тығыздығы                               

   

 

2. Популяцияның құрылымы мен түрлері.

Популяцияның түрлері:

     Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Популяцияның басқа да классификациясы бар. Популяцияны көбею түріне, өмір сүру ұзақтығына, генетикалық дәрежесіне байланысты да жіктейді. Популяцияның орналасқан территориясына және особьтар арасындағы қарым-қатынас дәрежесіне байланысты элементарлы, экологиялық, географиялық деп бөледі.

Элементарлы популяция толық пнмиксиямен сипатталатын особьтардың қарапайым топтары. Панмиксия –популяция ішінде немесе қандай да бір басқа түрішілік топтарда особьтардың еркін будандасуы. Панмиксия терминін 1885 жылы Вейсман енгізген.

Экологиялық популяция –кеңістіктегі біріккен элементарлы популяциялардың жиынтығы.

Географиялық популяция кеңістіктегі біріккен экологиялық популяциялардың жиынтығы.

Өздігінен пайда болу және эволюциялық түр түзілу процестері жүру қабілетіне байланысты перманентті-тұрақты, және темпоральды-уақытша деп бөлінеді.

Перманентті попцляция –кеңістікте уақыт бойынша салыстырмалы түрде тұрақты, ұзақ уақыт бойы шексіз ұзақ уақыт бойы өздігінен қалыптасуға қабілетті эволюцияның элементарлы бірлігі.

Темпоральды популяция кеңістікте өмір сүруі тұрақсыз, өздігінен ұзақ уақыт қалыптасуға қабілетсіз популяция. Ол жағдайлар өзгерсе перманентті популяцияға айналады немесе мүлде жойылып кетеді.

Көбею тәсіліне байланысты популяцияны панмиктикалық, клональды, клональды-панмиктикалық деп бөледі.

Панмиктикалық популяция- жыныстық жолмен көбейетін особьтардан тұрады.

Клональды популяция –тек қана жыныссыз жолмен көбею қасиеті тәне особьтардан тұрады.

Клональды-панмиктикалық популяция-жыныстық және жыныссыз жолмен көбеюі ауысып отыратын особьтардан тұрады.

 3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.

Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасыжатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады.

Популяцияның статикалық көрсеткіштері

Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.

Популяция саны

Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны.

Популяция тығыздығы                                           

Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады.

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері

Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.

Туылым

Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны.

Өлім – жітім

Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны.

Популяцияның өсуі

Популяция өсуі өлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық.

XVII ғасырда популяцияның санының өсуі геометриялық прогресс заңымен өсетіні белгілі болған, ал XVIIІ ғасырдың аяғында Томас Мальтус халықтардың геометриялық өсуі жөнінен өзінің әйгілі теориясын ұсынды. Қазіргі математикалық тілмен айтқанда организмдердің экспонциалды өсуі. Экспоненциалды өсу дегеніміз -өзгермейтін тұрақты жағдайларда популяция особьтерінің сандарының өсуі. Ұзақ уақыт бойы тұрақты, өзгерусіз сақталатын жағдайлар табиғатта мүмкін емес.

Өсу қарқындылығы

Популяцияның өсу қарқындылығының өзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Көбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады.

4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.

Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы.     Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция.

Популяцияның кеңістіктік таралуы

Біркелкі таралу-бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты.

Кездейсоқ таралу-бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі.

Популяцияның демографиялық құрылымы

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп атайды(«демос»-халық, «графо»-жазамын, суреттеймін). Белгілі бір популяция жас ерекшелігі әр түрлі особьтардан тұрады. Топтардың жас ерекшелік және жыныстық қатынасы популяцияның өсу қарқындылығы мен тіршілікке бейімдеушілігін және оның құрылымының маңызды сипаттамасы болып табылады.

Популяцияның этологиялық құрылымы

Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымыдеп атайды. Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жөніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық өмір сүруіне байланысты.

Жалғыз өмір сүруде- популяцияның особьтары бір-біріне байланыссыз тіршілік етеді. Жанұялық өмір сүрутипінде ата-аналары мен ұрпақ арасында байланыс күшейеді.

Қауым-отырықшы жануарлардың топтық орналасуы.

Тобыр.Биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрәкеті байқалатын жануарлардың уақытша бірлігі

Үйір.Тобырмен салыстырғанда үйір - бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі.

Бақылау сұрақтары:

1.Популяцияға анықтама беріңіз.

2.Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз.

3.Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз.

4.Туылу, өсу жылдамдығы, өлу дегеніміз не?

5.Туылу мен өлімнің типтері қандай?

6.Биотикалық потенциал дегеніміз не?

7.Биотикалық факторлардың түрлері қандай?

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

3.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 


ДӘРІС № 5

Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.

Мақсаты:Студенттерге биоценоз туралы түсінік беру және экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары, Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі, экологиялық қуыстың потенциалды және жүзеге асырылған түрлерін түсіндіру.

Жоспары:

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:

2. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.

3. Экологиялық пирамида және оның типтері.

4. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.

5. Экологиялық сукцессиялар. 

Негізгі түсініктер:биоценоз, синекология, биогеоценоз, экожүйе, нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, аменсализм, микориза, антибиоз, аллелопатия.

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877

Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.

      Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе.

Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады.

Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе.

Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады.

Биотикалық қарым қатынастары

Табиғатта әрбір тірі организмдер оқшау, жеке тіршілік ете алмайды. Оны көптеген табиғаттың басқа өкілдері қоршайды және бұлардың барлығы бір бірімен күрделі қарым қатынаста болады. Организмдер арасындағы қарым қатынастар, сонымен қатар олардың тіршілік жағдайларына әсері қоршаған ортаның биотикалық факторларының жиынтығын құрайды. Экологиялық қарым қатынастар, әдетте, өте күрделі сипатта болады, көптеген факторларға байланысты және әртүрлі жағдайларда өзгеше өтеді.

Биотикалық факторлар деп –организмдер мен популяциялар арасындағы өзара әрекеттесу формаларын атайды. Биотикалық факторлартүрішілікжәне түраралық болып бөлінеді.

Түрішілік- Гомотиптік реакциялар

Гомотиптік реакциялар-бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер. Бірлесіп тіршілік еткен жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттері көп дәрежеде популяция саны мен тығыздығына тәуелді болады. Сол себепті топ және масса эффектісімен байланысты құбылыстардың мәні үлкен.

Топ эффектісі дегеніміз - топтың өзінің және топ құрамындағы организмдердің санының дара организмдердің мінез-құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы.

Масса эффектісінің топ эффектісінен айырмашылығы, ол бір түр особьтарының бірін бірі сезінумен байланысты емес.

Масса эффектісін особьтарсаны және популяция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында пайда болатын организмдер туындатады.

Гомотиптік реакцияларға топтың және масса эффектілерінен басқа, бір түр особьтары арасындағы әрекеттердің және бір формасы- түр ішіндегі бәсекелестік жатады. Бәсекелестіктің барлық түріне қатысты бір ереже бар: бәсекелестердің мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бәсекелестік соғұрлым шиеленісе түседі.

Бәсекелестіктің негізгі екі түрі - тікелей және жанама бәсекелестік болады.

Тікелей бәсекелестік особьтардың бір-біріне тікелей ықпал етуі арқылы жүзеге асады.

Жанама бәсекелестік - особьтардың тікелей әрекеттесуін қажет етпейді. Ол аралық буындар арқылы әртүрлі жануарлардың бірдей және міндетті түрде шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туады. Сондықтан ондай бәсекелестікті, кейде пайдаланушылық бәсекелестік деп атайды.

Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар

 Гетеротиптік реакциялар- әртүрлі түрлерге жататын жеке организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер.

2. Қарым-қатынас типтері

Бәсекелестік екі популяция бір-біріне жағымсыз әсер ететін қарым-қатынас.

Бейтараптылықнемесе нейтрализмекі популяция өзара әрекеттеспейді және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпейді.

Мутуализмге екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынас.      

Шаян мен актинияның симбиозы

Симбиоз- организмдердің белгілі дәрежеде бірге тіршілік етуі.

Ынтымақтастық екі популяцияның қауымдастық құруы.

Комменсализм жағдайында қауымдастық құраушы түрдің бірінің популяциясы бірлесіп тіршілік етуден пайда табады, ал екінші түрдің популяциясы ешқандай пайда көрмейді.

Аменсализмбірге тіршілік ететін түрлердің біріне басқа түрдің әсері теріс (ол қысым көреді), ал тап осы уақытта қысым көрсетуші зиян да шекпейді, пайда да көрмейтін қарым қатынас түрі

Жыртқыштық депбір популяция екіншісіне жағымсыз ықпал ете отырып, сол әрекетінен пайда болатын популяция аралық қатынастарды атайды.

Паразиттілік- бір түрдің (паразиттің) организмдерінің басқа түрдің (қожайынның) организмінің ұлпалары немесе қоректік заттардың есебінен тіршілік етеді.

Мұқтаждықтары бүтіндей ұқсас екі түр бірдей жағдайда тіршілік ете алмайды, олардың біреуі белгілі бір уақыттан соң міндетті түрде ығыстырылып шығарылады. Осы қағида бәсекелестік құбылыстарын алғаш рет инфузориялармен жүргізген эксперименттері арқылы айқын көрсеткен Г.Ф.Гаузенің құрметіне "Бәсекелестік арқылы жою немесе Гаузе принципі"деп аталып, заң дәрежесіне ие болады.

3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс

 Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі.

Организмдердің экологиялық қуысы оның қай жерде тұратынына ғана емес, оның не істеуіне (энергияны ол қалай өзгертеді, оның мінез-құлқы қалай, ол ортаның физикалық және биотикалық жағдайларға қалай жауап береді және өзгертеді) және басқа түрлермен қалай қарым-қатынас жасауына байланысты.

Тіршілік орнын білу – қуысты зерттеудің басы ғана. Табиғи ортада организмдердің жағдайын анықтау үшін, біз олардың белсенділігі туралы, қорегі мен энергия көздері туралы, өсу мен метаболизм жылдамдығы туралы, қарым – қатынасқа түсетін басқа организмдерге оның әсері туралы, экожүйедегі маңызды процестерге оның тигізетін әсерлерін анықтауымыз қажет.

Түр аралық бәсекелекстік нәтижесінде экологиялық қуыстың бөлінуі құбылысы «экологиялық диверсификация» деп аталады.

Бірге тіршілік етіп жүретін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр: кеңістіктік орналасу, азықтық мамандану, белсенділік мезгілі бойынша жүзеге асады.

Американ зоологы Одумның анықтамасы бойынша: тіршілік ортасы - организмнің адресі болса, экологиялық қуыс —оның жалпы іс-әрекеттерінің түрі.

Экологиялық қуыс түсінігін пайдаланып, Гаузе принципін былай нақтылауға болады: екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды.

Сонымен, организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы-экологиялық қуысдеп аталады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Биоценоз деген не?

2.Гомотипті реакциялар туралы не білесіздер?

3.Гетертипті реакцияларға қандай қарым-қатынастар жатады?

4.Гаузе принципінің мәні неде?

5.Экологиялық қуыс деген не, оның қандай түрлері бар?

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

2.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

4.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

5.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

2.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

3.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

4.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

Дәріс 6

Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.

Мақсаты: Студенттерге экожүйе жайлы түсінік беру. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы, термодинамиканың бірінші және екінші заңы, 1% ережесі және Линдеманның 10 % ережесі, бірлестіктің трофикалық экологиялық пирамидалар), экожүйенің өнімділігі, экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүйе тұрақтылығының механизмі жайлы білім беру.

Жоспар:

1.Экожүйе түсінігі

2.Экожүйедегі зат айналым

3.Экожүйенің қоректік құрылымы

4. Экожүйелердің өнімділігі

5.Экологиялық пирамидалар

6.Экологиялық сукцессиялар

Негізгі түсініктер: энергия ағыны, заттар ағыны, экологиялық пирамида, климаксты бірлестік, сукцессия, гетреотрофтар, автотрофтар, миксотрофтар, некротрофтар, биотрофтар, сапротрофтар, қоректік құрылым,

Биоценоздағы тірі организмдер тек бір-бірімен байланысып, ғана қоймай, өлі табиғатпен де байланыста болады. Бұл байланыстар заттар және энергия арқылы іске асады.

Биоценоз қоршаған ортамен заттық-энергетикалық байланыссыз тіршілік ете алмайды.

Зат айналымды қолдайтын, кез келген тірі организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы –экологиялық жүйе немесе экожүйедеп аталады. 

Біздің планетамыздағы жалпы биологиялық зат айналым көптеген жеке заттардың қарым қатынасынан құралады.  Экожүйе зат айналымды тек төрт құрамды бөлігі болған жағдайда ғана қамтамасыз ете алады. Олар: биогенді элементтер қоры, консументтер, продуценттер және редуценттер.

Экожүйедегі өнімділік пирамидасы және энергия ағыны

Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер

Консументтер- өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды жаңа формаға айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша-«consumo»-тұтынамын) продуцентттер жасаған органикалық заттарды пайдалантын гетеротрофты организмдер.

Редуценттер- органикалық қосылыстарды минералды қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша «reduceus, reducentis» - қалпына келтірушілер, деструктор) органикалық заттарды ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаар.

Зат ағыны тұйық циклде өтеді, сондықтан ол зат айналымдеп аталады. Заттар үздіксіз экожүйенің әртүрлі звеноларында айналымға түседі және барлық уақытта қайтадан зат айналымға түсуі мүмкін, ал энергия бір рет ғана пайдаланылады.

Энергия ағыны -бұл органикалық қосылыстардың химиялық байланыстар түрінде бір деңгейдегі организмнен екіншісіне энергияның ауысуы.

Заттар ағыны -продуценттерден редуценттерге заттардың химиялық элементтер мен олардың қосылыстары түрінде берілуі және әрі қарай химиялық реакциялар арқылы тірі организмдердің қатысуынсыз заттардың процестерге қайта келуі.

Энергияның бір жақты келуі- табиғаттың маңызды құбылысы. Бұл процесті физика заңдарымен түсіндіруге болады. Бұл заң бойынша энергия бір түрден басқа түріне (қоректің химиялық энергиясы) ауыса алады, бірақ энергия ешуақытта қайтадан жасалмайды.

Термодинамиканың 2-ші заңы бойынша энергия бір түрден екінші түрге айналғанда, яғни жұмыс кезінде энергия жылулық түріне өтіп, қоршаған ортаға таралады. Клеткалар мен органдардың күрделі жұмысы организмнен энергияның шығындалуы арқылы орындалады. Зат айналымның әрбір циклі тірі организмдердің белсенділігіне байланысты, жаңа энергияның қайтадан түсуін барлық уақытта талап етеді.

Қоректік тізбектер. Қоректік торлар

Биоценозда қоректік торлар - жасыл өсімдіктер жинақтаған энергия мен заттарды бір-біріне беретін организмдердің көптеген қысқа қатарларынан тұрады. Әрбір алдыңғы түр келесіге қорек болатын мұндай қатарлар - қоректік тізбек, ал қоректік тізбектің бөлек звенолары - қоректік деңгей деп аталады. Қоректік тізбек әрқашан өсімдіктен немесе олардың қалдықтарынан басталады.

1-ші қоректік деңгей,яғни жасыл өсімдіктер –продуценттер, яғни шөпқоректі жануарлар- І-ші реттік консументтерді құрайды. Ал шөпқоректі жануарлармен қоректенетін 1-ші реттік жыртқыш 3-ші қоректік деңгейді, яғни 2-ші реттік консументтер деңгейін; сол сияқты 2 реттік жыртқыштар 4-ші қоректік деңгейді, яғни 3-ші реттік консументтер деңгейін түзеді

Қоректік тізбекті екі типке бөлуге болады: жайылымдық тізбек жасыл өсімдіктен басталып, одан әрі жайылымдағы фитофагтарға, сонан соң жыртқыштарға жалғасады.

Ал детриттік тізбектер өлі органикалық заттардан детритофагтарға, одан жыртқыштарға жалғасады. Мысалы, жайылымдық тізбек: жасыл өсімдік→ шөпқоректі жануар →жыртқыш, ал детриттік тізбек: өлі органикалық зат (детрит)→ микроорганизмдер→ (бактериялар, саңырауқұлақтар) немесе детритофагтар (қос жақтаулы ұлулар, құрттар, бунақденелілердің дернәсілдері)→ детритофагтар жыртқыштарынан (құстар, жер қазғыштар және т.б.) құралады.

Қоректік тізбектер бір бірінен оқшауланбай, қайта керісінше, айқасып жатады. Олар қоректік торлар деп аталатын құрылымдар түзеді.

Экожүйе өнімділігі

  Бірлестіктің маңызды қасиеті-олардың жаңа биомассаны құрауға қабілеттілігі. Бұл қасиет жүйенің өнімділігі түсінігінің негізінде жатыр.

Экожүйелерде органикалық заттардың құралу жылдамдығы- биологиялық өнімділік, ал тірі организмдердің дене массасы- биомассадеп аталады. Сонымен, биологиялық өнімділік олардың биомассасын құру жылдамдығы.

Бастапқы немесе алғашқы өнімділік (БӨ). Ол продуценттердің биомассасын түзу жылдамдығы.

Гетеротрофты организмдерде органикалық заттардың жиналу жылдамдығы екінші реттік өнімділік (ЕӨ)деп аталады. Екінші реттік өнімділік барлық қоректік деңгейде кездеседі. Өсімдіктер өнімділігі алғашқы, ал жануарлардың немесе басқа консументтер өнімділігі екінші реттік өнімділік деп аталады..

Экожүйенің қоректік құрылымы

Қоректік тізбектегі қарым-қатынастың нәтижесінде энергияның тасымалдануы арқылы әрбір бірлестіктің белгілі қоректік құрылымы болады. Қоректік құрылымды аудан бірлестігінде жиналған энергия мөлшерін анықтап, экологиялық пирамида түрінде көрсетуге болады.

Сандар пирамидасы2/даралар саны) - әртүрлі қоректік деңгейдегі организмдердің санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінің басы продуценттер- ағаш болса, ал 1 реттік консументтер - бунақденелілер болғанда, 1 реттік консументтер деңгейінің санынан продуценттер деңгейі особьтар санынан көбірек. Бұл жағдайда сандар пирамидасы- төңкерілген күйде болады.

Сандар пирамидасы Биомасса пирамидасы Энергия пирамидасы

(аудан бірлігіндегі               (биомассаның құрғақ        (Дж/м2 жыл)

особьтар саны)                           салмағы г/м3)

 

Экологиялық пирамидалар типі

 

Биомасса пирамидасы-(г/м2)әрбір қоректік деңгейдегі тірі заттардың жалпы құрғақ салмағын сипаттайды.

Энергия пирамидасы- (Дж/м2 жыл)-қоректік деңгейдегі энергия ағынының немесе "өнімділігінің" шамасын көрсетеді

Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы

Бірлестік құрылымы белгілі бір уақыт бойында біртіндеп құрылады. Ағаштар мен бұталар оларға қажетті топырақ болмағандықтан, жалаң тау жыныстарында өсе алмайды. Бірақ, осы жерлерге түскен балдырлар өсіп-өніп, «балдырлар бірлестігін» құрайды.

Сукцессия терминін 1898 жылы Г.Каулсон ұсынды.

Топырақтары жоқ, жалаң тау жыныстарынан немесе тіршілігі жоқ жерлерден (мысалы, топырақтың шағыл немесе бұрынғы мұздық болған жер) басталатын сукцессияның типін- алғашқы сукцессия деп атайды.

Ал екінші немесе қайталанған сукцессия-бұрын тірі организмдердің әсеріңде болған және органикалық заттары бар толығынан немесе белгілі бір дәрежеде өсімдіктерден айрылған беткейден басталады.

Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, өздігінен қалпына келетін тұрақты, шегіне жеткен бірлестік-климаксты деп аталады. Климакс (грекше - саты) – осы орта жағдайларында экожүйе дамуының соңғы тұрақты жағдайы. «Климакс» терминін ғылымға 1916 жылы Ф.Клементс енгізген.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама беріңіз.

2.Биоценоздың трофикалық құрылымына сипаттама беріңіз.

3.Қоректік тізбек, трофикалық деңгей, қоректік торларды сипаттап беріңіз.

4.10% заңдылығын түсіндіріңіз.

5.Экологиялық пирамида (сандық, биомассалар, энергия пирамидасы) дегеніміз не?

6.Экологиялық сукцессия дегеніміз не?

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

2.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

3.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

2.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

3.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

4.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

ДӘРІС № 7

Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы

Мақсаты:Студенттерге биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы, В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы, тірі зат концепциясы, тірі заттың ғаламдық ролі жайлы білім беру.

Жоспары:

1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.

2. Биосфераның негізгі қасиеттері.

3. Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы:

а) азот айналымы;

ә) көміртегі айналымы;

б) күкірт айналымы;

в) фосфор айналымы.  

Негізгі түсініктер:биосфера, эволюция, тірі зат, костық зат, биокосты зат, биогенді зат, радиоактивті ыдырау өнімдері, космостық табиғаты бар зат, биогеохимиялық цикл.

1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.

«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген.

Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманға биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады.

       Қазіргі заманғы көзқарас бойынша неосфера шекарасы атмосферадағы, шамамен азон экранына дейін (полюстерде 8-10 км., экваторда 17-18 км., басқа жер беттерінде 20-25 км.). Гидросфераны түгелдей, сонын ішінде Әлемдік мұхиттың (11022 м.) ең терең тұңғиығын да тіршілік алып жатыр. Литосферадағы тіршілік бірнеше метрге дейін топырақ қабатын алып жатыр.

          Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен.

          «Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді.

          «Костық» заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. Табиғатта сонымен бірге, «Биокостық» заттар кең таралған.

          «Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:

1.Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.

2.Қозғалыстың белсенділігі.

3.Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау.

4.Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).

5.Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.

6.Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.

Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл.

Құрлық үшін-14 жыл.

Мұхит үшін-33 күн.

Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері:

1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады.

1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.

2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.

2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі.

3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.

4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі.

5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен «косты» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады).

6) Транспорттық –ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.

7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады.

8) Информациялық.

Биосфераның негізгі қасиеттері.

1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)

2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.

3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.

4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.

5) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.

Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы.

Заттар айналымы 2 түрге бөлінеді:

1.Үлкен немесе геологиялық (құрлық пен мұхит арасында).

2.Кіші немесе биологиялық (экожүйе ішінде).

Кіші зат айналым геологиялық зат айналымның бір элементі болып табылады.

Азот айналымы: Азоттың негізгі көзі атмосфера болып табылады. Атмосферадан топыраққа өсімдіктерге [N] нитраттар (NO3) түрінде енеді. Нитраттар азот бекітуші ағзалардың іс-әрекеті нәтижесінде түзіледі.

[N] өсімдіктер үшін екінші көзі-органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде, атап айтқанда, белоктың ерекше тобы аммоний түзуші-ағзалар. (NH2–>NH3–>NO2–>NO3).

          Азоттың атмосфераға қайта оралуы денитрификациялаушы-бактериялар іс-әрекеті процесінде жүреді.(2NO3–>N2+3O2)

Көміртегі айналымы. Атмосферадағы С фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің органикалық заттарына еніп, әрі қоректену тізбегіне қатысады. Ағзалардың тыныс алу процесінде С органикалық заттардан босатылады. С негізгі массасы өлі органикалық заттардан редуценттермен (бактериялар, саңырауқұлақтар) бөлінеді. Көміртегінің шамалы (аз) бөлігі Вернадскийдің айтуынша, заттар айналымынан «геологияға кетеді» торф, көмір, мұнай, су экожүйелеріндегі карбонаттар түрінде.

Көміртегі циклінің негізгі бұзылуы геологиялық құрылымдардан бөлінетін заттарға байланысты. Сонымен қатар өсімдіктер бірлестігінің ауданы мен өнімділігінің өзгеруі нәтижесіне де байланысты. Осы С бір бөлігі атмосферада көмірқышқыл газы мен метан түрінде жиналып, «парниковый эффектісін» пайда болуына ықпал етеді.

Күкірт айналымы. Күкірт ең күшті және көп таралған ауа ортасының ластаушысының бірі. S-айналымының негізгі бұзылуы органикалық заттарды жағумен, күкіртті рудаларды өндірумен, топырақ-күкірт жүйесі циклінің бұзылуымен байланысты.

  Күкірт бұл кезде атмосфераға улы қосылыс түрінде, диоксит (күкіртті ангидрид) ретінде енеді.

Фосфор айналымы. Фосфор айнымалының газ тәрізді фазасы болмайды. Фосфор ағзаларымен бірнеше рет тұтынылғаннан кейін құрлық пен сулы ортаның тұнба түрінде түбіне кетеді. Фосфордың қайтып оралуы мұхиттың ағзаларымен орнын толтырмайды, яғни құрлықтың қажеттілігін толтыра алмайды. Фосфорды пайдалану тұнбалық циклмен бітетін, біржақты процесс болғандықтан, ағзалар үшін фосфордың жетіспеушілік қауіпі туады. Сондықтан оның адаммен орнын толтыру минералдық тыңайтқыштарды енгізу арқылы жүреді.

          Фосфордың бір бөлігі құрлыққа мұхиттан теңіз өнімдерін енеді.

НООСФЕРА

Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.

Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады.

Ноосфера саналы адамзаттың іс әрекеттері дамудың негізгі анықтаушы факторы болатын қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасы.

Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары

Экологиялық проблема - «тірі жүйе - қоршаған орта» жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын қарама қайшылық.

Экологиялық проблемалар өзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылы аймақ) және жергілікті (нақтылы территория, орын) болады. 

Экологиялық дағдарыс- (гректің krisis- бұрылмалы пункт) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, өрт, күннің күрт суытуы, жер сілкінісі және т.б.) немесе антропогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, табиғи экожүйелердің бұзылуы, ормандардың кесілуі және т.б.) экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар.

Бақылау сұрақтары:

1.Биосфера концепциясының мәні неде?

2.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағидалары қандай?

3.Биосфераның ерекшеліктері қандай?

4.Биосфераның тірі зат компонентін түсіндіріңіз.

5.Коммонер заңдарының мәнін түсіндіріңіз.

6.Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі қандай?

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

2.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

3.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.


Дәріс 8

Тақырып: Тұрақты даму концепциясы.

Мақсаты: Студенттерге «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы, Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері, экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография туралы білімдер беру.

Жоспар:

1.Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері

2.Рим клубы

3.Стокгольм конференциясы

4.Рио-де Жанейро конференциясы

5.Иоханесбург саммиті

6.Киото хаттамасы

Негізгі түсініктер: тұрақты даму, декларация принциптері, тұрақты даму концепциясы

«Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

«Орнықты даму» терминінің пайда болу тарихы

Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.

1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды.

1980-ші жылдары «орнықты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды.

1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады:

Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.

Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:

· Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;

· Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;

· Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.

Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады.

Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты – биосфераны қорғау және сақтап қалу.

Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе – теңдікті бұзбай, милиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.

Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселеллер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі-биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр.

Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген lамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.

1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек:

· Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.

· Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

· Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.

· Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.

· Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация)

· Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;

· Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.

· Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;

· Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;

· Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;

· Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

· Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою

· Радиоактивті қалдықтарды жою

· Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі

· Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру: Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа-райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Сонымен қатар конферецияда мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен ретінде қарастыру керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.

2.Экологиялық жағдай типтері қандай?

3.Тұрақты даму дегеніміз не?

4.Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін халықаралық бірлестіктер қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

2. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

Дәріс 9

Тақырып: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық.

Мақсаты: Студенттерге тұрақты дамудың –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық деңгейлері, тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. тұрақты дамудықамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар жайлы білімдерді меңгерту.

Жоспар:

1.Тұрақты дамудың деңгейлері

2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар

3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық

Негізгі түсініктер: тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.

Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.

Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы

      Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;

2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;

3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).

Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:

1. Парламентаралықынтымақтастық,мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.

2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.

3. Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған.

       Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері.

1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды.

Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді:

ЮНЕСКО–ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Ол экология саласында “Адам және биосфера” және “Адам және оны қоршаған орта” бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулержүргізеді;

ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.

ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

ЮНИДО– халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;

МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан.

ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).

МЮО- Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.

МЭС- Халықаралық экологиялық сот. 1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін мәселелерді шешумен айналысады. Бұл ұйымда әлемнің 24 елінен 29 судья жұмыс істейді.

WWF-жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF World Wide Fund for Nature) — 1961 ж құрылған. 27 ұлттық бөлімшелері бар.

МОТ–Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым.

ГРИНПИС(Greenpeace «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімдері бар.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.

2.Экологиялық жағдай типтері қандай?

3.Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін қандай халықаралық бірлестіктерді білесіздер?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

 

 


ДӘРІС №10

Тақырып: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. 

Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы туралы білім беру.

Жоспар:

1.Табиғат ұғымына анықтама

2.Ресурстардың жіктелуі

3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен аспектілері

5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

6.Қазақстанның қазба байлықтары

Негізгі түсініктер: табиғат ресурстары, энергетикалық ресурстар, биологиялық ресурстар, генетикалық ресурстар.

       1. Табиғатдегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.

Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.

       Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.

       Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.

2.Ресурстардың жіктелуі.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су,өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.

     Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.

        Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады      Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.

       Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.

   Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.

       Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.

 3 Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

1.Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

2.Биосфераны оптимизациялау.

3.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

6.Өндірісті шоғырландыру.

7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.

4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.

 Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру бәрі де, белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.

 Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:

1.Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.

2.Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы.

Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:

 Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады. 

Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.

Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.

Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.

5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

            Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.

Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.

6.Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын- алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, көмір мен табиғи газ –тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Бақылау сұрақтары:

1.Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.

2.Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?

3.Жер табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз.

4.«Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.

5.Ластаушы заттардың жіктелуі қандай?

6.Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.

7.Қандай қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар екінші реттік қалдыққа жатқызылады ?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

 


Дәріс № 11

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері .

Мақсаты: Студенттерге өркениет типтері және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме, адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі, табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы.: негізгі этаптары (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық) жайлы білім беру.

Жоспары:

1. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі

2. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы

3. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме

Негізгі түсініктер: антропогенді жүктеме, экожүйе флюктуациясы, биогенді, аграрлық, өндірістік, ақпараттық кезең.

 

Өркениет дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға антропогенді жүктеме шамасы да артады. Антропогенді жүктеме –адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне тікелей және жанама әсер дәрежесі. Антропогенді жүктемеге экожүйеге кіретін түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану т.б. жатады. Егер антропогенді жүктеме жылдан-жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе сукцессияға себеп болады. Антропогенді жүктеме экологиялық нормалау көмегімен қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады. Экологиялық нормалау нормативтермен бекітіледі. Экологиялық нормативтер дегеніміз- адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы.

Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі

Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады.

Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді. Одан адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туындайды.

«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам ментабиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Н.Ф.Реймерс адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөліп қарастырған. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі-тек адамзат қоғамына тән -әлеуметтік орта. 1. Табиғи орта-адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар. 2. Квазитабиғи орта (квази-ұқсас) адамның әсерінен өзгерген табиғи орта. Оған егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз. 3. Артетабиғи орта (арте -жасанды) адамның қолымен жасалған орта. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады. Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны құрайды. 4. Әлеуметтік орта –адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық жағдайын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі, яғни социум.

Қазіргі дәуірдің дағдарысты құбылыстарын жеңудің тағы бір шарттары – ғылыми-техникалық прогресті экологияландыру. Осы проблемаларды арнайы әзірлеумен адам, қоғам және қоршаған орта, табиғат арасындағы байланысты зерделейтін экология және арнайы экология шұғылданады. Бұл ғылымдарды экожүйелер мен биосфера эволюциясы қызықтырады. Ғылымның мақсаты – адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі заманның, экологияландырудың, ғылыми-техникалық прогресті ізгілендірудің глобальды проблемаларын ұғындыратын концепциялардың ішінде А. Швейцердің жаңа этика концепциясы маңызды орын алады. Оның негізі - өмірді оның кез-келген қасиетінде қастерлеу принципі. А. Швейцердің көзқарастарына сәйкес мәдениеттің даму критерийі қоғам қол жеткізген ізгілендіру деңгейі, ал дағдарыс мәдениеттің адамгершілік-гуманитарлық мазмұнын жоғалтуы болып табылады.

   Ғалымдар К. Циолковскийдің, А. Чижевскийдің, В. Вернадскийдің көзқарастары қызықты болып табылады, олар ХХ ғасыр мәдениетінің бір белгісі – оның космизмділігін, қазіргі заман адамының өз тұрмысының космизмділігін сезінуді суреттейді. Орыс ғалымдарының босфералық концепциялары космостағы барлық тірі заттар мен өлі заттардың байланысын көрсетеді, басқа дүние өкілдерімен байланыс жасау, Жерде болып жатқан космостық процестер мен тарихи процестің өзара байланыс проблемаларын қарастырады.

  Өркениет тағдыры байланысты болатын ХХ ғасырдың дағдарыс проблемалары латынның «глобус» - жер шары атауынан глобальды деген атауға ие болды. Оған мыналар жатады:

1.ҒТП-ның катастрофалық салдарымен байланысты экологиялық дағдарысты жеңу (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның озонды қабатының азаюы, парникті әсер және т.б.);

2.жаппай зақымдау қаруын қолдана отырып, соғысты болдырмау;

3.қайыршылықты, ашаршылықты, сауатсыздықты жеңу, жаңа шикізат көздерін табу, экономиканың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық революцияның зиянды салдарын болдырмау.

Глобальды проблемалардың пайда болуының өз себептері бар. Біріншіден, терең саяси және экономикалық байланыстармен қамтамасыз етілетін қазіргі әлем тұтастығы. Екіншіден, табиғатты бақылаусыз пайдаланатын адамның экономикалық қуаты.

Үшіншіден, глобальды проблемалар себептерінің бірі елдер мен мәдениеттер дамуының біркелкі болмауы.

Қазіргі өркениеттің глобальды проблемаларының болуы мен оларды шешу жолдарын бағалауда екі тәсіл бар: «пессимистер» адамзаттың 30-50 жылда құритындығын айтады. «Оптимистер» адамзат пайда болған бөгеттерді жеңіп шығады деп есептейді. 60-70 жылдары адамзаттың болашағы туралы түсініктердің, білімдердің жиынтығы ретінде футурология (латынның болашақ сөзінен) ғылымы пайда болады. Футурологиялық зерттеулерде 1968 жылы құрылған және әлемнің отыз елінің ғалымдарын біріктірген Рим клубы белгілі болды. Рим клубы – глобальды модельдеу. Рим клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.

Э. Тоффлердің «үшінші толқын» концепциясында болған демассификациялы, дестандартизациялы және бекітілген инноваттылықпен индустриалдыдан супериндустриалдыға ауысумен байланысты адамзаттың даму жолы ескерілген.

2. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.

Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.

Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.

Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.

    Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.

Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.

3. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме қршаған ортаның ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес

 

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихының негізгі этаптарына тоқталыңыздар.

2.Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролін атаңыз.

3.Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы туралы не білесіздер?

4.Антропогенді жүктеме деген не?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

10. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

Дәріс 12

Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.

Мақсаты:Студенттердің климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары сияқты ғаламдық экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту.

Жоспар:

1.Ғаламдық мәселе түсінігі

2.Судың ластануы

3.Атмосфералық ауаның ластануы

4.Жылу эффектісі

5.Озон қабатының жұқаруы

6.Қышқылды жауын-шашындар.

 

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

- ресурстар проблемасы;

- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

- энергетикалық проблема;

- демографиялық проблема;

- климаттың өзгеруі;

- экологиялық проблемалар;

- «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

- қауіпті ауруларды жою;

- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

- қылмыспен және терроризммен күрес;

- наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені.

Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.

Қоршаған ортаныңластануыдегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары.

Судың ластануы

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Атмосфералық ауаның ластануы

Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді.

Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.

Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері.

Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.

Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.

Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 500 ге жуық химиялық зат пен 40 қа жуық олардың комбинациялары бойынша.

«Жылу эффектісі»

Атмосфераның маңызды компонентінің бірі озон О3 болып табылады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды.

Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.

Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады.

Негізгі «жылу эффектісін» тудыратын газдардың біріне көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісін» тудыратын газдардың 50-65% құрайды.Басқа «жылу эффектісін» тудыратын газдарға метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар және басқа да газдар (10-25%). Олар атмосферадағы барлық газдардың 30% құрайды.

Озон тесігі»

Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:

1. Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы («озон экраны»).

2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.

Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3%-ке азайған. Егер озон 1% азайса, онда терінің рак ауруы 5-7% көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50% жұқарған.

Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.

«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған.

Озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады.

 «Қышқылдық жаңбырлар»

Күкірт оксиді – қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2, шығаруларына байланысты.

Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.

Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.

Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.

Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?

2.Атмосфера құрамын сипаттаңыз.

3.Озон қабатының жұқару себептері қандай?

4.Фреондар қандай зиян әкеледі?

5.Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары қандай?

6.«Жылу эффектісі» мәнін түсіндіріңіз.

7.Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын көрсетіңіз.

8.Қандай заттар канцерогендер деп аталады?

9.Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

2.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

4.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

3.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

4.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

5.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

6.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

 

Дәріс 13

Тақырып:Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс туралы білім беру.

Жоспары: 

1.Демография түсінігі.

2.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

3. Қала экологиясы.

Негізгі түсініктер: әлеуметтік экологиялық мәселе, демографиялық жағдай, урбанизация, демографиялық жарылыс, генофонд.

Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға тек бай елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты.

Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б.арқылы көрінеді.

 Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.

Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. Қ.Р.-ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған.

Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен қатар ауыру деңгейі де әсер етеді. ВОЗ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көруге болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ал химиялық заттардың ішінде адам денсаулығы үшін зиянды заттар органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Оның ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті.

Галогенді көмірсуларға бір немесе бірнеше көміртегі атомдары бар хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Әсіресе хлорлы көмірсулар қауіпті. Мысалы поливинилхлорид, полихлорды бифенилдер, дихлордифенилдихлорэтан, тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен. Ол заттар бауырдың қатерлі ісігін тудырады. Диоксиндер қазіргі кезде белгілі күшті улы заттар

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды.

Метанол мен метил спиртінің 30-100 мл мөлшері адам өліміне әкеледі.

Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол аллергиялық реакциялар тудырады. Ол пластиктің, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.болады.

Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді.

Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б.

Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Ол Ита-ита ауруын тудырады. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.

Демографиялық ахуал адам генофондының әлсіреуіне де тікелей байланысты. Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Жаңа туған сәбилерде физиологиялық –психологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі.

3. Қала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады

 

Бақылау сұрақтар:

1. Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелер қандай?

2. Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?

3. Адамның тіршілік ортасының компоненттері қандай?

4. Адам қажеттіліктері қандай?

5. Халық санының өсу мәселесін сипаттаңыз.

6. Қандай зат алмасу әлеуметтік деп аталады?

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

2.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

4.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

5. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

3.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

 

ДӘРІС 14

Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму

Мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылмымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түрлермен таныстыру.

Жоспар:

1.Табиғатты қорғау мәселелері.

2.Ерекше қорғалатын территориялар

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Негізгі түсініктер:қорықтар, қорықшалар, биосфералық резерваттар, ерекше қорғауға алынған териториялар.

1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) “Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.

Қазақстан қорықтары.Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес.Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын.1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл.1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала.Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы.Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады..

Биорезерваттардың жаңа формалары жасалды «Кластерлік» және трансшекаралық қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1.Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

2.Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.

3.Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын ттұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.

Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат.

Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары келесі:

I категория – жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;

II категория – апатты қысқарған;

III категория – сирек аз кездесетін;

IV категория – анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);

V категория – қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

2.Табиғатты пайдалану дегеніміз не?

3.Табиғатты тиімді пайдалану дегенімз қандай?

4.Табиғатты тиімді пайдаланудың мотивтері қандай?

5.Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-саяси аспектілері қандай мәселермен айналысады?

6.Адамның биосфераға әсері қандай?

7.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін көрсетіңіз.

8.ҚР қорықтарын сипаттаңыз.

9.ҚР ұлттық саябақтарын атаңыз.

10.ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

 

Дәріс №15

Тақырып: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі, себептері мен салдары, Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары, қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері, экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. туралы білім беру. 

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

2.Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

3.Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

4.Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

5.Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

6.Экологиялық мониторинг

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.

3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км3, өзен ағысымен – 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану – 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемі – 112 км3, ең үлкен тереңдігі – 26м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне – шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.

5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген.

6.Экологиялық мониторинг.

Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әр-турлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі –нүктелістационарлы көздер (зауыттардыцң мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша

мониторингтерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай

мониторинг жүйелерін кұрайды:

ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға устап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

базалық (фондық) - жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды бақылау ;

• ұлттық - 6ip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;

аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi аудандардың көлемінде кұбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;

жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық өзгеруіне бакылау жүргізу;

импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Мониторинг жүйесің колданылатын тәсілдерге (физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинг — атмосфераның, жауын-шашынның, жер бeтi мен жер асты суларының, мухит пен теңіз суларының, топырақтың, түптi тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық кұрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану денгейін анықтау.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

 

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына карап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг - коршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралык) мониторинг — зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға  радиометриялық кондырғылармен камтылған ұшқыш аппараттар колданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Топтастыру принципіне қарай әр-турлі мониторинг- жуйелері бар. Олардың ішінде турлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның кұрама (комплексті) экологаялық мониторингі. Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі - бұл қоршаған табиги орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге адам мен басқа да тipi ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тyyы туралы ескертуге арналған бакылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері туралы не білесіздер?

2.Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.

3.Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.

4.Каспий теңізінің қандай экологиялық мәселелері бар?

5.Балқаштың қандай экологиялық мәселері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

10. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003. 

 


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 5267; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!