Сым байланысы . Радио байланысы

Дәріс Дәрістің тақырыбы:Станцияларда белгі беру, орталықгандыру және блокировка кұрылыстары. Байланыс және ақпараттық жүйелер Дәрістің мақсаты:

Жоспар

1. Пойыз жүрісін дисперчерлік бақылау құрылғылары

2. Стансадағы автоматика мен телемеханика құрылғылары

3. Бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыру

4. Диспетчерлік орталықтандыру

5. Дөңестік автоматты орталықтандыру

Сым байланысы, Радио байланысы.

7. Сигнал және байланыс желілері, оларды күтіп - ұстау

Пойыз жүрісін дисперчерлік бақылау құрылғылары

Теміржолда жиілік дисперчерлік бақылау (ЖДБ) жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйе түйіспесіз аппаратураға негізделген, оның беріктігі жоғары. Оның ісінің жылдамдығына байланысты ол жоғары жылдамдықпен жүретін жолда пайдаланылады. Екіаралықтағы бақыланатын объектілердің жағдайы туралы мәлімет арнайы берілген сым желісі арқылы аралық стансаларға, одан әрі дисперчерлік бақылау тізбегі арқылы диспетчерлік орталыққа жеткізіледі.

Әрбір аралықтағы қондырғылардан бақылау ақпараты белгілі жиілікті код түрінде жіберіліп, олар аралық станса кезекшісінің таблосында тиісті бақылау шамын қосады. Одан әрі диспетчерлік қосынды қабылданған жиілік сигналдары күшейтіліп, шифрлары ашылады және сигнал жіберген станса мен бақыланатын объектінің жағдайы анықталады. Станса мен аралықтардағы объектілердің жағдайын диспетчер көзбен шолып, бақылап отыру үшін табло - матрица орнатылады, диспетчерге қарасты телімнің жобасы сызба түрінде көрсетілген. ЖДБ жүйелерінде бақылау объектілердің жағдайын көрсететін сигнал көрсеткіштері таблоға тиратрондық ұялары (газ толтырылған құралдар) арқылы жарықтанады.

Аралық стансасының таблосындағы сигнал көрсеткіштері кезекшіге аралықтардағы автоблокировка мен өткел сигналдары құрылғыларының зақымдалғаны туралы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік береді.

 Стансадағы автоматика мен телемеханика құрылғылары

Автоматика мен телемеханиканың стансалық құрылғыларына ең алдымен сигнализация, орталықтандыру және блокировка (СОБ) жүйелері жатады. Олар бағыттамалар мен сигналдарды басқаруға және олардың өзара байланыстарын қамтамасыз етуге пайдаланылады. Бұл жағдайда бағыттыманың жабылмаған және дұрыс бағытта тұрмаған жағдайында сигналдардың ашылуын болғызбау, ал пойыз жүруге және маневр жасауға арналып сигнал ашылғанда, ол бағыттағы бағыттаманың бұрылуын болдырмау жатады.

Пойыз және маневр жүрісі станса шегінде белгілі жүру бағыттарымен жасалады. Маршрут дегеніміз - пойыздың не маневр құрамының стансадағы белгілі бағытта дайындап, бекітілген бағыттамамен және рұқсат сигналымен берілген ашық бағдаршам көрсеткен бағытпен жүру жолы. Пойыздарды қатар бір уақытта жүргізуге болмайтын маршруттарды қатерлі (враждебный) деп атайды. Мысалы, стансаның бір жолына екі жақтан бір уақытта екі пойызды қабылдау; пойызды қабылдауға дайын жолға маневр құрамының шығуы және т.б.

Стансадағы пойыздар жүрісін бақылап, басқаруға арналған негізгі техникалық құралдарғы - бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыру (ЭО), дөңестік автоматты орталықтандыру (ДАО) құрылғылары және диспетчерлік орталықтандыру (ДО) жүйелері жатады.

Электрлі орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталған стансада бағыттамалар мен сигналдардың өзара байланыс жадуалы болады. Бағыттаманың тура жол бағыты (+), ал бұрылу жол бағыты (-) белгіленеді; жадуалда орындалатын маршрут дөңгелекпен, қатерлі маршрут қисық крестпен көрсетіледі; кіре беріс және шыға беріс бағдаршамының тиісті маршруттары да жадуалда көрсетілген.

Жадуалды былай толтырылады: мысалы, пойызды А бағытынан екінші жолға қабылдау үшін 2-бағыттама басты жол бағытына (+), ал 4-бағыттама капталдағы жол бағытына (-) қарай қойылу керек; пойыз екі сары жарығы бар кіре беріс "Ж" бардаршамының рұқсатымен қабылданыды (шыға беріс Ж2 бағдаршамы жабық); қисық крестермен қатерлі маршруттар белгіленген: олар А-дан 1 және 3 жолдарға қабылдау (2,3 маршрут); 1,2 және 3 жолдардан А-ға жөнелту (5, 6, 7 маршрут); Б-дан 2-жолға қабылдау (13 - маршрут).

Бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыру

Электрлі орталықтандыру (ЭО) бағыттамалар мен сигналдарды электр энергиясын пайдалану арқылы басқаруға арналған. Онда бағыттамалар мен сигналдардың орталықтан басқару қашықтығы шектелмейді, сондықтан бір қосыннан көптеген объектілерді басқаруға болады, яғни ең үлкен стансаның барлық бағыттамасы мен сигналын басқаруға болады. Ол бағыттамалар мен сигналдарды орталықтан басқарып, олардың қалпын автоматты түрде бақылауды қамтамасыз етеді, әрі орталықтандыру қосыны операторларының еңбегін жеңілдетеді, себебі бұл жағдайда бағыттамалар мен сигналдарды басқару түймелерін басу арқылы жасалады. Маршруттың дайындау уақыты қолмен дайындаудағы 6-10 минуттан 5-7 секундқа дейін қысқартылады.

ЭО құрылғылары: бос емес жолға дайындалған маршрутқа кіре беріс бағдаршамның ашылуына, жылжымалы құрам астындағы бағыттама бұрылуына, егер бағыттамалар берілген маршрутқа сәйкес келмесе, осы маршрутқа кіре беріс бағдаршамын ашу мүмкіншілігіне , қатерлі маршруттардағы бағдаршамдардың ашық тұруына жол бермеу керек.

Оның негізгі құрылғылары: станса кезекшісінің алдында бағыттамалар мен сигналдарды басқаратын түймелері мен тұтқалары, бағыттама мен жолдың бос еместігін көрсететін кішкене шамдары мен станса сызбасы бар орталықтандырылған аппарат; бағыттама мен сигналды басқаратын және өзара байланысын қамтамасыз ететін релелер мен басқа да аппараттар; кіре беріс, шыға беріс және маневр бағдаршамдары; бағыттаманың ұщтамаларын аударуға және бекітуге арналған электр жетегі; орталықтандыралған аппараттардан электр энергиясын бағыттама жетектеріне, бағдаршамдар мен байланысқа жеткізетін кабель жүйелері; жолдардың және бағыттамалардың бос еместігін автоматты түрде бақылайтын реліс тізбегі; қоректендіру көздері. Орташа және үлкен стансалар орталықтан тәуелденілген және қоректендірілген релелік орталықтандырумен жабдықталады.

Релелік орталықтандыру жүйелерінің жабдықтарын қосындық және далалық деп бөледі. Қосындық жабдықтар орталықтандыру қосынында орналасады. онда стансаның барлық бағыттамасы мен сигнал басқаратын, сондай - ақ олардың қалпын бақылайтын пульт - табло орналасқан. Релелер, трансформаторлар, түзеткіштер, күш пен тарату қалқандары және аккумулятор батареяларын қуаттайтын түзеткіштер реле бөлмесінде орналасады. Орталықтандыру қосынының бірінші қабатында тұрақты токты электр энергиясын алуға және электрлі орталықтандыру құрылғыларын қоректендіруге арналған аккумуляторлар орналасады.

Далалық жаблықтар: бағыттама бұрмасы оның электр жетегі; кіре беріс, шыға беріс және маневр бағдаршамдары; жол релелері, қоректендіру және релелі трансформаторлар қосылған реліс тізбектері; орталықтандыру аспаптарның электр байланысына және бағыттама бұрмаларына, бағдаршамдарға және электр тізбегінде электр энергиясын жеткізуге арналған кабель желілері; маневр колонкалары.

Релелік орталықтандыру бағыттамалар мен сигналдарды жеке және топтан басқаруы мүмкін. Жеке басқаруда бағыттаманы бұру және сигналды ашу басқару пультіндегі жеке бағыттамалық және сигналдық түймелер арқылы жасалады. Мұндай аппараттар кішкене стансада пайдаланылады. Топтан басқаруда барлық бағыттаманы бұру, сигналдарды ашу екі немесе бірнеше түймені басу арқылы жасалады. Одан басқа пульт - таблода бағыттаманы жеке басқару қаралған. Ол үшін жеке бағыттама тұтқасы орналасқан. Әр тұтқада бағыттама қалпын бақылайтын (жасыл және сары) және оны кесіп кеткенін бақылайтын (қызыл) шамдар орналасқан. Үлкен стансада бағыттамалар мен сигналдарды басқаруға пульт - манипулятор ретінде бөлектелген табло қойылады.

   Басқару бұйрығын жүргізуге жіне бағыттама мен сигналдың қалпын тіке және код жүйесі қолданылады. Тіке басқару жүйесінде әрбір бағыттама мен бағдаршам орталықтандыру қосынымен жеке тізбек арқылы байланысады, ал код жүйесінде екі не төрт сымды ортақ желі пайдаланылады.

Маршруттарды босату автоматты түрде жасалады: пойыз маршруттың әр бөлігін біртіндеп босатқан сайын ол станса алқымының өткізу қабілеті мен маневр жылдамдығын арттырады.

Стансаның кейбір аумағының бағыттамасын маневр жасауда орталықтандырудан жергілікті басқаруға береді. Бұл жағдайда оны бұруға тиісті станса аумағындағы маневр колонкасы қолданылады. Колонкада маневр жасауға рұқсат беретін тұтқа, бағыттама тұтқасы, жарық шамдары мен станса кезекшісімен сөйлесетін телефон болады.

 Диспетчерлік орталықтандыру

Бір қосыннан теле басқару және теле сигналдандыру желілері арқылы пойыздардың жүрісін басқаруға арнадған жүйені диспетчерлік орталықтандыру (ДО) деп атайды. Ол аралықтардығы автоматты блокировка мен стансалардағы бағыттама мен сигналдың электрлік орталықтандыруынан тұрады. Ол бір жерден бірқатар стансалардың бағыттамалары мен сигналдарын және екіаралықтарды басқару; аралықтардың, станса жолдарының және көрші блок - аралықтарының бос немесе блс емес қалпын, сондай -ақ кіре беріс, маршруттық және шыға беріс бағдаршамдарының көрсеткішін қайталауды; стансада пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге және маневр жасауға бағыттамалар мен сигналдарды қосымша басқаруға немесе бағыттамаларды маневр жасауға жергілікті басқаруға беру мүмкіндігін; пойыздардың жүрген графигін автоматты түрде жазуды; электрлік орталықтандыруға және автоматты блокировкаға қойылған талапты орындауға қамтамасыз етеді.

Пойыздарды стансаға қабылдау, сондай - ақ одан жөнелту операцияларын диспетчер жасайды, ал пойыздардың аралықтарындағы жүрістерін реттеу автоматты турде автоблокировканың сигналдарына жүктеледі.

Жол бөлімшесіндегі диспетчерлік қосында жол бөлігіндегі аралық станциялармен екі сымды желі арқылы қосылған басқару аппаратурасы (22.3-сур.) орналастырылған.

Манипуляторда (М) аралық стансаларға басқару бұйрықтарын жіберетін түймелер бар. Бөлектелген табло (БТ) анықталған маршруттың, стансадағы сигналдардың ашылуын және пойыздардың аралықтар мен стансалардан өткендігін көзбен көріп бақылауға арналған. Пойыздограф П пойыздардың жүрген жолын сызуға арналған. Әрі байланыс Б панелі бар. Манипуляторда бұйрықтарды жеткізу БЖ аппаратурасы және құрылғылары ҚҚ арқылы орындалады. Әр аралық стансада басқару сигналдары ҚҚ арқылы алынып, одан әрі бағыттамалар мен сигналдардың релелік орталықтандыру аппаратурасына жеткізіледі. Объектілерден бақылау сигналдары бөлектелген таблоға БТ-ға түседі де, бақылау сигналын іске қосады, ал пойыздографта орындалған жүріс графигі сызылады.

Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінде мәліметтер жиілік кодты сигналдармен жеткізіледі. Кодтар ұзақтылығы, қарама - қарсылықты, жиілігі немесе фазасы әртүрлі импульстер түрінде болуы мүмкін. Кейбір жақсартылған диспетчерлік орталықтандыру жүйесінде жол теліміндегі барлық объектілер әр 5-7 секунд сайын қайталанған циклмен үздіксіз бақыланып тұрады. Диспетчерлік орталықтандыруда да бағыттамалар мен сигналдарды қосалқы және жергілікті басқару қарастырылған. Орталықтандырудың кодты бөлігі бұзылып, осы топтағы объектілерді басқару болмаған жағдайда диспетчер қосалқы басқаруды пайдаланады. Бұл жағдайда диспетчердің бұйрығымен станса немесе бекет бастығы жұмыс кезегіне шығады және оған қосалқы басқару пультінің көмегі арқылы бағыттамалар мен сигналдарды басқару тапсырылады. Жұмыс сипаты мен мөлшеріне байланысты станса кезекшісінің тұрақты басқарушылығы керек жағдайда үлкен стансалар диспетчерлік орталықтандыруға, әдетте, қосылмайды.

 Дөңестік автоматты орталықтандыру

Үлкен стансасының сұрыптау дқңесінде пойыз құрамын сұрыптайды және құрастырады. Құрам дөңес төбешігіне итеріледі, одан әрі жеке вагондар немесе топ вагондар дөңестен төмен қарай өздерінің инерциялық жылдамдығымен баратын жеріне байланысты мамандандырылған жолдарға таратылады.

Орталықтандырылған бағыттамалар, сигналдар мен вагондарды тежеуге арналған баяулатқыштар дөңес қосындысынан басқарылады.

Құрамдарды сұрыптап, вагондарды тарату қабілетін арттыру үшін дөңесті автоматты құрылғылар кешенімен жабдықтайды. Оның құрамына бағыттамаларды автоматты түрде бұруға арналған дөңестік автоматты орталықтандыру (ДАО) жатады. Әр вагон берілген маршрутпен дөңестен тартылады. ДАО құрылғылары бағыттаманың электрлі бұрамасынан, электрлі реліс тізбектерінен және басқа жабдықтардан тұрады.

ДАО жүйесі екі түрде жұмыс істейді:

Автоматты бағдарламалау түрінде, яғни құрамды сұрыптаудан бұрын автоматты бағдарламалық тәртіпте вагондар тобы баратын маршруттар алдын ала реттеліп, ЭЕМ-ге енгізіледі. Маршруттарды өзгерту мен толықтыру құрамды таратып жатқанда жасалынады. Маршрутты дөңес пультіндегі оператор тиісті түймелерді басу арқылы дайындайды немесе есептеу орталығынан беріледі. Бұл бұйрықтарды блоктар мен жинақтау топтары қабылдап, одан әрі орындау үшін бағыттамалар блогына беріледі. Бұл маршрутқа кіретін бағыттама дөңестен таратылған вагондар тобының реліс тізбектеріне, педальдарға және басқа аппаратураға тигізген әсеріне байланысты біртіндеп әр маршрутқа бұрылады.

Кейбір сұрыптау дөңесінде құрамдарды тарату бағдарламасы пойыздың анықтама қағазы арқылы дисплейде жасалады. Қабылданған бағдарлама экранға беріледі, ол операторға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын бақылауға және керекті жағдайда бағдарламаны түзетуге мүмкіндік береді. Тарату процесінде бағыттама маршруттарын орындау бұйрықтары дисплейден ДАО жүйесіне енгізіледі.

Маршрутты түрде, әрбір кезектегі вагондар тобының дөңестен жылжу алдында, жолдың тиісті нөміріне байланысты түймелерді басу арқылы тікелей маршрут дайындалады. Маршрут вагонның әсіресе байланысты автоматты түрде орындалады. ДАО бұзылған жағдайда дөңес операторы вагондар тобының жүріс маршрутына қарай әрбір бағыттаманы жеке - жеке керекті бағытқа бағыттама коммутаторы арқылы бұрады.

Дөңесте құрамдарды сұрыптау процесін автоматтандыру жүйесінің кешеніне ДАО-дан басқа, тағы да жылжымалы вагондар тобының жылдамдығын автоматты түрде реттеу (ЖАР), дөңес бағдарлама - тапсырма құрылғылары (ДБТ), жедел сақтау (ДЖС), дөңес локомативін теле басқару (ДЛТ), құрамдардың тарату жылдамдығын автоматты түрде (ТЖАБ), сұрыптау паркіндегі жолдардың толықтығын автоматты түрде бақылау (ЖТАБ) құрылғылары жатады. ЭЕМ-ді, микропрцессорды және басқа да жаңа құралдарды пайдаланып, сұрыптау процестерін автоматтандыру жүйелерін жетілдіру жұмысы жүргізілуде.

Сым байланысы . Радио байланысы

Пойыздар жүрісі мен жол бойындағы бөлімшелердің жұмысын басқару үшін теміржолда әр түрлі: телефон, телеграф және радио байланыс жүйесі қолданылады. Енді байланыстар түрлерінің қызметін қарайық:

· жергілікті байланыс - бір бекеттегі әр түрлі қызметтегі жұмыскерлердің сөйлесуіне арналған;

· стансалық байланыс - жол теліміндегі жұмыскерлердің өзара сөйлесуіне арналған; онымен бір телім шегінде коммутатор арқылы жол бөлімшелеріне және жол басқармасына шығуға болады;

· жол басқармалық байланыс (телефонмен және телеграфпен) - жол бөлімшелердің және үлкен стансалардың қызметкерлерімен, сондай - ақ солардың өзара байланысуына арналғын;

· магистральдық байланыс ( телефонмен және телеграфпен) - қатынас жол министрлігінің жол басқармаларымен және әр жолдың байланысуына арналған;

· пойыздық диспетчерлік байланыс - пойыз диспетчерінің өз теліміндегі стансалар кезекшілерімен қызмет жөнінде сөйлесуге арналған. Бұл байланыс жүйесіне стансалар кезекшілері, маневр диспетчерлері мен операторлар, локомотив деполарының, қосалқы жетек стансаларының, ауыстыру бекеттерінің кезекшілері, сондай - ақ энергия және локомотив диспетчерлері, сигнализация және байланыс дистансаларының кезекші инжернелері қосылған. Жол бөлігіндегі аралық стансаларда кезекшілер жұмыс істемейтін жағдайда диспетчерлік орталықтандыру жүйесіндегі байланысына станса бастықтарының, СОБ және электр механиктері мен электр жөндеушілердің үйіне орналасқан телефондар қосуға рұқсат етіледі;

· станса аралық пойыздық байланыс (телефонмен немесе телеграфпен) - аралық стансалар кезекшілерінің өзара пойыздар жүрісінің мәселелеріне байланысты сөйлесуіне арналған;

· екіаралық байланыс - аралықтағы жол жұмысына байланысты, оларды басқарушының және түйіспе жүйесі мен СОБ электр - механиктерінің осы аралықты шектеп тұратын стансалар кезекшілерімен қызмет жөнінде сөйлесуіне арналған. Осы байланыспен аралықты тоқтап қалған пойыздардың бригадалары да пайдаланады. Автоблокировкамен жабдықталған электрленген жол телімдеріне жіне жүріс жиілігі жоғары жолдардың өтпелі бағдаршамдарына телефон апараттары орнатылады;

· жол шаруашылық байланыс (телефонмен) - жол дистансаларының құрылғылары мен құрылыстарын күту мен жөндеу туралы жұмыскерлердің сөйлесуіне арналған. Бұл байланысқа дистанса бастығының, мастерлердің, бригадирлердің және басқалардың телефон аппараттары қосылады;

· энергия - диспетчерлік байланыс (телефонмен) - энергия дипетчерінің қосалқы жетек стансалар, түйіспе жүйесінің дистансалары және секциялау күзеттерімен қызмет жөнінде сөйлесуге арналған;

· бағыттамалық байланыс (телефонмен) - станса кезекшісінің бағыттамалар қосындарының кезекшілерімен қызмет жөнінде сөйлесуге арналған;

· станса басқару байланысы - станса және маневр диспетчерлерінің, станса және оның жолдарның, сұрыптау денесі кезекшілерінің, жүк диспетчерлерінің және басқа станса жұмысшыларының қызмет жөніндегі сөйлесуіне арналған;

· электр механиктерінің байланысы (телефонмен) - сигнализция және байланыс дистанса қызметкерлерінің аралықтар мен стансадағы автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде жұмысшылармен сөйлесуге арналған;

· вагондық диспетчерлік байланыс - жол бөлімшесі мен станса қызметкерлерінің вагон паркін пайдалану және реттеу мәселелерін шешуге арналған;

· жол басқару байланыс (телефонмен) - жол басқармасының қарамағындағы тасымал қызметін басқару кезекшісінің жол бөлімшелері және стансалар кезекшілерімен сөйлесуне арналған. Бұл байланысқа депо кезекшілерінің, пойыз және станса диспетчерінің телефон аппараттары қосылады;

· билет - диспетчерлік байланыс - жолаушылар пойыздарына билет сатуды орталықтан басқаруға арналған;

· ақпараттық байланыс - пойыздардың сұрыптау стансаларына қабылдануы туралы ақпарат беруге арналған;

· мәліметтерді жеткізу байланысы - бекеттерден алынған деректерді есептеу орталықтарына және шешілген мәселелердің нәтижелерін пайдаланатын министрлікке, жол басқармасына, үлкен стансаларда жеткізуді қамтамасыз етуге арналған;

· мәжілістер байланысы - магистральдық, жолдық, стансалық, және жол шаруашылық телефон желілері мәжіліс уақытында арнайы аппаратураға қосып пайдаланылады;

Теміржол АТБ-лары тек жергілікті абоненттерге қызмет жасауға емес, сонымен бірге қала телефон стансаларын, мекемелер коммутаторларын, стансалық, алыс аралық және қала аралық жүйелерін қосуға пайдаланылады.

Алыс аралық телефон байланысы теміржол құрылымына сәйкес және торап негізінде жасалған. Бұрынғы ҚЖМ орталық байланыс стансасы, басты және жолдық тораптары бар. Әрбір жол торабын орталық байланыс торабы болып табылады.

Телефон байланысының көп түрлері (пойыздық диспетчерлік, жол шаруашылық, энергия - диспетчерлік, жол басқарушылық және магистраль - басқарушылық және мәжіліс байланыстары) іріктеп шақыру мүмкіндігі бар бір жақты басқарылатын негізде жасалған, ол тек жауап қабылдағанда телефон қосылады. Жол бойындағы бекеттердің барлық аппараттары қос сымға параллельді түрде қосылған. Аралық бекеттерде телефон аппараттарынан басқа іріктеп шақыру қабылдағыштары бар. Олардың қоңыраулары байланыс жүйесінен қабылданған токтың импульстері керекті бекетке сәйкес келгенде дыбыс шығарылады. Басқару бекеттерінде жеке - жеке шақыруға арналған түймелері және барлық бекеттерді жаппай шақыруға арналған ерекше түймесі бар шақыру құрылғылары орналасқан.

Жазбаша мәліметтер мен бұйрықтарды жеткізу үшін әріп басатын телеграф аппараттары бар телеграф байланысы қолднылады.

Өткізу қабілеті өте жоғары, құжаттарды жеткізудегі нақтылық пен толық автоматтылық қабілеті недәуір жетілген түрі - фототелеграф байланысы.

Сым байланысына қарағанда радио байланысының артықшылығы оның жүріс кезінде жұмыскерлермен (локомотив машинистерімен; вагон құраушылар және қараушылармен, жол түйіспе жүйелері, СОБ құрылғылары, құрылыс бөлімдері, байланыс, жолаушылар пойыздарына қызмет жасайтын жұмыскерлермен және т.б.) сөйлесуге мүмкіндік береді. Радио байланыстарын пойыздық, стансалық және жедел - жөндеушілік деп бөледі.

Пойыздық радио диспетчерлік телімде пойыз диспетчерінің локомотив машинистерімен екі жақты үздіксіз байланысты қамтамасыз етуге арналған; екіаралықтағы локомотив машинісінің жақын жердегі станса кезекшісімен және аралығы 3 км-ден кем емес жердегі қарсы келе жатқан пойыздың машинисімен байланысына арналған.

Пойыздық радио баланысы радио және сым түрінде пайдаланады (23.1-сур.). ЖР немесе РВ түріндегі радиостанса локомотивтер және телімдегі аралық станса кезекшілерінің қосынында қондырылады. Локомотив пен жақын жердегі станса арасындағы сөйлесу - радио арқылы, ал диспетчермен сөйлесу - сым арқылы қосылады. Диспетчер алдымен белгілі аралық станса маңында жүріп келе жатқан локомотивтерге топтық шақыру сигналын жібереді де, керекті пойыз машинисін дауыстап шақырады. Машинист диспетчерді өзіне жақын станса арқылы немесе тікелей шақырады. Пойыздық байланысқа тіркеспелі пойыздардың локомотивтерінің радио байланысы да жатады.

Стансалық радио байланысы бірнеше түрден тұрады; маневрлік, дөңестік және басқалар. Маневрлік радио байланысы маневр диспетчерінің (станса кезекшісімен, пойыз құрастырушымен) станса шегіндегі, ал үлкен стансада белгілі маневр шегіндегі , ал үлкен стансада белгілі маневр локомотив машинисімен сенімді екі жақты байланысы қамтамасыз етеді. Сұрыптау дөнесінің радио байланысы дөңес кезекшісінің дөңес локомотивтері машинисімен сөйлесуі үшін пайдаланылады.

Пойыз құрастырушылар және олардың көмекшілері ҚР қол радиостансаларымен, ал слесарлар және дөңестен таратылған вагондар топтарының жылдамдықтарын реттеушілер қол қабылдағыштарымен жабдықталады. Жеңіл қол радиостансасымен техникалық тексеру қосынының және құрамды коммерциялық жағынан тексеру жұмыскерлері, жүк қоймаларының диспетчерлері және басқалар да жабдықталады. Сондықтан үлкен стансада радио байланысы әр жұмыс бөлігінде бір жиілікте жұмыс істейтін тұрақты және бірнеше локомотив радиостансасынан тұрады.

Сигнал және байланыс желілері, оларды күтіп - ұстау

Теміржолда автоматика, телемеханика және байланыс жүйесінде екі түрлі желі - әуе және кабель желісі пайдаланылады. Талшық - оптикалық байланыс желісі салынуда.

Әуе сым желісіне - телефон мен телеграф сымдарын, ал автоблокировкамен жабдықталған телімдерде - автоматика және телемеханика сымдарын да қолданады, ал автоблокировкамен жабдықталған телімдерде олардың сым желісін байланыс желінісінен бөлек орналастырады.

Автоматика және телемеханика желісінің тіректеріне айнымалы тоқты кернеуі 6 не 10 квт-тық автоматика құрылғыларын және жол бойындағы тұтынушыларды (кішкене стансалар, жол ғимараттары, жолшылардың электр құралдары және т.б.), сондай - ақ бағдаршамның және автоблокировка құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін төменгі вольтты желінің сымдарын іледі.

Тепловоз бен тұрақты тоқты электровоз жүретін жол бойында бірнеше айнымалы тоқты желілері ( 6 не 10 квт автоблокировка, 10 квт электр жабдықтары, қосалқы жетек стансалары қоретенетін) өтеді. Олар әуе сым байланысының жұмысына өте қатты бөгет жасайды. Бұған локомотив жетек қозғалтқышының ұшқындары, қосалқы жетек стансасының түзеткіш агрегаттарының және басқалардың жұмыстары да әсер етеді. Мұндай жағдайда бөгет жасау желісіне сүзгілер, ал әуе байланыс желісіне қорғағыш құрылғылар орналастырылады. Кабельді байланыс желісі жоғары қарқынмен салынуда. Оның негізгі артықшығында хабарды жеткізудегі асқан шапшаңдығы, атмосфералық және электрлік бөгеттердің әсерін елемеуі, қолданылуының ұзақтығы жатады.

Айнымалы тоқты электрлендірілген жолда тек автоматика және байланыс кабельді желісі пайдаланылады. Автоматика және телемеханика кабельді тарамнына электрлік орталықтандыру, автоблокировка, жолдың далалық және қосындар құрылғыларын қосатын желілері, сондай - ақ сым байланысы және т.б. жатады.

Автоматика және байланыс кабельді желісі әуе, жер асты және су асты болып бөлінеді. Жер асты кабелін орға, канализицияға, тоннельге немесе коллекторға салады және оны механикалық зақымданудан және кездейсоқ токтан сақтайды.

Дистансаның өндірістік - техникалық штаты сигнал және байланыс құрылғыларын дұрыс күтімде сақтайды, ол үшін құрылғыларды мезгіл - мезгіл тексеріп, реттеп және жөндеп тұрады. Сигнал және байланыс құрылғыларын тасымал қызметінің жұмыскері, станса кезекшілері, орталықтандыру және бағыттама қосынынң операторлары, локомотив машинисі және т.б. қолданады. Олар бұл құрылғыларды жетік біліп, орынды пайдалануға тиіс. Теміржол автоматикасының, телемеханикасының және байланысының ақауларын қайта жөнге келтірілуі мына кезекпен жасалады: пойыздық диспечерлік байланыс сымдары; жол блокировкалық сымдары; энергия диспетчерлік байланысының сымдары; пойыз станса аралық және бағыттамалық байланысының сымдары; электр жабдықтау құрылғыларының телевизиялық басқару сымдары; магистральды байланыс сымдары мен сигнал және байланыс жүйесінің басқа да сымдары.

Бақылау сұрақтары:

1. Маршрут дегеніміз не?

2. Сигнал және байланыс желілеріне не жатады?

3. Сым байланысы мен радио байланысы туралы айтып кетіңіз.

 


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1497; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!