Релелі жартылай автоматты блокировка



Пойыздардың жүріс аралығын реттеу құралдары ретінде автоблокировкамен қатар релелі жартылай автоматты блокировка қолданылады. Сигнал көрсеткіші өзгеруінің бір бөлігі - пойыздың әсерімен автоматты түрде, екінші бөлігі - пойызды қабылдау, жөнелту және өткізу жұмыскердің қолымен орындалады. Бұл жүйені жартылай автоматты деп атайды. Әрбір стансадан шығар жолды шыға беріс бағдаршамы қорғайды. Ол қалыпты жағдайда жабық тұрады. Пойызды екіаралыққа жөнелтуге станса кезекшісі шыға беріс бағдаршамын ашу үшін басқару пультіндегі түймені басады. Дара жолды екіаралыққа шыға беріс бағдаршамын ашу үшін көрші станса кезекшісінің келісімі керек, ал қос жолды екі аралықтағы бағдаршамды ашуға бұрын жөнелтілген пойыздың көрші стансаға келгенін көрсететін блокировка сигналы келгенінен кейін мүмкіндік болады. Шыға беріс сигналы кейін мүмкіндік болады. Шыға беріс сигналы автоматты түрде немесе станса кезекшісінің сигнал түймесін басумен жабылады. Пойыздың жөнелтілгені көрші стансаға хабарланады, осыған байланысты екі станса аппаратында екіаралықтың бос еместік көрсеткіштері жанып, оған басқа пойызды жөнелту мүмкіндігі жойылады.

Дара жолды екіаралықта А стансасынан пойызды жөнелту көрші Б стансасынан келісім алғаннан кейін ғана мүмкін болады (А стансасының пультінде "келісім алынады" шамы, Б стансасында "келісім берілді" шаны жану керек). А станса кезекшісі бағыттама арқылы жүру жолын дайындап, "жөнелту" түймесін басады және шыға беріс сигналын ашады. Пультте бағдаршамның көрсеткішін қайталайтын жасыл шам жанады, сонымен қатар "жөнетілетін екіаралық жабылды" деген қызыл шам жанады, ал Б стансасында "жөнелтілді" деген блокировкалау сигналы жіберіледі, ондағы пультте "келісім берілді" деген шам жанады. Пойыз стансадан жөнелтілгенде шыға беріс сигналы автоматты түрде жабылады, пульттегі оны қайталау шамы сөнеді де, екіаралықтың бос еместігін көрсететін қызыл шам жанады.

Б станса кезекшісі қабылдау жолын дайындап, кіре беріс сигналын ашады. Пойыз келгеннен кейін керекті операцияларды орындап болған соң Б стансасының кезекші "келгенін хабарлау" түймесін басады. А стансасының пультіндегі "жөнелтілген екіаралық жабылды" деген шам сөнеді, ал Б стансасында "екіаралықтан қабылдау жабылды" деген шам сөнеді де, ол аралықтың бос екендігін растайды. таблодағы орысша сөздер қалдырылды, себебі әзірше оның қазақша түрі шығарылған жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Сигнал дегеніміз не?

2. Автоматты локомотивті сигнализациясы дегеніміз не?

3. Бағдаршам дегеніміз не? Олар қалай бөлінеді?

4. Тасымалды, қол, маневр және пойыз сигналдары туралы айтып кетіңіз

 


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 2458; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!