HTML тіліндегі азатжолдар (абзац)



HTML тіліндегі азатжолдар мына тегпен жүзеге асады <P></P>. Яғни, жазылу жолы <p> - Көңіл-күйіңіз тамаша болар?</p><p> - Керемет.</p> деп жазсақ, төмендегідей нәтиже аламыз.

- Көңіл-күйіңіз тамаша болар?

- Керемет.

HTML тілінде мәтінді белгілеу

HTML тілінде мәтінді белгілеу үшін немесе белгілі бір аймақты белгілеу үшін келесі тегтерді қолданады <b></b>, <i></i>, <u></u>, Яғни жолдағы мәтін

<b>батырылған</b> <i>курсивті</i> <u>айрықша (немесе асты сызылған)</u> <u><i><b>батырылған айрықша курсивті</b></i></u>

төмендегідей көрінеді

батырылған курсивті айрықша және үш белгіні бірге қолдана аламыз: батырылған айрықша курсивті

HTML тіліндегі нөмірленбеген тізімдер

Нөмірленбеген тізімдер келесі HTML кодымен өрнектеледі:
<UL><LI>1-орын<LI>2-орын<LI>3-орын</UL> - десек төмендегідей түрде нәтиже береді

  • 1-орын
  • 2-орын
  • 3-орын

HTML тіліндегі нөмірленген тізімдер

Нөмірленген тізімдер келесі кодтармен өрнектеледі:
<OL><LI>1-орын<LI>2-орын<LI>3-орын</OL>
Қандай тәтиже бергенін көрелік

  1. 1-орын
  2. 2-орын
  3. 3-орын

HTML тіліндегі қабатталған тізімдер

Қабатталған тізімдердің мысалын көріңіз:

<ul>
<li>1-ші тарау
<ul><li>1-ші бөлім<li>2-ші бөлім</ul>
<li>2-ші тарау
<ul><li>1-ші бөлім<li>2-ші бөлім</ul>
</ul>

HTML кодтағы мұндай жазба келесідегідей нәтиже береді:

  • 1-ші тарау
    • 1-ші бөлім
    • 2-ші бөлім
  • 2-ші тарау
    • 1-ші бөлім
    • 2-ші бөлім

Құжаттың мәтініндегі арнайы символдар

Құжаттың мәтініндегі арнайы символдар келесі түрде жазылады:

&lt; - Сол жақ жақша (<)
&gt; - Оң жақ жақша (>)
&amp; - (&)
&quot; - тырнақша (")

Мысалы мына жол &lt; &quot;Қазақстан жасасын!!!&quot; &gt; web бетте былай көрінеді

< "Қазақстан жасасын!!!" >

HTML құжатының мәтініндегі жолдың үзілуі, яғни келесі жолға түсіру

Жолдың үзілуі келесі тегтің көмегімен жүзеге асады<BR>. Мысалы мәтіннің мына жолы келесі нәтижені береді: Автор<BR>Басылған уақыты<BR>Таралым

Автор
Басылған уақыты
Таралым

Гиперсілтемелер

HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі

<a href="php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Нәтижесі мынадай:

PHP кітабын түсіріп алу

href параметрі сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде жазылады:

<a href="http://webdesign.net-soft.ru/php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Дәл манадағы сілтемемен ұқсас, тек нақты құжаттың орналасқан жерін көрсетеді.

HTML тіліндегі сілтемелерді орналастыру тәртібі

Егер сілтеме берілетін құжат бір дәрежеге төмен директорияда (папкада) орналасқан болса, мысалы dir папкасында, онда href параметрі, яғни сілтеме келесі түрде болады: href="dir/html.rar" , ал егер бір дәрежеге жоғары орналасқан болса, онда бізге түгел жазуға тура келеді href="../html.rar".

Web бетке сурет қою

HTML құжатқа сурет келесі түрде қойылады <img src="suret.jpg" height="140" alt="Менің сүйікті қалам - Алматы">. <img> тегінің параметрлерінің мәніне тоқталайық. Көріп тұрғандарыңыздай бұл дара тег. src параметрі суреттің жолын, яғни қай жерден алатынымызды көрсетеді. width және height парметрлері HTML құжатта суреттің ені мен биіктігін пиксель бойынша береді. alt параметрі альтернативті мәтін, яғни егер сурет браузерде ашылмаған жағдайда көрінетін мәтін. Нақтырақ айтсақ, HTML құжатқа қойған суретіміздің атауы десек болады.

HTML құжаттағы фреймдер

Фрейм - бұл басқа HTML құжат орналасатын рамка. Көптеген сайттар фреймдік құрылыммен жасалады.

Мысалы:

<iframe name="I2" src="menu.htm" scrolling="no" height="500" marginmarginheight="2">Сіздің браузеріңіз фреймді аша алмайды</iframe>

name параметрі- фреймнің аты, src - сол фреймде ашылатын беттің жолы (орналасқан жері), ал width, height сәйкесінше рамканың ені мен биіктігі. scrolling параметрі фреймнің айналасындағы сызықтар (белдік) бар жоқтығын анықтайды, егер HTML кодта бұл параметр жоқ болса, онда фреймнің айналасындағы сызық қажет болғанда ғана көрінеді, егер ол параметр "no" деген мәнге тең болса, онда кез-келген жағдайда көрінеді. name параметрі HTML құжатқа сілтеме жасағанда ашылатын беттің рамкалары, яғни өз кезегіндегі соңғы рамканы беру үшін қолданылады. Бұл HTML кодта келесі тегтің көмегімен жүзеге асады: <base> <head></head> тегтерінің ортасына келеді. Біздің рамкаларымыз <base target="I2">.

HTML тіліндегі кестелер

HTML құжаттағы кестелер келесі түрде қойылады

<table border="1" style="border-collapse: collapse" bordercolor="#111111">

<tr><td>Ұяшық 11<td>Ұяшық 12</tr>

<tr><td>Ұяшық 21<td>1Ұяшық 22</tr>

</table>

Кестені мына тег ашып, әрі жабады<table></table>, <tr></tr> - тегі бағанды анықтайды, <td> дара тег бағандағы ұяшықты анықтайды, сондықтан жоғарыдағы код арқылы HTML құжатта келесі түрде көрінетін 2х2 өлшемдегі кестені аламыз

Ұяшық 11 Ұяшық 12
Ұяшық 21 Ұяшық 22

style и bordercolor тегтері кестенің сәйкесінше стилі мен шекарасындағы түсті анықтайды. Тереңірек білу үшін HTML тілін үйренетін электрондық кітапты қолданыңыздар.

Емтихан сұрақтары

  • Html тілі. Негізгі түсінік.
    1. Html тілі: жалпы түсінік. Пәннің мақсаты және орындалуы.
    2. Html құжаттың құрылымы.

 

  • Html тіліндегі міндетті тегтер.
    1. <head> тегі, қызметі.
    2. <title> тегі, қызметі.
    3. <body> тегі, қызметі.

 

  • Html тіліндегі тегтер.
    1. Тақырыптар<h1...h6>.
    2. Азатжолдар. Түрлері, параметрлері.
    3. Мәтінді белгілеу, түрлері.

 

  • Html тіліндегі тізімдер.
    1. Нөмірленген тізімдер.
    2. Нөмірленбеген тізімдер.
    3. Қабатталған тізімдер.

 

  • Html тіліндегі арнайы символдар.
    1. Мәтіндегі символдар.

 

  • Html тіліндегі гиперсілтемелер.
    1. Гиперсілтемелер.
    2. Параметрлері.
    3. Сілтеме жасау түрлері: _blank, _parent.

 

  • Web бетке сурет қою.
    1. Жазылуы.
    2. Параметрлері.
    3. src, width, height параметрлері.

Html құжаттағы фреймдер.

    1. Қолданылуы.
    2. base, scrolling параметрлері.

 

  • Html құжаттағы кестелер.
    1. Кестелер.
    2. Атқаратын қызметі.
    3. td, tr, th тегтері, қызмтеі.

 

  • Html құжаттағы формалар.
    1. Атрибуттары: action, method, enctype.
    2. <Input> өрісі, атрибуты.
    3. <Textarea> не үшін қолданылады?

 

 


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1875; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!