IP – адрестер мен URL-адрестер.



Дәріс. WEB-қосымшаларын өңдеудің технологиясы. Бүкіл дүниежүзілік өрмек. Web құжат. HTML элементтері. HTML тегі Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет–бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.   Интернетті кім бақылайды? Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC). ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді.  Бүкіләлемдік тор деген не? Ол Интернеттің бөлігі болып табыла ма? Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде: Бүкіләмдік Тор: әдетте WWW(World Wide Web атауынан). WWW – Web сервер арқылы  миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады.Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін. Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP)сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар:белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын,программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі. Жаңалықтық топтар(newsgroups): USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады. 

Хаттамалар.

 Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлері арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс. Әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Яғни хаттама - екі желінің мәлімет алмасуының принципін анықтау заңдылығы. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:

1). Базалық хаттамалар:

ТСРменІР. Әдетте Интернет серверлері бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқалары түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. TCP/IPхаттамалар тобы – бұл Internet-тегі компьютерлердің арасындағы “қатынас тілі” болып табылады. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCP/IP -(Transmission Control Protocol /Internet protocol - тасымалдауды басқару хаттамасы /желіаралық хаттама) терминімен белгілейді. Біріншісі - ақпараттық хабарламалардың пакеттері мен оны тарату әдістерін көрсетсе, екіншісі - жүйедегі адресацияны басқарады. TCP/IP хаттама 1982 жылы пайда болды.  Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пакеттерге бөлу керектігін, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде, Интернет TCP/IP хаттамасы мен біртұтас ІР – адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;

2) Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде боп есептеледі, бұлар: HTTP(Hyper Text Transfer Protocol) - Интернеттің арнайы қызмет баптарының  гипермәтінді тасымалдау хаттамасы;

 Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Олады қабылдап, экранға шақыру үшін FTP(File Transfer Protocol - файлдарды тасымалдау хаттамасы) атаулы қызметші хаттама сы пайдаланылады. Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап,  FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы ftr://ftr.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранда каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Тоқтату түймесін шерткен кезде FTP-сервермен байланыс үзіледі.

Желіні пайдаланудың негізгі түрлеріне – бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (телеконфернциялар) жатады.

IP – адрестер мен URL-адрестер.

Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын - әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта – жеке физикалық адресі (IP –адрес) болады. Желідегі компьютерлер бір-бірін осы сандар көмегімен тауып алады. Мысалы: 194.84.93.29 немесе 128.29.15.124, желіге тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP –адрес деп аталады.    

Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL адрестер (Uniform Resource Locator - ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) деп атайды. Мұндай адрес желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі. URL адреске мысалдар: http://WWW.internet.ru (internet журналы);

http://WWW.intellicast.com/weather/intl (дүние жүзіндегі ауа райы);

http://WWW.Microsoft com/games (Microsoft компаниясының ойындары);  

http://- Веб-ке ену кілттік сөзі, одан кейін торап серверінің адресі, домен аттары каталогтар мен ішкі каталогтардың жазылуы, ең соңында файл аты жазылуы мүмкін.

Домен (Domain)- Компьютерлік желідегі логикалық түрде біріктірілген серверлер мен қорлар (ресурстар) тобы. Бір компьютермен басқарылатын немесе желідегі бір жұмыс станциясының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін ақпараттық желі қорларының (ресурстарының) тобы.

Домендік адрестің жазылу ережесі мынадай:

 

Хаттама:// компьютер аты.домен аты.[/каталог/ішкі кталог/файл аты]

домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, қызмет бабына қарай қойылған домен аттары:

Kz Казахстан com коммерциялық ұйымдар сайты
uk Великобритания org мекемелер сайты
ru Россия gov мемлекеттік ұйымдардың сайты
ua Украина edu білім мекемелер сайты
de Германия mil әскери ұйымдар сайты
fr Франция net желіні басқару мекемелер сайты
jp Япония    

Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Келесі компьютер аты жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог (бума) аттары (Web –парақтар) жазылады, мысалы,

/ras/cpnew.htm. Тік жақша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестерден мысал келтірейік:

http://www.microsoft.com

http://www.elitehouse.nursat.kz

    Берілген компьютердегі файлға баратын толық жол / белгісі арқылы маршрутты көрсетеді, мысалы:  http://www. enu.kz /Files/Myfiles/abc. Zip

DNS-адрес (Domain Name System) – Аттардың домендік жүйесі, домендік аттарды санмен жазылатын IP-адреске түрлендіреді. Осындай түрлену ісін атқаратын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады немесе  URL (Universal Resourse Locator). DNS-адресі жеке информациялық блоктарда нүктемен көрсетіледі. DNS-адресін бергеннен соң, компьютер DNS-серверге сұраныс жасайды , ол IP-адресті жеткізеді, ол былай жазылады:

http://www.imya_saita.imya_hostinga.domen/katalog/imya_faila.htm

DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды ІР – адреске ауыстыруға қажетті ақпарат Host файлында сақталады.

Host (хост) - басты компьютер:

1. Желідегі басқа комльютерлер (клиенттер) пайдалана алатын программалар мен файлдарды сақтайтын орталық компьютер.

2. Желі жүйесімен (мыс., Интернет желісімен тікелей байланысқан, өзіндік жеке адресі бар компьютер. Тұтынушылар үшін бұл адрес ішкі мазмұны сандармен кескінделетін домен аты (domain name) түрінде болады. Желідегі қызмет ету компаниясының, яғни провайдердің (service provider) компьютері және де желімен тұрақты байланыстағы компьютерлер (permanent connection) хост-компьютер рөлін атқарады.

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары.

Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерге жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.

 

WEB браузер дегеніміз не?

WEB сайттар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. (Hyper Text Markup Language). WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады(Web browser).. Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org), AOL (aol.com).

HTML тілінде құрылған браузер сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді, графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт аралығы жеткілікті.

 

WEB браузерді қалай пайдаланады?

WEB браузер сіздерге жеке WEB сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік, олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB сайттардың басы болады, ол үй парағы деп аталады. (HOME PAGE). Үй парағы дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік береді. Бұны желінің ішін аралау деп айтады. Сіз желіге браузердің терезесі арқылы кіре аласыз.

2.1 схемада Microsoft Internet Explorer интернет браузер көрсетілген.

 

Схема 2.1:

Microsoft Internet Explorer терезесі

 Сіз браузерді жүктесеңіз сіздің дербес үй парағыңызды көре аласыз. Сіз үй парағыңызда басқа да беттерді ашуға мүмкіндік аласыз, сіз оны әрдайым өзгертіп отыруыңызға болады. Флэш – бұл WEB браузерде жұмыс істеуге арналған кішкене программа. Ол арқылы дыбысты, анимацияны және интерактивті WEB парақты қосуға болады. Интернет желісіндегі флэш – мультфилмдерде жиі кездестіруге болады және т.с.с. Осының барлығы сіздерге интернет желісінде активті ойындармен ойнауға және детальды ойындармен ойнауға мүмкіндік береді.

 

Қалай басқа сайтқа кіруге болды?

Сіз браузерді ашқанда және берілген беттегі хабарды зерттегенде, сіз басқа да беттерді көріп шыға аласыз.Сіз беттер арасында әртүрлі тәсілдермен орналаса аласыз. Жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі, нәтижелі әрі ыңғайлы, не өрмекті жасайтын, жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі – гипермәтін (hypertext) деп аталады. Гипермәтін – ақпаратты әр түрлі беттерде, тіпті сайттарда байланыстыру. Гипермәтіндік сілтемелер вев-беттерде көп жағдайда, асты сызылған сөздер, сөйлемдер тіпті графиктер арқылы көрсетіледі. Сіз веб-бетті тышқан көрсеткішімен жылжытсаңыз да, асты сызылған болмаса да, сіз гиперсілтемені жеңіл айыра аласыз. Сіз тышқан көрсеткішін гиперсілтемеге нұсқағанда, ол нұсқаушы алақан нұсқаушысына ауысады. Егер гипермәтіндік сілтемені шертсеңіз, сіз келесі, яғни тақырып мәтіндегі бетке ауысасыз.

Мысалы, сізге өте маңызды антарктикалық зерттеумен байланысты тарихи баяндама істеу қажет. Сіз келесі мәтінді веб-беттен табасыз. Мысалда жоғары бірнеше сөздердің асты сызылғанын ескеріңіз. Веб-беттерде олар көбінесе көкшіл түспен ерекшеленеді. Ол –гипермәтіндік сілтеме. Егер бұл веб-бет болса, сіз сол сілтемені шертіп, сол сөзге анықтама және мысалдар берілген бетке ауыса аласыз. Ал егер Ф.Ф.Беллинсгазгер сілтемесін шертсеңіз, онда сіз мына зерттеушінің өмірбаяны туралы әңгіме айтылған бетке өтер едіңіз. Дәл сол сияқты, мұз айдынына сөзіне шертсеңіз, сол табиғат бейнесі суреттелген бетке өтесіз.

Дүниежүзілік өрмектің көмегі арқылы басқа бетке немесе басқа сайтқа көшудің жаңа тәсілі – веб-мекен жайларды қолдана аласыз. Мекен – жайы болмағандықтан, үйді табу қиын, сондықтанда кез-келген веб-сайттың өзіне тән мекен –жайы болады. Ол мекен-жай әмбебап локатор қоры (Uniform Resource Locator) немесе URL деп аталады.

Сонымен URL деген не? URL –сөзбе-сөз айтқанда, берілген беттің интернетте орналасқан орны. URL –дің жазылуында «/» (слэш) таңбасы қолданылады және оны қолдануда ашық жер қалдыруға болмайды. Әр бір URL-де негізі ұқсас ақпараттар бар. Мысалы, төменде көрсетілген URL-ға қараңыздар:

http://www.zdorovie.ru/gigiena/news.html

http://: URL бірінші бөлімі ресурстардың түрлерін немесе алыну жолдарын анықтайды. Көптеген халықаралық сайттарда URL басында  http көрсетілген, ол гипермәтін тапсыру протоколы (hypertext transfer protocol). HTTP – дүниежүзілік өрмектен ақпараттты жіберуге және хабар алуға арналған ережелер топтамасы.

http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html

www: Интертеттегі бет түрі. Берілген мысалда www дүниежүзілік өрмектің беті екендігін көрсетеді (World Wide Web).

http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html

zdorovie.ru: Бұл барлық мәліметтерді сақтайтын сервердің атауы. Ол домендік атпен аталады және аты қосылады, нүкте және жұрнақ немесе жоғары дәрежедегі домен(top-level domain, TLD). Бірінші бөлім – көп жағдайда мекеме аты, ал соңғы бөлім жоғары дәрежелі доменнің бірі болуы мүмкін (TLD)

.com: мекемелер және жалпы қысқартулардың үлкен бөлімі;

.edu: білім беру институттары және АКШ университеттері;

.gov: АҚШ үкімет агенттіктері;

.mil: АҚШ-ң әскери сайттары;

.net: желілер, көп жағдайда интернет-провайдерлар сайтын білдіреді;

.org: коммерциялық емес ұйымдар.

Осы жоғары дәрежелі домендермен қатар басқа да соңғы бірнеше жылда пайда болғандары, олар:.info, .biz, и .pro,сонымен қатар елдердің екі мағыналы домендары қолданылады, мысалы: .mx Мексика, .pt Португалия, .de Германия, .fr Франция, .ca Канада, .uk Великобритания, .ru Россия, .kz Қазақстан үшін..  

http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html

gigiena: Веб-беттер сақталған директория немесе серверлік папка. Берілген мысалда gigiena – қосымша файлдар сақталған папка.

http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html

news.html: сіздің веб-сайттағы парағыныңыздың аты. Мысалда, файл аты -"news" html- құжат.

 

Web сайттар қалай ұйымдастырылады?

Бүкіл әлемдік тордың мүмкіндіктері өте көп және өте қолайлы.Сілтемелер көмегі арқылы сайттарға оңай шолу жасауға болады. Кейбір жағдайда Web сайтта адасып қалуға да болады.Ол қандай жағдайда? Егер сіз ақпараттарды өз ретімен дұрыс пайдаланбасаңыз. Сіз оңай болу үшін сайттың ұйымдасу құрылымын жақсы білгеніңіз жөн.

Web сайттар әдетте 3 түрлі жағдайда ұйымдастырылады:

1)сызықты Web сайт;

2)ағаш тәрізді құрылымды Web сайт;

3)жүйесіз Web сайт (ретсіз).

Сызықты Web сайт – кітап бойынша әдетте 1-ші парақтан 2-ші парағын ашу т.с.с. ашу арқылы құрылады. Сіз 1-ші парағын 1) (үй парағын) ашу арқылы бастайсыз да 2-ші параққа көшесіз, одан кейін 3-ші параққа т.с.с кетеді.

 

Схема 2.2 Сызықты Web сайт

 

 

 

Ағаш тіріздес құрылымды Web сайты – бұл ағаштың гендік таралымы тәріздес болып келген әр түрлі опциясы бар және сайттағы ақпараттарды көретін құрылымы бар ұйымдастырылуды айтады. Сіз 1-ші парақтан бастайсыз, ал одан әрі бірнеше парақтың біреуін ғана таңдайсыз.2.3 схемада көрсетілген.

 

2.3 схема. Ағаш тәрізді құрылымды Web сайт

Жүйесіз Web сайт – практика жүзінде ұйымдастырылымы жоқ сайт. Ол ақпаратты массивтен тұрады. Ол әр түрлі жүйесіз сілтемелермен біріккен. Сіз әр түрлі парақтарға барып одан қайту жолы өте қйынға соғатын сайттың түрі болып есептеледі.

 

 

 

2.4 схема. Жүйесіз Web сайт (ретсіз).

Схема 2.5:

Internet Explorer браузер терезесінің негізгі компоненттері

Сызықты батырмалар сізді бүкіл әлемдік торға саяхат жасауыңызға тиімді қолдануыңызға мүмкіндік жасайды.

 

 

Схема 2.6:

Internet Explorer браузер терезесінің стандартты сызықты батырмалары

Әр батырманың атқаратын қызметі:

Назад (Back) алдыңғы қаралған веб-параққа қайта келу

Вперед (Forward): келесі бетке өту, егер мұның алдында Назад кнопкасы басылған болса

Остановить (Stop): веб-парақтың жүктелуін тоқтатады

Обновить (Refresh/Reload): ағымды парақты ашып, оны жаңартады. 

Домой (Home): сіз таңдаған үй парақ беттін көрсетеді.

Поиск (Search): сізге қажетті тақырыпты Интернеттен іздеген кездегі ашылатын парақ

Избранное (Favorites): сілтемелердің тізімі.

Мультимедиа (Media): WindowsMedia.com сілтемесінде ән тыңдау

Журнал (History): соңғы қарастырылған веб-парақтар тізімі

Почта (Mail): электронды поштаны ашады және сілтеме мен хабарламаларды

Печать (Print): ағымды веб-парақты баспаға шығарады

 

Іздеу жүйесі дегеніміз не?

Іздеу жүйесі дегеніміз- кілттік сөздерді пайдалану арқылы өзіңізге қызықты, қажетті ақпараттарды табу, іздеу WEBсайтын айтады. Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар, оны көбінесе 4 компонент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кеңінен қолданылады.

Олар:

1. «Паук»- автоматтандырылған программа. Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB- сайттарды табады. Сонымен қатар WEB парақтарды да анықтайды. Сол арқылы оларды бағалық тізімге енгізеді. Бот және Веб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.

2. Индекстеуші программа. Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа. Ол WEB-сайтқа сіздің табуыңызды ұйымдастыратын программа. Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.

3. Іздеу жүйесінің деректер қоры. Барлық ақпараттардың жиынтығы. Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады. Ол да тұтынушыға көрінбейді.

4. Интерфейс. Интернет жүйесінде не керектігін кілттік сөз арқылы іздестіруді ұйымдастыратын терезе.

Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіләлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз. Ал қай жүйенің сізге ыңғайлы екенін білу үшін, олардың бір- бірінен айырмашылығын білуіңіз керек.

Іздеу жүйесінің негізгі 3 түрі бар:

Метамәліметтер арқылы. Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін және нәтижесін жинақтайтын жүйе. Оған мысал ретінде мыналарды алуға болады:

Yahoo!: http://ru.yahoo.com

MSN Search: http://search.msn.com

Alta Vista: http://www.altavista.com

 

Универсалды іздеу жүйесі. Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемде қамтитын іздеу жүйесін айтады. Оған мысал ретінде:        

Google: http://www.google.ru

Yandex: http://www.yandex.ru

Rambler: http://www.rambler.ru

 

Іздеу агенті. Күрделі іздеуге арналған программалық құралдар.

Мысалы: Bot Spot: http://bots.internet.com

                  Copernic: http://www.copernic.com

                                       

Көптеген сайттың іздеу жүйесі негізгі парақтан құралады. Оған жолына кілттік сөздерді теру арқылы материалдарды пайдалану арқылы іздестіруге болады. Сіз бір немесе бірнеше сөздерді ендіріп, оны кілт есебінде пайдалануға болады. Мысалы, географиялық ашылымдардың тарихы туралы негізгі мәтіндік жолға ендіріп, пайдалануға болады. Іздеу жүйесі сізге осы сөзден тұратын барлық сайттардың тізімін береді. Географиялық ашылулар тарихын іздеуде Google сайты сізге 11800 сайттан аса тізім береді. Іздеу жүйесінде нәтижеге жету үшін қандай сөзді ендірудің ерекше маңызы зор. Мысалы, сіз географиялық ашылымдар тарихын іздеген кезде, altaBista жүйесінен 23 мың сайттан кем нәтиже аласыз. Көптеген іздеу жүйелері сізге көмек файлын ұсынады. Ол сізге бұл іздестіру жүйесінде біраз жеңілдіктер береді. Көмек файлдарын пайдаланудан қорықпаңыз. Олар сізге бүкіләлемдік тордан сізге қолайлы іздеу мүмкіндіктерін көрсетеді.                                                                                  

 

Желіден алынған ақпараттың сенімді және айқындылығын қалай бағалауға болады?

 

Сіз қажетті ақпаратты іздеуді білесіз және сізге мыңдаған WEB – сайттар немесе одан да көп миллиондаған бар екені белгілі. Қажетті ақпаратты алудың қауіпсіз екенін қалай білуге болады? Қандай ақпарат басқа ақапараттан жақсы екенін білесіз?

 

WEB сайттың типтері

 

Бүкіл әлемдік тордағы табылған ақпаратты бағалаудың ең жақсы жолы – оны қайдан тапқаныңызды көре білуіңізде.

WEB сайттың ең негізгі 7 типтері бар:

1. Насихаттау сайты. (Advocacy site) қоғамдық лөзқарастың өзгеруіне қатысты қолданылады, активті түрде қолдау немесе түсім ақы жинау. Мынандай WEB – сайттар оған мысал бола алады, саяси компаниялар, ұйымдардың WEB-сайты, қоршаған ортаны қорғаудың бір нәрсеге сіздерді сендіру арқылы жүзеге асырылады, бір іске салым салуға шақыратын WEB-сайттар. Бұған мысал ретінде мына сайтты келтіруге болады: http://www.wwf.ru

2. Коммерциялық сайттар (Commercial site ) ол сайттарға сатуға арналған товарлардың жарнамасы мен ақпараттары туралы енгізілген сайттар; тапсырыс қызметін ұсынатын сайттар;бизнес және қандайда бір өндірісті арттыруды ұсынатын сайттар. Бұған мысал ретінде Microsoft http://www.microsoft.ru.

компаниясының сайттарын айтуға болады.

3.Ақпараттық сайттар(Informational site) мәліметтерді және статистиканы, тізімдер мен түрлерді, анықтаматарды, әртүрлі ақпараттарды ұсынады. Оған мысал ретінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының ақпараттық және технологиялық сайтын алуға болады: http://www.informika.ru.

4.Ойын- сауық сайты (Entertainment site) Бұл сайт музыканы, ойындарды және де ойын-сауық индустриясының ақпараты мен жаңалықтары туралы да ұсынады. Бұл сайтқа музыкалық топтардың және телевизиялық желілерді құрушылардың немесе жаңа фильмдердің сайттары мысал бола ала алады. Ойын –сауық сайттарының мысалы ретінде мына сайттар табылған: MSN http://zone.msn.com/en/root/freeonline.htm немесе ойын - сауық порталы EnForce.Ru http://www.enforce.ru.

5..Білім беру сайты (Educational site) бұндай сайттар әдетте шетелде болады және оның URL бар. Ол EDU мен бітеді. Олар білім беру институттарын алға ұмтылдырып немесе мектептер туралы ақпаратты ұсынады. Бұл топқа колледждермен университеттердің сайттары кіреді және тағы да басқа жоғары мектептердің сайттары кіпеді. Оған мысал ретінде Москва мемлекеттік университетінің сайты кіреді: http://www.msu.ru .

6.Жаңалықтар сайты(News site) бұл сайттар жергілікті, аймақтық және халықаралық дәрежедегі жаңалықтарды, болып жатқан оқиғалардың ақпаратын ұсынады. Олар журналдар мен газеттегі басылымдар мен немесе телевизиялық бағдарламаның ұйғарымдарымен сәйкес болуы мүмкін. Ресейлік газеттер http://www.rg.ru/, Известия http://www.izvestia.ru/, Интернет сайты немесе кабельдік желі, мысалы, http://www.rbc.ru/.

7.Дербес сайттар(Personal site) Визиттік карточкасы, фотоальбомы және нақты адамның басқа да дербес ақпараты.

 

                                       Веб сайттың сенімділігі

Сайттың қай типке жататынын анықтау үшін негізгі 5 белгі арқылы тексеруге болады. Және бұл ақпарат сенімді басылғанын көрсетеді. Міне осы 5 белгі

1. Авторлық: бұл сайтты кім жасады? Бұны жасаған адамдар мен мекемелердің білімділігі мен біліктілігі бар ма? Жаңалықтар мен ақпартаттардың астында жасырынған сайттардан сақ болыңыздар.

2. Дәлдік: сіз өз өзіңізге көмектесуге болады, егер сайттағы ақпарат нақты болса. Сайтқа назар аударыңыз онда сілтемелер тізімі бар ма? Бұл сілтемелерді басқа да сенімді сайттарға қосады ма? Сайт түрлері профессионалды көріне ме және бұнда орфографиялық немесе басқа да бір қателер жіберілмеген бе?

3. Обьективтілік: сайттың обьективтілігі бар ма? Басқа сөзбен айтқанда бұндағы сайт мінсіз бе? Бұл оргументтер барлық жақтан қаралама? Немесе еш қорытындысыз тек фактілер ұсынады ма? Бұл сайт қандай да бір сайттың бір жағы ғана туралы ақпарат береді ме?

4. Дер кезілік (өзектілік): сайт өзекті және әр кез жаңартылып отырады ма? Бұл 2 жыл бұрын өтіп кеткен «болашақ» туралы хабар береді ме?

5. Хабарлылық дәрежесі:сайт ір салада ақпараттар ұсынады ма? Немесе бір аудиторияға арналған нақты ақпарат ұсынады ма? Сайтта сілтемелер тізімі бар ма? Басқа да Веб беттерге немесе Веб сайттарға берілген тақырыпқа қосымша бір ақпарат беріледі ме?  

Алынған ақпаратты қолдану ережелері.

Олар қорғалған ба? Интернеттен алынған ақпаратты қолдану – бұл ұрлық. Бұл жазылғандардың барлығы немесе университет үшін жазылғандардың барлығы авторлық құқығы мен қорғалған болып табылады. Сіз жазғанның барлығы авторлық құқық туралы түсінік бермейді және көшірмесін алуға болмайды деген түсінік жоқ. Егер сіз бір нәрсені рұқсатсыз қолдансаңыз, онда сіз ұрлық жасаған болып саналасыз. Сізге білу қажет:

Сізге қалай ақпарттарды алып, және басқаларды сол ақпаратты қайдан алғандығыңыз туралы ақпараттандыру қажет.    

 

       Ұрлық туралы түсінік және шығармашылық жөніндегі заң

Елестетіп көріңіз, сізге курстық жұмысығызды орындау қажет, бірақ оны жазуға сізде уақыт жоқ. Ал сіз болсаңыз жақсы баға алғыңыз келеді. Сіздің басыңызға жақсы ой келеді. Сіз интернетке кіріп , дайын ғылыми жұмысты сатып аласыз және сол жұмысты өз атыңыздан өткізесіз. Ал мұғалім болса бұл туралы тіпті білмей де қалады, сондықтан бұл ешкімге зиянын тигізбейді.                                                                                                                  Жақсы бірақ сіздікі дұрыс емес екендігін білесіз, мүмкін қандай да бір жұмысты өзіңізге атқаруға тура келетін шығар. Сіз интернетке кіріп, ақпарат іздеуші программаларды пайдаланып, екі –үш жерден ақпарат аласыз. Сол арқылы сіз «копировать» және «вставить» батырмасын басу арқылы өз компьютеріңіздегі құжаттар қатарына енгізесіз. Бұл жұмыс бір жағынан күнәсіз көрінгенімен- ұрлық болып саналады.                       

 Ұрлық: - бұл басқа бір адаммен жасалынған жұмысты өз атыңыздан ауыстырып пайдалану. Егер сіз интернеттен автордығ рұқсатынсыз бір ақпаратты қолданған олсаңыз ,сіз онда ұрлық жасаған болып табыласыз. Ең тиімді жол- бұл ережелерді түсініп, әрдайым қоданып жүру.

 

Электрондық поштаны қалай жіберуге болады?

Электрондық пошта немесе e-mail. Бұл көп қолданылатын интернет мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзінде миллиондаған хаттар алынып, жіберіліп отырады. Интернет желісіне қосылуы бар әрбір адам хатты алып, жібере алады.

Төмендегі 3-1 кестесіндегі электрондық хаттардың жалпы түрі көрсетілген.

 

3-1 кесте.

 

Электрондық поштаның жұмыс істеуі.

Электрондық поштаның жұмыс дәлдігі тура кәдімгі поштаныкіндей. Оның арнайы жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, хаттары мен мекен-жайы бар. Электрондық хаттарды жеткізу саналы секундта жүреді. Кәдімгі поштаға қарағанда, e-mail-дің жұмыс істеу тездігі өте жоғары, оны «shail-mail» дейді. Электрондық хаттарды алып, жіберу үшін сізге электрондық поштамен жұмыс істейтін арнайы программалық жабдықтама қажет. Ол бүкіл әлемдік торда немесе компьютердің бөлек программасында болады. Мысалы, «Microsoft Outlook». Бұл программалық жабдықтамалар бірдей жұмыс атқарады және келесідей қадамдар ұсынады:

· Сіз хат жазасыз.

· Сіз «жіберу» батырмасын басып, программаңыз оны форматқа конверттейді.

· Цифрленген хат интернет арқылы пошталық  серверге кетеді.

· Пошталық сервер алынған хаттарды жинап, оны түгендеп, бөліп, мекен- жайларына жібереді.

 

 

Электрондық поштаның «тіркеулік тізімін» құру.

Электрондық хаттарды алып, жіберу үшін сізге «тіркеулік тізім» қажет. Сіздің оқу орныңыз, компания немесе интернет провайдеріңіз сізге «тіркеулік тізім» құрып бере алады. Сонымен қатар, сіздің хаттарыңызды тегін алып, жіберетін арнайы веб- сайттар бар. Сондай сайттың бірі «mail.ru». E-mail-дің әр мекен-жайы белгілі бір бөліктен тұрады. Оған кіреді: қолданушының аты (өзі таңдаған) @ белгісі және домен аты. Мысалы: Алтынай электрондық поштасының тіркеулік тізімін mail.ru -дан алатын болса: altynai_erboloba@ mail.ru

Электрондық поштаның әрбір тіркеулік тізімі үшін сіз қолданушының арнайы аты мен кодын аласыз. Электрондық поштаны тексерген сайын, олар сізге керек болады. Сізге біреу хат жібергенде, ол сізге тек арнайы мекен-жай көмегімен келеді.

 

3-2 кесте. . Электронная почта созданная в Mail.ru

 

 

Электрондық хаттарды алу және жіберу

Электрондық пошта хаттары бірдей форматта болады. Әр хатқа негізгі элементтер кіреді. Хатты алғанда және жібергенде әрбір элемент не үшін керектігін білетіндіктен сізге қиынға соқпайды.

Олар 3-4 кестеде көрсетілген.

 

3-4 кесте. Электрондық поштаның кәдімгі элементтері.

 

Бұл элементтер:

Хат алушының аты мен мекен-жайы: Жай хат жібергендегідей, сіз хат алушының аты мен мекен-жайын көрсетесіз.

Хат жіберушінің аты, мекен-жайы: Сіздің атыңызбен мекен-жайыңыз. Бұл автоматты түрде электрондық пошта программасымен енгізіледі. Хат алушылар үшін сіз оны ауыстыра аласыз.

Тақырыбы: Хатта талқыланатын зат туралы, ол хат алушының жаңа хаттар тізімінде жазылады.

Күні мен уақыты: автоматты түрде толтырылып, уақыты мен күнін көрсетеді.

Хат тұлғасы: хаттың жазылу аймағы.

Құжаттар: хатқа сіз түрлі файлдар, графикалық суреттер, өлеңдер қоса аласыз.

Көшірме: бұл жолға сіз хат алушының мекен-жайын енгізесіз, егер сіз хаттың көшірмесін біреуге жібергіңіз келсе.

Жасырын көшірме: дәл сол хаттың көшірмесі, бірақ артықшылығы хат алушы осы хаттың көшірмесі басқа біреуге жіберілгенін білмейді.

Хатты жазып болған соң, сіз оны шығарып алып, сақтай аласыз, егер ол керек болса. Сонымен қатар сіз хат жіберушіге жауап қайтарып немесе хатты тағы басқа біреуге жібере аласыз.

 

Электрондық поштаны қолдануға арналған басқарулар.

Жай поштаға қарағанда электрондық поштамен мәліметтер тезірек барады. Оның қолдану қолайлылығы мен жылдамдығы арқасында кейде адамдар бұл өзара байланыс құралы екенін ұмытады.

Адаммен бетпе-бет сөйлескенде сіз оның қандай көңіл-күйде екендігін көре аласыз. Достарыңызбен араласқанда, сіз олардың бет-әлпеті мен мимикасын, қарашық қозғалысына, киінгені мен қаншалықты тез немесе баяу сөйлегеніне қарайсыз. Соған қарап, оның қандай жағдайда екенін білесіз. Ал электрондық поштада ондай мүмкіндіктен айырыласыз, бірақ кейбір нұсқауларға еріп, жақсы сөйлесе аласыз.

Төменде нұсқаулар берілген, олар «торлық этика» деп аталады.

· Тақырыпты нақты жазыңыз. Тақырыпқа хаттың басты мазмұнын қамтитын информацияны жазыңыз. Хат алушы хатты ашпай тұрып, онда не туралы жазылғанын біледі.

· Ешқашан мәтінді регистрдің жоғарғы жағында жазбаңыз..

· Хатты қатесіз жазуға тырысыңыз, бұл сізге араласуға кедергі болуы мүмкін.

· Электрондық хат арқылы кредиттық карточка нөмері, маңызды кодтар мен құжаттарды жіберуден сақтаныңыз.

· Хатқа жауап бергенде, хаттың басты мазмұнын жазыңыз, сонда хат иесі оны түсінеді. Барлық хатты түгелімен жібермеңіз.

· Хаттың аяқ жағын өз қолтаңбаңызбен толықтырыңыз. Қолтаңба сіздің атыңызды немесе электрондық жәшігіңіздің мекен-жайын, басқада маңызды информацияны қосады. Қолтаңбаны төрт жолаққа сидыруға тиістіміз.

· Қызықты хат құрастыра отырып, қысқартылған арнайы сөздер еңгізіп, абзац арасында бос жолақ қалдыру да пайдалы .

· Жұлдыздарды қолдана отырып, сіз оның сөзге деген мұқияттылығыңызды көрсетесіз.

Бұл * өте * пайдалы.

¨ Төменгі сызықша белгісін қолданыңыз.

Мысалы: _ Honey_

¨ Смаиликтерді қолданып, қысқаруларды енгіземіз, бұл хатқа қосымша эмоция береді.

 

 Электрондық пошта көмегімен тағы не істеуге болады?

Электрондық хаттамаларды жеке адамдар мен кішігірім топтарға жіберумен қатар, сіз дискуссиялық топқа қатыса аласыз.

Дискуссиялық топ:бұл электрондық пошта арқылы араласатын адамдар тобы. Олардың көпшілігі ортақ қызығушылығы бар адамдар. Сіз электрондық хабарламаны топтың басты мекен-жайына жібересіз, сосын пошталық сервер автоматты түрде хатты бірнеше данаға көшіріп, топтың басқа мүшелеріне жібереді.

Электрондық пошта жалпы қызығушылықты талқылауды жеңілдетеді. Мысалы: егер бір топ оқушылар жазғы сабаққа қатысса, семинар ұйымдастырушылар барлық оқушылар үшін дискуссиялық топ құрайды. Жекелеген топ оқушылары жіберілме (рассылка) тізіміне жазылысымен, бір-біріне хат жаза алады. Хат басты адреске жіберілген соң, оны басқалары да алады.

Интернетте әртүрлі тақырыпқа қатысты көптеген дискуссиялық топтар бар. Олардың көптігі сонша, топтың ішінде топтар бар. Сізге ұнаған тақырыпқа арналған топты тапқан соң, оларға жазылу туралы өтініш пен хат жібересіз. Топ мүшелеріне байланысты сізге қабылдануыңыз немесе жазылушылар тізімінде тұрғаныңызда хабарлайды. Әр дискуссиялық топтың өз ережелері бар. Белгілі бір топта жұмыс бастамас бұрын осы ережелерді сақтанғаныңыз жөн.

 

Мен электрондық поштаны күткім келмесе не істеймін?

    Электрондық поштаның жылдамдығына қарамастан, хат алушы дәл сол кезде жауап беретініне кепілдік жоқ. Интернет арқылы осы уақытқа сіз лездік хат алмауы программасын қолдана аласыз. «Осы уақыт» дегеніміз, сіз хатты программаға енгізген бетте, досыңыз оны оқи алады.

Интернет арқылы араласудың басқа да мүмкіндіктері бар.

Ең кең таралғаны ол: лездік хат алмасу.

Лездік хат дегеніміз не?

Лездік хат - арнайы программа терезесіне енгізілетін хат. Сізбен араласып отырған адам дәл осы программаны қолдана отырып, хатты тез арада алып, оқи алады.Лездік хаттарды алып, жіберу үшін, екі сөйлесушінің де интернетке және бірдей программалық жабдықтамаға қосылуы болуы керек. Сонымен қатар қажетті программалық жабдықтамаларды қолданып, сіз чат-топта бірнеше адамдармен сөйлесе аласыз. Чат-топта отырған әрбір қолданушы,сіз хатты жіберіп отырған сәтте көреді. Сіз ашық тұрған кез-келген чат-топқа қосыла аласыз, әдетте олар белгілі бір тақырыпты талқылауға арналғандар, немесе өзіңіздің чат-тобыңызды құрып достарыңызбен, туыстарыңызбен кездесіп, араласа аласыз. Лездік хатпен алмасу үшін бірнеше танымал программалар бар, олардың бәрі Microsoft’s MSN Messenger

3-5 схема осы программаның стандарттық терезесін көрсетеді.

 

Схема 3-5

 Microsoft Messenger терезесі

 

Лездік хаттарды қалай алып, жіберуге болады?

Лездік хаттарды қолдану үшін, ең алдымен сіз осы сервисті қолданысқа енгізіп отырған қызмет тізіміне тіркеліп, пароль мен қолданушы атын және программалық жабдықтаманы компьютеріңізге көшіріп алуыңыз керек. Лездік хаттарды алмасу программалардың көпшілігі сізге жиі араласатын тансытарыңыздың тізімін құруға мүмкіндік береді. Сонда сіз олардың интернетке қосылысы барын, компьютер алдында отырғанын тексеріп, байланыса аласыз. Сіз өзіңіздің программалық жабдықтамаңызды бір жақты қоссаңыз, сонда сіздің интернетте бар, жоғыңызды тек тізіміңіздегі таныстарыңыз көре алады. Сіз бір адаммен немесе виртуалдық чат-топқа қосылып, бір мезгілде, бірнеше адаммен араласа аласыз. Бос уақыттағы сүйікті іс пен фильм, жаңа жазбаларды талқылауға арналған көптеген ашық чат-топтар бар. Сонымен қатар сіз өзіңіздің жеке жабық чат-тобыңызды құрып, онда тек -өзіңізге ұнайтын адамдарыңызды тобыңызға қосып араласасыз.

Тіркеулік тізімді құрғаннан кейін, сіз байланысқыңыз келетін адам атын таңдап, компьютеріңіздегі лездік хаттарды алмастыру программа терезесіне хат енгізесіз. Сол сәтте сіз таңдаған адам хатыңызды алып, оған жауап бере алады.

Егер сіз осы мезгілде компьютер алдыңызда болмасаңыз, онда қолыңыз бос еместігіңіз және байланыс аясынан тыс екендігіңіз туралы хабарлама енгізіңіз. Ондай жағдайда олар сізге хабарлама қалдыра алады, ол хат сіз интернет желісіне шыққанша күтіп тұрады.

 

Әдебиеттер:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. М., 2001г.

2. Е.Якушина., Изучаем Интернет создаем Web – страничку. Санкт-Петербург – Москва- Харковь- Минск, 2001г.

3. С.В.Симанович., Информатика Базовый курс 2-е издание, Москва, Санкт-Петербург., 2004г.

3. И.Ф.Муштоватый., Самоучитель по работе в Интернете, Ростов-на Дону, 2001г.

4. Егоров А.Б., Золотарева Н.Н., Легкий самоучитель работы в Интернете, Санкт-Петербург, 2006г.

5. Уильям Хортон, Кэтрин Хортон., Электронное обучение: инструменты и технологии., Москва, 2005г.

6. Ларионов А.М., Майоров С.А., Новиков Г.И.. Вычислительные комплексы, системы, сети. Л., Энергоавтомиздат, 1987г.

7. Шафрин Ю.А. Основы компьютерной технологии. М., АБФ, 1997г.

8. Каган Б.М. Электронные вычислительные машины и системы. М., Энергоавтомиздат, 1991г.

Бақылау

  Сұрақтары:

1. Желі деген не?

2. Желі қаншалықты үлкен?

3. Желілердің типтері қандай болады?

4. Компьютерлер бір-бірімен өзара қалай әсерлеседі?

5. Желілердің желісін қалай құра аласыз? Интернет деген не?

6. Интернетті кім бақылайды?

7. Интернет қандай бөліктерден тұрады?

8. WEB – браузерді қалай пайдалану керек

9. WEB – браузерді қалай түсінесіздер.

10. WEB – сайттар қалай ұйымдастырылады.

11. Басқа сайттарға қалай кіруге болады.

12. Іздеу жүйесі дегеніміз не?

13. Электронды пошта қалай жұмыс жасайды?

14. Электронды пошта да тіркеу тізімдерін қалай құруға болады?

15. Электронды поштада жіберу хаттамаларын қалай жіберуге және қабылдауға болады?

16. Электронды поштаның көмегімен тағы не істеуге болады?

 

HTML тiлi

HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың әйгiлi стандартты гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады және адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi. HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады және әлемдiк ISO стандартына сәйкес келедi.

HTML тiлi жобалаушыға келесi мүмкiндiктердi жүзеге асыруға көмектеседi:

  • Тақырыбымен қоса мәтiндердi, кестелердi, тiзiмдердi, суреттердi және басқа да маңызды online құжаттарды жариялау
  • Online-ақпаратты алу үшiн тек түйменi басу арқылы гипертексттiк сiлтемеге өту
  • Қажеттi ақпарат iздеу, архивтердi құру және басқа да мақсатқа арнап түрлер (form) құру
  • Сол құжаттың өзiне мәлiметтер кестелерiн, видео және аудиоклиптер және басқа да қосымшаларды қосу


HTML тiлiнiң қысқаша тарихы

HTML тiлiн алғаш шамамен 1991-1992 жылдары британдық ғалым Tim Berners-Lee негiзiн қалады. Бұл тiл web мамандары емес адамдардың арасында ғылыми және техникалық құжаттарды алмасу үшiн құрылған. HTML тiлi өз қызметiн жақсы атқарып, әдемi өңделген қарапайым құжаттарды ұсынды. Алғашында HTML-де гипертексттiк сүйеу салынған, кейiннен мултимедиалық мүмкiндiктер қосылды. 90-шы жылдары web-тiң дамуына байланысты өте әйгiлi қолданыстағы ең керемет тiлдердiң бiрi болды. Қызығушылық арта түстi. HTML 2.0-1994 жылдың аяғында кодтау үшiн Internet Engineering Task Force (IETF) көмегiмен құрылған. HTML+ (1993) и HTML 3.0 (1995) бұлар HTML-дiң әлдеқайда "жаңаланған" түрiн (version) ұсынды. World Wide Web Consortium's HTML Working Group-тiң табанды күш жұмсауы өңдеудiң тәжiрибелiк қолдануына 1996 жылы HTML 3.2 түрiн ұсынып, нәтижелi өзгерiс бердi. Барлық адамдар HTML құжаттары әртүрлi платформаларда және әртүрлi браузерлерде жақсы жұмыс iстеуге тиiстi деген пiкiрмен толық келiсiмде болды. HTML тiлiнiң әр шыққан түрi (version) бiр-бiрiнен озып, жақсы мүмкiндiктермен таныстырды. HTML тiлiнiң ойлап тапқандағы мақсат құрылғылардың барлық түрi Web-тен әртүрлi графикалық дисплейде түстiң нақтылығын ұялы телефондармен, тасымал құрылғылармен, сөйлесу құрылғылармен, жоғары және төмен ырғақты жиiлiгi бар компьютерлермен барлық мәлiметтердi құжат ретiнде көру және т.с.с мүмкiндiктердi алу.


Браузерлер

HTML тiлiнiң кодталған мәтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын) арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( және басқа сыртқы құрылғыларға шығару ) , әрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең әйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari , Google Chrome және Opera болып табылады.

HTML құжатты қалай жасау керек?

HTML құжаттарды жасау үшін мәтіндік редакторларды (мысалы, қойын дәптер (блокнот)), мәтіндік процессорлар (Word) және визуалдық HTML редакторларын қолданады. Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мәтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз.

HTML құжаттың құрылымы

HTML тегтер дегеніміз не?

Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас әріппен де кіші әріппен де жазыла береді, еш айырмашылығы жоқ. Әрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML құжатты ашып және жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін. Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мәтіннің өлшемін анықтайды. Ал дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа көлденең сызықты орналастырады.

HTML тіліндегі міндетті тегтер:

Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>, <head></head>, <body></body>, <title></title>. HTML құжатта тегтердің орналасу реті төменде көрсетілген

<html>

<head>

<title>Web беттің аты</title>

</head>

<body>

Сіздің құжатыңыздың денесі

</body>

</html>

<head></head> тегінің ішінде сіздің HTML құжатыңыздың аты орналасады (негізінде сілтеме ретінде қандай да бір іздеу нәтижесінде осы берілген атауды көре аласыз), сонымен қатар, бұл тегтің <head></head> конструкциясының ішінде Мета тегтер деп аталатын тегтер болуы мүмкін.

 

 

Нәтиже мынадай болады.

 

Құжат денесі

Тақырыптар

HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... , <h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дәрежесі бар. Тәжірибе ретінде кқруіңізге болады. Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мәтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз және бірден браузерде ашып көріңіз. Яғни нәтижені көре аласыз. Келесі дәрежелерін де осылай қойып шығуға болады


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 5179; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!