Каналдар агрецияларын конфигурациялау 12 страница



Таңдалған желілік интерфейстің соңғы тексеруі кезінде соңғы алмасулардың статистикасын көруге болады. Егер сіз кейбір желілік трафиктерді алу үшін басқа да желілік қосымшаларды қоссаңыз, онда бұл интерфейсте қапшықтар жіберіліп және қабылданып жатырғанына көз жеткізе аласыз. Егер сіз мұнда активтілікті көрсеңіз, бірақ бұрынғыдай қиындықтар болса, бұл нақты желілік интерфейспен емес желілік қызмет мәселесәмен байланысты. Егер бұл интерфейс жіберу қателіктерін көрсетсе, онда мәселе желілік локаьді қосылуда болған.

Аппараттық желілік интерфейстің мәселелерін шешу үшін, ең алдымен тексеруді физикалық қосылудан бастаңыз. Сымды желілерде аппараттық мәселелерді шешу үшін әртүрлі желілік порттарды немесе кабельдерді тексеріңіз. Сымсыз желілер үшін Wi-Fi қондыруын және сымсыз базалық станциялардың барлығын екі реттен тексеріңіз. Басқа жағдайларда Мас желісі дұрыс жасамауы мүмкін, мұнда жағдайда Мас компьютерін Apple компаниясының сервистік орталығына апарған жөн.

Ping-желілік утилитасы

    Егер сіз желілік қондырулар дұрыс конфигурацияланғанын анықтасаңыз және аппаратты желілік интерфейс дұрыс жұмыс жасаса да желілік қиындықтар туындаса, келесі әрекет -Ping аппаратының көмегімен желілік қосылудың тестілеуінен тұрады. Ping- құралы Мас-тың желі бойынша берілгендерді сәтті жіберу және алуды жүзеге асыра алуын анықтайтын желілік тест болып табылады.Мас Ping берілгендерінің қапшықтарын ІР-адреске жібереді, ал басқа құрал қосылуды растау арқылы Ping қапшығын қайтаруы қажет.

Ping Утилитасын қолдану үшін келесілерді орындаңыз.

1.  Бағдарламалар/Утилиталар/Желілік Утилита(/Applications/Utilities/Network Utility) қосыңыз, содан соң жоғарыдағы Ping Утилитасына тінтуірмен шертіңіз.

2. ІР-адресті еңгізіңіз немесе осы қондырғымен жалғасуды тестілеу үшін желілік қондырғы атын еңгізіңіз. Алдымен LAN –дағы үнемі қол жетімді қондырғының ІР-адресін еңгізуден бастаңыз, яғни желілік маршрутизатордан. Есіңізде болсын, домен атын қолдану кезінде Мас компьютері DNS-серверімен дұрыс әрекет етуі ескеріледі. Бірақ бұл қосылумен болған қиындықтарда сәйкес келмеуі мүмкін.

3. Ping процесін инициирлау үшін Ping пернесіне басыңыз. Егер Ping командасы сәтті істелсе, ол Ping қапшығын желілік қондырғыға көшіруге кеткен уақытты қайтаруы керек. Бұл уақыт миллисекундтарды құрайды, сондықтан Ping уақытының бәр секундын алу өзгеше болып саналады.

4. Ping қапшықтарының локальді қондырғылармен сәтті алмасып болған соң WAN немесе ғаламтор адрестеріне қайтуға болады. Ping құралы желідегі қателіктің себебі болған қызметтің жоқ болуынан барлық функциялардың жұмыс істеуіне көз жеткізуіңізге көмектеседі.

Кейбір желілік администраторлар Ping-тің көп мөлшердегі сұратуларын қауіп ретінде қарайды, сондықтан олардың көбі Ping-тің желілік сұратуларына жауап бермеу үшін өздерінің желілік экрандарын белгілеп алады.

Lookup-желілік утилитасы

Егер сіз Ping немесе басқа да желілік қондырғыларды олардың ІР-адрестері арқылы сәтті орындай алсаңыз, бірақ хоста атындағы басқа қондырғымен қосылу мүмкіндігі жоқ, себебі мәселе DNS-пен байланысты.

Lookup-ты қолдану үшін келесі қадамдарды жүзеге асырыңыз.

1. Бағдарламалар/Утилиталар/Желілік Утилита(/Applications/Utilities/Network Utility) қосыңыз, содан соң жоғарыдағы Lookup Утилитасына тінтуірмен шертіңіз.

2. ІР-адресті еңгізіңіз немесе осы қондырғымен жалғасуды тестілеу DNS рұқсат етуі үшін желілік қондырғы атын еңгізіңіз. Хоста атын еңгізуден немесе локальді домендегі қызметті еңгізуден бастаңыз. Егер локальді хост аттарына рұқсат беру мүмкін болса, бірақ ғаламтор хосттарының аттарына рұқсат берілмесе ІР-адресін қайтарады локальді сервері локальді аттарға рұқсат береді, бірақ DNS әлемдік желісімен дұрыс байланыспағандығын білдіреді. Егер локальді домен жоқ болса, ғаламтор хостының кез-келген атын қолдана беруге болады.

3. Желідегі қарау процесін инициирлау үшін Lookup пернесіне басыңыз. Сәтті тікелей қарау еңгізілген хост атының ІР-адресін қайтарады. Сәтті қайта көру еңгізілген ІР-адрес үшін хост атын қайтарады.

4. Қараулардың ешқайсысынан жауап алынбаса онда Мас- DNS серверге қосылмағанын білдіреді. Ping қапшығын DNS сервердің IP-адресіне жіберу арқылы қосылуды тестілеуге болады.

 

14Дәріс. Терминалмен жұмыс жасау.

    Мас-тың әр қолданушысы күн сайын файлдарды құру, көшіру және жоюмен айналысады. Бұл операциялар файлдық жүйе бойынша орын ауыстыру сияқты аса маңызды болып табылады.

cp командасы файлдарды көшіру үшін қоданылады. Оның синтаксисі мынандай:

cp [параметрлер] <файлдың аты ><каталог қабылдаушысының аты>болады.

Каталогтың ішіндегі бәрін қосқанда ең көп қоданылатын параметрлердің бірі болып каталогтарды рекурсивті көшіруге мүмкіндік беретін R параметрі болып табылады.

touch командасы файлдарды құруға мүмкіндік береді. Оның қолданылуы өте қарапайым: touch < файл аты>. Егер осындай аты бар файл ағымдағы директориядан табылса, онда touch командасы оның құру уақытын ағымдағы уақытқа жаңартады,яғни өзгертеді.

[student@ns lesson_3]$ ls

primer_1 primer_2 primer_3

[student@ns lesson_3]$ touch file

[student@ns lesson_3]$ ls

file primer_1 primer_2 primer_3

[student@ns lesson_3]$_

rm командасы файлдарды жояды.. rm командасы қолдатын негізгі параметрлер - бұл

-i (жоюды растау арқылы жою),

-r (рекурсивті жою) және

-f (растамай барлық файлдарды жою),

-v (жасалатын әрекеттерді толық сипаттау).

-r және -f параметрлері файлдардың көптеген бөлігін жою үшін қолданылады. Бірақ қолдану кезінде мұқият болу қажет, себебі осы параметрлер арқыла бүкіл жүйені жойып жіберуге де болады.


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 471; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!