Каналдар агрецияларын конфигурациялау 11 страница



Ø Cоңында, егер сіз стандартты сымсыз желіге қосыла алмасаңыз, басқа компьютерлермен файлдармен сымсыз алмасу үшін Wi-Fi-ды Мас-пен байланыстыра отырып, арнайы сымсыз желі құра аласыңыз. Wi-Fi мәзірінен желі құру (Create Network) командасын таңдап, ad hoc желісіне қосылу үшін қолданылатын сымсыз ақпараттық желі мәліметтерін енгізіңіз.

12 Дәріс. Желілік қызметтер.

   Локальдік желілердегі(local area network, LAN) секілді глобальді желілерде(wide area networks, WAN) де желілерді ТСР/ІР базасында қолдану үшін компьютерді конфигурациялауда талап етілгендей ІР-адресті қолдан иеленуге болады. Алайда, желілердің базалық функционалдығы барлық уақытта іс жүзінде екі желілік қызметті қатыстырады: DHCP(Dynamic Host Configuration Protocol) және DNS(Domain Name System). ТСР/ІР-мен бірге олар барлық желілік қызметтер үшін базалық желілер функцияларын бейнелейді.

12.1 Локальді есептеу желілерінің трафигі(LAN)

   Локальді есептеу желілерінің(LAN) көпшілігі сымды және сымсыз байланыстардың сол және басқа формасын қолданады. Желілік интерфейс орнатылған соң, ТСР/ІР желісін қолдан немесе DHCP арқылы конфигурациялау керек. Осы екі қадамды аяқтаған соң, желілік коммуникацияны бастауға болады.       Мақсатты компьютер сол желіде бар ма?                    Егер бар болса, онда Ethernet арқылы МАС-адреске жіберу

TCP/IP пакеті Ethernet кадрларына локальді желілер арқылы жіберу үшін байланады. TCP/IP пакеттері ІР-адрестің көзін және жіберілген мәліметтермен бірге белгіленген жерін қосады. Локальді желілерде ІР-адрестің белгіленген жерінің бар екенін анықтау үшін, желілік құрылғы желілер маскаларының қалып-күйлерін ауыстырады. Егер бұл солай болса, құрылғы Мас-адрестің мақсатты ІР-адреспен сәйкес келуін білетінін көру үшін, өзінің адрестерге рұқсат беру протокол кестесіне(Address Resolution Protocol, ARP ) назар аудару қажет.Желілердегі әрбір хост локальді желілерде Ір-адрестермен сәйкес келетін танымал МАС-адрестердің ARP кестесін қолдайды және үнемі жаңалап отырады. Егер МАС-адрес бұл кестеде жок болса, желілік құрылғы мақсатты құрылғының өзінің МАС-адресіне жауап беруін және көрсетуін сұрай отырып, локальді желінің үміттендіретін ARP-сұраныс жіберуін өндіреді және жауап ретінде келесі қарауға дейін ARP-кестесін қосады. МАС-адрес анықталған кезде ТСР/ІР пакетінен тұратын Ethernet шығыс пакеті мақсатты МАС-адреске жіберілінеді.

Басқа желілік құрылғы ТСР/ІР пакеттері Ethernet пакеттеріндегі МАС-адрестермен дәл солай жіберілу техникасы көмегімен ақпаратты қайтарады. Бұл мәліметтерді жіберу үшін қайта-қайта әрбір секунд сайын мыңдаған пакеттерде жалғасады. Стандартты Ethernet пакетінің өлшемі тек қана 1500 байтты(бұл шамамен 1,5 килобайт немесе 0,0015 мегабайт) құрайды, сондықтан тіпті шағын файл жіберу үшін қанша пакет керек екенін ұсынуға болады.

                                                    12.2 Глобальді есептеу желілерінің трафигі(WAN)

          Мәлеметтерді глобальді есептеу желісі(WAN) арқылы жіберу мәліметтер бір немесе бірнеше желілік маршруттаушылар арқылы жіберілетінінмен ерекшеленеді. Глобальді желілер әртүрлі пішінде және өлшемде болады: жеке локальді желілерді үлкен ғимаратта байланыстыру үшін пайдаланылатын шағын WAN-нан ғаламтордың ең үлкен глобальді желісіне дейін.

     WAN арқылы мәліметтерді алғаш жіберу LAN-дағы мәліметтерді жіберуге аналогті. WAN үшін белгіленген мәліметтердің бірінші аялдамасы локальді желілердегі желілік маршруттаушыларда орналасқан. Желілік құрылғы TCP/IP пакеттерін Ethernet кадрларына орнықтыра отырып, бұрынғыдай пакеттерді дайындайды. Сондай-ақ мұнда ІР-адрестің белгілеу орыныны адрестің локальді желілерде орналасқанын анықтау үшін желілер маскасы қабылданады. Мұндай жағдайда желілік құрылғы белгілену орынының локальді желіде орналаспағанын анықтайды, сондықтан маршруттаушыға мәліметтерді жібереді. Маршруттаушы локальді желіде орналасса, онда локальді желілер клиенті мен маршруттаушы арасындағы тапсырыс LAN стандартты трафикімен бірдей.

Маршруттаушы Ethernet кадрларында орналасқан TCP/IP пакеттерін алған кезде, ІР-адрестің белгілеу орынын тексереді және маршруттаудың алдын ала конфиигурацияланған кестесін бұл пакет үшін келесі ең жақын белгілеу орынын анықтау үшін қолданады.

Желілік маршруттаушылар кейбір мәліметтерді қайтадан буып-түю мен басқа адреске жіберуді жиі орындайды.

Көптеген жағдайларда желілік мәліметтер толық байланыс құру үшін бірнеше рет жіберіледі. Бұл пакеттердің өлшемі өте кішкентай. Ғаламтор трафигі үшін қолданылатын пакеттің өлшемі көптеген ТСР/ІР байланысы үшін пакеттің ең үлкен өлшемі 65535 байтпен 1500 байтты құрайды. Желілік маршруттаушылар әрбір секунд сайын мыңдаған мәліметтер пакеттерін оңай басқаратын жоғары оптимизацияландырылған құрылғылар болып табылады, сондықтан мәліметтердің шағын көлемдері үшін WAN-ның көп байланыстары LAN байланыстары сияқты қабылданады. Мәліметтерді WAN арқылы жіберуді қызықтыратын маршруттаушылар мен желілік байланыстар белгілі іркілістерді құрады, сондықтан үлкен көлемдегі мәліметтерді WAN арқылы жіберу LAN арқылы жіберуге қарағанда ақырын жүреді. Көптеген қолданушылардың ғаламторда уақыт өткізуінің ең көп таралған түрлері осылайша пайда болды, жүктеуді немесе жіберуді күту.

12.3 Домендердің аттарының жүйесі(DNS)

      Әдетте көптеген адамдар адресттерді анықтау үшін қолданылатын қалай болса солай көрінетін сандар жолдарын нашар есте сақтайды, сондықтан оларды іздеуде қолданушыларға көмектесу үшін қосымша технология жарыққа шықты. Тіпті ең қарапайым ұялы телефондарда байланыстар тізімдері бар. ТСР/ІР желілері үшін домендер аттарының жүйесі желілік адресацияны қол жетімді етеді.

12.4 Хосттың дигнамикалық қалып-күйлер протоколы(DHCP)

  Хосттың динамикалық конфигурациялар протоколын желі клиенттерінің барлығы дерлік ТСР/ІР конфигурацияларын автоматтандыру үшін пайдаланады. Кейбір жағдайдайларда администратор ТСР/ІР желісінің конфигурациялары туралы ақпараттарды қолдан енгізуге болады. Әдетте бұл желілік қызметтерді жеткізетін желілік құрылғылар үшін жасалынады. Дегенмен желілік клиенттер жиынын қолдан конфигурациялау - қателіктерден сақтандырылмаған еңбекті көп қажетсінетігн жұмыс, сондықтан желілік клиенттерді конфигурациялау үшін тіпті қатаң басқарылатын желілерде DHCP кең қолданылады.

Ескерту. DHCP протоколы арнайы басқа механизмдер арқылы IPv4-адрестер, IPv6-адрестерді автоматты түрде белгілеу үшін тағайындалады.

Ескерту. Bootstrap Protocol(BOOTP) DHCР бастамашысы болып табылады. DHCР BOOTP-пен қата үйлесімді, бірақ үлкен функционалдылық пен сенімділікті жеткізеді.

  Бұл қызметті қамтамасыз ету үшін DHCР сервері талап етіледі. Көптеген желілерде DHCР қызметін маршруттаушылар жеткізеді, бірақ кейбір жағдайларда бұл мақсат үшін жеке сервер белгіленіп тұруы мүмкін. Желілік құрылғы желіде белсенді бола бастағанда, ол алдымен апараттық интерфейспен байланыс орнықтырады, содан соң DHCР-ақпаратты сұрай отырып, локальді желіге дыбысты жібереді. Желінің жаңа клиенті сияқты ІР-адрес жоқ болса, идентификациялар үшін желілік интерфейстің МАС-адресін қолданады. Егер хабарламаны алатын DHCР серверінде қол жетімді адрестер бар болса, онда ол клиентке ТСР/ІР конфигурациялары туралы жауапты ақпаратпен бірге жібереді. Бұл ақпарат кем дегенде ІР-адреснан, желі маскасынан, маршруттаушы мен ең аз уақыт белгісінен тұрады.

13 Дәріс. Желілік қызметтерді қорғау. Желілік қызметтердің мәселелерін шешу.

Желімен байланысты мәселелердің барлығы компьютердің кінәсі емес. Ғаламтор мен локальді желілерге қосылған кезде көптеген қиындықтар тууы мүмкін. Және екіншіден, алдымен мәселенің себебін біліп содан соң оны шешудің жолдарын қарастыру керек.

Желілік мәселелерді 3 бөлімге бөліп қарастыруға болады.

Ø Локальді мәселелер. Қате желілік қондырғылармен немесе желілік байланыстардың бұзылуымен байланысты.

Ø Желілік мәселелер. Жүздеген бас тартулар болуына байланысты бұл мәселелердің шешілуі қиын болуы мүмкін. Ең алдымен сіздің Мас компьютеріңізге жақын орналасқан желіні қолдануға мүмкіндік беретін құралдарды тексеруден бастаңыз. Мәселені кез-келген қарапайым функциялар тудыруы мүмкін ,мысалы желілік коммутатордағы жұмыс істемейтін Ethernet порты. Қондырғыларды зерттей келе сіз өзіңіздің Мас компьютеріңізден алыстай бересіз, және Lion-мен бірге келетін желілік, диагностикалық утилиталарды қолдануды жөн көресіз.

Ø Қызметтер мәселесі. Бұл мәселе нақты желілік қондырғымен немесе сіз жүгінгелі отырған қызметке байланысты. Мысалы, DHCP немесе DNS қызметтерін ұсынушы қондырғылар уақытша сөндірулі немесе дұрыс конфигурацияланбаған болуы мүмкін. Мәселенің нақты қызметпен байланысты екеніне көз жеткізу үшін басқада желілік қызметтерді тексеріңіз. Егер басқа желілік қызметтер жұмыс істеп тұрса онда бұл желілік те локальді де мәселе емес. Бұл жағдайда Lion бірнеше пайдалы диагностикалық құралдарды ұсынады.

Mac OS X-дағы желілік мәселелердің диагностикасы үшін үш негізгі құрал қолданылады: желілік қондырулар, желілік диагностика шебері және желілік утилита.

Сеть(Network) қондырулар панелі көмегімен қателіктерді болдырмау.

Ең бірінші жүгінетін диагностика құралы- Сеть(Network) қондырулар панелі болып табылады. Мұнда желілік интерфейстердің барлығының жағдайы көрсетілетін динамикалық жаңартушы тізім кіреді. Егер желілік қосылу жұмыс істемесе, онда оны осы жерден табу оңайырақ болады.

           Жасыл индикатор-қосылу активті және ТСР/ІР қондыруларымен конфигурацияланған. Бірақ бұл қызметтің дұрыс қондыруларды қолданатынына кепілдік бермейді. Мысалы, алдыңғы суретте ТСР/ІР қондырулары рұқсат етілген тапсырмаларды көрсететін Ethernet интерфейсі жасыл индикатормен көрінеді. Сонымен қатар бұл интерфейс DHCP-дан қажетті мәліметтерді алмай, өзіне-өзі белгілеген IP адресінің интерфейсін  қолданады. Егер сізбен бұл қызметтің арасында мәселе туындап жатырса, желілік қондыруға тінтуірмен екі рет басыңыз. Егер қондырулар дұрыс деп ойласаңыз, басқа диагностикалық утилиталарға өтіңіз.

Сары индикатор-қосылу активті, бірақ ТСР/ІР қондырулары дұрыс конфигурацияланбаған. Барлық желілік қондыруларды екі рет тексеріп шығыңыз. Сіз қателікті түзетсеңіз белгі жасыл түске ие болады.

Қызыл индикатор-мәселелер көп жағдайда не дұрыс конфигурацияланбаған желілік қондырулармен, не ажыратылған желілік интерфейстермен байланысты. Егер бұл интерфейс үнемі қосылып тұрса, қосылудың өзін тексеріңіз. Егер бұл виртуалды қосылу немесе РРР қосылу болса, қондыруларды екі рет тексеріңіз немесе қайта қосылып көріңіз.

Желілік диагностика(Network Diagnostics) шеберін қолдану

Mac OS X- желілік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, желілік диагностика шеберін (Network Diagnostics) қамтиды. Кей желілік қосымшалар, желілік мәселелермен кездескенде бұл шеберді автоматты түрде ашады. Мұны Желі (Network) қондырулар панелінің төменгі жағында орналасқан, Ассистент(Assist Me) пернесіне, содан соң Диагностировать(Diagnostics) пернесін басу арқылы да ашуға болады.

Желілік Диагностика шебері(Network Diagnostics) желі қондыруы туралы бірнеше қарапайым сұрақтар қояды және мәселенің қай жерден туындауы мүмкін екенін анықтайтын тесттер тізімін береді. Тесттер жауаптары терезенің сол жақ бөлігінде түсті индикаторлар көмегімен шығады. Егер шындығында мәселелер бар болса, шебер оларды шешудің жолдарын көрсетеді. Келесі мысалда модемдік жалғастыру бас тартқан және шебер модем қондыруларын тексеруді ұсынды.           13.1 Желілік утилитаны қолдану(Network Utility)

  Желі (Network) жүйелік қондырулары және Диагностикалық желінің шебері (Network Diagnostics) түсінікті желілік мәселелерді шешу үшін жақсы, бірақ Lion-дағы қуатты қосымша-Бағдарламалар/Утилиталар/Желілік Утилита(/Applications/Utilities/Network Utility) болып табылады. Желілік Утилита(Network Utility) танымал желілік инструменттер идентификациясының және диагностикасының жинағын ұсынады. Желілік Утилитадағы(Network Utility) көптеген құралдар көптеген жылдар бойы желілік администраторлармен қолданылатын, UNIX командалық жолының желілік утилитасында негізделеді.

Желілік Утилита(Network Utility) келесі бөлімдерге бөлінген.

Ø Свойства(Info)- аппараттық желілердің интерфейстерінің детальдарына анализ жасауға мүмкіндік береді.

Ø Netstat- маршрут және желілік статистика жөнінде ақпаратты көрсетеді.

Ø Ping-желіге қосылуды тестілеуді жүзеге асыратын желілік мәселелерді шешетін фундаментальді құрал.

Ø Lookup-DNS сервері арқылыдомендік есімдерді тестілеуге мүмкіндік беретін, өте маңызды құрал.

Ø Traceroute- бұл қуатты құрал,желілік жалғауды өзінің белгіленген орнына маршруттағандай анализ жасауға мүмкіндік береді.

Ø Whois- Whois базасындағы серверлерді сұрастыруға және DNS немесе IP-адрестеріндегі домен есімінің иелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ø Finger-қолданушының есептік жазбасының аты негізінде желілік қызметтен ақпарат жинауға мүмкіндік береді.

Ø Port Scan-желілік қондырғының қызметтерін анықтайтын өте маңызды құрал.

Желілік Утилита(Network Utility) бағдарламасын Lion Recovery жүйесінің өңделу бөлімінен Mac жүктелген кезде ашуға болады. Мұны іске асыру үшін Утилиттер(Utilities) мәзірінде Желілік Утилита(Network Utility) командасын таңдау керек. Бірақ Lion Recovery жүйесінің өңделу бөлімінде Желі(Network) қондырулар панеліне рұқсат жоқ. Бұл Мас компьютерлері қондырулы Ethernet-қосылуды автоматты түрде активтейді дегенді білдіреді және конфигурацияны DHCP қызметі арқылы алуға талпынады. Альтернатива ретінде қолданушыларға сымсыз желілерге уақытылы қосылуға мүмкіндік беретін, Wi-Fi мәзірі қолжетімді.                             13.2 Желілік Утилита(Network Utility) интерфейсі

Желілік Утилита(Network Utility) қосылған кезде сіз алдымен кез-келген аппараттық желілік интерфейстің белгісін көруге мүміндік беретін, Свойства(Info) бөлімін көресіз. Желілік Утилита(Network Utility) қосылғаннан кейін де, желілік интерфейс дұрыс активтелгенін тексеру үшін басқа бөлімді қолдануға да біраз уақыт бөліңіз.

Таңдауды мәселе туындаған интерфейс мәзірінен бастаңыз. Сіз мұнда Желі (Network) қондырулар панеліндегі берілген қызмет аттарымен нұсқаулар таңдауы үнемі сай келмейтінін байқайсыз. Мұның орнына берілген мәзірде интерфейстер-интерфейс типтерін қолданумен және берілген UNIX-аттардың қолданылуымен көрсетіледі. Дұрыс жұмыс кезінде en0 интерфейсі Ethernet-тің алғашқы ішкі порты болуы тиіс және көптеген жағдайларда en1 интерфейсі Wi-Fi интерфейсі болып саналады. Егер екі ішкі Ethernet порты бар Мас компьютері болса, екіншісі en1 атын иеленеді, ал Wi-Fi интерфейсі en2 атын иеленеді. FireWire интерфейсі fw0 атына ие болады.

    Интерфейсті таңдап, сол жақта интерфейстің ортақ ақпаратын және оң жақта мәлімет алмасу статистикасын көруге болады. Бізді Қосылу статусы(Link Status), Қосылу жылдамдығы (Link Speed) және ІР-адрес (IP Address(es)) қызықтырады. Тек активті аппараттық желілік интерфейстер көрінетін болады, ал байланыс жылдамдығы интерфейстің дұрыс қосылғанын көрсетіп тұрады. ТСР/ІР қосылуының қондыруларына дұрыс ІР-адрес қажет. Сонымен қатар локальді желінің идентификациясында қолданылатын, берілген интерфейстің Мас-адресін анықтауға болады.


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 567; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!