Каналдар агрецияларын конфигурациялау 8 страница



  Метадеректер мәліметтердің мәліметі, атап айтқанда - мазмұн сипаттауға арналған ақпарат. Барлық операциялық жүйені қолданатын папкалар мен метамәліметті файлдардың базалық формасы аттары, файлдық жүйедегі жолдар, өзгерту уақыты мен рұқсат болып табылады. Бұл метамәліметтер нысандары нысан мазмұнының бөлігі болып табылмайды, бірақ олар файлдық жүйеде оны сипаттау үшін керек. ОЖ пайдаланушының мүмкіндігін кеңейтетін әр түрлі технологияларға арналған қосымша метамәліметті файлдық жүйенің бірнеше түрін қолданады.

Apple компаниясы Mac OS X-мен қосымша атрибуттар (extended attributes) пайда болған файлдар және папкалармен байланысты мүмкін атрибуттардың диапазонын кеңейту керек болды. Кез келген процесс немесе қосымша файлға немесе папкаға пайдаланушылар атрибуттарының туынды санын қоса алады. Бұл пайдаланушыларға бар бұрынғы файлдық жүйені өзгерпей ақ метамәліметтердің жаңа формасын құруға мүмкіндік береді. Mac OS Extended файлдық жүйесі файлмен байланысқан басқа бұтақ сияқты кез келген қосымша атрибуттарды сақтайды.

Finder нысан үшін түрлі түсті метка тапсырмасын, үлгі опциясын қосуды, Spotlight түсініктеме мен кеңейтілу опциясын қоса отырып, бірнеше қызметке қосымша атрибуттарды қолданады. Осы элементтерге рұқсатты Finder қосымшасының Қасиет (Get Info) терезесінен алуға болады.

7.1 Ресурстар бұтағы

    ОЖ-да ресурстар бұтағы  түпнұсқалы Mac OS-ға түбірімен шыға отырып, ұзақ тарихы бар. Пайдаланушының жұмысын оңайлату үшін Apple қиын нысандар (қосымшалар) бір жұлдызша түрінде бейнеленетін файлдық жүйені құрды. Бұтақты файлдық жүйелер, мысалы Mac OS Extended, мәліметтердің бірнеше фрагменттерімен файлдық жүйеде бір нысанды бейнеленуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда файл бір нысан ретінде көрсетіледі, бірақ негізінен ол екі бөліктерден тұрады: мәліметтер бұтағы мен ресурстар бұтағы. Бұл Мас OS-қа мәліметтер бұтағындағы файлдардың стандартты түрін сақтайды, Мас үшін қосымша арнайы ақпарат ресуртар бұтағында сақталады. Көптеген жылдар аралығында Mac OS қосымшалар сияқты файлдарды сақтау үшін бұтақты файлдарды қолданады.

ОЖ тек қана жалғастырмайды, сонымен қатар өндірушілерге қосымша аталған бұтақтарға туынды сан қосу мүмкіндігін бере отырып ресурстар бұтағын қолдануды кеңейтеді. Бұл Аpple компаниясына және басқа өндірушілерге файлдық жүйені өзгертуді керек етпей файлдық жүйе үшін бірегей шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Mac OS X vl0.6 бастап қысылған бағдарламалық кодты сақтай бастады. Яғни яғни барлық орындалатын бағдарламалық файлдар орынды үнемдеу үшін қысылған және керек кезде жазда автоматты түрде архивтеледі. Осы Mac OS X-ның алдыңғы нұсқасымен немесе ескі қосымшалармен қысылған орындалған файлдарды дұрыс емес өңдеуден құтылу үшін Аpple мәліметтердің әр түрлі бұтақтарында және ресурстар бұтағында қысылған биттерді жасыруды жөн көрді.

Ресурс бұтақтарының және файлдық жүйенің қосымша метамәліметтерінің басқа түрлерінің кемшілігі көптеген басқа файлдық жүйелер, мысалы FAT, ресурстар бұтағының мәліметтерін қалай дұрыс орналастыруды білмейтінімен қорытындыланады.  Бұл мәселе осы сабақта алда қаралатын Арple Double файлдар форматы көмегімен шешіледі.

7.2 Файлдар жалаушалары және қосымша атрибуттар

ОЖ файлдық жүйенің көптеген қызметтерін жүзеге асыру үшін файлдық жүйенің қосымша атрибуттарын және жалаушаларын қолданады. Файлдық жүйенің жалаушалары түпнұсқалы Mac OS-дан қалған және негізінен пайдаланушыларға рұқсат беруді бақылау үшін қолданылады. Файлдық жүйе жалаушаларының мысалы символдық сілтемеге жаңа түпнұсқаны таңдай алмайтын бұғаттау жалаушасынан тұрады.

Қатты сілтеме олар физикалық дискте тура сондай биттерді бөлетінін бекіте отырып, түпнұсқалы нысанның ақпаратын береді.

7.3 Командалық қатардағы метадеректер

-I опциялы Is командасы көмегімен және командалық қатардан, егер нысанда қосымша метамәліметті файлдық жүйелер болса тексеруге болады. Келесі мысалда Michelle алдыңғы суретте көрсетілген Қасиет (Get Info) терезесінде көрсетілген файлмен және жалған ат файлымен байланысқан метамәліметті файлдық жүйені көру үшін Is командасын қолданды.

Нысанда қосымша метамәліметтер бар екенін білдіретін рұқсат қатарының соңындағы «@» таңбасына назар аударыңыз. Таңба ұзақ тізім опциясын қолдану кезіндегіні көрсетеді. Is -l@ қолдануды оңайлату мақсатында ресурстар бұтағы мен қосымша атрибуттарды қарауды біріктіреді. Тізімнің басты элементтерінің кідіру қатарында Finder қосымшасымен қосылған қосымша метамәліметтер көрсетіледі. Жалған аттың файлы жағдайында өлшемдерінен ресурс бұтақтары жалған ат мәліметтерін сақтауға арналып қолданылғаны анық көрінеді.

Бумалар мен пакеттер . Кейде бұтақты файлдар мәліметтерді жасыру үшін тиімді шешім болып табылмайды, әсіресе егер жасыру керекті көптеген байланысты файлдар болса. Apple контейнерінің жаңа технологиясын құрудың орнына файлдық жүйенің бұрынғы бар контейнерін – қарапайым папканы түрлендіреді. Бумалар (bundles) мен пакеттер (pack­ages) – бұл байланысқан бағдарламалық қамтамасыз ету мен ресурстардан тұратын қарапайым папкалар сияқты басқа зат емес. Бұл бағдарламалық қамтамасыз етілудің өндірушілеріне қиын өнімге, бір пакетке немесе бумаға керекті барлық ресурстарды ұйымдастыруға және қарапайым пайдаланушыларға осы ресурстарға қарамауға мүмкіндік береді.

Бумалар мен пакеттер арнайы папканың ішіндегі ресурстарды біріктірудің бірдей техникасын қолданады. Айырмашылығы: Мысалы, пайдаланушы Finder-де қосымшаны көрсететін тек бір жұлдызшаны көреді,  негізінен онда мыңдаған ресурстар толтырылған папка бар. «Пакет» сөзі бағдарламалық қамтамасыз етілудің инсталляциясы үшін, яғни орнату пакеттері үшін орнату қосымшасымен қолданылатын архивтік файлдарды сипаттау үшін қолданылады. Бұл ақталды, пайдаланушылар жасырын түрде орнату пакетінің мазмұнына өте алмайды, өйткені Finder бір мөлдір емес нысан ретінде бейнелейді. Mac OS X 10.5 бастай отырып, Apple компаниясы бір файлдың ішіндегі барлық мазмұны бар орнатудың толығымен мөлдір пакеттері құрылуын сақтай бастады, ол пайдаланушыларға орнату мазмұнын кездейсоқ бейнелеуге мүмкіндік бермейді.

Орнату пакетінің анатомиясы өте қарапайым: ол орнату қосымшасы қолданатын бірнеше конфигурациялық файлдардан және орнатылатын программаның қысылған архивінен тұрады. Басқа программалық бумалар мен пакеттер көп жағдайда қиын болып келеді, өйткені қосымша мен программалық қамтамасыз ету үшін керекті барлық ресурстардан тұрады.

Бағдарламалық қамтамасыз етілудің бумалары немесе пакеттері мыналардан тұрады:

► бірнеше платформа үшін орындаушы код;

► сипатты файлдар;

► мультимедиа-ресурстар, мысалы бейне және дыбыстық файлдар;

► пайдаланушы интерфейсін сипаттау файлдары;

► тексттік ресурстар;

► ресурстар бұтағы;

► нақты тілге жергілікті ресурстар;

► жекеменшік бағдарламалық кітапханалар мен инфрақұрылымдар;

► мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған қосылатын модульдер немесе басқа да бағдарламалық қамтамасыз етілулер.

Finderжасырын түрде пакет құрамындағыны жасыратынына қарамастан, оны қарауға болады. Finder-дегі пакет құрамына рұқсат үшін зерттеу керекті нысанды | Control 1 пернесін басып тұрып тышқанның оң және сол жағымен шертіңіз, одан кейін контексттік мәзірден Пакет құрамын көрсету (View Package Contents) командасын таңдаңыз.

Өте мұқият болу керек: бумалар немесе пакеттер құрамын өзгерту кезінде оны оңай зақымдауға болады. Егер сіз пакет немесе буманы түзетуге ынтаңызды ұстай алмасаңыз, онда сіз оны көшірмемен жасаңыз, ал түпнұсқаны өзгертусіз қалдырыңыз.

Қосымша ақпарат. Пакеттер мен бумаларды түрлендіруге арналған құралдар Mac Арр Store-тағы Xcode Developer Tools қосымша пакетінің құрамына қосылған.

8Дәріс. Қосымшалар және процесстер.

    Адамдар компьютерлерді сатып алады, өйткені әр түрлі қосымшалармен жұмыс істегісі келеді және керекті қосымшалар еш қиындықсыз жұмыс істеп тұрғанға дейін бізді операциялық жүйелер қызықтырмайды. Сондықтан Mac OS X артып отыратын танымалдығына қарамастан, көптеген пайдаланушылар Мас-тан өтуге асықпайды. Сонымен қатар, көптеген қосымшалар тек Windows операциялық жүйесіне арналған нұсқада ғана бар.

Бірақ басқа операциялық жүйелердің пайдаланушыларын жақсы шешім ұсынуымен қызықтыратын тек Мас-қа қолжетімді едәуір қосымшалар бар. Бірнеше жыл бойы Арple iLife және Pro пакеттерінің арқасында мульдимедиамен жұмыс істеу саласында алға озды.  Тәуелсіз өндірушілер Мас үшін қосымшаларды құруда өз үлестерін енгізді және енді OS X Lion көптеген уникалды қасиеті бар өңдеудің сенімді платформасын ұсынады. Осыған ұқсас жүздеген мысалдарды Mac Арр Store интернет-дүкендерінде табуға болады.

Осы сабақта бізMac OS X операциялық жүйесінде қол жетімді қосымшаның жұмыс ортасын зерттейміз және мониторинг пен қосымшаларды, процесстерді басқаруды қалай жүзеге асыратынымызды білеміз.

8.1 Қосымшалар мен процесстер

Процесс – дәл осы уақытта белсенді және жүйелік жадыда адрестік кеңістікті алатын орындалатын код түрі. Басқаша айтқанда, процесс – бұл осы уақытта Мас компьютерінде «қосылған» немесе «ашық» болып табылады. Mac OS X ОЖ процесстермен өте тиімді жұмыс істейді, сондықтан көптеген жағдайда тұрып қалған процесс процессордың ресурстарын талап етпейтініне қарамастан ол белсенді болып есептеледі, дегенмен оған жүйелік жадыда адрестік кеңістік бөлінген. Процесстің төрт негізгі типі бар: қосымшалар, командалар, агенттер мен демондар.

Қосымшалар(applications) – процесстердің арнайы категориясы. Қосымшалар – бұл графикалық интерфейсте пайдаланушы қосатын процесстер.

Командалар(commands) негізінен пайдаланушы қосады, бірақ олар тек командалық қатар интерфейсінде ғана қол жетімді.

Жүйе атынан орындалатын процесстер фондық процесстер болып табылатын демондар (daemons)категориясына жатады, дегенмен оларда жиі пайдаланушылық интерфейс болады. Демондар негізінен жүйені іске қосқан кезде қосылады және Мас қосылғанша және ол жұмыс істегенше барлық уақытта жұмыста қалады. Олар желі өзгерісін анықтау және Spotlightіздеуі қызметінің метамәліметтер индексін қолдау сияқты көптеген автоматты жүйелік мүмкіндіктерге жауап береді.

Агенттер(agents) – фондық процесстер сияқты, олардың негізгі ерекшелігі олар пайдаланушы жүйеге кіргенде ғана қосылатынында. Агенттер әрқашан пайдаланушыларға арналған жүйемен автоматты түрде қосылады. Дегенмен қосымшалар мен командалар автоматты түрде ашылуы мүмкін, олар агенттермен жағдайындағыдай жүйемен басқарылады. Ең маңыздысы процесстің осы барлық үш түрі жадының пайдаланушылық кеңістігінің бір бөлігі болып саналатындығында, сондықтан олар пайдаланушыдағы қол жетімділік артықшылықтарымен жұмыс істейді.

8.2 ОЖ-да процесстердің мүмкіндіктері

    ОЖ қосымшалар мен басқа процесстерді орындау үшін керемет платформа болып табылады, өйткені пайдаланушының дамыған графикалық интерфейсі бар UNIX сенімді тірегін біріктіреді. Пайдаланушылар графикалық интерфейстің элементтерін тез біледі, бірақ негізінде жатқан тірек келісілген жұмысты қамтамасыз етеді. ОЖ-ның  келесі тіректі қасиеті өнімділік пен сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге жауап береді. 

ОЖ-да жылдам әрекетке әсер ететін мүмкіндіктер.

► Ығыстырушы көпміндеттік. ОЖ процесстер арасында есептеуші ресурстарды үлестіру мүмкіндігін ұсынады. Бұл жүйеге пайдаланушының қосымшасын баяулатпай, ондаған фондық проецсстерді қолдауға мүмкіндік береді.

► Симметриялық мультипроцессорлық өңдеу. Жүйе мүмкіндігінше өте күшті өнімділікті қамтамасыз ету үшін қол жетімді есептеуші ресурстарды қолданады. Бұл кілттік мүмкіндік, өйткені осы уақытта әрбір қойылатын Мас аз дегенде екі ядролы процессорды қосады. Мас OS X vl0.6-тан бастай отырып, жүйеге мультипроцессорлық өңдеудің екі жаңа уникалды мүмкіндігі қосылған  - Mac OS X-тың алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда одан да жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін  Grand Central Dispatch және OpenCL. Grand Central Dis­patch қосымшаны пайдаланушыларға тек көппроцессорлы жүйелердің ғана емес, бірнеше ядролы процессорлардың барлық мүмкіндігін қолдануды аса жеңілдетеді. OpenCL ары қарай кете береді және қосымшаларға стандартты есептеуші тапсырмаларды орындауды жылдамдату үшін видеокартаның қуатты процессорын қолдануға мүмкіндік береді.

► Жадының 32- битті және 64-битті адрестеуін бір уақытта қолдау. ОЖ32- битті және 64-битті адрестеу режимдерін бір уақытта қолдайтын бірнеше операциялық жүйелердің бірі болып табылады. 64- разрядты адрестеу режимінде жұмыс істейтін процессор 4 Гб жүйелік жадыдан артығына қабілетті, жоғары нақтылықтың есептеуші қызметін жылдам орындай алады және жоғары өнімділік пен қауіпсіздік үшін Intel компаниясының х86-64 жаңартылған архитектурасының артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Қазір Intel Core2Duo және Intel Xenon процессорлары бар Мас компьютерлері адрестеудің 64- разрядты қолдауын қосады. Алдыңғы нұсқада, Mac OS X vl0.6, адрестеудің 64- разрядты қолдауы жетілдірілген. Содан бастай отырып, графикалық интерфейс сияқты командалық қатардың қосымшалары Mac OS X (жүйелік ядро) ядросын қоса отырып, 64- разрядты ресурстарға ғана қарай алады.

ОЖ-да жүйемен басқару мүмкіндіктері

► Қорғалған жады. Жүйелік жадыда процесстер бір бірінен бөлінген және қорғалған. Процесстер бір-бірінің жүйелік жады кеңістігіне кіре алу үшін жүйе жадының барлық орналасуын басқарады. Басқаша айтқанда, өзін қате жүргізетін немесе тоқтап қалатын қосымшалар жүйедегі ешбір басқа процесске әсер етпейді.

► Жадының динамикалық орналасуы. Операциялық жүйе сұраныс бойынша процесс үшін жүйелік жадыны автоматты түрде басқарады. Дегенмен нақты жүйелік жадысы бар құрылғымен анық шектелген, жүйе керек кезде виртуалды жадыны динамикалық бөледі. Сондықтан ОЖ-да жады бойынша жалғыз шектеуі жүйелік томдағы бос кеңістік көлемі болып табылады.

ОЖ-да процесстерді қорғау мүмкіндігі.


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 523; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!