Каналдар агрецияларын конфигурациялау 7 страница



Ескерту. Қолданушы үшін шифрланған жүйелік дискті қоршаудан шығару үшін Қорғау және қауіпсіздік (Security&Privacy) панелінен FileVault панелін таңдап, Қолданушыларды қосу (Enable Users) батырмасын шерту арқылы қосуға болады.

Ескерту. FileVault 2 қосылғаннан кейін құрылатын жергілікті қолданушылар немесе кэштелген мобильді жүйелік қолданушылар үшін қоршаудан шығару функциясы автоматты түрде қосылады.

Ескерту. FileVault жүйесімен қорғалған қолданушы құпия сөзін жүйеде тұрып өзгертетін болса, онда ол әлі де жүйелік дискті қоршаудан шығаруға рұқсаты бар болады. Басқа сөзбен айтқанда кэштелген мобильді қолданушы өз құпия сөзін каталогтар серверінде өзгертетін болса, онда ол FileVault жүйесін қоршаудан шығаруға мүмкіндіксіз қалады.

5. Автоматты түрде генерацияланған кілттің қайта қалпына келтіруін көрсететін диалогты терезе көрсетіледі. Бұл кілт қоршаудан шығару функциясы қосылған қолданушылардың құпия сөзі шығындалған кезде қолданылуы мүмкін. Бұл диалогты терезе ұсынғандай кілтті көшіріп, оны FileVault жүйесі қосылмаған қауіпсіз жерде сақтау керек.

6 Дәріс. Деректерді басқару. Файлдық жүйелердің құрылымы.

                       Мәліметтерді басқару.OS X ОЖжүйелік том тек операциялық жүйе мен олардың қосымшасын қолдау үшін 100000 папка мен 500000 файлдардан тұрады. Пайдаланушының үй папкасындағы нысандардың саны оның сипаты мен бейімділігіне байланысты, бірақ тіпті қарапайым пайдаланушыларда үй папкаларында бірнеше мың нысандар бар. Мұндай файлдардың үлкен мөлшері кезінде ОЖ-да олардың құрылымын зерттеу немесе түсіну өте қиын тапсырма көрінуі мүмкін. Бірақ ОЖ жүйелік файлдары Мас әкімшілігі үшін жақсартылған қауіпсіздік пен басқарушылықты қамтамасыз ететін жеңіл құрылымға қайта ұйымдастырылған. Бұл сабақ алдыңғысына сүйенеді және ОЖ құрайтын файлдардың құрамы мен файлдары туралы айтады.

6.1 Файлдық жүйе құрылымы

                  Операциялық жүйесінің құрылымы қолдану қарапайымдылығы мен дамыған функционалдығы арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Егер Finder утилитіндегі қарапайым пайдаланушы файлды жүйенің түбіріне немесе басына қараса, онда ол тек төрт стандартты папканы көреді: Программалар(Applications), Кітапханалар(Library), Жүйе(System) және Пайдаланушылар(Users). Осы папкалардың ішіндегілер көптеген пайдаланушылар мен администраторларға бір кезде қажет болатынның барлығын көрсетеді. Сонымен қатар, егер тәжірибелі пайдаланушы командалық жолдағы жүйенің түбіріне қараса, онда олар әдетте Finder қосымшасының жасыратын көптеген нысандарын көреді. UNIX операциялық жүйенің қиындығы мен икемділігі тек осы қажет пайдаланушылар үшін қол жетімді.

Қосымша ақпарат. Терминал (Terminal) командалық жолдағы интерфейстегі файлдық жүйе жұмысы «Командалық жол негізі» деген Б қосымшада қарастырылады.

Төменде Finder-ден көрінетін жүйе түбіріндегі стандартты папкалар сипатталады.

► Программалар(Applications). Көбінесе Applications локалды папкасы деп аталатын осы папка барлық жергілікті пайдаланушыларға қол жетімді қосымшалар үшін жасырын түрде қолданылады. Тек администраторлар осы папканың ішіне өзгерістер енгізе алады.

► Кітапханалар(Library). Көбінесе Library локалды папкасы деп аталатын осы папка барлық жергілікті пайдаланушыларға қол жетімді қосымшалар мен жүйелердің қосымша қоры үшін жасырын түрде қолданылады.Тек администраторлар осы папканың ішіне өзгерістер енгізе алады.

► Жүйе(System). Папка операциялық жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті қорлардан тұрады. Пайдаланушылар осы папканың ішіне өте жиі өзгерістер енгізеді. Тіпті администраторлар өзінің атынан System папкасындағы нысандарға өзгерістер енгізе алмайды.

► Пайдаланушылар(Users). Жергілікті пайдаланушылардың үй папкасы үшін жасырын түрде қолданылатын орын. Developer (міндетті емес). Папка Apple Xcode Devel­oper Tools пакетінен тұрады. Ол стандартты орнатуға кірмейді, бірақ жүйенің ең басты бөлігі болып табылмайды. Бұл пакетті Мас Арр Store табуға болады. Applications жәнеLibrary, Developer папкаларындағыдай өзгерісті тек администратор енгізе алады.

6.2 Жүйелік қорлар түрлері

    ОЖ-ге арналған барлық ерекше жүйелік қорлар жүйелік том бойынша бөлінген Кітапхананың (Library)әр түрлі папкаларында жатыр. Жүйелік деп жалпы міндетті қосымша немесе пайдаланушы файлы болып табылмайтын кез келген қор. Бұл Кітапхана папкасында қосымша немесе пайдаланушы мәліметтері жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, Кітапхана папкасының міндеті - пайдаланушы және жүйелік қорларды реттелген күйде ұстау және күнделікті қолданылатын нысандардан оларды жеке сақтау. Бұл Программалар (Applications) папкасын және пайдаланушылардың үй папкасын жүйелік қорлармен толтырмауға мүмкіндік береді.

Кітапхананың кез келген папкасын ашып, нысандардың бірнеше ондаған санатын көруге болады. Жүйелік қорлардың кейбір маңыздыларын атап өтейік.

► ApplicationSupport. Бұл папканы пайдаланушылардағыдай жүйелік кітапханадан да табуға болады. Онда қосымша талап ететін кез келген қосалқы мәліметтер болуы мүмкін. Мұнда қосымша үшін анықтама файлдар немесе үлгілер жиі сақталады. Қайталаймыз, қосымша қорлар осы папкаға Программалар (Applications) папкасын толтырмау үшін орналасады.

► Кеңейту(Extensions) (сонымен қатар ядро кеңейтілуі немесе модулі деп аталады). Берілген нысандар Кітапхананың (Library) тек жүйелік және жергілікті папкасында орналасады. Кеңейту өзін операциялық жүйелер ядросына қосатын төменгі деңгей драйверлері болып табылады. Кеңейтулер жабдықтар, желілер және сыртқы құралдар үшін драйверлер қолдауын қамтамасыз етеді. Кеңейтулер автоматты түрде жүктеледі, ереже бойынша, басқа операциялық жүйелер сияқты оларды басқару қажеттілігі туындамайды.

► Шрифт(Fonts). Кітапхананың (Library) әрбір папкасында шрифттер папкасы бар. Бұл экранға шығару және басып шығаруға арналған шрифттер гарнитурасының сипатты файлы. 

► Frameworks. Library–дың әрбір папкасындағы инфрақұрылым операциялық жүйенің немесе қосымшаның әр түрлі бөліктерімен қолданылатын жалпы код қоймасы болып табылады. Инфрақұрылымдар кеңейтілулерге автоматты жүктелетінімен ұқсас, сондықтан оларды басқару керектігі туындамайды. Мас-қа жүктелген инфрақұрылымдарды Про­граммалар/Утилиттер/Профильдер (/Applications/Utilities/System Profiler) қосымшасы көмегімен қарауға болады.

Keychains. Keychain-файлдар Library-дың әр папкасында орналасады және кілт сөз, сертификаттар, кілттер, веб-сайт формасы және белгі сиқты құпия ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін қызмет етеді.

LaunchDaemons жәнеLaunchAgents. Берілген нысандар жергілікті және жүйелік кітапханаларда орналаса алады, ал LaunchAgents сонымен қатар пайдаланушы кітапханасында орналасуы мүмкін. Launch-нысандар launchd процессі көмегімен автоматты түрде қосылатын Mac OS X сансыз фонды процесстерді анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар, әрбір жеке процессі launchd процессінің ұрпағы болып табылады. LaunchAgents-нысандары (қосу агенттері) пайдаланушы жүйеде болған кезде қосылуы керек процесстерге арналған, ол уақытта LaunchDaemons-нысандары (қосылу демоны) фонда әрқашан орындалуы қажетті процесстерді қосу үшін қолданылады (тіпті жүйеге бірде-бір пайдаланушы кірмесе де).

Журналдар(Logs). Көптеген жүйелік процесстер мен қосымшалар өзінің орындау ретін немесе журнал файлдарындағы қателер туралы хабар жазып отырады. Оларды Кітапхананың (Library) әрбір жергілікті папкасынан табуға болады. Журнал файлдары/Applications/Utilities/Console қосымшасы көмегімен қарастырылады.

Күйге келтіру панелі (Preferences Panes). Күйге келтіру файлдары жергілікті және пайдаланушы кітапханаларында орналасады және жүйелер мен қосымшалар күйге келтірулерін сақтау үшін қолданылады. Кез келген қосымша конфигурацияның немесе жүйелік функцияның әрбір жаңа күйге келуі күйге келу файлында сақталады. Күйге келулер жүйені функционалдауда сыншыл рөлді ойнайды, олар көптеген программалық мәселелердің себебі болып табылады.

Іске қосу нысандары (Startup Items). Іске қосу нысандары тек жергілікті және жүйелік кітапханаларда болады және LaunchAgents-нысаны мен LaunchDaemons-нысандарының бастамасы болып табылады.Mac OS X 10.5 шығарудан кейін Apple компаниясы іске қосу нысандарын (Startup Items) қолданудан бас тартуға ресми кеңес берді. Егер жаңартылмаған көлденең жеткізушінің программалық қамтамасыз етілу орнатылған жағдайда Startup Items нысандары қатысатын болады.ОЖ-да launchd процессі іске қосудың (Startup Items) көптеген нысандарын әлі қолдайды, бірақ бұл келесі нұсқада алынады.

6.3 Жүйелік қор иерархиясы

  Кітапхана папкалары және жүйелік қорлар әрбір төрт доменде орналасады: user, local, network жәнеsystem. Қорларды төрт доменге бөлу әкімшілікте икемділікті, қордың қауіпсіздігін және жүйенің сенімділігін қамтамасыз етеді.Қорлар домені икемді болып табылады, өйткені администраторлар барлық немесе белгілі бір пайдаланушыға белгілі бір қорларды ұсынуы мүмкін. Қорлар доменін қолдану қауіпсіздеу болып табылады, өйткені қарапайым пайдаланушылар тек өзінің үй папкасына қорларды қоса алады, бірақ басқа пайдаланушылардың қорына рұқсат ала алады. Бұл сенімдірек, өйткені көптеген жағдайларда қосымша қызметтерге әсер етпеу үшін базалық қызметке өзгерістер енгізу қажет емес.

► User (пайдаланушылық). Әрбір пайдаланушы өзінің үй папкасында қор үшін жеке Кітапхана (Library) папкасына ие. Оған енгізілген ресурстарға тек сол пайдаланушының рұқсаты бар. Ол өзінің үй папкасында жекеменшік Программалар (Applications) папкасынан тұруы мүмкін.

► Local (жергілікті). Программалар (Applications) мен Кітапханалардың (Library) түбірлік папкалары жергілікті ресурстар доменінің бөлігі болып табылады. Сол себепті оларды Программалар(Ap­plications) мен Кітапханалар(Library) жергілікті папкасы деп атайды. Осы папкада орналасқан кез келген ресурс жергілікті пайдаланушының барлық тіркеу жазбаларына қол жетімді. Тек администраторлар жергілікті ресурстарға өзгерістер енгізе алады.

► Network(желілік). Lionжалпы желілік папкадан жүйелік ресурстар мен қосымшаларға жүгіне алады. Network ресурстар доменін қосу үшін әкімшілік автоматты түрде қосылатын жалпы папканы үйлестіруі керек.

► System (жүйелік). Жүйе домені жүйенің базалық функционалдығын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық нысандардан тұрады. Жүйелік томның түбірінде жүйелік ресурстардың доменінен тұратын көптеген жабық нысандар бар, бірақ Finder-де тек Жүйе (System)түбірлік папканы көруге болады. Көптеген жағдайда мұнда ресурстарды қосу немесе оларды басқару қажет емес.

Ресурстардан тұратын төрт әр түрлі домендердің бар болуы кезінде оларды қондырудың, яғни жүйеге және пайдаланушыға кез келген берілген уақыт мезетінде қол жетімді бірдей ресурстардың бірнеше көшірмесінің болуының үлкен ықтималдығы бар. Жүйе осының есебінде жобаланған және қатты ерекшелендірілгеннен (яғни пайдаланушы доменінде) аз ерекшеленетінге (яғни жүйе доменінде) ретімен ресурстарды іздеуді жүзеге асырады. Егер бірнеше бірдей ресурстар табылса, онда жүйе пайдаланушыға аса ерекше ресурстарды пайдаланады. Мысалы, егер Times New Roman(біреуі Кітапхананың (Library) жергілікті папкасында, екіншісі–пайдаланушының Кітапхана папкасында) шрифтының бірнеше нұсқасы бар, онда Мас пайдаланушының Кітапхана папкасындағы шрифт көшірмесі қолданылады.

6.4 Шрифттермен басқару

               Шрифттермен басқару тәжірибеде жүйелік ресурстар доменінің иерархиясын тексерудің керемет тәсілі болып табылады. Lion (bitmap), TrueType, ОрепТуре және PostScript Туребарлық шрифттарды қоса алғанда шрифттердің шексіз санын қолдануға мүмкіндік беретін шрифттармен басқарудың дамыған технологиясы болып табылады. Шрифттар жүйенің әр түрлі орындарында Кітапхана (Library) папкасында орналасатын Fonts папкасында орнатылады. Пайдаланушы Шрифттар (Fonts) папкасына апара отырып, шрифттарды қолмен орната алады.

ОЖ автоматты түрде орнататын шрифттарды басқарудың өте ыңғайлы құралы - Программалар/Шрифттар(/Applications/Font Book) тұрады. Утилит Шрифттарды(Font Book) сонымен қатар топтамадағы шрифттарды ұйымдастыру үшін де қолдануға болады. Бұл шрифттар тізімін дұрыс ұйымдастыру және олардың қосарлануын болдырмау үшін оларды қосып-өшіруге мүмкіндік береді.

Утилит Шрифт көмегімен шрифттарды басқару үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Утилитте Программалар/Шрифттарды (Applications/Font Book) ашыңыз. Шрифттар (Font Book) терезесі ашылады, онда тізімнен Шрифт (Font list) басып, кез келген орнатылған шрифтты алдын-ала қарауға болады.

2.Жаңа шрифттарды орнатуға керекті орынды беру үшін Шрифттар>Үйлестіру(Font Book >Preferences) таңдаңыз.

Жасырын Шрифттар(Font Book) пайдаланушының Кітапхана (Library) папкасына шрифттарды орнатады. Егер сіз администратор болсаңыз, онда мәзірден Компьютер (Computer) таңдап алып, шрифттерді орнату үшін Кітапхана (Library) жергілікті папканы көрсетуіңізге болады. Таңдау жасаңыз және Шрифттар (Font Book) диалогты терезесін жабыңыз.

3. Finder терезесін қай шрифтқа орнататыныңызды екі рет шертіңіз. Утилит Шрифттары (Font Book) автоматты түрде шрифттарды ашады және оны шығарады.

4. Тексеру жүргізу үшін және Кітапхананың (Library) таңдалған папкасында шрифт орнату үшін (Install Font) шрифтын орнатыңыз.

5. Егер өте көп шрифт орнатылса, онда утилитте Шрифттар(Font Book) оны ерекшелеп және тізімнің соңындағы кішкене жалаушаны шерте отырып белгілі бір шрифтты уақытша өшіруге болады. Сонымен қатар, бекітудің диалогты терезесіндегі Сөндіру (Disable) пернесін шертіп, өзінің таңдауын жасау керек.

Сөндірілген шрифттер оң жағында сұр түсті Сөнд. (Off) деген атпен көрсетіледі. Шрифтті қосу үшін оны қайтадан ерекшелеңіз және шрифттер тізімінің төменіндегі пернені шертіңіз.

6. Жүйеде бірнеше көшірмесі бар шрифттер оның жанында кішкене нүктемен тізімде көрсетіледі. Шрифт-көшірмелерді мәзір панелінен Түзету>Көшірмені өшіру(Edit >Resolve Dupli­cates) таңдап Шрифттер (Font Book)көмегімен автоматты түрде өшіруге болады.

7. Шрифтты жою үшін шрифттер тізімінен ерекшелеңіз және I Delete 1 пернесін басыңыз. Ерекшеленген шрифттар Себет (Trash) папкасында орналасатыны туралы ескертуі бар диалогты терезе шығады. Шрифттарды жою үшін Жою (Remove) пернесін басыңыз.

9.Егер барлығың шрифттармен әлі күнге дейін мәселелерді өткерсеңіз, онда Шрифттардың (Font Book) соңғы нұсқасы стандартты шрифттарды қалпына келтіреді.Ол үшін Файл > Стандартты шрифттарды қалпына келтіру (File >Restore Standard Fonts) командасын таңдаңыз. Өзіңіздің таңдауыңызды жасайтын диалогты терезе ашылады. Жүйеден көлденең шрифттарды жою үшін Жалғастыру (Proceed) пернесін шертіңіз.

7 Дәріс. Файлдық жүйелердің метадеректері


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 467; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!