Каналдар агрецияларын конфигурациялау 4 страница



Программаларды өшіру тәсілі келесілерден тұрады.

► Арр Storeарқылы орнатылған программалар. Дегенмен мұндай программаларды Себетке (Trash) тасуға болады және Launchpadпанелінен жоюға болады.  Launchpad панелін қолдану үшін Программалар(/Applications) папкасынан оның белгісіне екі рет шертіңіз. Launchpadпанелі ашылған кезде, 1 Option 1пернесін басыңыз және ұстап тұрыңыз. Арр Storeарқылы орнатылған программалары белгісінің жанында кішкене «х» түймесі шығады. Нақты программаны өшіру үшін осы программа белгісінің жанындағы түймені басыңыз.

► Себетке тасу. Көптеген қосымшалар қосымша белгісін Себетке (Trash) таси отырып, оңай өшіріледі. Егер программалық нысан –бұл ресурс түрі болса, мысалы үйлестіру панелі немесе шрифт, онда кітапханалардың бірінен осы нысанды табу керек және Себетке (Trash)оларды тасу керек. Кейбір қосымша файлдар қалуы мүмкін, бірақ басты программаны немесе ПҚ ресурсын өшіргеннен кейін ол жұмыссыз болып қалады.

Бұл тәсіл дәстүрлі жолмен немесе Арр Storeарқылы орнатылған программалар үшін жұмыс істейді. Жұмысты жалғастырмас бұрын, Себетті тазартуды ұмытпаңыз.

► Қосымшаны өшіру программасы. Тек кей кездерде көлденең өндірушілердің программаларына өшіру программалары керек болады. Өшіру программасы өндіруші өшіру процессін қиын деп таныған кезде кездеседі. Бұл жағдайларда өшіру программасы өндірушілерге сол программалармен бірге қойылады.

4Дәріс. Қолданушылардың есептік жазбасы

Қазіргі операциялық жүйенің басқалардан айырмашылығы пайдаланушының есептік жазбасының көп болуы болып табылады.

4.1 Қолданушылардың есептік жазбасының түрлері

     Қолданушылардың есептік жазбаларының түрлері: стандартты қолданушылар, админитраторлар, guest қолданушысы, жалпы деңгейдегі қолданушылар (sharing оnly users), root қолданушысы.

Стандартты қолданушылар

Стандартты қолданушылардың есептік жазбасы күнделікті жұмыс істеу және де бір компьютермен бірнеше адам қолдану үшін пайдаланылады. Стандартты қолданушылар staff тобының мүшелері болып табылады және де көптеген обьектілерді, параметрлерді, қосымшаларды оқуға, Жалпы (Public ) және Сайттар (Sites) папкаларына кіру мүмкіндіктері бар. Олар өздерінің жеке папкаларына және де өз обьектілеріне өзгеріс енгізе алады. Стандартты қолданушыларға Жүйелік параметрлерді, жүйелік файлдарды және басқа қолданушыларға ыңғайсыздық тудыратын өзгерістер жасауға болмайды.

Администраторлар

Басқа қолданушылардан айырмашылығы admin тобының мүшесі болып табылады және де барлық папкаларға кіре алады, көптеген жүйелік настройкаларға өзгеріс енгізе алады. Админитраторлар Қорғалған папкалар мен басқа қолданушылардың Жалпы(Public ) және Сайттар(Sites) папкаларынан басқа құжаттарын қарай алмайды. Бұған қарамастан, администратор жүйеге өзгерістер енгізе алады. Компьютерге енгізілген алғашқы есептік жазба администратор болып сақталады, және компьютерде кем дегенде бір администратор болады.

Guest қолданушысы

Мас ОS X-тің ескі версияларында guest тек Жалпы файлдарды қарау үшін қолданылған. Есептік жазбаға кіру үшін пароль немесе администратор рұқсаты қажет емес, яғни Мас компьютеріне кез-келген адам қонақ ретінде кіре алады. Алайда, қонақ жүйеден шыққан кезде ол жұмыс істеген файлдар немесе құжаттар жойылады. Қонақтың келесі кіргенінде жаңадан папка құрылады.

Жалпы деңгейдегі қолданушылар (sharing оnly users)

Мас ОS X v 10.5-тен бастап жүйеге ортақ пакаларға кіру мүмкіндігі бар жалпы деңгейдегі есептік жазба қосылған болатын. Жалпы деңгейдегі қолданушыларда үй папкасы болмайды және де олар жүйеге локальды түрде кіре алмайды. Администраторлар жалпы деңгейдегі қолданушылар үшін бірнеше есептік жазба құра алады. Жалпы деңгедегі қолданушылар guest қолданушысына ұқсас , бірақ олар тек қана Жалпы(Public) папкасына ене алады. Алайда, администраторлар белгілі бір қолданушыға басқа папкаларды қарауына "Общий доступ" настройкасы арқылы рұқсат бере алады.

Root қолданушысы

Root қолданушысы немесе Жүйе администраторы компьютердегі кез-келген обьектілерге ене алады. Root қолданушысы кез-келген обьектіні оқи алады, өзгерте алады тіпті кез-келген параметрді өзгертіп, программалық қамтаманы жаңарта алады.Бұл қолданушының жүйені асыра сілтеп пайдаланбауы үшін ешкімге root қолданушысы атынан жүйеге кіруіне рұқсат бермеуге болады. Жүйелік процестердің көбісі root қолданушысы атынан орындалатын болғандықтан root қолданушысын жою мүмкін емес ол тікелей жүйенің ішінде болады. Root қолданушысы туралы толығырақ "Есептік жазбаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негіздері" сабағында өтетін боламыз.

4.2 Қолданушылардың есептік жазбасының атрибуттары

Қолданушының жүйеге кіруін login window процесі, ал ақпараттандыру қызметін Open Directory процесі қамтамасыз етеді. Open Directory процесі XML-файлдар негізінде қолданушылар туралы ақпаратты сақтайды,ол папканың жолы /var/db/dslocal/Defaut/users. Бұл папка тек қана System Administrator, яғни root қолданушысына ғана оқуға рұқсат етілген. Файлдар атрибуттар тізімі ретінде ұйымдатырылған. Әрбір қолданушы өзінің есептік жазбаның сипаттайтын атрибуттардан тұрады. Енді сол атрибуттардың ең маңыздыларын тізіп шықсақ:

1. Толық аты (Full Name) – қолданушының толық аты. Ол қалаған ұзындықта және кез-келген символдан тұра алады. Алайда, толық ат бірегей және де басқа қолданушыларда кездеспейтін болуы қажет. Қолданушы толық атын кез-келген уақытта өзгерте алады.

2.  Бүркеніш аты (Alias names) ­­–есептік жазбаның локальді қолданушысы мен есептік жазбаның басқа да қызметтерін байланыстыру үшін қолданылады. Мысалы, локальды есептік жазба мен Apple ID қолданушысын байланыстыруға болады. ОЖ-де бұл атрибут опциональды болып табылады, бірақ ол Apple-дің iCloud, Back, My Mac сияқты интернет-сервистерін интеграциялау үшін қолданылады.

3.  Есептік жазбаның аты (Account name), "қысқаша аты" деп те аталады. Бұл ат есептік жазбаны идентификациялау үшін қолданылады және де үй папкасының аты ретінде қолданылады. Қолданушы жүйеге кірген кезде толық атын да есептік жазбаның атын да қолдана беруіне болады. Алайда, әрбір есептік жазба аты бірегей болуы керек; ол ешқандай арнайы символдан немесе бос орыннан құралмауы қажет.

4. Қолданушы идентификаторы (User ID)- сандық атрибут. Бұл сан іс жүзінде әрбір есептік жазба үшін әрдайым бірегей, кейде проблемелар болуы ықтимал. Пайдаланушының есептік жазбасының идентификаторлары 501 басталады, ал жүйелі есептік жазбалардың идентификаторының көпшілігі 100-ден төмен болады.

5.  Әмбебап бірегей идентификатор (Universally Unique ID(UUID)) кейде "Generated UID"немесе "GUID" деп аталады. Берілген әріпті-санды атрибут есептік жазба құрылған кезде бірегей болып келеді; ешбір Мас компьютері ешқашан бірдей UUID-пен есептік жазба құрмайды. UUID бөлек қорғалған жерде сақталатын қолданушының құпия сөзіне сілтеме ретінде қолданылады. Ол топтардағы мүшелігін немесе файлдарға ену мүмкіндігін анықтау үшін де қолданылады.

6.  Топ (Group) – бұл сандық атрибут, қолданушыны топтармен байланыстыру үшін қолданылады. қолданушылардың көбіне бұл атрибут 20 мәнін береді, бұл staff тобын білдіреді. Бұл дегеніміз, қолданушы жаңа файл құрғанда, соңғысы осы staff тобындағы қолданушыға тиісті дегенді білдіреді.

7.  Жүйеге кірген кездегі қабықша (Login Shell) - есептік жазбамен пайдалануымен жолдың қабықшасының файлдарын нұсқайды. Командалы жолды(command-line shell) пайдалауға рұқсат етілген әрбір қолданушыға бұл атрибут /bin/bash мәнін береді. Стандартты қолданушыларға және администраторға командалық жолға кіруіне рұқсат етілген.

8.  Үй каталогы (Home Directory) - қолданушының үй папкасының орналасқан орнын көрсеттін жол. Жалпы деңгейдегі қолданушыдан басқа қолданушылардың үй папкаларының жолы мынадай: /Қолданушылар/<name> ;

мұндағы, <name> – есептік жазба аты болып табылады.

4.3 Жаңа есептік жазба құру

Жаңа есептік жазба құру үшін келесі қадамдарды жасау керек:

1. Apple мәзірінен Жүйелік настройкалар(System Preferences) терезесінен Қолданушылар және топтар(Users&Groups) белгішесін басу арқылы Қолданушылар және топтардың настройкалар терезесін ашыңыз.

2. Қолданушылар және топтардың баптауларын өзгерту үшін сол жағында төмендегі кілт белгісін басып администратордың аты мен құпия сөзін жазыңыз.

3. Жаңа қолданушы құрудың диалогты терезесін ашу үшін қолданушылар тізімінен төмен тұрған "+" плюс белгісін басыңыз.

4. Жаңа есептік жазбасының (New Account) қажетті есептік жазбаның типін таңдаңыз.

5. Ең болмағанда Толық ат және есептік жазба аты жолдарын толтырыңыз. Құпия сөз міндетті емес, сонда да тривиальды құпия сөз берген дұрыс. Құпия сөз және қауіпсіздік келесі "Есептік жазба қауіпсіздігін қамтамасыз ету " бөлімінде қарастырылады.

Подсказка да міндетті емес, сонда да оны жазған дұрыс. Құпия сөз посказкасы құпия сөз үш рет дұрыс емес енгізілген жағдайда көрсетіледі.

6. Жұмысты аяқтау үшін, Есептік жазбаны құру (Create Account) батырмасын басыңыз.

7. Қалаған кезде есептік жазба мен Apple ID идентификаторын байланыстыруға болады.

Бұл функцияны іске қосу үшін, Задать(Set) батырмасын басып, осы қолданушы үшін Apple ID идентификаторын енгізу керек. Сосын олданушыға Apple ID құпия сөзін тастау жалаушасын таңдау керек (Allow user t reset password using Apple ID).

Қолданушылар және топтар(Users&Groups) терезесіне кіріп, қажет атрибуттарды кез-келген уақытта модификациялауға және де өзгертуге болады.

4.4 Ата-ана бақылауын қолдану

Жүйе пайдаланушының мүмкіндіктерін басқаруға арналған аумақты терімдерден тұрады. Олар сияқты ата-ана бақылауы ретінде құрылған, алайда кәсіпорында және кеңседе қолдана береді. Себебі ата-аналық бақылау стандартты пайдаланушының есептік жазбасының қосымша шектеуі үшін қолданылады, олар администраторларға шектеу қоя алмайды.

Төменде көрсетілгендер ата-ана бақылауының мүмкіндіктері болып табылады:

1.  Finder -ді жеңілдету үшін, яғни аса қажет обьектілер ғана орналасуы үшін, Simple Finder–ді қолданыңыз.

2.  Қолданушыға кіруге рұқсат берілетін папкалар немесе файлдар тізімін құрыңыз. Қолданушыға осы тізімде көрсетілмеген қосымшалар мен виджеттерге кіруге болмайды.

3.  Принтерге, құпия сөзді өзгертуге оптикалық тасушыларға немесе Dock панеліне шектеу қойыңыз.

4.  Қолданушыны Dictionary сөздігінде жазылған нормативті емес лексикадан қорғаңыз.

5.  Safari сайттарын автоматты түрде өшіру фильтрациясын қосыңыз, немесе қолдан басқарыңыз.

6.  Жұмыс немесе демалыс күндердегі жұмыс істеу уақытын шектеңіз.

7.  Safari, iChat қолдануының журналын қолданыңыз. Бұл журналда сәтті және де сәтсіз кірген сайттар сақталып қалады.

Ата-аналар бақылауын қосу үшін келесі қадамдарды жасаңыз:

1. Ата-ана бақылауы(Parental Controls) баптаулар панелін ашып, администратордың аты мен құпия сөзін жазу арқылы ,аптауларына өзгеріс енгізіңіз.

2. Қолданушылар тізімінен шектеу қойғыңыз келетін қолданушыны таңдаңыз да ата-ана бақылауын іске қосу(Enable parental controls) батырмасын басыңыз.

3. Қолданушылар тізімінен шектеу қойғыңыз келетін қолданушыны таңдаңыз да вкладкаларды қолдан отырып шектеу қойыңыз.

4.5 Қолданушылардың үй папкаларын басқару

Егер есептік жазбаның ақпараттарын почталық адрес ретінде қабылдасақ, онда оның үй папкасын оның өз үйі және меншігі ретінде қарауға болады. Үйге барар жол маңызды, бірақ иеленушіге үй ішіндегі байлық маңыздырақ. Мас компьютері де сол сияқты. Есептік жазбалардың атрибуттарынан басқа мәліметтер оның жеке үй папкасында сақталады. Есептік жазбаның жеке үй папкасы мына адресте сақталады:

/Қолданушылар (Users) / <name>, мұндағы <name> есептік жазбаның аты болып табылады.

Үй папкасының құрамы

Мас компьютерлерінің қолданушылары жеке файлдарын кез-келген жерге сақтауы өкінішті. Алайда, Мас ОS X-тің әрбір жаңа версия сайын қолданушыдан ұқыптылықты талап ету қарастырылып жатыр. Үй папкаларының ішіндегі мәлімет тек қана өзіне көрінеді, Жалпы папкасынан басқа. Жалпы папкасында Почталық жәшік (Drop Box)папкасы бар, оған басқа қолданушылар өз файлдарын сақтай алады, бірақ ішіндегі файлдарды қарай алмайды.

Мас компьютерлерінің үй папкаларында мыналар болады:

1. Жұмыс үстелі(Desktop). Мас компьютерінің қолданушыларының файлдарының көбісі осы жерде болады. Бұл файлдардың үймесi десек те болады.

2. Құжаттар(Documents). Бұл белгіленіп көрсетілмеген документтерді сақтауға арналған орын. Microsoft Office пакеттері осы папканы көбіне қолданады.

3. Жүктелгендер(Downloads). Бұл папка Mac ОS X v10.5 версиясынан бастап пайда болды. Ғаламтордан жаздырылған қосымшалар автоматты түрде осы папкаға сақталады. Бұл папкаға сақталған қосымшалар вирустардан қорғануға көмектеседі.

4. Кітапхана(Library). Аса маңызды папкалардың бірі. Белгілі бір құжат типіне жатпайтын ресурстар Кітапхана(Library) папкасына сақталады.

5 Дәріс. Файлдық жүйелер.                                                  5.1 Файлдық жүйелер.

  1984 ж. алғашқы Мас пайда болуынан бастап дербес компьютер процессорының жиілігі шамамен мың есеге, ал сақтау құрылғысының сыйымдылығы – миллион еседен көпке артты. 1984 ж. флоппи-дискті салыстырыңыз: бүгінгі орташа дискпен 400 Кб көлемді, қажетті жүйе 1 Гб көлемді – бұл шамамен 1 ООО ООО ООО Кбайт, немесе 2,5 миллион флоппи-дисктер 400 Кб көлемге ие. Есте сақтайтын құрылғылар сыйымдылығының өсуі Мас-ты пайдаланушының мультимедиялық ортасына айналдыруға мүмкіндік берді. Пайдаланушылардың бұл қолайлы және динамикалық цифрлық қоймасына мыңдаған суреттер, жүздеген музыка мен видеолар орнатылды. Корпоративті клиенттер қағаздарға арналған шкафтарды және Redundant Array of Independent Disks (RAID) массивінің архивті бөлмесін және резервтік көшірудің ленталарын ауыстырды. Интернет біздің компьютерді қабылдау саласындағы ойымызды кеңейтті, бірақта оның негізгі тапсырмалары ақпаратқа қол жеткізу және сақтау ұйымы болып табылады.

Файлдық жүйелердің компоненттері. Мәліметтер қоймасын ОЖ-да басқаруды бастаудан бұрын есте сақтау құрылғылары (storage), бөлімдер (partitions) және томдар (volumes) арасындағы айырмашылықты түсіне білу қажет. Компьютердің дәстүрлі есте сақтайтын құрылғылары жинақтаушы дисктерде анықталған. Жылдар өткеннен кейін дисктегі жинақтаушылар есте сақтайтын құрылғылар арасында бәрі бірде жетекші болып қалады, дегенмен икемді дисктердегі алмалы-салмалы жинақтаушының орнына қатты дисктер тұжырымдалатын корпуста келді. Қолай форматтағы алмалы-салмалы есте сақтау құрылғылары сыйымдылығының артуына байланысты басқалары да өте көп қолданылатын болды. Оларға оптикалық сақтаушылар (CD- и DVD-диски) және қатты пішінді есте сақтау құрылғысы СББО-дисктері, USB- дисктер және карталар (CompactFlash) жатады. Олардың барлығы ОЖ-да бірдей деңгейде қолданылады.


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 543; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!