Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану.

Тақырып №1. Экономикалық теория пәні мен қызметтері.   Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Аристотель және т.б. ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, оның мағынасы үй шаруашылығы («ойкос»- үй, шарашылық, «номос»- заң) деген ұғымды білдіреді. Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. «Саяси экономия» ұғымын алғаш енгізген А.Монкретьен болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрген, онда шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған. Саяси экономия ғылым ретінде 16-17 ғасырлар аралығында пайда болды. Бұл кезеңде шаруашылықтың жаңа құрылымы - өзіне тән буржуазия табы бар капитализм қалыптаса бастаған еді. Экономикалық теорияның дамуында оның пәні әрі түрлі анықталады. Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектеулі ресурстарын бөлу, айырбастау, тұтыну туралы ғылым.                                                                                                                 1 кесте Экономикалық теорияның даму кезеңдері Теориялар Негізгі өкілдер Мәні     Меркантилистер     Т.Тен, А.Монкретьен Итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес. Бұл кезеңіндегі алғашқы экономикалық ілім болды. Меркантилистер бұл пәннің қызметі сырқы саудамен және мемлекеттің ақша қорын молайтумен байланысты деп санады. Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады. Зерттеу мақсаты- айналыс аясы.   Физиократтар   Ф.Кәне, А.Тюрго Гректің «физиократ» сөзі: «физис»- табиғат, «кратос»-өкімет. Олар өндіріс аясын зерттеген. Бірақ өндіріс аясына тек қана өндіріс жатқызылған. Классикалық саяси экономия У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо Байлық туралы ғылым деп карстырған. Тек өндірісті зерттеген.   Марксизм   К.Маркс, Ф.Энгельс Марксистердің қорытындысы б-ша, саяси экономия адамзат қоғамының түрлі даму сатысындағы өндірісті, тіршілік игілігін бөлу, айырбас пен тұтынуды басқару заңдарын зерттейді. Қосымша құн теориясы.      Маржиналистер   К.Менгер, У.Джованс Маржиналистер бұл әрекетті нарықтық шаруашылық жағдайындағы сирек (шектелген) ресурстардың пайдалануымен байланыстырған.   Жаңа кассикалық теория (неоклассиктер)   А Маршалл, А.Пигу Неоклассиктер бұл әрекетті нарықтық шаруашылық жағдайындағы сирек ресурстардың пайдалануымен байланыстырған. Қоғамдық нысанға тәуелсіз экономиканы зерттеу- «экономикалық адамның » қылығы мен субъективті себептері. Кейнсиандықтар   Дж.Мейнард. Кейнс Кейнсиандықтар мемлекеттің экономикалық саясатының зерттелуі мен құрылу қажеттілігін қосқан. Реттелмелі экономикалық теориясы- мемлекеттің араласуы. Макроэкономикалық тәсілдеме. Институционализм   Т.Веблен, У.Митчел, Д.Гелбрейт Институционалистер бұл саясаттың әлеуметтік аспектісіне көңіл аударған. Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болатын экономикалық институттардың жүйесі болып табылады.   Экономистердің барлығынан ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғалымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады. Олардың көздеген мақсаттары- қоғам байлығын өсу жолдарын зерттеу. Мәселен, меркантилистер экономика ғылымының зерттеу объектісі ретінде елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) қорлануы және сыртқы саудамен байланысты тауар мен ақша айналыс процестерін қарастыру. Классикалық мектептің өкілдері экономикалық теорияны байлық туралы ғылым ретінде және сол байлықты көбейту жолдарын қарастырды, ал марксизмнің классиктері әр түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы материалдық игіліктерді иемдену, айырбастау және бөлу туралы экономикалық қатынастарды зерттеу объектісі ретінде қарастырған. Қазіргі кейбір теориялар нарықтық экономика жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану әдістерін (жолдарын) зерттеуді басшылыққа алған. Мысалы, экономикалық теорияның пәні ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру процесіндегі адамдардың іс-әрекеттерін қарастырады. Көріп отырғанымыздай қазіргі кезеңде экономикалық теорияның пәні бойынша әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Сонымен, жоғарыда аталған көзқарастарды ескере отырып, экономикалық теорияның пәніне мынадай анықтама беруге болады. Экономикалық теория ресурстардың шектеулі жағдайында адамдардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін, олардың арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерінде пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттейді. Экономикалық теорияның үш негізгі қызметтері: · танымдық, · методологиялық  · практикалық қызметтерді атқарады. Экономикалық теорияның танымдық қызметі экономикалық процестер мен құбылыстарды түсіндіру және зерттеу негізінде көрінеді. Экономикалық теорияның методологиялық қызметі оның басқа экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни барлық экономикалық ғылымдардың зерттеу әдістерінің негіздерін құрайды. Экономикалық теорияның практикалық қызметі шаруашылықты тиімді жүргізу әдістері мен принциптерін дайындаумен байланысты. Экономикалық құбылыстардың арасындағы тұрақты және үнемі қайталанып отырылатын сөйтіп, сол құбылыстардың ішкі мәнін сипаттайтын қатынас экономикалық заңдар деп аталады. Экономикалық теория абстрактылы ойлаудың көмегімен экономикалық құбылыстардың мәнін біртіндеп ашады. Осы құбылыстарға талдау және синтез жасау процесінде логикалық ұғымдар қалыптасады. Қоғамның экономикалық өмірін тошыланған түрде көрсетілген логикалық ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.  Экономикалық теорияның зерттеу әдістері. Экономикалық теория басқа кез келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады, олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. Экономикалық процестерді зерттеуде ең бірінші диалектикалық әдісқолданылады. Бұл әдістің негізін ежелгі көне грек философтары қалаған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан. Бұл әдіске сәйкес барлық экономикалық процестер бір-біріне тәуелді қайшылықты түрде дамиды және ұдайы қозғалыста болады. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Солардың ішінде экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция әдісі деп – зерттеліп отырған процестердің жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстарынан тазартып, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызды жақтарын ашуды айтамыз. Талдау және синтез(талдауға қарама-қарсы логикалық процесті білдіретін ұғым), мұнда зерттелетін құбылыс өзінің құрамды бөліктерімен жеке жақтарына ажыратылады, содан кейін тектес бөліктерді зерттеп болған соң, оларды біртұтас құбылыс ретінде қарастырады. Индукция және дедукция. Индукция жеке оқиғалардан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады.Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық процестердің, объектілердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тақырып №2. Экономикалық дамудың жалпы проблемалары. Қоғам дамуының негізгі шарттары Адамзат цивилизациясы дамуының негізін материалдық өндіріс құрайды, оның негізгі мақсаты адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қажеттілік– бұл жеке адамның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажетті заттарға (тұтыну заттары, еңбек заттары және еңбек құралдары) деген талабы. Адамдар қажеттіліктері сан алуан. Оларға адам өміріндегі аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірінші қатардағы қажеттіліктер(адамның киімге, тағамдарға, тұрғын үйге, пәтерге деген және т.б. қажеттіліктері) және екінші қатардағы қажеттіліктер (оларға қажетті тауарларды өндіру үшін адамдардың еңбек заттарына, еңбек құралдарына деген материалдық қажеттіліктері) жатады. Сондай-ақ, рухани қажеттілікерді де атап өтуге болады. Қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоғамның даму барысында өзгеріп, жаңарып отырады. Қажеттіліктердің жаңа түрлері пайда болады, сонымен қатар олардың арасындағы ара қатынастар да өзгеріп отырады. Қажеттіліктің өсу заңына сәйкес қажеттіліктер үнемі тұрақты түрде өзгеріп, өсіп отырады. Экономикалық жүйенің негізгі міндеті адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру болып табылады. Қандай қоғам болмасын, тіпті бай болса да адамдардың барлық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды. Себебі адамның материалдық игіліктерге деген қажеттіліктері шексіз болады. Адамдардың әр түрлі шексіз қажеттілітерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын құралдарын экономикалық ресурстардеп атайды. Экономикалық ресурстар деп қызмет көрсету және тауарлар өндіру үшін пайдаланатын өндіріс факторларын айтамыз. Олар келесі түрлерге бөлінеді: - материалдық ресурстар (жер, табиғи байлықтар және капитал) - еңбек және адамның кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі Енді осы ресустар түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Жер және табиғат байлықтары- өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғаттың жаратылыс факторлары. Оған ауыл шаруашылық жерлері, орман, қазба байлықтар, су ресурстары және т.б.ресурстар жатады. Экономикалық ресурстарға табиғат, адам және адам өндірген ресурстар кіреді. Бұлардың бәріне жалпы бір қасиет тән: олар сирек кездеседі немесе шектеулі болады. Қоғамдық өндіріс тауарларға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, қоғам қандай тауарларды және қай мөлшерде бірінші кезекте өндіру керектігін, тауарлардың қайсысын өндіруден бас тарту мәселелерін шешуге мәжбүр болады. Демек, қоғам әр кезде өзінің өндірістік мүмкіндіктеріне қарай тауарлардың белгілі бір мөлшерін өндіре алады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     1-сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы           Мысалы, қоғамда екі тауар өндіріледі делік, ұшақ және автокөлік (сол кезде қоғам өз өндірістік мүмкіншілігін толық пайдаланады, жұмыссыздық жоқ деп болжайтын болсақ). Осы екі балама тауарлардың қайсысын, қандай мөлшерде өндіру керектігін таңдау арқылы шешуге мәжбүр болады. Оны төмендегі мысал арқылы көрсетейік. Ресурстардың толық қамтылуы жағдайында ұшақтар мен автокөліктерді өндіру . Өнімдердің түрлері Өндірістік альтернативтер А В С Д Е Автокөліктер Ұшақтар 100 0 90 10 70 20 40 30 0 40   Ажағдайында қоғам 100 автокөлік өндіретін болса, онда ол бірде ұшақ өндіре алмайды екен. Еальтернативі жағдайында 40 ұшақ өндірсе, бірде бір автокөлік өндірмейді. Яғни, қоғам ресурстардың шектеулігіне байланысты бір уақытта автокөліктер мен ұшақтардың белгілі мөлшерін ғана өндіре алады. Демек, қоғам әр жағдайда бір тауарды (ұшақ) көбірек өндіру үшін екінші тауарды (автокөлік) аз өндіруге мәжбүр болады. Өндірістік мүмкіншіліктің кестесін жақсырақ түсіну үшін, кестедегі мәліметтерді графикке түсіретін болсақ, онда қоғамның өндірістік қисық сызығытөмендегідей көрініс алады. Қисық бойындағы нүктенің қайсысы болса да, альтернативті өндірісті сипаттайды. К және Онүктелерінен басқалары. Кнүктесі елдегі ресурстар тиімсіз пайдаланылатынын көрсетсе, ал қисық сызығынан тыс орналасқан Онүктесі қоғамның экономикалық жағдайының болашағын сипаттайды. Қоғам сол нүктеге (О) жетуге талпынады.

Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану.

Тиімділік - экономикалық теорияның негізгі мәселесі болып табылады. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында шектеулі ресурстарды жете пайдалану жолдарын зерттейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс факторларын немесе шектеулі ресурстарды пайдалану нәтижелігін сипаттайды. Өндірістің түпкі нәтижесі өндіріс факторларының шығындарына қатысы қоғамдық өндірістің тиімділігі болып табылады. Қоғамдық өндірістің тиімділігінің өсуі еңбек, материалдық, табиғи және қаржы ресурстарын мейлінше аз жұмсап мол түпкі нәтижелерге қол жеткізу ретінде көрінеді.

Өндірістің экономикалық тиімділігі өндірістің түпкі нәтижесінің өндіріс факторларының шығындарына қатынасы болып табылады.

 

Өнд. экон. тиім. = өндірістің     түпкі     нәтижесі

                            өндіріс факторларының шығындары

 

Қоғам алдындағы негізігі экономикалық проблемалар.

Экономиканың басты мәселесі, қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың шектеулігінен туындайтын проблемаларды шешу мақсатында өндіріс факторларын үйлестірудің тиімді әдісін таңдау болып табылады.

Кез келген қоғам өзінің өндірістік мүмкіншіліктеріне қарай келесі үш сұраққа жауап табуы керек:

· Тауарлар мен қызметтердің қайсысын және қандай мөлшерде өндірілуі тиіс?

· Осы қызметтер мен тауарларды қалай өндіру керек?

· Оларды кімдер үшін өндіру керек?

Тауарлар мен қызметтердің қайсысын және қандай мөлшерде өндіру керек деген сұраққа былай жауап беруге болады.Жеке адам өзіне қажетті тауарлармен қамтамасыз етуді әр түрлі жолдармен: өзі өндіру арқылы, басқа затқа айырбастау арқылы, сыйлық алу арқылы жүзеге асыра алады. Ал, қоғам адамдардың қажеттіліктерінің бәрін бірақ немесе тез арада бірден қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдайға байланысты, қоғам ең бірінші кезекте қайсы өнімдерді тез арада өндіру керектігін, қайсысын кейінге қалдыра тұруды, ал қайсыбірінен жалпы бас тартуды алдын ала белгілеп алуы керек.

Экономикалық жүйе және оның элементтері.

Экономикалық жүйе дегеніміз экономиканың өзара байланысты және белгілі бір түрде реттелген элементтердің жиынтығы. Бұл – біртұтас құбылысты құрайтын өзара әрекет ететін элементтердің күрделі жүйесі немесе экономикалық жүйе дегеніміз өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің құрылымын, мамұнын, олардың әрекет ету механизмін (өзара қатынасын) сипаттайтын нақты өндіріс әдісінің формасы .

Экономикалық жүйенің негізгі элементтеріне жататындар: біріншіден, қоғамның өндіргіш күштері, яғни қоғамның материалдық техникалық базасының негізін құрайтын еңбек заттары мен еңбек құралдары, экономиканың әр түрлі субъектілері (жеке адамдар, еңбек ұжымдары). Екіншіден, өндірістік қатынастар, экономикалық мүдделер мен заңдар, сондай–ақ, осы мүдделер мен заңдарды пайдалану механизмі, яғни шаруашылық механизмі. Үшіншіден, өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштерді байланыстыратын өндіріс процесін қоғамдастырудың ұйымдық формалары (шоғырландыру, мамандандыру, интеграциялау).

Ашық экономикалық жүйе - бұл ел ішіндегі іскерлік операциялармен қатар, халықаралық сыртқы экономикалық байланыстарға енетін жүйе, ал онымен есеп айырысу шетелдік валюталарды пайдалануды талап етеді.

Жабық экономикалық жүйе –бұл барлық іскерлік операциялар бір ел ішінде жүретін жүйе және онымен есеп айырысу тек осы елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Дәстүрлі жүйе – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен әдет- ғұрыптар негізінде әрекет ететін жүйе.

Әкімшілік-әміршілік жүйе – мемлекеттік меншікке, директивалық баға жүйесіне, орталықтандырылған жоспарлау жүйесіне негізделген экономикалық жүйе.

Нарық жүйесі -өнімдер мен қызметтерді өндіру процессі, жеке меншікке, еркін баға жүйесіне, бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйе.

Аралас экономикалық жүйе -экономиканы реттеудің нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу ұштастырылған жүйе.

Өтпелі экономика және оның басты белгілері.

Өтпелі экономика деп бір шаруашылық жүйесінің екінші шаруашылық жүйеге көшуін айтамыз, яғни біздің жағдайда әкімшілік-әміршілік шаруашылық жүйеден нарықтық шаруашылық жүйеге өту. Өтпелі экономикада мынадай мәселелер шешіледі: жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікті ынталандыру, шекараны импорт тауарларына ашу, нарық құрылымын қалыптастыру. Ең негізгісі – халықтың тұрмысы төмен топтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік саясатты ұстану.

Өтпелі экономиканың негізгі мақсаттарына: біріншіден, тауар мен қызметкөрсету нарығын дамыту. Бұл үшін тауарлар мен қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Екіншіден, қаржы-ақша нарығын қалыптастыру (бағалы қағаздар нарығын, валюта ақша массасын реттеу). Үшіншіден, еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту.

Тақырып №3. Экономикалық жүйедегі меншік.

Меншік экономикалық категория ретінде.

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды рөл атқарған. Осы тұрғыдан меншік қатынастарының мәні неде деген сұрақ туады. Экономикалық әдебиетте меншік қатынастары туралы әр түрлі анықтамалар келтіріліп, пікірлер айтылады. Мысалы, П.Хейне меншік қатынастарын адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп сипаттайды. Марксизм-ленинизм ілімі меншікті материалдық игіліктерді, табиғат заттарын иемдену процесінде өндірушілер арасында қалыптасатын қоғамдық–экономикалық қатынастың белгілі бір тарихи түрі деп түсінеді.

Меншіктің мәнін түсіну үшін экономикалық теорияда кеңінен орын алған «робинзонада» әдісіне жүгінейік. Робинзон адам аяғы баспаған аралда табиғаттың жемісін пайдаланып тіршілік етеді. Бір мезгілде Робинзон өзі- өзіне айнала қоршаған барлық игіліктерді менің меншігім деп айта ала ма? Ол үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Олай болса, мынадай қорытынды шығаруға болады. Меншік зат емес және зат пен жеке адам арасындағы қатынас та емес, ол сол заттарды иемдену процесінде адамдар арасында туындайтын қатынас болып табылады. Яғни, меншікэкономикалық категория ретінде – материалдық игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтарын және өндіріс нәтижесін иемденуге байланысты адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды білдіреді.

Иемдену -әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «

Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

Осылайша, адамзат қоғамының сонау басында, адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді (аңшылық, балық аулау және т.б.). Әрі қарай өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдері де жататын болды.

Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады.

Меншік субъектілерінің көпшілігі өндіріс құрал-жаблықтарын иелену, билік ету, пайдалану туралы құқық қатынастарының пайда болуын және әрекет етуінің алғы шарты болып табылады. Өндіріс құрал-жабдықтарын иелену, билік ету және пайдалану арқылы меншіктің экономикалық мазмұны жүзеге асырылады және заңдарда құқықтық көрініс алады. Енді осы қатынастар жүйесін (иелену, билік ету, пайдалану) қарастырайық. Иелену- меншік иесінің мүліктік құқығы. Ол арқылы меншіктің басқа құқықтары (иемдену, билік ету, пайдалану) жүзеге асырылады.

Билік ету - мүлікті меншік иесінен алу.

Пайдалану -меншік объектісінің пайдалылығын алуға бағытталған қатынастар.

Иелену, билік ету, пайдалану қатынастарының пайда болуы, меншік иесі кейбір жағдайда өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалана алмайды. Мұндай жағдайда меншік иесі иемдену құқығын, өзі сақтай отырып, өндіріс құрал-жабдықтарын басқа субъектіге иеленуге, билік етуге, пайдалануға бере алады. Сонымен иелену, билік ету, пайдалану құқықтары объектінің өзін емес, оның кейбір қасиеттерін иемденуді қамтамасыз етеді. Мысалы, осындай құқықтық қатынастар мүлікті жалға бергенде немесе траст формасын қолданғанда пайда болады.

Шаруашылықтың әр алуан деңгейіндегі жеке адамдардан бастап ірі фирмаларға дейін өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену, иелену, билік ету, пайдалану нарық экономикасында өндірушілер мен тұтынушылардың шаруашылық субъектілері ретінде салыстырмалы оқшауланғанын көрсетеді. Демек, құрал-жабдықтарын иемдену, иелену, билік ету және пайдалану туралы субъектілердің күрделі жүйесі құрылады.

Тарихта меншіктің әр түрлі формалары белгілі, олардың ішінде мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.

Ең алдымен меншіктің екі типін мемлекеттік және жеке меншік ажырата білу қажет.

Жеке меншік жағдайында экономикалық, заңдық құқықтарға жеке адам ие болады. Иемденудің бұл типі екі түрге бөлінеді: жеке еңбекке негізделген жеке меншік және бөтен біреудің еңбегіне негізделген жеке меншік.

Меншіктің бірінші түрі шағын кәсіпкерлікке тән, себебі онда жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқа да адамдар меншік иесі ретінде өз еңбектерімен өмір сүреді, яғни олар иемдену, иелену және пайдалану құқықтарына ие болады. Бұл жағдайда меншік иесі өндіріс нәтижесін өзі иемденеді.

Меншіктің екінші түрі жалдамалы еңбекке негізделген. Меншіктің бұл формасында меншік құқықтары меншік иесімен жалдамалы жұмысшылар арасында бөлінеді. Меншік иесі иемдену, иелену, билік ету құқықтарын өзіне қалдырады да, өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалану құқығын жалдамалы жұмысшыларға береді. Бұл меншік иесіне өндіріс нәтижесін иемденуге жағдай туғызады. Нарықтық демократия жетілмеген жағдайында бұл мүліктік теңсіздікке әкеліп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік меншіксферасына елдің әлеуметтік тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының кейбір объектілері (салалары) жатады. Мемлекет өз меншігіндегі объектілердің кәсіпорындарға пайдалануға, билік етуге, иеленуіне бекітіп береді де, оны бүкіл қоғам мен өндірістік ұжымдардың мүддесі үшін пайдалануына жағдай жасайды. Кәсіпорындар шаруашылықты дербес, өзін-өзі басқару негізінде жүргізеді

Ұжымдық меншік –ұжымның өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс нәтижесін ортақ иемдену, билік ету және пайдалану процестерінде пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесін сипаттайды. Ұжымдық меншік өндіріс құрал-жабдықтарына деген теңдікті тек еңбек ұжымы шеңберінде ғана қамтамасыз етеді. Еңбек ұжымы шеңберінде өндіріс құрал-жабдықтарын бірігіп иемдену мен пайдалану, өзін-өзі басқару, жеке және ұжымдық экономикалық мүдделердің бірлігі жүзеге асады. Қазақстанда қазіргі кезде ұжымдық меншік түріне акционерлік, кооперативтік және т.б. меншік формалары жатады.

Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта құрудың негізгі бағыттары.

Өткен тарихымыз көрсетіп отырғандай, өндіріс құрал-жабдықтарын жеке меншіктен мемлекет иелігінен алу (национализациялау) процестері айтарлықтай оң нәтиже бермеді. Өндірушілер өндіріс құрал-жабдықтарына иелік етудің орнына олар алшақтанып қалды. Соның салдарынан өндіріс ресурстарын тиімсіз пайдалануы, тауар өндірісі монополиялануы, өндірушілердің тұтынушыларға үстемдігінің өсуі, алыпсатарлық, арқа сүйеушілік, арамтамақтық орын алады.

Осындай жағдайда адамдар өздерінің мүдделеріне, қабілеттіліктеріне қарай жұмыс күшіне билік ете алмады. Ұйымдық шаралар мен заңдар жүйесі негізінде мемлекет жұмысшыларды жұмыс күшінен алшақтатты және оларды өз меншігі ретінде пайдаланды.

Дүние жүзілік тәжірибеге сүйенсек, экономиканы қарқынды өсуінің еркін өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарының нақты бірігуі себеп болғанын көрсетіп отыр. Сондықтан, біздің елімізде экономикалық реформа, яғни бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге көшу мемлекеттік меншікті қайта құру процестерінен басталды. Себебі, сол кезде республиканың экономикасының құрылымында мемлекеттің үлесі өте жоғары (90 %) болды. Экономика осы прогрессивті қозғаушы күштен әкімшілік- әміршілік жүйенің даму барысында толық айрылды. Сонымен қатар нарықтық қатынастар дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 %-дан аспады. Демек, республикада мемлекеттік меншікті, меншіктің басқа түрлеріне өзгертуге нақты алғы шарттар болғанын айтуға болады. Сондықтан, 1991 жылы маусым айында «Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» туралы заң қабылданды. Бұл заң мемлекеттік меншікті қайта құру ережелерін, тәртібін және құқықтық негізін анықтады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу деп мемлекттік кәсіпорындардың шаруашылығын басқару қызметін тікелей шаруашылық субъектілеріне беру негізінде қайта құруды айтамыз.

Жекешелендіру – бұл мемлекеттен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктің объектілерін немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекежелендіру мемлекеттің экономикада билігін шектеу болып табылады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің түбегейлі айырмашылығы мынада: егер жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншіктің субъектісі міндетті түрде өзгерсе, мемлекет иелігінен алу процесі олай болмайды.

Жекешелендіру, дүние жүзі экономикасына тән процесс. Оның негізгі мақсаты екі мәселені шешуге бағытталған:

· бюджет тапшылығын кеміту;

· ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибені ескере отырып, 1991 жылы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процестерін бастады. Бұл процестер төрт кезеңді қамтыды.

Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процестерінің І кезеңі 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Бұл кезеңде республикада жекешелендіру процестерінің алғы шарттары және бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жеңілдетілген талаптармен еңбек ұжымдарына берілді, ал сауда және қызмет көрсету объектілері сату негізінде жекешелендірілді.

Жекешелендірудің ІІ кезеңі (1993-1995 ж.ж.) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 наурыз айындағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - орталықтанған–жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға қажетті жағдайлар жасаудың және мемлекеттің иелігіндегі өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді ақылы немесе ақысыз негізінде республика халқына қайтаруды көздеген.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді орындау көзделген:

- мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу арқылы нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру, мемлекет меншігінің шағын объектілерін жекешелендіруді , қалың бұқара топтарының жекешелендіру процестеріне қатысуларына жағдай жасайды;

- тиімді шаруашылық субъектілері ретінде жеке меншік иелері қалыптастыруды;

- шағын және орта бизнесті дамытуды және т.б.

Бағдарламада мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің келесі негізгі бағыттары анықталған:

- ірі және бірегей мүлік кешендірін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын      кәсіпорындар ) жеке жобалар бойынша жекешелендіру;

- жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындардың көпшілігін инвестициялық жекешелендіру купондары арқылы жаппай жекешелендіру;

- 200-ге жуық жұмысшылар бар кәсіпорындарды, тұрмыстық қызмет көрсету , қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық шаруашылық, бөлшек сауда шағын кәсіпорындарын жекешелендіру;

- ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру.

- 1996 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасындағы 1996- 1998 жылдарға арналған жекешелендіру туралы үшінші бағдарлама қабылданды.

ІУ кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 1-маусымдағы 683-қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру туралы” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Бағдарламаның басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік мүлікті конкурстық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету болды.

1991-2000 жылдары республикада 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілері, соның ішінде 1991-1992 ж.ж. 6,2 мың объектілері ресей рубіліне жекешелендірілсе, 28 мыңы 1993–2000 ж.ж аралығында ұлттық валютаға сатылды. Осы кезеңде жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге алынды.

 

Тақырып №4. Экономиканы ұйымдастырудың негізгі формалары.

Шаруашылықтың натуралды және тауарлы нысандары.

Натуралды шаруашылықта еңбек өнімдері өндірушілердің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұтынуға тікелей бөлу арқылы түсіп отырады. Яғни, өндірілген өнімдер өндіріс – бөлу - тұтыну сатыларынан өтеді. (ол алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдістері тұсында кеңінен орын алған).

Өндірістің натуралды формасы бүкіл экономикалық процестерді қатты тежейді, сыртқы байланыстарға жол бермейді, сондай-ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі өсуі өте баяу процесс. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе, дамушы елдерде орын алуда.Тіпті, дамыған елдердің өзінде де бұл шаруашылықтың кейбір формалары сақталуда.

Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және натуралды шаруашылыққа тұп-тура қарама-қарсы. Тауар өндірісі деп отырғанымыз, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір формасы ретінде, адамдардың экономикалық қатынастары нарық арқылы, еңбек өнімдерін сатып алу-сату арқылы көрінетін процесс. Басқаша айтатын болсақ, тауарлы өндіріс дегеніміз өнімді өндірушінің тікелей өзі тұтыну үшін емес, нарыққа шығарып сату үшін өндіретін өндірісті айтамыз. Мұнда өндірілген өнім тұтынушының қолына айырбас арқылы түседі. Яғни, өнім өндіріс-айырбас-тұтыну сатыларынан өтеді.

Енді тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарттарына тоқталайық. Тауарлы шаруашылықтың болуы үшін, біріншіден, қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы, яғни қоғамдағы адамдардың бірқатары бір түрлі өнім, екінші біреулері екінші түрлі өнім өндіруі керек, өйткені әр түрлі өнімдер ғана біріне-бірі айырбасталады. Бірақ тауар шаруашылығы болуы үшін еңбек бөлінісінің болуы жеткіліксіз. Ол үшін, екіншіден, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік болуы керек. Мұнда өндірілген өнімдер, сол өндіріс құрал-жабдықтардың иелерінің иелігінде болады, сондықтан олардың өздері өндірген өнімдер басқалардың өндірген өнімдеріне айырбастауға мүмкіндік алады.

Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығының бірнеше модельдері бар:

- әлеуметтік нарықтық шаруашылық;

- аралас экономика;

- корпоративтік экономика.

Олар, ең алдымен, мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтың басты мақсаты – азаматтар мүдделерін қорғау; аралас экономикада кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау; корпоративтік экономикада – ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі, көбінесе Алманияға, екіншісі АҚШ–қа, үшінші моделі Жапония мен Швецияға тән.

Тауар және оның қасиеттері. Тауар құнының балама теориялары.

Тауарды өндіру алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап бүгінге дейін әрекет етіп келеді. Шаруашылықты ұйымдастырудың қарапайым формасы жағдайында байлықтың табиғи формасы ретінде натуралды өнім болды. Ол, біріншіден, тұтыну құндылығымен, екіншіден, еңбектің нәтижесі ретінде сипатталды.

Тауар дегеніміз – қоғамдық құндылығы және басқа тауарға айырбастау үшін өндірілген еңбек өнімі. Заттар немесе өнімдер өзімен-өзі тауар бола алмайды, тауар болуы үшін олар адамдар арасындағы айырбас объектісіне айналуы тиіс. Сол себептен тауарда еңбек өнімдерін айырбастауға байланысты адамдар арасындағы қатынастар көрініс алады. Тауар айырбасы әртүрлі формаларға ие болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайда айырбас - бұл заттың басқа заттарға айырбасталу процесі болып табылады. Осы себептен нарықта ғана тауар басқа тауарға айырбасталу процесі болып табылады. Осы себептен нарықта ғана тауар басқа тауарға айырбасталғанда айырбас құнына ие болады. Яғни, айырбас құны бір заттың басқа пайдалы заттарға белгілі бір пропорцияда (санда) айырбасталу қасиеті. Белгілі бір мөлшердегі бір тауарды екінші тауарға теңестіріп тұрған нәрсе, ол екеуіне де еңбек жұмсалған.

Тауарға жұмсалған еңбек ол тауардың құны болып табылады. Құн дегеніміз – сол тауарды өндіруге кеткен еңбек, ал тауардың айырбас құны, яғни бір тауардың екінші тауарға айырбасталатын белгілі бір пропорциясы. Құн және айырбас құны бірдей емес ұғымдар. Біріншісі тауардың ішкі қасиеттерін білдірсе, ал екіншісі, құнның сыртқы көрінісін сипаттайды. Тауардың екі нақты қасиеті тұтыну құндылығы (құны) және құны бір-біріне ауысып отырады.тауардың тұтыну құнының өзгеруі ертеме, кешпе тауардың құнын өзгертеді немесе керісінше тауардың құнының өзгеруі оның тұтыну құнының өзгеруіне әкеліп соғады.

Тауардың тұтыну құны нақты еңбекпен жасалады. Нақты еңбек – бұл адамның жұмыс күшінің ерекше пайдалы формада жұмсалуы. Нақты еңбек жаңа құн жасамайды, бірақ тауар өндіруге жұмсалған өндіріс құрал–жабдықтардың құндарын жаңа өндірілген өнімнің құнына ауысуына көмектеседі .

Тауар өндіру процесінде адамның еңбегінің нақты түрімен қатар, оның күш-қуаты (дене және ой күші) жұмсалады. Адамның жалпы күш-қуатының жұмсалуы абстракты еңбек деп аталады. Абстракты еңбек тауардың құнын жасайды.

Әрбір тауардың құны (абстракты еңбек жұмсалған) белгілі бір мөлшерде, не аз, не көп болады, ал тауар құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшеріне және оны өңдеуге кеткен тауар өндірушінің уақытына сәйкес анықталады. Бірақта бір түрлі тауарды өндіру үшін әр тауар өндіруші әр түрлі мөлшерде уақыт жұмсайды. Тауардың құны еңбектің жеке жұмсалу уақытымен белгіленеді. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз сол кезде көп тараған техникамен, еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейі негізінде сол тауарлардың басым көпшілігін өндіруге кеткен уақыт.

Құнның мөлшеріне: еңбек өнімділігі, еңбек интенсивтілігі, еңбектің күрделілігі ықпал етеді.

Шекті пайдалылықты дұрыс түсіну үшін пайдалылықтың нақты және абстракты түрлерін ажырата білу керек. Бұны келесі мысал арқылы көрсетуге болады. Су адам үшін аса қажетті өнім екендігін біз бәріміз білеміз және оның қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратындығын, қандай пайдалылығы бар екендігін тағы да білеміз. Бұл оның абстракты пайдалылығы. Бірақ оның нақты пайдалылығы да бар. Егер судың бірінші шелегі адамның шөлін қандыру үшін керек болса, екінші – тамақ жасау үшін пайдаланса, үшіншісі – жуынуға, төртіншісі – малға берілсе, бесіншісі – бау-бақшаны суғаруға жұмсалады. Осылардың қайсысы адамға аса құнды болады? Бәлкәм, бірінші шелектегі су болар, ал келесілердің құндылығы біртіндеп кеміп отырады. Бұл жерде бірінші шелектегі су адамға аса құнды да, пайдалы да болады, қалғандарының пайдалылығы біртіндеп азйып отырады. Заттың аса пайдалылығы оның құндылығын анықтайды.

Өнімнің бар көлемімен және оның пайдалылы арасында өзара байланыс болады, оны мынадан көруге болады, тұтынушының қарамағындағы игіліктердің саны өскен сайын әр кейінгі игіліктің пайдалылығы бұрынғы игіліктердің пайдалылығына қарағанда азайып отырады. Бұл жалпыға бірдей даму заңы – шекті пайдалылықтың төмендеу заңы.

Шекті пайдалылық теориясы мен еңбек құн теориясы шын мәнінде бір-біріне қарсы заңдар болғанымен, олар бір-біріне қарама-қайшылықта болмайды, яғни тауардың құндылығын субъективті және объективті жағынан бағалау болып табылады. Тауарды субъективті бағалау тауар шаруашылығының тұтынушылардың талаптарын көбірек ескеруге бағытталады, ал өндірістің мақсаты адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Ақша жалпылама айырбас эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері.

Тауар қатынастарының дамуының нәтижесінде айырбас сферасында ақшаның ролін асыл металдар - алтын мен күміс атқаратын болды. Себебі, жалпы эквивалент ролі осы асыл металдарға көшуі, олардың табиғи қасиеттерімен, яғни сандық бөлінуінің, сапалық жағынан біртектілігімен, қолайлылығымен, ұзақ уақыт сақталатындығымен байланысты болды. Есептеу единицасы ретінде олардың салмағы негізге алынды. Бұл, әрине, басқа тауар – эквиваленттеріне есептеу, санауға қарағанда, әрі қолайлы, әрі тиімді болды. Сондай-ақ, алтын табиғатта сирек кездесетін металл және оны өндіру өте көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан, оның құны жоғары болады және осыған байланысты басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауар айналысының маңызды элементіне айналды. Алтынның ақша ретіндегі ерекшелігі тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен айқын және толық көрінеді. Ақшаның металдық теориясының өкілдері ақшаның үш қызметін көрсетті: құн өлшеуші, қазына жинауқұралы және дүниежүзілік ақша.     К. Маркс ақша теориясын дамыту негізінде, оның бес қызметін қарастырды: құн өлшеуші, тауар айналысының құралы, қазына жинау құралы, төлем құралы және дүние жүзілік ақша.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде ақшаның үш қызметіне ғана көңіл бөлінеді. Олар мыналар : айналыс құралы, құн өлшеуші және қор жинау құралы.

Ақшаның пайда болуымен байланысты жалпы тауар айналысын Т-А-Т моделі түрінде көрсетуге болады. Бұл процесте ақша делдалдық ролін және айырбас құралы қызметін атқарады. Бұл моделдегі ақшаның қозғалысын екі актіге бөлуге болады: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауар айырбасында сатып алу мен сату бір уақытта болуы керек, егер осы процестің бір актісі баяуласа немесе тоқтап қалса, онда экономикада дағдарыс болуы мүмкін.

Қазір барлық елдерде тауар айналысында қағаз ақшалар қолданады. Егер мемлекет айналыс сферасына оған қажетті ақша санынан көп қағаз ақша шығарса, онда қағаз ақша құнсызданады, инфляция пайда болады, яғни ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді

Қазіргі экономикалық теорияда баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін анықтау үшін американ экономисі Фишер И. ұсынған математикалық формула пайдаланылады:

М х V = P x Q,

мұндағы,

M – ақша массасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

Q – айналыстағы тауарлар саны;

P – тауарлар бағаларының деңгейі;

Баға масштабы дегеніміз барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін және белгілі бір елде ақша өлшемі етіп алынған алтынның белгілі салмақ мөлшері. Мысалы, АҚШ-та баға масштабы немесе ақша өлшемі ретінде басында 1,50463 гр. таза алтынға теңестірілген долларды айтуға болады. Баға масштабын мемлекет заң жүзінде белгілейді. Осыған байланысты ол елдегі экономикалық жағдайға қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Баға масштабын заң жүзінде төмендетуді - девальвация деп айтады, өсіруді – ревальвация дейді.

Тақырып №5. Нарықтық экономиканың мәні және қызмет атқару         механизмдері.

Нарықтың мәні және қызметтері.

Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескеру керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзеге асыру процесі, ал екіншіден, нарық- ол адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы-несие жүйесін, тауар-ақша байланыстарын және меншіктің әр түрлі формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизмі ретінде әрекет етеді.

Нарықтық қатынастарға айналыс сферасындағы құбылыстардан басқа мыналар кіреді:

- кәсіпорындарды жалға берумен байланысты қатынастар;

- бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен алмастыру процестері;

- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процесі;

- белгілі бір процентпен несиелерді беру кезіндегі несие қатынастары;

- тауар, қор, валюта биржалары мен басқа да сфераларын қамтитын нарық инфрақұрылымының басқару процесі;

Нарықтық экономика өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде әрекет етеді. Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне, тұтынудағы таңдау жасау еркіндігіне, кез-келген табыс әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлерін таңдаудағы жұмысшының еркіндік принциптеріне неізделген.

Нарықтық экономика жүйе ретінде бәсекелестік және монополизмді байланыстыруда белгілі бір оптималды тепе-теңдікке қол жеткізеді, сондай-ақ өндіріс құрылымын қоғамдық тұтыну құрылымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны енгізуді ынталандырады т.б.

Нарықтық экономика тауар өндірісі дамуының нәтижесі.

Нарықтық экономиканың да, тауар шаруашылығының да пайда болу шарттары – тауар өндірушілердің оқшаулануы мен қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.

Әр түрлі елдер нарықтық экономикаға түрлі жолдармен жетті. Соған қарамастан оларға нарықтық экономиканың қалыптасуының ортақ заңдылықтары тән.Оларға мыналар жатады: тәуелсіз тауар өндірушілердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі мен әр түрлі экономикалық субъектілердің меншік құқына кепілдік берілуі; сұраныс пен ұсынысты теңестіретін еркін нарықтық баға; тауар өндірушілердің бәсекелесуі;қаржы, бағалы қағаздар, валюта еңбек нарығы; экономиканың дүниежүзілік интеграция процестеріне қатысуы және т.б.

Қазіргі нарықтың еркін бәсеке дәуіріндегі нарықтан елеулі айырмашылығы бар. Өйткені, қазіргі нарық тауарлардың өтіміне кепілдік береді, мемлекет ақша және қаржы-несие саясатын белсенді жүргізеді, халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешеді. Қазіргі цивилизацияланған нарық теңгермешілікке және арқа сүйеушілікке жол бермейді.

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтерінен көрініс алады және ең маңызды қызметтеріне жататындар:

- тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Ол тауарға сұраныс өскенде тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайтқанынан және бағаны өсіргенінен көрінеді.

- ынталандыру қызметі фирмалар үстеме пайда табу мақсатында жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбек процесін тиімді ұйымдастыру арқылы қосымша мүмкіндіктерді іздестіреді.

- реттеуші қызметі. Нарықтың көмегімен экономикада микро және макро экономикалық тепе-теңдік қалыптасады, шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принципін жүзеге асыру арқылы экономикадағы зиянды, тиімсіз өндірістерді біртіндеп жояды және перспективалы өндіріс орындарына жол ашады.

Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Нарықтың артықшылықтарына жататындар:

- әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті;

- өндірушілер мен тұтынушылардың дербестілігі;

- экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделуі;

- ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін қабілеті, нарық тұтынушыларға аса қажетті тауарларды өндіру үшін ресурстардың көпшлігін сол тауарларды өндіретін өндіріске қарай бағыттауды қамтамасыз етеді.

Нарықтың кемшіліктеріне мыналар жатады:

- нарықтың тек ақша төлей алатын адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы;

- нарықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларды (жол, білім және денсаулық сақтау жүйесі, қоғамдық көлік, ғылым т.б.) өндіруге мүдделі еместігі;

- нарықтың жұмысбастылық пен тұрақты табысқа құқықтық кепілдік бермеуі;

- нарықтың қоршаған ортаны қорғау, қалпына келмейтін ресурстарды сақтаудағы өте төмен қабілеттілігі;

- нарық коньюнктурасының тұрақсыз болуы жұмыссыздықты, өндірістің тепе-теңдігін бұзылуын, инфляцияны және т.б. келеңсіз құбылыстарды туғызуы.

Нарық құрылымы және нарық механизмі.

Нарықтың қызметтері оның құрылымымен тығыз байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналысының элементтері кіреді. Нарықтың құрылымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызметтер нарығы, нарық қатынастарының тарихи бірінші объектісі болып табылады.

Тауарлар мен қызметтер нарығына – тұтыну тауарлар нарығы – азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммунальдық, көліктік, тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады.

Жер нарығы – тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін фермерлер пайдаланылатын жерлер, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, құрылыстар, ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.

Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.

Капитал нарығы - өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.

Қаржы нарығы – бұл нарықта сату және сатып алу объектілері ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтық тепе-теңдіктің нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез-келген өзгерістерге әсер етеді.

Осы аталған нарықтың үш түрі бір-бірімен өзара байланыста болады. Егер олардың арасында тепе-теңдік орын алса, онда экономикада макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жетеді. Егер осы нарықтардың біреуінде тепе-теңдік бұзылса, онда экономикада диспропорция орын алады.

Нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы нарық механизмі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауарлар жөнінде қабылдаған шешімдері бір-біріне жеткізіліп отырады және осы шешімдер баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырылады.

Нарықтық тепе-теңдік, нарықтық экономиканың маңызды элементі сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.

Нарық механизмінде бәсеке ең маңызды ролді атқарады. Бәсеке баға сияқты өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмі үш принциптерге негізделеді:

- маржиналды (шекті) талдау;

- шығындарды баламалы таңдау;

- экономикалық ұтымдылық;

Нарықтық механизмнің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрылымының даму дәрежесіне байланысты болады. Нарық инфрақұрылымы қызметтер мен тауарлардың нарықта еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.

Сонымен қатар, нарықтық экономика тиімді жұмыс істеу үшін жарнама, ақпарат және консултативтік қызметтер, бақылау және аудиторлық мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.

Бәсекенің мәні, түрлері.   

Бәсеке жағдайында тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде өндірілген тауардың сатылуына мүмкіндік туады.

Тұтынушы үшін күрес – нарықтағы үлес үшін күрес, ал ол – тауардың арзандығы мен сапасына байланысты болады. Бұл жағдайда тұтынушы шаруашылық іс-әрекетіне ықпал ете алатын нарық субъектісіне айналады. Бәсеке нарық механизмінің қажетті және маңызды элементі ретінде өнімдерді өндіру және өткізу барысында өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара байланысты қамтиды.

Бәсекенің негізгі формалары: жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.Өз кезегінде жетілмеген бәсекенің үш түрі бар: 1. Монополистік бәсеке; 2. Олигополия; 3. Таза монополия; 

Олар бәсекелесу нарығында алатын орнына байланысты ажыратылады.

Бәсекелестік күрестің түрлері мен нарықтағы моделінің сипаттамалық негіздері мына кестеде көрсетілген.

 

Нарық моделдері   Фирмалардың саны мен көлемі   Өнім түрі Фирмалардың нарыққа кіру және шығу шарттары
Таза (жетілген) бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Бір тектес өнім Өте жеңіл, кедергілер жоқ
Монополия лық бәсеке Көптеген ұсақ фирмалар Әр тектес өнім Өте жеңіл
Олигополия Фирма саны аз, ірі фирмалар да бар Әр түрлі немесе бір тектес өнім Елеулі кедергілер бар
Таза монополия Бір ғана фирма Өте сирек кездесетін өнім Бұзып кіруге болмайтын кедергілер

 

Мемлекеттің нарыққа әсер етуі жандана түсті. Осы жағдайларға байланысты жетілмеген бәсеке пайда болды. Жетілген бәсекеден айырмашылығы оның іс-әрекетін мемлекеттің шектеуі. Сол себептен, нарықта үстемдік ете отырып, ол өнімді өткізуге үлкен әсерін тигізеді.

Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі монополиялық бәсеке – мұнда нарықта көптеген өндірушілер ұқсас, бірақ біртекті емес өнімдерді ұсынады. Орнын толықтырушы өнімдер бір-бірінен сапа жағынан, сыртқы пішінін көркемдеуі, сату жағдайына қарай ажыратылады. Монополиялық бәсекенің тағы бір ерекшелігі – нарыққа жеңіл кіруі, бірақ ол фирманың патенті мен тауар белгісіне авторлық құқықпен шектелуі мүмкін. Фирмалар монополистік бәсеке нарығына алғашқы капиталдары аз болса да кіре алады. Себебі, мұндай нарықта негізінен ұсақ және орташа фирмалар жұмыс атқарады. Қазіргі нарықтық экономикада монополистік бәсеке көбінесе тұтынушылыр тауарлар нарығында үстемдік етеді.

Жетілмеген бәсекелестіктің келесі түрі – олигополия. Олигополия – бірнеше ірі фирмалар үстемдік ететін нарық. Олар осы нарықтың едәуір үлесіне ие болады. Мысал ретінде, автомобиль өнеркәсібіндегі АҚШ-тың үш фирмасын «Дженерал Моторс», «Форд», «Крайслер» келтіруге болады. Олигополиялық нарыққа кіру бірнеше кедергілермен шектеледі. Сондай кедергілердің бірі – осы нарыққа кіру үшін алғашқы капитал мөлшері өте қомақты (көп) болуы керек. Мысалы, экономиканың кейбір сфераларында мұндай капиталдың мөлшері бірнеше млрд. долларға дейін барады.

Олигополиялық нарықта әр түрлі тауар өндіріледі. Өнім түрлеріне байланысты олигополия: таза және дифференциялды болып бөлінеді. Таза олигополия біртектес тауарды, мысалы цемент, газ, мұнай, шойын, рудалар шығарумен айналысады.

Жетілмеген бәсекелестіктің үшінші түрі - таза монополия. «Монополия» ұғымы грек сөзінен аударғанда «монос» - біреу, «полео» - сату, яғни монополия дегеніміз – ұсыныстың көлемін толығымен бақылайтын бір ғана сатушыдан немесе өндірушіден тұратын нарықты айтамыз. Бұл жағдайда фирмалардың біреуі ғана нарыққа үстемдік ете алады. Мысалы, олар тиісті шеңберде бағаны өзгерте алады.

Монополия келесі белгілермен ерекшеленеді:

- өнімді бір фирма немесе бір сала өндіреді;

- тауардың алмастырушысы жоқтығынан, тұтынушылар тауарды тек сол фирмадан алуға мәжбүр болады;

- фирма – монополист бағаны толығымен бақылайды;

- бәсекелес фирмаларға бұл нарыққа кіру үшін тосқауыл қойылған.

Мемлекеттің монополияларға қарсы шаралары.

Монополиялардың экономикаға әсер ететін тиімсіз жағын бәсеңдету немесе жою мақсатында мемлекет олардың ісіне тікелей немесе жанама түрде араласып отырады.

Мемлекеттің фирмалардың нарықты монополияландыруды болдырмау үшін әкімшіл және нормативті бағыт бағдар әдістерін қолданады.

Әкімшілік (заң шығаратын) реттеу әдісі, заңдар арқылы жүргізіледі, монополия мен бәсекелестіктердің арасындағы тепе-теңдікті қолдау және т.б. әдістер қолданады.       

Батыс Европада монополияларға қарсы заң соғыстан кейінгі кезеңде қабылданды. Американдық заңдармен салыстырғанда оларда бір қатар ерекшеліктер бар. Бір жағынан, ол сырт көзге тұтынушылар құқын қорғауға бағытталса, ал екіншіден, егер бұл ерекшеліктер ғылыми-техникалық прогреспен байланысты болса, онда ірі корпорацияларды құруға және өндірісті шоғырландыру процесін қолдауға бағытталған.

Батыс Европада монополияларға қарсы заңдар барлық монополияларға емес, ол тек бәсекелестікті шектейтін кәсіпорындарға ғана бағытталған.

Нарықтық экономикада монополияға қарсы заң шығарумен қатар нормативті әдіс қолданылады: үкімет тапсырысы, салықтар, пайыздар т.б.

Тақырып №6. Сұраныс және ұсыныс негіздері

Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін факторлар.     

Кәсіпорындағы өндірілетін өнім мөлшері мен оның бағасы туралы шешім қабылдау оған деген сұранысқа байланысты. Сұранысқа талдау жасау үшін рынокта тауар бағасын бірде-біреуі бақылай алмайтын көптеген сатып алушылар бар деп ұйғарайық.

Жеке сұраныс дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімі ішінде тұтынушының қалайтын және әр түрлі бағамен сатып ала алатын тауар саны.

Сұранысты өнімнің нақты бағасына қатысты сұраныс көлемімен шатастырмау керек. Жеке сұраныс мөлшері бұл белгілі бір уақыт мерзімі ішінде тұтынушының қалайтын және нақты бағамен сатып ала алатын тауар саны. Әр тұтынушының жеке сұранысы бір-бірінен ерекшеленеді. Олардың әр қайсысы рынокқа өз үлесін қосып, рыноктық сұраныстың бір бөлігін құрайды.

Рыноктық сұраныс деп барлық тұтынушылардың белгілі бір уақыт мерзімі ішінде қалайтын және әр түрлі бағамен сатып ала алатын тауар саны.

Сұраныс мөлшері мен тауар бағасы арасындағы байланыс сұраныс заңы деп аталады. Сұраныс заңы бойынша басқа да қалыпты жағдайда тауар бағасы жоғары болған сайын тұтынушылар ол тауарды аз сатып алады. Егер сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторларды өзгермейді деп есептесек, онда бағаға байланысты сұраныс функциясы келесі түрде болады:

Q = Q (P)

P-тауар бағасы, Q-сұраныс шамасы, Q (P)-сұраныс функциясы

Бұл функция сұраныс функциясы, ал оның графигі сұраныс қисығы(1-сурет)деп аталады.

Бағаға байланысты сұраныс функциясын үш түрлі тәсілмен беруге болады:

а) кестелік

P, баға Q, сұраныс көлемі
1 100
2 70
3 50
4 40
5 20

 

 б) графиктік                           P

 

 

                                               

                                         D                                                                                    

                                                                                  

                                                                                  Q

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

                                         1-сурет. Сұраныс қисығы

 

в) аналитикалық

        

Сұраныс қисығы бойымен қозғалыс басқа қалыпты жағдайда сұраныс көлемінің өзгеруін көрсетеді. Сұраныс мөлшері мен тауар бағасы арасында кері байланыс бар. Бұл кері байланыстың себебінің бірі – шектік пайдалылықтың біртіндеп кему заңы. Тауардың әрбір қосымша бөлігі алдыңғысына қарағанда тұтынушыға азырақ пайдалылық алып келеді. Осыған байланысты тұтынушы қосымша бірлік үшін аз төлеуге ғана келіседі. Тұтынушының бұл әрекеті сұраныс заңына келіп саяды: «тауар көп болған сайын сұраныс бағасы да төмен». Сондай-ақ, бағаның өсуі тауарды азырақ сатып алуға итермелейді. Ол келесі себептермен түсіндіріледі:

а) бірін-бірі алмастыратын тауарлардың болуы (кофе-шай, сары май-маргарин сияқты субститут-тауарлар), қымбаттаған тауарды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі;

б) тауар бағасы өскен кезде нақты табыс төмендеп, аз мөлшерде сатып ала алады.

Тауарға деген сұраныс тұрақты емес. Тұтынушының тауарға қатысты әрекетіне әсер ететін, бағалық емес факторлар да бар. Олар:

1. Тұтынушылар табысы, Тұтынушы талғамы

2. Бір-бірін ауыстыратын және толықтыратын тауарлар бағасы

4. Сатып алушылардың жалпы саны, рынок ауқымы

5. Тұтынушылар күтімі

Егер тұтынушы болашақта баға өседі деп күтсе, онда оның экономикалық мүддесі ағымды сұранысты арттыруға итермелейді. Баға төмендеуін күтсе болашақта экономикалық ұтысқа ие боламын деген үмітпен күнделікті тұтынуын азайтады, яғни сұраныс төмендейді.

Жалпы жағдайда сұраныс функциясы келесі түрде жазылады:

 

Q = Q  (P, I, T, P , P , N, IE)

P                                                      P

 

 

                                              

                                                                                             

                                                                                                                                                

                                                                                                                                                                                                                                

                                                                                                                 

      2-сурет. Бағалық емес факторлардың сұранысқа әсері

Тауарлар мен қызметтер ұсынысы

Тауарлар рыногында өнімді тұтынушылармен қатар өндірушілер де бар. Олар жеке тауар бағасына әсер ете алмайды және рыноктық сұранысты есепке ала отырып тауарлар ұсынады.

Ұсынысты зерттеу барысында жекелеген тауар өндіруші мен рыноктық ұсынысты қарастырамыз. Ұсыныс өндірушінің нақты тауарға деген қатынасына байланысты және келесі жағдайлармен анықталады:

· оның қандайда бір тауарды өндіруге құлқы бар ма?

· құлқы болса өндіруге қабілеті жете ме?

· қабілеті жетсе экономикалық мүддесіне сәйкес, белгілі бір уақыт ішіндегі әр түрлі бағада қанша тауар өндіретін еді?

Белгілі бір қаржы жағдайы, әр түрлі тауар шығаратын өндірістік қуаты, түрліше бағада шикізаттар алуға мүмкіндігі бар өндіруші төмендегі кестедегідей тауар өндіріп, сатар еді:

 

P, баға Q, ұсыныс
5 110
4 100
3 80
2 50
1 10

 

 Осы кестенің көмегімен бағаға байланысты ұсыныс функциясын беруге болады. Бұдан басқа бағаға байланысты ұсыныс функциясын берудің графиктік және аналитикалық тәсілдері бар:

а) аналитикалық

б) графиктік                         

                            P

 

 

                                                   S

                                                                                   1-сурет. Ұсыныс қисығы  

 

Олай болса, ұсыныс (supply) - тауар бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін және сата алатын көлемі арасындағы байланыс.

Түрлі өндірушілердің жеке ұсыныстары бір бірінен ерекшеленеді. Олардың әрқайсысы тауар рыногына өз үлесін қосу арқылы жалпы рыноктық ұсынысты құрайды.

Рыноктық ұсыныс көлемі дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде нақты бағамен барлық сатушылар қалайтын және өндіруге қабілетті тауар саны.

Ұсынылатын тауар бағасы мен саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталады.

Егер ұсыныс көлемі тауардың бағасына ғана байланысты өзгерсе, онда функционалдық байланысты келесі түрде көрсетеміз:

P-тауар бағасы, Q-ұсыныс шамасы, Q (P)-ұсыныс функциясы

Бұл функция ұсыныс функциясы, ал оның графигі ұсыныс қисығы(1-сурет)деп аталады.

Ұсыныс функциясы оған әсер ететін түрлі факторларға байланысты. Біздің байқағанымыздай олардың ішіндегі маңыздысы осы берілген мезетіндегі баға болып отыр.

 

 

                    P

 

                                                             S

 

 

                                                                                              

                                                                                                            

                 

                                              

       2-сурет. Ұсыныс қисығы (ұсыныс мөлшері өзгерісі)   

Бағаның өзгерісі ұсыныс қисығы бойымен қозғалысты білдіреді (2-сурет).

Тауар ұсынысы тұрақты емес. Ұсынысқа тауардың өз бағасынан басқа да факторлар әсер етеді. Олардың негізгілері:

1. Өндіріс факторларының (ресурстар) бағасы

2. Технология сипаты

3. Салық және дотация мөлшері

4. Ресурстар бағасы

5. Тауар бағасы өзгерісінің күтімі

Тауарлар мен қызметтер рыногында тепе-теңдік қалыптасу механизмі

Тепе-теңдік жағдай екі параметрмен сипатталады:

1. белгілі бір уақыт мерзіміндегі тауарды сату және сатып алудың тең мөлшері

2. тұтынушы да өндіруші де келісетін тепе-теңдік баға

Рыноктағы тепе-теңдік өндіруші мен тұтынушының келіскен тауар көлеміндегі бағада қалыптасады (3-сурет).P  бағада ғана сұраныс көлемі ұсыныс мөлшеріне тең. P - тепе-теңдік баға, ал Q - сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлем. Олай болса, тепе-теңдік баға (equılırıum prıce) деп бәсекелес күштердің әрекетінің нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіретін бағаны айтамыз.  

                             

                     P                  

                                              артықшылық   S

                     P                      

 

                     P                        E

                                                                                  

                     P                              

                                              тапшылық                                                           

 

3-сурет. Рыноктағы тепе-теңдік жағдай.

 

Тепе-теңдік жағдайды сатушылардың да, сатып алушылар да бұзуға мүдделі емес, яғни рынок қалыпты.

  Егер рынокта P  (P < P ) баға белгіленсе, сұраныс көлемі ұсыныстан артық болады да рынокта тапшылық (артық сұраныс) орын алады.

Сұраныс және ұсыныс икемділігі 

Кәсіпорынның рынокта қызмет етуінде дұрыс шешім қабылдау үшін сұраныс параметрлерін бағалау қажеттігі туындайды.    

Сұраныс заңы тауар бағасы мен сұраныс мөлшері арасындағы байланысты жалпы, принципиалды көрсетеді. Бірақ шешім қабылдар кезде қаншалықты көп, не аз деген сияқты мейлінше толық сандық ақпарат алуға ұмтылу қажет. Сұранысқа қатысты келесі мәселелерді қарастырылады:

· сұраныстың бағалық икемділігі;

· сұраныстың бағалық икемділігі, тұтынушы шығындары және тұтынушы табысы (түсімі) арасындағы байланыс;

· табыс бойынша сұраныс икемділігі;

· қиылысу және доғалық икемділігі.

Сұраныстың бағалық икемділігі (price elasticity of demand) баға бір пайызға өзгерсе сұраныс көлемінің қанша мөлшерде өзгеретінін көрсетеді.

Икемділіктің сандық параметрі ретінде сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенті қолданады:

Е = = ,

мұндағы, Е -сұраныстың бағалық икемділігі;

-сұраныстың салыстырмалы өзгерісі, -бағаның салыстырмалы өзгерісі.

= = Е  коэффициенті тауар бағасы бір пайызға өзгергенде сұраныс мөлшері қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.

                                                            

Р                                                    P

                        

                      E=0                               E=0                                                                                         

                                                                          

                                                                      E>1   

       E=1                                                                         E< 1

                                                                                            E=0

                                  Q                                                        Q

 3-сурет. Мүлде икемсіз және     4-сурет. Икемділік қасиеттері  

     өте икемді сұраныс

 

Е >1 болса сұраныс икемді. Бұл жағдайда баға аздап өскенде сұраныс көлемі біршама азаяды. Тұтынуда басқасымен оңай ауыстырылатын тауарларға сұраныс икемді болады. Мысалы, апельсинді мандаринмен ауыстыруға болады.

0 < Е  < 1 болғанда сұраныс икемсіз. Бұл кезде бағаның салыстырмалы өзгерісі сұраныстікінен артық, яғни сұраныстың баға өзгерісіне сезімталдығы төмен. Басқа тауарлармен ауыстырылуы қиын тауарлар үшін сұраныс икемсіз. Мысалы, тұзды ауыстыратын тауар жоқтың қасы.

Е = 1 – бірлік икемділік. Баға бір пайызға артқанда сұраныс көлемі соншалықты қысқарады. Баға өзгерісі рыноктағы сатушылардың жалпы түсіміне әсер етпейді.

Е = 0 болған жағдайда сұраныс мүлде икемсіз. Баға өзгерісі сұраныс көлеміне әсер етпейді. Адамның үйреншікті өміріне аса қажет тауарларды, қант диабетімен ауыратын кісі үшін инсулинді мысалға келтіруге болады.

Е =  - өте икемді сұраныс. Тауар шектеусіз сатып алынатын бір ғана баға және басқа кез-келген бағада сұраныс жоқ болғанда мүмкін. Үкіметтің отандық ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында өз шаруаларынан белгіленген бағамен астық сатып алуы осыған мысал бола алады.

Тауар ұсынысының бағалық икемділігі

Ұсыныс мөлшері мен тауар бағасы арасындағыбайланысты талдауға қатысты ұсыныстың бағалық икемділігі түсінігін қолданамыз.

Ұсыныстың бағалық икемділігі дегеніміз тауар бағасы өзгерген кезде ұсыныс көлемінің өзгеру мөлшері.

Икемділіктің сандық параметрі ретінде ұсыныстың бағалық икемділік коэффициентін пайдаланамыз. ,

Мұндағы,  - тауар бағасының пайыздық өзгерісі;

 - баға өзгеруіне байланысты ұсыныс мөлшерінің пайыздық өзгерісі.

Сұраныс икемділігі коэффициенті сияқты ұсыныстыкі де түрлі әдіспен анықталады.

  >1 – ұсыныс икемді;

<1 – ұсыныс;

=1 – бірлік икемділік.

 коэффициенті баға бір пайызға өзгергенде ұсыныс көлемі қаншаға өзгеретінін көрсетеді.

Тақырып №7. Кәсіпкерлік. Фирмалар.

Кәсіпкерліктің мәні, субъектілері және объектілері.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. «Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдары ежелгі арабтарда пайда табу, кіріс, мамандық, тіршілік, шаруашылық мағынасында орын алған. Атақты араб ғұламасы Ибн-Халдун кәсіпкерлікті адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс-әрекеті деп бағалаған.

Кәсіпкерлік мәселесіне экономикалық теория XVIII ғасырлар кезеңінде көңіл аудара бастады. Мәселен А.Смиттің пікірі бойынша кәсіпкер – ол меншік иесі ретінде пайда болу және бір коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін тәуекелге бара алатын адам, сондай–ақ ол өзі өндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады және оның нәтижесіне иелік етеді деп түсінген. Ал Ж.Б.Сэй кәсіпкерді өндіріс факторларын қиыстыра (ұштастыра) алатын эконмикалық агент ретінде қарастырған.

 Кәсіпкерліктің іс-әрекеті – кәсіпкерліктің тұлғалары жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжымдар, кооперативтер және мемлекет) бола алады. Бұл жерде біз кәсіпкерлік пен меншік субъектілері арасындағы тікелей байланыстардың барын байқауымызға болады. Бірақ та кәсіпкерді меншіктің субъектісі ретінде қарастырғанда, кез келген меншік иесі кәсіпкер бола алмайтындығын ескеруіміз керек. Іс-әрекетпен шұғылданатын кәсіпкер әрқашанда меншіктің субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, меншік иесі кәсіпкер болмаса да табыс алуы мүмкін (меншік иесінің арендатордан алатын табысы).

Шаруашылық субъектілердің кәсіпкерлік іс-әрекеті әртүрлі өндіріс факторларын пайдалану арқылы өнім өндіруін және тиісті табыс табуға бағытталған.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері.

Шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде кәсіпкерліктің бірнеше белгілері бар. Оның негізгі белгісіне шаруашылықпен айналысатын субъектілердің дербестілігі мен тәуелсіздігін жатқызуға болады.

Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісін абсолютті түрде түсінуге болмайды. Кәсіпкердің дербестілігі әрқашанда нарық экономикасының заңдылықтарымен шектеліп отырылады.

Дербестілік экономикалық ынталық принципі мен тікелей байланысты. Кәсіпкерліктің бұл белгісі кәсіпкерді табысты барынша көп алуға ынталандырады және кәсіпкерліктің дамуының негізгі қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайда осы мол табысты алу үшін өндіріс ұйымдастырылады және оның көлемі ұлғайтылады. Сонымен қатар, кәсіпкер нарықтық экономиканың негізгі субъектісі ретінде өзінің ерекше мүддесі үшін, қоғамдық мақсатқа жету жұмыс істейді-бұл товар өндірісінің диалектикасы. (бұл жағдайға кезінде А. Смит назар аударған. Кәсіпкерлікке шығармашылық ізденіс, жаңашылдық белгілері тән. Себебі шиеленіскен бәсеке жағдайында ешнәрсені өзгертпей тек бағаны өсіру есебінен пайда аламын деуге болмайды.

Кәсіпкерліктің тағы бір белгісі – шаруашылық тәуекелділік пен жауапкершілік. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен тәуекелділік белгісіздікті білдіреді. Себебі тәуекелге барған кәсіпкер өз ісін алдын ала болжауға мүмкіншілігі болмайды, өйткені кәсіпкер бір іс-әрекет туралы шешімді тез арада қабылдауы керек. Мұндай жағайда кәсіпкер нарықтағы жағдайды қаншалықты мұқият есептегенімен балық факторларды алдын ала толық ескере алмайды. Себебі тәуекелдікке бел байлаған кәсіпкер нарық конъюктурасын алдын тәуекелдіктің дәрежесін экономикалық бағалау өте қиынға түседі немесе мүмкін болмайды. Ал жауапкершілік шаруашылық өмірде нақты көрініс алады, оны тиісті көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Кәсіпкерліктің осы белгісі кәсіпкердің іскерлігіне, қиындықтарға қарсы тұра алатындығына, бәсекелесе білетіндігіне негізделген.

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Меншіктің формаларына қарай кәсіпкерліктің келесі ұйымдық–құқықтық формаларын көрсетуге болады. Олар мыналар : жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар, серіктестік, акционерлік қоғам (корпорация).

Жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирма деп бір адамның иелігіндегі бизнесті айтамыз, яғни фирманың мүлкі бір адамның меншігінде болады. Сондай-ақ, жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар жеке–дара кәсіпкерлікпен айналысатын, бизнестен түскен пайданы, табысты толық иемденетін, сонымен бірге оның бар ауыртпалығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен көтеретін жекеленген адам немесе жеке жанұя. Егер фирма нашар жұмыс істесе немесе күйресе, фирма иесі заң талаптарына сәйкес өз міндеттерін өзінің барлық жеке мүлкімен жауап берді. Яғни, бұндай фирмаларда шексіз, толық мүліктік жауапкершілік болады.

Кәсіпкерліктің тағы бір түрі серіктестік қоғамдар – бірнеше адамдардың меншігіндегі фирмалар. Олар серіктестік мүшелерінің осы фирмаға қосқан мүліктерінің үлесі негізінде құрылады және пайызының (үлесінің) көлеміне байланысты, түскен пайдадан өз үлестерін алып отырады. Егер оның бір мүшесінің пайызы (үлесі) бүкіл фирма капиталының 10 пайызын құраса, онда ол фирманың таза пайдаының 10 пайызын иеленуге құқылы. Серіктестіктердің міндетті шарттарының бірі олардың мүшелерінің арасында өзара келісімінің болуы.

 Серіктестіктердің экономикалық қатынастарына байланысты: жауапкершілігі шектелмеген (толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөлінеді.

Толық серіктестік ұжымының барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады. Фирманың пайдасы құрылтайшылардың жарғылық үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайызының көлеміне қарамастан бүкіл мүліктерімен жауап береді.

ЖШС жалпы жиналысының құзіретіне жататындар:

1) серіктестіктің жарғысын өзгерту;

2) атқарушы органдарын құру және кері шақыру;

3) жылдық есебімен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен зиянын бөлу;

4) серіктестіктің қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

5) серіктестің тексеру комиссиясын сайлау. Бұл мәселе серіктестің атқарушы органының шешуіне берілмейді.

Акционерлік қоғамдар – бұл да кәсіпкерлікпен айналысатын, заңды тұлғалардың бірі. Акционерлік қоғамдардың иесі және оны басқарушы, осы фирманың акциясын сатып алған азаматтар болып табылады. Акционерлік қоғамның капиталы – акцияларды шығару мен оны сату арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алуға құқылы. Әрбір акция оның иесіне акционерлер жиналысында бір дауыс береді. Акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігін беретін акцияның 51 пайызы бақылау пакеті деп аталады. Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын алынған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде, ал бір бөлігін өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Дивиденттер акцияның құнына байланысты процент түрінде беріледі. Мысалы бір акцияның номиналды құны 1000 теңге дивиденд 5 пайыз мөлшерінде болса, онда акция иесі бір акцияға 50 теңге алады. Егер акционерлік қоғам жыл аяғында шығынмен шықса, онда дивидендттер төленбейді. Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі компаниялардың қатарына жатады. Акционерлік қоғамның мүшелерінің жауакершілігі акционерлік қоғамға кіру үшін салынған қаражат шеңберімен шектеледі.

Акционерлік қоғамның акционері кез–келген уақытта өз акциясын басқа біреуге сатып, қоғамнан шығуына болады.

Ұйымның форма жағынан акционерлік қоғамдар ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін. «Жабық» акционерлік қоғамда акциялар бірнеше құрылтайшылардың иелігінде болады, қор биржасында сатылмайды. Ал «ашық» акционерлік қоғамның акциялары қор биржасында еркін түрінде сатылады және сатып алынады.

Қазіргі кезде шағын және орта бизнес саласында фирмалар көлемі жағынан әр түрлі көрсеткіштер негізінде жіктеледі. Мұндай көрсеткіштер қатарына фирмаларда жұмыс істейтін адамдар саны, жарғылық капитал көлемі, активтер мөлшері, фирманың табыстарының мөлшері жатады. Осылардың ішіндегі ең басты көрсеткіш фирмадағы жұмыс істейтін адамдардың саны мен жылдық капитал айналымы болып табылады.

Қазіргі экономикада шағын және орта бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды, онда еңбекке жарамдылардың 50 пайызын астамы жұмыс істейді. Шағын бизнестің әдеттегі формаларына франчайзинг (жеңілдік) және венчурлық (тәуелділік) фирма.

Франчайзинг – шағын жекеменшік фирмалар жүйесі. Олар тиісті сферада және территорияда ірі фирмалардың фабрика маркасын пайдалану туралы келісім негізінде сол компаниялардың өнімдерін сатумен шұғылданады. Мұндай келісім шарттар екі жаққа тиімді болады. Бір жағынан шағын фирмалар ірі компаниялардан тиісті болады. Екінші жағынан шағын фирмалар ірі компаниялардан тиісті көмек, несие ала алады, екіншілері өз өнімдерін сатуға ақша шығармайды, нәтижесінде ақшаларын үнемдейді

Фирма қорлараының ауыспалы айналымы мен айналысы.

Қорлардың біртіндеп үш формасының (өнеркәсіп, тауарлы, ақшалай) бір-бірімен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын қорлардың ауыспалы айналымыдейді. Осы қозғалыста барлық экономикалық заңдардың бір-бірімен байланысын, әрекет ету ерекшеліктерін көруге болады. Ауыспалы айналыс процесінде қорлар үш сатыны қамтиды яғни, олардың бір формадан екіншісіне ауысуып отыруын көрсетеді.

 

А – Т      ... Ө ...Т1 – A1

Бұл жерде А фирманың ақша қоры, Қж – құрал–жабдықтары, Жк – жұмыс күші, Ө - өндіріс процесі, Т – тауар қорлары, А1 –тауарды сатудан түскен ақша. Осы айналымдағы негізгі саты өндіріс, себебі еңбек процесінде тұтыну құны мен құн өндіріледі. Қазір нарық қатынасына көшуге байланысты өндірілген тауарларды уақытында өткізудің де маңызы өте зор. Өндірістік қорлардың үздіксіз ауыспалы айналымда болуы экономикалық қажеттілік. Фирма қорларының ауыспалы айналымының үнемі қайталанып отыруы олардың айналымыдеп аталады.

Айналысына қарай өндірістік қорлар негізгі және айналмалы олып екіге бөлінеді. Негізгі қорларға машина, инструменттер, өндірістік үйлер, станоктар, электр желісі мен құбырлар т.б. еңбек құралдары жатады. Олар өзінің тозуына қарай құнын өндірілген өнімге бірте–бірте бөлшектеп ауыстырып отырады. Айналмалы қорларға шикізат, материалдар, отын, қосалқы материалдар мен әр түрлі ыдыстар т.б. еңбек заттары жатады. Бұл қорлар өндіріс процесінде түгел тұтынылады және құнын дайын өнімге бүтіндей аударады.

Өндірістік қорлар өздерінің үздіксіз айналысында өндіріс және айналыс сатыларынан өтеді. Демек, уақыт бойынша қорлар айналымының құрамы екіге бөлінеді: өндіріс және айналыс уақыттары.

Өндіріс уақытына мыналар жатады: еңбек құралы мен заттарының өндірістік запастарда болу; жұмыс кезеңі; еңбек затына табиғи процестердің ықпал ету қажеттілігі және ұйымдастыру мәселелерінен тұратын уақыт мерзімдері.

Айналыс уақыты өндіріс құрал–жабдықтарын тауып алуға және дайындалған өнімді өткізуге кеткен уақыттарды қамтиды.

Өндіріс процесінде негізгі қорларды пайдалану нәтижесінде мысалы, айталық машина, өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатыса отырып бірте-бірте тозады, өздерінің бастапқы тұтыну қасиеттерін кемітеді. Бұл негізгі қорларды табиғи тозуы. Ғылыми–техникалық процесс жағдайында негізгі қорлар табиғи тозуға ғана ұшырап қоймайды, сонымен қатар моральдық, сапалық тозуға да ұшырайды. Моральдық тозу мынаған әкеліп соғады: жабдықтар, машиналар және басқа негізгі қорлар табиғи тозу басталғанға дейін–ақ құнының бір бөлігін жояды. Негізгі қорлар қай түрде тозса да, олардың құны із түссіз жоғалып кетпейді, ол өндірілген өнімге біртіндеп жаңа өнімнің құнына көшуін амортзация деп аталады, бұл тозған негізгі қорлардың орнын толтыруға жұмсалады. Сондай–ақ, бұл қорлардың белгілі бір бөлігі тозған қорларды жөндеу мақсатына да пайдалануы мүмкін.

 Инвестиция және оның түрлері.

Инвестиция деп табыс алу үшін ел экономикасында жаңа өндіріс қуаттарын құру мақсатында күрделі қаржыны пайдалануды айтамыз. Инвестиция құрамына құрылыс–монтаждық жұмыстарды жүргізуге, машина және құралдарды сатып алуға жұмсалған барлық шығындар кіреді.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, сондай–ақ одан ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары да тәуелді болады.

Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қаржымен қамтамасыз етеді. Жаңа құрылыстар салу, яғни жаңа жұмыс орындарын жасау инвестициялық процестерге байланысты болады.

Инвестицияның негізгі көзі ретінде халықтың жинақталған ақшалары, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындрдың жинағын (сбережения) қарастыруға болады. Бірақ біз бұл жерде мына жағдайды ескеруіміз керек, егер жинақ пен инвестициялау процестері сәйкес келмесе экономикадағы тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.

Инвестициялар мына факторларға байланысты болады: біріншіден, пайда нормасынан немесе рентабельділіктен, екіншіден, пайыз мөлшерлемесі деңгейіен. Егер пайыз нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, онда кәсіпкер қаржысын осы салада жұмсамайды, ол процент нормасы төмен болғанда ғана жұмсайды. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі салық салудың деңгейіне байланысты болады. Салық ставкасы жоғары болса инвестицияны ынталандырмайды. Төртіншіден, инвестиция процестеріне инфляция да әсер етеді.

Инвестициялардың келесі түрлерін атап өтуге болады:

1. Қаржы және нақты;

2. Тікелей және портфельдік;

Қаржылық инвестициялар – ол мемлекет және жеке меншік компаниялардың шығарған акция, облигация және басқа құнды қағаздарға салынған қаржылары. Қаржылық инвестиция көп жағдайда өндірістік емес капиталға салынады.

Нақты инвестициялар – ол материалдық-өндірістік запастарды өсіруге және негізгі капиталға салынатын қаржы.

Тікелей иевестицияларға шетел капиталының отандық экономика салған қаржылары жатады. Портфелдік инвестициялар– ол шетел кәсіпорындарының акцияларына, басқа елдердің облигациялары мен басқа құнды қағаздарына салынған капитал.

Тақырып №8. Фирманың шығындары

Шығындардың мәні, құрылымы және жіктелуі.

Сонымен, өндіріс шығындары  деп өнімді өткізу және өндірісті ұйымдастыру мен байланысты фирманыңматериалдық және ақшалай шығындарын айтамыз.

Өндіріс шығындарын жіктеудің әр түрлі варианттары (басқа түрлері) бар. Сондықтан, ең алдымен шығындардың түрлеріне тоқталайық. Олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

Бухгалтерлік шығындарөнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары. Кәсіпорынның шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өзіндік құн формасында көрініс алады.

Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындарының ақшалай көрінісі. Өзіндік құн өнімді өндіріп, өткізудің кәсіпорындарға қаншаға түсетіндігін көрсетеді. Өзіндік құнға өнімге ауыстырылған бұрынғы еңбектің шығыны (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдың, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) және кәсіпорын қызметкерлерінің, жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу шығындары (жалақы) кіреді.

Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары балама шығындар болып табылады. Балама шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын балама әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Балама шығындар айқын (сыртқы) және айқын емес (ішкі) шығындар формасында болады. Айқын шығындарғааралық өнімдердің және өндіріс факторларының меншік иелеріне төленетін ақша төлемдері жатады. Айқын емес шығындарөндіріс иелерінің меншігіндегі ресурстарды пайдаланумен байланысты шығындар.

Бухгалтерлік шығындардың экономикалық шығындардан айырмашылығы бухгалтерлік шығындарға өндіріс иелеріндегі өндіріс факторларының балама құны кірмейді. Бухгалтерлік шығындарға тек айқын шығындар ғана жатады. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындармен толықтыру керек.

      C

 

                                                

                                                               TC

 

 

                                               

                                                                     FC

                                                               VC

 

                                                             

                           1-сурет. Өндіріс шығындары.

Тұрақты шығындар (FC) – ол өндірілген өнімнің көлеміне байланысты емес немесе кәсіпорын өнім шығармаған жағдайда да орын алатын шығындар. Тұрақты шығындарды графиктен көруге болады:

Тұрақты шығындарғажататындар: Облигациялық заем бойынша міндеттемелерді төлеу, арендалық төлемдер, өндіріс құрал- жабдықтарының және құрылыстарының амортизациясы, сақтандыру жарналарды төлеу, кәсіпорын басшыларының жалақылары және т.б.

Өзгермелі шығындар (VC) – шығарылған өнімдердің көлемімен тікелей байланысты шығындар. Оған жататындар: шикізатқа, материалға, жалақыға, отынға және т.б. жұмсалған шығындар.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың арасында мынадай айырмашылықтары бар: тұрақты шығындар өнім шығарылмасада төленуі керек, ал өзгермелі шығындардың көлемі өндіріс көлеміне қарай өзгеріп отырады.

Жалпы шығындар(TC) – тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы болып табылады немесе өндірісті ұйымдастыруға және өндіріс факторларына жұмсалған фирманың жиындық шығындары.

Пайдаланудағы ресурстардың санының сондай–ақ, кәсіпорындардың көлемінің өсуі бір уақытқа дейін жалпы шығындарды азайтады. Бірақ бір мезгілден бастап өндіріс тиімділігі минимум деңгейіне жетеді, осы уақыттан бастап жалпы шығындар өсе бастайды. Бұл жағдайда фирма өндіріс шығындарын азайту үшін өндірісті ұлғайтуды немесе өндіріске қосымша өзгермелі факторларды қосу туралы шешім қыбылдайды.

Кәсіпкерді жалпы өндіріс шығындарымен қатар өнімнің бір бірлігінің шығындары, яғни орташа шығындары қызықтырады. AFC, AVC, ATC қисық сызықтары келесі графикте көрсетілген.

       C                                                  

                                MC

                                           ATC

                                                           AVC

                                                               

 

 

                                                             

                                                 AFC                                                                                    

                                                                                         

     

 

2-сурет. Орташа және шектік шығындар.

Орташа шығындар (ATC) шығарылған өнімнің бір бірлігіне шаққандағы жалпы шығындар. Ол орташа өндіріс шығындары өндірілген өнімнің жалпы шығындарға қатынасы арқылы есептелінеді:

ATC=TC/Q

Орташа өндіріс шығындары орташа тұрақты шығындар (AFC) және орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен айқындалады.

 

AFC=FC/Q

AVC=VC/Q

 

Графикте көрсетілгендей орташа шығындар басында жоғары деңгейде болса, кейін өндіріс көлемі ұлғайған сайын, өндіріс шығындары төмендеп минимумға дейін жетеді. Одан кейін өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс тиімділігі төмендеп отырады, яғни қайтарым кему заңы әрекет ете бастайды. Шектік шығындар (MC) – қосымша өнімді өндіру үшін жұмсалатын қажетті қосымша шығындар.

MC=ΔVC/ΔQ

Шектік шығындарды анықтағанда тек ауыспалы шығындар ғана ескеріледі, тұрақты шығындар қосымша өнімді өндіруге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді. Шектік шығынды анықтау кәсіпкер үшін өте маңызды мәселе болып табылады, себебі өнім көлемінің өсуі шығынның қай көлемімен байланысты екендігін және өндірісті ұлғайтуды, өндірістің қай көлемінде тоқтату керектігін анықтауға мүмкін болады. Яғни кәсіпкер әрбір қосымша өндірілген өнім қосымша кірісті өсіргенге дейін өндірісті ұлғайтады. Сондықтан шектік шығындар, шектік табыстан төмен болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта алады.

Трансакциялық шығындар – бұл фирманың ақпаратты жинауға, келіссөз жүргізуге және т.б. кеткен шығындары. Трансакциялық шығындардың басты ерекшелігі олардың тікелей өндіріс процесіне қатысы жоқтығында.

Өндіріс шығындарымен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар.

Өндіріс шығындары мен пайда өндірістің дамуында аса маңызды рөл атқарады. Өндіріс шығындарының орнын толтырмай ешқандай өндіріс процесі тиімді болмайды. Фирманың рентабелділігінің (бір мезгілде алынған пайданың шығындарға қатынасы ) өсуі шығындардың төмендеуімен байланысты.

Өндіріс шығындарын үнемі азайтып отыру жалпы шаруашылықтың заңдылығы болып табылады. Ол еңбек өнімділігін үнемі өсіру, материалдық және ақша ресурстарын тиімді пайдалану, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, өндіріс шығындарын кеміту қазіргі кезеңде өте маңызды зор мәселе болып отыр.

Сондықтан, өндіріс шығындарын кемітудің негізгі жолдарына тоқталайық.

Біріншіден, өндірістің техникалық дәрежесін арттыруға шығындарды кемітудің көп ықпалы бар. Жаңа техниканы енгізу және өнім дайындау технологиясын жетілдіру өндіріс шығындарды азайтуға кешенді әсер етеді. Олар материалдық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға, бұйымды жасауға жұмсалатын еңбекті азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, жұмыс істеп тұрған жабдықтарды жаңғырту және қолданылатын техниканың пайдаланылуын жақсарту есебінен өнірістің артық шығындарын едәуір қысқартуға болады . Жаңа техника мен технология, сондай–ақ өндірісті басқаруды жетілдіру негізінде еңбек өнімділігі артады, мұның өзі шығындарды кемітуге жол ашады.

Үшіншіден, материалдық және ақшалай қаржыларды жұмсауда үнем тәртібін қатаң сақтаудың зор маңызы бар. Жабдықтарды ұстау жөніндегі шығындарды қысқарту, материалдарды сондай–ақ, өндіріс қалдықтарын барынша пайдалану, қор қайтарымын арттыру, жалақы қорын тиімді жұмсау және т.б. Осының бәрі өнімнің арзандауына белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Төртіншіден, материалдық–техникалық жабдықтуды жақсарту, шығындарды кемітуге жағдай жасайды. Кәсіпорынға шикізатты, материалдарды, отынды және энергияны мезгілінде жеткізбеу өндірістің бір қалыпты қарқынының бұзылуына, соның салдарынан өнімсіз шығындарға ұрындырады.

Бесіншіден, еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру шығындардың кемуіне әсер етеді. Кез келген техниканы, өндірісті дұрыс ұйымдастырмайынша, оны барынша тиімді пайдалануға болмайды. Сондықтан технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандырумен қатар еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыруға барынша көңіл бөлу қажет.

Кәсіпорынның өндіріс шығындары азайған сайын оның алатын пайдасы өсіп отырады. Пайда өндірісті дамытуда ынталандыратын аса маңызды фактор болып табылады. Өндіріс көлемі өскен сайын, кәсіпкердің алатын пайдасы да өседі. Сондай–ақ, кәсіпкер қосымша пайда алу үшін қосымша шығындар жұмсау арқылы өндірісті жетілдіреді.

Тақырып №9. Фирманың табыстары

 Жалақының мәні, оның негізгі формалары.

Меншік иелері арасында өндіріс факторларынан алынатын табыстарды бөлу маңызды әлеуметтік экономикалық мәселе. Мұндай факторларға еңбек, жер, капитал жатады. Осы факторларға сәйкес жеке шаруашылық субъектілері шеңберінде табыстардың негізгі формалары түрінде жалақы, пайда, пайыз және жер рентасы қалыптасады.

Ақшамен бейнелеген жұмыс күшінің құны жұмыс күшінің бағасы болып табылады. Жұмыс күшінің бағасы әр түрлі факторлардың ықпалымен оның құнынынан ауытқи алады. Бұл тендеция жұмыс күшінің тауар ретіндегі спецификалық қасиеттерімен байланысты болады. Ол ұдайы өндіріс процесінде жұмыс күшінің құнына басқа тауарларға жұмысшы мен оның жанұясының қажетті тіршілік заттарының құны кіретіндігін білдіреді. Бұл ерекше товардың тағы бір спецификалық қасиеті оның бағасының ерекшеліктерінен байланысты. Сұраныс пен ұсыныс ықпалымен тауарлардың бағасы, оның құнының төңірегінде ауытқып отырады. Бұл құбылыстың жоғарыда көрсеткеніміздей жұмыс күшіне де қатысы бар, оны номиналды және нақты жалақының дәрежесінен көруге болады.

Номиналды жалақыдеп жұмысшының өзінің еңбегі үшін алатын ақшалай табысы. Жұмысшы номиналды жалақысына өзіне және жанұясына қажетті   азық–түлік өнімдерін, киім – кешек және басқа тауарларды сатып алуға, коммуналдық және т.б. төлемдерді төлеуге тиіс.

Нақты жалақы дегеніміз бағаның белгілі бір дәрежесі кезінде номиналды жалақыдан салықтар мен басқа да төлемдер алынып тасталғаннан кейін жұмысшының өзінің номиналды жалақысына сатып ала алатын тұтыну құндарының (тауарлар мен қызметтердің ) мөлшері болып табылады.

Жалақының негізгі формаларына мерзімді және кесімді түрлері жатады.

Мерзімді жалақыістелген жұмыс уақыт мөлшеріне және қызметкерлер мен жұмысшылардың мамандығына байланысты төленеді.

Кесімді жалақыөндірілген өнімнің санына және сапасына байланысты төленетін төлем ақы. Ол еңбек өнімділігін арттыруға, жұмысшыны тікелей ынталындырады, әркімнің орындаған жұмысына дәлме–дәл есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі уақытта өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне байланысты көп жағдайда жалақының мерзімді формасы қолданылады.

Қазіргі кезде жұмысшының творчестволық қабілетін дамытуына, еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыруға бағытталған жалақының әр түрлі жүйесі қолданылады. Мәселен, кесімді ақы төлеу түріне: тура кесімді жалақы, кесімді прогрессивтік жалақы, кесімді сыйлық жалақы. Жұмысшының жалақысының мөлшері мен деңгейіне: ұлттық ресурстар жағдайы (табиғи, еңбек, технологиялық), жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және елдің экономикасының жағдайы елеулі әсер етеді. ді.

Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы атынан келісім шарт жасау арқылы кәсіподақ жұмыс күші нарығын реттеуге ықпал ете алады. Ол ұжымдық келісім шарт негізінде кәсіпорын, мекеме және ұйымдар қызметкерлерімен кәсіпкерлер арасындағы еңбек, әлеуметтік–экономикалық және кәсіптік қатынастарды реттейді.

Капитал - өндіріс факторы және пайыз – капитал иесінің табысы ретінде.

Өндіріс факторларына адамның еңбегімен қатар капитал да жатады. Бұл категорияның мәнітуралы қазіргі кезеңде әр түрлі пікірлер бар. Солардың ішінен екі ірі топтың көзқарастарына тоқталайық. Олардың біріншілері капиталды өндіріс құрал–жабдықтарының жиынтығы ретінде, ал екіншілері капиталды шаруашылықтан табыс табу мақсатында пайдаланатын ақша сомасы ретінде қарастырады. 

Қаржы нарығының субъектісіне банктер олардың клиенттері және қор биржалары жатады, ал объектісі ретінде және кәсіпкерлердің құнды қағаздарымен қатар мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары да кіреді.

Ақша нарығы және капитал нарығы қарыз капиталының екінші қайтара нарығы болып табылады. Бұл нарықтың әр біреуіне тән құнды қағаздары болады. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары төмендегідей:

- статусы (акция немесе облигация ) бойынша;

- меншік түрі (жеке меншік немесе мемлекеттік) бойынша;

- өтімділігі дәрежесі бойынша;

- тәуелділік сипаты бойынша;

Мысалы, АҚШ капитал нарығына:

- қазыналық облигациялар (АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға арналған);

- мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары (әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін шығарылады);

- муниципалды облигациялар(жергілікті билік органдары шығарады);

- корпорациялардың акциялары және облигациялары (жеке меншік фирмалардың құнды қағаздары ) жатады.

Капитал – нарық субъектілерінің ақша ресурстарынан құрылады. Ал оны пайдаланатындар фирмалар, үй шаруашылықтары. Капитал жинақтаушылар мен оны пайдаланушылардың ара қатынастары көптеген делдалдық қаржы жүйесі: коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлық кеңселер және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Олардың негізгі қызметтері қоғамдағы уақытша бос ақшаларды шоғырландыру және оларды капиталды пайдаланатындар арасында таратып үйлестіру болып табылады. Капиталды пайдалану әр түрлі формада беріледі: корпорацияның облигациясын сатып алу немесе фирмаларға тікелей төленетін пайыз маңызды рөл атқарады.

Пайыз (капиталдың бағасы) оған сұраныс пен ұсыныс ара қатынасы арқылы реттеледі және капиталды қолданғаны үшін төлем пайыз нормасы арқылы көрінеді, ол қарыз капиталынан алынған (мысалы 10 мың тенге) жылдық табысты барлық қарыз капиталына (100 мың тенге) қатысы арқылы өлшенеді.

10 мың / 100мың * 100 % = 10 %

Капитал экономикалық игіліктің жоғары мөлшерін өндіру мақсатында алынатын кез-келген ресурс. Қосымша құн әкелетін құн. Болашақта белгілі бір тауар мен қызметтер ағымын алу өндірістік процесте ұзақ мерзімде пайдаланатын ресурс қорының, яғни капиталдың болуын қажет етеді. Капитал негізгі формалары физикалық немесе материалдық–заттай (машина, ғимарат, құрылғылар, шикізат, материал және т.б.) және адам капиталы (жалпы және арнайы білім, еңбек машықтығы, өндірістік тәжірбие).

Пайыз - қарызға алынған ақша немесе материалдық құндылықтар деп пайдаланғаны үшін қарыз алушының несие берушіге төлеуі тиіс ақша мөлшері. Пайыздың құрылу көзі кәсіпкер қарыз капиталын пайдалану процесінде алған пайдасының бөлігі болып табылады. Қарыз капиталы банкте жеке тұлға, кәсіпорын, мекемелердің депозиттік есепте сақталатын ақшалай ресурстың есебінен құрылады. Банк бұл ақша қаражатын кәсіпкерге қайтарым және пайыз төлеу шарттарында қарызға береді. Қарыз капиталы (пайызы) сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады да пайыз нормасы арқылы көрінеді. Пайыз нормасы қарыз капиталы бойынша алынған жылдық табыстың барлық қарыз капиталына қатынасы ретінде анықталады. Пайызға әсер ететін факторлар: тәуекелділік, қарыз көлемі, салық мөлшері, қарыз капиталы рыногының монополиялану деңгейі.

Процент нормасына келесі факторлар әсер етеді:

- тәуекелділік.

- қарыз мөлшері.

Процент нормасына инфляция деңгейі де әсер етеді. Сондықтан инвестиция туралы шешім қабылданғанда пайыздың номиналды және нақты ставкалары анықталады. Номиналды пайыздық ставкасы– ол ағымдағы қарыз капиталының құны бойынша анықталатын пайыздық ставкасы. Нақты пайыздық ставка– ол инфляция деңгейін есепке алғандағы номиналды пайыздық ставкасы. Мысалы, номиналды пайыздық ставка 20% ал алғандағы уақыттағы инфляция деңгейі - 10% тең болады десек, бұл жағдайда кәсіпкер қарызға 500 мың теңге алса, онда ол жылдың соңында банкіге 600 мың теңге қайтаруы керек. Бірақ инфляцияның 10% өсуіне байланысты 600 мың теңгенің төлеу қабілеті жылдың соңында 10% төмендеп, 50 мың теңгеге кемиді. Сондықтан капитал қарызға берілгенде міндетті түрде инфляция деңгейі ескеріледі.

Жер рентасы және оның түрлері.

Өндіріс проценттің тағы бір факторы – жер болып табылады. Жер ұғымына жердің өзімен қатар, жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар да жатады. Жермен адамның тіршілік жағдайы тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім. Ол адам өмірінде әр түрлі рөл атқарады. Ренталық қатынастаржерге жеке меншік иелері мен жалгерлердің арасында жерді және басқа табиғи ресурстарды пайдаланғанынан түскен табыстарды бөлу туралы пайда болады. Соның нәтижесінде табыс екі бөлікке бөлінеді. Табыстың бір бөлігі пайда түрінде жалгерге тисе, екіншісін үстеме пайда түрінде жер иесі алады. Жер иесі алатын табыстың бөлігін жер рентасыдеп атайды. Жер рентасы жалгердің жер иесіне төлейтін жалгерлік төлеміформасында алынады. Жалгерлік төлеміне рентамен қатар, жалға бергенге дейін жер учаскесіндегі салынған құрылыстардың амртизациясы, жерді өңдеуге жұмсалған капиталға пайыз кіреді.

Ренталық қатынастардың халық шаруашылығының әр түрлі салаларында (ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) пайда болуының маңызды себептері жоғарыда көрсеткеніміздей жердің ерекшеліктерімен байланысты. Жер экономикалық ресурс ретінде еңбек процесінің нәтижесі емес, сондықтан оның құны болмайды. Әр түрлі учаскелердің құнарлығы бірдей болмайды және тұрақты орналасуымен сипатталады. Бірақ жердің басты ерекшелігі оны көбейтуге келмейтіндігінде және шектеулілігінде. Сол себепті, жердің шектеулілігіне байланысты оның ұсынысы абсолютті икемсіз болады. Бұл жер нарығында жерге тек сұраныс қана активті (белсенді) екендігін көрсетеді.

Экономикалық рента деп ұсынысы қатаң түрде шектелген ресурс ақысын айтамыз.

    R  

 

                                                 S

 

                      

                   R                      E

 

 

                   R                      E      D    

                     

                            R  жер рентасы E D

                                                                                         

3-сурет. Жер рыногындағы тепе-теңдік:

жер рентасы деңгейінің өзгерісі

Жер рентасы – ұсынысы қатаң түрде шектелген жер және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы. Жер рентасы жалға алушының жер иесіне төлейтін жалгерлік ақы түрінде алынады. Жалгерлік ақы рентамен қатар жерге салынған капитал пайызын, сондай-ақ жер учаскесі жалға берілмей тұрып салынған құрылғылардың амортизациясын қосады.     

Демек, экономикалық рента көлемі жердің ұсынысының шектеулі жағдайында, негізгі өнімге сұраныстың өзгеруіне байланысты болады.

Жер бағасы рентаның капиталдануымен анықталады. Егер жер учаскесі жыл сайын R теңге алып әкелсе жердің бағасы болашақ жер рентасының дисконтталған құнын құрайды:

.

Жер бағасы мерзімсіз капитал салымы болғандықтан, , .

Онда, мұндағы R – жылдық рента; i – қарыз пайызының рыноктық мөлшерлемесі.

Сонымен қатар, жер рентасының мөлшері жер учаскесінің сату нарығына, яғни жердің нарыққа алыс жақындығына немесе жердің сапасына (құнарлы, орташа құнарлы, құнарсыз жерлер) байланысты болады. Бұндай учаскелерде жер иесі иемденетін дифференциалдық рента – үстеме қосымша құн жасалады.

Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.

Пайда – экономикалық теорияда ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Сондай–ақ, пайда кәсіпкерлікті дамытудың қозғаушы күші ретінде көрініс алады. Атап айтқанда, фирманың қаржы жағынан тәуелсіздігі, тұрақтылығы пайдамен байланысты. Сондықтан, фирманың негізгі мақсаты пайданы барынша көп табу. Сол себептен әр кәсіпкерді бір ғана мәселе мазалайды: қанша тауар өндіргенде (сатқанда) және қандай бағамен сатқанда барынша көп пайда табуға болатындығы.

Пайда мәселесіне ең бірінші болып меркантилистер көңіл аударады, олардың пікірінше пайда заттарды жоғары бағамен сату нәтижесінде айналыс сферасынан, сыртқы саудадан пайда болады деп есептеген. Физиократтар пайда тек ауыл шаруашылығында өндіріледі десе, ал А.Смит және Д.Рикардо пайда жалпы материалдық өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді.

Фирма шеңберінде пайда келесі қызметтер атқарады:

- бөлу капиталының қолайлы құрылымын қолдау, қабылдаған бағдарламаларды қаржыландырды қамтамасыз ету үшін ақша қорын құру

- ынталандыру - өндіріс шығындарын азайту, жаңа техника мен технологияны өндірісте кеңінен пайдалану;

Пайда өнімді өткізгеннен алатын табыс пен өндірістің шығындары арасындағы айырма:

Пайда фирманың жалпы табысымен сипаттала отырып, өндірістің жалпы шығындарынан (ішкі, сыртқы) артық болады.

Бухгалтерлік пайда фирма жалпы табысының жеке тұлға және басқа фирмаларға айқын шығындарын, яғни факторлардың жабдықтаушыларына төлемдерін өтегеннен кейінгі бөлігі. Демек, айқын ақшалай, бухгалтерлік шығындары есепке алынады:

 Бухгалтерлік пайда = ТR - бухгалтерлік шығындар

Қалыпты пайда = Ішкі шығындар

Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда - ішкі шығындар.

Қалыпты пайда кәсіпкер қызметі үшін сый ақы, осы қызметі үшін сол бағыттағы қызметі шегінде ұстайтын бухгалтерлік пайда үстеме алынатын кәсіпкердің жаңартушылық, тәуекелдік, фирма басқарудағы дарынына байланысты пайда-экономикалық пайда деп аталады . Әдетте, мұндай табыстар бірқалыпты емес және жаңа тауардың жаппай қолданысқа түсуі мен бәсекелестердің пайда болуымен жоғалады. Әйтсе де, кәсіпкер ҒТП, шығындарды төмендету, инновация енгізуге ынталандыратын экономикалық пайда алуға ұмтылады. Осыдан оның ынталандырушы қызметі көрінеді. Екіншіден пайда бөлу қызметі капиталды салалар арасында қайта бөлу, ақшалай қорлар құрудан (өндірістік және әлеуметтік сипаттағы әр түрлі жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін) көрінеді .

Кәсіпкер бухгалтерлік пайдадан немесе экономикалық пайдадан бөлек монополиялық пайда алуы мүмкін. Мұндай пайданы ол монополист болса және нарықты бақылай алса ғана алады.

Фирма жалпы, орташа және шекті табысты есептейді .

Жалпы табыс сұраныс икемді болғанда өседі, икемсіз болғанда кемиді, ал жалпы шығындар үнемі өсіп отырады. Осыдан пайданы жоғарлату шарты орындалады:

мұндағы, - жалпы табыс өнімінің бір бірлігін қосымша өткізгендегі өзгерісі ретінде анықталатын шекті табыс,

-қосымша өнім бірлігі өндірумен байланысты қосымша шығын ретінде анықталатын шектік шығындар .

;

Жалпы табыс (TR) – тиісті тауарды сатылғаннан түскен жалпы ақша түсімі .

Шектік табыс (MR) - өнімді өндіруді өсіру есебінен алынатын табыс .

Орташа табыс (AR) – сатылған өнімнің бір данасына шаққандағы табыс .

Тақырып №10. Ұлттық экономика жүйе ретінде

Макроталдаудың ерекшеліктері. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтіңэкономикалық теорияның бөлімі.

Макроэкономика деңгейінде зерттелетін негізгі проблемалар:

- ұлттық табыстың және ұлттық өнімнің құрылымы мен көлемін анықтау

- ұлттық экономика шеңберінде жұмысбастылықты реттейтін факторларды анықтау

- инфляцияны зерттеу

- экономикалық өсудің факторлары мен механизмін зерттеу

- экономикада конъюнктуралық өзгерістер мен циклдық тербелістердің себептерін қарастыру

- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарын зерттеу

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүзеге асыру формаларын, мазмұнын және мақсаттарын теория жағынан дәлелдеу .

Макроэкономика жүйе ретінде қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі деңгейі – жұмыс орнының, фирманың, ұлттық шаруашылықтың ара қатынастарының нәтижесі болып табылады. Бұл жүйенің әр элементі ерекше қызметтер атқарады.

Макроэкономикалық талдаудың мақсаты – ұдайы өндіріс процесін объективті бейнелейтін көрсеткіштерді пайдалану арқылы елдің әлеуметтік–экономикалық дамуындағы қалыптасқан жағдайларды анықтау болып табылады .

Ресурстар, жұмысбастылық, өндіріс дамуының динамикасын және оның экономикалық тиімділігі, халықтың табыстары туралы нақты жағдайды білу шаруашылық субъектілердің экономикалық бағытын анықтауға көмектеседі. Мемлекет деңгейіндегі экономиканың нәтижесі елдің әр азаматына қатысты. Елдегі әлеуметтік–экономикалық жағдайлар туралы әр азамат, жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де хабарлар болуы қажет.

Макроэкономикалық талдаудың мақсатына жету үшін келесі талаптар орындалуы қажет:

1) макроэкономикалық процестердің негізгі динамикасын объективті көрсететін статистикалық мәліметтер қажет;

2) елдің халық шаруашылығына тарихи тұрғыдан талдау жасау қажет;

3) экономикалық жүйенің потенциалын объективті бағалаусыз, мемлекеттің экономикаға араласу қауіпі екендігін мойындау қажет;

4) макроэкономикалық теория нақты бір елдің экономикасын объективті зерттеу негізінде құрылады және бұл зерттеудің нәтижесін басқа елдер абайлап қолданулары қажет;

Макроэкономиканың басты міндеті ұлттық экономиканы зерттеу.

Макроэкономикалық модельді таңдау ұлттық экономиканың сол кезеңдегі жағдайына байланысты болды. Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттердің ұлттық экономикасы бір–біріне байланысты күрделі шаруашылық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде адамның орны ерекше, ол экономикада бір жағынан қызметтер мен өнімдерді өндіруші болса, екінші жағынан, игіліктерді тұтынушы болады.

Ұлттық экономиканың екінші бөлімін табиғи байлықтар яғни, сол елдің территориясындағы барлық табиғи ресурстар (жер, су ресурстары және т.б.) құрайды .

Ұлттық экономиканың үшінші бөлімін капитал құрайды. Капитал бір жағынан өндіріс факторлары ретінде (еңбек заттары, еңбек құралдары, тұтыну заттары және т.б.) екінші жағынан, ақша құралы ретінде (экономиканы инвестициялауға арналған ақша сомасы) экономикада көрініс алады.

Кез келген ұлттық экономика жүйесі халық шаруашылығының салаларының салалық құрылымы екі топтан: материалдық өндіріс сферасының салаларынан және әлеуметтік сферадағы салалардан құрылады. Бірінші топтағы салаларға: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, сауда және т.б. жатады. Екінші топтағы салаларға: мәдениет, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету сфералары жатады.

Ұлттық экономиканың негізгі мақсаты - елдің экономикасын дамыту негізінде қоғамның барлық мүшелеріне қолайлы өмір сүрулеріне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін ғылым мен техниканы дамытуды, шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануды, жұмыссыздық пен инфляцияны тежеуді, әлеуметтік міндеттерді комплексті шешу туралы тұрақты жұмыстар істелуі қажет.

Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық мақсаттар негізгі екі талаптарға сәйкес келуі керек. Біріншіден, бұл мақсаттар өлшемді және нақты болуы керек (мысалы, инфляцияның деңгейінің немесе жұмыссыздықтың тиісті бір мөлшерге дейін төмендеуі). Екішіден, нарық тікелей қамтамасыз ете алмайтын мақсаттарды алға шығару (мысалы, жеке адамдардың табыстарын қайта бөлу, қорғанысқа қаржыны өсіру және т.б.).

Макроэкономикалық саясаттың негізгі міндеті-нарық экономикасының тиімділігін арттыру және әлеуметтік бағытта жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты осы міндеттерді шешу барысында келесі негізгі мақсаттарды көздейді :

- экономикалық өсудің тұрақтылығын және тиімділігін;

- толық жұмысбастылықты;

- бағаның жалпы деңгейінің тұрақты болуын;

- әлеуметтік әділеттілікті;

- елдің сауда және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуді. 

Экономикалық саясаттың түпкі мақсаты адам басына шаққандағы қоғамдық өнімнің өсу қарқынын көбейту болып табылады.

Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық өнім

( ЖҰӨ ) көрсеткішіндегі көрінісі.

Ұлттық экономиканың нәтижесін өлшеу үшін түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады, олардың жиынтығы “ұлттық есеп жүйесі’’ деп аталады. Ұлттық есеп жүйесі экономиканың негізгі секторларының арасында болатын қатынастардың сандық кестесі түріне негізделеді. Олар экономикалық әрекеттерді және шығындар мен кірістерді, өндіріс арасындағы байланыстарды сипаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық есеп жүйесі халықаралық салыстыруды, мемлекетаралық қатынастарды жеңілдетеді.

Ұлттық есеп жүйесі бойынша, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық байлық жатады .

Бұл көрсеткіштердің ішінде ең негізгісі жалпы ұлттық өнім болып есептелінеді. ЖҰӨ шет елде және ұлттық территория шеңберінде сол елдің азаматтары бір жыл ішінде өнідрген түпкі өнімдердің барлық көлемінің нарықтық құнымен анықталады. Мұнда мына жағдайды ескеру қажет: түпкі өнімге тек тұтынуға арналған тауарлармен қызметтер ғана жатады. Ал қайта сатуға, өңдеуге арналған тауар мен қызметтер ЖҰӨ есептегенде есепке алынбайды. Бұл тауар мен қызметтердің құндары (аралық) екі рет есепке алынып, ЖҰӨ дұрыс бағаланбайтын болады. Екі рет есептеуді болғызбау үшін қосылған құн көрсеткіші мүмкіндік береді. Қосылған құн – ол фирманың нарық бағасымен өндірген өнімнің өнімді өндіруге жұмсалған материалдары мен шикізаттардың құндарының айырмасы, яғни қосылған құн жалпы ұлттық өнімді айтарлықтай толық сипаттайды. Осы пікірді келесі мысал арқылы көрсетейік. Мысалы, жүннен тоқылған мата тұтынушының қолына тигенге дейін бес өндіріс сатысынан өтеді екен.     

 

Өндіріс сатылары Өнімнің сату бағасы (теңге) Қосылған құн (теңге)
1. А фирмасы - қой өсіретін ферма 2. Б фирмасы, жүнді өңдейтін кәсіпорын 3. В фирмасы - жүннен мата жасап шығаратын кәсіпорын 4. Г фирмасы - матаның көтерме сауда нарығы 5.  Д фирмасы - матаның бөлшек сауда нарығы Сауда – саттықтың жалпы құны. Қосылған құн (жалпы табыс ) 600   1000   1250   1750     2500     7100   - 600 (600 – 0)   400 (1000 – 600)   250 (1250 – 1000)   500 (1750 – 1250)     750 (2500 – 1750)     -   2500

Кестеде көрсетілгендей А фирмасы - қой өсіретін ферма, жүнді өңдейтін кәсіпорынға, Б фирмасына жүнді 600 теңгеге жеткізіп береді. А фирмасы жүнді сатқаннан түскен 600 теңгені жалақыға, рента төлемдеріне, процентке және пайдаға бөледі. Б фирмасы жүнді өңдеп, В фирмасына 1000 теңгеге сатады. Б фирмасы фирма В–дан алған ақшасының 600 теңгесін А фирмасына, ал қалған 400 теңгені фирма Б жалақы төлеуге, рента төлеуге, ресурстар сатып алуға жұмсайды. Мата өндіру процесінің қалған сатылары жоғарыда көрсетілген кестедегідей жүзеге асырылады.

Жоғарыда келтірілген мысал бойынша, ЖҰӨ анықтағанда өндірілген матаның құнының қай бөлігін есепке алу керек деген сұрақ туады. Әрине, тек 2500 теңгені, яғни түпкі (соңғы) өнімнің құнын есепке алу керек. Егер, біз барлық аралық өнімдердің құндарының қосындысын ЖҰӨ көрсеткішіне қосатын болсақ, онда ЖҰӨ көлемі 7100 теңгеге дейін көтеріледі, біз бұл жерде матаның құны бірнеше рет есептен өткенін көреміз. Сондықтан, бұл жерде тек 2500 теңгеге ғана жаңа құн жасалды. Яғни, ЖҰӨ есептегенде әр фирманың қосқан құны мұқият ескерілуі қажет. Бұл жалпы ұлттық өнімнің көлемін дүрыс есептеу үшін қажет.

Дегенмен, қосылған құнның мөлшері ЖҰӨ барынша объективті сипаттағанымен бұл көрсеткішті есептеу үшін басқа үш әдіс қолданылады: шығындар, табыстар және өндіріс бойынша. Шығындар бойынша есептелінген ЖҰӨ жеке және өндірістік тұтынуға кеткен шығындардың ел үшін жалпы сомасы болып табылады.

ЖҰӨ көрсеткішінің құрылымы келесі шығындар бйынша есептелінеді:

1) халықтың материалдық игіліктерді сатып алу үшін жұмсалған шығындары (С);

2) ұлттық экономикаға тартылған жалпы инвестиция, фирманың негізгі капиталды көбейтуге жұмсалған шығындардың сомасы (I);

3) мемлекеттің билік органдарының тауарды сатып алуға кеткен шығындары (G) ;

4) таза экспорт (NХ)  

Демек, шығындар бойынша есептелген ЖҰӨ:

ЖҰӨ = С + I + G + NХ

Табыстар бойынша есептелінген ЖҰӨ өндіріс факторларының меншік иелері алған табыстарының жалпы сомасы болып табылады.

Табыстар бойынша есептелінген ЖҰӨ құрылымы қоғамда белгілі кезеңде жалақы, процент, пайда, рента формаларында алынған табыстар жиынтығынан тұрады. Сонымен қатар , ЖҰӨ амортизацияның және салықтардың жалпы сомалары да кіреді. Дегенмен, бұл сома табыстар формасында болмағанымен, ол ЖҰӨ құнының бір бөлігін құрайды.

ЖҰӨ есептелуінің үшінші әдісі - өндіріс бойынша. Бұл әдіс бойынша ЖҰӨ қосылған құн бойынша есептелінеді. Ол туралы біз жоғарыда қарастырдық.

  

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ х 100 %

                              ЖҰӨ дефляторы

                                 (баға индексі)   

Сонымен қатар, осы көрсеткіштер арқылы елдегі инфляция деңгейі де есептелінеді. Тұтыну тауарлары мен инвестициялық және басқа тауарлардың бағалар өзгерісін сипаттайтын баға индексін ЖҰӨ дефляторы деп атайды. Ол номиналды ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ салыстыру негізінде анықталады.

Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.

ЖІӨ - сол елдің территориясында барлық меншік иелерінің (шетелдік және отандық) өндірген қызметтер мен өнімдерінің нарықтық құнының жалпы срмасы. Бұл жерде мынадай сұрақ туады ЖІӨ мен ЖҰӨ қандай айырмашылығы бар? Бұл айырмашылық мынада: жалпы ішкі өнімді есептегенде алдымен ЖҰӨ сол елде жұмыс істеп жатқан шетел азаматтарының табыстары қосылады, сонан соң ЖҰӨ шетелде жұмыс істеп жатқан сол елдің азаматтарының табыстары алынып тасталынады. ЖІӨ көлемі, біріншіден, экономиканың сол секторында өндірілген тауарларының құндарын есептеу арқылы, екіншіден, өндіріс процесінің әр сатысындағы қосылған құндарды қосу арқылы есептелінеді.

Макроэкономикалық көрсеткіштерге таза ұлттық өнім де жатады. Таза ұлттық өнім ЖҰӨ амортизацияны алып тастағаннан кейін қалған ЖҰӨ бір бөлігі:

   Таза ұлттық өнім = ЖҰӨ - амортизация

Келесі макроэкономикалық көрсеткіш – ол ұлттық табыс. Ұлттық табыс – бұл жыл ішінде өндірілген жаңа құн немесе өндіріс факторларының меншік иелерінің жыл ішінде алған табыстарының (жалақы, процент, пайда, рента) мөлшерімен сипатталады. Ұлттық табыс таза ұлттық өнімнен барлық жанама салықтарды (акциздер, қосымша құн салығы, баж салықтары және т.б.) алып тастау арқылы есептеледі.

Ұлттық табыс = таза ұлттық өнім – жанама салықтар

Елдің дамуының негізгі және жинақтаушы көрсеткіші – ұлттық байлық болып табылады.

Ұлттық байлық – бұл адамдардың бүкіл ғұмырында жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Ұлттық байлықтың құрамына мыналар жатады: негізгі және айналмалы қорлар, айналым қорлары (сақтандыру қоры мен мемлекеттік қорлар, кәсіпорындардың материалдық қорлары және запастары, қоғамның өндірістік емес қорлары (тұрғын үйлер, оқу орындары, мемлекеттің меншігіндегі медициналық және мәдени–тұрмыстық мекемелер және т.б.), азаматтардың жеке мүліктері.

Ұлттық байлықтың ерекше түрлеріне өндіріс процесіне тартылған қоршаған ортаның элементтері: ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер, орман, қазба байлықтар, гидроресурстар және т.б. жатады. Оларды тиімді және ұтымды пайдалану қоғамдағы экономикалық прогресстің қарқынды өсуіне байланысты болады.

Тақырып №11. Экономикалық өсу. Циклділік экономикалық дамудың заңдылығы ретінде.

Экономикалық өсудің мәні, типі және факторлары 

Экономикалық өсу деп белгілі уақыт аралығындағы қызмет көрсету мен тауарлар көлемінің артуын айтамыз. Ұдайы өндіріс процесінде экономикалық өсу басты орын алады. Себебі, біріншіден, экономикалық өсу өмір сүру деңгейін және қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін, елдің экономикалық даму деңгейін, екіншіден, экономикалық өсу мемлекеттің дүние жүзіндегі елдердің арасындағы орнын және оның дүние жүзілік экономикалық және саяси процестерге ықпал ете алу мүмкіндігін, үшіншіден, экономикалық өсу елдің даму болашағын айқындайды.

Экономикалық өсудің шарттары мен нәтижесін айыра білу керек. Экономикалық өсудің шарттарына қоғамның материалдық техникалық базасының жағдайы, жоғары дәрежелі (сапалы) жұмыс күші, ғылыми-техникалық прогресс және өндіріс құрал-жабдықтардың үнемі жаңарып отыруы, өндіріс құрылымының үйлесімділігі, инфрақұрылымның дамуы, кәсіпорындардың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі, кәсіпорындардың экономикалық дербестілігі, нарықтың дамуы жатады.

Экономикалық өсудің нәтижелілігі тұрғындардың өмір сүру деңгейінен және қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесінен, ұлттық табыс және жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынынан, еңбек өнімділігінің дәрежесіне көрінеді.

Экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштеріне жататындар:

- қоғамның экономикалық потенциаклы;

- елдің экономикалық күш – қуаты;

- мемлекеттің экономикалық даму деңгейі.

Қоғамның экономикалық потенциалына табиғи, өндірістік, қаржы, еңбек ресурстар жиынтығы жатады.

Экономикалық өсуді сипаттау үшін, жалпы ұлттық өнімнің номиналды көрсеткіші емес нақты көрсеткіші пайданылады. Мысалы, 2003 жылы 1000 теңгенің өнімі өндірілді делік, ал 2004 жылы сол өнімнің бағасы 2000 теңгеге дейін жететін болса, онда ол нақты экономикалық өсуді емес, жалпы ұлттық өнімнің номиналды өсуін көрсетеді.

Экономикалық өсудің даму қарқыны өткен кезеңмен салыстырмалы негізде абсолютті мөлшермен немесе пайызбен (%) өлшенеді. Мысалы, егер 2004 жылы нақты жалпы ұлттық өнім 5138 млрд теңге мөлшерінде болса, ал 2003 жылы 4449,8 млрд теңге құраса, онда ЖҰӨ - нің мөлшерінің абсолютті өсуді 688,2 млрд теңгені, ал % есебінен 13 % құрайды. Бұл экономикадағы оңды өзгерістерді көрсетеді.

Экономикалық өсу факторлары деп өндірістің нақты көлемі мен өнімнің тиімділігін және сапасының өсуін айқындайтын құбылыстар мен процестерді айтамыз.

Экономикалық өсу факторларына жататындар мыналар:

- шаруашылыққа тартылатын табиғи ресурстардың сапасын жақсарту;

- еңбек ресурстарының сапасы мен санын өсіру;

- негізгі капиталдың көлемі мен сапалық құрылымын жақсарту;

Экономикалық өсудің осы төрт факторларын ұсыныс факторларына жатқызуға болады. Себебі, олар өндірістің дамуына нақты мүмкіндік туғызады сондай–ақ, сапалы ресурстарға қол жеткізу негізінде нақты өнімді өндіруге жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл жерде мынаны ескеру қажет, ұсыныс факторлары бөлу және сұраныс факторларымен байланысты болады. Сұраныс факторлары өндірілген өнімдердің өтімділігінің өсуіне жағдай жасайтыны белгілі. Ол факторларға мемлекеттік, инвестициялық және тұтыну шығындарының өсуі, жаңа нарықты игеру негізінде экспортты ұлғайту жатады.

Экономикалық өсудің қарқыны жоғары немесе төмен болады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: қоғамға экономикалық өсудің қандай қарқыны қажет. Әрине, қоғамға экономикалық өсудің жоғары қарқыны дұрыс болады, себебі қоғам көп өнім өндіріп, алдында тұрған мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндіктер алады.

Тарихта экономикалық өсудің екі түрі белгілі: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің экстенсивті түрінде материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді өсіру, пайдаланатын өндіріс факторларының көлемін ұлғайту негізінде ққамтамасыз етіледі.

 Ал экономикалық өсудің интенсивті түрінде өндірістің өсуі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Мысалы, өндіріске жаңа технологияны енгізу, еңбек және өндірісті тиімді ұйымдастыру.

Сонымен экономикалық өсудің эктенсивті түрі өндіріс факторларын сан жағынан көбейтуді көдесе, ал интенсивті түрі оларды тиімді пайдалануды, техника мен технологияны жетілдіруді көздейді. Қазіргі кезде экономикалық өсудің түрін тауарлар мен қызмет көрсету көлемінің сандық немесе сапалық өсуі есебінен даму көлемі бойынша қай түріне жатқызылатыны белгіленеді.

Қазіргі экономикалық өсудің 70-75 пайызына өндірістің интенсивті факторы есебінен, ал 25–30 пайызына эктенсивті факторлар есебінен қол жеткізіледі. Тәжірибе жүзінде экономикалық өсудің екі түрін бір–бірінен бөліп қарау өте қиынға соғады.

Экономикалық өсудің модельдері кейсиандық макроэкономикалық тепе–теңдік теория және неоклассикалық өндіріс теория негізінде қалыптасты.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, Кейнстің шәкірттері тепе–теңдік динамикасының әр түрлі жағдайын түсіндіре алатын жаңа модельді жасауды міндет қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық модельдерінің өкілдері Р.Харрод (Ангия) және Е.Домар (АҚШ). Бұл модельдер екі алдыңғы шарттарға негізделген: 1) ұлттық табыстың өсі капитал қорлануының тек қызметі ретінде ғана болады, басқа факторларды капитал қайтарымының өсуіне ықпал ететін барлық факторлар (жұмысбастылықтың өсуі, ғылыми–техникалық прогрестің нәтижесін пайдалану, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру) шығарып тасталынады. Сондықтан Харрод және Домар модельдері – бұл бір факторлы модельдер, яғни капиталға деген сұраныс тек ұлттық табыстың өсу факторларының ара қатынастарымен байланысты емес, ол тек өндірістің техникалық жағдайларымен анықталады.

Е.Домардың моделі Р.Харродтың моделіне қарағанда инвестицияның екі жақты рөлін ескерумен ерекшеленеді. Ол жиынтық сұраныстың көлеміне әсер ететін маңыөды фактор ретінде табысты ғана емес өндірістің қуатын да өсіреді.

Демек, жиынтық ұсынысты ұлғайтады. Осы тәсіл негізінде Домар экономикалық өсу териясының негізгі міндетін табысты өсіретін инвестицияның көлемін анықтауды, яғни оның пікірінше өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде тауарлар ұсынысын жабатын сұраныс көлемін анықтау болды. Экономикалық өсудің қарқыны табыстар өсуімен өнім өсуі арасындағы тендікті қамтамасыз етеді, сондықтан экономикалық өсу процесінде жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдігіне қол жеткізу.

Экономикалық өсу проблемаларына неоклассиктер де айтарлықтай көңіл бөлген. Неоклассиктер экономикалық өсуді талдауда мыналарға сүйенеді: біріншіден, өнімнің құнын жасауға өндірістік факторлардың бәрі қатысады; екіншіден, өнімнің құнын жасауға әр өндіріс факторы өз үлесін қосады, үшіншіден, өндіретін өнім мен ресурстар арасында сан жағынан байланыстар бар, сондай–ақ, ресурстар арасында да байланыстар болады.

Неокейнсиандық бір факторлы моделге қарағанда неоклассиктердің моделі көп факторлы деп аталады.

Неоклассикалық моделіне дүние жүзіне әйгілі Кобба– Дуглас өндірістік қызметі моделін келтіруге болады.

Нарықтық экономиканың циклі дамуы.

Циклдік, ұдайы өндіріс процесінің бір қалыпты жұмыс істемеу көрінісі. Ғалымдардың пікірінше циклділік, қоғам мен табиғаттың қозғалысының жалпылама формасы болып табылады. Егер табиғаттың циклділігі бір қалыпты және заңды түрде болса, қоғамдағы циклділік көрінісі көп жағдайда қайшылық сипатта болады.

‘‘Экономикалық цикл’’ термині бірнеше жылдар бойы экономикалық белсенділіктің бірінен біріне ауысып отыратын тоқырау, жандану, өрлеу және дағдарыс деңгейлерін көрсетеді.

Осы мәселені зерттеушілерді екі ғылыми бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері циклдардың тұрақты қайталанып отыратынын мойындамаса және циклдер экономикалық жүйеге кездейсоқ жағдайлардың әсер ету нәтижесі деп қана есептесе, екіншілері циклді жалпы материалдық дүниенің және соның ішінде экономикалық дүниенің бастапқы негізгі ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, цикл үнемі және тұрақты қайталанып отырылатын құбылыс.

Дүние жүзі ғылымда циклділік идеясы дүниенің бастапқы негізгі ретінде сонау көне Қытай және Грекия уақыттарынан бастау алады. Бірақ, экономистер бұл мәселеге ХІХ ғасырдың басында көңіл аудара бастады. Дәл сол уақытта Сисмонди, Робертус, Мальтустің еңбектерінде экономикадағы дағдарыс және циклділік құбылыстарды зерттеулер көрініс тапты.

Осы зерттеулердің пайда болуына нарық жүйесіндегі 1825 жылғы бірінші экономикалық дағдарыс себеп болды. Сондай -ақ , экономикалық теория 1929–1933 ж.ж. дүние жүзілік экономикалық дағдарыспен байланысты макроэкономикалық процестерді зерттеуге және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы түбегейлі бет бұрыс жасады.

Үнемі қайталанып отырылатын экономикалық дағдарыстардың табиғатын және себептерін ең бірінші болып К.Маркс ашып берді. Экономикалық цикл және оның құрылымы:                    Экономикалық цикл

 

Нақты

ЖҰӨ

 

 

                                                                    Өсу

                                                                     тенденциясы

 

                            

                       I II III IY              Уақыт    

                                                                                                           

Өнеркәсіптік немесе экономикалық циклдер теориясын зерттеуде К.Маркс едәір үлес қосты. Оның әлсін-әлсін болып, қайталанып тұратын дағдарыстар туралы ілімі экономикалық циклділікті зерттеудің негізін құрайды. К.Маркс циклдің фазаларына анықтама берді және әр фазасына ғылыми талдау жасады. Бүгін сол анықтамаларды барлық экономикалық мектептердің өкілдері өздерінің зерттеулерінде кеңінен қолдануда.

Бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі кезеңді К.Маркс өнеркәсіп циклі деп атады. Ол төрт фазадан тұрады: дағдарыс (I), тоқырау (II), жандану (III), өрлеу (IY).

 Циклдің негізгі фазасы дағдарыс. Дағдарыс ұдайы өндірістегі маңызды қайшылықтарды шиеленістіреді. Дағдарыс экономиканың дамуына түрткі болады, бірақ бұндай даму түбінде жаңа дағдарыстың алғы шарттарын дайындайды.

Дағдарыстың негізгі белгілері:

 1. сұранысқа қарағанда тауарларға деген ұсыныстың өсуі салдарынан бағалардың күрт төмендеуі;

2. инвестицияның, өндіріс көлемінің төмендеуі;

3. шағын және орташа кәсіпорындарының жаппай банкрот болуы;

4. жалақының төмендеуі және жұмыссыздар санының өсуі;

5. қор биржасында акциялардың бағасының жаппай төмендеуі;

6. несие жүйесі дағдарысқа ұшырайды.

Дағдарыстан кейін экономикалық циклдің тоқырауы фазасы басталады. Тоқырау – ол өндірістің құлдырауы тоқтап, бірақ жандануы әлі басталмаған кезднгі циклдің сатысы. Сатылмаған тауарлар запасы бірте – бірте өткізіле басталады. Бағаның төмен құлдырауы тоқтайды. Ескі жабдықтарды жаңамен ауыстыру, машина жасау және ауыр индустрия салаларында, ал онан кейін тұтыну заттарын өндіретін салаларда жандануға алғы шарттар жасалына басталынады.

Циклдің үшінші және төртінші фазасы – жандану мен өрлеу. Жандану сатысында өндіріс бірте – бірте бұрынғы дәрежесіне жетеді, тауарлардың бағалары да, пайда да өсе бастайды, жұмыссыздық азаяды, сауда жанданып, жандану өрлеуге ауыса бастайды. Өлеу сатысында өндіріс өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Мұнда жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылады. Сауда тез өседі, тауарлардың бағалары артады, несие көлемі өседі және т.б. Дағдарыстар енді қайтып болмайтын ‘‘жаңа заман ’’ туған сияқты болып көрінеді. Бірақ нақ осы кезде экономиканың дағдарысы қайтадан болатындығы бірте–бірте байқала басталады.

Экономикалық циклдердің себептері

Өнеркәсіп циклдердің ұзақтылық себептері туралы экономикалық әдебиетте әр түрлі түсінік беріледі. К.Маркс және басқалары циклдің ұзақтылығын ғылыми – техникалық прогреспен байланыстырады. Ғылыми–техникалық прогрестің даму нәтижесінде негізгі капиталдың жаңаруы тездетіледі, ал ол өнеркәсіп циклінің кезеңін қысқартады. К.Маркс капиталистік ұдайы өндірістің циклділік себептерін капитализмннің ішкі табиғатында, яғни сол өндіріс әдісінің негізгі қайшылығы арқылы көрініс алады деп есептеді. Осы қайшылықтардың сыртқы формаларына К.Маркс мыналарды жатқызды:

 1. Тұтыну мен өндіріс арасындағы қайшылық. Нарықтық экономикада капитал (көптеген факторлардың ықпалымен бәсеке, жаңа технология, шығындары азайту және т.б.) шексіз ұлғайтуға ынталы болады. Сонымен қатар, тұтынуда өседі, ұлғаяды, бірақ оның өсуі өндірістің дамуынан объективті жағдайларға байланысты қалып кояды, нәтижесінде өндірілген өнімдердің бір бөлігі тұтынылмай қалады. Тауарларды артық өндіру процесі көрініс алады.

2. Жеке кәсіпорын деңгейінде өндірісті ұйымдастыру мен нарық жүйесіндегі реттелмейтін стихиялық процестер арасындағы қайшылықтар. Бұл қайшылықта өндірістің тез дамуы нәтижесінде бара-бара артық өндіру дағдарысын туғызады.

Циклділіктің ішкі және сыртқы себептерінің бұл синтезі циклдің мультипликациялық – акселерациондық механизмінен көрінеді.

Мультипликатор және акселератор модельдері теорияда жеке қарастырылғанымен, шынында олардың механизмдері бір-біріне байланысты әрекет етеді, атап айтқанда механизмнің біреуі қозғала бастаса, екіншісі де әрекет ете бастайды. Мысалы, егер, инвестицияға сұраныс өзегрсе, онда мультипликатор қозғала бастайды да, табыстарды өзгертеді. Сонымен қатар, табыстың өзгеруі акселератор принципін қозғалтады және күрделі қаржының көлемінің өзгеруіне себепкер болады. Күрделі қаржының өзгеруі қайтадан мультипликация механизмін іске қосады, ол табысты өзгертеді, табыстың өзгеруі жаңа күрделі қаржылардың пайда болуына әкеледі және т.б.

Цикл түрлері

Экономикада объективті сипатта болатын әр түрлі тербелістерді байқауға болады.

1. Капиталдың элементтерінің жаңару кезеңдері

2. Негізгі капиталдың жаңаруымен байланысты тербелістер

3. Құрылыстардың, ғимараттардың жаңаруымен байланысты тербелістер

4. Ауыл шаруашылық өндірісі және демографиялық процестермен байланысты тербелістер.

Осы келтірілген тербелістерге сәйкес циклдің келесі түрлерін атап көрсетуге болады.

- Кондратьев циклдері немесе ұзын толқынды циклдер, ұзақтығы 40-60 жыл. Олардың негізгі қозғаушы күші ретінде қоғамдық өндірістің технологиялық базасындағы терең өзгерістер, оның құрылымын қайта құру;

- Кузнец циклдері. Олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Қозғаушы күш өндірістің құрылымдық өзгеруі болып табылады. Көп жағдайда оны құрылыс циклдері деп атайды. Құрылыс циклдері, Кузнецтің пікірінше, өндірістік құрылыс және тұрғын үй жаңартумен байланысты.

- Джаглер циклдерінің ұзақтығы 7-11 жыл. Бұл циклдер көптеген ақша-несие факторларының өзара қатынастарының даму нәтижесі.

- Китчин циклдері, ұзақтығы 3-5 жыл, кәсіпорындағы тауарлар запастарының мөлшерінің әсерінен туады.

Акселерация екі жақты болады. Бір жағынан ол экономикадан тұрақсыздықты туғызады және экономиканың тұрақсыздығының нәтижесі болып табылады. Екінші жағынан, жандану және өрлеу фазаларында ақша қаражаттарын жұмсауды өсіреді, сондықтан циклдің дамуын жеделдетеді. Дағдарыс және тоқырау фазаларында ол экономиканың құлдырауын сипатын күшейтеді, себебі инвестицияның қысқаруын өндірістің кемуінен артық кетеді, Сондықтан, оның қаупі тереңдей түседі. Акселератор инвестицияның өндіріске немесе ұлттық табысқа қатысын, формула түрінде былай көрестуге болады:

 

мұндағы,

- акселератор

- инвестиция

- табыс немесе өнім

Т – тиісті жыл немесе уақыт

Өнеркәсіп циклдерінде Кондратьев циклдері ерекше орын алады. Кондратьевтің циклділік теориясы біз үшін аса маңызды.

Кондратьев келесі үлкен циклдерге тоқталған:

1-ші цикл-ХVIII ғ. 90-шы жылдарынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін;

2-ші цикл-ХІХ ғ. ортасынан бастап 1890-1896 ж.ж. дейін;

3-ші цикл-1896 жылдан 1940-1945 ж.ж. дейін;

4-ші цикл- ХХ ғ. 40 жылдарының соңынан 80 жылдардың соңына дейін

5-ші цикл-ХХ ғ. 90 жылдарымен ХХІ ғ 30 жылдар аралығын қамтиды. Оған дәлел ретінде Қазақстанның 2030 жылдарға арналған стратегиясын атауға болады.

Бірінші үлкен циклдің көтерілуін Кондратьев Англиядағы өнеркәсіп революциясымен, екіншісін – теміржол көлігінің дамуымен, үшіншісін – радио, телефон және электроэнергияның өндіріске енгізілумен, төртіншісін автокөлік шығаратын салалармен байланыстырады. Бесінші циклді қазіргі зерттеушілер жаңа инновациялық технологияның дамуымен байланыстырады.

Тақырып №12. Еңбек нарығы және жұмыссыздық. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Еңбек нарығы және тепе-теңдік проблемалары.

Нарықта жұмыс күші толыққанды тауар болу үшін, мына төмендегідей шарттар қажет:

1. Жұмыс күші иесінің жеке еркіндігі болу қажет, яғни ол өзінің жұмысқа деген қабілеттілігіне билік ете алуы қажет.

2. Жұмыс күші иесінде өндіріс құрал-жабдықтары болмауы керек.

3. Жұмыс күші иесінде өмірге қажетті игіліктер болмауы қажет, сол себептен ол өмір сүруге қажетті заттар үшін өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр болады.

    Қорыта айтқанда, жұмысшы өзінің жұмысқа деген қабілетін нарыққа сатуға мәжбүр болады. Бұл нарықты еңбек нарығы деп атайды.

     Еңбек нарығының басқа нарықтардан түбегейлі айырмашылығы бар. Себебі, басқа нарықтарға тауарлар мен қызмет көрсету тән болса, еңбек нарығында адамдар өздерінің мүдделерін және өмірлік мақсаттарын жүзеге асыра алады. Еңбек нарығы деп сұраныс пен ұсыныс арқылы жанама түрде жұмыс күші мен оны сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастарды айтамыз.       

жалақы мөлшері 

                   P

 

                                    d

 

 

                                                      d

                                                            

                                                                          Q 

                                       жұмысшылар саны                   

Еңбек нарығы жетілген бәсекемен сипатталады. Бұл нарыққа мынадай белгілер тән: жеке жұмысшы немесе жеке жұмыс беруші жалпы нарықтық жағдайға әсер ете алмайды, жалақының мөлшері жеке фирмаға немесе жұмысшыларға байланысты емес, ол нарықтың конъюнктурасына байланысты болады.

Бәсеке нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс қисығын төменгі (1-сурет) графиктен көруге болады. Графиктен көріп отырғанымыздай жалақы өскен сайын жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Жұмыс күшіне деген ұсыныс қисығы төмендегідей (2-сурет) көрініс алады.

                       P

                                                             

                                                                          S

 

Жалақы өскен сайын жұмыс күшінің ұсынысы өсіп отырады

Сұраныс қисығы ( DD) және ұсыныс қисықтарының (SS) қиылысқаны (Е) жалақының тепе-теңдік дәрежесін көрсетеді (Р). Жалақының осы деңгейінде (Р)

Нарықта барлығы жұмыспен қамтамасыз етілгендігін (Q), яғни жұмысшыға деген сұраныс оның ұсынысына тепе-теңдігін көрсетеді.(3-сурет)

                 P                   d                    s

 

 

                    P                       E

 

                        

 

                                                            

Егер жалақының мөлшері әр түрлі себептермен (кәсіподақтардың іс-әрекеті, үкімет шешімдері және т.б.) жалақының тепе-теңдік деңгейінен Р , Р  деңгейіне (4-сурет) дейін өсірілсе, онда еңбек нарығында жаңа нарықтық жағдай қалыптасады.    

                               

 

                      P

 

                                             D                                S

 

                         

                        P                  

 

 

          

                             Q   Q         Q        Q   

Мұндай жағдайда, фирма сұраныс қисығындағы А нүктесіне (4-сурет) сәйкес келетін жұмыс істеу тәртібін таңдайды, ал жқмысшылар ұсыныс қисығындағы В нүктесіне сәйкес келетін жұмыс күшін ұсынады.

Осы нарықтық сәйкессіздіктің нетижесінде ұсынылып отырған жұмыс күші саны (QB) оның сұранысынан (QA) АВ мөлшеріне артық болады, оның нетижесі жұмыссыздық болып табылады. 

Жұмыссыздық: мәні және түрлері.

  Еңбек нарығының нақты көрінісі жұмыссыздық болып табылады. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген ұсыныстың оның сұранысынан үнемі артық болуы жұмыссыздықты туғызады немесе объективті жағдайларға байланысты уақытша жұмысы жоқ және жалақы алмайтын, еңбекке деген қабілеті бар азаматтарды жұмыссыздардеп атайды.

Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін бөледі: фрикциондық, құрылымдық, циклдық.

1. Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздыты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен толық қамтамасыз етілген кезде де болады.

2. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшіне деген ұсыныстың сұранысына тура келмеуі негізінде орын алады. Мұндай жағдай өндірісте ғылыми-техникалық прогрестің нетижесін пайдалану негізінде болуы мүмкін. Жұмыс орнының жаңа қалыптасқан құрылымының жұмыс күші құрылымына сәйкес келмеуіне орай өндірістегі жұмысшылардың бір бөлігі жұмыстан ығыстырылады. Бұл процестің негізгі себебі – жұмыссыз қалған жұмысшылардың бұрынғы кәсіби мамандығы, тәжірибесі, біліктілігі жаңа технология жағдайына сәйкес келмеуі.

3. Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады. Сондай-ақ, циклдық жұмыссыздық тауарға деген сұраныстың төмендеуімен байланысты болады. Осы себептарге байланысты циклдық жұмыссыздықты кейбірде сұраныс тапшылығымен байланысты жұмыссыздық деп те атайды.

Маусымдық жұмыссыздық – экономиканың кейбір салаларындағы (ауыл шаруашылығы, тұрмыста және т.б.) жұмыс күшіне деген сұраныстың маусымды қозғалыстарымен байланысты болады.

Жарым-жартылай жұмыссыздық жұмыс уақытын жартылай істейтін жұмысшыларды қамтиды.

Бүркеме жұмыссыздық – формальды түрде жұмысы бар , бірақ нақты түрде артық жұмыс орнына ие болып отырған адамдарды қамтиды. 

Сонымен қатар, жалған немесе шынайы жұмыссыздық болуы мүмкін. Жоғарыда атап өткен жұмыссыздықтардың түрлерін шынайы жұмыссыздыққа жатқызуға болады. Яғни, шынайы жұмыссыздарға еңбек нарығындағы жағдайларға байланысты жұмысқа қабілеті бар адамдардың жұмыс таба алмауы жатады. Жалған жұмыссыздарға әр түрлі себептермен жұмыс істегісі келмейтіндер жатады.

Еңбек нарығын талдау үшін жұмыссыздықтың деңгейін мына төменгі формуламен есептейді:

 

Жұмыссыздық деңгейі =(жұмыссыздар саны / жұмыс күшінің саны)*100%

Жұмыссыздықты есептеу. Статистика бойынша жұмысы бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етілген деп есептесе, ал жұмыссыздарды – жұмыссыз немесе жұмыс іздеп жүргендер деп есептейді .

Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен артып кетсе, онда тауар шығындарына әкеп соғады. Соның нәтижесінде қоғам жалпы ішкі өнімді кем алады. Жұмыссыздықтың деңгейінің өсуімен байланысты тауардың нақты шығындарын американ экономисі Оукеннің тұжырымдаған заңы негізінде есептеуге болады. Оукеннің заңы бойынша, жұмыссыздықтың нақты леңгейі оның табиғи деңгейінен 1% артса , онда ЖІӨ-нің көлемі орта есеппен 2,5% төмендейді екен. Мысалы, жыл ішінде нақты ішкі өнім 1800 млрд. теңге болса, жұмыссыздықтың деңгейі 5%, оның табиғи деңгейі 3%, болса, онда ел экономикасы 90 млрд. теңгеге кем өнім алады екен (1800*5%/100). Толық жұмысбастылық жағдайында ЖІӨ - нің көлемі 1890 млрд. теңгеге тең болар еді.

Жұмыссыздықты әлеуметтік қорғау. Еңбек биржасы.               

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатында ерекше орын алады. Мемлекет жқмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелерін шешумен қатар, жұмыссыздарға әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Оларға жататындар:

1. Жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу. Бұндай жәрдем ақы әр мемлекетте бірдей болмайды. Жәрдем ақыны жұмыс бастылық қорына жарна төлеген, еңбек стажы бар және еңбек биржасында тіркелген адамдар алады.

2. Жұмыссыздарға ақшалай көмек көрсету. Бұл жұмысы жоқтарға көмек көрсетудің екінші түрі. Көмек көрсету кейбір елдерде тұрақты ставка түрінде болса, ал кейбір елдерде жәрдем ақы сияқты жалақының бір бөлігін құрайды. (ФРГ-56-58%). Ал, АҚШ, Жапонияда жұмыссыздарға мұндай көмек көрсетілмейді.

3. Қоғамдық транспортта жүру үшін жол ақысын төлеу, коммуналдық төлемдердің белгілі бір бөлігін төлеу үшін мемлекеттің жанұяға берілетін ақша қаражаты.

4. Жұмыссыздарға кәсіптік қайта даярлау және мамандықты көтеру кезінде төленетін стипендия.

Еңбек нарығын реттеуде еңбек биржасы маңызды орын алады. Еңбек биржасы дегеніміз жұмыс күшін сату-сатып алу туралы кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет атқаратын мекеме.

Еңбек биржасының негізгі қызметтері:

1. Жұмыссыздарды есепке алу жәнеоларды жұмысқа орналастыру туралы делдалдық қызмет көрсету;

2. Жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты зертеу және бос жұмыс орындары туралы мәлімет беру;

3. Жұмыссыздардың төлем ақыларының мөлшерін және төлейтін уақыттарын анықтау.

Қазіргі кезде еңбек биржасының қызметін мемлекеттік еңбек биржасы, сондай-ақ жекеменшік агенттіктер атқарады.

Халықты әлеуметтік қорғау.

Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы алдымен қоғамның әр мүшесінің алатын табыстарының деңгейіне байланысты болады. Табыстар деп адамдардың тиісті бір мезгілде табатын ақша – қаражатының сомасы айтылады.

    Бірақта, қоғамдағы табыстардың құрылу принциптері бір болғанымен табыстардың теңсіздік шарттары сақталады.

   Табыстардың теңсіздік дәрежесін анықтау үшін дүние жүзілік практикада Лоренц қисығы қолданылады. (5-сурет).

   

табыс, %

 

                                                                 E

                                                                     

                                                         D

                                                  

                                                  C

 

                                          B

 

                            A                   Q отбасы %

Көлденең сызығында халық санының пайызын, тік сызықта табыс пайызын белгілейік. Егер халықтың барлық топптарының табысы бірдей болса, онда халықтың 20%-на 20% табыс келеді. Онда ОЕ табыстың абсолюттік теңдігін көрсетеді.Ал үш бұрыш (OEQ) табыстың абсолютті теңсіздігін көрсетеді. Лоренц қисығы АВСДЕ ОЕ сызығынан алыстаған сайын қоғамдағы табыстардың дұрыс бөлінбейтінін көрсетеді.

Егер табыстардың шын мәнінде бөлінуі, Лоренц қисығымен анықталса, теңсіздік дәрежесі Джинни коэффициентімен есептелінеді. Джинни коэффициенті ОЕДСВА көлемінің бұрышының OEQ көлеміне қатынасы арқылы анықталады. Джинни коэффициенті неғұрлым үлкен болса, соғұрлым табысты бөлуде теңсіздік жоғары болады.

Мемлекеттің әлеуметтік қорғау механизміне жататындар мыналар: тиімді жұмысбастылық жүйесін қамтамасыз ету, күнкөріс минимумының нақты деңгейін ресми анықтау, тұтынушыларды қорғау, табыстардың орнын толтыру, бейімдеу және индекстеу. Сондай-ақ кедей адамдарға қоғамдық тұтыну қорынан әлеуметтік адрестік көмек көрсету. Әлеуметтік шаралар активті және пассивті болады. Әлеуметтік қорғаудың активті формасында жаңа жұмысорындарын ашуды, кадрларды даярлау және қайта даярлау жатады. Пассивті формасына жәрдем ақы және мемлекеттің беретін ақшалай қаржаларын жатқызуға болады.

   Әлеуметтік қорғаудың негізгі формасы табыстарды индекстеу болып татылады. Ол негізінен бюджет сферасында жұмыс істейтіндердің табыстарының орнын толтыруға бағытталған. Ол үшін тұтыну құндардың индексінен және тұтыну қоржынынан тұратын белгілі жиынтық тауарлар тарифы пайдаланылады. «Тұтыну қоржыны» рационалды және минималды деп бөлінеді. Егер халықтың табысы минималды «қоржынның» құнынан төмен болса, онда ондай адамдар кедейшілік өмір сүрушілер тобына жатқызылады.

Тұтыну қоржыны дегеніміз не? Бұл адамдардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызметтердің және басқа да игіліктердің жиынтығын білдіретін ұғым. Тұтыну қоржынының көлемін, құрылымын қалай анықтауға болады?

Дүние жүзілік практика көрсетіп отырғандай, бюджеттік мекемелерінің қызметкерлерінің табыстары екі индекс негізінде - өндіріс салаларындағы жалақының өсу индексі жәнетұтыну бағалары негізінде индекстелінеді.

Тұтыну қоржыны минималды тұтыну бюджетін есептеу үшін қолданылады.

Минималды тұтыну бюджет (күнкөріс минимумының мөлшері) жалақының ең аз мөлшерін анықтауға пайдаланылады. Күнкөріс минимумы жанұяның ең аз қажетті материалдық игіліктерінен құралады. Күнкөріс минимумының мөлшері халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын көрсеткіш.

Тақырып №13. Қаржы және қаржы жүйесі

Қаржы жүйесі және қаржы туралы жалпы түсініктеме.

Жалпы ұлттық өнімді өндіру, бөлу және пайдалану процесстерінде, ақша, тауар айналысынан оқшауланып, дербес қозғалыста болады. Соның негізінде, біріншіден, ақша айналысы және екіншіден мемлекеттің, халықтың, шаруашылық субъектілерінің ақша қорлары құрылады. Ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану туралы мемлекеттер арасындағы, мемлекетпен занды және жеке тұлғалар арасындағы пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесіп қаржы деп атайды

Қаржының мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді. Оларды іріленген төрт топқа бөлуге болады: бөлу, реттеу, бақылау, ынталандыру және фискалды.

Қаржының бөлу қызметі қоғамдық өндірістің әртүрлі сфералары арасында ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді бөлу және қайта бөлу процестерімен байланысты. Мемлекет салықтар арқылы өндіріс және әлеуметтік салаларды дамыту мақсатында кәсіпорындардең, фирмалар пайдаларының, азаматтардың табыстарының бір бөлігін бөледі және қайта бөледі.

Қаржының бақылау қызметі қоғамдық ондірістері макро-микроэкономикалық процестерді реттейтін маңызды құрал ретінде көрінеді.

Қаржының ынталандыру қызметі ғылыми-техникалық погрестің дамуын ынталаңдырады, сондай-ақ салық ставкаларын реттеу арқылы мемлекет кейбір өндірістерді және салаларды жедел дамуына жұмыс орындарының көбеюіне жағдай жасайды.

Қаржының фискалды қызметі салықтар арқылы кәсіпорындардың және азаматтардың табыстарының бір бөлігін мемлекет аппараты,елдің қорғанысы және өндіріс емес сфераларды қаржыландыру болып табылады.

Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Ол орталықтаған (мемлекеттік) және орталықтанбаған (мемлекеттік емес) қаржылардан құрылады.

Орталықтанған қаржылар – қаржы жүесінің басты бөлігі.Оған мемлекеттік бюджет жүйесі (мемлекеттік несие,мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру,мемлекеттік және жеке мүліктік сақтандыру) кіреді.

Орталықтанбаған қаржыларды шаруашылық субъектілердің және халықтың қаржылары құрайды.

Сонымен қатар өңдірістің салалы ерекшеліктеріне қарай қаржы жүйесі өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, білім, ғылым, денсаулық сақтау жане т.б. қаржыларына бөлінеді.

Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттік қаржы – мемлекеттің қызметін (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, әлеуметтік сфера және т.б.) қаржыландыруға арналған ақшалай қорлар жүйесі. Мемлекеттік қаржы және басқа қаржы ресурстарын жұмылдыру механизімін де қамтиды.

Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері әр түрлі болуы мүмкін. Қазіргі кезеңдегі кең таралған принциптердің бірі қазынылық (фискал-қазына) федерализм. Бұл принцип Қазақстан қаржы жүйесінде де қолданылады.Бұл принциптің мәні қаржы жүйесінің жеке буындарының арасындағы қызметтерді нақты бөлуді көздейді, яғни жергілікті бюджет өзінің кірісі және шығысымен мемлекеттік (республикалық) бюджетке кірмейді.Жергілікті орган өзінің бюджетінен қоғамдық тәртіпті сақтауды, мектептерді, емханаларды және т.б. мекемелерді қаржыландырады.

Мемлекеттік бюджет: мәні және құрылымы. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

Қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы маңызды рөл атқарады..Ол экономиканың жалпы жағдайын бейнелейтін барометр. Мемлекеттік қаржының көмегімен қоғам жалпы ұлттық өнімді бөлуді және қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізгі буыны – мемлекеттік бюджет болып табылады.

Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаража мемлекеттік аппаратты, қарулы күштері қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтері атқаруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекет, бюджет арқылы экономикалық процестері, шаруашылық конъюнктураға ықпал етуді, дағдарысқа шараларды жүзеге асырады. 

Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрлысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік кірісі мен шығысының жылдық жоспары болып табылады.

Кіріс жағында бюджетке түсетін қаржылардың негізгі көздері, шығыс жағында оларды пайдалану бағыттары көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджеттің кірісі қосымша құнға салынатын салықтар, акциздер, заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, бонустар, роялти, рента төлемдері, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін салықтар және т.б.

Мемлекеттік бюджет шығындарының басым көпшілігі өндірісті дамытуға, тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібіне, құрлысқа, сондай-ақ, мәдени, рухани-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Мемлекеттік бюджеттің шығындары мынадай бөлімдерден тұрады:мемлекетті басқару шығындары, әлеуметтік, экономикалық мақсаттардың шығындары, мемлекеттік шаруашылық жұмыстардың шығындары, сыртқы экономикалық шығындары және т.б.

Мемлекет мемлекеттік шығындарды экономика тепе-теңдікті орнықтыруға кеңінен қолданады. Мемлекет өз шығындарын көбейту негізінде, біріншіден, жиынтық сұранысты ұлғайта алады, екіншіден, өндірісті ынталандыра алады, үшіншіден, халық шаруашылығының кейбір салаларын (ғылымды, білімді, қоршаған ортаны қорғауды және т.б.) жедел дамуына тиісті жағдай жасай алады. Мемлекеттік бюджетті орындау барысында,оның шығындары толық өтелуі қажет. Бірақ та практика жүзінде көп жағдайда олай болмайды. Себебі, қазір мемлекеттердің көпшілігінде бюджеттің шығысы кірісінен артып кету орын алуда.Оның нәтижесі бюджет тапшылығы болып табылады.

Бюджеттік тапшылығының негізгі себептері қандай?

Бюджет тапшылығының негізгі себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

· экономикалық дағдарыс жағдайында табыстың төмендеуі және ұлттық табыстың өсуінің азаюы;

· мемлекеттің шығынғындардың өсуі;

· артық ақшаларды көп шығару;

· «көлеңкілі» экономика көлемінің өсуің;

· қорғанысқа кететін шығындардың өсуі;

· қаржыны заңсыз жұмсау;

· қаржы-экономикалық саясаттың тұрақсыздығы..

 Мемлекеттік бюджет тапшылығын негізінен мына төрт жолдармен шешуге болады:

1) бюджеттің шығынын азайту;

2) салықтарды өсіру негізінде бюджеттің кірісін көбейту;

3) ақша эмиссиясы – ең оңай, бірақ қауіпті жол. Бұл жағдайда тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақша массасын шығару, түбінде инфляцияға әкеліп соғады;

4) мемлекеттік займ (халықтан, кәсіпорындардан,шет ел мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан). Бірақ бұл шара бюджеттің тапшылығын кеміткенмен мемлекеттің қарызының өсуіне әкеліп соғады.

Бюджет тапшылығының артуы мемлекекттің қарыздарын өсіреді.

Сыртқы қарыз – мемлекеттің басқа елдердіңжеке азаматтарына,ұйымдарыны,өкіметтеріне қарызы. Ішкі мемлекеттік қарыз- мемлекеттің өз ішіндегі кәсіпорынға,ұйымдарға,жеке азаматтарына қарызы.Ішкі қарызға жеке және заңды тұлғалардың алдындағы үкіметтің қарыз міндеттемелері жатады. Қарыз міндеттемелері мынадай формада болуы мүмкін. Өкіметтің атынан шығарылған құнды қағаздарының басқа түрлері. Ішкі қарыз ұлттық экономикаға аса қауіпті емес.    

Салықтар. Салықтың қызметі. Лаффер қисығы.

Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, салық нарықтық экономиканың дамуының қажетті шарты. Себебі, әрбір мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалықтетік ретінде пайдаланады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, салықтардың маңыздылығы олардың мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі болып табылатындығында.

Салықтарға мемлекеттің заңдары негізінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті алымдар жатады.. Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын құрудағы заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін және экономиканың әртүрлі сфералары арасындағы қаржы ресурстарын қайта бөлуді білдіреді.

Реттеушілік – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді. Мемлекет салық женңлдіктері арқылы экономикалық өсу мен өңдіріске инвестицияны тартуды, шағын бизнесті және өңдірісті модернизациялауды (өңдірісті жаңа техника негізінде жаңартуды) қамтамасыз етеді. Сонымен, салықтың реттеушілік қызметінің ең басты мақсаты - өңдірістің дамуына ықпал ету.

Салықтың екінші қызметі – фискалдық-салықтық, бұл қызметі елдің экономикасын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарымен мемлекетті қамтамасыз етуінен көрінеді. Яғни, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының басты мақсаты – салық жүесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.          

Барлық салық түрлері мен оларды жинау әдісі салық жүйесі деп аталады.

Жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар және алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары және салықтарға қатысты актілер,реттеуші органдар мен салықтар қызметтерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Салық жүйесінің негізгі элементтеріне: салық стафкасы, салық базасы, салық жеңілдіктері жатады. Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір прінциптерге сәйкес қызмет етуі керек.Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Оларды кезінде А.Смит көрсеткен:

1. Салық әр салық төлеушінің табысына қарай алынуы керек.

2. Салық мөлшері мен төлеу уақыты алдын ала белгіленіп қойылуы керек.

3. Әр салық салық төлеушіге ыңғайлы тәсіл арқылы алынуы қажет.

4. Салық жинау шығындағы неғұрлым аз болғаны қажет.

2. Салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне негізделеді. Олар салықтарды алу және құруды ң нақты әдістерін белгілейді

Жанама салықтар тауарлардың бағасының құрамына кіреді және тауарлар сатылғанда тұтынушылардан алынады.Бұл жерде жанама салықтың екі позициясын акциз және баж салығын атап өтуге болады. Акциздер-ішкі нарықта сатылатын тауарларға салық. Сонымен қатар, акциздер, біріншіден, жеке тауарлардың бағаларына қосылатын қосылымдар (мысалы, темекі өнімдері, ішімдіктерге), екіншіден, универсалды акциздер-сатылатын тауарлардың жалпы құнына салынатын салықтар(мысалы, сатудан түсетін салық қосылған құнға салық және т.б).

Баж салығы-мемлекеттік шекарадан өтетін тауарлардан,яғни транзиттік тауарлар мен импорттық тауарлардан алынатын салықтар.

Мемлекет салық механизмі арқылы экономикалық өсуді ынталандыра алады. Экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың басты шараларына, мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейган әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің теориясы алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. (Лаффер қисығы деп аталады) Лаффердің ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық стафкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды,ғылыми-техникалық прогресті тежейді ,экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

А.Лаффердің қисығы 1-суретте көрсетілген. Ордината осінде салық стафкалары (R), абсциссада бюджетке түсімдер (Y) көрсетілген. Салық стафкасы өскенде мемлекет табысы ұлғаяды.

                          R

               100%

 

 

                          R   

 

                     O                            Y               Y

 

                         1-сурет. Лаффер қисығы.

Салық стафкасының қолайлы мөлшерін R  белгілесек, ал салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетеді, 100 %-дық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені, ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда, салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. 

Нарық қатынастары қанат жайған кезде кәсіпкерлер мен үкіметтің, басқа да қоғамдық ұйымдардың,жеке адамдардың өзара экономикалық қатынастары қатаң түрде салық пен төлем арқылы реттеліп отырылуы қажет. Ол меншіктің көп түрлілігімен де тығыз байланысты. Үкімет қаржысын толықтырудың басты жолы-салық жүйесі. Айталық, 1989 ж. бұрынғы КСРО-ның табысы құрамындағы тікелей және жанама салықтың үлесі 70 %астам болса, Францияда ол 45,6 %, Норвегияда-47,8 %, ал Швецияда-50,6 %.

Кәсіпкерлерді тауарларды көп өндіруге ынталандырудың бір жолы салықтың дұрыс қойылуында жатыр. Сондықтан,салық жүйесінің осы бастан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету өте маңызды проблема.

Тақырып №14. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат.

Инфляция мәні және себептері.

Инфляция - қазіргі нарықтық-экономикалық жүйенің дамуының ерекшелігін сипаттайтын экономикалық құбылыс болып табылады.

Инфляцияның әдеттегі жалпы анықтамасы-тауар айналысының қажеттілігінен ақша массасының артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануы және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақ та инфляцияның бұл анықтамасын толық деп есептеуге болмайды. Себебі өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап инфляцияны көп факторлы процес ретінде қарастыра бастады. Қазіргі кезде инфляцияның теориясын экономистердің көпшілігі ақша теориясы негізінде емес, баға теориясы арқылы, яғни бағаға әсер ететін факторлар негізінде түсіндіріледі.Мұндай тұрғыдан қарастыру сұраныс инфляциясының және ұсыныс инфляциясының концепцияларының негізін құрайды.

Демек, инфляцияның дәлірек анықтамасы- ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арақатынасының бұзылуын көрсететін процесс.Ол нарықтағы жеке бір тауардың емес, елдегі тауардың барлық бағаларының жалпы деңгейінің өскенін көрсетеді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың бағалары қайта төмендеуі мүмкін, оны дефляция деп атайды, ал кейбір бағалар тұрақты болуы мүмкін. Сонымен, инфляцияны күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс және қарама-қайшы процесс ретінде қарастыра отырып, екі жағдайды ескеру қажет: біріншіден, алтын ақшаға қарағанда, құнсыздануға тек қағаз ақшалар ғана ұшырайды.Екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей, инфляция елдегі бағалардың деңгейінің жалпы өскенінен байқалады, ал жеке тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы құн заңымен реттеліп отырады.

Инфляция ақша нарығында туады, сондықтан оның негізгі себептерін ақша айналысындағы келеңсіз өзгерістерден (деформация) байқауға болады. Олар мыналар:

1. Мемлекеттің экономикаға араласуы және мемлекеттік сектордың өсуі. Бұның барлығы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсуіне, яғни мемлекеттік шығындардың кірісінен асып түсуіне соғады. Егер, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы айналысқа қосымша қағаз ақша шығару арқылы немесе Орталық банкінің несиесі есебінен қаржыландырылса, онда айналыстағы ақша массасы (көлемі) өседі. Осындай ұқсас құбылыстар ұлттық табысты тиімсіз (мысалы әскери шығындар) пайдалану негізінде пайда болуы мүмкін. Әскери шығындар тауармен қамтамасыз етілмеген қосымша сұранысты туғызады, оның нәтижесінде айналыстағы ақша массасы өседі;

2. Инфляциялық процестердің дамуына монополиялар иен кәсіподақтар да ықпал етеді. Кез келген монополист немесе олигополист тапшылықты тудыруға ынталы болады.(тауарларға деген ұсынысты және өндірісті кеміту нәтижесінде) . Бұл жағдайда олар бағаларды жоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік алады.Кәсіподақтар да осындай ұқсас жағдайларда әрекет етеді. Олар өз мүшелерінің тіршілік деңгейін қолдау қажеттілігіне сүйену арқылы жалақыны өсіруді талап етеді. Сондықтан, монополиялар мен кәсіподақтар бағалардың және жалақының өсуіне ықпал етеді;

3. Дүниежүзілік экономиканың ғаламдық сипатының күшеюі жағдайында инфляцияның дүниежүзілік сауда бойынша арнасының ауысуы ұлғаяды. Мысалы, кейбір тауарлардың дүниежүзілік бағаларының өсуі, елге импорттайтын тауарлардың бағаларын өсіреді. Мұндай инфляцияға қарсы қолданатын шаралар шектеулі болады;

4. Қағаз ақшаның айналысқа жөнсіз шығарылуы және ақша массасына тиісті бақылаудың болмауы. Бұндай жағдайда нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасы пайда болады. Нәтижесінде, нарықтағы барлық тауарлардың бағалары өсу негізінде экономикада біртіндеп инфляция процестері дами бастады;

5. Инфляция «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Экономистердің көпшілігінің пікірлерінше, өндірушілер мен халықтың инфляцияны күту себептерін жою мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті. Себебі, бағаның үнемі өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық ертең тағы да өсу мүмкіндігін ескере отырып, тауарларды көптеп алады. Сонымен қатар, өндірушілер алдағы уақытта шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектерінің бағаларының өсу мүмкіндігін ескере отырып, өз өнімдеріне жоғары баға белгілейді.

Сөйтіп, инфляцияны күту жағдайында жиынтық сұраныстың тез өсуі және жиынтық ұсыныстың баяу дамуы бағалардың жалпы өсуіне әкеліп соғады.

Инфляция процесі барлық елдерге тән құбылыс, бірақ оны қоздыратын факторлардың түрлері жеке елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты болады.

Жоғарыдағы атап өткен инфляцияның себептері сұраныс пен ұсыныстың арақатынасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Нәтижесінде осы диспропорциялардың әсеріненең алдымен сұраныс жағынан тепе-теңдік бұзылады. Бұл жағдайда сұраныс инфляциясы пайда болады, яғни халықтың шаруашылық субъектілердің ақшалай табыстары тауар ұсынысына қарағанда тез өседі. Сұраныс жағынан сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, барлық ресурстардың толық қамтылуы жағдайында өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі нәтижесінде болуы мүмкін. Егер қоғам барлық ресурстарын өндірісте толық пайдаланатын болса, онда өндірушілер артық төлей алатын сұранысқа бірдей (адекватный) жауап бере алмайды. Осының бәрі ақырында бағалардың өсуіне әкеледі.

Ұсыныс инфляциясы немесе сұраныс инфляциясы жағдайында бағалардың жалпы өсуі өндіріс шығындарының өсу нәтижесінде болады, яғни жалақының өсуі, шикізат, отын, энергия бағаларының өсу салдарынан кәсіпорындардың шығындары өседі. Өндірілген өнімдердің шығындары өскен сайын кәсіпорындардың қызметтер тауарларды өндіруді өсіру үшін қажетті пайдасы кемиді. Нәтижесінде тауарлар ұсынысы азаяды, соның салдарынан бағалар жалпы өсе бастайды. Практика жүзінде сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясын бір-бірімен ажырату қиынға соғады. Мысалы, жалақының өсуін, сұраныс инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясына жатқызуға болады.               

Инфляция деңгейі және негізгі түрлері.

 Инфляция бағаның өсу динамикасын айқындайтын баға индексі арқылы өлшенеді. Дүние жүзілік практикада олардың келесі түрлері пайдаланылады: көтерме сауда баға индексі, бөлшек сауда баға индексі, баға индекстері- ЖҰӨ дефляторы, экспорттық және импорттық баға индексі және басқалары.

Көтерме сауда баға индексі- тауардың үш тобынан- түпкі (конечные) тауарлардан, аралық(промежуточные) тауарлардан және өңдеу үшін дайындалған шикізаттардан құрылады. Ол құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарының сату бағаларының орташа деңгейінің өзгеруін көрсетеді.

Тұтыну (бөлшек сауда) бағалар индексі- тұтыну қоржынына кіретін қызметтер мен тауарлар үшін есептелінеді:

 

Тұтыну бағалар = ағымдағы бағалар бойынша тұтыну қоржыны индексі/ базалық жылдың бағалары бойынша тұтыну қоржыны х 100%

ЖҰӨ дефляторы түпкі өнімнің маңызды компоненттерінің нарық бағаларының өзгеруін сипаттайтын индекстер тобы болып табылады.

ЖҰӨ дефляторы = белгілі бір жылдың ағымды бағалар бойынша өндіріс көлемі индексі/ базалық жылдың бағалары бойынша белгілі бір жылдағы өндіріс көлемі.

     Инфляция қарқыны= белгілі бір жылдың ағымды бағаларының / белгілі бір жылдың базистік бағаларына қатынасын X 100% көбейту арқылы табылады.

Р1 X Q

Тұтынушылардың баға индексі= ----------- X 100%;

Р X Q

мұндағы,Р1 - белгілі бір жылдың ағымды бағалары,

             Q - белгілі бір жылдың базистік кезеңдегі өндіріс көлемі,

              Р - белгілі бір жылдың базистік бағалары.

 Баға индексі инфляцияның түрлерін анықтайтын үш белгілердің (критерий) біріншісі болып табылады. Екінші белгісі- тауарлардың әр түрлі топтарының өзгеру дәрежесін көрсетеді, үшінші белгісі- күткен және күтпеген инфляция.

Инфляция бірінші белгісі бойынша үш түрге бөлінеді: қалыпты (умеренная) инфляция ( бағаның өсуі 10% аспайды, ақша құны өзгермейді.); жоғары қарқынды (галлопирующая) инфляция ( бағаның өсуі 20-200% дейін жетеді, контрактар, келісімдер жасалғанда бағаның мұндай өсу қарқыны есепке алынады); шексіз инфляция (гипериннфляция) ( бағалар өте жоғарғы қарқынмен өседі, айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді).

Бағалардың өсуінің тепе-теңдік (сбалансированность) дәрежесі бойынша инфляция балансталған (тепе-теңдік) болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі; балансталмаған (тепе-теңдік емес) инфляция жағдайында тауарлардың бағалары әр түрлі пропорцияда өзгеріп отырады.

Инфляцияның үшінші белгісі бойынша – күткен және күтпеген инфляцияны айтуға болады. Күткен инфляцияны алдын-ала анықтауға және алдын-ала шаралар қолдануға болады. Күтпеген инфляция стихиялы түрде пайда болады, алдын-ала болжау мүмкін емес, баға кенеттен өседі, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді.

Инфляция ашық түрде болу мүмкін, яғни тауарлардың бағалары әр түрлі факторлар әсерінен өсіп, ең жоғарғы деңгейге жетуі мүмкін. Басыңқы (подавленная) инфляция кезеңінде бағалардың өзгеруі байқалмайды. Бұл инфляция қызметтер мен тауарлар тапшылығы арқылы көрінеді. Инфляция бұл түрі жабық экономикаға тән құбылыс.

Бағалардың өсуі және артық ақшалардың пайда болуы- бұл инфляция сырт көрінісі, оның түпкі себептері экономикадағы тепе-теңдіктің бұзылуында.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.

  Инфляцияның салдары күрделі және көп түрлі болып келеді.

Біріншіден, инфляция ұлттық табысты және ұлттық байлықты қоғамның әр түрлі топтары арасында қайта бөлуге әкеп соғады.Қаржылар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылығынан) мемлекеттің пайдасына қайта бөлінеді. Инфляцияның бір факторы ретінде, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы салықтар арқылы өтелінеді. Салықтарды табысы барлардың барлығы төлейді . Инфляциялық салық нақты табыстардың құнының төмендегенін көрсетеді. Табыстардың мемлекеттің пайдасына қайта бөлінуінің тағы бір каналы ол мемлекеттің ақша шығарудағы монополиялық хұқығы. Қосымша шығарылған ақшалар мен оларды шығаруға кеткен шығындар арасындағы айырманы сеньоряж деп атайды. Ол мемлекеттің қосымша шығарған ақшаға ала алатын нақты ресурстар санына тең болады.

Инфляция жағдайында тұрақты (фиксированные) табыстары бар адамдардың жағдайы нашарлай түседі. Нарықта монополиялық жағдайдағы сатушылар нақты табыстарын өсіре алады.

Күтпеген инфляция жағдайында қарыз берушілер ұтылады., ал қарыз алушылар ұтады. Бұл жағдайда банктер шығындарын азайту мақсатында қарыз процентінің мөлшерін өсіреді. Нәтижесінде, өндіріске жұмсалатын инвестицияның көлемі азаяды. Бұндай жағдай ұзақ мерзімге созылатын болса, онда нақты ЖҰӨ көлемі азаяды, ал инфляция өседі.

Халықтың тұрмыс жағдайына салық салудың прогрессивті жүйесі әсер етеді. Бұл салық салу жүйесі бойынша индексация есебінен ақшалары өскен адамдар салық төлеушілер тобының басқа тобына өтеді.Мысалы, 10 мың теңге айлық жалақысы бар салық төлеуші 10500 теңге табыс тобынан, жалақысы индексациялау негізінде 1000 теңгеге өссе, онда ол салық төлеушілердің басқа тобына ауысады, айталық, 12500 теңге табысы барлар тобына. Демек, адамдар салық төлеушілердің бір тобынан екінші тобына өту барысында жалақыларының көбейген мөлшерін мемлекетке беріп отырады.

Екіншіден, инфляция табыстарды бай адамдардың пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік туғызады. Бюджет тапшылығын өтеу мақсатында өкімет мемлекеттік құнды қағаздар шығарады. Осы құнды қағаздар бойынша процент бюджеттің кірісі есебінен төленеді, ал бюджеттің кірісі адамдардың барлық топтары төлейтін салықтардан құрылады. Нәтижесінде, салықтар арқылы табыстар адамдардың бір тобынан екінші тобына қайта бөлінеді, яғни халықтың бір бөлігі екінші бөлігі есебінен байиды.

Үшіншіден,  инфляцияның өсуі және бағалардың өзгеруі фирмалардың жоспарлауын (әсіресе, ұзақ мерзімді) қиындатады. Нәтижесінде, бизнесті жүргізуде белгісіздік, тәуелділікке бару (риск) өседі. Осының нәтижесінде процент ставкасы өседі. Инвестициялар тек қысқа мерзімді қамтиды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі азаяды. Болашақта бұндай жағдай халықтың әл-ауқатын және жұмысбастылықтың төмендеуіне әкеліп соғады.

Төртіншіден,  экономикада бағаның қарқынды өсуі ұлттық тауарлардың басқа елдердің тауарларымен салыстырғанда бәсекелестігі төмендейді.Нәтижесінде, импорт өседі, ал экспорт төмендейді, жұмыссыздық өседі және тауар өндірушілердің жағдайлары қиындай түседі.

Бесіншіден,  шетел валютасына сұраныс ұлғаяды.

Шетелге капитал көптеп кете бастайды, валюта нарығында спекуляция (алып сатарлық) көбейеді.Нәтижесінде баға тез өсе бастайды.

Алтыншыдан,  инфляция өндіріске де әсер етеді.Жасырын инфляция жағдайында мемлекет өнімдерді әр түрлі теңгермешілік бөлу варианттарын қолдануға мәжбүр болады, ол біздің елдегі тәжірибе көрсеткендей жоғары тиімді еңбекке деген ынталылықты төмендетеді.

  Сонымен, инфляциялық процесс адам өмірінің барлық жағын қамтитын құбылыс. Сондықтан инфляциямен күрес комплексті түрде жүргізілуі қажет.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.   Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптарына шалдыққан елдердің үкіметтерінің инфляцияға қарсы саясат жүргізу негізгі міндеттері болып табылады.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының екі тәсілін айтуға болады. Бірінші тәсіл (кейнсиандық бағыт) бюджеттік саясатқа бағытталған, яғни салықтар мен мемлекеттік шығыстарды реттеу негізінде төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал етуді көздейді.

Артық сұраныс кезінде үкімет салықтарды өсірумен қатар шығындарын шектейді. Нәтижесінде сұраныс азаяды, инфляция қарқыны төмендейді. Мұндай саясат тек қысқа мерзім ішінде ғана тиісті нәтиже береді. Себебі, ақырында экономикаға инвестиция жұмсау, жоғары қарқынды еңбекке деген ынталылық, экономиканың дамуы баяулай бастайды және мемлекеттік бюджетке салықтардың түсімі азаяды. Екінші жағынан төлеу қабілеті бар сұраныс жеткіліксіз болғандықтан мемлекет салықтарды төмендетеді және шығындарын өсіреді. Мысалы, пайдадан алынатын салық ставкасын төмендету жағдайынды инвестициялық процесс жандан бастайды, яғни капитал жұмсау өседі, ол жұмысбастылық пен өндірістің өсуіне жағдай жасайды,сондай-ақ табыстардың салық салу бөлігін өсіреді.Түбінде бұның бәрі бюджеттің тапшылығын азайтуына әкеледі.Төлеу қабілеті бар сұраныстың өсуіне табыс салығының ставкасының төмендеуіне әсер етеді. Оның төмендеуі де салық төлеушілердің табыстарын өсіреді,олар бара-бара ел экономикасының дамуына жұмсалады.

Екінші тәсілдің авторлары неоклассиктер экономикадағы инфляциялық құбылыстарды ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрін Орталық банк жүзеге асырады. Орталық банк үкіметтен дербес, тәуелсіз ақша-несие саясат жүргізу арқылы қарыз процентінің ставкасы мен айналыстағы ақшалардың санын өзгерту арқылы экономикаға ықпал етеді.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының тағы бір маңызды міндеті- экономикаға әсер ететін сыртқы факторларға қарсы шаралар қолдану. Олар сыртқы экономикалық факторлардың әсер етуін бәсеңдету, валюта курсын тұрақтандыру және төлем балансын теңестіретін әр түрлі шараларды қолдану арқылы мүмкін болады.

Сонымен бірге, ұлттық валютаның курсының өсуі, шетелдерден келетін қызмет пен тауарлардың бағалары төмендетеді, нәтижесінде экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Экспорт керісінше қымбаттайды. Бұл экспорттың бәсекелестік қабілетін төмендетеді, сауда және төлем балансын қиындатады.

Қорыта айтқанда, қазіргі нарық экономикасындағы инфляцияны мүлдем жоюға болмайды, себебі инфляция нарық экономикасының ішкі құрылысына тән тұрақты құбылыс. Сондықтан, мемлекеттердің көпшілігі инфляция қарқынын жәй, орташа жүргізуді мақсат етіп қояды.

Тақырып № 15. Экономикалық дамудың халықаралық аспектісі.

Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және   халықаралық еңбек бөлінісі.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізі шаруашылық өмірді интернационализациялау болып табылады.

 Интернационализация деп мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы жиынтық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы өндірістік- экономикалық байланыстардың қалыптасу және даму процесін айтамыз. Осы байланыстардың тереңдеуінің арқасында жеке ұлттық шарушылықтар елден тыс шығып дүние жүзілік шаруашылықтың бір бөлігіне айналды. Сонымен қатар, интернационализациялау объективті процес ретінде дүние жүзілік кооперация мен мамандандырудың дамуынан, интеграциялық процестердің тереңдеуінен және ұлғаюынан, ғылыми- техникалық зерттеулердің дамуынан, өндіргіш күштердің халықараллық миграциясынан, дүние жүзілік инфрақұрылымының дамуынан және т.б. көрініс алады.

Интернационализация алғашында табиғи-климаттық жағдайлар әсер ететін материалдық өндіріс әсіресе, ауылшаруашылық өндірісі салаларында және шикізат ресурстарын өндірумен байланысты экономиканың кейбіс сфераларында пайда болды. Атап айтқанда, табиғи жағдайлар мемлекеттердің кейбір өнімдердің түрлерін өндіру мүмкіндіктерін шектейді. Осындай жағдай, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарамастан осы күнге дейін сақталуда. Сондықтан, қазір көптеген елдердің шикізат және азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етулері өскенімен, қажетті азық-түлік өнімдерінің бір бөлігін басқа елдерден алып отыр.

   Интернационализациялау процесі өнеркәсіптік революция дәуірінде жаңа белгілерге ие болды және салалық еңбек бөлінісінде 19-ғасырда төңкеріс жасады. Нәтижесінде, жеке өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған процестер кеңінен дамыды. Сонымен бірге, шет елдерде жасалған бөлшектер негізінде құрастыратын өндірісті даму кеңінен орын алды.

Қазіргі кезеңдегі өндірісті интернационализация процестерінің күшеюі ғылыми- техникалық революцияның өрістеуі себебінен болып отыр. Соның салдарынан халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеу тенденциясының күшеюі байқалуда. Осы процесінің негізгі қозғаушы факторлар ретінде мыналарды айтуға болады:

-ұлттық табиғи ресурстардың тапшылығы;

-прогрессивті технологияны игерумен байланысты ғылыми-техникалық прогресс;

-дүниежүзілік нарықтың инфрақұрылымының дамуы.

Сонымен қатар, жеке елдердің даму деңгейін бір қалыпты өсуіне мүмкіндік туғызатын интернационализациялау  процесінің жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты.

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.

Халықаралық еңбек бөлінісі ел ішіндегі және еларалық еңбек бөлінісінің қорытындысы.

Мемлекеттер арасындағы қызмет көрсету мен тауарларды айырбастау барысында халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтары жүзеге асырылады. Осының негізінде кез-келген елдерге, шет елге шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсетудің ұлттық және интернационалдық құндарының айырымын алуларына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ішкі шығындарды үнемдеу мақсатында арзан импорт есебінен кейбір қызметтер мен тауарларды ұлттық экономикада өндіруден бас тартуды көздйді. Бұл міндеттер салыстырмалы артықшылық принципіне негізделеді. Артықшылық екі түрге, абсолютті және салыстырмалы бөлінеді. Абсолюттік артықшылық географиялық, тарихи жағдайларға қарай елдің қарамағындағы ерекше табиғи-климаттық, шикізат және еңбек ресурстар жиынтығы. Мысалы, Грузияның Қазақстанға қарағанда лимон өндіруде абсолютті артықшылығы бар, сондықтан Қазақстанда лимонды өзі өндіргенше Грузиядан сатып алғаны тиімді болады. Егер бидайды өндіру туралы әңгіме болса, онда аталған мемлекеттердің орны ауысады, енді абсолютті артықшылық Қазақстанда болады. Абсолютті артықшылықтары бар елдерге, мысалы, өнеркәсіп өнімдерін шет елдерге шығаратын дамыған мемлекеттер, жеміс жидектерді өндіретін ыстық жақтардағы елдерді жатқызуға болады.

Салыстырмалы артықшылық әр түрлі елдердегі біртекті өнімдердің балама құндарын салыстырмалы принципіне негізделген артықшылық.

Салыстырмалы артықшылық теориясы еңбек құн теориясы негізінде құрылғанын атап айтуға болады. Қазіргі жағдйда салыстырмалы артықшылық балама шығындар арқылы анықталады, яғни бір тауарды өндіруге кеткен шығындар екінші тауардың шығындары арқылы анықталады.

Салыстырмалы артықшылық принципін өндірістің мүмкіншілік қисық сызық арқылы көрсетуге болады. Айталық, Қазақстан тек екі тауарды: мұнай және мақта өндіреді, ресурстардың барлығы осы екі тауарды өндіруге бағытталады және сыртқы сауда жоқ деп болжайтын болсақ, онда өндіріс жағдайы келесідей болады:

Егер бір тауардың өндіру мөлшері бір тоннаға өссе, ол басқа тауардың өндіру мөлшерін бір тоннаға кемітеді. Бұл жағдайда 1 тонна мұнайдың және 1 тонна мақтаның альтернативті шығындары бірдей болады. Мысалығ айталық Қазақстан барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, мұнайдың көлемін 50 млн. Тоннаға немесе мақтаны 50 мың тоннаға дейін жеткізе алады деп болжасақ, онда бұл процесс график түрінде төмендегідей көрініс алады:

 

 

     Мақта,

     мың тонна               

                 100

 

                   80-

                                    

                   60-

 

                   40-

 

                                                                                                 Мұнай,

                    0        20    40    60   80         млн. тонна

 

Графиктегі АВ-сызығы бұл Қазақстанның өндірістік мүмкіншілігін көрсетеді. Осы сызық бойынша мұнай мен мақтаның ара қатынасын анықтауға болады, ол сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленеді. Қазақстан басқа елдерден оқшауланған жағдайда осы екі тауарды өндіруге мәжбүр болады. Яғни, республика 20 млн. тонна мұнай және 20 мың тонна мақта өндіре алады.

Егер сыртқы сауданы ескеретін болсақ, жағдай мүлдем өзгереді. Онда соңғы жылдары республиканың оңтүстік аймақтарында судың тапшы болуына байланысты Қазақстанға мақтаны өндірудің орнына басқа елдерден сатып алғаны тиімді болады. Біздің мысалымызда республика 50 млн. Тонна мұнай өндіре алады немесе мұнайға айырбас ретінде 100 мың тонна мақта сатып алады.

Демек, Қазақстан барлық ресурстарын мұнайды өндіруге жұмылдыру арқылы, өндірістік мүмкіншілік сызығына сәйкес оны мақтаға айырбастай алады. Мысалы, Қазақстан Д нүктесіне сәйкес 25 млн. тонна мұнайды өндіре алады және экспортқа шыға алады, сондай–ақ 50 мың тонна мақтаны импорттай алады. Яғни, Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудан қосымша 5 млн. тонна мақта ала алады екен.

Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.

Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі экономикалық қатынастар белгілі нышандарда іске асады. Олардың қатарына:

-қызмет көрсету мен тауарлардың халықаралық саудасы;

-шетел инвестициялары;

-жұмыс күшінің халықаралық миграциясы жатады.

Енді осы экономикалық қатынастардың нышандарын қарастырайық.

Халықаралық сауда деп мемлекеттер мен ұлттық шаруашылықтардың арасындағы тауар мен қызмае көрсету өзара айырбасталуын айтамыз.

Дүниежүзілік сауданың субъектісі жеке тұлғалар, акционерлік, кооперативтік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұлттық өнім айырбасының тауар-ақша қатынасы саласы ретінде халықаралық тауар мен қызмет көрсету нарығы, жұмыс күші, капитал, техника және ғылым жетістіктері, т.б. нарықтарына бөлінеді. Әлемдік сауданы аймақтық ерекшеліктеріне байланысты жіктеуге болады. Мысалы, азиялық, европалық және т.б.

Қызмет көрсетулер мен тауарлардың шетелге шығарылуы  экспорт деп,қызмет көрсетулер мен тауарлар шетелден алып келсеимпорт деп аталады.

Шет елден келетін тауарлар(импорт) мен шет елге кететін (экспорт) тауарлар сомасы мемлекеттің сыртқы саудадағы тауар айналысын құрайды.

Импорт пен экспорт айырмашылығы сыртқы сауда сальдосы деп аталады. Бұл сальдо активті деп есептеледі. Егер де экспорт импорттан асып кетсе, ал тауарлар сырттан көп әкелінсе пассивті деп есептеледі. Сыртқы сауда сальдосы пассивті болған жағдайда, мемлекет басқа елдерге алтынмен немесе валютамен төлеуі керек, немесе ол тауар мен тұтыну заттары түрінде өтелуі керек. Сыртқа сауда айналысының активті сальдосы экспорттың импорттан жоғары болғанын байқатады. Осыған байланысты, экспорт құнының ішкі өнім құнына қатынасын экспорттық квота деп атайды, Экономиканың басқа елдермен қарым-қатынасы дәрежесін сол мемлекеттегі әр адамның басына шаққандағы экспорт көлемі көрсетеді.

Батыстың дамыған елдері ғылыми жетістіктері тауарларын экспортқа шығарушы, ал дамушы мемлекеттер оларды импорттаушы ретінде болуда. Осымен қатар, дүниежүзілік саудадағы қазіргі заманғы өндіріс заттарының негізгі бөлігіі дамыған мемлекеттердің өзара саудасынан тұрады. Оларға дүниежүзілік сауданың 70% тиесілі болса, дамушы елдер еншісіне дүниежүзілік тауар айналымының небәрі 20% тиіп отыр.

 Шетел инвестициясы және капитал қозғалысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылығы тек халықаралық саудада ғана көрінбейді, сонымен қатар экономикалық қатынастардың капиталды сыртқа шығару, оның иесіне өз капиталын шетелде орналастыру арқылы түсім әкелетін нышандарында да көрінеді. Экономикалық қатынастардың бұл нысаны капитал иесіне шетелге тауарды шығару тек бір ғана түсім беретін кірістен гөрі бірнеше есе артық кіріс алуына мүмкіндік береді.

   Бұған байланысты бірнеше себептер бар. Олар:

- капиталдың шығарылатын шикізат пен жұмыс күші арзан болғандықтан;

- капитал экспортқа шығарылған елде саяси ахуалдың тұрақтылығы немесе ыңғайлы инвестициялық климат болуы;

- белгілі бір салда капиталдың шамадан тыс жиналып қалуы, экономикасының басқа салаларына қосымша капиталдарды тарту қажеттілігі.

Капитал негізгі екі нысанда сыртқа шығарылады: іскерлік және қарыз нысанында. Іскерлік капитал, өз кезегінде, сыртқа тікелей түрінде немесе портфельдік инвестиция түрінде шығарылады.

Тікелей инвестициялар - жаңа кәсіпорындар салу немесе қызмет істеп жатқан компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін капиталды сыртқа шығару нысаны.

Алайда, түрлі болжамдарға қарағанда, кәсіпорындарғы иелік ету үшін акцияның 10-нан 15 пайызына дейін иемдену қажет.

Басқа елдерге жаңа кәсіпорындарды ашудың немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін сатып алудың мәні неде? Біріншіден, дамыған елдер үшін дамушы елдерде кәсіпорындар салуға жұмыс күшінің арзандығына байланысты. Мысалы, дүниежүзіне әйгілі белгілермен шығарылатын атақты фирмалардың киім- кешектерінің көпшілігі Пакістан, Малайзия, Гонконг т.б. секілді дамушы елдерде өндіріледі. Екіншіден, тікелей инвестициялардың өзі басқа елдердің нарығына кіруге мүмкіндік береді. Мысалы, американдықтар немесе ағылшындар сатып алған шетел автомобильдері немесе телевизорлары Жапонияда емес, сол сатылған жерде шығарылады. Бұл тек көліктік шығындарды кемітуді ғана емес, сонымен қатар, импорт тауарларына қойылған протекционистік шектеулерден өтуге жағдай туғызады. Және де, бұндай кәсіпорындарда жергілікті жұмысшылар жұмыс істейді, бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге көмектеседі.

Біздің республикамызда тікелей инвестициялардың басқа нысаны қолданылады- ол тек акцияның бақылау пакетін ғана емес, сонымен бірге бүкіл кәсіпорынды сатып алады. Сонымен қатар, мемлекет бюджетке тұрақты табыс алу, республикада жұмыссыздық мәселесін және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Тікелей шетел инвестициясы арқылы ұлтаралық корпорация (негізінен ағылшын және американ) өз капиталдарын дамушы елдерде орналастырса, кейінгі жылдары олардың капиталдары дамыған елдерде жұмсалады. Бұл немен байланысты? Бұл мемлекеттерде дамушы елдерге қарағанда экспорттың капитал көмегімен дайындалған өнім заттарына (платежеспособный) сұраныстың анағұрлым жоғары болуы, жұмысшылар біліктілігінің жоғары деңгейі мен саяси жағдайдың тұрақтылығына байланысты.

 Шетел инвестициялары мемлекетке пайда әкелумен қатар кейбір қиыншылықтарды да туғызады. Мысалы, шет ел капиталының араласуымен салынған немесе шетелдіктер сатып алған кәсіпорындар ішкі нарық үшін емес, басқа елдерге өнім өндіреді. Сонымен бірге, бұндай кәсіпорындар шикізат пен жартылай фабрикаттарды жергілікті өндірушілерден сатып алмайды, олар шет елдерден әкеледі. Алайда осы өндіріс заттарын өз республикамызда өндіруге де болады. Бұл – мұнай-газ секторы үшін құрал жабдықтар, құрылыс заттары және т.б. Мысалы, республиканың өз құрылыс материалдары басқа елдерден жеткізіледі (мысалы Түркия).Тікелей инвестициялар тиімсіз бола қалған жағдайда, капитал иелері портфельдік инвестиция қолданады.

Портфельдік инвестициялар – бұл шетелдік құнды қағаздарға салынған кәсіпорындарға үстінен бвқылау құқығын бермейтін капитал.

Портфельдік инвестицияның ерекше нысаны акцияның бақылау пакеті ұлттық мемлекеттің немесе жергілікті жекеменшік фирмалардың өзінде қалады, немесе шет ел капиталы қатысқан бірлескен кәсіпорындар құрылады. Бірлескен кәсіпорындарға қатынасушы шет ел инвестициялары алдыңғы қатарлы технология, өнеркәсіпті ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы әдістерін әкеледі және өндіріс заттарын өткізу ісінде өз қызмет көрсетуі мен өздерінің сауда маркаларын алып келеді. Оның төлемі ретінде кірістен өз еншілерін алады. Оны шетелге шығарады немесе инвестиция үшін жергілікті жерде пайдаланылады. Ескере кететін жайт, тікелей инвестициялар секілді, портфельджік инвестициялардың да 90 пайызы дамыған елдер арасында іске асырылады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы позициясы тұтастығында жұмысшы күшінің тұрақтылық дәрежесінің өсуін ілгерішіл процесс деп бағалау қажет.

Сыртқы экономикалық реттеудің механизмі. Протекционизм және фритредерство.

Сыртқы экономикалық саясаттың тарихта екі түрі қалыптасқан: протекционизм және фритредерство (еркін сауда).

Протекционизм- бұл ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты.

Капиталдың алғашқы қорлану дәуірінен бастап және кейінгі кезеңдерде дамыған мемлекеттің көпшілігі экономиканы қайта құру кезінде өз экономикаларын шетелдік бәсекеден қорғау үшін протекционистік әдістердіі кеңінен қолданған.

Қазіргі жағдайда, сыртқы экономикалық саясаттың бұл формасын ұлттық экономикаларын қорғау мақсатында дамушы елдер пайдалануға тырысуда. Себебі, дамыған мемлекеттер дамушы елдерге өз өнеркәсіп өнімдерін әкеліп, олардан арзан бағамен минералды- шикізат ресурстарын алуда. Протекционистік саясаттың негізгі бағыттарына баж салықтары және тарифтік емес кедергілер жатады. Баж салығы- әкелінетін тауарларға төленетін (импорттық ) міндетті төлемдер. Ол импорттық , экспорттық және транзиттік түрлерге бөлінеді. Олардың ішінен кең тарағаны импорттық баж салығы. Баж салығының бұл түрі табыс алу немесе ұлттық экономиканы қорғау мақсатында енгізіледі.

Экспорттық баж салығы көп жағдайда- мемлекеттің табысын өсіру үшін пайдаланылады. Олар бағаны өсіреді және дүниежүзілік нарықта бәсекені қиындатады, сондықтан баж салығының бұл түрі дүние жүзілік практикада сирек пайдаланылады.

Протекционистік практикада импорттық үлес (импортная квота) пайдаланылады. Олардың көмегімен бір мезгіл ішінде импортталатын тауарлардың максималды көлемі белгіленеді. Ұлттық экономиканы қорғауда импорттың үлесі баж салығына қарағанда тиімді болады. Мысалы кейбір өнімдерді импорттауды шектеу мақсатында белгіленген шектен артық импорттауға тиым салатын импорттық үлес (квота) белгіленеді.

Протекционистік саясатта тарифтік емес кедергілер кеңінен қолданылады. Оларға лицензиялау (шет елден тауар әкелуге мемлекет орындары беретін рұқсат) әдісі жатады.

Кейбір мемлекеттер елге шетелден тауар әкелушілерден лицензия алуды талап етеді. Лицензия беруді шектеу арқылы импортқа шек қоюға болады. Кейбір жағдайда лицензиялауды баж салығымен үйлестіру арқылы мемлекет қосымша табыс ала алады.  

Дүниежүзілік экономикада протекционистік саясатпен қатар фритредерство (еркін сауда) саясаты қолданылады. Еркін сауда саясаты мемлекеттің сыртқы саудаға араласпау саясатына негізделеді. Еркін сауда саясаты әр түрлі баж салықтарын, квоталарды және басқа шектеулерді алып тастау немесе төмендетуге негізделеді. Бұл саясатты қолдаушылардың пікірінше, фритредерство салыстырмалы артықшылық теориясын практикада толық жүзеге асырады, дүниежүзілік шаруашылықта ресурстардың тиімді бөлінуіне мүмкіндік туады, ел ішіндегі өндірушілер арасындағы бәсеке тиімді дамиды. Бірақ, еркін сауданың осы артықшылықтарына қарамастан фритредерство практикада сирек қолданылады.

Халықаралық валюталық жүйесі және валюта бағамы.

    Төлем және сауда балансы.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты тауар- ақша айналысы ұлттық шеңберден шығып, халықаралық саудаға қызмет ете бастайды. Бұл жағдайда кейбір мемлекеттердің ұлттық валюталары дүние жүзілік ақша рөлін атқаратын болды.

Қазіргі дүниежүзілік экономика үшін, халықаралық айырбастың ұлғаюы тән. Осы өзгерістер негізінде валюта қатынастарының рөлі де күшейе түсуде.

Валюта қатынастары бөлу мен айырбас саласында қолдагылады. Бірақ валюта қатынастары біршама дербестікке ие бола отырып төлем баланстары, валюталық курстар, несие және есеп айырысу операциялары арқылы дүниежүзілік экономиканың жай-күйіне, қоғамдық ұдайы өндірістің барысына, жекелеген елдердің экономикалық дамуының бағытына, қарқынына және пропорциясына, солардың халықаралық экономикалық қатынастарына сан қырлы әсер етеді.

Халықаралық валюта қатынастарын ұлттық және халықаралық валюта жүйелеріне бөлуге болады.    Ұлттық валюта жүйесі елдің валюта қатынастарын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ұлттық валюта жүйесі- ақша жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның ерекшеліктерін ел экономикасы дамуының жағдайларымен және дәрежесімен, сондай-ақ оның сыртқы экономикалық байланыстарымен айқындауға болады.

Ұлттық валюта жүйесі келесі элементтерден тұрады:

- елдің ұлттық валютасы;

- алтын-валюта резерві;

- валюта курсының тәртібі;

- валютаның айналымдылығының шарттары;

- валюталық шектеулердің болуы немесе жоқтығы және т.б.

Халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттық валюта жүйесі дамуының нәтижесінде біртіндеп халықаралық валюта жүйесі құрылды.

Халықаралық валюта жүйесі -дүние жүзілік шаруашылықтың дамуына байланысты халықаралық дамуына байланысты халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы.

  Халықаралық валюта жүйесінің дамуы 3 кезеңді қамтиды.

Халықаралық валюта жүйесінің негізін елдің ұлттық валютасы құрайды. Валютадегеніміз - халықаралық сыртқы экономикалық байланыстарды және ұлттық нарықтың дамуын қамтамасыз ететін бір елдің ақшасы (доллар, теңге, рубль). Олар толық айналымды немесе жартылай айналымды, немесе айналымды емес болуы мүмкін.

Халықаралық валюта ретінде пайдаланылатын елдің ұлттық ақшасының бағасы  валюта бағамы арқылы көрініс табады.

Валюта бағамы - ол бір елдің ақшасының бағасы екінші елдің ақшасынан көрінуі. Валюта бағамына сәйкес валюталарды сату- сатып алу операциялары жасалады. Валюта бағамы валюта биржаларында белгіленеді, оны валютаның бағасын белгілеу (котировка) деп атайды. Валютаның котировкасы валюта жүйесімен байланысты, сонымен қатар ол елдердегі экономикалық процестердің өзгерістерімен де байланысты болады.

Валюта бағамына көптеген себептер әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамының өзгеруі нарықтың субъектілеріне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, ұлттық валютаның бағамы төмендеуі импорттық тауарлардың қымбаттауына әкеліп соғады. Ұлттық валюта қымбаттаған жағдайда экспорттық тауарлардың бағалары өседі, нәтижесінде өндіріс қысқарады. Бірақ, валюта бағамының өсуі кейбір өндірушілерге ( импорттық шикізат, материал, құрал-жабдықтарға негізделген өндіріс) тиімді болады. Импорттық тауарлардың арзандауы өндіріс шығындарын азайтады, кәсіпорынның жағдайы жақсарады.       

Капиталды сыртқа шығаруды және импортқа тікелей бақылауды жүзеге асырады, бағаны төмендету мақсатымен артық ақша массасының бір бөлігін айналымнан әдейі алып тастау саясатын жүргізеді. Валюта бағамын реттеу үшін, мысалы, Қазақстанның ұлттық банкі бүгінде ұлттық валютаны нығайтуғы қызығушылық білдіріп отырған жоқ, ұлттық валюта бағамын көтерсе, экспорт төмендейді және импорт артады, нәтижесінде республиканың экономикалық дамуының бәсеңдеуіне әкеліп соғады.

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 5702; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!