А – в лапу без остатка; б – «в обло»

Конспекты лекций

 

9. АҒАШ ШЕБІ ЖӘНЕ БАЛТАШЫ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Ағаш - құрылыс алаңына құрылыс материалы болып жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтеді: ағашты әзірлеу, ағашты кесу, ағашты өңдеуден өткізеді. Ағашты әзірлеу – бұл бірінші оны құлату, бұтақтарын шауып, бөлшектеу. Ағашты кесу - келген дөңгелек ағаштарды арамен әр түрлі өлшемде кесіп және оны кептіруі. Ағашты өңдеу - ағаш материалынан құрылысқа қажетті ағаш өнімдерін әзірлейді.

Ағашты пайдаланатын құрылыстағы барлық жұмыстар ағаш шеберханасы және ағаш ұсталық жұмыстары болып екіге бөлінеді. Ағаш ұсталық жұмыстарына: бөрене, діңгек, ағаштарды өңдеу, шабу арқылы қажетті элементтерін жинау, бұрандама мен шегелер, іргетас элементтерін әзірлеп және оны орнықтыру, ағаш қабырғаларды кесу, жабынды төсеу, арқалық жабындысын орнату; итарқасын орнату, төбе жабу, іргетас шегенін бекіту (опалубкасын), тақтай едендерді,сылақ астында қалатын аралық қалқа, төсеме тақтай, құрылыс ағаштары жатады. Ағаш шебері жұмыстары ұсақ жұмыстармен айналысады. Бұл паркет төсеу, таза аралық қалқа, есік, терезе орналастыру, жиһаз жинау.

 

 

9. 1. Ағаш негізді құрылыс материалдары.

 

Маңызды құрылыс ағаштарына жататындар: жұмыр ағаш материалдары, ағаш өнімдер, үйеңкі өнімдері мен құрылымдары, ағашжоңқалары, ағашты-цементті, ағашталшықты плиталар, арболит, фибролит, ксилолит және т.б.

Жұмыр ағаш материалдары- ағаш қабыршағы мен бұтақтарынан тазаланған, әртүрлі тұқымды және өлшемдегі ағаштың діңгек кесіндісі. Толығымен жұмыр ағаш материалдары құрылыста қабырға тұрғызу жұмыстарында пайдаланады және тіреу ретінде,

электр сымдарын ұстайтын бағана жұмысын, жол, көпір жұмыстарында төсеніш ретінде, құрылыс алаңын қоршауда т.б. қолдады.

Жұмыр ағаштардың арасынан іріктелініп алынған, табиғи құрылымын сақтап қалған ағаштар, ағаш өнімдер, шабылған ағаш материалдары (бөшке шегелеуге арнаған), аршылғн кілтек (шпон) тагы басқалары өңделген материалға жатады.

    Кесілген материалдар– бұл бөренені бөлшектегенде алынатын өнім, стандартқа сай сапасы мен өлшемді, тұтас күйінде де, өңделіп әзірлеген күйінде де қолдануға болатын ағаш өнімдері мен бөлшектері.

     Кесінді материалдардың ұзыны мен енін жалпақ жағын - қабаты, қыртысы (плат) деп атайды. Ұзын жіңішке жағын – жиегі, ал перпендикуляр жағы – бүйіржағы аталынады. Қыртыс сызығының кесіндісін- қабырғасы деп аталады. Бөрененің жоғарғы бөлшегін, кесілген материалдың қалдығын –обзол деп аталады.

    Тұқымына қарай кесілген материалдар басты екі группаға бөлінеді: жапырақты және қылқан жапырақты (хвойные) . Көлденең кесілген көлеміне қарай қырлы бөренлер, қырлы ағаштар, тақтайлар деп атайды.

    Қырлы бөренелер – қалыңдығы мен ені 100м дейін одан да үлкен кесілген материал. Кесілген қабаттарының санына қарай екі-, үш-, төрткантты қырлы бөренелерге бөлінеді.

    Қырлы ағаш -кесілген ағаштардың көлемі 100м дейін және ені қос қалыңдықтан кем емес ағаш.

    Тақтайлар –кесілген материалдың қалыңдығы 100м дейін ені қос қалыңдықтан кем емес.

Кесілген материалдар – кесілген және кесілмегенболуы мумкін. Кесілген ағаштардың қыртысы мен жиектері ұзыны бойына кесілінеді, ал кесілмеген материалдың қыртыс жағы кесіледі де, ал жиек жақтары кесілмейді, кесілмеген бөлшектердің үлкендігі  

кесілген ағаштардың өлшеміне қарағанда үлкен бола береді.

Ағаш кесінділерін кескен кезде қосымша ағаш өнімдері шығады оны – кесінді, шет тақтай (обапол) деуге болады. Шет тақтай – бөренені кескен кезде жанында қалатын кесінді, бір жағы кесілген ал екінші жағы кесілмеген немесе алалап кесілінген.

Кесілген ағаштардан құрылысқа қажетті көптеген түрлі бұйымдар мен бөлшектер: шпал, шашка (темір жол, көпір құрылысына қолданады), қабырғатылай әзірленген бұйымдар (тақтайлар, қырлы ағаштар, еденге арналған қырлы ағаштар, тығын ағаштары, еденкемерлер, галтелдер, жақтаулар, желімденген ағаш бөлшектері, ағаш жаңқа плиталары, ағаш талшықты плиталар, жұқа қабатты тақтайлар т.б.)

 

9.2.Ағаш элементтерін байланыстыру амалдары.

 

       Ағаш элементтерін байланыстырудың келесі амалдарын айыруға болады: топтастыру (жалпақ көлем беру үшін жанындағы қырларын қосу), тұтастыру ( көлденең орналасқан бөлшекке ұзындық элементтерін біріктіру),  ұзарту (тігінен орналасқан бөлшекке элементтерді қосып ұзарту).

Тақтайларды топтастыру тығыздалынып, қырлы (45градуста кесіледі) орындалады. Бұл амалдарды орындаған кезде, тақтай кепкеннен соң оның аралары ашылып, саңылау қалады. Кейбір құрылымдарда саңылау қалдыруды қажет етпейді, және қалдыруға болмайды да. Ондай кездерде топтастыру тәсілі арқылы жүзеге асады.

Бұл әдістің орындалуы қарапайым, бірақ материалды үнемдей алмайсыз. Материалды үнемдеумен бірге оны тығыз байланыстыру үшін топтастыру мен тығындау тәсілін пайдалануға болады.

Тығындап байланыстыру қырқаның көмегімен тақтайдың бір жақ ойылған қабырғасына келесісін ою арқылы және осы ойық арқылы өтетін жіңішке тақтайша арқылы іске асады.

Әрине, бұл әдісті қолдану үшін, қолда дайын, механикалық өңдеуден өткен тақтайлар болған жағдайда іске асады.

 

9.2 - сурет. Ағаш элементтерін балқыту:

а – нығыздап; б – пышақпен; в – жапсарлай; г – вразбежку;

д – төртке бөліп; е – шпунт; ж – екі жақты саңылау;

з – бөренелер мен тақтайлардың бірігуі; 1 – нагель (шкант); 2– саңылауларды кесу

 

Бөренелер мен қырлы ағаштармен топтастыру тәсілі ағаш қабырғаларды шабу жұмыстарында қолданылады. Топтастырмастан бұрын борланған шнурдың көмегімен белгілеп алынады (егер құрылыста қолмен шабатын болса). Ал зауытта кесу тәсілі арнайы кесетін станоктың көмегімен жүргізіледі, станокпен цилиндр кесіп, бөрененің биіктігі мен қырлы ағашты нагелиямен қосады.(9.1.з.сурет)

Бұрышын бөрене мен қабырғадың ойып шабу арқылы жүзеге асырылады.(9.3.сурет).

Бөрене, қырлы ағаш немесе тақтайларды ұзыны бойына қосу (көлденеңіне) жоғарыда айтқандай тұтастыру деп аталады. Бұл тәсілді құрылымның ұзындығы қолда бар құрылыс материалдарынан ұзын болған жағдайда қолданылады.Тұтастыру тәсілін пайдалану құрылымның түріне және салмағына байланысты, қолданылатын элементтер бір-біріне жақын,қабырғаты ағаштан, бір не екі жақты накладкалармен, темір қапсырмамен, сым орамамен және т.б. жүзеге асады.

 

 

    

 

Сурет 9.3. Бөренелердің кесілген бұрыштарын жалғау:

а – в лапу без остатка; б – «в обло»

Тұтастыру - көлденең бағытта бөрене және қырлы тақтайларды ұзынына жалғастыру (9.4.сурет). Көбіне жалғастырудың қарапайым түрі- тікесінен қабыстырып қосу, ағаштан тиек жасау арқылы жүзеге асады немесе бөрененің жоғары жағы жылжымас үшін темір тиектерді пайдаланады. Қабырғатылай тік жапсырманы бүйіржағымен түгелдей қосып, қосымша бұратпамен немесе темір тиек арқылы бекітіп, орындауға да болады.

 

 

Сурет 9.4. Ағаш элементтерді ұзарту:

а – вполдерева со скошенными торцами;

Б – в прямой притык с шипом

9.3. Ағаш құрылымдарды дайындау және құрастыру.

 

Ағаш өңдеу үшін әртүрлі құрал- саймандар мен жабдықтарды қолданады. Ағаш өңдейтін мекемелерде ағаш пішу станогы, қырлы ағаштар, қалқандар, тақта материалдары, қиюластырғыш (фуговальный), сызба сүргі (рейсмусовый), сүргілеуга арналған төрт жақты станок, жылтыр да білікті сүргілеу үшін фрезерлі станокты, бұрғылауыштар, тесуге оюға арналған қашауыш станоктарын, тікенек кесетін станоктарды және т. б. пайдаланады.

Қол жұмыстарында мынандай құрал-саймандарды пайдаланады: ара, балта,сүргі,қашау, айқыш қашау, бұдыр қашау және электрленген құралдар: шынжырлы немесе дисклі аралар, электр сүргілер, электр бұрғылар, электр қашауыштар, бұрғыға арналған саптамалар және белгілейтін, өлшейтін, тексеретін құралдар: жиналмалы метр, өлшеуіш, белгілейтін циркуль, бұрыштық, уровень, отвес, рейсмус (сызба сүргі).

Ағаш құрылыс құрылымдарын, негізі арнайыланған ағаш өңдеушілер немесе үй тұрғызатын мекемелер әзірлейді. Құрылыс алаңына шығыр (блок) немесе жабынды қалқаны, аралық қалқан, ферм,терезе мен есік шығырлары құрастыруға әзір күйінде келеді.

Ағаш құрылымдарды құрастыруға түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы: жеке бөлшектер, бөлшектелінген немесе дайын құрылым күйінде.

Көбірек жетілдірілген құрастыру дайын терезе мен есік шығырлары, аралық секциялар, жиналған жақтаулар, ферм. Бұл тәсілмен жұмыс жасағанда құрылым құрастырарда жобада белгіленіп, құрылым уақытын азайтып және де арзанға түсуге септігін тигізеді.

Бірнеше элементтен құралған бөлектенген шығырлар (блок) құрастырғанда бір толық бекіткіш болатын тәсілді қолданған тиімді.

Мысалы төбе жабындысына пайдаланатын ірі элементтерді 9.5. суреттен көруге болады. Дайын құрылымды көтеріп, құрастыру крандарымен жинау, құрылымның жиналуын тездетеді.

 

 

Сурет 9.5. Төбені ірілендірілген элементтермен жинақтау:

1 – тіректі қалқандар, 2– тор подкостар, 3 – уақытша бекітулер, 4 – мауэрлат,

 5 – итарқа қалқандары, 6 – үшбұрышты ферма,

7 – тор қалқандары, 8 – шардақ бойынша жүруге арналған төсем

 

Зауыттан шығарылған ағаш үйлерді құрастыру толассыз әдісімен жетілдіріленеді.

       Көлденең қаттылығы жеткіліксіз ағаш құрылымдар, алдын ала уақытша белдемемен күшйтіледі, қаптамамен, тіреуішпен күшейтіледі. Белдемемен күшейтілінген жері майысып кетуден қорғайды.

 

 

9.3.1. Ағаш үйлердің қабырғасын құрастыру.

Ағаш бөренелі үйлерді, дайындалған және салыстыра тексерілген іргетастың үстіне жинайды. Іргетастың үстіне құрастымас бұрын көлденеңінен гидрооқшаулық 2-3 қабат қарақағазды мастикамен желімделінеді немесе басқа орамалы гидрооқшаушы материалды  қолданады. Іргетастың үстіне антисептик сіңдірілген 50мм құрғақ ағаш төселінеді.Кесуге арналған бөренелерді мүмкіндік бойынша жас болмаған жөн.Бөренелер бір қатар салынып, келесі қатар түйінделіп жан-жағына салынады. Бөрене бір-бірімен көлденеңінен нагелиямен бекітеді. Әрбір қатар салынған бөренелердің тігі мен көлденең тегіс болуын,бұрыштар мен қабырғадың тегіс болуын үнемі қадағалап отыру керек. Әрбір қатардың арасын нығыздағышпен толтырады - мүк, қалдық-талшық ,зығыр мақта. Кесіндінің биіктігін көтергенде, оның 3% отыратынын ескеру керек. Ағаш өнімдерін орнықтырып, еден арқалықтарын құрып ал төбе жабындысын отырғаннан кейін құрастыру керек.

Есік, терезе ойықтарының да биіктігін орнықтырғанда оның да отыратынын естен шығармау қажет. Бөренелер толық отырғаннан кейін, оның араларын тығындау жұмыстарын, ағаш қалақшалардың көмегіне жүргіземіз.

Қырлы ағаштан тұрғызылатын үйдің қабырғасын құрастыру.

Қырлы ағаштан салынатын қабырғадың қырлы ағаштары іргетастың үстіне 2-3 қабат қарақағазды мастикамен желімдеп орнатады. Қырлы ағаштың төменгі қатарларын антисептикпен залалсыздандыру керек. Қырлы ағаштарды қисайтпай,міндетті түрде тегістеп, көлденеңінен салу керек. Қырлы ағаштардың арасына салқыннан қорғау үшін жылытқыш қабатын салады. Қырлы ағашың жоғарғы жағын нагелиямен біріктіреді. Қырлы ағаштан  қабырға жинаған кезде тік болуын тексеріп, қадағалауды естен шығармау керек.

Ағаш қаңқалы үйдің қабырғасының құрастырылуы. Қаңқалы үйдің қабырғасы жақтаулардан тұрады, 50х80 және 50х100мм қырлы кесінділерден жиналып, шегеленеді. Іргетастың үстіне тегістелініп көлденеңіне гидроизоляция  салынады. Оның үстіне алдын-ала залалсыздандырып, жертөленің төменгі бекіткішін бекітеді. Қабырғады дәйекті (последовательно) түрде жиналынады. Алдымен ұзына бойлы жақтауды орналастырамыз. Берік болуы үшін, тақтайлармен бекітеміз, сонсоң бүйіржақ қабырғадың жақтауын орналастырамыз.

Жақтауларды мұқият өлшеуіштермен тегістегеннен соң, тігінен өлшейтін өлшеуішпен өлшеп жертөленің бекіткішіне шегелейміз. Сосын қаңқаның сыртқы жағына қатты қалың қағазбен не болмаса қатты ағашталшықты плитамен қапталынады да, не болмаса сиректелінген қаптама шегелеп тегістей сылақталынады. Ішкі жағынан сиректелінген қаптамамен қаптап, оған кептірілген гипсті сылағын бекітеді. Ішкі және сыртқы қаптамалардың арасын орнату кезінде минералдымақтамен толықтырылып отырады.

Қалқанды үйдің қабырғасын құрастыру. Қалқанды үйлердің қабырғасын жылы қалыпқа келген қалқаннан жинайды. Қалқанның сыртқы жағын сүргіленген қаптамамен, ал ішін қатты ағашталшықты плитамен немесе құрғақ гипсты сылақпен қаптайды.

Іргетастың үстіне гидроизоляция орналастырған соң, минералды үзік(войлок) қабатын төсеп, оның үстіне- 50х80мм қырлы ағашпен жертөле бекіткішіне бекітіп, шегеленіледі. Қабырғады дайын қалқандармен құрастырады. Алдымен бұрыштарына екі қалқанды тік бұрыштап орналастырып, тігінен тегістігін тексеріп, уақытша қиғаштап қойылған тірекпен тіреп қояды. Қелесі бұрышқа жеткенге дейін келесі қалқанды орналастырады т.с. Қалқандар толығымен жиналғанда, алдын-ала сызып алған кескінге сай орнығуы тиіс. Қалқанды құрастырған кезде олардың аралары тығыз болуын қадағалаған жөн.

9.3.2. Ағаш бұйымдардың тас ғимараттарда қолданылуы.

 Ғимарат тұрғызған кезде ағаш бұйымдар контейнермен жиынтықталынып келеді. Бұйымдардың жыйынтығы ғимараттың жоспарымен анықталынады. Контейнерге тиелген жүктің салмағы құрастыру кранының жүк көтеру салмағына сай болуы тиіс. Осы бағытпен есік пен терезе шығырлары, кіріктірме шкафтар, антресольдар, терезе асты тақтайлары да жеткізіледі.    

Бір рет боялған бұйымдар жиынтық құралдарымен және жинақталатын материалдар жалпақталынған дайын шығыр түрінде жеткізіледі.

Терезе мен есік шығырлары нұсқада көрсетілгендей қабырғады көтерген уақытта немесе дайын ойықпен (проем) орналастырылады.

Терезе шығырларын орналастырған кезде немесе уақытша бекіткен кезде негізгі тегістеу әдісі, шығырды ортасынан белдіктеу, оның төменгі қабаттардың шығыр белдіктерімен тұспа-тұс келуін, шығырдың қабырғадың сыртқы жағына артық шықпауын тексеру, шығырдың тігінен тегіс болуын, шығырдың қөлденең тегіс жатуын тексеріп орналастыру қажет.

       Шығырдың жан-жақты ұзындығын оқшаулайды. Шығырды орналастыру кезінде оны терезе ойығына берік орналастырып, қабырға мен екі ортдағы тесіктерін толтырғышпен толтыру қажет. Шығыр темірқармақпен бекітілінеді, арнайы залалсыздандырылған ағаш тығындар орналастырылады, қабырғасығына монтаж пенасымен толтырылынып немесе гипс растворына оралған талшықпен бітелінеді.Терезе мен есік ойықтарының жұмысы жақтаулардың сылақтанумен немесе пластикалық жақтау орнатумен аяқталынады.

        Талапқа сай үйлесімділік ГОСТ 3071-2002 « Қабырға ойықтарының терезе шығыры тігісінің түйінінің жанасуын құрастыру» терезе шығырының құрылымын құрастыру тігісінің түйінін қабырға ойықтарына жанастыру келесі пайдалану сипаттамаларымен топтастырылады:

- Жылу өтуіне тойтарыс;

- Күш  пайдалану ықпалына берік;

- Ауа өткізгіш;

- Су өткізгіш;

- Дыбыс өткізбеу;

- Бу өткізгіш.

 

Құрастыру тігісі негізгі атқарымдық тағайындаудан тұратын үш қабаттан тұруы қажет:

Сыртқы -  суөткізгіш , буөткізгіш;

Орталық -жылу өткізгіш;

Ішкі - буөткізгіш.

Құрастыру тігісінің негізгісінен басқа, әрбір қатары, қосымша атқарымдарды орындайды (мысалы, сыртқы қабат елеулі жылуөткізгіш қарсылығы болады), сондықтан құрылым сипаттамасын есептеген кезде ескеру керек. Негізгі жобада құрастыру тігісі 9.6. суретте көрсетілген.

Құрылымның құрастыру тігісі түрлі пайдалану ықпалына нық болуы қажет: атмасфера әсеріне, бөлмеден келетін қысым мен ылғалдылыққа ықпал ету, күштік (қысымдық, отырудан және т. б. ) түр өзгеруінен.

Сырт пішініне байланысты қабырға ойықтарының құрастыру тігісі тіке болып (терезе ойығы ширексіз) немесе бұрышты (терезе ойығы ширекті) келуі ықтимал.

Құрастыру тігісі сыртқы жағынан арнайы бейінді бөлшектермен: жаңбырдан қорғайтын тігіс бітегіш, дыбыс оқшаулағыш қаптама және тағы басқалары.

Құрастыру тігісі сыртқы жағынан сылақ қабатымен немесе терезе жақтауын қаптайтын қаптама бөлшектерімен қаптауы мүмкін.

Құрастыру тігісінің сыртқы қабаты белгіленген есептеу бойынша, жаңбырдың ықпалынан, сыртқы және ішкі бетінің құрастыру тігісі су өткізбейтін болуы қажет.

Сыртқы қабатты орналастырған кезде, терезе ойығы мен терезе шығырының жақтауы бетіне агдезияға ие материалдарды қолдану керек.

Сыртқы қабаттың оқшаулағыш материалдары (қолдану кезінде күн сәулесінің ықпалынан қорғалмаған) ультро фиолеттік сәулеленуіне берік болуы керек.

Сыртқы қабаттың материалдары орталық қабат тігісінен шығатын булы ылғалдың жойылуына жол бермеу керек.

Орталық оқшаулағыш қабаты құрастыру тігісінің жылу өткізуіне қарсы талаппен қамтамасыз етуі қажет.

Құрастыру тігісін жылуоқшаулағыш материалдармен тігіс бойына, бос орын қалдырмай,үзіліссіз, саңылаусыз бірқалыпта толтырылуы керек.

Қабаттардың бөлектенуі, саңылаулар, тесіп өткен саңылау сонымен қатар 10мм кішкене ойықтар болмауы керек.

Қажет болған жағдайда сытқы ойықтан, орталық оқшауланған қабатқа келетін ылғалдың ықпалын жою үшін қабырғадың ішкі беті ойығы мен құрастыру тігісі арасын буоқшаулағыш лентасымен орауға болады.

Сурет 9.6. Монтаждау жігінің принципиалды сұлбасы:

I – сыртқы су оқшаулағыш бу өткізу қабаты;

II – орталықтандырылған жылу оқшаулау қабаты;

III – ішкі бу оқшаулау қабаты

 

Құрылым мен ішкі қабат материалдары орталық қабаттың, бөлме жағынан келетін сулы будың ықпалын сенімді оқшаулағыш материалымен қамтамасыз етілуі керек.

Құрастыру саңылауының ішкі келбетіне қолданылатын бу оқшаулағыш материалдар біркелкі, үзіксіз, жыртылмай , желімсіз болуы тиіс.

Құрастыру тігісінің әртүрлі қабаттарына қолданылатын материалдар, және де қабырға ойықтарына қолданатын материалдар, терезе қораптары мен бекіту құралдары бір-бірімен байланысты болады.

Құрастыру тігісіне қолданылатын материалдардың ұзақмерзімді қызмет ету уақыты 20 жылдық белгіленген уақыттан аз болмау керек.

Құрастыру саңылауының ұсыну өлшемі (жіберілетін ауытқу шегін есептегенде) ГОСТ23166 бойынша, терезе шығырын құрастыру кезі 9.7. суретте көрсетілген.

Терезе шығырының бөлшектелініп жиналған қорабының ауытқуы тігінен және көлденеңінен 1,5мм 1м ұзындыққа, 3мм бұйымның биіктігінен аспауы керек.

Терезе құрылымы мен ойығын құрастыруды дайындаған кезде, келесі талаптарды орындау керек:

Терезенің ішкі және сыртқы жақтауының беті мен жиектері, ойық, сылақтың бір жерге үйілуі, тесілуі сияқты басқа зақымдары биігінен (ойынан) 5мм көп болмауы қажет. Кемшілік жерлері суға берік құрамы бар тығындауышпен (шпаклевка) толтырылуы тиіс. Қабырға ойығының бос жерлері (мысалы: қуыс тігісін қаптау және кірпіш калауының негізгі кабатын, маңдайша мен кірпіш қаланған тігістерін, бос жерлерін, терезе ауыстырған кезде, терезе қорабын алыт тастаған кезде) қатты жылуөкізбейтін үстемелермен толтырып немесе залалсыздандырылған ағш өнімімен тегістелінеді.

Майлы заттармен ласталынған жерлерін, майын кетіру керек. Бос, үгітіліп тұрған жерлерін қалпына келтіріп, байланыстыратын құрылыммен немесе арнай пленкалы материалдармен тегістелінеді.

Құрастыру тігісіне орама материалдарды орнатпас бұрын терезе ойықтары мен құрылымдар шаң мен ластан тазаланады, ал қыс мезгілінде - қардан, мұздан, қыраудан ерітіледі.

 

 

1  ағашты терезе шығырының құрастырылуы.

 

 

2 алюминиймен ПВХ пішінінен құрастырылған терезе шығыры.

 

а)   жан-жағынан өлшемдері 2000 мм дейінгі алюминий құймаларынан жасалған терезе блоктары

 

б)жан-жағынан өлшемдері 2000 мм дейінгі ПВХ-дан жасалған, сондай ақ жан-жағынан өлшемдері 2000 мм-ден 3500 мм-ге дейінгі алюминий құймаларынан жасалған терезе блоктары.

 

Сурет 9.7. Әртүрлі материалдардан жасалған терезе блоктарын орнатқан кездегі монтаждау саңылауларының өлшемдері

 

Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар.

1. Ағаш ұстасы жұмысы мен ағаш шеберханасы жұмысының қандай  айырмашылығы бар?

2. Ағаш бөлшектерін құрастыру.

3. Ағаш ұстасының құралдары.

4. Ағашты үйдің қабырғасын құрастыру.

5. Шығырға бекітілген ағаш шатырды құрастыру.

6. Терезе ойықтары мен есік ойықтарының монтажды көбікті пайдаланып, толтыруын айтып беріңіз.  

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 1167; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!