Павлодар мемлекеттік университеті



І. Кіріспе. Амандасу. (Greeting)

Мұғалім балалармен амандасады.

 - Good morning children!

Балалар мұғаліммен ағылшын тілінде тақпақ түрінде амандасады.

-Good morning, good morning

Good morning to you!

  Good morning, good morning,

  I’m glad to see you!

Шаттық шеңбер.

- Балалар, бізге қонаққа «Спот»келді.

- Ол бізбен бірге танысқысы келеді. Қане бәріміз шеңберге тұрайық. Доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:

-  «What's your name?» Сенің атың кім?

-  Балалар жауап береді: My name is...»Менің атым..

- Фонетикалық жаттығу

- - Балалар, «Спот» өте қуанышты. Ол бізге бір хат әкелді. Қане көрейік, бұл хатта не жазулы екен. Онда бір тақпақ бар екен. Ол тіл туралы.

Ал, енді тілдерімізді жаттықтырайық.

- «Терезесі жоқ үйде тіл өмір сүріпті

Ағылшын тілінде біраз сөйлепті

Таңертең жаттығу жасап [ а/b/]

Төсек орнын жинап

    Тісін тазалап [θ - ә] үй жинап, Есікті ашатын [р/w] .

                     

ІІ. Негізгі бөлім

Балалар мен сендерге жемістер және олардың түстері туралы ертегі айтып берейін.

Түстерге байланысты ертегі.

Ерте, ерте,ертеде жемістердің түстері ақ болған екен. Бір күні жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болыпты. Кемпірқосаққа қызыққан апельсин үстіне шығып сары түстің үстімен сырғанап түседі. Оны көрген басқа жемістер де сырғанай бастайды. Сөйтіп алмұрт – жасыл, апельсин – сары, алма  - қызыл түске боялады, кешке үйлеріне қайтып келгенде сары түске боялған апельсинді лимон деп мазақ етеді, ашуланып ұялған апельсин қызыл түстің үстімен сырғанап қазіргі түсіне боялады.

Мұғалім балаларға жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін балалардан сұрайды.

- What is it? Мынау не?

- It's apple, orange, pear, banana.

- Бұл алма, апельсин, алмұрт, банан.

Мұғалім балалардан жемістердің қандай түсті екенін сұрайды. Балалар қазақ тілінде жауап береді де, мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын балаларға айтып береді, балалармен түстер туралы әңгімелейді.

 Мұғалім бес түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап береді. Балалар мұғалімнің артынан бірнеше рет қайталайды.

- red – қызыл

- green – жасыл

- blue- көк

- yellow – сары

- orange – тоқ сары

Жаңа сөздермен жұмыс жасау. Мұғалім балаларға компьютерді қосып слайдтар көрсетеді. Слайдтарда жемістер және олардың түстері көрсетілген. Мұғалім балаларға түстердің суреттерін көрсетіп, сұрайды:

- What color is it? – Бұл қандай түс?

 (Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).

Мнемосызба арқылы түстер туралы тақпақ  жаттау.

Мұғалім бірінші тақпақты балаларға айтып береді, осыдан кейін мнемосызба арқылы көрсетіп, тағы айтып береді.

- I see yellow, I see green,

- I stand up! I sit down!

- I see red! I see blue!

- I see you and you and you!

Екі бала тақтаға шығып тақпақты мнемосызба арқылы айтып береді.

                            

Тапсырма орындау.  

Балаларға гүлдің суреті таратылады. Бұл суретті балалар әр түрлі түстерге бояу керек. Мұғалім түстерді ағылшын тілде атап беріп, балалар сол уақытта мұғалім атаған түсті тауып, бояу керек.

Сергіту сәті. (Physical training)

Балалар Спот бізбен жаттығу жасағысы келеді,ортаға шығып саусақтарымызыд демалтып, сергіп алайық.

1. Мұғалім теледидардан сергіту сәтін видео арқылы өткізеді:

Daddy finger, daddy finger

Where are you?

Here I am, here I am

How do you do?

2. Мұғалім мен балалар бірге ағылшын тілінде іс-әрекеттерін атап тұрып, қимылдарын көрсетеді.

 -Hands up!

- Hands down!

- Bent right! Bent left!

Sit down! Stand up!

1,2,3 hops! 1,2,3 stop!

Sit down, please!

-. Балалар, бізде алда қандай мереке келе жатыр?

Балалар өз жауаптарын айтады. Мен келе жатқан жаңа жылға арнап шырша сатып алдым.Балалар,сендер енді Спотқа шыршаны безендіруге көмектесіңдер.

Балалардан қандай түс ұнайтыны сұралады:

- Who likes red/yellow/green/blue/orange color?

 Балалар  «I like» құрылымын қолданып жауап береді.

–I like red, yellow, blue, green, orange деп сұрақтарға жауап бере отырып,балалар ұнатқан түсті шырша ойыншығын үйлестіреді.

-Міне, балалар, біздің шыршамыз әдемі болып кетті. Very good! It’s beautiful!

Ойынды ойнау. (Let’s play!) Гүлді жинау.

-Балалар енді біз Спотқа сыйлық жасайық, оған гүл жасап берейік.

 Мұғалім балаларға әр-түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдердің күлтелерін көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекпен бір-бірден тақтаға шығады. Мұғалім үстелге гүлдердің күлтелерін қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген күлтелерді тауып алып, тақтаға жабыстырады. Мұғалім қалған балалармен бағалайды. Сол ретінде барлық балалар бірнеше гүл тақтаға жабыстырады.

(Бұл ойында есту қабілеттері дамиды.)

   Қорытынды бөлімі.

- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

- Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?

- Сендерге сабақ ұнады ма?

- Мен сендерге кішкентай сыйлықтарды дайындадым.

 (Балаларға шарлар таратылады).

 Балалар, Спот өте қуанышты, біздің сабағымыз оған өте ұнады!

- Good bye, children!

- Good-bye, teacher! Good-bye, Spot! Сау бол Спот!

 

 

Сынып (топ) тізімі

1. Сембай Жасмин
2. Рамахзанова Нургуль
3. Мұрат Ерасыл
4. Қасенов Даниал
5. Әлиақпар Зере
6. Ғаллам Арсен
7. Амангелді Болашақ
8. Батырбек Алишер
9. Дәулет Айлана
10. Ахметжан Аяулым
11. Совет Мариям
12. Асқарова Айсана
13. Түлкібек Әлем
14. Жанат Бенур
15. Мұса Айзере
16. Есенғали Әдия
17. Жанкарина Самира
18. Куандыкова Кәусар
19. Шамұрат Мадина
20. Оразбай Іңкәр

 

4 Сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме

 

Павлодар қаласының

Б. Момышұлы  атындағы

ЖОББ №22 жалпы орта білім беретін-мектебінің

 «Көбелек» тобына

 

 

МІНЕЗДЕМЕ

 

Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін -мектебінің «Көбелек » тобында 20 бала бар. Оның ішінде: 13 қыз бала, 7 ұл бала. Әлеуметтік құрамы – орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Топ іші топ-топқа бөліну жоқ, ұйымшыл, бауырмал, тәртіпті бір-біріне қамқор.  Оқушылар зерек ,  өтірік айтпайды , мұғалімді қатты сыйлайды , әдептілікті жақсы сақтайды, бір-бірімен өте жақсы қарым –қатнаста араласады. Жұмыс үстінде, бір іспен айналысу барысында  бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.Оқушылар жан-жақты көптеген үйірмелерге қатысады. Топтағы оқушылардың барлығының қызығушылығы өте жоғары. Оқушылар көбінесе сурет салғанды жақсы көреді.Ұлдар  бірігіп, қыздар өздері бірігіп ойын ойнағанды жақсы көреді. Топ басқа топтағы оқушылармен жарыс ұйымдастырғанды ұнатады.

Топ аралық іс-шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене аралысып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды  барынша орындауға тырысады.  Мұғалім мен өзгеде сынып оқушыларымен қарым-қатынастары жақсы. Берілген тапсырманы топ болып ұқыпты әрі тез орындауға тырысады. Топта белсенді оқушылар өте көп.  Осы оқу тәжірибесі барысында мен әр оқушының жеке дара ерекшелігін байқадым. Әрбір оқушыға әр түрлі жолдар табу керек екенін білдім.  Әр баланы түсіне білу керек екенін , оларды сезіне білуді және де қамқорлықты сезіндім. Кез –келген оқушы ашылмаған кітап секілді, түсінуге ұмтыласың. Осындай тамаша оқушылардың арқасында өзімнің ұстаздық қабілеттерімді тексердім. Оқушылармен қалай қарым-қатынас жасау керек екенін үйрендім.  Топ оқушыларына тілерім бастарынан бақ кетпесін, біздің болашағымыз сендерсіңдер.

 

Практикант – студент:              Б.Б. Кап

   

5 Сыныптағы бір оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Момышұлы атындағыЖОББ №22жалпы орта білім беру -мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «Г» сынып оқушысы

Әлиақпар Зере

 

Мінездеме

Әлиақпар Зере 2013 жылдың 1 сәуірінде Павлодар қаласында дүниеге келген. Оқушының мекен-жайы: М.Академика Бектурова көшесі, үй 55,44 пәтер. 

 Отбасында әкесі, анасы , өзі және сіңілісі бар. Тәртіпті, айтқан сөзді бірден қағып алады, ұқыпты, артық және жаман қылықтарыжоқ,  сыныптастарымен  жақсы қарым қатынаста.Сабаққа белсенділігі  жақсы, жаңаны танып білуге қызығушылығы мол. Бос уақытында кітап оқып, би билеп, ән айтқанды жақсы көреді. Болашақта дәрігер болуды армандайды. Басқада оқушылармен тез тіл табыса алады.  1-ші сыныптан бастап ақ мектептің мақтанышына айналып, үздік оқитын оқушылардың бірі болды.

Өзіне берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындайды. Бастаған ісінің соңына дейін жеткізеді, үнемі жаңаны білуге құштарланып тұрады, білгенің басқалармен бөлісуге асығады, ынтасы мен зейіні жоғары . Кез-келген ортада өзін жақсы ұстай алады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін тәрбиелі оқушы. 

 Жаны таза,ақпейіл, адал , еңбекқор оқушы. Достарына үнемі қамқорлық көрсетіп , қол ұшын беретін жанашыр оқушы. Мен Зереден болашақта улкен азаматша болатынына сенемін. Зередей саналы, тәрбиелі ұрпақ барда Қазақстанның болашағына нық сенемін. Талабына нұр жаусын. Алар асуларын көп болсын.

 

 

Практикант-студент:                      Б.Б. Кап

   

 

Фотоесеп

 

 

 

 

 

С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 278; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!