Кедергісіз білім беру ортасын дамыту.

Жастағы балалардың психомоторлық дамуының көрсеткіштері. Балалық шақтың ерекшелігі:
1) Дене және психикалық дамудың қарқындылығы. Бала өмірдің бірінші кезеңінде өз салмағын еселейді,бойы орташа 25 см. өседі, кейінгі 2 жылда салмағы мен бойының өсу қарқыны қысқарады: екінші жылда ол 11см өсіп, салмағы 2,5-3 кг артады; үшінші жылда бойы 8см, салмағы- 1,5-2 кг артады.
11-12 айда бала өз еркімен жүре бастайды, 6-10 сөз айтады, 2 жасында – 200 - 300 сөз, 3 жасында 1200-1500 сөзге дейін. Бала қарапайым мінез-құлық ережесінмеңгеріп, оның құштарлығы, дағдысы,талғамы қалыптасады.
2) Бала организмі қамкөңілдігінің артуы, органдар мен жүйенің жеткіліксіз морфологиялық жетілуі. Дамудың тез қарқыны, қолайсыз фон күйінде болады – организм дамымаған кезде, бұл оның ренжігіштігін арттырады. Көп жағдайда балалар ішкі органдар іс-әрекетінің жетілмеушілігіне шалдығады. Бұған қоса, олар тез шаршайды, бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуы қиын, жоғары қозғыштықтарымен ерекшеленеді.
3) Дене және психикалық дамудың өзара байланысы. Бұл кез келген жасқа тән жалпы заңдылық, бірақ балалық шақта ол ерекше айқын, байқалады, себебі бұл кезде организмнің барлық іс-әрекеті қалыптасады. Өмірдің бірінші жылында баланың ақылы мен адамгершілігінің дамуы оның дене жағдайы мен көңіл күйіне тәуелді. Жүйке процестері салмақтылығының жеткіліксіздігіне, оның құбылмалылығына балалар арасындағы жанжал мен еркелік себеп болады. Денсаулықтың нашарлауы төңірегіндегілердің қатынасына әсер етеді: әсерге алғырлығы төмендейді, бағдарлау реакциясы мұқалады, балалар бастапқы білгенін, сөйлеу және қозғалу икемін ұмытады. Бұл ерекшіліктерді білу балалардың денсаулығына мұқият қарауды, олардың жүйке жүйесін сақтауды талап етеді.
4) Сыртқа әсер қажеттілігі бірінші 3 айда байқалады. Оны қанағаттандыруда балада жағымды сезінуді, барлық төңірегіндегілерге қызығушылық тудырады. Бала ересектермен ұйымдастырылған және бағытталған әсерді неғұрлым көп алса, ол соншама оған мұқтаж. Ересектердің әсер етуінен осылай оның белсенділігі қалыптасады. Қозғалыс белсенділігі дене және ақыл-ой дамуын сәйкестендіреді. Қозғалыс жетіспеушілігі, тапшылық және төңірегіндегілердің бірсарынды әсер етуі психикалық дамудың тез төмендеуіне әкеледі.
5) Жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшелігі – жүйке жүйесінің төзімділік және функционалдық жетілуінің жетіспеушілігі, ми қабығы жүйке клеткаларының жұмысқа қабілеттілігінің баяу дамуы және т.б.
Жүйке процестерінің жетіспеушілігі (тежелу қалпы басымдылығы) балалар мінез-құлқының ерекшелігінде байқалады: олар тез қозады, көп қозғалады, күтуге қабілетсіз. Жүйке процестері қозғалғыштығының жетіспеушілігі ұйқыдан сергектенуге және сергектенуден ұйқыға, мерзімі ұзартылған реакциядан іске немесе басқа да жағдайларға ауысу қиындығынан туындайды.
Ми дамуы сыртқы ықпалдың, тәрбиенің әсеріненоның қарқынды қарекетін қамтамасыз етеді. Егер сыртқы әсер болмағанда немесе ол жетіспегенде орталық жүйке жүйесінің дамуы тежеледі. Н.М. Щеловановпен жоғарылатылған бұл ереже, кеңес үкіметі кезінде балабақша мекемелерінде орын алған психикалық госпитализмнің себебін ашу мүмкіндігін берді.
Госпитализм жабық түрдегі балабақша мекемелерінде тәрбиелетін балалардың дене және психикалық дамуын тежейтін теріс әрекеттер жиынтығын анықтайды. Балалар мінезінің және дұрыс даму барысының өзгеруі балабақша мекемелерінде балалардың өмірін дұрыс ұйымдастырмау, тәрбие рөлін (медико-гигиеналық күтімді және қозғалысты шектеу) дұрыс бағаламау нәтижесінде болады.Өмірдің екінші жылында келесі қасиеттермен сипатталады: бала сөйлеп, жүре бастайды, сөзі қарым қатынас құралы болады;  Ақыл-ойы дамуында бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысы. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытудың негізгі міндеттері оқушылардың танымдық қызметіндегі және эмоциялық-ерік өрісіндегі кемшіліктерді барынша еңсеру, оларды өздігінше өмір сүруге, өндірістік еңбекке қатысуға, қазіргі заманғы қоғам жағдайында әлеуметтік бейімделуге дайындау болып табылады. Жалпы білім беретін мектепте ақыл-ой кемістігі бар балаларды  оқытудың анағұрлым дәл келетін жағдайлары арнайы сынып жағдайы болып табылады. Арнайы сыныптар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін жеке сынып және орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін бөлек сынып құрылуы мүмкін. Бұл оқушыларды бір сыныпта біріктіріп оқытуға да болады. Арнайы сыныпта «Олигофренопедагогика» мамандығы бар жоғары білімді дефектолог мұғалім жұмыс істеуі қажет.Арнайы сынып жағдайында ақыл-ой кемістігі бар балаларды мектепте оқытудың ұзақтығы: -бірінші сатысы – 0 (даярлық), 1-4-сыныптар; -екінші сатысы – 5-9-сыныптар.Егер мектепте бастауыш кәсіптік еңбекке дайындау үшін жағдай болса, онда 10-кәсіптік сынып ұйымдастырылуы мүмкін. Даярлық сыныбына ұйымдастырылған мектепке дейінгі даярлықтан өтпеген 7-9 жастағы балалар қабылданады.Даярлық сынып белгілері жағынан ақыл-ой кемістігіне ұқсас басқа да бұзылыстары бар (психикалық дамуының тежелуі, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалған, сөйлеудің ауыр бұзылыстары) балаларды қате қабылдаудың алдын алу мақсатындағы диагностикалық сынып ретінде де қызмет етеді. Едәуір даярланған оқушылардың оқуды 1-сыныптан бастауына болады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған сыныптардың бірінші сатысында ақыл-ой кем оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялық- медициналық-педагогикалық зерттеу,білім беру процесін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін әзірлеу мақсатында оның мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады. Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға көрсетілетін ерте логопедиялық көмектің ерекшеліктері. Зияты зақымдалған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.Зияты бұзылған оқушылар сөйлеу тілі даму кемістіктерінің және механизмінің күрделілігінің болғандығынан тұрақты логопедиялық көмекті қажет етеді. Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін тексеруді ұйымдастырады. Жаңадан келген барлық бала нақтылы тексеруден келіп түскен (сыныбына байланысты емес) өтеді. Бұрын логопедтің сабақтарына қатысып жүрген, бірақ оқытуды қажет ететін балаларда тексеріледі. Бұндай балаларды тексерудің мақсаты – оқу жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау.Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп жүргізілуі керек: кешенділік, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық.Жеке тексеруде алынған мағлұматтар сөйлеу картасына енгізіледі. Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына онымен жүргізілетін сабақтардың жоспары тіркеледі. Ол жоспар сөйлеу тілі қорытындысы негізінде құрылады.Тексеру қорытындылары бойынша логопедиялық сабақтар өткізілуі керек.Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеу критерийі болып сөйлеу тілі бұзылысының сипаты, оның оқудағы үлгеріміне әсері табылады. Топтар сөйлеу тілі бұзылысының біркелкілік сипаты бойынша топтастырылады.Логопедтің әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету бойынша жұмыс мектеп бағдарламасы материалында, ақаулықтың құрылымын жас ерекшеліктерін ескеріп жүргізіледі. Логопедиялық сабақтардың түрлері: жеке және топтық сабақтар.Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтылығын көрсететін перспективалық жоспар құрастырады.                  Арнайы мекемелерде жүргізілетін түзету жұмысының бағыттары. Осы тұлғадағылардың ерекшелік жағдайларына мән беріле отырып ,қоғамысызоларды әлеуметтік жағынан қорғауға және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жолына үлкен назар аударуда .Әлеуметтік жағынан көмек ете білудең тиімді жолдарын іздеструде әлеуметтік көмек-бұл гуманитарлық қызмет ету комплексі ,экономикалық жағынан қамтамасыз етілмеген ,әлеуметтік жағынан әлсіз, психологиялық көмекті қажет ететін тұрғындар тобының қабілеттілігін әлеуметтік тұрғыда жақсарту мақсатын көздейді.Бұл белгілі ерекше бойынша кезеңді (мерзімді) және бір мезгілде зейнетақыға қосымша және жәрдем ақы төлеу сипатында сонымен бірге ұзақ уақытың қызмет көрсету (медициналық., психологиялық., құқықтық,, педагогикалық, тұрмыстық т.б.) осындай тұрғындар тобына қиын кезде көмек ету,әлеуметтік-экономикалық қолайсыз жағдай сипатынан құтқаруды қамтиды.Қазіргі таңда әлеуметтік тұрғыданкөмек беру мүгедектік тұлғалар меен өмірлік әрекетімен еңбек ету қаблеттілік жағдайларымен шектелген тұлғаларды көтермелеуге әлеуметтік –педагогикалық тұрғыдай комек ету кеңтүрде көлем алып келеді,әлеуметтік –педагогикалық әрекет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу үсдінсіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған тәрбие үрдісіндегі жеке тулғаның даму ерекшелігінің өзіндік сиаптын есепке ала отырып әлеуметтік көмек ету және барлық тәрбие субьектілерін қамитиды,әлеуметтік – педагогикалық қызмет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу мақсатында білім беру аймағында құрылады ,әлеуметтік –педагогикалық әрекет-экономика,саясатпен,адам өмірінің жеке тұлғалық жағдаймен тығыз байланысты .Ол әртурлі профильді мамандар күшімен қамтамасыз етіледі .Бірақта бұл жолда ең басты маңызды да,міндет роль әлеуметтік педагогика жүктеледі. Арнайы педагогиканың ҚР және әлемде дамуының заманауи бағыттары. Ерте кезде де аномальды балаларға элеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда ¥лы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға эділетсіздікпен қарап келді.Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың қүлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып -білуі қалай өтеді деген мәселемен шүғылданды.Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро жэне басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы бойынша, жоспар соңына дейін Қазақстандағы мүгедек балалардың 100 пайыз білім жэне тәрбие алуына жағдай жасау көзделіп отыр. Әзірге бүл пайыздық өлшем бар болғаны23,3пайыздықүрайды. Қазақстанда бір мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, жалпы, мектепжасындағы жэне мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы білім және тәрбие алу мэселесі өзектілігін әлі жоя қойған жоқ. Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрлігі эзірлеген «Қазақстан балалары» бағдарламасында келтірілген мэліметтерге сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың 27,6 пайызы ғана балабақша жэне өзге де мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелеріне қамтылған. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5)-тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" арнайы білім беру ұйымы – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;  Ауытқушылық жоқ жағдайында да, даму бұзылысы бар жағдайында да қолданылатын адекватты түзету іс-шаралары. Психологиялық түзету:Жасөспірімнің бейімсізденуінің психологиялық тұрғыда алдын алу мен түзетуге мыналар кіреді:тұлғаны жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу; әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларын анықтау және зерттеу;қоршаған ортаны түзету; жасөспірім тұлғасының үйлесімсіз тұстарын психологиялық түзету.Психологиялық түзету – бұл психологиялық әсер етудің арнайы құралдарының көмегімен адамның психологиясы мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған іс-шаралар жүйесі. Бұл күрделі әрі жан-жақты үдеріс. Оқушылармен психологиялық-педагогикалық әрекеттестік жүйесі басшылықтың, ата-аналардың, сынып жетекшілерінің, психологтың, әлеуметтік педагогтің, медициналық қызметкердің, мектеп инспекторының бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асырылады. Әркімнің жұмысы мазмұнының өзіндік бағыты бар. Жасөспірімдерді бейімдеуге бағытталған топтық түзету сабақтары мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызметі бағдарламасының негізінде өткізіледі. Бағдарлама мақсаты:жасөспірімдерге әлеуметтік дағдыларды меңгеру маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік беру;балалардың рөлдік репертуарын кеңейту, ол коммуникацияны жаңарту қамтамасыз етеді және жасөсіпірмдік шаққа тән әлеуметтік эксперимент үдерісінің қауіпсіздігіне ықпал етеді;өзін өзі әлеуметтік тұрғыдан анықтау үдерісін өзектендіру; өзін өзі анықтаудың оң бағытын қалыптастыруға жағдай жасау.Міндеттері:қарым-қатынастың адекватты әрі тиімді дағдыларын қалыптастыру; сынып және мектеп жағдайына бейімделуге мүмкіндік беретін құнды бағдарлар мен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру.Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс істеу барысында әлеуметтік педагогпен тығыз әрекеттестік жүзеге асырылады. Бірлескен жұмыс жоспары құрастырылады, оған мынадай іс-шаралар енгізіледі:әртүрлі есепте тұрған балалар тізімін құрастыру;оқушылардың мінездемесін құрастыру; топтық түзету сабақтарын, жеке әңгімелесудерді, кеңес берулерді, тренинг элементтері бар сабақтарды ұйымдастыру;тұлғалық қасиеттерін диагностикалау; Балалармен жүргізілетін ерте анықтау мен түзету жұмысы. Қазіргі уақытта ҚР-да даму мүскіндігі шектеулі ерекше білім беруді қажетсінетін балалар саны өсуде. Өтпелі кезеңнің  экономикалық қиындықтарын ескеріп, дамуында ауытқушылығы бар балалардың санын азайтудың және олардың әлеуметтік бейімделуін көтерудің ең тиімді және ең жарамды жолы – ерте түзету мен дамытудың әлеуметтік жүйесін ұйымдастыру.Неғұрлым ерте түзету ықпалының маңыздылығы баланың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ерте балалық кезде мектепке дейінгі балалардың, оқушылардың, жасөспірімдердің, ақыр аяғында ересектердің денсаулық дәрежесі қалыптасады. Бұл жаста ағзаның барлық қызметтері қалыптасады, ең алғашқы әлеуметтік байланыстар жүреді. Осы кезеңде жас балалар қолайсыз және әлеуметтік ықпалдарға халықтың ең сезімтал контингенті болып табылады.Л.С.Выготскийдің идеяларына сәйкес, дамуында ауытқушылығы бар балалардың қабілеттерін бағалаған кезде ең алдымен назарды оның сақтау қызметтеріне аудару керек, оларды белгілі бір өтемақы және әлеуметтік бейімделу жағдайына жету үшін пайдалануға болады. Ерте жастағы балалардың және бөбектердің педиатриясы, психологиясы, физиологиясы және патофизиологиясы салаларындағы заманауи көзқарастар дамудың ерте стимуляциясы методологиясының іргетасы болып табылды.Дені сау балада толыққанды даму үшін бар жағдай жасалынған. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы балаларға да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар балаларға да ерте түзете оқыту өте маңызды. Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті екені бәріне аян, бірақ бұл ауытқушылықты түзете-дамыта оқыту көмегі арқылы ғана жеңуге болады.. Туғаннан 3-ке дейінгі жас – барлық ақыл-ой, эмоциялық және физикалық даму үшін ерекше маңызды болып табылады және одан кейінгі кезеңдерге ықпалын тигізеді. Дамудың әрбір кезеңінде жетекші қызмет болады, ол осы кезеңнің қалыптасуы мен бастапқы оқыту үдерісін белгілейді. Сәби кезде (0-12 ай арасы) –бұл эмоциялық қарым-қатынас және манипуляциялық қызмет, жас кезеңде (1-3 жас) –заттық қызмет. Баланың даму үдерісінде қызметтік жүйелер бір-біріне әсер етеді. Әсіресе осы әсер ерте жаста білінеді. Атап айтқанда өмірінің бірінші жылында бөбектің психикалық дамуы оның сенсорлық және моторлық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты.  Бұзылған дамуды адекватты түзетуге арналған іс-шаралар. даму мүмкіндігі шектеулі бала – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және дене дамуында ауытқушылығы бар балалар.арнайы мектепке дейінгі ұйымдар Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартына, арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, күту мен сауықтыруды қамтамасыз етеді.арнайы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – арнайы мектеп) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген арнайы бағдарламаларын іске асырады.Үлгілік қағидалар мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарға таратылады.Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті:1)баланың денсаулығы мен өмірін сақтау; 2)баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;3)мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету;4)баланың психикалық және дене дамуын түзету;                Бұзылған қызметтерді түзетудегі әдістер мен тәсілдер. Мақсаты: жұмыс істеудің процесінде танымдық процессті, ұсақ моториканы, жұмыс, шығармашылық процессті дамыту. Міндеті:- Еңбек терапиясы процесінде бұзылған функцияларды түзетуге ықпал ету;- қозғалу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру;- шығармашылық потенциалын дамыту және мүмкіндігі шектеулі балаларды белгілі бір қызметке икемділітерін анықтау: сурет салу, жапсыруға, матамен жұмысы, күйдіру, құрастыру және т.б. Мақсаттық топ: 6 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар (ПДТ, ДЦП).Бағдарлама бойынша жұмыстың негізгі принциптері: дара тіл табу, жүйелілік, көрнекілік, материалды ақырындап меңгеру «оңайдан қиынға».7 жасқа дейіңгі балаларға жұмыстың негізгісі сурет салу болып табылады. Бұл қызметтің түрлері балалардың ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі, сонымен қатар шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді.7 жастан 16 жасқа дейіңгі балаларға еңбек қызметі: матамен жұмыс істеу. Табиғи материалдардан, қағаздардан жасалған бұйымдар жасау мүмкіндігі шектеулі балалардың көркемөнер және еңбек қызметінің түрлеріне деген қызығушылығын арттырады.2016 қаңтар-2017 қаңтарға бағдарламаны жүзеге асыру.Құм терапиясы- «Sand play» әдісі –құммен ойнау. Құммен ойыны балалардың эмоционалды көңіл күйіне жақсы әсерін тигізеді. Маман өз жұмысында құм, су және ойыншықтарды қолданады (жануарлар, ағаштар, адамдар, үйлер, тастар, шынылар және т.б.). Мүмкіндігі шектеулі балалармен арттерапия бойынша сабақтар (ПДТ, ДЦП) мүмкіндік береді: жаңадан келген баланың білімі, үлгерімі мен дағдысы деңгейін анықтауға;-балалардың қолының ұсақ моторикасының деңгейін зерттеуге;- Балалардың көркемөнер қызметінің түрлеріне бейіндігін анықтап, дамытуға; Күтілетін нәтижелер- еңбек терапиясы процесінде бұзылған функцияларды түзету;- еңбек икемділігі мен дағдысын қалыптастыру;- мүмкіндігі шектеулі балаларды белгілі бір қызметке икемділітерін анықтау және шығармашылық потенциалын дамыту: сурет салу, жапсыруға, матамен жұмысы, күйдіру, құрастыру және т.б.- көркемөнер-эстетикалық талғамын, өз ойын жеткізе алу қабілетін тәрбиелеу. Бұзылыстарға ұшыраған қызметтерді диагностикалау және түзетудің әдістері мен тәсілдері Ерте кезде де аномальды балаларға элеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда ¥лы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға эділетсіздікпен қарап келді.Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың қүлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып -білуі қалай өтеді деген мәселемен шүғылданды.Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро жэне басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант жэне Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған. Білім беру нәтижелерін бағалау және оның инструменттері. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру.Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады.Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау. Білім беру орта» түсінігінің анықтамасы. Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;2) орыс-қазақ мектептері;3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.Қазақстанда 19 ғ-дың 50 — 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдат, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді.   Даму аномалиялары бар балалардың қоғамда алатын орны. “Anomalия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психиқалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді.Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалар тобына:
Есту қабілеті бұзылған;
Көру қабілеті бұзылған;
Сөйлеу тілі бұзылған;
Интеллектілік дамуы бұзылған;
Психикалық дамуы баяу;
Тірек- қимыл аппараты бұзылған;
Күрделі түрдегі бұзылыстар;
Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;
Сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса, белгілі бір организмге байланысты жалпы жүйелік түрлері де бар.
-денелік ақаулықтар
-сенсорлы бұзылыстар
-ми қызметі бұзылыстары
Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал.Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балаларда психо- денелік ақаулықтардың болу себептері:экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ-мұнай саласы, қара-түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы.Су қоймасының ластануы,жер асты суларының ластануы;экономикалықжағдай;
• әлеуметтікжағдай;отбасылықжағдай;онкологиялық ауру;жұқпалы аурулар;эндокриндікжүйке ауру салдары;генетикалықбұзылыстар;дүниегекелусәтіндегі қолайсыз жағдайлар;дамужағдайыныңауырдеңгейдеболуы.
Халықаралық қоғам ұйымы даму ақаулықтарының түрлеріне байланысты жүйелілікті жинақтау жұмыстарымен айналысуда.Дамыған елдердің көпшілігі өз еліңдегі денсаулық мүмкіндіктерінің шектелу белгілеріне орай терминалогия және жүйелілік бойынша өз санақтарын жүргізіп жатыр.Статистикалық мағлұмат елдердің дамығандығына, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсету сапасына байланысты анықталады Бүгінгі таңда статистика проценттік қатынасын дәлірек анықтап отыр.Ақаулығы бар балалардың арасында бірінші орынды оқытылуы қиын балалар алса, екінші орынды ақыл- ойы баяу дамыған балалар орын алып отыр. Үшінші орында сөйлеу тілі бұзылғандар.Жалпы әлемде 1000 адамның үшеуі соқыр, ал 5 пайыздан астамы есту ақаулығы барлар.Әрбір үш оқушының, яғни 7-15 жас аралығындағы балалардың 4-5 оқушысы ақыл- ойы баяу немесе оқытылуы қиын оқушылар болып табылады.Әрбір 800 жаңа туған нәрестенің біреуі Дауна синдромына шалдыққандар.Ресей Федерациясының білім министрлігінің статистикалық мағлұматы бойынша қазіргі уақытта 1,7 млн балалардың, яғни 4,5 пайызы денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектелген балалар қатарына жатады және олар арнайы білім беруді талап етеді.Қазіргі таңда 500мыңнан астам ақаулығы бар балалар арнайы білім беру мекемелерінде оқытылып тәрбиеленуде. Даму бұзылыстарының құрылымы мен мінездемесі. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері және негізгі мазмұны. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды арнайы (түзетушілік) білім беру мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеу. Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық зерттеудегі негізгі қағидалары.Жоспары:Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық диагностикасының жалпы негіздері.Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық зерттеудегі негізгі қағидалар: жинақтылық қағидасы, психологиялық – педагогикалық тексерудегі бүтінше толық қағидасы; бастапқы іс- әрекет процесінде зерттеу және т.б. Психологиялық диагноз, оның түрлері. Дамудың бұзылыстарының құрылымының маңызды элементтерінің бөлініп шығуы .Мүмкіндіктері шектеулі балаларды дефектолог мамандары, психологтар арнайы диагностикалық әдістерді қолданып, жалпы тексеру жүргізеді. Психологиялық зерттеудің нәтижесі ПМПК-ның негізінде анықталады.Бастапқы бұзылыстар бұл –мүшенің немесе жүйенің өзінің табиғаты бойынша биологиялық бұзылысы немесе кемістігі.(Мысалы,есту,көру анализаторының бұзылысы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің мекендік немесе жаппай бұзылысы). Бұлар туа бітті немесе жүре пайда болуы мүмкін.Туа біткен бұзылыстардың пайда болуында тұқымқуалаушылық фактор, жүктілік кезінде ұрыққа ықпал ететін зиянды әсерлер (инфекция, интоксикация,жарақаттар), сондай-ақ асфиксия мен босану кезіндегі зақымданулар маңызды рол атқарады.Туынды ауытқушылықтар бастапқы бұзылыстардан пайда болса да ,өздерінің табиғаты жағынан олардан сапалық түрде ерекшеленеді. Дамудағы бұзылыстарды ерте анықтау мен ерте түзетудің негізгі мәселелері. Заң ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсетудің мемлекеттік жүйе ережелері енгізілген. Бұл жүйе көп кезеңнен тұрады және мынадай компоненттерді құрайды: психофизикалық ауытқулары бар балаларды ерте жаста анықтау (скрининг); Балалардың психофизикалыҚ дамуына терең зерттеу жүргізу; Кешенді түзету жұмыстары; ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру; мемлекеттік-құқықтық қамсыздандыру. Ертежаста байқалатын қимыл-қозғалысындағы, психикасындағы, сөйлеу тілі мен эмоциялық дамуындағы ауытқулар баланың ары қарай дамуына жағымсыз әсеретеді, оқу, жазу және санау әрекеттерінде қиындық туғызып, кейіннен дамудың туынды бұзылыстарының пайда болуына әкеліп соқтырады. Қазақстандық ғалымдар (Р.А.Сүлейменова, А.Қ.Ерсарина, Б.С.Халықова, А.Қ.Жалмұхамбетова және т.б.) балаларға ертежастан көмек көрсету мәселелері туралы зерттеп, ғылымға үлкен үлестерін қосуда. Р.А.Сүлейменова өзінің ғылыми еңбектерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға кіріктіруге тиімді жағдай тудыру жолдарын, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету шараларын дер кезінде жүргізудің жағымды нәтижесінде осы санаттағы кейбір балалардың жалпы білім беру мектептерінде оқу және әлеуметтік бейімделудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігін қарастырды.Әртүрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің жүйесі. Мектепке дейінгі мемлекеттік арнаулы білім бру мекемелерінің дамуы 1920-30-шыжылдардан бастап қалыптасты. 1970-ші жылдардың басында ясли-балабақшалар, балабақшалар,мектепке дейінгі балалар үйлері,ясли-балабақшалар жанындағы мектепке дейінгі топтардағы дифференцияланған жүйе жеткілікті түрде дам бастады.Дамудағы жетекші кемшілікке байланысты балаларды арнаулы мекемелерге топтастыру жұмысы былайша орындала бастады:есту қабілеті бұзылған балалар (саңыраулар мен нашар еститін балалар);көру қабілеті нашар балалар( соқыр және нашар көретін балалар,қылилық және амблиопия кемшілігі анықталған балалар);сөйлеу тілі бұзылған балалар (тұтықпа, жалпы сөйлеу тілі бұзылған, фонемаларды қабылдауы бұзылған балалар);интеллектісі бұзылған балалар;тірек- қимыл аппарты бұзылған балалар.Жалпы балабақшалармен салыстырғанда арнаулы топтардағы балалар санының толымы 15 тәрбиеленушіден аспайды.Мектепке дейінгі арнайы мекемелердегі білім беру процесі оқыту мен тәрбиелеудің кешенді бғдарламаларына сәйкес Білім Министрлігінің бекітуімен мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалардың әрбір категориясына сәйкес құрылады.Мектепке дейінгі арнаулы мекемелердегі штаттың құрамына дефектологтар(сурдопедагог,олигофренопедагог,тифлопедагог,логопед) мен қосымша медицина қызметкерлері қабылданады.Тәрбишілер мен дефектологтардың сабақтарыын бөлуде тіл дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, конструкциялау, ойын әрекетін дамыту сабақтарын мұғалім – дефектологтар жүргізеді.Арнайы сабақ түрлерін ұйымдастыру есту қабілетін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, көру қабілетін дамыту, емдік дене шынықтыру сабақтары арқылы орындалады.Мектепке дейінгі арнайы мекемелер жұмысы мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасыларына көмектесу, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін максималды түрде дамыту жұмысының өзара бірлігіне тәуелді. Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларға арналған мекемелерде балаларды диагностикалау және   түзете-дамыту мен психологиялық көмек беру жұмысында қолданылатын технологиялар мен оларды ұйымдастыру принциптері. Диагностика – бұл диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі. Біріншісі – диагнозды қою,бұнымен теоретикалық диагностика тығыз байланыста.Екіншісі–тәжірибелік диагностиканың шұғылданатын диагнозды қою әрекетінің өзі.Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік, әдеттегіні көру.«Диагноз» - кемінде дегенде екі мағынаны білдіреді. Біріншіден – түзету мақсатымен қандай да болсын бұзылымның анықтамасын, себебін анықтайды. Бұл өзімен бірге объектіге педагогикалық ықпал етудің анық шешіміне әкеледі.Диагностың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты,ортақтықты, типтілікті көру, анықтау.«Диагноз» - бұл әрқашан жалпы сипаттағы нақты жағдайды анықталған құбылысқа, көрініске әкеліп,жеткізіп,қорытындысын шығару. Әдетте жинақы,біртұтас,тұтастық диагноз көптеген жекелікті жинақтау нәтижесі, қорытындысы ретінде пайда болады.Диагностика әрқашан ғылыми- тәжірибелік іс-әрекет,қызмет түсінігін, ұғымын береді. Педагогикалық диагностика туралы тарихи шолу педагогикалық диагностиканың ежелгі заманнан өткізілетінін көрсетеді.Педагогикалық диагностика өзінің мақсаты, міндеті, қолдану саласы бар ретінде қалыптасып, ғылымға дербес,жеке сала ретінде 20 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.Педагогикалық диагностиканың міндеті:біріншіден,жеке оқыту үдерісін оңтайлы, қолайлы етіп,үйлесімділеу және таңдап алу;екіншіден, оқытудың нәтижесін,болжау аясын,өрісін анықтау;үшіншіден, диагностикалық қателіктерді кемінде ең төменгі деңгейге, ең аз мөлшерге әкелуге әсер ету.Қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми- әдістемелік әдебиеттерді талдау педагогика диагностика барысында оқуға, оқытуға деген алдын ала жағдайды белгілеп қана қоймай, жоспарлы түзету-оқыту әрекетін және оның талдауын ұйымдастыру үшін жағдайды анықтайды.Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» Заңына сәйкес Қазақстанда өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ дамуында мәселесі бар балаларға диагностикалық-түзете дамыту көмегін көрсету үшін ерте жастағы балаларға ерте көмек көрсету жүйесі ендіріле бастады.Балалар емханаларында және алғашқы медициналық-санитарлық мекемелерінде балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін анықтауды ұйымдастыру: балалардың кемшіліктерін дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда кешенді түрде терең зерттеу және көмек көрсету үшін оларды ПМПК-ке жіберу.Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс.  Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын диагностикалау және түзету мәселелері: қозғалыстық аймақ, артикуляциялық аппараттың құрылымы мен қызметі, дыбыстау қалпы, эмоционалдық аймағы. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері.Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері негізінен көретін балаларға тән дамудың жалпы заңдылықтарына сай жүреді.Сөйлеу тілінің ерекшеліктері мынадай: көру қабілеті бұзылған балалардың 1 жасында қалыпты жағдайдағыдай алғашқы сөздері пайда болады, бірақ олар аз және көбеюі баяу. Сөздік қорының әрі қарай дамуында өз ерекшеліктері бар. Балалар заттарды аз біледі, сөздердің мәнін анық меңгермейді, сөздерді пайдаланады. Көруі бұзылған баланың сөйлеу тілін зерттеуге арналған жұмыстардың көбі дыбыс айту ерекшеліктеріне бағытталған. 60-70 ж. Логопедия ғылымының дамуына байланысты көруі бұзылған баланың сөйлеу тілі бұзылуын анықтауға арналған зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде көрмейтін және нашар өретін балаларда күрделі тіл кемістіктері кездесетіні және сөйлеу мен көрудің бұзылуы арасындағы байланыстар анықталған.Аталған зерттеулер көрмейтін балалардың сөйлеу тілі қалыптасуының төрт деңгейге бөлуге мүмкіндікі береді.Бірінші деңгей. Балалардың экспрессивті сөйлеу тілі коммуникативті функцияны орындамайды, өте шектелген, сөзбен бейнені сәйкестеуде, зат бейнесімен жалпылама түсініктерді сәйкестеуде көп бұзылыстар байқалады. Байланыстырып сөйлеуі жеке сөздерден немесе олардың бөліктерінен тұрады. Эхолалия байқалады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағының сапалық жағын анықтауға бағытталған тапсырмаларды балалар орындай алмайды, дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады. Фонематикалық талдау мен жинақтау процестері мүлдем қалыптаспаған.Екінші деңгей.Экспрессивті сөйлеу тілі сөз қорының аздығымен сипатталады. Сөз бен заттың бейнесін салыстыруы төмен деңгейде, жалпылама түсініктерді білмейді. Байланыстырып сөйлеуі қалыптаспаған, бір-екі сөзден құралған сөйлемдерінде аграмматизмдер кездеседі . Әңгімелеп айтуы қалыптаспаған. Көптеген дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Дыбыстарды естіп ажыратуы мен айтудағы ажыратуы жете қалыптаспаған. Фонематикалық талдау мен жинақтауы төмен деңгейде қалыптасқан. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік -педагогикалық көмек. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекетгік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлсген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.ҚР "Білім туралы" Занындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті- дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шағыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.Әлеуметтік тексеру - тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптаршығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологияляқ, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырады.Педагогикалық тексеру арқылы тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияты жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтайды.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету бұл ерекше қажеттіліктерді талап ететін адамдарға - үздіксіз педагогикалық ұйымдастырьшған процесте әлеуметтік тәрбие беру.Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен және саясатты тығыз байланысты.Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі. Екінші және үшінші реттегі даму бұзылыстарының алдын- алу. Біріншілік және екіншілік ұғым туралы түсінікті Л.С.Выготский еңгізген. Біріншілік кемістік патогенді факторлардың әсерлерінің салдарынан қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, бас миының жоғарғы бөліктері және т.б.) органикалық зақымдалуы немесе жетілмеуі салдарынан пайда болады. Екіншілік кемістік – біріншілік кемістіктердің салдарынан туындайтын, психикалық жеткіліксіздік және әлеуметтік тәртіптің бұзылуымен сипатталады (естімейтіндерде сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырларда қабылдаудың және кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы және т.б.).Психикалық процестердің дамуының бұзылуының жүйелік негізделуін кеңестік психологияда 1920 жж Л.С.Выготский қарастырған.үшінші кемістік Ойлау әрекеті бұзылады. Ойлаудың жеткіліксіздігі өз алдына тұлғаның дамуына әсерін тигізеді. Ауытқулардың құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауыткудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңыраулық, кемақыл -саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар. Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланын алғашкы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алкашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын аскынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститіп балалар; немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін қөру және есту кемістіктері оған косымша тіл мүкістіктері. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларының мазмұны мен бағыттары.  Мектеп жасындағы дамуында 8 негізгі түрі және типінен кемшіліктері бар балалардың 24 мыңнан астамы жалпы білім беру мектептер жадындағы 820 арнайы сыныптарда және 101 түзету мектептерінде білім алады.Ағымдағы жылы дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оұытуды ұйымдастыру мақсатында арнайы жалпы білім беру типтік бағдарламалары құрылған.Балалардың психофизиологиялық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегідей вариативті оқытуды қарастырады.1.танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу,қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес болатын білім. 2. танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келмейтін,пдт,қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы,сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің ,бұзылуыбарбалалар жеке оқу жоспарлары бойынша,қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру.3. жекешендірілген бағдарламалар және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалар бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.Мемлекеттік білім беру бағдарламасын дамыту саласында бұл деңгейдегі балалардың білім сапасын көтеру және жақсарту мақсатында 2005 – 2010 жылдың 2 – ші кезеңінде келесідегі мәселелер қарастырылған:Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико – педогогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бқлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу,біріктіріп оқыту,бос уақытын бірігіп өткізуін ұйымдастыру және оларға өзара көмек арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады.  Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары.   Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453, 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрықтарымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен реттеледі.Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму бұзылыстары түрлері бойынша сараланады:− есту қабілеті бұзылған балалар үшін;− көру қабілеті бұзылған балалар үшін;− сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;− тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;− психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;− зияты бұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі). Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында бөледі.Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМС талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын да және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын да пайдалану арқылы іске асырылады.Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді және апробациядан өтті (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығы).Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. 0 (дайындық) және 10 сыныптар есебінен мектептегі оқу ұзақтығын арттыру білім алушылардың даму ауытқушылықтарымен байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты. Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл-ойы кем білім алушыларды оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады. Ерте алдын- алу жұмысын енгізудегі отандық және шетелдік тәжірибелерді талдау. Кемтар балаларға ерте көмек көрсету жүйесі.Қазақстан мен ТМД елдерінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезеңінен бастап ерекше демографиялық жағдай туындап дүниеге сәбилердің келу көрсеткіштерінің аса төмендеуі, халық арасындағы өлім-жетімнің көбеюі, және халықтың табиғи өсу төмендеуінең байқалды. Бұл жерде аналар денсаулығының нашарлауы, жүктілік және босану кезіндегі асқынулар да айқын әлеуметтік-экономикалық сипат алады. Осы жағдайларға байланысты соңғы жылдары елімізде мүгедек балалардың саны өсіп, мамандардың назарына түсті.(Сүлейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д.)Барлық экономикалық қиыншылықтарды ескере отырып, балалардың дамуындағы кемістіктерді түзетудің ең нәтижелі жолы - ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру. Бірқатар шет елдегі және отандық зерттеулер көрсеткендей түзетушілік әсер етуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым нәтижелі болады. (Ерсарина А.К., Стребелева Е.А., Сүлейменова Р.А. Разенкова Ю.А. т.б.)Қолайлы ерте көмек көрсету маңыздылығы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Мектепке дейінгі жастағы, мектеп жасындағы балалардың, жеткіншектердің және ересектердін денсаулығының негізі осы ерте жаста қаланады. Осы кезде ағзаның барлық морфологиялық және функционалды жүйелері құрыла бастайды.Ерте коррекциялық көмек көрсетудің негізі- сәбилер мен ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық дамуын жан-жақты зерттеу болып табылады.Ерте коррекциялық көмек көрсету тәжірибесін іске асыру нақты түзетушілік нысаның анықтаудан басталады.  Ерте алдын-алу жұмысының мемелекеттік концепциясы. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» құқықтары Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген. Осы заңда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары жазылған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам өмiрiне белсене араласуына денi сау балалармен бiрдей құқығы бар. Солардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың басты құқықтары мыналар:1.Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп - бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдері мемлекеттен көмек алуға құқығы бар.2.Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар медициналық - әлеуметтiк көмек алуға құқылы.3. Мүмкіндігі шектеулі балалар біліміне сай кез-келген мектептен бiлiм алуға, шығармашылық және қоғамдық үйірмелерге (биге, әнге т.б) тегін қатысуға құқылы.4.Мүмкіндігі шектеулі жандар кез-келген қоғамдық көлікке тегін отыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналары автокөліктің нөмерін тіркеудегі баж салығынан босатылады.5.Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасын мекеме басшысы жұмыстан екі жағдайда шығара аламайды.А)Мекемеде қызметкерлерді қысқарту болған жағдайдаВ) Мекеменің өнім өндіруі азайғанда мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасын жұмыстан шығара алмайды.6.Барлық топтағы мүгедектері, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасы жер салығынан босатылады7.Мүмкіндігі шектеулі балалардың және олардың ата-анасы жеке куәлікке және құжаттама үшін мемлекеттік салықтардан босатылады.8.Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.  Ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды диагностикалау және түзете-дамыту жұмысының технологиялары және оларға көрсетілетін психологиялық көмек. Аутизм — (гр.autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.Аутист балалардың ата-анасы және оларды бақылайтын бала дәрігерлері әдетте олардың өмірінің бірінші жылында нәрестенің психомоторлық дамуындағы қандай да бірауытқушылықтарды байқамайды. Көптеген аутист балалардың психофизикалық дамуы олардың өмірінің бірінші жылында жас шамасы нормативтеріне сәйкес болады. Сәби жас.Коптеген сәби балаларда ересек адамның эмоциялық қатынасына әлсіз көңіл аударулар байқалды, олар өзіне көңіл аударуларды талап етпейді, қолға алуды сұрамайды, өздерімен өздері болып тыныш жата береді. Анасының қолындағы бала оған жабыспайды, құшақтамайды табиғи және жайлы қалыпты қабылдаудан қиналады. Оларда адамның бетіне қызығушылық байқалмайды, қараған күнде де олардың көзқарасы адам бетіне қарамай жанай өтіп кетеді. Ерте жас.Егер баланың ата-анасы аутист бала өмірінің алғашқы бір жарым жылында оның дамуындағы проблемаларды байқамаса, бала өмірінің екінші жылының соңы мен үшінші жылының басында айқын байқалады. Жақын адамдары атын атап шақырса оның қарамайтыны, ата-анасымен өзара әрекетке ұмтылмайтыны, басқаға еліктемейтіні, басқа балалар ойнайтын ойынды ойнамайтыны, тек бір істі бар көңілімен қайталай беретіні басты белгісі болып табылады.Мектепке дейінгі жас.Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы мен өзара әрекетте болудың қиындығы, сөйлеу тілінің дамуының тежелуі, баланың тәртібіндегі проблемалар ата-анасына айқын байқала бастайды да, олар мамандардан көмек сұрай бастайды. Мектеп жасы.Мектеп жасындағы кейбір балалар (1 топ) басқаруға көнеді, жақын адамдармен арадағы әрекеті бағытталған түрде өтеді, сөздік өтініштерді орындай бастайды, болып жатқан жағдайларға қызығушылық байқалады, сөйлеу тілі пайда болады да, өз қалауын білдіру үшін жеке сөздермен сөз тіркестерін пайдалана бастайды.  Ерте балалық шақ аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысындағы технологиялар. Заманауи арнайы педагогикада аутизмді емдеудің дəстүрлі жəне дəстүрлі емес, инновациялық жолдары толып жатыр. Əрине, кез келген əдістің тиімді-тиімсіз болуы немесе нəтижелі-нəтижесіз болуы оның дұрыс ұйымдастырылып, жүйелі қолданылуына байланысты.«Киев қалалық клиникалық психоневрологиялық аурухана дəрігері А.Чуприков психологиялық жəне дəрімен емдеуді альтернативалық əдістермен қатар қолдануды ұсынады.Мысалы, дəстүрлі емес əдістер - дельфин терапиясы, иппотерапия (жылқының көмегімен), канистерапия (иттің көмегімен). Қазіргі күні Украинада дельфин терапиясы жақсы дамып келе жатқандығын айтады. Дельфиндер баламен ойнай біледі, əрі олардың шығаратын ультра дыбыстары аутист балалардың назарын аудара алады. Ал иппотерапия ұзақ уақытты қажет етеді екен, кемінде бір жыл айналысу керек. Канестерапия да аутист балалар үшін оң нəтижелер көрсеткен. Иттер өзінің биофизикалық қасиеттерімен балаларға жағымды əсер етеді екен. Кез келген пет-терапия (жануарлардың көмегімен) балалар үшін оң əсер етеді, балаларды қарым-қатынасқа, сезімге үйретеді».Дельфин терапиясы қазіргі кезде АҚШ-тың медициналық тəжірибесінде кеңінен қолданылады.«Дельфинтерапиясы – ультрадыбыспен емдеу. Дельфин емдік қасиеті бар ультрадыбыстық толқындар мен қимыл-қозғалыс белсенділігін жəне өте күшті психологиялық əсер туғызады. Медицинада ультрадыбыстар сонофорез немесе фонофорез ретінде қолданылады, яғни, ағзадағы жеке тіндер мен ұлпаларға, мүшелерге «массаж» жасайды, тіндерге белсенді заттардың енуін қамтамасыз етеді.Иппотерапия балалардың ойлау, есте сақтау, зейін қабілеттерін дамытады. Ат үстінде отыру адамнан үнемі зейінін шоғырландыруды, жинақылықты, дəлдікті, өзінің əрбір қимылын бағу мен басқаруды, жоспарлауды талап етеді. Бұл, əрине, өз кезегінде психикалық үдерістерді белсенділендіреді Ерте балалық шақ аутизмі және бірқатар кемістіктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі. Аутизмнің алғашқы белгілеріне тоқталатын болсақ, белгілер баланың үш жасына дейін анық байқалады. Əдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, əлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала естімейтін сияқты болып көрінеді, бірақ тексеру барысында нəтижесі олай еместігін көрсетеді. Мұндайда баланың жалпы дамуы тежеледі. Мінезі тұйықтала түседі. Атын атап шақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды. Танып-білуге ұмтылмайды. Тіпті жаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бəрібір. Өз əлемінде, өзімен өзі өмір сүреді. Тəулік бойы ұйықтамай жүре беруі мүмкін. Ештеңені қажет етпейді.Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады, күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен жəне жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншық- тың тек бір бөлігімен ғана (мəселен, тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тəртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері де төмен [5].Аутист-балаларды оқытуда кешенді түзете-оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады. Қоғамның жəне білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуы түрлі іс-əрекеттердің интенсификациялық үрдісінің өсуіне байланысты болып келеді. Осыған орай, болашақ білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім берудің көп бөлігі жаңа технологияларға негізделетінін, қозғалмалы ойын жəне ақпараттық технологиялардан тұрады.Тəжірибе көрсеткендей, кешенді түзете-оқыту əдістері мақсатты түрде аутист балаларды түзете оқыту жəне тəрбиелеуде пайдалану балалардың жан-жақты дамуына, түзету мен толықтыру жақтарына психологиялық-педагогикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар əр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескереді.Түзете-оқыту үрдісінде кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктерін белсендіріп, ауытқушылықтарды жеңуге, алдын алуға мүмкіндік туғызады. Осы толықтырудың негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдаудың сақталған түрін жүзеге асыру жəне баланың психикалық функцияларын дамыту қолайлы жүзеге асады.Ақпаратты көрнекі түрде көрсету қандай іс-əрекет болсын оның əсерлілігін жоғарылатады. Арнайы білім беруде бұл əсердің маңызы зор. Заманауи құралдарды, диагностикалық əдістерді жəне технологияларды қолдану баланың тек сол кездегі ғана функциясын анықтамай, сол кезде пайда болатын объективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тəсілмен жеңуге көмектеседі.Аутизмі бар балалардың қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бойынша тəжірибелік-эксперименттік жұмыс Талдықорған қаласында орналасқан «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де жүргізілді. Арнайы мекемелердің педагогикалық ұжымы біз жүргізген зерттеулік ізденіс жұмыстарға оқу-тəрбие үрдісін жетілдіру мақсатында белсенділік танытты. Арнайы мекемедегі педагог-логопед ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тəжірибесін топтастыру үшін арнайы тақырыппен жұмыс жасайды. Логопед ғылыми ізденіс тақырыптары, негізінен, аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге педагог-логопед, біздің тəжірибелік- педагогикалық жұмысымызда көрсетілгеніндей, арнайы мекемелердегі жұмыстардың болашақтағы жоспарына сəйкес аутизм диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында қатыстырылды.Аутизмі бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізуде біз ұсынған əдістеменің тиімділігін көрсетудегі зерттеу жұмыстарының мақсаты ерекше болды. Эксперимент жүргізу үшін зерттеу жұмысы бойынша эксперименттің ұйымдастырылу кезеңдерін белгілеп алдық. Алғашқы кезеңінде тəжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты: Ерте жастағы балаларды зерттеу әдістері. Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бақылау– кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек. Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.Психологиялық-педагогикалық эксперимент – эксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi.Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.  Ерте жастағы балаларды зерттеудегі анықтау әдістері. Дені сау балада толыққанды даму үшін бар жағдай жасалынған. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы балаларға да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар балаларға да ерте түзете оқыту өте маңызды. Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті екені бәріне аян, бірақ бұл ауытқушылықты түзете-дамыта оқыту көмегі арқылы ғана жеңуге болады..  Интеллект дегеніміз – білім, оны меңгеру үшін қабілетін дамыту және мәселені шешуге пайдалана білу. Баланың білім алуға көмегін тигізетін үш тәсіл бар, олар:–анасымен қарым-қатынас;–қадағалау;–зерттеу.Осы тәсілдерді жүзеге асыру үшін мыналар қажет:–кіммен және қандай тақырыпта қарым –қатынас жасау;–нені қадағалау;–нені зерттеу.Осы мақсаттарға жету үшін қажеттілердің ең бастысы – ана мен баланың берік қатынасы, олардың өзара түсіністігі, үнемі араласуы. Ғалымдар ананың қарым қатынасы – назары, қолдауы, еркелетуі – ана махаббаты дегеннің бәрі баланың дұрыс психикалық дамуына қажетті ең маңызды шарт болып табылады. Барлық қажеттіліктері өтелген, бәрінің сүйіктісі және еркесі болған, бәрі ойнататын, сөйлесетін бөбек айналасындағылармен өзін сенімді сезінеді, ол кейіннен басқаларға да ауысады. Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, махаббатқа толы қарым-қатынасы болмаса, онда ол балада сенімсіздік-үрейлілік және бүкіл әлемге, оның ішінде жекелеген адамдарға деген күдіктілік пайда болады, осы сенімсіздікті ол өз дамуының келесі кезеңдеріне алып өтеді.Туғаннан 3-ке дейінгі жас – барлық ақыл-ой, эмоциялық және физикалық даму үшін ерекше маңызды болып табылады және одан кейінгі кезеңдерге ықпалын тигізеді. Дамудың әрбір кезеңінде жетекші қызмет болады, ол осы кезеңнің қалыптасуы мен бастапқы оқыту үдерісін белгілейді. Сәби кезде (0-12 ай арасы) –бұл эмоциялық қарым-қатынас және манипуляциялық қызмет, жас кезеңде (1-3 жас) –заттық қызмет. Баланың даму үдерісінде қызметтік жүйелер бір-біріне әсер етеді. Әсіресе осы әсер ерте жаста білінеді. Атап айтқанда өмірінің бірінші жылында бөбектің психикалық дамуы оның сенсорлық және моторлық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан сенсомоторлық қызметтердің дамуы баланың анасымен эмоциялық-жағымды өзара әрекеттесуі үдерісінде барлық психикалық қызметтерінің: назардың, естің, мақсатты қызметтің, эмоциялық аяның, ойлаудың және сананың қалыптасуының негізін қалайды. Ерте жастағы балалардың психомоторлық дамуының көрсеткіштері. Психомоторлық мінез-құлық баланың басты даму аспектісі болып табылады, өйткені, ол белгілі бір өмір сүру кезеңінде баланың жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде қалыптасуымен көрінеді.Баланың дамуын бағалау үшін оның дағдылардың бірнеше типтерін қандай дәрежеде меңгергендігін көрсетеді, олар:– Қимылдық (немесе моторика) – тостағанды алып және ұстай білуі, қайда қоя білуі.– Әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешіден көмек және мақтау күтуі.– Когнитивтік – сынама және қателік әдісімен үйрету, қай тостаған үлкен немесе кішкентай болып табылады, қай тостағандар бірінің үстіне бірі қойылған, қатар етіп қоюға бола ма, оларды орындау қарапайым болғанша, тапсырмаларды қайталау.– Эмоциялық – тостағандарды бірінің үстіне бірін қойылғанша тапсырманы жаңалап, жанадан орындау, бұл кезде ренжімей немесе өкпелемей; өзінің жетістігімен қамқоршы үлкендермен бөлісуге тырысу.Бала дамуының анық және көрсеткіш индикаторы, қимыл дағдылары (демеусіз отыру, қолмен және тіземен еңбектеу, біреудің көмегінсіз тұру, біреудің көмегінсіз жүру, өз бетімен тұру, өз бетімен жүру), сөйлеу және естуді дамыту болып табылады. Бала дамуында ауытқулар анықталған жағдайда, оны міндетті түрде білім беру немесе денсаулық сақтау жүйесінің бейіндік мамандарына одан әрі жан-жақты тексеруге жолданады. Денсаулық жағдайын бағалау үшін, бала дамуындағы ауытқулар кезінде сипатын анықтауға және оларды түзетуде шешімдер қабылдау үшін баланың дамуын мониторлау және бағалау жүргізу қажет.Медициналық қызметкер ата-аналарынан өз баласымен қалай ойнайтыны жәнесөйлесетіні туралы сұрағанда, кеңес беруге негізделген тәсілді қолдандық. Сосын медициналық қызметкер жауабын тыңдап, позитивтік әрекетін мақтап және қажетіне қарай кеңестер береді.Ата-аналары ақпарат алғанына және оны есіне сақтағанына көзін жеткізеді. Біз, бес кезеңнен тұратын, Бала жасындағы ауруларды кірігіп жүргізу (БЖАКЖ) стратегиясын қолдандық:Сұраңыз және тыңдаңыз, мақтаңыз, кеңес беріңіз, түсінгенін тексеріңіз және отбасына мәселені шешуге көмектесіңіз. Ата-аналарды, медициналық ұйымға келіп әрекеттерді орындап көргенде және оларға кері байланыс көрсеткенде ынталандыру қажет. Ойын – балалар заттармен қарым-қатынаста болатын тәсіл, когнитивтік дамыту барысында жаңа дағдыларды меңгеруге тырысады.Қатынасу – ата-аналар мен балалары бір-біріне дабыл жіберетін тәсіл, белгілерді, ымдар мен сөздерді қоса, әлеуметтік, эмоциялық және сөйлеуін дамыту.«Ойнау» және «қатынасу» сөздері қолданылатын себептер мынадан тұрады, олар отбасыларына түсінікті болуы тиіс, техникалық түрде болмауы қажет және сонымен бірге қайырымдылық және қамқорлық сияқты түсініктер нақты бейнеленуі тиіс.Мысалы: 1-6 айлық балаларға арналған қатынасу жөніндегі нұсқаулар:«дыбыстар шығарып және ымдар жасап, өз баласының қайталайтын дыбыстары немесе ымдарын келтіріп баламен әңгімелесуді бастаңыз», жақсы өзара әрекет қағидаттарының бейімделуі болып табылады және қамқорлығын, қайырымдылығын және эмоциялық алмасуын көрсетеді.Кіші жастағы баланың когнитивтік дамуы үшін қайырымдылығы мен қамқорлығы талап етіледі.Қамқорлық – тілектері мен тұтынымдары туралы белгі беретін, баланың дабылдарын, оның әрекеттері мен дыбыстарын түсіну. Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және скринингтің кезеңдері. Осы Скринингті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың босанғанға дейін диагностикасын, профилактикасын жетілдіру, Қазақстан Республикасында балалар сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендету мақсатында пренаталдық скрининг, неонаталдық скрининг, жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингті, ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингін, шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан скрининг жүргізуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарға қолданылады.Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;бірінші триместрдің аналық сарысу маркерлерінің талдауы – ұрықта хромосомалық патологиялардың - Дауна синдромының, Эдвардс синдромының, Патау синдромының, Тернер синдромының даму қаупін анықтау үшін ана қанын зерттеу;жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың (үш жасқа дейін) аудиологиялық скринингі – субъективтік және объективтік аудиологиялық тесттердің көмегімен тежеліп туындаған отоакустикалық эмиссияның (бұдан әрі - ТТОАЭ) тіркеу жүйелері пайдаланылатын жаппай стандартталған зерттеп-қарау;бірінші триместрдің құрамдастырылған тесті – хромосомалық патологияның ультрадыбыстық маркерлерін өлшеуге негізделген ұрықтың хромосомалық патологиясының жекелеген генетикалық қаупін есептеу және бірінші триместрдің аналық сарысу маркерлерін (бұдан әрі – АСМ) айқындау;генетикалық диагноз – туа біткен және тұқым қуалаушылық аурулардың туындау себебі мен типі туралы дәрігерлік қорытынды;инвазивті пренаталдық диагностика (бұдан әрі – ИПД) –цитогенетикалық, молекулалық-цитогенетикалық немесе молекулалық-генетикалық талдау үшін ұрық тектес материалды алу арқылы жатырішілік тесу арқылы жүзеге асырылатын ұрықтың хромосомалық және моногендік патологиясын диагностикалау әдістері;неонаталдық скрининг – жаңа туған нәрестелерді зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруларына, оларды ерте анықтау және емдеу мақсатында жаппай кешенді стандартталған зерттеп-қарау; Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін скринингтің кезеңдері. Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін скринингтің кезеңдері : Балалық мүгедектіктің алдын алу. Амбулаторлық-емханалық мекемелерде (АЕМ) ерте жастағы балалардың психофизикалық даму бұзылыстарының скринингін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында АЕМ-да скринингтік іс-шараларды өткізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. АЕМ-де ерте жастағы балаларды скринингтік аттестациялаудың әдістемелері. Ерте жастағы балалар дамуының скринингтік аттестациясы. Ерте жастағы балалардың естуін скринингтік тексеру. Балалардың көру мүшесін скринингтік зерттеу. Босану мекемелеріндегі және АЕМ-дегі болжамдық скрининг. Жаңа туған нәрестелердің психосоматикалық дамуындағы ауытқушылықтардың болжамы. Ерте жастағы балалардың жүйкелік-психикалық даму бұзылыстарының болжамдық скринингі. Аудиологиялық скрининг.     Ерте көмек беру қызметіндегі скринингтік және терең зерттеу. Скринингті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың босанғанға дейін диагностикасын, профилактикасын жетілдіру, Қазақстан Республикасында балалар сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендету мақсатында пренаталдық скрининг, неонаталдық скрининг, жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингті, ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингін, шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан скрининг жүргізуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарға қолданылады.Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;бірінші триместрдің аналық сарысу маркерлерінің талдауы – ұрықта хромосомалық патологиялардың - Дауна синдромының, Эдвардс синдромының, Патау синдромының, Тернер синдромының даму қаупін анықтау үшін ана қанын зерттеу;жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың (үш жасқа дейін) аудиологиялық скринингі – субъективтік және объективтік аудиологиялық тесттердің көмегімен тежеліп туындаған отоакустикалық эмиссияның (бұдан әрі - ТТОАЭ) тіркеу жүйелері пайдаланылатын жаппай стандартталған зерттеп-қарау;бірінші триместрдің құрамдастырылған тесті – хромосомалық патологияның ультрадыбыстық маркерлерін өлшеуге негізделген ұрықтың хромосомалық патологиясының жекелеген генетикалық қаупін есептеу және бірінші триместрдің аналық сарысу маркерлерін (бұдан әрі – АСМ) айқындау;генетикалық диагноз – туа біткен және тұқым қуалаушылық аурулардың туындау себебі мен типі туралы дәрігерлік қорытынды;инвазивті пренаталдық диагностика (бұдан әрі – ИПД) –цитогенетикалық, молекулалық-цитогенетикалық немесе молекулалық-генетикалық талдау үшін ұрық тектес материалды алу арқылы жатырішілік тесу арқылы жүзеге асырылатын ұрықтың хромосомалық және моногендік патологиясын диагностикалау әдістері;неонаталдық скрининг – жаңа туған нәрестелерді зат алмасудың тұқым қуалаушылық ауруларына, оларды ерте анықтау және емдеу мақсатында жаппай кешенді стандартталған зерттеп-қарау;шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингі - декреттелген мерзімде шала туған нәрестелерде ретинопатияның дамуы бойынша (бұдан әрі – РД) қауіп тобындағы жаңа туған нәрестелердің көзінің түбін стандартталған зерттеп-қарау;пренаталдық скрининг – жатырішілік ұрықтың кейіннен генетикалық диагнозы нақтыланған, хромосомалық патологиясы мен дамуының туа біткен кемістігі (бұдан әрі – ДТК) бойынша қауіп топтарын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай кешенді зерттеп-қарау;пренаталдық консилиум – жатырішілік ұрықтың генетикалық диагнозын нақтылау, жаңа туған нәрестенің дамуы мен одан арғы өмір тіршілігін болжамдау, жүктілікті зерттеп-қарау тәсілдерін, босану мерзімі мен орнын анықтау үшін бейінді мамандардың жүкті әйелге консультациясы;психофизикалық даму скринингі – психофизикалық дамуының тежелу қаупі бар балалар тобын анықтау, диагностиканы ұйымдастыру және оларды түзеу-дамыту көмегін көрсету үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға (бұдан әрі – ПМПК) жіберу мақсатында үш жасқа дейінгі кезеңде балаларды жаппай мамандандырылған зерттеп-қарау.Пренаталдық скринингті ұйымдастыруПренаталдық скрининг ауыр өлімге әкелетін, генетикалық бұзылуларымен емдеуге және түзетуге келмейтін балалардың тууының алдын алу үшін жатырішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы мен ТДК ерте анықтау мен диагностикалауға бағытталған.Пренаталдық скрининг жүкті әйелдердің жаппай ультрадыбыстық скринингінен, бірінші триместрдің құрамдастырылған тесті үшін АСМ талдауынан, медициналық-генетикалық консультациядан, ұрықтың хромосомалық және көпгенділік патологиясының ИПД жүргізуден, ұрықтың хромосомдық және моногендік патологиясынан, пренаталдық консилиум өткізуден, пренаталдық скрининг тиімділігінің мониторингінен, ДТК және хромосомалық патологиясы бар балалардың туу жағдайы бойынша есепті деректерді ұсынудан тұрады.Пренаталдық скринингтің тиімділігін арттыру үшін үш деңгей бойынша жүкті әйелдерді зерттеп-қарау жүргізіледі:пренаталдық скринингтің бірінші деңгейін жүкті әйелдерге амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары (бұдан әрі – МСАК) жүргізеді;пренаталдық скринингтің екінші деңгейін босандыру ұйымдары (перинаталдық орталықтар, перзентханалар, босандыру бөлімшелері) және МСАК жүргізеді;пренаталдық скринингтің үшінші деңгейін перинаталдық көмектің республикалық деңгейдегі босандыру ұйымдары жүргізеді.Пренаталдық скринингтің бірінші деңгейлі іс-шаралары мыналарды қамтиды:анамнезді жинау;жүктіліктің белгілі бір мерзімінде бірінші, екінші және үшінші триместрінің ұрықтың ультрадыбыстық скринингін жүргізуді қамтамасыз ету;  Ерте көмек берудің бағдарламалары мен индивидуалды-бағытталған бағдарламаларды құру. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты қоғам алдында оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағытталған міндеттер қойылып отыр.Еліміздің әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Есту қызметінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысындағы технологиялар. Баламен жүргізілетін дамыту түзету жұмысын дер кезінде бастау үшін, баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ естуіне зер салу керек, қажетті көмек неғұрлым ерте басталса, бала еститін құрбыларынан көп артта қалмайды. Есту қызметі сәл төмен болса да, егер арнайы оқытпаса, жасқа толғанда ешқандай сөз айта алмайды. Баланың дыбысты қабылдауы біртіндеп қалыптасады,әрбір жастың өзінің ерекшелігі бар. Бала құрсақта жатқанда да дыбысты сезінеді. Бұны арнайы құралдар көмегімен дыбыс дабылы берілгенде баланың жүрек соғысының жиілігінің өзгеруі анықтайды. Бала өмірінің алғашқы сағаттарында арнайы тексеру арқылы баланың есту қызметін анықтауға болады. Баланың есту қабілетін өмірінің екінші-үшінші апталарынан, ешқандай арнайы құралсыз оның дыбысқа деген реакциясын бақылауға болады. Есту қызметін жұмылдыру дегеніміз –бұл бала ағзасының сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакциясы. Бұл реакция балаға жақын жерден шыққан қатты дыбыс пен айқай кезінде пайда болады. Бірнеше секундта (кейде 15-20 сек.) бала қозғалмай тына қалады. Кейде дабылдың дауысы тоқталғанша созылады. Бұнда реация алғашқыда дыбысталатын ойыншыққа, кейіннен дауысқа пайда болады. Нәресте өмірінің екінші айының бірінші аптасында сөйлеп тұрған ересек адамға қарап жымияды, содан сәл кейінірек (2 ай 2 аптадан соң) дауыс реакциялары пайда болады. Бала ересек адаммен сөйлескен сияқты болады. Баланың бұл жымиуы мен гуілдеуін ата-аналары баланың өздеріне Берген жауабы деп ойлайды. Бірақ бұндай реакция естімейтін балаларда да болады. Бұл реакция балаға қараған жылы жүзден, көзқарастан туындайды. 2-3 айда (шала туған, әлсіз балаларда 3,5-4 айда) еститін нәрестеде дыбыс шыққан жаққа басын бұру, көзін аудару сияқты дыбысқа реакция пайда болады. Зерттеушілер бұл реакция алғашқы реет Адам дауысына пайда болатынын байқады. Бала басқа дыбыстарға назарын кеш аударады. Реакциялардың жылдам пайда болуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір балалар дауыс шыққан жаққа сол сәтте, екінші бірі дыбыс тоқталғанда, ал басқалары тоқталғаннан кейін 0,5 минуттан соң ғана басын бұрады. Нәресте ең алдымен дыбыс бағытын оң және сол жағынан, кейіннен артынан шыққан дыбысты ажырата алады. Ең кішкентай бала 3 м аспайтын қашықтықтағы дыбысқа басын бұрады, тек алты айдан ақанда ғана 5-6 м жердегі дыбысқа көңіл аударады. 3 айдан 6 айға дейінгі көптеген балаларда айқайға немесе бөтен дыбыстарға деген кері реакциялар пайда болады. Бала тітіркеніп, көзін кең ашып, тына қалады, содан кейін бетін тыжырайтып, қызарады, кейде 10-15 сек кейін айқайға басады. Бұл реакция тұрақсыз, бұл баланың жағдайына, әсіресе оның өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді. Бұндай реакция көп жағдайда қорқақ балалар бойында тіпті, сәл тітіркендіргіштерге де пайда болады. Сонымен балаларды мұқият бақылай отырып, есту талдағыштар дамуының қалыпты мөлшерден ауытқуын ерте жастан-ақ байқауға болады. Егер бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрмаса, ешқандай реакциясы болмаса, баланың жымиып күліп, былдырлағанына алданбаған жөн. Осындай қауіпті белгілер байқалысымен, баланы жақын арадағы сурдолог дәрігерге немесе арнайы ғылыми орталықтағы мамандарға көрсету керек. Мамандар баланың есту қызметі жағдайының диагностикасын жүргізіп, қажетті жағдайда есту аппараттарын таңдайды, дефектолог педагог баламен жүргізілетін оңалту сабақтарының әдістемесімен таныстырады. Бала өмірінің алғашқы 1,5 жылдағы жас ерекшеліктері ескере отырып, есту қызметін ПМПК жағдайында объективті әдістермен, шартсыз бағдарлы реакциясын тіркеу негізінде жүргізіледі. Әлі отырмайтын баланың жөргегін шешіп, бөлейтін үстел үстіне жатқызады. Баланың жымиысын, аяқ,қол қозғалысын туғызу үшін сурдопедагог балаға еңкейіп, еркелете сөйлейді. Ол ашық түсті ойыншықты баланың көз алдында 30-40 см қашықтықта оңға, солға аыстырып, баланың көңілін аударады. Көмекші сол сәтте оң немесе сол жағына қашықтықта шарманка дауысын шығарады. Сурдопедагог баланың реакциясын бақылайды. Егер балада ешқандай реакция болмаса, көмекшісі 0,5 м жерге жақындап, қайтадан дабыл береді. Реакциясы болмаған жағдайда тағы да қашықтық азайтылады, естімеген жағдайда баланың құлағынан 5-10 см қашықтыққа жеткенше жақындатыла береді. Қандай қашықтықта алынған дыбысты болмасын тексеруші белгілеп, баланың дыбысты қабылдайтын қашықтықтығын анықтайды. Содан кейін сол дыбысты басқа жағынан шығарып, реакциясын тексереді. Хаттамада баланың реакциясының болмауын, қай қашықтықта пайда болғанын, дыбыс бағытын анықтай алатын қабілетін белгілейді. Содан кейін осындай әдіспен сылдырмақ, сыбызғы, сырнай, ысқырық ең соңында даңғара беріледі. Инклюзивті мектепте оқу процесінің модификациялары мен бейімдеу стратегиялары. Инклюзивті білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру, білім алу жағдайларын жасау табылады. Ерекше назарды инклюзивті сыныптарда оқыту процесін қамтитын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына аудару керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектептерде оқытуды қолдайтын, қалыпты сыныптардың мұғалімдерінің ойынша балаларға, оқу бағдарламасын меңгеруде қойылатын талаптарды жеңілдету керек. Олар, балалардың танымдық процестеріне сүйене отырып көмек беру қажеттілігін түсінгенімен, инклюзия жағдайында оқу процесін ұйымдастырумен байланысты арнайы білімдерді меңгермеген.Яғни, мұғалімдердің мүмкіндігі шектеулі балаларды сегрегациялық оқытуға бағытталуы мен білімдердің қолжетімділігін қамту қажеттілігін түсіну арасында қарама-қайшылық бар. Тәжірибеде оқу үлгермеушілігі мәселесі пайда болады, өйткені даму аутқушылығы жағдайында оқу материалын меңгертуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер дұрыс пайдаланылмайды. Арнайы білімдері жоқ мұғалімдер, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек беруде, педагогика және бастауыш, негізгі орта білім беру әдістемесі тәжірибесінен әдіс-тәсілдерді, бағыттарды пайдалануға мәжбүр. Мұғалімдер оқу тапсырмаларының мазмұнын жеңілдету мен ата-аналардың көмегіне жүгінгенді дұрыс көреді. Нәтижелердің жоқтығы түсінбестікке әкеледі, мұғалімде мүмкіндігі шектеулі бала оқуға қабілетсіз деген пікір қалыптасады, ал бала өзін жайсыз, шеттетілген және «қажетсіз» деп сезінеді. Оқу қиындықтарының басымдылығы, психикалық кері жауаптардың (қозу немесе тежелеу түрінде) адекватсыз көріністерімен толықтырылу жағдайында, мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін күшейтеді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жасалатын жағдайлар,даму бұзылыстарын түзету мен әлеуметтік бейімдеу жолдары қарастырылған Стандарт бойынша инклюзивті мектептерде оқу процесі іске асырылады. Еске салу қажет, инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру мектебінің баланың дамуына немесе дайындық деңгейіне қандай да болмасын талаптар қоюға құқығы жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпыға білім беру сыныбында басқалармен қатар, қосымша үздіксіз түзету көмегін алу арқылы оқып, тәрбиелену жағдайында инклюзивті білім беру процесі іске асырылады.Инклюзивті сыныпта оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау мәселесіне қатысты, Стандартта қолданылатын анықтамалар: Жұмыс оқу жоспары – оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, типтік оқу жоспарының негізінде жалпыға білім беру мекемесі құрастыратын құжат.Міндетті оқу бағдарламасы – типтік оқу инварианттық компонентіне кіретін, әрбір оқу пәні бойынша білімдер, іскерліктер және дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат. Вариативтік оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарының вариативтік компонентіне кіретін, оқу курсы бойынша білімдер, іскерліктер, дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады: жекетұлғалық нәтижелер; жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер; пәндік нәтижелер.Жекетұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелік, әлеуметтену және рухани-адамгершілік, шығармашылық және физикалық даму деңгейлерін психологиялық мониторингі арқылы бақыланып, оның портфолиасына жинақталады.  Инклюзивті мектепте пайда болатын ата-аналардың қиындықтары. «Кәдімгі балалардың» ата-аналары «ерекше балаларды» қабылдауға әрдайым дайын бола бермейді. Өйткені олар алғашқы және негізгі тәрбиешілер болып табылады, сол себепті де егер ата-аналардың өзі өз балаларын даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балалармен бірге тәрбиелеуге және оқытуға теріс көзқараста болса, «кәдімгі балада» төзімділікті қалыптастыру мүмкін емесдесе де болады. Сол отбасында бала адамдармен өзара әрекеттесудің алғашқы тәжірибесін алады, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, жақын адамдарға шыдамды және мұқият қарауға үйренеді, коммуникацияның түрлі амалдарын меңгереді, басқалардың пікірлерін тыңдауға және құрметтеуге үйренеді. «Ерекше балаларды» оқыта отырып, педагог олардың балаларына аз көңіл бөледі,олар мектеп білімдерін толықтай меңгермей көп алаңдайтын болады деген абыржу көбінесе «кәдімгі балалардың» ата-аналарында пайда болады. Ересектер олардың балаларының  «ерекше балалар мен» бірге болуы жалпы тұлғаның қалыптасуына теріс әсер ететіні туралы жиі мазасыз данады. Өз кезегінде «ерекше балалардың» ата-аналарында өз баласына деген қатарластары мен педагогтардың қарым-қатынасымен, баланың өзінің бейімделу проблемаларымен байланысты қорқыныш пайда болады. Осыған байланысты, педагогтардың алдында маңызды: «кәдімгі балалар» ата-аналарының «ерекшебалалар» ата-аналарына деген көз қарасын айқындау міндеті тұр. Мұндай жұмысты ата-аналарға арналған шағын сауалнама жүргізуден бастаған жөн, оның мақсаты «кәдімгі балалар» ата-аналарының инклюзивті білім беруге көзқарасының мүмкіндігін шетолық және нақтыжай-күйін білу болып табылады. Инклюзивті сыныпта пәндік-білім беру ортаны модельдеу ерекшеліктері. Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі бүгінгі күнде аса маңызды мәселелердің бірі.В.А.Ясвиннің ойынша, жеке тұлғаның психологиялық мінездемесі (А.Маслоу бойынша), «педагогтар қолынан шығарылатын», «сапалы затты» модельдеу мен жобалаудың нақты нысанасы болуы мүмкін: қоршаған ортаны белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлай алу; өзін және басқа адамдарды ерекшеліктеріне сай қабылдау; өз ой-пікірлерін және сезімдерін ашық білдіріп, іс-әрекеттернде еркін болу; өзінің ішкі өміріне (сзімдері, уайымдары) ғана емес, «сыртқа» болып жатқан жағдайларға назар аудару; көңілді, әзілкеш болу; дамыған шығармашылық қабілеттер; ережелерді қабылдай алу; тек өзімен ғана айналыспау, басқаларды да уайымдау; өмірді түсінуге ұмтылу; қоршаған адамдармен (барлығымен болмаса да) жақсы қарым-қатынаста болу; өмір сүруде жаңа, қызықты жолдар іздеуге ұмтылу.В.А.Ясвиннің ойынша, мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – әр оқушы үшін дамуына жағымды жағдай жасау арқылы оқу процесін модельдеу. Білім беру ортасы балаға дамуыгдағы түрлі бағыттар бойынша (физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және т.б.) жоғары нәтижелерге жетуге жағдай жасауы тиіс.Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық компонентін модельдеу мен қйымдастыруға Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде назар аударған. Ол оқу мекемесінің кеңістіктік-заттық ортасын қарастырғанда бала мектептің ғимаратының отыратын сыныбы мен орнының және т.б. әдемі болуын, ұнауы туралы айтқан.Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық модельдеуі жекетұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне бірінші болып Мария Монтессори назар аударған. М.Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған. Инклюзивті білім беру ортасын модельдеуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі ерекшеліктеріне назар аудару керек: алғашқы бұзылыстың (кемістіктің) құрлымына; оның көрініс табуына; психофизикалық дамудың мінездемесі мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қимыл-қозғалыс, көру-кеңістік); екіншіден дамыту ортасының концепциясында құрастырылып, ұсынылған талаптарды ескеру; мұнда келесі принциптер ерекше маңызға ие болады:Ортаның көп қызметтілігі мүмкіндігі шектеулі балаларды түрлі әрекеттерге итермелейтін жағдайлар жасалады. Шартты түрде өзіндік іс-әрекеттер орындай алатын балалардың түрлі міндеттерді шешуге негіз болатын дидактикалық материалдар, көрнекіліктер ұсынылады, қолжетімді болып орналастырылады.Жайлылық және тұрақтылық принципі. Ортаның компоненттерінің тұрақтылығы, сенімділік пен қамқорлық сезінуі.Әр баланың даму ерекшеліктерін ескеру принципі. Инклюзивті кеңістікті жобалауда баланың психофизиологиялық даму деңгейін, қызығушылықтарын ескеру керек. Орта баланың өзекті, жақын даму және оның өзіндік даму қажеттіліктерін қамту керек.Коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.Тиімділік пен қолжетімділік принципі. Ортаның әрбір компоненттері жалпы мақсаттарға сәйкес болуы керек. Ерекше балаға дамытатын заттық ортаның қолжетімді болуы – материалдар, кітаптар, көрнекіліктердің қол созымды деңгейден жоғары болмауы.

Кедергісіз білім беру ортасын дамыту.

Қоғам үшін баланың бәрі бірдей. Алайда жастайынан тағдыр тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың өмірге бейімделуі, білім алуы, еңбек етуі, кәсіп игеріп шығуы оңай емес. Мұның барлығы үлкен қамқорлықтың, зор қолдаудың, тынымсыз баулудың арқасында ғана іске аспақ. Мүгедектер мәселесі бүгін ғана пайда болған жоқ, бұрыннан өзекті. Ал бүгіндері мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзгелермен тең дәрежеде қызмет істеу, білім алу құқықтарына ие болып отыр. Мұның өзі еліміздегі жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың жемісі деуге болады.Елбасы Жолдауында «Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы керек» дегенін білеміз. Бұл тек жеке бір мүдделі топтың ғана емес, тұтас қоғамның, әрбір тұлғаның міндеті. Бүгінгі күні ерекше қажеттілігі бар балалардың құқықтарын қорғауға, дамуындағы ақауды түзетуіне, білім алуына байланысты нақты мәселелер біртіндеп өз шешімін табуда. Соның ішіндегі ең өзектісі – инклюзивті білім беру.«Инклюзив» сөзі латын тілінен аударғанда “өзімді қосқанда”, ал ағылшын тілінен аударсақ, “араластырамын” деген мағына береді.Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан басталған. Алпауыт елдер АҚШ пен Еуропа 90 жылдарға қарай инклюзивті білім беру бағдарламасын енгізді. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Сондықтан, мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада айқындалған мәселе, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беру.Инклюзивтің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесі. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Себебі, мүгедек балалардың ішкі шектелулері бар. Олар сырт көзден именеді. Ал біз керісінше, олардың жағдайын түсініп, қолдау көрсетуіміз керек. Осындай игілікті істер жүзеге асқан жағдайда ғана олардың өмірі айтарлықтай жеңілдейтін болады.

Көру бұзылыстарының негізгі клиникалық диагностикасы, түрлері мен себептері. Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр,көруі бұзылған,жүре бара пайда болу.Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады.Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар.Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру анализаторы іс-әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жағдайы қалыс қалады,кеңістікті бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер жайындағы білімнің қалыптасуы заттармен іс-әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып келеді.Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет болып табылады.Көруі бұзылған тұлғалардың оқу және жазу әрекетінде қиындыққа ұшырауы байқалады.Дер кезінде көру бұзылысын түзету бойынша алдын-ала шаралар өтілмесе,көру ақаулығы асқына түседі.Көруі бұзылған тұлғалармен түзету жұмычсын жүйелі жүргізуді қажет етеді.Тифлопедагогика көру мүшесі бұзылған адамның оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым.Олар өз кезегіенде нашар көретін және мүлдем көрмейтін болып 2-ге бөлінеді.Соқыр-бұл адамдарда көру мүшесі,түйсігі мүлдем жоқ.Тек жарық түйсігі бар.Бұлар негізінде екіге бөлінеді:1) екі көзі мүлдем көрмейді;2)жарықты,түсті,бейнені қабылдай алады.

Көру қызметінде бұзылыстары бар балаларды диагностикалау және түзете-дамыту жұмысының технологиялары.

Көрмейтін және нашар көретін балалармен түзету жұмысы педагогикалық үрдіс жағдайында кешенді, жан жақты ықпал ету түрінде жүргізіледі. Түзету жұмысы жалпы дидактикалық және арнайы қағидаларға сүйеніп ұйымдастырылады. Арнайы қағидаларға түзете оқыту, бірінші реттілік екіншіреттілік ақаулықтар, сақталған анализаторларға сүйену және полисенсорлы негіздерін құруға жағдай жасау, қоршаған орта туралы ұғымын қалыптастыру, сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі мен сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру, сөйлеу іс-әрекетінің сақталған (компоненттерін) бөліктеріне сүйену, сөздік материалдың жаңалығын, көлемін, күрделілігін ескеру жатады.

Түзету жұмысында арнайы ұйымдастырылған логопедиялық сабақтардың орны ерекше. Көбінесе жеке сабақтар жүргізіледі. Топпен сабақтарда баланың көру деңгейін, сөйлеу қабілеті, қабылдау тәсілдері және жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.

Тәрбиешілер мен тифлопедагогтар логопедпен бірге сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету жұмыс бағыттарын анықтайды. Сөйлеу мәдениетін дамыту жұмысын барлық сабақтарда жүргізу керек.

Логопедиялық сабақ барысында нашар көретін балалардың сақталған көру мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін рельефті суреттер, «сиқырлы қапшық», дыбысты, буынды, сөзді белгілеуге қажет кубиктер, т.б. көренкіліктер пайдаланады. Түзету жұмысында мына бағыттар қарастырылады:

- есту зейінін дамыту;

- сөз қорын дамыту және молайту, сөздің мағынасын анықтау;

- тиісті ұғымдар мен түсініктерін қалыптастыруға байланысты сөйлеу-қимыл дағдыларын, координациясын, кеңістікті бағдарлауын жетілдіру;

- жалпылама түсініктерін қалыптастыру;

- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын меңгеру;

- байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

- дыбыс айтуын және фонематикалық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сонымен қатар, көруі бұзылған балаларда кездесетін ринолалия, тұтықпа, дауыстың бұзылуын түзету жұмыстары жүргізіледі.

 Көру қызметінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысы.

 Көру анализаторы - барлық ағзаның жұмысын ұйымдастырады және түзетеді. Сол себептен, оның қызметінің бұзылысы басқа ағзалардың анализаторлық жүйесіне кері әсер етеді. Көру патологиясы бар балаларға өзінің көру бұзылысына сенуі – өте ауыр болып келеді. Олар бұл жағдайда басқа анализатордан келген ақпаратты нашар саралайды немесе мүлдем елемейді. Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды – тифлопедагогика деп атайды.Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр,көруі бұзылған,жүре бара пайда болу.Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады.Жүре бара: көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.

Логопедиялық жұмыстың индивидуалды түрлері.

Жеке сабақтар күн сайын логопедтің жұмыс уақытының маңызды бөлігін құрайды. Олар сөйлеу және психофизикалық дамудың басқа да кемшіліктерінің түзілуіне мүмкіндік береді, әр оқушыға терең әсер етеді.Жеке сөйлеу терапиясы сабақтарына нақты талаптар қойылады. Логопед индивуалды сабақтарға дайындалу және өткізу барысында міндетті:Сабақтың тақырыбын және мақсаттарын тұжырымдау;сабақтың кезеңдерін ойластыру, олардың өзара қарым-қатынасы;сөйлеу материалы сыныптарының біртіндеп күрделілігін жоспарлау;сөйлеу кемістігі құрылымын, жасын және жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр балаға дифференциалды көзқарас енгізу;қысқаша және анық нұсқаулықтарды қалыптастыру;түрлі-түсті және көрнекі материалдарды қолдануға; жұмыспен қамтудың жағымды эмоционалдық фонын құра білу. Жеке сабақтардың басты міндеті - дайындық артикуляция жаттығуларының жиынтығын, дыбыс естуді түзетуді, сөздің дыбыс құрылымын, фонемалық естуді дамытуды және фонемалық қабылдауды қалыптастыруды қамтитын сөздің дыбыстық жағын бастапқы қалыптастыру. Жеке сөйлеу терапиясы сабақтарының мазмұнын анықтау, сөйлеу және практикалық материалдарды таңдау, логопед сабақты тек қызықты ғана емес, сонымен қатар баланың сөйлеу белсенділігі бар ең өнімділікпен жасауға тырысуы керек. Мұны істеу үшін, автоматтандырылған дыбысқа бай сөздермен лексика-грамматикалық ойындар мен ойындарды таңдауға болады. Жеке сыныптар, әдетте, келесі қадамдарды қамтиды: біріншіден, бұл артикуляциялық гимнастика, содан кейін саусақты гимнастика, содан кейін дыбысты қалыптастыру немесе автоматтандыру бойынша жұмыс бар. Лексикалық материалда бекітілуі мүмкін дыбыстың ең көп саны болуы керек. Сөйлеу жаттығуларының қарқынын баяу, шамадан тыс айтылғаннан тезірек айтуға көшу және ақыр соңында,жаңылтпаштармен жұмыс. Мұндағы талап- лексикалық материалды біртіндеп күрделендіреді, сөйлеу белсенділігінің қарапайым түрлерінен күрделі түрлерге ауысу - логопедтен кейін сөздерді қарапайым қайталаудан, объектілерді, сипаттамаларды, өлеңдерді атауға, суреттерден әңгімелер жасауға мүмкіндік беру. Жеке сабақтар аптасына кем дегенде үш рет Р.Е. бойынша екінші деңгейлі сөйлеудің жалпы дамымаған студенттермен өткізіледі. 

Мемлекеттік және мемлекеттік емес көмек беру жүйелері

мүгедектерге және бала кезінен мүгедек балаларға еңбек лагерлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. аму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.Үкіметтік емес ұйымдар (КЕҰ) кәсіби ерекшеліктермен (кәсіподақтармен) шектелмеген және мемлекеттік билікке (саяси партияларға) ұмтылмаған коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар. Әдетте, ҮЕҰ нақты, әлеуметтік маңызы бар мақсаттар мен міндеттерді қойып, олардың қызметін басшылыққа алады.ҮЕҰ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бос орындарын толтырады. ҮЕҰ қызметі мобильділік пен серпінділік, бастамашылық және өзін-өзі қамтамасыз етуімен сипатталады.Қазақстан Республикасында ҮЕҰ демократиялық өзгерістерге маңызды рөл атқарады. Өзінің дамуында үкіметтік емес сектор бірнеше кезеңнен өтті. Әрбір саты сапалы ауысыммен және мемлекетпен белгілі бір дәрежеде өзара әрекеттесумен сипатталады.Үкіметтік емес сектордың қалыптасуының бірінші кезеңі 1980 жылдан 1994 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Отандық және шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, осы уақыт ішінде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар құрылды.

 Мониторинг бала дамуын қадағалау процесс ретінде.

 Ауытқушылықтары бар балаларды нақты дағдыларға үйрету мен сабақтарды ұйымдастыру - өте қиын және аса маңызды міндет. Бұзылыстары бар балалардың қажеттіліктерін ескерумен бағдарламалардың бейімделуі барлық кезде дұрыс болып шықпайды. Кейде қолданылатын бейімдеу тәсілдері жағымды нәтижелерді өзгертеді, кейде нәтижелер күтулерге сәйкес келмейді. Сондықтан, бейімдеу көмегімен алынған нәтижелер міндетті түрде мониторингтен өткізілуі тиіс.                                                                                 Мониторинг - бір немесе бірнеше балалардың дамуын немесе қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгеруін қадағалау процесі.                                                                     Мониторингтің мақсаты - баланың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін және білім беру мекемесінде ұйымдастырылатын білім беру процесінің баланың дамуына әсерін анықтау.                                 Мониторингтің нысанасы болып баланың физикалық, интеллектуалдық және жекетұлғалық қасиеттері табылады.                                                                                                                                    Мониторинг екі компоненттен тұрады: білім беру процесінің мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгерудегі нәтижелерді қадағалау); бала дамуының мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгеру курсынан соң баланың интегративтік қасиеттерінің дамуын бағалау негізінде жүргізіледі).                                                                                                          Мониторингтің түрлері: баланы бақылау; әңгімелесулер; эксперттік бағалаулар; тесттік емес типтегі әдістемелер; көрсеткіштерді анықтауға бағытталған тесттер; скрининг-тесттер.      Мониторинг екі деңгейде іске асырылады.Біріншіден, балалардың бейімделген іс-әрекет түрлеріне және сабақтарға қатысуын үнемі мониторингтеу, әдетте бұл балалардың барлық іс-әрекет түрлерін тікелей кәсіби бақылау. Жиі қатысу (қатыспау) мөлшері (ұзақтылығы), күту уақыты және т.б. өлшенеді.Мониторингтің екінші деңгейінде балалардың үйренген іскерліктері және өзара байланыстарды меңгеруі мен пайдалануы қадағаланады. Балалардың үлгерімін (дамуын) мониторингтеудің бірқатар жүйелері бар. Таңдау қандай мәлімет жинақтау қажет және де оған қанша уақыт жұмсалатынына байланысты, бірақ, қалыптыдан ауытқушылығы бар балалар жағдайында, белгіленген мақсаттар бағытында баланың жылжуын формальды мониторинг шеңберінде қадағалау қажет. Әдетте мониторинг балаларды күнделікті өмірлік іс-әрекеттер процесінде тікелей кәсіби бақылау арқылы іске асырылады.Мониторингті күніге, апта сайын, әр екі апта сайын және т.с.с. өткізуге болады. Мониторингтің жиілігі бақыланатын іскерлік пен баланың даму жылдамдығына байланысты. Егер бала жеткіліксіз жылдамдықпен дамымаса, онда педагогтарға бағдарламаға өзгерістер енгізуге тура келеді.Балалар нақты іскерлікті меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда мониторингті жиі жүргізу қажеттілігі туындайды. Егер даму процесі шамамен тұрақты жүріп жатса, онда мониторинг сирек өткізіледі. Жиі өткізілетін мониторингтің мақсаты - сабақтарға немесе оқу процесіне енгізілуі қажет өзгерістерді анықтау. Балалардың дамуының мониторингін табиғи ортада, күнделікті сабақтар және өзара байланыстар барысында өткізу керек. Мониторингке мәлімет бақылаулар, күнделікті жүргізілетін жазбалар, ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлерін анықтау арқылы жинақталады.

 Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу шарттары.

Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай – ақ арнайы білім беру бағдарламасы бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қ.Р Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдару қызметінің үлгілік қағидаларына»баяндалған.Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңес беру ұстанымдарын ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттілітері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі қағидаларға негізделеді: баланың мүдделерін сақтау, жүйелілік, үздіксіздік, вариативтілік, көмекті көрсетудің вариативтік сипаты.Жаңартылған білім беру мазмұнында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде оқу жетістіктерін анықтауда да критериалды бағалау жүйесі қолданылады.Жалпыға білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде,тірек – қимыл аппаратында бұзылыстары бар,психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.Осыған орай МЖМБ сәйкес білім беру сапасын арттыру барысында жұмыстың маңызды бағыттары білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру,тез өзгеретін әлемде табысқа жету мүмкіндіктерін ашу.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосудағы кедергілер.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысына жалпы білім беретін мектептер түрлі қиыншылықтарға тап болатыны анық. Нақты айтатын болсақ:Біріншіден, баланың отбасы жағдайындағы хал – ахуал.Бұл ретте ата – ананың инклюзивті білім беру туралы түсінігінің алуан түрлілігі немесе баланың бұзылысына көз жұма қарауы және баланың денсаулығындағы түрлі ауытқулар мен бұзылыстарды мойындамаынан қиыншылықтар туындайды. Себебі ата – ана жалпы білім беретін мекемелерден тек сапалы білім беруді сұрайтындықтан, арнайы сыныпқа отырғызылған балаларының ұстаздарынан және түзету сабақтарын жүргізетін мамандардан тек сабақ үлгерімін талап етеді.Екіншіден, дамуында әр түрі бұзылыстары бар балалардың психологиясын білмей, педагогикалық білім беруді толыққанды деп айтуға болмайды. Инклюзивті білім алатын әрбір баланың психологиясына, яғни жан дүниесіне үңілу, жан күйзелісін түсіну керек.Үшіншіден, педагогтар тарапынан жіберілетін кемшіліктер салдарынан туындайтын кедергілер. Инклюзивті кіріктірілген білім жүйесін әр педагог ең әуелі өзі түсінуі тиіс. Сан жылдар бойы ұстаздардың түсінігінде жақсы және наша деген ұғым қалыптасқан. Яғни, жақсы оқитын жақсы және нашар оқитын оқушы.Төртіншіден, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетінің төмендігінен туындайтын қиыншылықтар. Сынып оқушыларының пікірлері мен ол балаларға деген көзқарастарының да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар орталарына келген даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дұрыс қабылдап, мазақтау немесе кемсіту сияқты түрлі келеңсіздіктерге жол бермеулері керек. Балалар арасындағы ахуалдың дұрыс болуына осы ретте сынып жетекшісінің көмегі мен қолдауы қажет болады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері.

БалаҒа үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.Ал, мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді. Ата-ана тарапынан ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық сияқты қасиеттер болуы тиіс.Отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз « ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық оймен түйе білген. Кемістің түріне де және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады.Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді тікелей түзетуге ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Бірақ жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін.Баланың түзету дамыту жұмыстарының бір түрі ересектер мен құрбылардың ықпалы. Ересек балалар үшін қайталау обьектісі. Яғни жүріс – тұрыс, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек , дұрыс іс-әрекетте қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет.Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді тәсілдердің қатарына жатады. Мысалы, баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты тапсырма беру.Педогогикалық қолдау әдісін қолдана отырып, ересек адам бала тұлғасын, оның тәртібін негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті қолдайды анық және ашық түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді. Оқыту мен тәрбиенің түзету әдістері баланың күн тәртібін және ұстаз тұлғасына сәйкес өзгеруі.Дұрыс ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның кемшіліктерін түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады. Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың психоэмоционалдық жағдайына жағымды әсер етеді. Күн тәртібі икемді, көп вариантты, келеңсіз жағдайлары ескерілуі тиіс. Күн тәртібі үшін уақыт дұрыс анықталуы тиіс. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған жөн:Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзетуЕкінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл-күйіне назар аудару керек.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімділік нәтижелерін қадағалау әдістері.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелері арқылы дамуын анықтау және қадағалау түрлі арнайы әдістер мен тәсілдердің көмегімен, мамандардың ұсыныстарын ескеру мен қадағалау арқылы, балалар оқитын жалпыға білім беру мекемелерінің педагогтарының көмегімен іске асырылады.Әңгімелесу – ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері туралы мәліметті педагогқа ата-аналармен (педагогтармен) пікірлесу барысында алуға мүмкіндік беретін әдіс. Жиі ата-аналардың немесе педагогтардың өздері, педагогқа кеңес алу көмегіне жүгіну барысында, әңгімелесу инициативасын білдіреді.Әңгімелесудің мақсаты – баланың дамуы жайлы, оны оқыту мен тәрбиелеу процесінде ата-аналар мен педагогтар кезігетін мәселелердің мінезін, деңгейін, себептерін талқылауда ой-пікірмен алмасу. Әңгімелесудің нәтижелері бойынша педагог баланы әрі қарай зерттеу жолдарын белгілейді.Әңгімелесуді жүргізу барысында педагог келесі талаптарды ескеруі керек:1) әңгімелесу ата-аналардың (педагогтардың) қызығушылығын оятып, арттыруы тиіс;2) әңгімелесуді өткізу кеңістігі (орны) мен жүргізу уақытын белгілеп, ұйымдастыру керек;3) әңгімелесудің нәтижелілігі ата-аналардың (педагогтардың) белсенділігіне тәуелді;4) педагог ата-аналардың тәрбиелік әрекеттерін ашық сынамау керек;5) әңгімелесуден күтілетін нәтижелердің жылдам орындалмайтыны /орындалатыны туралы айтылу керек;6) әңгімелесуге ата-ананың екеуі де (мүмкін болғанда) қатысуы керек;7) ата-аналарда (педагогтарда) баланың психофизиологиялық ерекшеліктері мен оның қиындықтары туралы нақты пікірлер қалыптастыруға ұмтылу қажет;8) келесі кездесулерді жоспарлап, міндеттерін анықтау қажет.Интервью түріндегі сауалнама - ежелгі анықтау әдістерінің бірі. Сауалнаманың көмегімен ерекше қажеттіліктері бар бала туралы объективті (дәлелдер, мәліметтер) және субъективті (пікірлер, ұстанымдар) жинақтауға болады. Сауалнама әдісін келесі көрсеткіштеріне сай жіктеуге болады: мәліметті ауызша немесе жазбаша түрде жинақтау, стандарттау деңгейіне байланысты жеке немесе топтық мәліметті жинақтау, сауалнама әдісін бір немесе көп рет қолдану арқылы мәлімет жинақтау.Сауалнама стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді. Стандартталған сауалнама - зерттелу мәселесі бойынша жалпы мәлімет береді, стандартталмаған сауалнама - бірінші түрімен салыстырғанда, қатаң шеңбері жоқ әдіс..

Психикалық дамуы тежелген балаларға көрсетілетін ерте логопедиялық көмектің түрлері.

Психикалық даму тежелуі мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден–бір көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Олар кемақылдар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды. Психикалық дамуы тежелген балаларды жан – жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіптен кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы төмендей бастады.Осы кезде шет елдерде оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «оқу қабілеті төмен, оқуда қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады.Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік–үлгермеушілік. Оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психологиялық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбінесе 5–6 жастан 11–12 жас аралығында кездеседі. Олардың кемақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін, Сухарева Г.Е «психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТБ)», немесе біздің елдегі дефектология саласында қалыптасқан психикалық дамуы тежелген» деген терминді енгізді.Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл балалардың интеллектуалды дамуының зақымдану дәрежесі – олигофрения мен интеллектісі қалыпты дамыған балалардың арсындағы аралық орын алады, (яғни, интеллектісі кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты дамыған интеллектіден көп төмен).

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін анықтау және түзету жұмысындағы технологиялар.

Психикалық дамуы тежелген балалар мәселесін жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 1960 жылдардан басталған. Осы жылдары енгізілген орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуіне алып келді, соның нәтижесінде көптеген балалардың сабақ үлгерімі төмендеді. Тіптен, кейбіреулері бағдарламаны игере алмады, білім сапасы күрт нашарлады. Осы кезеңде шет елдерде де оқу үлгерімінің сапасы мен білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы «оқуға қабілеті төмен», «оқытуда қиындықтар кездеседі», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың бәріне тән кемістік – үлгермеушілік. Ал оның басты себебі – кіші мектеп жасында анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптаспауы. Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Оларды ақыл-ойы кемістігінің жеңіл түрлері бар балалардан ажырату үшін, Сухарева Г.С. «Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТБ)» немесе «Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалар» деген терминді енгізді. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады Психикалық дамуының кешеуілдеуі – бұл психологиялық-педагогикалық ұғым. Көптеген авторлардың айтуынша, ол психикалық немесе психомоторлық функциялардың жеткілікті дамымауын және қандай да бір жағымсыз факторлардың әсерінен болатын ми жүйелерінің баяу жетілуін көрсетеді. Қазіргі мәліметтер бойынша, балалар популяциясында түрлі генезді психикалық дамуының тежелуі бар балалар саны 10-15% құрайды.

Психикалық дамуы тежелген ерте жастағы балаларды диагностикалау және түзете -дамыту жұмысының технологиялары.

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің коррекциялық бағыттары арнаулы білім беру мекемелеріндегі диагностикалық, тәрбиелілік, коррекциялық-дамытушылық, сауықтыру және білім беру міндеттері арқылы жүзеге асады.Диагностикалық міндеттер балаға медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу мен жеке даму бағдарламасын құруда жетекші қызмет атқарады.Тәрбиелілік міндеттер баланың әллеуметтенуін, ата-анасы мен қарым-қатынасын құру арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуді қамтиды.Коррекциялық міндеттер бала психикасы мен әрекетін компенсациялау, кемшіліктерді түзету, танымдық қабілеттерді дамытады.Сауықтыру бағытындағы жұмыстар бала денсаулығын жақсарту, емдеу, профилактикалау жұмыстары орындалады.Білім берушілік міндеттер бала әрекетінің барлық түрлерін дамыту, мектепке оқуға дайындау, жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқыту мен тәрбиелеу арқылы шешіледі. Күн сайынғы жүргізілетін сабақтарда сүйенетін принциптерге талдау жүргізе отырып, біз, мынадай принциптерге сүйендік:Жүйелілік және бірізділік принципі.Бұл принцип келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты;

Психиканың қалыптасуындағы жасерекшеліктік заңдылықтары.

Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз.Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт дәстүрін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізінде, адам болымысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет.Психологияның ерекшеліктерін, ежелден адам арқылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретітін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда-адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады, Осылайша психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені болса да, келешегі де зор.

Психологиялық және логопедиялық анықтау әдістері.

Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс.Психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуедлік көптеген әдіснамалық құралдарымен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріңістердің бірлігінде зерттеледі. Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары бойынша кез келген психикалық құбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың бірлігінде қаралыстырады. Психологияның негізгі қағидаларының бірі -детерминизм қағидасын (психикалық құбылыстардың себептік тәуелділігі) іске асыру психологиялық зерттеулерді объективтік принципке сәйкес құру болып табылады. Объективтік қағида адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға болады. Объективтік қағида зерттеулерде қолданылатын әдістер және зерттеушінің көзқарасын алынған нәтижелерге әсер етуін талап етеді.Логопедияның зерттеу нысаны- сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.Сөйлеу тіл бұзылыстарын физиологтар, невропатологтар, психологтар, лингвистер және т.б. зерттеп, қарастырады. Бұл ретте олар сөйлеу тіл кемістігін өз ғылымдарының мақсатына байланысты қарастырады. Логопедия болса сөйлеу тіл кемістігін арнайы ұйымдастырылған құралдар,тәсілдер арқылы алдын алу және түзету тұрғысынан қарастырады, сондықтан ол арнайы педагогикаға жатады.Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.Логопедияның ғылым ретіндегі анықтамасына байланысты төмендегідей міндеттердібелгілеуге болады:-сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;- қазақ тілді қалыпты дамыған және әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалардың сөйлеу іс-әрекетінің онтогенезін зерттеу;- дамуында әр түрлі ауытқуы бар қазақ тілді балалардың (зияты, естуі, көруі, тірек-қимылы бұзылған) сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

Сәбилік, ерте жас балаларымен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысындағы технологиялар.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды.Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.Дамудың туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген. Неонатальды хирургияның дамуына қарай 3 жылда ота жасалған нәрестелер көрсеткіші 50%-ға ұлғайып, хирургиялық патологиядан қайтыс болған нәрестелер көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеді.Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге «ашық жүрекке» ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәслдермен түзету шаралары іске асырылуда.

Сәбилік, ерте жастағы балаларды диагностикалау және түзете -дамыту жұмысының технологиялары.

Жана туған нәресте және оның күтімі. Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз күш- қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің біршама бірқалыпты демалысы орнығады.
​Толық жетіліп туған баланы орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге дейін, бойы 50-52см. Аралығында өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең болады. 
Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен оның өсуі туған кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып өседі, бірақ алі де жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің жетіліп дамуы бірте-бірте артады.
 Сәбидің алғашқы жылғы өмірінде ас қорыту органдарының қызметі шектеулі болуына байланысты тамақтану мен ас қорыту тез бұзылады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.Өмірінің алғашқы жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларды қимыл қалаптасады, сөйлеу элементері пайда болады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.
Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, бұл айына 200-250 гр шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ қосу бұдан да баяу болады, жылына 1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 жасқа арай баланың салмағы бір жастағысынан екі есе өседі,яғни бала 20 кг-ға жуық салмақ тардады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас шеңберінің деректірі 1,2 –таблициаларда келтірілген.
  Баланың өсіп – жетілуін бақылау үшін оны балаларға арналған салмақ өлшегіште ұдайы және жиі-жиі өлшеп тұру керек. Баланың салмағын өлшер алдында, үнемі бір уақытта өлшеу керек. Салмақ туралы мәліметтерді медбиеке өсіп жетілу тарихының арнаулы бетіне, салмақтың қисық өсуін өте көрнекті етіп, сызып көрсетуі керек.


Сөйлеу тілі тежелуін ерте анықтау.

Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.

Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері.Тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады:
А)табиғи тіл кемістіктері (органикалық);Б)функционалды тіл кемістіктері;Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру -логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Жиі кездесетін күрделі сөйлеу тіл кемістігін түзету үшін арнайы мамандардың кешенді көмегі қажет.Сол үшін баланы жан-жақты,толық тексеру керек.Медициналық,психологиялық және педагогикалық диагностикалар арасында шектес ғылымдар сияқты тығыз байланыстар бар.Сол үшін неғұрлым толық хабар алу үшін кешенді медициналы-психологиялы-педагогикалық диагностика қажет.Диагностика – бұл диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі. Біріншісі – диагнозды қою,бұнымен теоретикалық диагностика тығыз байланыста.Екіншісі–тәжірибелік диагностиканың шұғылданатын диагнозды қою әрекетінің өзі. Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік, әдеттегіні көру. Диагностың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты,ортақтықты, типтілікті көру, анықтау.
«Диагноз» - бұл әрқашан жалпы сипаттағы нақты жағдайды анықталған құбылысқа, көрініске әкеліп,жеткізіп,қорытындысын шығару. Әдетте жинақы,біртұтас,тұтастық диагноз көптеген жекелікті жинақтау нәтижесі, қорытындысы ретінде пайда болады. Педагогикалық диагностика өзінің мақсаты, міндеті, қолдану саласы бар ретінде қалыптасып, ғылымға дербес,жеке сала ретінде 20 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» Заңына сәйкес Қазақстанда өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ дамуында мәселесі бар балаларға диагностикалық-түзете дамыту көмегін көрсету үшін ерте жастағы балаларға ерте көмек көрсету жүйесі ендіріле бастады.Балалар емханаларында және алғашқы медициналық-санитарлық мекемелерінде балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін анықтауды ұйымдастыру: балалардың кемшіліктерін дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда кешенді түрде терең зерттеу және көмек көрсету үшін оларды ПМПК-ке жіберу.Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс.Скринингті тексерудің міндеттері: сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды анықтау;оларды терең зерттеп, кешенді тексеру және түзете дамыту,тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жолдама береді.Сөйлеу тiлiнiң бұзылуын саралауды, сөйлеу тiлiнiң даму ерекшелiктерi мен деңгейiн, сондай-ақ оның интеллектуалдық даму деңгейiне сәйкестiгiн анықтауды логопед басқа мамандармен жүзеге асырады.Сөйлеу тіл кемістіктерін анықтау үшін невропатолог дәрігердің тексеруінен өткен дұрыс.Себебі бұл сөйлеу тіл кемістіктерінің себептерін анықтап,балаға қажетті емдеу жолдарын көрсетеді.Сөйлеу тіл бұзылымдарының себептерін анықтағаннан кейін, психофизиологиялық еркешелігін,олардың потенциальды (ықтимал,болуы мүмкін) -ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, мүмкіндігінше кемістігінің орнын толтыруға, қалпына келтіруге жағдай туғызып, түзету жолдарын қарастырады.Тіл кемістігі бар балаларды ПМПК жағдайында диагностикалау және кеңес беруді ұйымдастыруда, жұмысын құрудың жалпы қағидаларына (тәртіпаралық және отбасы-орталық) сүйенеді.Тәртіпаралық тексеру ПМПК пен әр саладағы мамандардың бірлесіп тексеруі, оның нәтижесін талқылағаннан кейін шыққан ақырғы қорытынды мен нұсқауды бекітуді ұсынады.Дамуында кемістігі бар балалармен емдеу және түзету жұмыстары ертерек басталса,соғұрлым жетістіктері сәтті болады.Баланың дамуындағы ерте кезеңінде көрсетілген психологиялық-педагогикалық көмектер кемістіктерді жартылай немесе толықтай жеңуге мүмкіндік туғызып,балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін дамытып, мүмкіншілігі шектеулі балалардың санын азайтады.Қорытындылай келе ерте коррекциялық араласу медициналық-психологиялық-педагогикалық абилитация және реабилитация көзқараста ғана емес, сонымен әлеуметтік-экономикалық және этикалық көзқараста тиімді демекпін.

 Сөйлеу тілі, есту бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін қазіргі жағдайы.

Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар.1) Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.2) Баланың терісі-құрғақ, таза болуы керек. Массаж жасаушының қолы таза, жылы, жарақатсыз болу тиіс.3) Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл, күн сайын немесе күн аралық. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.Қол моторикасын дамытуға арналған графикалық диктант баланың тіл мүкістігін, жазу бұзылуын түзетуде айтарлықтай ықпал етеді. Жаттығудың бір түрі мынадай: Алдымен қолды суық және ыстық суға салып алмастыру керек. Осыдан кейін ермек саз, сурет салу немесе графикалық жаттығуларды жасаймыз. Қамырмен жұмыс жасау да пайдалы. Қамырды домалату, сығу, содан кейін үш саусақпен кішкентай бөлшектерге бөлу арқылы саусақтарды жазуға дайындауға болады. Немесе моншақты, түймелерді жіпке тізу. Мұндай жаттығулардың баланың дамуына септігі көп.Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті - балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.Қимылды ойындар. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.

Сөйлеу тілі, көру бұзылыстары бар балаларды диагностикалау және түзете-тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктері.

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде мамандар түзету жұмыстарын жүргізуі қажет. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миыныңжұмысістеуінекүштіықпалетеміз. Сондай ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбыты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінң бұзылуымен қатар, нервті – психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатыны да назар аудару қажет.Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сипау, сылау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай – ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз – өзіне массаж түрлері жасалады, ал қол моторикасын дамытуға арналған графикалық диктант баланың тіл мүкістігін, жазу бұзылуын түзетуде айтарлықтай ықпал етеді. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолдануды ұсынған. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген: дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастыру, драматизм- ойындары,рөлдік-мағыналық.Көру қабілеті бұзылған балалар мектебінде қолданылатын арнаулы оқыту құралдары:соқырлар үшін рельефті- нүктелі шрифтімен берілген түрлі оқулықтар, оқу құралдары, суреттер, сызбалар;нашар көретін балалар үшін рельефті және түрлі-түсті жазумен берілген оқулықтар,үлкейтілген шрифтімен жазылған арнайы оқулықтар.Математиканы оқыту бағдарламасының ерекшеліктері:дайындық сыныбының ұзартылуы;микрожәне макро кеңістікті бағдарлау дағдысы мн тәжірибесін қалыптастыру;заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлауды өлшеу, сызу дағдылары арқылы дамыту, заттың формасы, көлемі, саны,қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру.Қоршаған ортаме таныстыру жұмыстарының ерекшеліктері:нашар көретіндерге экскурсия, практикалық сабақтарды санын арттыру, көру органының анатомиясын, физиологиясын оқыту, жолда жүру ережелерін оқыту, қимыл – қозғалысқа түсу ережелерін игерту сабақтарын жүргізу.

Сөйлеу тілінің дамуында бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзете-тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктері.

Логопедия - бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым.Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология, педагогика және т.б. ғылымдар негізінде жұмыс атқарады. Бұл ғылыми пәндер логопедияға сөйлеудің бұзылуының механизмдері мен кұрылымдарын ғылыми түрде негіздеуге, сөйлеуді дамыту, түзету мен қайта қалпына келтірудің ғылыми әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептерін анықтап, сонымен қатар сақталған функцияларын орнына келтіру, дамыту мүмкіншіліктеріне негізделеді.

Сөйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмдер жүйесінің зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі. Логопедияның ғылым ретінде қалыптасуы Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, О.П. Правдина, Р.Е. Левинаяның есімдерімен тығыз байланысты.Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер - есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің - дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу - есту және сөйлеу - қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.

Сөйлеу тілінің тежелеуін ерте диагностикалау және түзету.

Сәбилік кезеңінде сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуі байқалады, яғни сөйлеу тілінің нышандарының жас ерекшеліктерінің нормаларына сәйкес келмеген жағдайы. Тежелудің бұл түрін белгілеу баланың психикалық дамуының онтогенезінде сөйлеу тіліне дейінгі кезеңнің болуы туралы тұжырымға негізделеді. Сөйлеу тіліне дейінгі тежелу сөйлеу тілінің барлық немесе кейбір алғышарттарының баяу қалыптасуымен түсіндіріледі. Бұл кезде сөйлеу тілінің дамуы онтогенездің барлық кезеңдерінен өтеді, бірақ ақырын. Сөйлеу тілінің нышандары жеткіліксіз дамығандығын келесі белгілерден анықтауға болады: бала айқайы мен жылауы әлсіз, бір қалыпты, интонациясы мәнерлі емес, сонымен бірге гуілдеу мен былдырлауы толыққанды емес, сәби өзіне қарап сөйлеген адамдарға қызығушылық танытпайды, олардың сөйлегендеріне еліктемейді, қарым-қатынас орнату үшін дыбыстауды өолданбайды, жалпы айтқанда, коммуникативті тұрғыдан енжарлығымен сипатталады.Сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз 4 жасқа дейінгі сөйлеу тілі дамуының нормадан қалуы. Мұндай тежелістер түрлі себептерден болуы тиіс. Мысалы, сөйлеу тіліне сұраныс болмаған жағдайда, яғни баламен ешкім сөйлеспесе немесе оның қалауы мен тілегін тауып біліп, өз қажеттілігін сөзбен айтуға ынталандырмаған кезде. Сөйлеу тілінің тежелуі осы қызметке жауап беретін жүйке жасушаларының баяу пісіп жетілуінен де, бас миының ауруы мен зақымдалуынан да болады. Жиі кездесетін себептердің бірі- есту қабілетінің зақымдалуы. Сөйлеу тілі есту негізінде қалыптасқандықтан, естуінде ауытқулары бар баланың сөйлеу тілінің дамуында да тежелістер мен кемістіктер пайда болады. Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері.

 Түрлі бағыттарда міндет атқаратын мамандардың біріккен жұмысы

Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары деп баланың мәселелерін шешуде кешенді бағытты қамтитын, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру процесінің субъектісіне (бала, топ, сынып) жетекшілік жасауға бағытталған түрлі мамандар мен педагогтардың біріккен іс-әрекеті саналады. Сонымен мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпыға білім беру процесінде педагогикалық қолдау көрсетудегі мамандардың өзара байланыстары психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жүйелі әсер деп қарастырады. Жүйелі әсер түрлі мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) бірігіп жұмыс жасауы арқылы іске асырылады. Мамандар пәнаралық бағыт процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің стратегиясын, тактикасын, мазмұнын және динамикасын құрастырады, мүмкіндігі шектеулі баланың және оның отбасының мәселелерін кешенді және нәтижелі шешеді.Мұндай өзара байланысқа кіреді: баланың мәселелерін анықтау мен шешуде, түрлі бағыттағы мамандардың көмегін ұсынуда кешенді жұмыс жүргізу; баланың жекетұлғалық және танымдық дамуын талдауда жан-жақты жұмыс жүргізу; баланы жалпы дамытуға және оқу-танымдық, тілдік, эмоционалды-еріктік және жекетұлғалық аймақтарының кейбір қырларын түзетуге арналған кешенді жеке бағдарламаларын құрау.Өзара байланыс түрлі міндеттерді реттеу мен нәтижелі шешуге мүмкіндік береді:мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өткізу және оларды білім беру процесіне қосу жағдайын анықтауға, сонымен білім беру бағдарламаларын және инклюзивті сыныпқа (топқа) оқу-әдістемелік кешенін таңдауға;оқу құраладры мен дидактикалық материалдарын оқушыларға бейімдеу;жалпыға білім беру мекемесі мамандарының кәсіби құзыреттілігін жоғарылатуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;біріккен іс-шраларды жоспарлау және ұйымдастыру (пәнаралық консилиумдар, оқыту және тәжірибелік семинарлар, әдістемеік бірлестіктер және т.б.);жалпыға білім беру мекемелеріндегі инклюзивті тәжірибені бағалау және мониторинг жүргізу;барлық, нақты шешімдерді қажет ететін сұрақтар бойынша білім беру процесінің жалпы сапасын жоғарылату үшін, оның барлық қатысушылары: әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналар;үнемі бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасайды;

Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларға көрсетілетін ерте логопедиялық көмектің ерекшеліктері.

Логопедиялық жұмыста бала дамуына сөйлеу тілі, қимыл психикалық бұзылыстардың өзара әсер етуін ескеру аса маңызды. сабақтарды жүргізіп, сәйкес құжаттарды толтырумен айналысады. Логопедиялық жұмыссөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен қатар, оның барлық жағын (лексика, грамматика, фонетика), психикалық, сенсорлы функцияларын жетілдіруге бағытталған. сенсорных и психических функций. Сөйлеу тілі терапиясы, қимыл функцияларын дамытуға арналған емдік шаралардың тығыз байланыстағы бірлігіне негізделген. Онтогенетикалық кезектілік және кезеңділікпен логопедиялық әсер ету сақталған функцияларға сүйенеді. Логопедиялық жұмыстағы бағыт – сөйлеу тілі дамуының өзекті деңгейі. Артикуляциялық моторика бұзылыстарын және қол саусақтарының функциональды мүмкіндіктерін дамыту және түзету бойынша жұмыс міндетті, қимыл-кинестетикалық анализатор қимылдарын белсендіру маңызды. Себебі, ол артикуляциялық праксисті басқаруға мүмкіндік береді. тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар:3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес,3жастан жоғары -12 баладан артық емес;- зияты бұзылған ( ақыл –ойы кем) балалар;3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес. Логопед психоневрологпен, топ тәрбиешілерімен тығыз байланыста болып, топтық , шағын топтық және жеке Логопедтің міндеттері:1. Әр баланы, сөйлеу картасына тексеру нәтижелерін белгілей отырып, тексеру.2. Алдын ала жоспарды және логопедиялық сабақтардың кестесін құру.3. Баланы қайталап тексеру (1-ші тоқсан соңында), логопедиялық қорытынды анықтау (нақтылау).4. Балаларға арналған логопедиялық тәртіпті орнату.5. Сөйлеу тіл кемістіктерін түзету бойынша жеке, топтық, шағын топтық логопедиялық сабақтарды жүргізу.6. Мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарға кеңес-әдістемелік көмек көрсету.7. Динамикалық тексеру жүргізу және балалардың сөйлеу тілінің қорытындысын дәрігер, ЕДШ әдіскерлерімен, тәрбиеші, ата-аналармен.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларды диагностикалау және түзету жұмысының технологиялары, бағыттары мен міндеттері.

Шетелде инклюзивті сыныпта оқыту модельдері.

Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі. Француз тілінен аударғанда «Инклюзив» сөзі-өзімді қосқанда ал, латын тілінен аударғанда -қосамын деген мағынаны білдіреді [1]. Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 3163; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!