Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 35 страница



  Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау үшін мұғалім төмендегілерді білуі тиіс:

- оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру принциптері мен жолдарын;

- оқу жобаларын ұйымдастыру әдістемесін;

- жобалау барысында оқушылар әрекетін жоспарлауды;

- жобалау барысын жүйелі бақылау жолдарын;

- қажетті дидактикалық құралдар және жоба ресурстарын даярлау жолдарын;

       Қорыта айтқанда, бағалау форматы, субьектілері, өлшемдері әрбір жоба бойынша оның ауқымы, мақсаты, мерзімі, т.б. жағдайларға байланысты таңдалып, құрастырылып отырады.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жобалау жұмысын бағалаудың ерекшіліктері

2. Жобаларды бағалаудың өлшемдері

3. Оқушыларды жобаларды бағалауға тартудың маңызы

4. «Бағалау парақтарының» түрлері мен айырмашылықтары

5. Жобалау әрекеті барысындағы оқушылар портфолиосының мазмұны

6. Жобалауды бағалаудағы мұғалімнің ролі

7. Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері

8. Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау 

 

 

 

Төртінші тарау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде.

2. Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі

3. Оқушылар – жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.

4. Жобалау барысындағы педагогтың іс - әрекеттері

5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері

6. Оқушылардың жобалауәрекетінің құрылымы

7. Жобалау және ғылыми зерттеу

8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік

9. Жобалау және шешім қабылдау

10. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.

11. Оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын білім беру нәтижелері

12. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттері

13. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері

14. Оқушылардың жобалау әрекетіндегі «субъект» және «объект» ұғымдары

15. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны

16. Сыныптан тыс жобалар.    

17. Жобалау және рефлексия

18. Оқыту үрдісіндегі жобалау     

19. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.      

20. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің жобалық-ойындық сипаты

21. Мектеп тәжірибесіндегі жобалаудың түрлері

22. Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы

23. Оқушылар жобасының сипаттамалары мен типтері

24. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері

25. Оқушылар жобасын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі

26. Жобалау және модельдеу

27. Оқушылар жобаларының мерзімі мен ұзақтығы

28. Жобалау әдісін оқытуда пайдалану ерекшеліктері. Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру

29. Жобалау әдісін зерттеушілікте пайдалану талаптары.

30. Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қараудың маңызы

31. Жоба тақырыптары мен мақсатының сәйкестігі

32. Жобалау идеясы мен жобалау әрекетінің өнімі

33. Оқушылар бойында қалыптасатын жаңа құзыреттілік сапалар – жобалау өнімі ретінде

34. Жоба нәтижелерін бағалау өлшемдері – жобаны бағалау өлшемдері мен оқушылар сапаларын бағалау өлшемдеріне сипаттама беріңіз

35. Оқушылардың белгілі бір сапаларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жоба тақырыбы мен құрылымын ұсыныңыз

36. Жобалау әрекетін ұйымдастырудағы жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы

37. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттерінің үйымдастыру жолдары

38. Жасөспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың мәні

39. Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі өзгерістер

40. Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері

41. Оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланысы

42. Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің сабақтастығы

43. Жобалау әрекетіндегі топтық коммуникацияның ролі

44. Жасөспірімдер үшін топтық қатынастың маңызы

45. Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетінің көрсеткіштері

46. Білім беру үрдісіне қатысушылардың қарым – қатынас түрлері

47. Оқушылар арасындағы, топтағы қарым – қатынас

48. Топтық коммуникацияны ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі

49. Жобалау – топтық қарым – қатынас белсенділігін арттыру құралы ретінде

50. Топтық қарым – қатынасты қалыптастыру мен дамыту

51. Оқушыларды жоба жасау үшін топтарға бөлудің жолдарын өз бетіңізбен құрастырып көріңіз. Онда қандай принциптерді ұстануға болатынын түсіндіріңіз.

52. Жобалау әрекеті арқылы оқушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастырудың мәні

53. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасындағы құзыреттілік нәтижелердің белгіленуі

54. Түйінді құзыреттіліктер және олардың түрлері

55. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

56. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру

57. Проблеманы шешудің жолдарын және шешім қабылдай білу құзыреттіліктері 

58. Жобалау жұмысын бағалаудың ерекшіліктері

59. Жобаларды бағалаудың өлшемдері

60. Оқушыларды жобаларды бағалауға тартудың маңызы

61. «Бағалау парақтарының» түрлері мен айырмашылықтары

62. Жобалау әрекеті барысындағы оқушылар портфолиосының мазмұны

63. Жобалауды бағалаудағы мұғалімнің ролі

64. Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері

65. Жобалау әрекетінің тиімділігін бағалау                                                                            

Төртінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

1. Новиков А. М., Новиков Д.А. Образовательный проект: методология образовательной деятельности. — М., 2004.

2. Полат Е. С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. — М., 2002. 

3. Татарченкова С.С.Формирование ключевых компетентностей учащихся через проектную деятельность.,Изд. «Каро».,СПб,2008

4. Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога. — М.1 СПб., 2003.

5. Кулюткин Ю. Н., Сухобская Г. С. Моделирование педагогических ситуаций. — М., 1981.

6. Гузеев В. Метод проектов как частный случай интегральной техноло­гии обучения // Директор школы. — 1995. — № 6.

7. Круглова О. С. Технология проектного обучения // Завуч. — 1999. — № 6.

8. Жуков В. А. Педагогическое проектирование. Методическое пособие к дипломному проектированию по специальности инженер-педагог. — СПб., 1993.

9. Сериков В. В. Образование и личность: теория и практика проектирования педагогических систем. — М., 1999.

10. Сибирская М. П. Педагогические технологии: теоретические основы проектирования. — СПб., 1998.

11. Субетто А. И. Системологические основы проектирования образовательных систем. — Воронеж, 1998.

12. Эльконин Б. Д. Кризис детства и основания проектирования форм детского развития // Вопросы психологии. — 1992. — № 3, 4.

13. Келс Г. Р. Процесс самооценки: Пер. с англ, в сокр. О.Бухиной. — М. 1999.

14. Тубелъский А. Н.Экспертиза инновационной школы // Инновационе движение в российском школьном образовании. — М., 1997.

15. Хюсен Т. Образование в 2000 году: Исследовательский проект: Пер. сшвед. Е.М.Соколова. — М., 1977.

16. Загашев И. О., Заир-Бек С. И. Критическое мышление: технология раз­вития. — СПб., 2003.

17. Поливанова К.Н. Проектная деятельность школьников, М. «Просвещение», 2008

 

 

 

 

5. ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері

Білім беру ұйымдарында қоғам мен әлеумет сұраныстарына жауап беру үшін жүйелі инновациялық өзгерістер қажеттігі дәстүрлі басқару мазмұны мен басқару әрекеттерін өзгертуді талап етеді. Соған орай басқарушылардың іс – әрекет мазмұны мен бағыттарын, басқару тетіктері мен ресурстарды пайдалану жолдарын, әдістерін өзгерту қажеттігі туындауда. Дәстүрлі қызметтік басқаруда ұйымның дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстар ретінде қызметтік –жоспарлау, материалдық – техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарға басымдылық беріліп, адам ресурстарының ұжымды дамытудағы ролін тиісінше бағаланбай келгені белгілі. Бұл жерде адам ресурстары ретінде басқару  субъектілері (басқарушылар мен басқарылушылар) де, білім беру субъектілері (педагогтар мен білім алушылар) алынып отыр.

Бүл үрдіс білім беруді басқаруда ғана емес, жалпы бизнесті басқаруда ғасырлар бойы қалыптасып келді, өйткені, өндірісті тиімді басқару өнеркәсіпті жетілдіруге, сапалы өнім шығару жолдарын жақсартуға бағытталып, басқарушылардың құзыреттіліктері осыған байланысты бағаланып келгені белгілі. Ол туралы Гарвард университеті ғалымдары  «осы күнге дейін ең жоғары деңгейдегі басқарушының бейнесі мықты стратег ретінде қалыптасты, өйткені, олар бизнестің синергетикасы мен стратегиялық инвестицияларды байланыстыруға күш салуда. Ал қазіргі қоғам талабы бойынша олар өз ұйымдарының  даму перспективасын анықтауға ерекше  күш салуы тиіс» деген.

 Бұл басқаруда стратегияның қажеті жоқ деу емес, тек стратегияның ғана болуы жеткіліксіз деген сөз. Стратегия қаншалықты дәл құрылып, орындалуы нақты қадағаланса да, ол ұжымдағы адамдарды өз жұмысының тиімділігін арттыруға жұмылдыра алмайды. Өйткені стратегия «не істеу керек?» басқарушылар үшін маңызды деген сұраққа жауап бергенімен, «оны неліктен істеу керек?» орындаушылар үшін маңызды сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан, бүгінгі басқарушылар алдында қарауындағы адамдардың күнделікті қызметтік міндеттерін орындауын қадағалау ғана емес, өзінің ұйымына шын берілгендікпен қарай білуін, ұйым алдындағы мақсатты орындауға деген жауапкершілігін жоғарылату жолдарын ұйымдастыру міндеті тұр.  

Көптеген шетелдік басқару теориясында, соның ішінде, білім беру ұйымдарының болашақ өзгерістерін анықтау және оны жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарын дамытудың қажеттігі, ол басқарушылардың белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні туралы жаңа көзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім беру құндылықтары өзгеруімен, өркениеттің дамуымен, ғылымдағы парадигмалық өзгерістермен байланыстыра қарастыратын  зерттеулер пайда болуда.

Білім берудегі «құзыреттіліктер», «түйінді құзыреттіліктер» деген ұғымдар халықаралық деңгейде жаңа нәтижелер ретінде қарастырылып, көптеген елдерде стандарттары мен білім беру бағдарламаларына енгізілуде.

Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО құжаттарында күтілетін нәтиже ретінде жалпы қарастырылатын құзыреттіліктер белгіленген. XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған қазына» атты Халықаралық комиссияда жасалған Жак Делордың баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін төрт тұғыры бар, олар: танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп өмір сүруді үйрену; өмір сүруді үйрену» деп белгіленген.

Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде анықталып отыр. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – «жасап үйрену деген тек кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан әлдеқайда кең мағынадағы, өмірдегі түрлі жағдайлардан жол табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие болу».  

Джон Равеннің зерттеулерінде 30 –дан астам құзіреттіліктер талданған, олардың ішінде құзыреттіліктердің өзі де, оларды құрастыратын компоненттер де қарастырылған. Құзыреттіліктердің төмендегідей сипаттамалары бар:

– өз құзыреттіліктерін көрсетуге даярлық (мотивациялық жағы);

– құзыреттіліктердің мазмұнын меңгеру (когнитивтік жағы);

– түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын жағдайларда құзыреттіліктерді көрсету тәжірибесі (іс әрекеттік жағы);

– құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану объектісіне қатынасы (құндылықтық-мәндік жағы);

– құзыреттіліктерді көрсету нәтижесі және үрдісті эмоциялық –еріктік реттеу жағы.     

Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің өзін және олардың компоненттерін талдаған зерттеулерінде әрбір компоненттің ерекше жақтары (аспектілері) көрсетілген. Олардың негізгілері ретінде мотивациялық, когнитивтік, іс- әрекеттік, құндылықтық - мәндік, эмоциялық – еріктік жақтары қарастырылып, әрбір құзыреттіліктің адам әрекеттеріндегі алатын орны белгіленген.   

Жалпы білім беруді жаңарту барысын талдау бүгінгі реформаларға байланысты мазмұнының білім беру мекемелері басшылары мен педагогтардың кәсіби ойлауы мен кәсіби іс–әрекеттерін дамытуды қажет етеді.

Жаңа парадигмаға сай басқару теориясы негізінен:

а) білім беру жүйесі мен мектептің өз ерекшеліктерін ескере отырып, менеджмент идеяларына сүйенуі қажет;

 б) кәсіби басқарушыларды даярлауға бағыт алу, олардың құзыреттілігін қалыптастыруға және басқару қызметін тиімді ұйымдастыруға жағдай туғызуға;

в) басқару объектісін, яғни жалпы білім беретін мектептің педагогикалық жүйесін тануға негізделуі қажет.   

Жалпы менеджмент теориясы бүгінгі таңда   постиндустриалдық, постмодерндік қоғам бағытына қарай елеулі мәдени бұрылыстар жасауда. Білім беру де осы салалаға қарай бағдар алуда,  сондықтан жалпы менеджмент теориясының кейбірін сыни тұрғыдан қарастыра отырып, білім беру саласында қолдану әбден мүмкін. Ол туралы ресейлік ғалым И.Д. Фрумин педагогикалық емес салалардағы ұйымдастыру теорияларын пайдалаудан педагогтар бас тартпауы қажет дейді. Өйткені, қазіргі менеджерлер арасында кең тараған жалпы сапаны басқару теориясының «қызметкерлерді дамытуға», «қызметкерлерді қатыстыруға» бағытталуына негіз болады және осы теорияда берілген техникалық нұсқауларды білім беру мекемесіне қатысты қолдануға да болады.

Білім беру мекемесі басшыларын оқытатын ұйымдар қажеттігі тууына не себептер бар деген сұраққа Элмордың «жетілдіру – бұл оқытудың өзіңіздің жұмыс жасайтын жеріңізде отырып дұрыс жұмыс жасауға үйрету қызметі». Оның ойынша, адамдар тиісті міндеттерді орындау үшін бірге жұмыс жасауы керек, өйткені олар «ішкі процестерді қозғалысқа келтіреді, сол арқылы адамдар өздері айналысып жатқан жұмысты одан да жетілдірудегі жаңалықтарды, жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуді үйренеді».      


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 665; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!