Техническое и профессиональное образование



ЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ______________________________________________________________ Техникалық және кәсіптік білім     ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ Мамандық: 030200 0 «Медбикелік іс»             Біліктілігі: 030203 3 «Жалпы практикадағы медбике». Сағат көлемі – 90   Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі

Астана 2014

АЛҒЫ СӨЗ

 

1. ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАНРМҚ Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жанындағы медициналық колледжі тарапынан МҚКМ «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжінің» жалпы жетекшілігімен

 

2.  Алғаш рет енгізілді

 

3.  Үлгілік оқу бағдарламасы 0302000 – «Медбикелік іс», мамандығы бойынша 2013 ж. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике».

 

4.Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы ____ ____________ № ______ бұйрығымен бекітілген.

 

 

Мазмұны:

 

1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытудың жоспарлы нәтижелері
3. Пәннің мазмұны және тақырыптық жоспары
4. Білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыруға қойылатын талаптар
5. Жоспарланған білім беру нәтижесін бақылау
6. Ұсынылған әдебиеттер және оқыту құралдары

 

Осы типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз басып шығаруға және таратуға болмайды.

 

1. Түсініктеме жазба

 

       Жаңадан жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартын енгізуге байланысты 2013 жылы 030200 0 «Медбикелік іс» мамандығы, біліктілігі 030203 3 «Жалпы практикадағы медбике бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты белгілеген деңгейде студенттерді дайындау барысында «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша жаңа типтік оқу бағдарламасын құру қажеттілігі туындады.

Соңғы жылдары барлық әлемде апат санының ұлғайғаны байқалады.

Әсіресе адамның қызметіне байланысты қайғылы жағдайлардың саны көбейіп бара жатқаны белгілі, оның ішінде антропогенді апаттар.

Осыған байланысты «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнін оқыту Үкімет Қаулыларын орындаудағы мемлекеттік іс-шараларда және медициналық оқу орнындағы студенттер үшін қажетті болып саналады.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнін оқытудың мақсаты: табиғи, техногенді және биологиялық әлеуметтік ортаға бағытталған және ТЖ алдын алу мен жою туралы Мемлекеттік білімдерін қалыптастыру. Жедел медициналық көмек көрсету, ТЖ індеттің алдын алу және санитарлық-гигиеналық іс-шараны жүргізу мен ұйымдастыруды негіздеу.

 

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнін оқытудың міндеттері:

 

•     төтенше жағдайда (ТЖ) тұрғындардың тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туындаған қауіпсіздіктің себебі мен қайнар көзіне сараптама жасайтындай қазіргі заманғы білім беруді қалыптастыру; 

•     АҚ және ТЖ дыбыстық хабарлау қызметін реттеуді қалыптастыруды мекемелер мен тұрғындарға үйрету;

•     АҚ жұмысы және оны ұйымдастыру туралы ТЖ денсаулық сақтау нысанында үйрету;

•     ТЖ індеттің алдын алу және санитарлық-гигиеналық іс-шараны жоспарлау мен жүргізуді үйрету;  

•     бейбітшілік кезде және әскери уақытта ТЖ ошағында медициналық тәсілдерді үйрету; 

•     ТЖ ошағында алғашқы медициналық көмек көрсетудің дағдыларын меңгеру;

       Бағдарлама арнайы пәндермен (медбикелік іс негіздері, хирургия, ішкі аурулар) және жалпы кәсіптік пәндермен ( гигиена, экология) ықпалдастықта болуды алдын ала қарастырады.  

 

МЖМБС сәйкес, білім алушылардың бейіндік базалық құзіреттілігін қалыптастыруда модульді оқытудың құрылымы енгізілген. 

Оқу бағдарламасын жасау барысында білім беру ұйымы заманауи оқу технологияларын қолданған жағдайда циклға берілген оқу уақытының көлемін сақтай отыра, типтік оқу жоспарындағы пәнді оқытуға берілген оқу уақытының көлемін 15-20 % өзгертуге құқылы.

    Пән бойынша типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқуды ұйымдастырудың келесі формалары ұсынылады: лекция, тәжірибелік сабақ, сабақтан тыс уақытта өзіндік сабақтар.

 

2. Пәнді оқытудың жоспарлы нәтижелері

Стандартта жоспарланған білім берудің нәтижелері Типтік бағдарламада жоспарланған оқудың нәтижесі
Білімгерлер келесі құзіреттілікті меңгеруі тиіс:    Базалық: БҚ-1.1 ӨЗДІГІНЕН ДАМУ: оқытудың ұзақ жоспарлау дағдыларын біледі. кәсіптік өсуі; БҚ-3.1. КОММУНИКАТИВТІК МАШЫҚТАРЫ:  жағдаятты ескере отырып әр түрлі адамдармен тиімді қатынас жасауды көрсету; БҚ-3.2. КОМАНДАМЕН ЖҰМЫС: әр түрлі командада жұмыс істей отыра жауапкершіліктерін көрсетеді; Кәсіптік: КҚ-2.1. ЗИЯНДЫ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРДЕН ҚОРҒАУ : -Зиянды қозғаушы күштердің әсерінен қоршаған орта мен адамдардың қауіпсіздігін қорғайтын әдістерді қолдану. - ТЖ ошағындағы зардап шеккен және зақымданғандардың мәселелерін анықтау: физикалық,психоэмоциялық ,әлеуметтік; - Келелі мәселелерді анықтау: басымдықты (жағдайға қауіпті), бірге жүретін және әлеуетті (басымды асқынулар);   КҚ -2.2  ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САПА ТЕХНОЛОГИЯСЫ:  Көрсетілетін көмектің сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін қазіргі заманғы технологияларды қолдану. Пәнді оқудың нәтижесінде біледі: - төтенше жағдайдың түрі мен масштабын; - ТЖ ошағындағы зардап шектіретін факторларды;  - тұрғындарды қорғаудың негізгі тәсілдерін; - ТЖ кезінде емдік-қоныс аудару тәсілдері мен амалдарын; - жер сілкінісінің негізгі белгілерін; - сейсмикалық географияны біледі; -ұзақ жаншылудың даму синдромы механизімінің дамуы мен себебін;   Істей біледі: - төтенше жағдайдың түрі мен көлемін анықтай алады; - ТЖ ошағындағы зақымданған факторларды анықтайды; - тұрғындарды қорғаудың негізгі тәсілдері туралы білімдерін қолдана алады; - төтенше жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін іс-шаралардың барлығын орындайды; - ТЖ кезінде емдік-қоныс аудару тәсілдері мен амалдарын жүзеге асырады; - суға батып кету түрлерін ажырата алады; - сәулеленудің мөлшері мен қуатына қарай сәуле ауруының дәрежесінің деңгейін анықтайды; - төтенше жағдай кезінде адамдардың психологиялық дайындық әдісін анықтайды; - төтенше жағдайда тұрғындарды қорғау кезінде жекелеген тәсілдерді қолдана алады;  - ТЖ ошағындағы әртүрлі зақым келтіретін факторларда алғашқы медициналық көмек пен дәрігерге дейінгі көмекті жүзеге асырады; Сұрақтардағы құзіреттілік -мақсатқа жету мен өмір жолын таңдау; - өзін-өзі тану, өз бетімен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу; - зардап шегушімен , зақымдалғандармен, әріптестерімен тілдескен кездегі әдеп;

 

3.  Пәннің мазмұны және тақырыптық жоспары

Модуль 1. Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету негізін ұйымдастыру. ҚР азаматтық қорғаныс жүйесі. ТЖ әртүрлі сипаттағы зақымдаушы себепкер шарттар және тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері.

Тақырып 1.1. Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету негізін ұйымдастыруТіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе.

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты негізгі (базалық) ұғымды анықтай алу: мекендеген орта; қауіпсіздік; қызметі; қауіптілік; тәуекелшілдік; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі; төтенше жағдай; денсаулық сақтау кезіндегі төтенше жағдай; апат; сұрапыл апат; қауіпті табиғат құбылыстары. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі аймағындағы заң шығаратын және құқықтық актілер. Тұрғындардың тіршілік әрекетіне әсер ететін мекендеген ортаның негізгі себептері:

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- тіршілікәрекетінің  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты негізгі (базалық) ұғымды білу ; - тұрғындардың денсаулығына мекендеген ортаның техногенді себептерінің әсерін; - Қазақстан Республикасындағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне байланысты белгілі бір құжаттарды білуді;  - бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарды қорғаудың іс-шараларының негізгі ұстанымдарын анықтай алуды; - төтенше жағдайда медициналық зардаптарды бағалай алуды;

Тақырып 1.2. Қазақстан Республикасында АҚ ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары. АҚ міндеттері, ұйымдастырылу құрылымы, күші және құралдары. 

Қазақстан Республикасында АҚ ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары. АҚ міндеттері, ұйымдастырылу құрылымы, күші және құралдары.Тіршілік әрекетін қамтамасыз етуде АҚ рөлі мен міндеттері. Оқу орындарындағы АҚ құрылымы. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен шаруашылықты жүргізетін нысанға хабар беруді ұйымдастыру.

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- АҚ жүйесінің құрылымын және медициналық жұмыстың қалыптасу ерекшелігін білу;  - тұрғындардың денсаулығын сақтау нысанында АҚ құрылымы мен қызметін білу; - тұрғындарға кез келген қауіптің қауіпті екендігін хабарлау машықтарын меңгеруді; - ТЖ болған кезде зардап шегу себептерін анықтауды,туындаған жағдайдың салдарын талдап және бағалай білуді.

 

Тақырып 1.3.Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.  Табиғи және антропогенді сипаттағы төтенше жағдайды жіктеу және зақым келтірудің себепкер шарттары.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жіктеу және зақым келтірудің себепкер шарттары (метеорологиялық, тектаникалық, теллуриялық, топологиялық, өрттер).

Антропогенді сипаттағы ТЖ жіктелуі мен зақым келтірудің себепкер шарттары(транспортты ,радиациялық, техногенді өрттер мен жарылыстар, гидродинамикалық қауіпті химиялық заттарды лақтырып тастауына байланысты). 

Биологиялық қауіпсіздік. Биологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар (індеттер, пандемия, ауру-індеттер, эпифитотиялар). ТЖ экологиялық аспектісі . ТЖ биологиялық сипатта қауіп төнген жағдайда індетке қарсы іс-шаралары. 

Әскери кезеңдегі төтенше жағдайға сипаттама.

Зақымданған ошақтар: ядролық ошақ, химиялық жұқтыру ошағы, бактериологиялық ошақ.

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- ТЖ болу себептерін; - табиғи сипаттағы ТЖ сипаттаманы; -антропогенді сипаттағы ТЖ сипаттаманы; -химиялық қауіпті нысандардағы апаттардың ерекшеліктерін;  - өзіндік қауіпті құбылыстарға сипаттама ; - әскери кезеңдегі төтенше жағдайға сипаттама;     - төтенше жағдайдың көлемі мен түрін анықтауды;  - төтенше жағдайдыңөлшемдерін анықтауды; - жер сілкінісі кезінде, өрт болған кезде, жарылғыш заттары бар қауіпті нысандардағы апаттардағы дәрігерлік тәсілді анықтап, сипаттауды; - химиялық апат ошағындағы уланудың түрлерін суреттеуді; - жер сілкінісінің төрт тобын анықтауды; -жер сілкінісі кезінде тәжірибиелі ұйымдастырылған қауіпсіздік шараларынанықтауды;   - жер сілкінісінің негізгі сипаттарын біледі; - сейсмикалылық географиясын біледі; - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайда зақым келтіретін себепкер шарттардан адамдар мен қоршаған ортаны қорғаудың негізгі әдістерін білуі; 

 

 Модуль 2. Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылық және апатты орнына келтіру жұмысы.

Тақырып 2.1. Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылық және апатты орнына келтіру жұмысы.

Ошақтағы жағдайды сараптап бағалау: апаттан болған бақытсыздық, химиялық жұқпалар (УЗ, КӘУЗ),радиоактивті жұқпалар, бактериялық жұқпалар .

Апат болған жерде құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру: химиялық жұқпалар (УЗ, КӘУЗ),радиоактивті жұқпалар, бактериялық жұқпалар.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- апат болған жерде құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыруды: химиялық жұқпаларды (УЗ, КӘУЗ), радиоактивті жұқпаларды, бактериялық жұқпаларды;     -апаттан болған бақытсыздық ,апат, химиялық, ядролық, бактериялық жұқпалар және ТЖ тұрғындарды қорғауды, зардап шеккен тұрғындарды медицинамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негізін бағалай отырып жасауды.

 

Модуль 3.Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғау.

Тақырып 3.1. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері. 

     Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері. Тұрғындарды жаппай және жекелей қорғау құралдарын қолдану ережелері. Ұғымның анықтамасы: жартылай арнайы өңдеулер; толық арнайы өңдеулер; газсыздандыру; дезактивация. Жартылай және толық арнайы өңдеудің негізгі ұстанымдары.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- тұрғындарды қорғаудың негізгі ұстанымдарын; -тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістерін; - ғимараттардың қорғаныс түрлерін; - Жартылай және толық арнайы өңдеудің ұстанымдарын; -ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды;  - жекелеп қорғау құралдарын және жекелеп медициналық көмек беру құралдарын қолдануды; - жекелеп және толық арнайы өңдеуді жүргізуді;

Модуль 4. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру.

Тақырып 4.1. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің міндеттері, ұстанымдары, ұйымдастырулары.

   Апат медицинасының негізгі қызыметі және ұйымдастыру құрылымы, міндеттері. ТЖ кезіндегі апат медицина қызметі (АМҚ) жұмысының ұстанымдары. Төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтіндердің негізгі медициналық қалыптасулары.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- ТЖ ошағында апат медицина қызметінің жұмыс ұстанымдарын; - Қазақстан Республикасындағы апат медицина(АМҚ) мекемелерін; - төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды; - төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды;    

Тақырып 4.2. ТЖ кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету. Апаттан зақымданғандарға медициналық сұрыптаужасау.

Емдік-көшіруменқамтамасыз ету ұғымына анықтама.ТЖ кезінде тұрғындарды емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету негізі. ТЖ кезінде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық іріктеме жасау негізі. ТЖ ауданында медициналық көшіру жұмысын кезеңмен ұйымдастыру негізі. Медициналық сұрыптау туралы ұғым, сұрыптаудың мақсаты, сұрыптаудың негізгі белгілері, негізгі сұрыптау топтары. Госпиталдық кезеңге дейін алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектің көлемі.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- «медициналық сұрыптау» ұғымын; - сұрыптау тобы туралы ұғымды; - ТЖ ошағындағы госпиталдық кезеңге дейінгі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектің көлемін. - сұрыптаудың негізгі белгілерін анықтауды; - ТЖ ошағындағы госпиталдық кезеңге дейін алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсете алуды; - ТЖ кезінде емдік-көшіру іс-шараның әдістері мен тәсілдерін жүзеге асыра алуды;

 

Модуль 5. Өмірге қауіп төндіретін кейбір жағдайлар (ТЖ кезінде жиі кездесетін) және осындай жағдайларда медициналық көмек көрсетудің стандарты.

Тема 5.1. Иондалған сәуленің адам ағзасынаәсері.Жіті сәулелік ауру.
  Иондалған сәуленің адам ағзасынаәсері. Радиациялық қауіпсіздіктің мөлшері. Сәулеленудің экспозициялық, сіңген, балама мөлшері. Радиациялық зақымданудың түрлері. Жіті сәулелік аурулардың белгілері (ЖСА). Жіті сәулелік аурудың (ЖСА) ерте айқындалуына байланысты жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Сәулелі күйік кезіндегі дәрігерге дейінгі жедел көмек.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- «сәулеленудің экспозициялық, сіңген, балама мөлшері» туралы ұғымдарды; - алғашқы дәрігерлік көмектің және дәрігерге дейінгі көмектің көлемін;    - жіті сәулелік аурудың негізгі белгілерін анықтауды; - сәулеленудің мөлшері мен күшіне байланысты сәулелік аурудың ауырлық дәрежесін анықтай білуді; - ТЖ ошағында сәулелі күйік кезінде госпитальге дейін алғашқы медициналық көмекті және дәрігерге дейінгі көмекті көрсете алуы; - ТЖ кезінде емдік-көшірудің іс-шараларын жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерін;

 

Тақырып 5.2. ТЖ ошағында хирургиялық бейінде зақымданғандарды емдеу мен нақтаманың ерекшеліктері.

Келесі жағдайлардағы алғашқы және дәрігерге дейінгі көмектің (госпитальға дейінгі кезеңдегі көмек)стандарты: механикалық (динамикалық) жарақат, электрлік жарақат, суық өтіп кету, үсік, күйік жарақаты, суға кетіп қалу.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
-жарақат туралы ұғымды; - сүйектің сынған кездегі белгілерін; - ашық және жабық сынықтардың белгілерін; - жұмсақ тіндердің зақымдануын, сіңірдің созылуын, щығып кеткенді; - жарақаттың және күйіктің, геморрагиялық шоктың фазасын , клиникасын; - электрден жарақаттану белгілерін; - жарақат туралы ұғымды; - жарақаттың жұқпалы асқынуларын; -ағзаға суықтың және ыстық өтіп кетудің клиникалық белгілерін ; - қан кетудің әр түрлі белгілерін білуді;  - қан кетуді тоқтатудың әдістерін; -Алговердің ауыр соққы индексін; - суға кетіп қалудың түрлері мен кезеңдерін;     - жарақаттарды жіктеуді; -сүйек сынған кезде, шығып кеткенде, сіңірі созылғанда, соғып алғанда алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуді; - әртүрлі жарақат алған кезде тасымалдаудың тәсілін таңдай білуді; -ауыр соққыға қарсы іс-шараларды қолдана білуді; -электрден жарақаттанған  кезде жедел көмек көрсете алуды; - жараны жіктеуді; -жарақат кезінде алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуді; - жарақат жұқпасының алдын ала білуді; - үсік пен күйіктің кезеңін анықтай білуді; -ағзаға жоғары және төменгі қызудың жергілікті әсер етуіне байланысты зақымданған аумақты анықтауды; - үсік пен күйік кезінде алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуді; -қан кетудің түрлерін білуі; -қан кетудің түрлеріне байланысты қан кетуді тоқтатудың әдістерін білулері;  - Алговердің ауыр соққы индексібойынша жоғалтқан қанның мөлшерін есептей білуді; -суға кетіп қалған жағдайда көмек көрсете білуді; - ТЖ ошағында хирургиялық бейінде зақымданғандарға медициналық көмек көрсете білуді;

Тақырып 5.3.Ұзақ уақытбасылып қалудың синдромы (ҰБС).Зақымдалушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсіл.

Ұзақ уақытбасылып қалу синдромының туындау механизмі; ұзақ уақытбасылып қалу кезіндегі салмақты анықтау; ұзақ уақытбасылып қалу кезеңдері, ТЖ ошағында ұзақ уақытбасылып қалған кезде медициналық көмек көрсету ережелері. 

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- ұзақ уақытбасылып қалу синдромының даму механизімін;  - ұзақ уақытбасылып қалу синдромының кезеңдерін; - ұзақ уақытбасылып қалу кезеңдерінің клиникалық симптомдарын;  - ұзақ уақытбасылып қалу себептерін және синдромның даму механизімін түсіндіре білуді; - ұзақ уақытбасылып қалу кезеңдерінің клиникалық симптомдарынының салмағын бағалай білуді;    - ТЖ ошағында ұзақ уақытбасылып қалған кезде медициналық көмек көрсете алуды;

 

Тақырып 5.4 ТЖ ошағында зардап шегушіге және зақымдалушыға реанимациялық іс-шара жасау.

Соңғы жағдайы; соңғы жағдайын топтастыру; көңіл аударалық және көңіл аудармайтын жағдайлары туралы түсінік. Базалық (жүрек-өкпе) реанимация.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- соңғы жағдайдың белгілерін; - жүрек-өкпе реанимацияөткізу барысындағы көрсеткішін және қарсы көрсеткішін;  - жүрек-өкпе реанимациясының кезеңдерін өткізуді;

Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру.

Тақырып 6.1. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру.

ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырудың қажеттілігі; ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді қалыптастыру,ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді қалыптастырудың міндеттері.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын; - қалыптасудың міндеттері мен мақсатын;  - әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды;  - ТЖ ошағында адамның шоғырланған жерінде бір зардап шегушіге жасалынатын санитарлық-гигиениялық мөлшерді есептей білуді; 

 

Модуль 7. АМҚ және АҚМҚ мекемелерінде медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнайы дүние-мүлікпен жабдықтауды ұйымдастыру. 

Тақырып 7.1. Табиғи, техногенді және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз ету.

Табиғи, техногенді және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен тәсілінің негіздері (оның ішінде химиялық және радиациялық зақымдау ошағының пайда болуымен қоса берілген). Биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен тәсілінің негіздері (нәтижесінде індеттің, пандемиялардың пайда болуы)

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негізін; -биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негізін;   - денсаулық сақтау мекемесін және АҚМҚ,АМҚмедициналық мүлікпен жабдықтауды табель мөлшеріне сәйкес есептей білуді;

Модуль 8. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу  мекемелерінің дайындығы.

Тақырып 8.1. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмысындағы емдік-алдын алу  мекемелерінің дайындығы.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдік-алдын алу (аурухана,емхана) жұмысының ерекшеліктері: биологиялық сипаттағы ТЖ пайда болғанда (індет, пандемия); ланкестік акциясы жағдайында.

Індетке қарсы іс-шаралар және биологиялық сипаттағы ТЖ науқастарға медициналық сұрыптау жүргізу. Әскери кезеңдегі денсаулық сақтау емдік-алдын алу  мекемелерінің (аурухана,емхана) жұмысының ерекшеліктері: химиялық, радиациялық және биологиялық зақымдар ошағы пайда болған кезде; әдеттегі қарудың түрлерін қолданған кезде. Індетке қарсы іс-шаралар және биологиялық зақымдар болған кезде зақымданған науқастарға медициналық сұрыптау жүргізу (биологиялық қаруды қолданудың нәтижесінде).

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ денсаулық сақтау емдік-алдын алу  мекемелерінің (аурухана,емхана) жұмыс ерекшеліктері: биологиялық сипаттағы ТЖ пайда болғанда (індет, пандемия); ланкестік акциясы жағдайында.Індетке қарсы іс-шаралар және биологиялық сипаттағы ТЖ науқастарға медициналық сұрыптау жүргізу.

Әскери кезеңдегі денсаулық сақтау емдік-алдын алу  мекемелерінің (аурухана,емхана) жұмыс ерекшеліктері: химиялық, радиациялық және биологиялық зақымдар ошақтары пайда болған кезде; әдеттегі қарудың түрлерін қолданған кезде (қалыпты құралдарды пайдалану). Індетке қарсы іс-шаралар және биологиялық зақымдар болған кезде зақымданған науқастарға медициналық сұрыптау жүргізу (биологиялық қаруды қолданудың нәтижесінде).

      АҚ-тың медициналық құрамалардың қанатын жаю және денсаулық сақтау объектілерін (ауруханаларды, емханаларды, дәріханаларды) орналастыру аймақтарында радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖденсаулық сақтаумекемесіндегі емдік-алдын алу (аурухана,емхана) жұмысының ерекшеліктерін; -биологиялық сипаттағы ТЖденсаулық сақтаумекемесіндегі емдік-алдын алу (аурухана,емхана) жұмысының ерекшеліктерін;     - табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ денсаулық сақтаумекемесіндегі емдік-алдын алу (аурухана,емхана) жұмысының ерекшеліктерін ұйымдастыруды; биологиялық сипаттағы ТЖ пайда болуын (індет, пандемия); ланкестік акциясы жағдайында өз құзіреттілігін; - АҚ медициналық құрылымдарды күшейту аудандарында және денсаулық сақтау нысандарын орналастыруда радиациялық, химиялық және бактериялық барлауға шығудың ретін анықтауды;

Тақырып 8.2. Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілер.

ТЖ кезіндегі әр түрлі темпераменттегі адамдардың тәртібі; адамның көңіл-күйі жағдайын айқындау; төтенше жағдайда психологиялық дайындықтың қызметі; ТЖ әрекетінің дайындық әдістері.

 

Білімгербілуіқажет Білімгерістейбілуікерек
- ТЖ кезінде әр түрлі темпераменттегі адамдардың мінездемесін; - ТЖ кезінде адамның көңіл-күйі жағдайын айқындауды;  - ТЖ кезеңдерінде адам психикасының ең осал жерін; - қысылтаяң жағдайда адамдардың тәртібін анықтауды; - ТЖ іс-әрекетін дайындау барысында тиімді әдістерді анықтай білуді;

 

3.1.Тақырыптық жоспар

Күндізгі оқу бөлімінде оқитындарға берілген оқу сағаты ( 90 сағ.)

  Тарау мен тақырыптар атауы Теория Тәжірибе
  Модуль 1. Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету негізін ұйымдастыру. ҚР азаматтық қорғаныс (АҚ) жүйесі. ТЖ әртүрлі сипаттағы зақымдаушы себепкер шарттар және тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері. 8 4
1. Тақырып 1.1.Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету негізін ұйымдастыру 2 -
2. Тақырып 1.2.ҚазақстанРеспубликасында АҚ ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары. АҚ міндеттері, ұйымдастырылу құрылымы, күші және құралдары. 2 -
3. Тақырып 1.3.Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.       4 4
  Модуль 2. Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылық және апатты орнына келтіру жұмысы. 2 4
4. Тақырып 2.1.Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылық және апатты орнына келтіру жұмысы. 2 4
  Модуль 3.Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғау. 4 8
5. Тақырып 3.1.Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері. 4 8
  Модуль 4. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру. 4 8
6. Тақырып 4.1.Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің міндеттері, ұстанымдары, ұйымдастырулары. 2 4
7. Тақырып 4.2.ТЖ кезіне емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету. 2 4
  Модуль 5. Өміргеқауіптөндіретінкейбіржағдайлар (ТЖ кезіндежиікездесетін) жәнеосындайжағдайларда медициналық көмек көрсетудің стандарты. 4 20
8. Тақырып 5.1.Иондалғансәуленіңадамағзасынаәсері. Жітісәулелік ауру. 2 4
9. Тақырып 5.2. ТЖошағындахирургиялықпрофильдезақымданғандардыемдеу мен диагностикасыныңерекшеліктері. - 8
10. Тақырып 5.3.Ұзақуақытбасылыпқалудыңбелгілері. Зақымдалушығакөмеккөрсетеркездегімедициналықтәсіл. 2 4
11. Тема. 5.4 Реанимационные мероприятия пострадавшим и пораженным в очагах ЧС. - 4
  Модуль 6. ТЖошағындаіндеткеқарсыжәнесанитарлық-гигиениялықіс-шаралардыжүргізудіұйымдастыру. 2 4
12. Тақырып 6.1.ТЖошағындаіндеткеқарсыжәнесанитарлық-гигиениялықіс-шаралардыжүргізудіұйымдастыру. 2 4
  Модуль 7. АМҚжәне АҚМҚмекемелеріндемедициналық, санитарлық-шаруашылықжәнеарнайыдүние-мүлікпенжабдықтаудыұйымдастыру.  2 4
13. Тақырып 7.1.Табиғи, техногендіжәнебиологиялықсипаттағытөтеншежағдайдатұрғындардымедицинаменқамтамасызету. 2 4
  Модуль 8. БейбітшілікуақыттажәнеәскерикезеңдеТЖжұмысындағыемдік-алдыналумекемелерініңдайындығы. 4 8
14. Тақырып 8.1. БейбітшілікуақыттажәнеәскерикезеңдеТЖжұмысындағыемдік-алдыналумекемелерініңдайындығы. 2 4
15. Тақырып 8.2.Төтенше жағдайдағы психологиялық құбылыстар 2 4
  Барлығы 30 60

4. Білім беру үрдісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптар

           Білім беру жүйесін ұйымдастыру мен іскі асыруталаптарының шарттары пәннің мазмұндық ерекшелігіне себепші болуы керек, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері бойынша орта медициналық қызметкердің құзіреттілігіне орай білімгерлердің біліміне, ептілігіне және дағдысының қалыптасуына бағытталған болуы керек. 

МЖМБС келісілген, білім алушыларға бейімделіп қалыптасқан базалық, кәсіптік, арнайы құзіретті модульдік оқудың құрылымы жасалынған болуы керек. 

Бағдарламаның мазмұнына және оқытудың әдістеріне, ұйымдастырылуына толықтырулар мен дәйекті өзгертулер енгізуге құқық беріледі. Оқыту барысында қазіргі замандағы оқу-әдістемелік әдебиеттерді, жаңа оқулықтарды және анықтамалық құралды, мультимединалық оқу бағдарламаларын қолдану қажет.

 

5. Жоспарланған білім беру нәтижесін бақылау

Білімді бақылау түрлері: бастапқы, ағымды,аралық, қорытынды. Бақылау жүргізудің түрлерін таңдау құқығы ескерілген. Қорытынды аттестация экзамен түрінде жүргізіледі.

 

7. Ұсынылған өдебиеттер және оқу құралдары:

6.1.Негізгі әдебиеттер:

1.Батпаев В.К. Основы безопасности жизнедеятельности: учебник / В. К. Батпаев, А. И. Лавриненко. - Алматы: Эверо, 2013. - 262 с.

2. Хван Т.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.- «Феникс» Ростов- на Дону. «Феникс»- 2010

3 Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекции.- М. 2010.- 248 с.

4.Сергеев В.С. «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».- М., «Академ-проект», 2010.

 

6.2.Қосымшаәдебиеттер:

1. Информационно- методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агенство РК по чрезвычайным ситуациям.

3.Батпаев В.Г., Лавриненко А.И. Основы безопасности жизнедеятельности. – Караганда, 2010 – 256с.

4. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: Оқу құралы / Ж.Е. Жолимбетов, С.Е. Жолымбетов, Н.Д. Калимов. – Қарағанды: Болашақ – Баспа, 2008. – 148 б.

5. «Гражданская оборона». Учебное пособие под редакцией Завьялова В.Н., Москва «Медицина», 1989 г.

6.Каратай Ш.С., Анисимов А.Ю. Хирургия медицины катастроф: Практическое руководство. – Казань, 2004 – 208с.

7.Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу құралы. Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған. 2 кітап/ТЖ және АҚ Республикалық курстары; А.А. Суровцев, А.Я. Бойко. – Алматы: Б.и. 1 кітап. - 2004. – 160 б.

8.Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу құралы. Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған. 2 кітап/ТЖ және АҚ Республикалық курстары; А.А. Суровцев, А.Я. Бойко. – Алматы: 2004. – 240 б.

Мерзімдікбасылымдар.

 

1. Журнал «Безопасность жизнедеятельности»

Журналдың сайты: http://www.novtex.ru/bjd/

2. Журнал «Основы безопасности жизнедеятельности»

Журналдың сайты: http://www.school-obz.org/

3. Журнал «Гражданская защита»

Журналдың сайты: http://www.gz-jurnal.ru/

4.Журнал «Медицина катастроф»

Журналдың сайты: http://www.vcmk.ru/inform/mk.php

5.Журнал «Скорая медицинская помощь»

6.«Военно-медицинский журнал»

6.3.Оқу құралдары:

1. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері»курсы бойынша оқытушылардың электрондық презентациялары

2. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері»курсы туралы «Бейнематериалдар (бейнефильмдер)»

3. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша лекциялар. Автор Приходько Н.Г. Алматы. 2013-360 бет

 

Автор:

Кожанова Р.Т.- Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті медициналық колледж оқытушысы

 

Аударған:

Есембаева Л.Қ. -Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті медициналық колледж оқытушысы

 

ТИПОВАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА

______________________________________________________________________

 

Техническое и профессиональное образование


Дата добавления: 2018-08-06; просмотров: 401; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!