Шыныбаев Музаппар Адамбекович 12 страница



Айталық К. Тельжановтың «Атамекен» картинасы әрбір қазақстандыққа белгілі. Картинаның ойы, философиясы, ұлттық психологиясы бөлек туынды. Бұл картинада Тельжанов тиімді композициялық шешімдерді нақты тауып, бояу рендерін нақышына жеткізе орындап, ұлттық картинаны өзіне тән философиясында және ерекше психологиясына мән бере отырып орындаған. "Атамекен" картинасын басқа ұлттардың картиналарымен шатастыру мүмкін емес, бұл тек қазақ ұлтына тән, қазақ еліне, психология бітіміне, философиясына арналған картина.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Живопись өнерінде қолданатын тыс тәсілдерге тоқталған жөн. " Тыс тәсіл " дегеніміз суретшінің әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып живопись картинасын орындауы.

Әрине, бұл құрал-жабдықтардың живопись өнеріне ешбір қатысы жоқ, бөгде денелер. Алайда өткен ғасырда, одан да бұрынғы кездерде "тыс тәсілдерінің" живопись өнеріне тигізген әсері көп болды. Айталық, ұлы Итальян суретшісі Леонардо да Винчи болашақ картиналарының ойын, такырыбын аспандағы бұлттардан алады екен. " Мен, -дейді ол, - картина жазбас бұрын ұзақ уақыт далада жатып, көшіп жатқан бұлттарға қараймын. Көшу барысында бұлттар таңғажайып хайуанаттар, адамдар бейнесін жасайды. Картинаның нақтылы композициясына,яғни құрылуына осы бұлттар көмектеседі." Леонардо да Винчидің бұл көргендігі кейіннен көптеген суретшілерге көмегімен тигізді, олардың фантазиясын оятты. Шынында, жаз айларында бір сәт аспанға қарасаңыз, бұлттар құбылыстарынан бірнеше тақырыптарға құралып жатқан образды суреттерді байқауға болады.

Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшілер үшін бояулар үйлесімінің бір жалпы тонға (реңге) келуі басты мәселеге жатады. Осы жалпы тонды қалай ұстау туралы Н.П. Крымов былай дейді: "Однако я писал вечерний пейзаж.Раздумывая об этом " камертоне " я закурил и случайно совершенно машинально поднял руку с горящей спичкой на уровень глаз. Направив спичку на яркое закатное небо, я увидел,что закат по отношению к огню спички стал казаться более темным. Найденный мной "камертон" позволил мне, посредством сравнения его с предметом природы, увидеть все газнообразие тонов и убедиться, что все тона вечера в общем темнее тонов солнечного дня. Отсюда родилось у меня понятие об общем тоне" [11.12].

Осындай тәжірибені атақты орыс суретшілері Репин, Суриковтар да пайдаланған. Олар жазып жатқан нұсқаның қасына жазылған май шам қойып, нұсқаның бояу қатынастарының дәл табылуын және жалпы тонды дұрыс шығаруларын бақылап отырған.

Суретшілер үшін кәдімгі айнаның да тигізер көмегі көп. Физика заңына байланысты жылтырақ денеден шағылысқан сәуле немесе көлеңке кері бағытта шығатыны белгілі. Сол себептен айна бетіне түскен дене көрінісі кері жағынан көрінеді. Олай болса бұндай құбылыс суретшілер үшін таптырмайтын құрал. Егер үлкен айна алдына живопись картинасын қойған кезде,картинаның дұрыс емес (пропорция, перспектива, ұқсастығын жақтары айқын көрінеді. Көптеген суретшілер айна арқылы жазып жатқан -картиналарын тексеріп отыруды тәжірибеге айналдырған.

Живопись картинасын жазу барысында суретшілер көптеген тәсілдерге жүгінеді.Соның бірі мата шүберекпен жазу.Картинаға аса бір сәндік,эффекті беру, жалғыз қылқалам (кисть) күші жете бермейді осы сәтте - тәжірибелі суретшілер кейде басбармақ ұшымен немесе таза матамен сүйкей отырып, кейбір дене формаларын ерекше жағдайда орындайды. Осындай тәжірибемен орындалған картиналар ерекше көрінеді және бейнелер жұмсақ, тегіс орындалады.

Атақты портрет жанрының шебері Александр Шилов тәжірибесі де көпке үлгі боларлық. Ол кісі портрет жазу барысында көбінесе көмекші таяқ арқылы орындайды.Адам бетінің кіші бөлшектері, әсіресе көз, көздің ішкі құрылысы дәлжазылмаса, онда портрет көп нәрседен ұтылады. Көз арқылы адамның психологиясы, сол сәттегі оның ішкі дүниесі, оның көрермендермен байланысын, әрине, қандай фотоаппарат болса да бере алмайды. Осындай құбылысты көрсету, оның сырын ашу тек суретшінің ғана қолынан келеді.Осы тұста кіші бөлшектерді А. Шилов ұзын сәнді таяғын қолын таяқ үстіне ыңғайлап қондырып, қандай кіші бөлшек болмасын, керек болса көз жасьна дейін нақышына келтіріп орындайды. Қорыта айтқанда, живопись өнері-жалпы бейнелеу өнері ішінде шоқтығы биік өнер, әлі де болса толық зерттеліп аяқталмаған сала. Живопись өнерінің шығармашылығы, оның әдістемесі мен әдіснамасы, теориялық ізденістері әлі алдағы уақытта егжей-тегжейлі зерттеле беретін ғылым.Живопись өнеріндегі байланыстарды түсіну, оларды болашақ маман ретінде өз еңбектерінде пайдалану-бүгінгі жас түлектердің міндеті. Мектептерде, өнер үйірмелерінде,арнаулы өнер колледждерінде, университеттерде оқытушылар осы саладан да білім берсе, онда болашақ маман деңгейі, оның теориялық білімі, шығармашылығының өсуі жан-жақты қалыптасар еді.  

3.2 Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытудың талаптары

Мен 2014 жылы мектеп түлегі атанып,қыркүйек айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің студенті атандым.Осы университетке түскеніме өкінбеймін,ұстаздардың дәріс жүргізгендері барлығы ұнайды.Кеше ғана 1курс студент атанып мәз боп жүр едік,ал енді бүгін міне дипломдық жұмыс жазу үстіндеміз.Дипломдық жұмыс жетекшім Айнұр апайым,өз қаталдығымен білім нәрімен сусындатты,қазірде дипломдық жұмысымды орындауға көп көмегін тигізіп жатыр.Біз дипломдық жұмыстың суретіне өзіміздің Жер жаннаты-Жетісуымыздың табиғатынан шағын көрінісін бейнелеуді шештік,яғни Жетісу жеріндегі Мұқыры тауларын бейнелейміз.

 

 

 

Көксу ауданы – Алматы облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 6,9 мың км². Тұрғыны 40 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,7 адамнан келеді (2009). Аудандағы 39 елді мекен 9 ауылдық және 1 кенттік әкімш. округке біріктірілген. Аудан орталығы Балпық би кенті.

 

Көксу ауданың шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігі таулы-қыратты. Оңтүстік-шығысында Шаған тауы, шығысында Албасу (Лабасы), Қызылауыз, Сарыбастау, Жуантөбе, оңтүстігінде Ашудасты, Достар, Ақшоқы таулары, батыс бөлігінде Көкешиелі жотасы орналасқан. Батысын Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал құмдары алып жатыр.


Ауданның ең биік жері Шаған тауларында (2551 м). Кен байлықтарынан Желдіқара кен орнында алтын және күміс кендерінің қоры барланған, сондай-ақ құрылыс материалдарының қоры бар. Көксу ауданының климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық.

 


Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 – 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы –35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 – 550 мм.

Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі.

Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, құстардан кекілік, бұлдырық, бүркіт, қырғауыл, дуадақ, шіл, бозторғай, бөдене, т.б. кездеседі. Ірі елді мекендері: Балпық би кенті, Мұқыр, Мәмбет, Көксу ауылдары.


Аудандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорны – «Көксу-Шекер» АҚ қант зауыты. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 638,2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 29,8 мың га, шабындығы 9,3 мың га, жайылымдары 600 мың га. Өсімдік шаруашылығында астық дақылдары басым (13,3 мың га).Үлкен жұмысты жазуды бастамас бұрын біз әртүрлі эскиздар жаздық.Эскиздар майлы бояумен,акварельмен және гуашпен орындалды.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Табиғатты бейнелеуге және үйрету жайында ұсынылған дипломдық жұмысым мектеп оқушыларын өнерге деген ынтасын дамытып қызуғышылығын арттырады.

Осы уақытта оқушылар өздерінің сурет пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырады. Практика сабағы күрделі де қызықты өтеді. Оқушылар творчестволық жұмыс істеу кезінде оқытушылардың қадағалауында болады да жіберілген қателер дер кезінде түзетіледі. Ал бұл кемшіліктер дер кезінде түзетілмесе, оқушылардың келешекте сурет салу қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да оқушы пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас үзілмеуі тиіс. Табиғат көрінісінің күрделілігін бақылаумен қатар әр оқушы табиғатты аялауға, әр алуан құбылысты тез бақылауға үйретеміз. Негізгі пәннің табиғаттағы тірі организм мен қоршаған ортаның қарым-қатанасын оқып үйренуде, оны танып білуде тигізер әсері мол.

Табиғатты бейнелеу мектеп оқушылары үшін табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйренуден басталады. Мысалы, ағаш бұтағы, ағаш түбіртегі, саңырауқұлақ, су жағалауы, гүлдер т.б. Бұл жастардың өз ереклелігін бейнелеп үйренген соң жалпы табиғаттың әсерлі көріністерін бейнелеуге біртіндеп көше бастайды. Программа бойынша тапсырмалар орындаған соң, оқушылардың еңбектері бағаланады. Баға бекітілген комиссия мүшелерінің талабын ескере қойылады. Өте жақсы жұмыстар методикалық, қорға алынады. Көрмелер ұйымдастырылады. Көрмеде ілінген жұмыстар оқушылардың білім дәрелсесін көтеруге себепші болады. Көрермендер арасында пікірталастың тууы тәжірибе барысының нәтижесін қорытады.                                                            

Сабақтың қорытындысы жайлы әрбір пән оқытушысы өз пікірін ортаға салады. Болашақта кейбір келелі мәселелерді шешуге әр түрлі ұсыныстарайтылады.

Мысалы, үлгермеуші оқушы қалай жұмыс істеу керек, тәжірибе әрқашан жоспар бойынша жүйелі өткізілуін, ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеруіміз қажет. Әрқашан практиканың нәтижелі өтуінің жаңа жолдарын қарастырамыз.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Қ.Ералин. Қ.Тастеміров. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. А., "Мектеп", 1990г.

2.А.С.Шипанов. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге»."Мектеп" 1989г.

3. Кирцер Ю.М. «Рисунок и живопись» Москва-высшая школа 1993 г

4. Никулина О.Р. «Природа глазами художника» М, Советский художник 1992г.

5. Айтбаев С.М. Советский художник 1991 г.

6. Каменева Е.О. «Кемпірқосақтың түсі қандай?» Алматы, 1992 ж

7. Қантар А.М. «Изобразительное искусство»

8. Федоров-Давыдов А.А. «Русский пейзаж» 17-20века» М, Советский художник-1980г.

9.Островский Г.С. «Рассказы о русской живописи» Изобразительноеискусство 2000г.

10. Казахская исскуство.  «Краткая энциклопедия» Алматы 2000г

11. Сарықұлова Г.А. «Мастера изобразительного искусство Казахстана». Алматы. «Наука» 1992г.

12. Соколова М.А. Тансықбаев. «художник» Москва.2000 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 939; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!