Методы педагогических исследований и их значение для развития теории и практики высшей школы.



Жауап.Педагогикалықлық зерттеудің әдістері – ол заңдық байланыстарды, қатынастарды, тәуелділікті бекіту және ғылыми теория құру мақсатымен ғылыми ақпарат алу тәсілі. Педагогикалық зерттеуді жүргізуде теориялық әдістер қолданылады: талдау, синтез, салыстыру, индукция, дидукция, абстракциялау, қорыту , нақтылау, үлгілеу; эмпирикалық әдістерге: сауал – сұрақ жүргізу, интерьвю алу, рейтенг; әлеуметтік- психологиялық әдістерге: социометрия, тестілеу, тренинг; математикалық амалдар: сап түзеу, межелеу, корреляция (өзара байланыс, арақатынас) және педагогикалық эксперимент.

Кейбір теориялық әдістерге тоқталсақ:

Талдау зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру.

Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу.

Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады.

Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру.

Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.

Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.

Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу.

Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше.

Зерттеудің эмперикалық әдістеріне жатады: мәліметтерді жинау амалы,бақылау, әңгімелесу сауал – сұрақ жүргізу тестілеу, бақылау мен өлшеу амалы ( межелеу, тесттер ); мәліметтерді өңдеу ( математикалық. Статистикалық, графикалық кестелік); бағалауамалы (өзін өзі бағалау, рейтинг, педагогикалық консилиум ); зерттеу нәтежелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы эксперимент, көлемді енгізу)

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу.

Педагогикалық эксперимент - педагогикалық процесске өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтежесін өлшеу саны.

Бақылау секілді педагогикалық эксперимент маңызды зерттеу әдісі болып табылады. Егер бақылау әдісінде зерттеуші пассивті түрде оны қызықтыратын процестің пайда болуын күтеді, ал эксперимент әдісінде ол процессті тудыру үшін барлық жағдайды өзі қарастырады.

Эксперименттің екі түрі: табиғи және лабараториялық эксперимент бар.

Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді.

Педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді жағдайларын анықтайды және зерттейді.

Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.

Развитие педагогических идей в области высшего образования.

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың инновациялық педагогикалық идеялары бойынша әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Инновациялық – педагоги калық технологиялар идеялар байқауының негізгі ережелері : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, инновациялық – педагогикалық идеялар немесе жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бұдан келіп болашақ ұрпақтар инновациялық педагогиканың идеяларымен танысады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 696; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!