Рецепт на настойку пустырника 15 страница



 

 

 

7.1 Тақырып №7 М-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер. М- холиномиметнкалык дәрілер. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, колданылуы. Мускариннің уытгы әсері. Улануды емдеу.

М-холиноблокаторлық дәрілер . Қолданылуы. Итжидек (белладонна) препараттары. Атропинмен улану және көрсетілетін жәрдем. Таңдамалы әсер ететін М – холиноблокаторлар.

7.2 Мақсаты:М-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер, оның ішінде М- холиномиметикалык және М-холиноблокаторлық дәрілер жайлы толық мағлұмат беру. Мускариннің уытгы әсері. Атропинмен улану және көрсетілетін жәрдем.

7.3 Оқытудың міндеті

М-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер, оның ішінде М- холиномиметикалык (пилокарпин гидрохлориді, ацеклидин) және М-холиноблокаторлық (атропин сульфаты, беладонна сығындысы, платифиллин гидротартраты, метацин) дәрілер жайлы толық мағлұмат беру, дәрілерге рецепт жазуды үйрету. Мускариннің уытгы әсері. Атропинмен улану және көрсетілетін жәрдем.

7.4 Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. М-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер.

2. М- холиномиметнкалык дәрілер(пилокарпин гидрохлориді, ацеклидин).

3. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Көзге (қарашықтың көлеміне, көз іші қысымына, аккомодацияға), ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттеріне, бездер секрециясына әсері.

4. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, колданылуы.

5. Мускариннің уытгы әсері. Улануды емдеу.

6. М-холиноблокаторлық дәрілер (атропин сульфаты, беладонна сығындысы, платифиллин гидротартраты, метацин). Қолданылуы.

7. Атропиннің көзге, жүрек-қантамыр жүйесіне, тегіс бұлшықеттерге, бездерге тигізетін әсері. ОЖЖ-не тигізетін әсерлерінің ерекшеліктері. Қолданылуы.

8. Итжидек (белладонна) препараттары.

9. Атропинмен улану және көрсетілетін жәрдем.

10. Таңдамалы әсер ететін М – холиноблокаторлар (пирензепин, ипратропиум бромиді)

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

М-холиномиметиктер

Пилокарпин(Pilocarpinum), алкалоид, шеткі М-холинорецепторларды қоздыратын, асқорыту мен бронх бездерінің секреция сөлін жоғарылататын, қарашықты тарылтып, көздің ішкі қысымын төмендететін және көз трофикасын жақсартатын, бронхтың, ішектің өт қапшығының және қуықтың, жатырдың тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Офтальмология тәжірибесінде глаукома кезіндегі көз ішілік қысымды төмендету үшін, көздің торлы қабатының орталықты тамырының тромбозы кезіндегі көздің трофикасын жақсарту үшін, көздің торлы қабатының артериясының жедел түйілуі, көз жүйкесінің атрофиясында, шыны тәрізді денеге қан құюылулар кезінде 1 және 2% көз тамшысын, кейде 4% ерітіндісін қолданады. 

Кері көрсеткіштері.Миоз қажет емес жағдайларда (ириттер, иридоциклиттер), сонымен қатар, көздің торлы қабатының ажырау қауіпі бар миопия кезінде, бронх демікпесі кезінде және жүктілік кезінде қолданбайды.

Жанама әсерлері. Миоз, бас ауыру, көз ауыруы, миопия, аккомодация тарылуы, көрудің нашарлауы, көрудің елестік өзгерісі, көзден мөлшерден тыс жас ағуы, фолликулярлы конъюктивит, беткейлік кератит және қабақтың жанаспалы дерматиті.

Шығарылу түрі. 1; 2 және 4% ерітіндісі (көз тамшысы) - 10 және 15 мл флаконда; 1 және 6% ерітіндісі 5 мл флаконда; 1% ерітіндісі тюбик-тамшысы – 1,5 мл; 1, 2 және 4% көз майы және гель тубада – 5 г.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Pilocarpini hydrochloridі 1% - 5 ml

                             D.S. Ауыратын көзге күніне 2-6 рет, 1-2 тамшыдан.

                                                   #

                       . Rp.: Sol.Epinephrinі 0,1% - 10 ml

                              Pilocarpini hydrochloridi 0,1

                              M.D.S. Көз тамшысы. 1 тамшыдан ауратын көзге.

                                                            #

Саладжен (Salaqenum) - құрамына пилокарпин кіреді. М-холиномиметикалық дәрі. Дәрілік түрі ксеростомитті емдеу үшін (ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауында) қолданылады.

Шығарылу түрі. Таблеткасы 5 мг N.21, 84.

 

 Пиларин (Pilarіnum) – құрамына пилокарпин + адреналин кіреді. М-холиномиметикалық дәрі, глаукома кезінде көз қысымын төмендетуге қолданылады.

Шығарылу түрі. Көз қапшық түрінде 2,7 мг.

 

Ацеклидин (Aceclidinum) синтетикалық холиномиметикалық зат болып табылады. Әсіресе, М-холинорецепторларға тән ынталандырушы, тонусты көтеру қасиеті бар және ішектің қуықтың және жатырдың тарылуын күшейтеді. Көз қарашығының тарылуы көз іші қан қысымының төмендеуімен бірге жүреді. Мөлшерін көбейтіп жіберген жағдайда улануы мүмкін. Мускаринге тән симптомдар – тердің көп бөлінуі, көздің жасаурауы, сілекей ағу, 1,5-2 сағат көлемінде құсу, және іштің өтуі, балалар бұл жағдайда ағзаның құрғауынан шетінеп кетеді. Уды зәрмен бірге (тездетілген диурез) шығуы керек, сонымен қоса гемосорбция, перитониалды диализ және басқа да шаралар пайдаланылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Глаукома, ішектің және қуықтың, жатырдың атониясында 0,2% егуге арналған ерітінді және 3% май түрінде, көзге жатар алдында мақтаға жағып тану.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, жүрек ауруларында, стенокардияда, АІЖ қанталауы, қояншық, гиперкинездерде, жүктілік кезінде және де оташалауға дейінгі құрсақ қуысының қабыну үрдісінде қолдану қарсы көрсетіледі.

Жанама әсерлері. Егілген кезде холиномиметиктерге тән сілекейдің ағуы, тершеңдік, іштің өтуі және басқа да симптомдар болуы мүмкін. 

Шығарылу түрі.1 мл ампулада 0,2% ерітіндісі тері астына егу үшін.

 Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Aceclidini 0,2% - 1 ml

D.t.d. N.10 in amp.

S. 1 мл тері астына.

#

Цизаприд (Cisapridum), синтетикалық жолмен алынған, құрылымы жағынан метоклопрамидке ұқсас препарат. Холиномиметикалық заттар сияқты холинергиялық жүйке ұштарынан айетилхолиннің бөлінуін күшейтеді, сонымен қатар 5-НТ4-серотонинді рецепторларды белсендіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Асқазанның парезінде, ішектің атониясында, диспепсияда, құсу және асқазан ауруларының диагностикасында қолданылады. Таблеткада 0,005 және 0,01 г; 0,2% және 0,5% ерітінді 2 мл ампулада егу үшін.

Кері көрсеткіштері.Асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктілік және емшекпен ему кезінде.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, тырысу, аритмия, ксеростомия, диспепсия, гепатит, миалгия, ісінулер, қан түзу жүйесінің тежелуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.5 және 10 мг таблеткасы N.20, 30; 0,1% суспензия 60 және 100 мл флаконда; 0,25 және 0,5% ерітіндісі егуге арналған 2 мл ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Cisapridі 0,1% - 60 ml

                               D.S. 1-2 шай қасықпен күніне 2 – 3 рет.

                                                   #

 Қазіргі кезде офтальмологиялық тәжірибеде бір қатар жаңа миотикалық препараттар қолданылады. Солардың біріне мыналар жатады:

Дорзоламид(Dorzolamidum), трусопт.Препарат химиялық құрылымы бойынша диакарб және гидрохлортизидке ұқсастығы бар, соның нәтижесінде көздің циллиарлы денесіндегі карбонгидразды тежейді және глаукомамен ауыратындардың көз ішілік қан қысымын тиімді төмендететін айқын қабілеті бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі ашық бұрышты глаукомада. Көз ішілік қан қысымын төмендету үшін тәулігіне 2-3 реттен конъюктивиалді қапқа 2% ерітінідісін 1 тамшыдан тамызады.

Кері көрсеткіштері. Ауыр бүйрек жетіспеушілігі, гипохлоремиялық ацидозда, жүкітілік, баланы емізу кезінде, бала жасында қолдану қарсы көрсетілген.

Жанама әсерлері. Қышып дуылдау, күйдіру, көздің шаншуы және қолайсыздық жағдайлар, үстілік креатит, ауыз қуысындағы ащы дәм, көздегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі.2% ерітінді флакон-тамшысында 5 мл -ден.

 Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Dorzolamidі 2% - 5 ml

                             D.S. Ауыратын көзге күніне 2-3 рет, 1 тамшыдан.

                                                   #              

Поксофелин(Proxophelinum) – құрамында проксодололдың 1% ерітіндісі мен клофелиннің 0,25% ерітіндісі бар кешенді препарат. Көз ішінің қан қысымын белсенді төмендетеді және әр препаратты жеке-жеке пайдалануға қарағанда тиімділігі айқын көрінеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Глаукома кезінде көз ішілік қан қысымын төмендету үшін, конъюнктивалды қапшыққа 1 тамшыдан тамызу керек.

Кері көрсеткіштері. Брадикардия, бронхообструктивті аурулар.

Жанама әсерлері. Брадикардия, артериалды гипотензия, ауыздың құрғауы, тыныштандыратын ықпалы бар.

Шығарылу түрі. Көз тамшысы 1,3 мл(1% проксодолол + 0,25% клофелин ерітіндісі) тюбик-тамшысы

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Proxophelinі 1,3 ml

                             D.t.d. N. 5

                             S. 1 тамшыдан конъюнктивалды қапшыққа күніне 2 рет

                                                  #

Бринзоламид(Brinzolamidum), азопт. Бринзоламид карбоангидраза баяулатқышы, глаукома кезінде көздің ішкі қан қысымын түсіру үшін 1 тамшыдан 1% ерітіндісін қолданылады. Конъютивалді қапшыққа тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан.

Шығарылу түрі. 1% суспензия (көз тамшысы) 5 мл флакон-тамшыда.

М-холинотежегіштер

М-холинотежегіштер холинергиялық тораптардан кейінгі талшықтар ұштарындағы эффекторлық жасушалардың мембранасында орналасқан шеткі М-холинорецепторларды тежейді, яғни парасимпатикалық, холинергиялық иннервацияны тежейді. Ацетилхолиннің тікелей мускаринді әсерін тежеу арқылы, атропиннің ықпалы вегетативті торап пен жүйке-бұлшықет синапстарына таралмайды.

Көптеген атропин тәрізді заттар ОЖЖ-де М-холинорецепторларды тежейді. Бәсекелестік негізде (ацетилхолинмен) М-холинорецепторларды тежеу арқылы, медиатордың рецептормен әрекеттесуіне кедергі жасайды.

 

Таблица 4.4.1. М-холинотежегіштермен жедел улану (атропин, итжидекпен ж.т.б.)

Әсері Улану симтомы Алғашқы көмек көрсету шаралары Антагонисттер мен басқа заттар
Эффекторлы жасушалардың мембранасындағы М-холинорецепторды тежеу. Жеңіл уланғанда: қарашықтың кеңеюі, фотофобия, мидриаз, тері мен шырышты қабаттың құрғақшылығы, күшті тахикардия, ішек атониясы. Терінің бөлінуі төмендеуіне байланысты терінің ыстық болуы, дене қызуының жоғарлауы, беттің гиперемиясы. Ауыр жағдайда, Жоғарыда айтылғандарға қосылады: Психомоторлы қозу, координацияның бұзылуы, естің шатасуы, елестер, атропинді психоз дамиды. Кейіннен тамырларды қозғау мен тыныс алу орталығының тежелуімен жүретін кома және тыныстың салдары дамиды. Асқазанды шаю, тездетілген диурез, гемосорбция, жасанды тыныс беру. Антихолинэстеразды заттар (прозерин), белсендірілген көмір, сибазон (қозу кезінде)

Таблица 4.4.2. М-холинотежегіштердің жалпы сипаттамасы

Әсер ету механизмі Қолданылуы Қолдануға кері көрсеткіштер Жанама әсерлері
Бәсекелестік негізде (ацетилхолинмен) М-холинорецепторларды тежеу арқылы, медиатордың рецептормен әрекеттесуіне кедергі жасайды. Ирит, иридоциклит, кератит (көздің қызметтік тыныштығы үшін), бронх тарылуы, ішек, бүйрек, бауыр түйілуі, АОЖ мен он екі елі ішектің ойық жаралары (секрецияны төмендету мақсатында), премедикация (сыртқы секрецияның бөлінуін төмендету мақсатында), вагусты болатын атриовентрикулярлы тежелуде, ФОҚ және м-холиномиметикпен улану кезінде. Глаукома, несеп бөлінудің бұзылыстары, ішек атониясы, миастения. Ауыздың құрғауы, жұтыну бұзылыстары, ішек перистальтикасының бұзылыстары, іштің қатуы, көрудің бұзылыстары, тахикардия.

Атропин (Atropinum), атропин сульфаты, итжидек, сасықмеңдуана сияқты бір қатар өсімдіктердің алкалоидтары болып келеді. Атропин, М-холинорецепторларды тежеп, холинергиялық жүйкелердің және тегіс салалы бұлшық еттердің ынталанушы әсерін жояды.

Көбінесе балаларда өсімдіктердің жемісін жегеннен уланулар туындайды. Алғашқы жәрдемге - асқазанды шаю, белсендірілген көмірді және тұзды іш айдағыш заттарды тағайындау, тездетілген диурез, физиологиялық антагонисті прозеринді, тыныштандырғыш препараттар сибазонды (диазепам) тағайындау, жасанды тыныс беру аппараты дайындықта болуы қажет және науқасты қараңғы бөлмеге жатқызу керек, себебі осы затпен улану кезінде жарықтан қорқу симптомы байқалады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Атропинді асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында, пилороспазмда, холециститте, өттің тас байлану ауруларында, ішек пен қуық түйілуінде, бронх демікпесінің ұстамасында, тегіс салалы бұлшықеттердің тарылуымен жүретін ауырсыну кездерінде, операция алдында премедикация үшін, көз тәжірибесінде көздің түбін тексеру үшін тағайындайды. Парентеральды тері астына 1 мл ден 0,1% ерітіндісін; таблетка түрінде 0,00025-0,001г 1‑2 реттен тәулігіне қабылдауға. Офтальмологияда: көз тамшысы және май ретінде 1% 5 – 10 мл.

 Кері көрсеткіштері.Глаукома, салды илеус, ойық жаралы колит, ішектің және несеп шығару жолдарының обструктивті ауруларында.

Жанама әсерлері.Ауыздың құрғауы, тахикардия, көз қарашығының кеңеюі, аккомодацияның салдануы, ішек пен қуықтың атониясы, несеп бөлінуінің бұзылыстары, бастың айналуы және ауыруы.

Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткасы; 0,1% ерітіндісі тамшы ретінде ішуге арналған 10 мл флаконда; 0,05% және 0,1% егуге арналған – 1 мл ампуласы; 1% ерітіндісі (көз тамшысы) – 5, 10, 15, 20 және 30 мл; 1% көз майы; 1,6 мг көз пленкасы.

 Рецепт үлгісі. Rp.: Membranullae ophthalmicaе cum Atropino 0,0016

                                   D.t.d. N.20 

                           S. Ұйықтар алдында пленканы пинцетпен көздің төменгі қабағына салу қажет.

                                             #

Итжидек(Belladonna). Итжидек препараттары тұндырма және сығынды түрінде, сонымен қатар біріктірілген дәрілер – «бекарбон», «бесалол», «бепасал» таблеткалары, «бетиол», «анузол» балауыздары және т.б.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 1114; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!