Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис) 4 страница



2) Ұяшық контрфорсы жоғарғы үлкен азу тістерден басталып шықшыт альвеолды жотасы арқылы шықшыт сүйегіне және оның өсінділеріне тарайды.

3) Артқы контрфорс жоғарғы жақ төмпешігін негізгі сүйектің қанатша өсіндісіне қосады.

4) Таңдай контрфорсы мүрын түбіндегі екі астауша тәріздес сай арқылы мүрын-маңдай контрфорсымен жалғасады.

Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын, көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан, оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлер бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз ғалымы Ле Фор (1901 ж.) Со-ндықтан бұл сынықтарды автордың есімімен атайды. Ле-Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.

I. (Ле-Фор I). Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісі екі жағынан , жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды (32-сурет).

32-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор III бойынша сынығы.

II. (Ле-Фор II). Сынық маңдай сүйегінің мүрын өсіндісімен мүрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін (33-сурет).

33-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор II бойынша сынығы.

 

III. (Ле-Фор III). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен бастальш көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады.

Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды (А. Э. Рауэр) сынық деп атайды (34-сурет).

34-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор I бойынша сынығы.

 

Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.

IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің бір жақты сынығы.

Ескеретін жағдай, жоғарыдағы Ле-Фор сынық схемасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы біржақты, бір жағында Ле-Фор II, екінші жағы Ле-Фор III т. б. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.

ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Бейбітшілік уақытта (оқсыз зақымданғанда) төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Осындай кер әдеттегі сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы деп аталады. Олар орталық жік,  3[3 тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі. (35-сурет).

35-сурет. Төменгі жақ сүйегі сынатын осал жерлерінің жобасы.

Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1—2 мм ауытқиды. 3[3 тіс түбірі жуан   және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады. Сынықтың төменгі жақ бұрышында болу себебін екі түрлі теориялармен дәлелдейді: 1) Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады. 2) Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының түздары аз.

Жақ сүйегінің буын өсіндісі төменгі жақ доғасының ең жіңішке жері болғандықтан, көбінесе осы жердің сынығы кездеседі.

Төменгі жақ сынықтары біржақты, екіжақты, жалғыз, екі жерден және бірнеше жерден деп бөлінеді.

Тіс қатарындағы сынықтар ашық жарақаттар қатарына жатады. Өйткені альвеол өсіндісіндегі шырышты қабық сүйек қабығымен тығыз байланыста. Бұл қабықтар сүйек сынғанда жыртылып, сүйек жарасы инфекция көзі болып есептелетін ауыз қуысымен байланысады. Сонымен қатар, сүйек сынықтарының аралығындағы тістер инфекция көзі болып табылады. Сондықтан бұл сынықтар асқынбас үшін инфекцияға қарсы күрес жүргізіп және барлық науқастарды сіреспеге қарсы егу керек.

Жұмсақ тіндер жыртылып жарақаттанбаса, тіс қатарынан тыс сынықтар көбінесе жабық жарақаттар қатарына жатады.

Төменгі жақсүйек сынуының механизмі. Төменгі жақ сүйегінің сынуы шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан болады. Сынықтар келесі варианттарда кездеседі: 1) Күш төменгі жақ сүйегі бүйірінің бір нүктесіне түссе тура сынық пайда болады. Кей жағдайларда осы сынық қарама-қарсы жағында тура емес, буын өсіндісі қосымша сынуы мүмкін. 2) Күш төменгі жақ бүйірінің көлемді жеріне түссе, буын өсіндісінен немесе бұрышынан тура емес сынады. 3) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен үлкен көлемде тисе, тура емес сынық орталық жікте де пайда болады. 4) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен симметриясыз тисе тура емес сынық иек маңында және қарама-қарсы жағынан буынды өсінді сынады. 5) Күш төменнен жоғары қарай шектен тыс тисе буынды өсінді екі жағынан сынады.

Осымен, егер сынық шектен тыс майысудан пайда болса, онда сипамалы аумаққа түскен күш әсерінен тура, үлкен аумаққа түскен күш әсерінен тура емес сынық пайда болады.

Қысым механизмі. Егер екі күш бір-біріне қарсы бағытталса, сүйек тіндері қысымға түседі (компрессия). Күш төменгі жақ бұрышынан көлемді аумақта төменнен жоғары бағытта соғылса, сүйек шықшыт буыны мен төменгі жақ бұрышының арасында қысылады. Осындай жағдайда жақ өсіндісінің ортасы көлденең сынады.

Ығысу механизмі. Күш түскенде сүйек тірегі бар жерімен салыстырғанда, тірегі жоқ жері ығысып сынады. Егер күш көлемі аз жерден төменгі жақ бұрышынан жоғары қарай тәж тәріздес өсіндіге бағытталса тірегі бар буын өсіндісі орңында қалып, тірегі жоқ жақ өсіндісінің алдыңғы жағы (тәж өсіндісімен қосылса) ұзына бойы ығысып сынады.

Жұлыну механизмі. Ауыз жабық кезінде жоғарыдан төменге қарай иекке соққанда төменгі жақ өсіндісінің тәж өсіндісі жұлынып сынады. Бұл сынық түрі өте сирек кездеседі. Тәж өсіндісіне тіркелген самай бұлшықетінің жиырылуынан деп есептелінеді.

Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы

Медициналық травматология саласындағы негізгі сынықтар жіктелуі олардың клиникалық көріністері бір-бірімен байланысы бір заңдылыққа бағынады. Сондықтан, бұл оқулықта осы заңдылықты қолдана отырып жақ-бет аймағы травматологиясының жіктелуі және клиникасы жеке қаралып отыр. Өйткені барлық сүйектер сынығының клиникасы ортақ болады. Бірақ әр сүйекке тән өзіндік негізгі белгісі бар.

Травматологияда барлық адам сүйектері сынығының жалпы клиникалық белгілерін келесі бес топқа бөледі; 1). Локальды ауыру сезімі. 2) Патологиялық қозғалыс. 3) Сынықтың ауытқуы. 4) Сықырлау. 5) Сүйек жұмысының бұзылуы.

Осылардың ішіндегі әрбір сүйек сынығына тән өзіндік белгілері сол сүйек сынығының негізгі клиникалық белгісі болады. Бұл басқа сынық белгілерімен қосылып отыратынын еске сақтау қажет,

Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.

Төменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз тінінен құралып, аралығында аздаған кемік тіндері болады. Денесі жоғары қарай альвеолды өсіндіге ұласып, тіс ұясының қабырғаларын құрайды. Альвеолды өсіндінің қабығы сүйек қабығымен тығыз байланысып, қозғалмайды. Төменгі жақ сүйегінің ішінде қан тамыры және төменгі альвеолды нерв жүретін өзегі бар. Ми сауытымен бұл сүйек самай-төменгі жақ буыны арқылы байланысады.

Сынықтың қай жерде болуына және оның түріне байланысты аурулардың шағымдары әртүрлі болады. Барлық жағдайда да олар төменгі жақтың анық бір жерінде пайда болатын ауыру сезіміне шағым жасайды. Бұл жақ қозғалысында, тамақты тістегенде және шайнағанда ұлғая түседі. Кейде төменгі еріннің сезімталдығы жойылады (бұл нерв қан тамырларының қысылуына немесе үзілуіне байланысты). Тістеу бұзылып және ауыздан қан ағуы ықтимал. Осылармен қатар бас айналып, ауырып, құсқысы келеді, кейде құсуы мүмкін.

Анамнез жинаған кезде зақым қандай жағдайда, қашан, қайда, қай уақыгта болғанын анықтау қажет. Осылармен қатар, ми мен бас қаңқасы негізінің бұзылуын (естен айырылу, құсу, жүрегі көтерілу, құлақтан қан кету, ретроградтық амнезия т. б.) есте сақтаған жөн.

Бұл мәліметтер диагноз қоюға, емдеуге керектігімен қатар, еңбектен босату құжаттарын бергенде, заң қорғау және мемлекеттік сақтандыру орындарына қажет болуы мүмкін. Сондықтан Олар сырқатнамаға толық жазылуы қажет.

Объективті тексергенде науқастың жалпы жағдайын ағзалар мен жүйелерді тексеру (есін, тынысын, тамьф соғысын, қан қысымын, ішін пальпация арқылы тексеру, басқа ішкі мүшелерін ісксеру) арқылы оның жалпы жағдайын білу қажет. Басқа аймақтардың зақымдануын тексеру қажет. Аурудың жақ-бет аймақтарын сырттан қарағанда оның формасы, жұмсақ тіндердің зақымнан пайда болатын домбығудан, гематомадан, иектің ауытқуынан, өзгеруі мүмкін. Бет терісінде қанталау, сыдырылу және жара болулары мүмкін.

Төменгі жақты пальпация жасағанда жоғарыдан ортаға немесе орталықтан жоғары қарай саусақтарды төменгі жақ сүйегінің төменгі жиегімен жүргізу керек. Пальпацияны жақтың сау жағынан бастаған жөн. Бұл кезде ауыратын нүктесін, сүйек жарқыншағы жоқ жерін, ісік немесе гематоманы анықтауға болады.

Дәрігер саусақ ұшын құлақ қусына енгізіп төменгі жақты төмен және оңға, солға бұру арқылы буын басының қозғалуын байқауы керек. Немесе буын басының қозғалуын құлақ алдынан сипап байқауға болады.

Осыдан кейін ауыратын нүктені анықтау үшін ауыру белгісін тексеру керек. Ол үшін: 1) Оң алақанды иекке қойып алдынан артқа қарай төменгі жақты итереді. 2) Екі алақанды жақ сүйегінің екі жағына тіреп бір-біріне қарай қысады. 3) Бас бармақтарды төменгі жақ бүрышының екі жағына қойып, төменнен жоғары қарай («буын өсіндісіне" қарай) ептеп басады.

Егер төменгі жақ сынған болса дәрігердің салған күшінен сынған жер ауырады, оны науқас бір саусағымен дәл көрсетеді. Әдетте, бұл жердің нүктесі бұрынғы пальпация жасаған кезде анықталған сүйек жарқыншағының жылжыған жері мен жұмсақ тіннің гематомасына сәйкес келеді.

Төменгі жақ сынғанда иек сынған жаққа қарай ауытқиды. Ине арқылы ерін, иек терісінің сезімталдығын екі жағынан анықтау қажет. Егер төменгі альвеол нервісі үзілсе, сынған жақта сезімталдық жойылады.

Осыдан кейін ауыз қуысын тексереді. Науқас аузын ашқанда оның амплитудасы азайып, иек сынған жаққа ауытқиды, жапқанда орталық сызық сынық жаққа ауысады, бұлар сынық белгілері болып есептеледі. Жақ сүйегі сынған жағдайда ауыз қуысының, әсіресе альвеолды өсіндінің кілегей қабығы қанталап жыртылуы мүмкін. Тісті перкуссия жасағанда сынық ара-лығындағы тістер ауырып, тістестіру өзгереді. Тістестірудің өзгеруі сынық ауытқуынан болса, ал оның мөлшері негізінде ондағы бұлшықеттерге байланысты.

Сынықтың бар жоғын және оның орнын анықтайтын негізгі белгілердің бірі сынық бөлшектерінің қозғалуы. Оны келесі әдіспен анықтайды: оң қолдың сұқ саусағын бір сынықтағы тістің үстіне, ал сол қолдың сұқ саусағын екінші сынықтағы тістің үстіне қойып бас бармақтармен төменгі жақтың сыртынан ұстап, бірін жоғары екіншісін төмен, алға және артқа қарай жылжытады. Сол уақытта (сынық болса) сынық жанындағы тістердің биіктігі, ара қашықтығы өзгеруімен қатар, альвеолды өсіндінің кілегей қабығьіның жыртығы үлғайды.

Клиникалық болжауды рентгенограмма арқылы дәлелдеу қажет, Рентгенограмма сынықтың және жарқыншақтардың ығысу дәрежесін, тіс түбірінің сыныққа қатынасын сипаттайды (36-сурет). Әдетте, екі рентгенограмма жасалады: бірі — тік, екіншісі — бүйірден. Егер мүмкіншілік болса ортопантомограмма жасаған жөн. Төменгі жақтың буын өсіндісі сынса, томограмма көп мәлімет береді. Дәрігер клиника-рентгенологиялық көрсеткіштердің негізінде дұрыс топикалық диагноз қойып, емдеу жоспарын жасайды.

36-сурет. Төменгі жақ сүйек денесінің сынығы, R- гр.

Сүйек сынықтарының ауытқуы. Төменгі жақ сүйегі сынығының негізгі клиникалық белгісі жарқыншақтардың ауытқуы болғандықтан, клиникада жиі кездесетін және орталық жіктен 3]3 тіс ұяларындағы төменгі жақ бұрыштарындағы сынықтарға назар аударамыз. Жоғарыда айтылғандай, жарқыншақтар негізінде салмағы және шайнау бұлшықеттерінің жиырылуы әсерінен ауытқиды. Сондықтан төменгі жақ сүйегіндегі шайнау бұлшықеттерін сипаттап өтейік.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 455; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!