Созылмалы паренхиматозды паротит 8 страница



Анестезия аумағы. Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі, жақтың ішкі бөлігінің қабығы мен ауыз түбінің кілегей қабықтары.

Үшкіл нервтің 2-3 ші тармағын бас қаңқасының түбінен анестезиялау (орталық анестезия). Үшкіл нервтің негізгі тармақтарын дөңгелек немесе сопақ тесіктерден шығаберісте жансыздандыруды орталық, яғни сабақ анестезиясы деп атайды.

Орталық анестезияның әсері толық және ұзақ болады. Инені бір рет қана шаншып көптеген аумақты жансыздандыру оның өткізгіш анестезиясы алдында артықшылығының анағұрлым айқын екендігін дәлелдейд. Анестезия қатал стерилді жағдайда ғана жасалады.

Қажеттілігі:

1. Шеткі анестезияны жасауға кедергілердің (қабыну, ісік, жара, жақтың қарысуы) болуы.

2. Патологиялық процеске байланысты жақ сүйегінің нысана белгілерін анықтай алмау.

3. Жақ сүйектеріндегі аумақты операциялар: үлкен ісікті, кистаны, секвестрдіалу, пластикалық операция, остеомсинтез, жақ сүйегін кесу.

4. Жақ-беттегі үлкен жарақатты емдеу.

5. Үшкіл нервтің 2-3 тармақтар невралгиясын емдеу.

Үшкіл нервтің 2-ші тармағын анестезиялау. Нысана – қанат таңдай шұңқыры. Үстіңгі жақ пен қанат тәрізді өсінділер арасында самайасты шұңқырының ішкі жағында орналасқан. Самайасты шұңқырмен қанат-таңдай немесе орақ тәрізді саңылау арқылы байланысады. Шұңқырдың алдыңғы жағын – үстіңгі жақтың артқы бетінің медиальды шеті мен таңдай сүйегінің көз өсінідісі, артқы жағынан – сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты мен қанат тәрізді өсіндісінің алдыңғы беті, ішкі жағын – таңдай сүйегінің перпендикуляр пластинкасының сыртқы беті, жоғарғы жағын – сына тәрізді сүйектің төменгі беті мен үлкен қанаты.

Төменгі көз саңлауы арқылы шұңқыр көз шарасымен, беттің алдыңғы жағымен байланысады. Негізгі таңдай тесігі арқылы – мұрын қуысымен, дөңгелек тесік арқылы ми сауытымен, ал қанат таңдай өзегінің жалғасы таңдайдың үлкен тесігі арқыл ауыз қуысымен байланысады.

Қанат-таңдай анестезиясының түрі көп. Анестетикті енгізудің мынандай жолдарын таңдауға болады:

1. Бет сүйек асты қанат тәрізді сүйек жолы – беттің бүйір жағынан бет сүйегі доғасының асты.

2. Бет сүйекасты-беттің алдыңғыбүйір жағы – бет сүйегінің төменгі бұрышы.

3. Көз жолы – алдыңғы жағынан, көз шарасы арқылы.

4. Ауыз жолы – төменгі жағынан, ауыз қуысындағы қанат таңдай өзегі.

Бет-сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы(С.Н. Вайсблат ұсынған) басқаларынан жиірек қолданады. Нысана белгісі ретінде құлақ түйінінен алға қарай жүргізілген сызығының орта тұсы алынады. Бұл сызық «құлақ-көз» немесе «трагоорбитал» сызығы деп аталады. Сызықтың алдыңғы жағы көз шарасының сыртқы қырымен бет сүйегінің төменгі бұрышын қосатын сызықтың ортасына дейін тіреледі. Тұжырымдап айтқанда: траго-орбитал-ангуляаралық деген жөн.

Жалпы ереже:ұзындығы 6-7 см-дей инені бет доғасының астына траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына тік шаншып 2-7-5,5 см-дей тереңдікте сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағына тақайды. Алдын ала инеге кигізілген тығын арқылы бұл тереңдікті белгілеп иненің жарымынан астам бөлігін суырып алады. Енді иненің ұшын 15-20 градусқа алға қарай бұрып жаңағы белгіленген тереңдікке шаншып 2-3 мл анестетик жібереді. Ине ұшы қанат-таңдай шұңқырының кіре берісіне жетеді, ал шұңқырдың көлемі небәрі 2 см3  болғандықтан анестетик борпылдақ тінге сіңіп мұндағы үшкіл нервтің екінші тармағын жансыздандырады.

Бет сүйегі асты жолы.Алдын ала сол қолмен анықтап алған бет-альвеоляр қырының арт жағына инені шаншып ішке және жоғары бағыттап үстіңгі жақтың бұдырына жетеді. Сүйекті жағалай отырып 4,5-5,5 см тереңдікке қанат-таңдай шұңқырының кіре берісіне 2-3 мл анестетик жібереді.

Көз жолы.(В.Ф. Войно-Ясенецкий ұсынған). Инені көз шарасының төмен-сыртқы бұрышының үстін ала бет доғасының жоғарғы қыры тұсына, яғни одан 2-3 мм-дей жоғары горизонталь бағытта шаншиды. Инені көз шарасының сыртқы қабырғасымен жағалай жылжытып 4,5 см тереңдікте дөңгелек тесікке жетеді. Сол араға 2-3 мл анестетик жібереді.

Көз жолының Вайсблат модификациясы. Инені көз шарасының төменгі қырының ортасынан бірнеше мм-дей ішке таман шамалап шаншиды. Ұзындығы 5-6 см ине кигізілген шприцті оң қолмен, ал көздің астыңғы қырының терісін сол қолдың сұқ саусағымен басып ұстайды. Әрі қарай инені сүйекті жағалай жылжытқан сайын үнемі аздаған анестетикті жіберіп отырады. Иненің ұшындағы анестетик көз алмасын, қан тамырлары мен нервтерді ығыстырып оларды жарақаттан сақтайды. 3,0-3,5 см тереңдікте 2-3 мл анестетик жібереді. Барлығы 5 мл дейін ендіруге болады.

Ауыз (таңдай ) жолы.Инені таңдайдың үлкен тесігінің тұсына шаншиды. Ине шаншитын кілегей қабыққа иод тұнбасын жағады. Ауызды мейлінше керек ашып инені таңдайдың үлкен тесігіне енгізеді. Тесікті бірден таба алмаған жағдайда аздап анестетик жіберіп, сүйекті жағалай жылжытып барып тесікті табады. Әрі қарай өзек ішімен 2,5-3 см жоғары, артқа жылжып барып 1,5-2,0 мл анестетик жібереді. 10-15 мин соң 2-ші тармақтың аумағы түгел жансызданады.

Үшкіл нервтің үшінші тармағын анестезиялау (бетасты-қанат тәрізді жол). Нысана - сопақша тесік. Инені траго-орбитал-ангуляр сызығының ортасына шаншиды. Тік шаншылған инені 2,7-5,5 см-дей тереңдікке жеткенде, сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы жағында, тереңдікті белгілеп алып, инені жарымынан астам бөлігін кері суырып, оның бағытын 15-20 градус артқа қарай бұрып, жаңағы белгіленге тереңдікке қайта шаншып 2-3 мл анестетик енгізеді, 10-15 мин соң үшкіл нервтің үшінші тармағы иннервациялайтын аумақ анестезияланады.

 

Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар

Асқынулар жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы асқынулар:талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.

Талу –имдың қан айналысының бұзылуынан (анемиядан) аяқ астынан болатын жағдай. Оның себептері науқастсың хирургия аспаптарын, қанды, мамандардың қимылын көргеннен, алдағы болатын іс-шараларды ойлап қатты қорқуы. Бейімдейтін жайлар: қалжырап шаршау, ұйқы қанбау, жүйкенің жұқаруы, аштық, улану т.б.

Клиникасы.Бет қуқыл тартып көз қарауытады, әлсіреп басы айналып, лоқсып, құлағы шулайды, қол-аяғы мұздап, салқын тер шығады. Көзі аларып, қарашықтары ұлғайып науқас естен танып, қолдары еріксіз салбырап, орындықтан сырғып немесе құлап түсуі мүмкін. Тамырдың соғуы жиілеп, білінер білінбес болады. Бұл көрініс бірнеше минутқа созылады, сосын барып науқас есін жияды. 20-40 мин уақыт бойы ол әлсіреп, басы ауырады.

Емі. Операцияны шұғыл тоқтатып, басты төмендету, орындықтың арқасын түсіру немесе науқасты төсекке жатқызу. Терезені ашып, тыныс алуға кедергі жасайтын, белдік, іш-киім ілгектерін босату. Мүсәтір спиртін иіскету. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, жүрек пен тыныс қызметін жақсартатын дәрілер егу керек (10% кофеин, 10-20% камфора майы, 1 % лобелин, цитотон ерітінділері).

Алдын алу.Бейімдейтін жайларды болдырмау, ал олар белгілі болса, кіші трансквилизаторлармен премедикация жасау керек.

Коллапс – организм қызметінің күрт бұзылып нашарлауы. Талудан күрделірек асқыну.

Бейімдейтін жайлар. Ол көп қан жоғалтқан, жарақат алған жүйкенің қалжыраған, уланған, жұқпалы аурумен ауырған кездерінде болуы мүмкін.

Клиникасы. Күтпеген жерден науқастың өңі бозарып, құрғайды (кейде қызарып, терлейді – вазомотор). Ақыл-есі қалпында, көруі нашарлайды. Жүрек қызметі бұзылады (жүрек соғуы нашарлайды, тамыр соғуы әзер білінеді, аритмия, қан қысымы 60/30 мм с.б., аздап қолаяқ тырысуы сезіледі).

Емі. Науқасты горизонтал жайғастырып, аяқ-қолды көтеріңкі етіп ұстаған жөн. Қымтап жылытып, ыстық шай немесе кофе ішкізеді. Содан соң тамыр тарылтқыш (адреналин, мезатон), глюкокортикоид (преднизолон, гидрокортизон), жүрек (0,5-1,0 мл 0,5% строфантинді 10-20 мл 40% глюкоза немесе физиологиялық ерітіндіге араластырып егеді) дәрілерін егеді. Коллапс кезінде науқасқа керекті әрекеттер жасалынбаса өлім қаупі төнеді.

Аллергиясы бар науқастарға қолданылатын алдын алу шаралары: Алдын алу шараларының негізі – емханада мұқият жиналған анамнез бен оны талдау.

А.С. Лопатиннің (1983) пікірінше барлық науқастарды екі топқа бөлуге болады.

1. жеңіл аллергиялық анамнезді.

2. ауыр аллергиялық анамнезді.

Екінші топ тәуекел тобы болып есептеледі. Бұлар 3 дәрежеге бөлінеді, оларды емдеу күрделірек.

1 дәрежелі тәуекел – анамнезінде дәріден аллергия болмаған, бірақ түрлі жұқпалы аурулармен (экзема, ревматизм, тыныс демікпесі, коллагенез, поллиноздар) ауырғандар. Анафилактикалық шоктың алдын алу үшін бұларға скарификация, содан соң теріаралық диагностикалық сынақ жасалады. Нәтиже теріс болса анестетик терапевтік мөлшерде қолданыла береді.

2 дәрежелі тәуекел – анамнезінде тамақ пен химиялық заттардың, дәрілердің кейбіріне аллергиялық реакциясы бар адамдар. Оларға диагностикалық сынақтың тамшы, скарификация, теріаралық түрлерін бір-бірлеп қолданып көреді. Нәтиже теріс болса анестетиктің терапевтикалық мөлшерін қолдана беруге болады.

3 дәрежелі тәуекел – көптеген дәрілерді көтере алмай ауыр аллергиялық реакциясы болған адамдар. Оларды тексерудің иммунологиялық лабораториядан бастау керек. Диагностикалық сынақтар стоматология емханасына немесе стационарда өткізіледі. Ол үшін анафилактикалық шокқа қарсы шаралар жүргізуге сақадай сай тұру керек. Анамнезінде жергілікті анестетикке аллергиясы бар науқастың аллерголог-дәрігерге көрінуі шарт. Аллергологиялық анамнезі ауыр науқасқа эфир тобындағы (новокаин) жергілікті анестетиктерді қолданбау керек. Оған наркоз қолдануға болады.

    Аллергиялық реакция беретін анестетиктерді қолданудан 2-3 күн бұрын гистаминге қарсы, стероид дәрілерімен алдын алу емі жүргізіледі (кетотифен, циметидин, фенкарол). Эпсилон аминокапрон қышқылының 0,1 г/кг мөлшері аллергияға қарсы жақсы нәтиже береді. Бір тәулікте оның 15-16 г емдеу курсына 45-80 Б. жұмсап, үнемі каогулограмманы қадағалап отыру шарт.

Аллергиялық реакциялар:

Есек жем.Нерв жүйесі функциясы бұзылған кезде пайда болады. Анестетик енгізген соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп, қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады. Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа жерде пайда болып жалғасып отырады. Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі де бар.

    Емі. Димедрол, борм ішу кұн сайын 0,1% 1 мл-ден тері астына адреналин геу. Жағдай ауырласа суда ерігіш гормондар (преднизолон, гидрокортизон) қолданылады.

    Квинке ісігі теріде, кілегеі қабықта болатын шектелген, жедел ағымды ісік. Жұтқыншақ, көмекей ісігі тыныс алу мен жұтуды қиындатады. Ісіктер қышымайды, ауырмайды, тек бозарып тұрады. Аймақтық лимфа түйіндері өзгермейді. Квинке домбығуы қалқанша безі қызметі нашарлаған адамдарда жиірек болады.

    Емі. Тері астына атропин, венаға 10% хлорлы кальций ерітіндісі енгізіледі, 6-8 күндей димедрол не супрастин ішу керек.

    Шок – барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі Х.П. Шустердің (1989) қорытындылауы бойынша, а) науқас жағдайының қиындағаны туралы хабар; б) шығу себебі мен бейімдейтін жағдайларға қарамастан, организмнің өте қиын халде болуы; в) жарақат ауруының басталуы; г) организмнің жарақатқа жауап әрекеті. Даму себептеріне байланысты шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық, кардиогендік, психогендік т.б. болып жіктеледі. Іс жүзінде стоматологияда анафилактикалық шок жиі кездеседі. Новокаиннің анафилактикалық шок тудыратын дәрілердің ішінде 4-ші орында екендігін есте ұстаған абзал. Бұл асқыну өзінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық анамнезі ауыр болған науқастарда жиі кездеседі. Анафилактикалық шоктың белгілі кардиальды, астмоидты, церебральды, абдоминальды түрлері бар. Ол жай түскендей, ауыр, орташа, жеңіл болып бөлінеді. Белгілі түрінде – кейбір адамдар дәріні енгізген соң біраздан кейін мазасызданып, қорқып беті мен қол-аяғы қышып, жыбырлап құлағы шулап басы ауырады, терлейді. Беті бозарып тамырлары тартылып, естен тануы мүмкін. Көз қарашығы ұлғайып, жарыққа қимыл әсері сақталады. Төс тұсы ауырып, ол жүрекке қарай жылжиды. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Эпигастрия аймағындағы сезілген ыңғайсыз жағдай ішінің шаншуына ұласып, лоқсу күшейіп науқас құса бастайды. Кейбірулердің іші кеуіп, еріксіз зәрі мен нәжісі шығып кетеді. Кейде тыныс тарылса, кейде асфиксия болады.

    Шоқтың басқа түрлерінде бір ағзаның жаралануы айқын білінеді. Шок жай түскендей немесе ауыр жүрген жағдайда науқасты тез арада жоғалтып алу қаупі төнеді. Ал шоктың орташа, жеңіл өткен түрлерінде жаңағы аталған белгілер білінеді.

    Емі. Жағдайға байланысты түрліше әрекеттер жасалады. Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы тыныс жолдарын ашып күштеп тыныс алдыру керек. Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5 мл адреналинді 5-10 мл-дей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді. Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді анестетик жіберген жерге енгізеді. Гистаминге қарсы дәрілер (1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1% 0,5 мл гидрохлоид адреналин венаға, бұлшықетке) қолданылады. 5% 100-120 мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы нәтиже береді. Бронхоспазм күшейе бастаса, 2,4% 10 мл эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин жібереді. Жүрек қызметін қалыптастыру үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4 мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді. Дәрілер венаға жіберіледі. Бұлшықетке егілген дәрілер жақсы әсер бермейді. Сонымен қатар оттек ингаляциясы жасалады.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 197; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!