Хлорамин ерітінділерін даярлау 8 страница



5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егерде қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

14-Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау

Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері:науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу параметрлері:ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.

Дайындаңыз:сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз.

4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз.Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

9. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына– графикалық эдіспен,қызылтүспен, ал бақылау қағазына–сандық әдіспен жазыңыз.

12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

13. Қолынызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;

- тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егерде күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;

- тамыр соғу жиілігін аңықтау (егерде тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

қалыптағы тамыр соғу 1 минутта–60-80 соққы

тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия

тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса–жәй–брадикардия

- артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу–толық, бос, жіп тәрізді болады;

- тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды.

тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші

тамыр соғуы күшті (қатты)

тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).

АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ

Мақсаты:қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:науқастың жағдайын бағалау.

Мүмкін болатын асқынулар:қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады

Дайындаңыз:тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте)   20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

8.  Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым).

11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

12. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.

Ескерту:

Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

- қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

- артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары                    АҚ 140/90 мм с.б.;

- артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б

Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу

Мақсаты:дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.

Қолдану көрсетілімдері:тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.

Дайындаңыз:секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қалапсапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.

4. Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.

5. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

8. Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.

9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.

 

Ескерту:

- дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

- 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);

- дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

- тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;

- дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;

- Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

- Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.

 

Су балансын анықтау және есептеу

 

Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.

2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат6,00 зәрінунитазға жіберу қажеттігін.

6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат6,00дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.

8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

Бөлінген сүйықтық

 

Бөлінген зәрдің уақыты Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)
   
   
Барлығы:  

 

9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

Енгізілген сүйықтық

Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері
   
   
Барлығы:  

 

10. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.

Мейірбикенің міндеттері:

 

- Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

- Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

- Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

- Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

- Қатты тамақтарда 60-тан80% дейін су бар.

- Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеугетек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

- Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.

- Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).

шығарылған зәр мөлшері · 100

шығарылуы %=

енгізілген сұйықтық мөлшері

 

- Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 810; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!