Нейроциттегі хроматофилді Ниссль заты ... болып табылады

Гистологиядан 180 тест сұрақтары ЖМ- 2 курс 2017-2018 о.ж 1. Жаңа туған балада қарынша миокардының дамуы бұзылған деген диагноз қойылды. Бұл патология қандай эмбриондық даму көзінің бұзылуымен байланысты? A) Эктодерманың B) Энтодерманың C) Висцералды спланхноплевраның+ D) Мезенхиманың E) Париеталды спланхноплевраның 2. Еріксіз іш тастаудан кейін алынған адам ұрығының микропрепаратында ұрықтық қалқанша көрінеді, оның құрамында екі қабат – экто – және энтодерма байқалады. Аталған эмбрион эмбриондық дамудың қай сатысында болғаны? A) Бластула пайда болу B) Гистогенез C) Прогенез D) Гаструляция+ E) Органогенез 3. Адам эмбриогенезінің қиын кезеңдерінің біріне ұрықтық жатыр қабырғасына 7 тәулікте тереңдеп енуі жатады. Осы кезеңде эмбриобластыда гаструляция фазасы іске асады. Аталған процесс қандай әдіспен жүреді? A) Эпиболия B) Миграция C) Деламинация+ D) Инвагинация E) Нейруляция 4. Ұрықтың гаструляциясы кезінде біріншілік Гензен түйіншігі жеткілікті түрде қалыптаспады. Бұл жағдайда қайсы біліктік ағзаның дамуы тежеледі? A) Хорданың+ B) Жүйкелік қырдың C) Жүйкелік науашаның D) Жүйкелік түтіктің E) Жүйкелік түтіктің мантиялық қабатының 5. Ұрық қабықшаларын микроскоппен зерттеу барысында хорион анықталды. Бұл ағза қандай негізгі қызмет атқарады? A) Ана және ұрық организмдері арасында зат алмасу+ B) Қан жасау C) Ұрық маңы сұйықтықты өндіру D) Алғашқы жыныстық жасушаларды жасау E) Лимфоциттерді жасау 6. Зиготаның бөлшектену процесі бластуланың пайда болуымен аяқталады. Адамға бластуланың қай түрі тән? A) Морула B) Целобластула C) Дискобластула D) Амфибластула E) Бластоциста+ 7. Адамда бластоцистаның имплантациясы басталды. Имплантациямен бір мезгілде қатар жүретін эмбриогенез кезеңі қалай аталады? A) Гистогенез B) Инвагинация C) Дифференциялану D) Гаструляция+ E) Бөлшектену 8. Эмбриогенездің үшінші аптасында эпибласт (эктодерма) жасушаларының орталық бөлігі ойыстанады да, нейруляция процесі басталады. Эктодерманың қалған жасушалары қандай бағытта дифференцияланады? A) Хорда бағытында B) Ішек бағытында C) Сомиттер бағытында D) Тері бағытында+ E) Миотом бағытында 9. Тәжірибе кезінде құс ұрығының склеротомы бұзылды. Бұл манипуляциялық тәжірибе қандай құрылымның дамуының бұзылуына алып келеді? A) Біліктік қаңқаның+ B) Тері дәнекер тінінің C) Ішкі ағзалар стромасының D) Гонадалар стромасының E) Хордалық 10. Тіндік үйлесімділік антигенін бала әкесі мен анасынан ұрпақтың таралу жолымен қабылдайды. Эмбриогенезде ата-аналық антигендердің экспрессиясы өте ерте басталатындығы белгілі. Алайда, ананың иммундық жүйесі ұрықты шеттетіп ажыратпайды. Қайсы провизорлық ағза алғашқы болып ана организмінің ұрықты шеттетіп ажыратуына кедергі жасайды? A) Амнион B) Хорион+ C) Аллантоис D) Сары уыз қапшығы E) Кіндік бауы 11. Ұрықтану қабықшасымен тысталған бластоцистада трофобласт жасушаларында лизистік ферменттердің синтезі генетикалық жолмен тежелген. Осы себепке байланысты эмбриогенздің қай процесі кешігуі немесе болмай қалуы мүмкін? A) Эпиболия B) Деламинация C) Иммиграция D) Гаструляция E) Имплантация+ 12. Жасушалардың өздеріне тән морфологиялық, биохимиялық және функциялық ерекшеліктеріне ие болуы процесінде, мүмкін боларлық даму жолдарын таңдауы шектеледі. Осындай жүре пайда болған шектелу қалай аталады? A) Коммитация+ B) Рецепция C) Капацитация D) Детерминация E) Адгезия 13. Зерттеуге жіберілген эмбриондық материалдық биоптатында, сомитте бұзылу аймағы анықталды, ол энтодерма мен хордаға жақынырақ орналасқан. Жүктілік жалғасқан жағдайда, ұрықтың қандай құрылымдарының дамуының бұзылуын күтуге болады? A) Қаңқалық тіндердің+ B) Несеп-жыныс жүйесінің C) Қаңқалық бұлшықет тінінің D) Жүректің бұлшықет тінінің E) Терінің талшықты дәнекер тінінің   14. Эмбриондық материалда энтодерманың дифференциялануы бұзылғандығы анықталды. Бұл жағдайда қандай ағзалардың дамуының өзгеруі пайда болуы мүмкін? A) Аортаның B) Жүректің C) Бүйректердің D) Асқазанның+ E) Сілекей бездерінің 15. Адам ұрығының пайда болуы кезінде, оның құрамында қуысының бар екендігі, шет жақтарында ұсақ ашық түсті бластомерлердің, ал бір полюсінде ірі күңгірт бластомерлердің шоғырланғаны байқалады. Ұрық осы даму сатысында қалай аталады? A) Морула B) Бластоциста+ C) Зигота D) Гаструла E) Ұрықтық диск 16. Ертерек гаструляция кезеңінде адамда экто- және энтодерма қалыптасады. Бұл жапырақшалардың пайда болу механизмі қандай әдіспен жүреді? A) Деламинация+ B) Инвагинация C) Эпиболия D) Иммиграция E) Инвагинация, эпиболия 17. Жатыр қуысында эндометриге бекінбеген адам ұрығы анықталды. Дамудың қандай сатысында эмбрионның осындай орналасуы кездеседі? A) Зигота сатысында B) Бластоциста сатысында+ C) Морула сатысында D) Гаструла сатысында E) Нейрула сатысында 18. Бірінші қиын кезеңде жатыр түтігінде, белгісіз себептен ұрықта ұрықтану қабығының еріп кеткендігі анықталды. Бұл жағдайда жүктіліктің қандай асқынуы болуы мүмкін? A) Ұрықтың өлуі B) Ұрықтың түтік қабырғасына имплантациясы+ C) Бластоциста қабырғасының инвагинациясы D) Бластоцистаның түтіктің ампулалық аймағына қайтуы E) Екі бластоцистаның пайда болуы. 19. Адам эмбриогенезінің 20 тәулігінде адам ұрығының провизорлық ағзалардан ажырап алшақтауы іске асады. Бұл процесс ненің пайда болуына әкеледі? A) Целомның B) Амнион қатпарының C) Денелік қатпардың + D) Сары уыз сабағының E) Сомиттердің 20. Бірқатар гормондар шығара отырып, плацента уақытша эндокриндік без қызметін атқарады. Әйел адам қанында имплантациядан кейінгі 3-4 тәулікте және медициналық тәжірибеде жүктілікке ертерек диагноз қоюға қолданылатын қандай гормонды анықтауға мүмкіндік бар? A) Окситоцин B) Соматостатин C) Прогестерон D) Вазопрессин E) Хориондық гонадотропин+ 21. Амниоцентез жолымен (амнион қабығын тесу) алынған амнион сұйықтығын зерттегенде, ядроларында жыныстық хроматині бар (Барр денешіктері) жасушалар анықталды. Бұл неге куәлік ете алады? A) Полиплоидияға B) Еркек жынысты ұрықтық дамуына C) Ұрықтық дамуындағы генетикалық бұзылыстарға D) Трисомияға E) әйел жынысты ұрықтың дамуына+ 22. Гистологиялық препаратта көпіршік тәрізді және ішек түтігімен байланысы бар, ұрықтан тыс ағза көрінеді. Қабырғасы ішкі жағынан эпителимен қапталған, сырты дәнекер тіннен құралған. Эмбриогенездің ертерек сатыларында он қан жасау ағзасының қызметін атқарады. Бұл қандай ағза? A) Плацента B) Аллантоис C) Амнион D) Кіндік жібі E) Сары уыз қапшығы+ 23. Әйел адам гриппен ауырды және бұл жағдай гаструляцияның ертерек фазасы кезеңіне сәйкес келді. Бұл қандай келеңсіздікке алып келуі мүмкін? A) Мезодерманың пайда болуының бұзылуына B) Экто- және энтодерманың пайда болуының бұзылуына+ C)  Мезанхиманың пайда болуының бұзылуына D)  Эпиболия процесінің бұзылуына E) Инвагинация процесінің бұзылуына 24. Препаратта овоциттің сперматозоидпен ұрықтанған сәті көрінеді. Ұрықтанудың басты нәтижесіне не жатады? A) Кортикалды реакция B) Баланың жынысуының анықталуы C) Овоциттің мейозды аяқтауы D) Сперматозоидтың оволемманы ерітуі E) Зиготаның пайда болуы+ 25. Эмбриогенез процесінде трофобласттан эндокриндік қызмет атқаратын ағзаның бастамасы қалыптасады. Бұл қандай ағза? A) Амнион B) Бүрлі хорион (плацентаның нәрестелік бөлігі) + C) Сары уыз қапшығы D) Аллантоис E) Кіндік жібі 26. Ұрықтану қабықшасымен тысталған бластоцистада трофобласт жасушаларында лизистік ферменттердің синтезі генетикалық жолмен тежелген. Осы себепке байланысты эмбриогенздің қай процессі кешігуі немесе болмай қалуы мүмкін? A) Эпиболия B) Деламинация C) Иммиграция D) Гаструляция E) Имплантация+ 27. Гаструляция кезеңінде ұрық гистотрофтық қоректенуден гематотрофтық қоректену әдісіне ауысады. Қандай провизорлық ағза алғаш рет осыны қамтамасыз етеді? A) Амнион B) Трофобласт + C) Сары уыз қапшығы D) Хорион E) Аллантоис   1. Жаңа туған балада тимустың дамымай қалғандығы анықталды. Мұндай гемопоэздың қандай түрі бұзылады? A) Лимфопоэз+ B) Нейтрофилопоэз C) Эритроцитопоэз D) Моноцитопоэз E) Мегакариоцитопоэз 2. 46 жастағы науқаста гранулоцитопоэз және тромбоцитопоэздің бұзылғандығы анықталды. Аталған патологиялық процесс төменде келтірілген ағзалардың қайсысында болады? A) Көк бауыр B) Лимфа түйіні C) Бауыр D) Тимус E) Сүйектің қызыл кемігі+ 3. 6 жасар баланың миелоидтық тіні пунктатында, дифференциялану процессінде пикноз және ядроны ығыстыру сатысын өтіп жатқан жасушалар анықталды. Аталған құбылыспен сипатталатын гемопоэздің түрін анықтаңыз: A) Лимфопоэз B) Нейтрофилопоэз C) Эритроцитопоэз + D) Моноцитопоэз E) Мегакариоцитопоэз 4. Адамның шеткі қанында мегалоциттердің кездесуі мүмкін екендігі белгілі. Аталған жасушалар қалыпты жағдайда қанда қай уақытта анықталады? A) 1 жасқа дейінгі кезеңде B) Эмбрионалдық кезеңде+ C) Қартайған кезеңде D) 1 жастан – 30 жас кезеңінде E) Жүктілік кезеңінде 5. Сүйектің қызыл кемігі биоптатын гистологиялық зерттегенде гранулоциттік қатардың жасушалары анықталды. Осы жасушалардың дифференциялануы кезінде олардың ядроларында қандай өзгерістер болады? A) өлшемдерінің ұлғаюы B) полиплоидия C) пикноз D) энуклеация E) сегментация + 6. Сүйектік қызыл кеміктің электрондық микрофотосуретінде мегакариоциттер анықталды, олардың шеткі аймақтарында демаркациялық өзектер бар. Бұл құрылымдар қандай қызмет атқарады? A) Жасушаларды ыдырату B) Жасушалардың беткейлік көлемдерін ұлғайту C) Иондық өзектердің санын ұлғайту D) Жасушалардың бөлінуі E) Тромбоциттердің пайда болуы+ 7. 35 жастағы науқастың сүйектік қызыл кемігінің пунктатына гистологиялық зерттеу жүргізілді, онда мегакариоциттердің саны едәуір төмендегені анықталды. Шеткі қанда қандай өзгерістерді анықтауға болады? A) Гранулоциттер санының төмендеуін B) Лейкоциттер санының көбеюін C) Тромбоциттер санының көбеюін D) Тромбоциттер санының төмендеуін+ E) Лейкоциттер санының төмендеуін 8. Постэмбрионалдық гемопоэзде сүйектік қызыл кемікте дифферондардың бірінің жасушаларында біртіндеп цитоплазма базофилиясының төмендеуі, ал оксифилиясы жоғарылауы және ядросының сыртқа ығыстырулуы анықталды. Осындай морфологиялық өзгерістермен сипатталатын гемопоэз түрін анықтаңыз. A) Лимфоцитопоэз B) Эритроцитопоэз+ C) Нейтрофилоцитопоэз D) Эозинофилоцитопоэз E) Базофилоцитопоэз 9. Тәжірибе жасау кезінде тәжірибелік жануарларға тимозинге қарсы антиденелер енгізілді. Бұл жағдайда бірінші кезекте қандай жасушалардың дифференциялануы бұзылады? A) В- лимфоциттердің B) Моноциттердің C) Т-лимфоциттердің+ D) Макрофагтардың E) Плазмоциттердің 10. Гемолиздік анемиямен ауыратын науқастың көкбауыры алып тасталды, бұл ... төмендеуіне алып келді. A) Лимфоцитопоэздің+ B) Моноцитопоэздің C) Лейкоцитопоэздің D) Тромбоцитопоэздің E) Эриторцитопоэздің 11. Науқастың организмінде тимозиндерге қарсы антиденелер анықталды. Пациентте бірінші кезекте қандай жасушалардың дифференциялануы бұзылады? A) Эритроциттердің B) В-лимфоциттердің C) Моноциттердің D) Макрофагтардың E) Т-лимфоциттердің+ 12. Тәжірибеде анықталған мөлшерде сүйектік қызыл кемігі бағаналық жасушаларының айтарлықтай саны жойылған. Борпылдақ дәнекер тіндер құрамындағы қандай жасушалар популяциясының жаңғыруы тоқтайды? A) Макрофагтардың+ B) Фибробластардың C) Пигменттік жасушалардың D) Липоциттердің E) Перициттердің 13. Тимуста Т-лимфоциттердің хелперлер пайда болуы тоқтатылды. Біріншіден дәнекер тінінде қандай иммуногенез процесстері бұзылады? A. B-лимфоциттерді плазмалық жасушаларға айналдыру * Б. Макрофагтармен антигендерді фагоцитоздау C. Қысымшылық (опсонизация) D. бөгде заттардың фагоцитозы E. Т-лимфоцит бастамаларының қалыптасуы 14. Лабораторияда тышқандарды массивті сәулелендіруден кейін гемопоэз жасушаларының маңызды бөлігі қайтыс болды. Қан жасаушы жасушалардың қайсы деңгейінде гемопоэзді гемопоэтинмен ынталандырады? A. I класс - политпотентті Б. II класс- мультипотенттік * C. III класс - унипотентті Д . Бластар E. Жетілуші жасушалар 15. Науқасқа экзогенді протеиндер препаратын қанға енгізу кезінде қанында плазмоциттермен өндірілетін антиденелер саны артады. Қанның қайсы жасушаларынан плазмоциттер дамиды?  A. Т-лимфоциттер  B. B-лимфоциттер *  С. Макрофагтар D. Моноциттер E. T-көмекшілері 16.Антиген организмге қайта кіргенде  антиденелердің пайда болуын  бастайды. Бұл құбылыс қандай иммундық  жасушалар қызметімен байланысты? A. Дендрит жасушалары B. Т-киллерлер C. Т - супрессорлар D. Макрофагтар E. есте сақтау лимфоциттері * 17. Экспериментте қанның B-лимфоциттері затбелгісімен белгіленді. Жануардың  тері астына бөгде  белок енгізілді. Дәнекер тіннің қандай жасушаларында бұл затбелгі болады? А. Макрофагдар B. Т-лимфоциттер C. плазмалық жасушалар * D. тіндік базофилдер E. фибробласттар 18. Қалқанша безінің аутоиммундық қабынуынан зардап шегетін 16 жастағы қыздың қанында көптеген плазмоцит жасушалары табылды. Плазмоциттердің санының көбеюі қайсы қан жасушаларының пролиферациясы мен дифференциациясына байланысты? А. В-лимфоциттер * B. Т-хелперлер C. тіндік базофилдер D. Т-киллерлер E. Т-супрессорлар 19. Постэмбрионалды гемопоэзде қызыл сүйек кемігінің дифферондарының бірінің жасушаларында цитоплазманың базофилиясы бірте-бірте төмендейді және оксифилиясы көтеріледі, ядросы шығарылады.Мұндай морфологиялық өзгерістерге тән гемопоэз түрін көрсетіңіз. А. Лимфоцитопоэз B. эритроцитопоэз * C. Нейтрофилоцитопоэз D. эозинофилоцитопоэз E. Базофилоцитопоэз 20. Қызыл сүйектің миында дамып келе жатқан қан жасушалары аралдар болып орналасады. Кейбір аралдар макрофагтармен байланысқан. Бұл аралдарда қанның қандай элементтері дамиды? А. Моноциттер B. Т-және Б-лимфоциттердің алғашқы бастамалары C. эритроциттер * D. Тромбоциттер Е.Базофильді гранулоциттер 21.Эритропоэз кезінде жасушалар қай сатыдан бастап қанға өтеді: | ретикулоцит + | полихроматофильді эритробласт | оксифильді эритробласт | базофильді эритробласт ! эритроцит 22. Гранулоцитопоэз кезінде жасушалар қай сатыдан бастап қанға өтеді : | таяқша ядролы гранулоцит + | миелоцит | метамиелоцит | миелобласт | сегменттіядролы гранулоцит 23. Гранулоциттерде ерекше түйіршіктердің пайда болуы қайсы сатыдан басталады: |  миелоцит + |  промиелоцит | миелобласт | жас гранулоцит (метамиелоцит) | таяқша ядролы гранулоцит 24. Қызыл сүйек кемігінде шамалы дифференцияланған жасуша бастамаларының ядролары белгіленді. Белгісін қандай жасушалар тобында табуға болады? | унипотентты бағаналы жасушаларда + |  бағаналы жасушаларында | жартылай бағаналы жасушаларда | бласт жасушаларында | дифференцияланған жасушаларда 25. Сүйікте ерте неонатальдық кезеңдегі тышқандарға арналған экспериментте тимус құрылымы бұзылған болатын. Бұл процесте қандай қан жасушалары дамымайды және қандай қызметтер бұзылады? | лимфоциттер, иммунитет қызметтері + | базофилдер, аллергиялық реакциялар | моноциттер, фагоцитоз | тромбоциттер, гемокоагуляция | эритроциттер, газ алмасу 26. Қызыл сүйек кемігінің алдын-ала экспериментінде эритроциттердің бастамаларында рибосомаларды жойды. Эритроцит қандай қызметті орындамайды? | Оттегі және көмірқышқыл газын тасымалдау + | фагоцитоздың қызметін | аллергиялық реакцияларға қатысу | иммунитетке қатысу | антиденелер синтезі 27.Центрифугалау әдісімен пішінделген элементтер қан плазмасынан бөлінді. Пішін элементтері өз кезегінде эритроциттерге, лейкоциттерге, тромбоциттерге бөлінді, содан кейін нәрлі ортаға егіледі. Қандай жасушалар колонияны қалыптастырады? | лимфоциттер + | эритроциттер | тромбоциттер | базофилдер | нейтрофилдер 1.  Биопсиялық материалды зерттеу барысында бауыр жасушалары цитоплазмасын жоғары дәрежелі базофилия анықталды. Бұл жасушаларда ... жүріп жатқандығын көрсетеді.  | белсенді белоктар синтезі+ | липидтердің жинақталуы | заттардың белсенді тасымалы | сіңірілген заттардың белсенді ыдырауы | митоздың бөліну процессі 2.  Рентген сәулесінің асқын әсері нәтижесінде жасушалар цитоплазмасында ыдыраған белоктар қалдықтары анықталды. Жасушада оларды ыдыратуға ... қатынасады. | лизосомалар+ | Гольджи кешені | рибосомалар | эндоплазмалық тор | жасушалық орта 3.  Жасушаның бөлінуі кезінде ядро қабығы мен ядрошықтың жоқтығы, центриолдердің жасуша полюстерінде орналасқандығы, хромосомалар жіпшелер шумағы түрінде цитоплазмада бос жатқандығы анықталды. Бұл бөлінудің ... сатысына тән. | профаза+ | метафаза | телофаза | анафаза | интерфаза 4.  Ядролық сәуле әсерінен тіндер жасушаларының ядрошықтары зақымдалды. Бұл жасуша цитоплазмасында ... органелласының қалпына келуі бұзылғанын көрсетеді.  | рибосома+ | эндоплазмалық тор | лизосома | Гольджи кешені | микротүтікше 5.  Мукополисахаридоз жинақталу ауруларына жатады. Ферменттер тапшылығынан полисахаридтердің ыдырауы бұзылады да, науқастарда олардың несеп арқылы шығуы және жасушалардың ... органеллаларында жинақталуы байқалды.   | лизосома+ | Гольджи кешені | жасушалық орта | эндоплазмалық тор | митохондрия 6. Зерттеуші ғылыми тәжірибе кезінде жасушаның бір құрылымын зақымдап алды, оның нәтижесінде жасушаның бөліну қабілеті бұзылды. Бұл құрылымға ... жатады.   | центросома+ | гликокаликс | Гольджи кешені | микрожіпшелер | митохондрия 7.Пероксисомалардың белгілеу ферменті … болып табылады. | каталаза + | сукцинатдегидрогеназа | қышқылды фосфатаза | сілтілі фосфатаза | альдолаза 8.  Секреторлық қосындыларға … жатады. | ақуыз көпіршіктері + | меланин | билирубин | липофусцин | лизосома 9.  Хроматидалар … кезінде ажырайды. | анафаза + | метафаза | интерфаза | профаза | телофаза 10. Митохондриялардың белгілеу ферменті … | сукцинатдегидрогеназа. + | қышқылды фосфатаза. | сілтілі фосфатаза. | каталаза. | гиалуронидаза. 11. G2- кезеңінде … болады. | митоз + | ДНК синтезі | интерфаза | метафаза | цитокинез 12. Жасушаның пигментті қосындысы … болып табылады. | меланин + | гликоген | секреттік көпіршіктер | ақуыз түйіршіктері | липидтер 13.  Лизосоманың белгілеу ферменті … | қышқылды фосфатаза. + | каталаза. | пероксидаза. | гиалуронидаза. | АТФ – аза. 14.  Экскреторлық қосындыларға … жатады. | қалдық денешіктер + | май тамшылары | ақуыз түйіршіктері | гликоген | меланин 15.  Кариолизис дегеніміз … | ядроның еруі. + | ядроның бөлшекке бөлінуі. | ядроның катаболизмдік үрдісі. | жасушадан ядроның шығарылуы. | ядроның бүрісуі. 16.  Пиноцитоз дегеніміз … | микромолекулалар мен судың жасушаға өтуі. + | Na+ және К+ иондарының жасушаға өтуі. | макромолекуллар мен бактериялардың жасушаға өтуі. | метаболиттердің жасушадан шығарылуы. | Na+және К+ иондарының жасушадан шығарылуы. 17.  Микробүрлер … атқарады. | сорылуды + | басқа жасушалармен араласуды | қозғалуды | фагоцитоздауды | метаболиттердің шығарылуын 18. Жасушада улансыздыруды … атқарады. | периоксисома + | гиалоплазма | митохондрия | ядро қабығы | түйіршікті эндоплазмалық тор 19.  Аурудың терісі аздап қызарғаны және қызарған жерде терінің түлеуі байқалды. Бұнда микозбен ... эпителий зақымданған.  | көпқабатты жалпақ мүйізденетін+ | көпқабатты кубтәрізді | ауыспалы | көпқабатты жалпақ мүйізденбейтін | көпқатарлы призматәрізді кірпікшелі 20. Ауруда офтальмолог көздің мөлдір қабығының алдыңғы эпителиінің жеңіл зақымданғанын анықтады. Беткей эпителидің регенерациясын ... қабат жасушалары қамтамасыз етеді.  | базалды + | мүйізді | түйіршікті | жылтыр  | беткейлік  21.  Мұрын қуысы кілегейлі қабығы созылмалы қабынуы нәтижесінде оның ... эпителиі өзгеріске ұшырайды. | бірқабатты көпқатарлы+ | бірқабатты жалпақ  | көпқабатты жалпақ | көпқабатты куб тәрізді | көпқабатты цилиндр тәрізді 22.  Аурудың сілекейі аз бөлінеді, оның ферменттік белсенділігі төмен және құрамында шырышы көп. Бұл негізінен ... бездерінің қызметі бұзылған себебі болып табылады. | құлақ маңы + |тіласты және жақасты  | жақасты  | тіласты  | асқазан кілегейлі қабығының меншікті 23.  Бездің соңғы бөлімдерінің жасушалары-ядролары дөңгелек пішінді ортада орналасқан, ал цитоплазмасы базофильді боялған. Бұл ... бездерге тән. | сероздық + | шырышты | аралас | липидтік | серомукозды 24.  Құлақ маңы безі сероциттерінде сілекей компоненттерін синтездейтін және бөліп шығаратын органеллаларға ... жатады. | түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи кешені + |Гольджи кешені | түйіршіксіз эндоплазмалық тор, Гольджи кешені |митохондриялар, Гольджи кешені |лизосомалар 25. Эпителийдің ангиодермалды түрі … ішкі бетін төсейді. | қан тамырлары және лимфа тамырларының + | бүйрек түтікшелерінің | жатыр түтігі мен шәует жолдарының | аш ішектің | ауыз қуысының 26. Қуықты жауып тұратын эпителий … | көп қабатты ауыспалы. + | бір қабатты призмалық. | көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін. | көп қабатты жалпақ мүйізденетін. | көп қатарлы кірпікшелі. 27. Эпидермисте бағаналы жасушалар ... қабатта орналасады. | базалды + | тікенекті | дәнді | жылтыр | мүйізді 28. Бір қабатты призмалы эпителий ... ішкі бетін жабады. | аш ішектің + | асқазанның | кеңірдек және бронхтардың | жатыр және жатыр түтігінің | серозды қабықты 29. Терінің май бездерінің секрет бөлу ... түрге жатады. | голокринді + | эккринді | микроапокринді | макроапокринді | мерокринді 30. Мезотелий … ішкі бетін төсейді. | сірлі қабықтардың + | қан тамырлар мен лимфа тамырларының | бүйрек түтікшелерінің | ауыз қуысының | асқазандының 31.  Кеңірдектің ішкі бетін төсейтін … эпителий. | көп қатарлы кірпікшелі + | бір қабатты призмалық жиекті | бір қабатты жалпақ  | көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін | көп қабатты ауыспалы 32. Голокринді секрет бөлу түрінде ... фазасы болмайды. | гландулоциттің қалпына келу + | секрет синтезі | секрет тасымалдау | секрет жиналу | алғашқы өнімдерді сіңіру 33. Эпендимоглиалды эпителий … ішкі бетін жабады. | жұлынның орталық өзегінің + | аш ішектің | қан тамырларының | бүйрек түтікшелерінің | асқазанның 34. Мерокринді секрет бөлу түріндегландулоцит ... | зақымдалмайды + | апикалды бөлімнің шамалы жері зақымдалады | апикалды бөлімнің көп жері зақымдалады  | базалды бөлімі зақымдалады | толық бұзылады 35. Бір қабатты текше эпителий ... ішкі бетін төсейді. | бүйрек түтікшелерінің + | асқазанның | аш ішектің | өңештің | жатыр және жатыр түтігінің 36. Энтеродермалды эпителий түрі ... тән. | тоқ ішекке + | өңешке | ауыз қуысына | бүйрек түтікшелеріне | қуыққа 37.  Қан жағындысында лейкоциттер жалпы санының 0,5% құрайтын, S – тәрізді иілген ядросы бар, цитоплазмасында метахромды боялған түйіршіктері бар жасушалар анықталды. Бұл ерекшеліктер … тән. | базофильдерге+ | нейтрофильдерге | эозинофильдерге | моноциттерге | лимфоциттерге 38.  Қан жағындысын гистохимиялық зерттегенде цитоплазмасында құрамында гистамин және гепарин анықталатын түйіршіктері бар жасушалар байқалды. Бұл ерекшеліктер … тән. | базофильдерге + | нейтрофильдерге | эозинофильдерге | моноциттерге | эритроциттерге 39.  Адамның сүйектік қызыл кемігінің препаратында синусоидтық капиллярға жанаса орналасқан алып жасушалардың шоғыры анықталды. Бұл жасушалардан кейінірек … пайда болады. | тромбоциттер + | эритроциттер | лейкоциттер | моноциттер | лимфоциттер 40.  Лейкоциттердің жиынтығы бар пробиркаға микроорганизмдер қоспасын қосты. Микробтарды фагоцитоздау көріністері ... цитоплазмаларында байқалады.  | нейтрофильдер мен моноциттердің + | лимфоциттер мен базофильдердің | лимфоциттер мен эозинофильдердің | моноциттер мен лимфоциттердің | лимфоциттер мен нейтрофильдердің 41.  Қан жағындысын Романовский-Гимза әдісімен зерттегенде 20% үлкен (диаметрлері 20 мкм), дөңгелек пішінді әлсіз базофильді цитоплазмасы мен бүйрек пішінді ядросы бар жасушалар байқалды. Бұл құбылыс клиникалық жағынан ... тән.   | моноцитозға + | лимфоцитозға | лейкопенияға | нейтрофилезге | ретикулоцитозға 42.  Паразиттік аурумен ауыратын (глистік инвазия) науқастың қанында әдетте ... санының жоғарылауы байқалады.  | эозинофильдер + | лимфоциттер | моноциттер | базофильдер | эритроциттер 43. Цитотоксиндік қызметі бар лимфоциттерге …жатады. | Т – киллерлер + | Т -супрессорлар | Т - хелперлер | Т - есте сақтау жасушалары | В - лимфоциттер 44. Базофилдің негізгі қызметі: |  гистамин және гепарин шығару. + |  антидене шығару. |  гистаминді ыдырату. |  коллаген бөлу. |  микробтарды фагоцитоздау. 45. Нейтрофилдің негізгі қызметі: | фагоцитоз.+ | коллаген синтездеу. |  антидене шығару. |  оттегіні тасымалдау. |  гистаминді синтездеу. 46. Лейкоцитоз дегеніміз қандағы лейкоциттердің ... | көбеюі + | азаюы | көпмөлшерде бұзылуы | қарым-қатынастың өзгеруі | толық жетілмеген пішіндердің пайда болуы 47.  Қандағы эозинофилдердің мөлшері … |  0,5-5 % + |  0-1 % |  1-6 % |  19-37 % |  47-72 % 48.  Лейкопения – қандағы лейкоциттер ...   | санының азаюы + | санының көбеюі | көпмөлшерде бұзылуы   | араласуының өзгеруі  | пішіндерінің нормадан ауытқуының пайда болуы 49.  Нейтрофилдегі азурофил түйіршіктері …жатады. | лизосомаларға + | рибосомалардың бос қалдықтары және РНК-ға | антиденелерге | трофикалық қосындыларға | митохондрияларға 50.  Қандағы базофилдердің мөлшері … |  0 - 1 % + |  0,5 - 5 % |   19 - 37 % |  3 - 11 % |  47 - 72 % 51.  Қартайған эритроциттердің өлетін орны: | көк бауырдағы қызыл ұлпа + | айырша без | бүйректің паренхимасы | қантамырлар арпасы | лимфа түйіні 52.  Қандағы сегментті ядролы нейтрофилдердің мөлшері … |  47 - 72 % + |  0,5 - 5 % |  1 - 6 % |  19 - 37 % |  0 - 1 % 53.  Қандағы моноциттердің мөлшері … |  3-11% + |  0- 1 % |  0,5-5% |  19 - 37 % |  47 - 72 % 54.  Қандағы лимфоциттердің мөлшері … |  19 - 37 % + |  0,5 - 5 % |  1 - 6 % |  3-11% |  0 - 1 % 55.  Косметолог қабылдауына келген пациент иығындағы татуировка суреттерді кетіруін сұрады. Мұндай суреттерді теріге жасау мүмкіндігі дәнекер тін құрамындағы зат ... байланысты. | гиалурон қышқылына + | фибронектинге | гамма-глобулинге | элистинге | гепаринге 56.  Адам терісі қартайғанда әжімдер мен қатпарлар қалыптасуымен сипатталады. Бұл процесс ... өзгерістер пайда болуымен түсіндіріледі. | эластинді талшықтарда+ | коллаген талшықтарда | эпидермисте | аморфты затта | тері асты май шелінде 57.  Аллергияның клиникалық көрсеткіштері дамуында жетекші роль атқаратын гистамин болып табылады. Оны синтездейтін жасушаларға ... жатады. | толық жасушалар (лаброциттер) + | Т-лифоциттер | макрофаттар | В-лимфоциттер | плазмоциттер 58.  Жара жазылу барысында тіндердің жараланған жерінде дәнекер тіндік тыртық қалыптасады. Бұны іске асыратын жасушаларға ... жатады. | фибробластар + | фиброциттер | макрофагтар | толық жасушалар (лаброциттер) | меланоциттер 59.  Жасуша цитоплазмасында базофильді метахромдық түйіршіктер байқалады; ал гистохимиялық зерттеулер түйіршіктерде гепарин және гистамин бар екенін көрсетті. Аталған жасуша ... болып табылады. | тіндік базофил (лаброцит)+ | фибробласт | макрофаг | плазмоцит | адипоцит 60.  Емдеуден соң зақымданған өкше сіңірі өз қызметін атқара бастады. Сіңірдің регенерациясы ... есебінен іске асты. | коллаген талшықтарының синтезі+ | гиалин шеміршегінің дамуы | тығыз қалыптаспаған дәнекер тіннің дамуы | талшықты шеміршектің дамуы | жарақаттың бұлшықет тінімен алмастыруы 61.  Дәнекер тіндердің даму көзі ... болып табылады. | мезенхима + | спланхнотом | миотом | эктодерма | энтодерма 62. Аралық затты синтездейтін жасушаға ... жатады. | фибробласт + | плазмоцит | фиброцит | перицит | фиброкласт 63.  Дәнекер тінге енген моноцит ... айналады. | гистиоцитке + | меланоцитке | лаброцитке | адвентоцитке | липоцитке 64.  Дәнекер тінге енген В-лимфоцит ... айналуы мүмкін. | плазмоцитке + | макрофагқа | лаброцитке | перицитке | фиброкластқа 65.  Тығыз дәнекер тінінің борпылдақ тіннен айырмашылығы ... |  жасушалары мен аморфты затының аз болуында + | макрофагтар санының көптігінде | лаброциттерде гликозаминогликандардың синтезделуінде | тіндік құрамындағы талшықтар санының аздығында |  негізгі аморфты заттың көп болуында 66.  Жаңа туған нәрестелерде жылу алмасуды ... тіні реттейді. | қоңыр май + | пигменттік | шырыштық | ретикулярлық | ақ май 67.  Шырышты дәнекер тін ... құрамына кіреді. | кіндік бауының + | амнионның | сары уыз қапшығы қабырғасының | хорионның | алантоистың 68.  Дәнекер тіннің беріктігі ... байланысты. | коллаген талшықтарына + | эластин талшықтарына | аморфты затының құрамына | дәнекер тін жасушаларына | ретикулярлық талшықтарына 69.  Перициттің қызметіне ... жатады. | тамырлар қабырғасын өткізуді реттеу + | иммуноглобулиндерді синтездеп шығару | фагоцитоз | меланинді синтездеп шығару | эластин және фибриллинді синтездеп шығару 70.  Ретикулярлық талшықтар ... құрамына кіреді. | қан жасау ағзаларының стромасының + | сіңір және байламдардың | тері дермасының торлы қабатының | ішкі ағзалардың шандырлары мен қапшықтарының | тері дермасының емізікті қабатының 71.  Ақ липоциттің қоңыр липоцитпен ұқсастығы ... | дамуында + | майларды тасымалдау жылдамдығында | митохондриялар санында | май тамшыларының саны мен көлемінде | митохондрия құрамында термогеминнің болуында 72.  Мезенхима ... санының көптігімен ерекшеленеді. | жасуша + | эластин талшықтарының | ретикулярлы талшықтардың | аморфты затың | коллаген талшықтарының 73.  Гиалин шеміршегін электрондық микроскоппен зерттегенде жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы және Гольджи кешені бар жасушалар анықталды. Мұндай жасушалар ... қызметін атқарады. | жасушаралық затты жасау+ | майларды жинақтау | шеміршектің жасушааралық затын бұзу | гликоген жинақтау | шеміршек тінін қоректендіру 74.  Жасы ұлғайған адамдарда сүйек тінінің азаюына байланысты остеопороздың дамуы байқалады. Бұл аурудың даму процесін ... ұлғайтады. | остеокластар + | остеобластар | макрофагтар | тіндік базофилдер | остеоциттер 75.  Шеміршек тінінің гистопрепаратында жасушалардың изогендік топтары анықталды. Мұндай топтардың құрылуына алғашқы болып ... қатынасады. | І-типті хондроциттер+ | ІІ-типті хондроциттер | Хондробластар | Прехондробластар | ІІІ-типті хондроциттер 76.  Буындық шеміршектердің қабығы болмайтындығы белгілі. Регенерация процессінде шеміршектердің ... өсуі іске асады. | регенерация жүрмейді+ | аппозициялық | қабаттасу жолымен | аппозициялық және интерстициалды | интерстициалды 77.  Дәрігер науқастық рентгенограммасында жекеленген сүйектердің қатты тіндерінің белгілі шектелген жерлерде сорылып жатқандығына көңіл аударды. Бұл өзгерістер … жасушаларының белсенділігіне байланысты. | остеокласт + | хондробласт | остеоцит | остеобласт | хондроцит 78.  Гистопрепаратты зерттегенде, жасушалар жеке-жеке және изогенді топтар түрінде орналасқан, ал жасушааралық затында талшықты құрылымдар жоқ. Мұндай көрініс … тініне тән. | гиалинді шеміршек+ | тегіс бұлшықет | эпителий | талшықты шеміршек | сүйек 79.  Гистопрепаратта жілік сүйектің сынған жерінде регенерациялық процестің (сүйек шоры) белгілері анықталды. Бұл құрылымды ... тіні қалыптастырады. | ірі талшықты сүйек+ | борпылдақ дәнекер | торлы | эпителий | пластинкалық (табақшалық) сүйек 80.  Клиникаға бұғанасы сынған дегн диагнозбен науқас түсті. Сүйек тінінің регенерациясына ... жасушалары қатынасады. | остеобласт+ | остеоцит | остеокласт | хондроцит | фибробласт 81.  Көмей биоптатының микропрепаратындағы тінде жасушалар жеке-жеке орналасқаны, сондай-ақ жасушалардың ортақ қуыс ішінде жатқан изогендік топтары байқалады. Сонымен қатар препаратта коллаген және эластин талшықтары анықталды. Бұл ісік ... құрылымынан дамуы мүмкін. | эластинді шеміршек+ | гиалинді шеміршек | талшықты шеміршек | тегіс бұлшықет тінді | сүйек тінді 82.  Шеміршек тінінің даму тегі - ... | мезенхима + | сары уыз қапшығы | эктодерма | энтодерма | трофобласт 83.  Эластинді шеміршек ... құрамында кездеседі. | көмейдің мүйіз тәрізді және сына тәрізді шеміршектерінің + | омыртқааралық дискілердің | төс-қабырға байланыстарының | буын шеміршектерінің | кеңірдектің 84.  Моноцит сүйек тініне енген соң ... айналады. | остеокластқа + | остеоцитке | остеобластқа | хондрокластқа | ретикулоцитке 85.  Ересектердегі ірі талшықты сүйек тіні ... орналасады. | ми сауытының бітіскен тігісінде + | түтікті сүйек эпифизінде | түтікті сүйек диафизінде | түтікті сүйек метафизінде | жалпақ сүйектерде 86.  Ұзын сүйектің ұзарып өсуі ... есебінен жүреді. | эпифизарлық табақшалар + | эндост | периост | өсуші остеондар  | буын шеміршегі 87.  Шеміршектердің кальцийлеу қабілеті ... болуына байланысты. | коллагеннің X түрінің + | хондронектиндердің | протеогликандардың | хондроитинсульфаттардың | кератинсульфаттардың 88.  Қабығы жоқ гиалин шеміршегі ... орналасады. | буындық беттерде + | көмейде | төс-қабырға байланыстарында | ірі бронхтарда | орта және кіші бронхтарда 89.  Сүйек затынан кальцидің шайылуын ... күшейтеді. | паратиреоидтық гормон + | кальцитонин | D3 витамин | эстроген | соматотроптық гормон 90.  Омыртқа аралық дискі байланыстардың ... түріне жатады. | синхондроз + | синдесмоз | синостоз | артроз | диартроз 91. Клиникалық жағдайда науқасқа балтыр бұлшықеттері зақымданған деген диагноз қойылды. Тіннің регенерациясы баяу жүретіндігі ... байланысты.    |миосателлитоциттердің митотикалық бөлінуіне+ |бұлшықет талшықтары ядроларының бөлінуіне |фибробласттардың бөлінуі мен жетілуіне |миофибрилдердің саны ұлғаюына | саркоплазманың көлемі ұлғаюына 92.  Травматология бөліміне аяқ бұлшықеттерінің зақымдануына байланысты науқас жеткізілді. Бұлшықет талшықтарының репарациялық регенерациясының жүруі ... жасушаларына байланысты. | миосателлит+ | миоэпителиалды  | миофибробласт | миобласт | фибробласт 93.  Тіннің негізгі құрылымдық бірлігі талшық болып табылады, ол ортақ базалды мембранамен қоршалған симпласт пен сателлит жасушалардан құралған. Мұндай құрылым ... тініне тән. | көлденең жолақты қаңқалық бұлшықет+ | тегіс салалы бұлшықет  | жүректік бұлшықет | борпылдақ дәнекер | торлы дәнекер 94.  Миокардтың жиырылу (систола) фазасында кардиомиоциттер саркоплазмасында кальций иондарының көлемі күрт жоғарылайды. Кальций иондарын жинақтайтын құрылымға ... жатады.   | L-жүйе + |лизосомалар | рибосомалар | T - жүйесі | ядрошықтар 95.  Суретте саркомердің сызбалық көрінісі берілген. Саркомер барынша жиырылғанда оның Н-аймағы ... | жойылып кетеді+ | өзгермейді | екі есе ұлғаяды | екі есе кішірейеді | саркомерді толық алып жатады 96.  Миокардтың инфаркты нәтижесінде жүрек бұлшықеті бөлімі зақымданды, бұл жағдай зақымданған жердегі кардиомиоциттердің жаппай өлуімен сипатталады. Миокард құрылымындағы ақаудың орнын толтыруды ... жасушалары қамтамасыз етеді. | фибробласт+ | кардиомиоцит | миосателлитоцит | эпителиоцит | тегіс миоцит 97.  Көлденең жолақты бұлшықет талшығын механикалық жарақаттан кейін зерттегенде жуан миофиламенттердің бұзылғандығы байқалды. Патологиялық өзгерістің шоғырланғаны ... анықталады. | А дискіде + | І дискіде | А – диск жартысында |А - және I- дискілерде  |I диск жартысында 98.  Қаңқалық бұлшық ет тіні ... дамиды. | сомиттер миотомынан + | сомиттер склеротомынан | сомиттер дерматомынан | спланхнотомнан | мезенхимадан 99. Ересек адамдарда миокардтың регенерациясы ... есебінен жүреді. |   жасушаішілік регенерация + | миобластар | миосателлитер | кардиомиоцитер | бастамалық жасушалар 100.  Тегіс миоцит цитолеммасының үңгіршелері ... қызметін атқарады. | Са2+ иондарын жинақтау + | миозин филаменттерін бекіту | актин филаменттерін бекіту | С тропонинді бекіту | тегіс миоциттер арасында қозуды өткізу 101.  Жүрек бұлшық ет тіні ... дамиды. | спланхнотомның висцералды жапырақшасынан + | сомиттер склеротомынан | сомиттер дерматомынан | сомиттер миотомынан | мезенхимадан 102.  Қаңқалық бұлшық ет тінінің регенерациясы ... есебінен жүреді. | миосателлитоциттердің бөлінуі + | симпласт ядроларының бөлінуі | эндомизидің бастама жасушалары | перимизидің бастама жасушалары 103.  Миосателлиттер … орналасады. | симпластың плазмолеммасы мен базалды мембранасы арасында + | саркоплазмада симпластплазмолеммасы астында | эндомизиде симпластар арасында | перимизиде симпластар арасында | эпимизиде симпластарарасында 104.  Көздің нұрлы қабығының бұлшықет тіні ... дамиды. | нейралды бастамадан + | эктодермадан | целомдық астардан | мезенхимадан | сомиттер миотомынан 105.  Қондырғы дискінің жасушааралық жанасулары дегеніміз - … | нексустар + | интердигитациялар | тығыз байланыстар | жартылай десмосомалар | десмосомалар 106.  Саркомер - деп ... арасында орналасқан аймағың атайды. | екі телофрагма + | екі анизотроптық дискілер | екі изотроптық дискілер | екі мезофрагма | анизотроптық және изотроптық дискілер 107.  Асқазан мен ішек қабырғаларының бұлшықет тіні ... дамиды. | мезенхимадан + | эктодермадан | энтодермадан | спланхнотомнан | миотомнан 108.  Миоглобин ... қызметін атқарады. | симпластта оттегі жинау + | Са2+ иондарын жинау | деполяризация толқындарын өткізу | актин және миозин филаменттерін байланыстыру | актин және миозин филаменттерін ажырату 109.  Гистологиялық препаратта ақ және сұр заттан тұратын ағза анықталды. Сұр заты 6 қабат болып орналасқан жасушалардан құралған. Мұндай құрылым ... тән. | үлкен жартышарлар қыртысы + | сопақша миға | мишыққа | жұлын түйіні | жұлынға 110.  Гистологиялық препаратта ақ және сұр заттан тұратын ағза анықталды. Сұр заты ортада орналасқан және ол шоғырлық, түбіршектік және ассоциативтік нейрондардан тұрады. Бұл құрылым ... тән. | жұлынға+ | сопақша миға | мишыққа | жұлын түйіндеріне | үлкен жартышарларға 111.  Гистопрепаратта жүйке ағзасы берілген, оның құрамында топтасып орналасқан, дәнекер және глиялық қабықпен қоршалған псевдоуниполярлық нейрондар шоғыры көрінеді. Мұндай құрылыстық көрініс ... тән. | жұлын түйіндеріне+ | құрсақ өріміне | эпифизге | жұлынға | мишыққа 112.  Адам жұлынын патологоанатомиялық зерттеуден өткізгенде, оның мойын және кеуде бөлімдерінде алдыңғы мүйіз ядроларындағы жасушалар санының азайғандығы анықталды. Бұл көрініс ... тіндерінің қызметі бұзылғандығын көрсетеді. | қаңқалық бұлшықет + | эпителий | борпылдақ дәнекер | пластинкалы сүйек | гиалинді шеміршек 113.  Нерв талшықтарының жарақаттық зақымдануы, олардың біліктік цилиндрлері мен миелин қабықтарының бұзылуымен (ыдырауымен) сипатталады. Регенерация кезінде миелиннің қалпына келуі ... есебінен іске асады.  | нейролеммоциттер + | эпендимоциттер | периневрий | эндоневрий 114.  Вирустық инфекция нәтижесінде науқастың жұлын түйіндеріндегі псевдоуниполярлық нейрондары жойылды. Бұл рефлекторлық доғаның ... бөлімінің істен шығуына әкеледі. | сезімталды + | байланыстырушы (қондырма) | қозғалтқыш | постганглионарлы | ассоциативті 115.  Невропатолог-дәрігер жұлын сұйықтығын алу үшін инемен жұлынның қатты қабығына пункция жасайды. Бұл қабық ... тіннен құралған.  | тығыз дәнекер + | борпылдақ дәнекер  | тегіс бұлшықет | кілегейлі | шеміршек 116.  Орталық нерв жүйесінің сұр затында ең жиі кездесетін глиялық жасушаларға ... жатады. | плазмалық астроциттер + | фиброциттер | микроглиоциттеры | талшықты астроциттер | эпендимоциттер 117.  Оң қолында сезімталдық жоқ және жаны кетіп қалғандай деген сауалмен науқас адам невропатолог-дәрігерге жүгінді. Мұндай жағдай ... нейрондардың қызметі бұзылғанда кездеседі. | псевдоуниполярлық+ | пирамидалық  | жұлынның алдыңғы мүйізіндегі   | жұлынның бүйірлік мүйізіндегі     | қондырма 118.  Тәжірибелік жағдайда улы заттың әсерінен нерв импульсінің берілу механизмі бұзылады. Мұндай қызмет ... қамтамасыз етеді. | синапс+ | нейролемма | нейрофибрилдер | митохондрия | ниссль заты 119.  Жалғануниполярлық нейрон ... нейроциттің бір түрі болып табылады. | биполярлық + | аполярлық | униполярлық | мультиполярлық | нейробластық

Нейроциттегі хроматофилді Ниссль заты ... болып табылады.

| түйіршікті эндоплазмалық тор +

| тегіс эндоплазмалық тор

| Гольджи кешені

| жасуша орталығы

| мембраналық көпіршіктердің шоғыры

Нерв тіні ... дамиды.

| эктодермадан +

| мезодермадан

| мезенхимадан

| спланхнотомнан

| энтодермадан

122.  Миелиннің басты биохимиялық компоненті:

| липидтер +

| ақ уыздар

| рибонуклеопротеидтер

| дезоксирибонуклеопротеидтер

| полисахаридтер

123.  Жылу әсерлерін қабылдайтын сезімтал нерв ұштарына ... жатады.

| бос нерв ұштары +

| Фатер – Пачини денешіктері

| Мейсснер денешіктері

| Краузе колбасы

| гениталді денешіктер

124.  Нейрондардың көбісі … қызмет атқарады.

| ассоциативтік +

| рецепторлық

| сезімталдық

| қозғалтқыштық

| секреторлық

125.  Капсуласы бар нерв ұштары … аспаптарға жатады.

| рецепторлық +

| секреторлық

| қозғалтқыштық

| орталық нерв жүйесіндегі нейронаралық

| шеткі нерв жүйесіндегі нейронаралық

126.  Нерв талшықтарының қабығын жасауда ... қатысады.

| нейролеммоциттер (Шванн жасушалары) +

|  микроглиоциттер

|  талшықты астроциттер

|астроциттер

|эпендимоциттер

 


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 1991; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!