Шарикті тұтқырлық өлшеу құралы



Рейнольде санының мәні бірден кем болған жағдайда шарикті орап ағатын ағын Навье-Стокс дифференциалды теңдігінің стокстің жуық шешімімен анықталынады. Навье – Стокс дифференциалды теңдігінің құрамына [1-6] инерциялықты сипаттайтын мүшесі енбейді.

Өзгеріс енгізе отырып, түтіктің ішкі қабырғасының ағынға әсерін ескеріп, тұтқырлықты анықтайтын теңдікті ұсынуға болады:

(26.4)

мұндағы p, po - шарикпен сұйықтың тығыздығы; q - үдеу; - коэффициент; V - жылдамдық.

Мұндай тұтқырлық өлшеу құралдарының жұмыс істеуі анықталынатын ортада шариктің қозғалу жылдамдығын, не болмаса, оның белгілі бір аралықты ағып өту уақытын өлшеуге негізделінген.

26.2.суретте тұтқырлық өлшейтін құралдың қарапайым схемасы келтірілген.

Сұйықтың тұтқырлығын өлшеу үшін шариктің қозғалу жылдамдығын өлшеудің орнына оның белгілі ара қашықтықты өту уақытын өлшеген ыңғайлы.

Анықталынатын орта насостың 5 көмегімен сұйық шарикпен қоса жоғары жылжиды. Жоғарғы шеттегішке жеткен кезде насос жұмыс істеуін тоқтатады. Насостың жұмыс істеуі мен оның тоқтауын сезгіш элементтің 2 (поз.2а) мен өзгерткіштің 3 (поз.2b) және басқару құралы 4 (поз.2с) көмегімен реттелініп отырады. Шарик тұрақты жылдамдықпен төмен қарай орын ауыстырады. Шариктің жоғарғы шек қойғыштан төменгі шек қойғышқа жету уақыты ізделініп отырған ортаның тұтқырлығына тура пропорционал.

 

 

26.2. сурет. Шарикті тұтқырлық өлшеу құралы. 1 – шарик; 2 – сезгіш элемент; 3 - өзгерткіш; 4 – басқару құралы; 5 – насос.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!