Жіңішке түтікті тұтқырлық өлшеу құралы.



Түтіктегі тұрақталынған ламинарлы ағын Хаген-Пуазейлдің теңдігімен өрнектелінеді:

(26.2)

мұндағы Q - шығын, м3/сек; тұтқырлық, Па× с; d, L - түтіктің диаметрі мен ұзындығы, м; P1- P2 құлама қысым, Па.

Сонымен сұйықтың динамикалық тұтқырлығының шамасы жіңішке түтіктегі құлама қысымның шамасына тура пропорционал.

Жіңішке түтік арқылы өтетін сұйықтың шығыны тұрақты болған жағдайда:

(26.3)

мұндағы

Бұл теңдікке қарай отырып, жіңішке түтікпен ағып өтетін сұйықтың шығыны өзгермеген жағдайда тұтқырлық, құлама қысымның шамасына тура пропорционал болатындығын байқауға болады.

 
 
 
 
26.1.суретте түтікті тұтқырлық өлшеу құралының схемасы келтірілген. Тұтқырлық өлшеу құралдарының ішінде түтікті өлшеу принципі жиі қолданылады. Суретте көрсетілінген тұтқырлық өлшеу құралында шығынды тұрақты етеп отыратын насостың 1 көмегімен жіңішке түтік 2 арқылы анықталынатын сұйық үздіксіз өтіп тұрады. Анықталынатын ортаның тұтқырлығының өзгеруіне сәйкес өзгеретін құлама қысымды өзгерткіштің 3 көмегімен стандартты сигналға ауыстырып, өлшеу құралына 4 жеткізілінеді.

 

26.1.сурет. Жіңішке түтікті тұтқырлық өлшеу құралы. 1 – насос; 2 – түтік; 3 - өзгерткіш; 4 - өлшеу құралы.

 

Өлшемнің дәлдігіне анықталынатын ортаның температурасы көп әсерін тигізеді. Сондықтан сол ортаның температурасының өзгермегені жөн. Ол үшін ортаның температурасын әрдайым реттеп отыру қажет. Төменде келтірілген шет ел фирмаларының шығаратын тұтқырлық өлшеу құралдары осы мәселені түгелімен шешкен.

Мысалыға: Carlo Erba (Италия) фирмасының Viscosity monitor өлшеу құралы; Conoflow VAF, Brilon (Германия) Automatic - Viscoterm өлшеу құралы; Schwing(Германия) Seiscor өлшеу құралдары анықталынатын ортаның температурасының өзгеруін ескереді.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!