Сұйықтың тұтқырлығын өлшеу



Сұйық пен газдың тұтқырлығы деп олардың ығысу кезіндегі әртүрлі қабаттарының бір-біріне әсер ететін кедергісін (ішкі үйкеліс) айтады.

Ньютонның заңына [1-6] сүйене отырып тұтқырлықтың мәнін:

(26.1)

мұндағы F - сұйықтың ішкі үйкеліс күші, H; S - ығысатын сұйықтың қабатының ауданы, м2; dV/dL жылдамдықтың градиенті, c-1.

Сұйықтарға тән тұтқырлықты динамикалық тұтқырлық деп атайды. Динамикалық тұтқырлық сұйықтардың (газдардың) қабаттарының бір-біріне салыстырғандағы қозғалысы кезіндегі кедергіні сипаттайды. Сол динамикалық тұтқырлыққа қарама-қарсы шаманы ( аққыштық дейді. Сонымен қатар кинематикалық тұтқырлықты v да ескере кеткен жөн. Кинематикалық тұтқырлық болса, динамикалық тұтқырлықтың тығыздыққа қатынасына тең.

Тұтқырлықтың өлшем бірліктерін кестеге (26.1.кесте) енгізейік:

Тұтқырлық өлшейтін құрал—жабдықтары тұтқырлық өлшеу құралдары деп аталынады. Анықталынатын ортаның тұтқырлығын анықтау және де оларды топтарға бөлу сол ортаның әртүрлі ағыстарының математикалық тәуелділікке байланыстылығына қарай бөлінеді. Тұтқырлық өлшеу құралдарының жұмыс істеуі Навье-Стокстың, Хаген-Пуазейлдің заңдарына егізделінген.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!