Электрлитпен жанасып тұратын сезгіш элементтері бар өлшеу құралдары.



Электрлитттердің концентрациясын өлшеуге қолданылатын өлшеу ұяларының кедергілерін анықтау үшін теңестірілген және теңестірілмеген көпірлі схемаларынан тұратын өлшеу құралдары қолданылады. 6.2 суретте Уитсон өлшеу көпірінің схемасы келтірілген. Осы көпірдің өлшеу ұясының кедергісіне сәйкес келетін Rx кедергісінің мәнін төмендегі теңдік арқылы анықтауға болады:

(20.12)

с
d U
R2
R3
R1
Rх
мұндағы R3 мәні белгілі, Ом.

 

20.2.сурет.Уитсон көпірі.

 

R1 мен R2 кедергілері потенциометрдің рөлін атқарады. R1 мен R2 қатынастарын өзгерте отырып, өлшеу құралы арқылы өтетін токты нөлге теңестіруге мүмкіншілік бар. Потенциометрде (жылжымалы тетік арқылы кедергісін өзгертуге болатын кедергі) өлшеу құралының көрсеткіш тілі бекітілінген. Сол көрсету тілінің анықталынатын ортаның концентрациясына байланысты алатын орыны электролиттің концентрациясына сәйкес келеді.

Бірақ 20.2.суретте келтірілген өлшеу схемасы өлшеу құралы арқылы өтетін токтың мәнін нөлге жеткізуге мүмкіншілік бермейді. Себебі, өлшеу ұясы құрама (20.2.сурет) кедергіден тұратын болғандықтан айнымалы токтың фазасының ығысуына әкеліп соқтырады. Сондықтан, R3 кедергісіне паралель етіп сиымдылықты қосу, фазаның ығысуын бастапқы қалпына келтіреді. Және бір ескере кететін мәселе, ол өлшеу құралы арқылы өтетін ток мәні де Rx анықтауға қатысатындығында. Сондықтан фазаның ығысуын бастапқы керекті қалпына жеткізу үшін фазаны түзеткіштер пайдаланылады.

20.3 суретте көрсетілінген өлшеу схемасы кернеуді бөлетін тетіктен тұрады. Өлшенетін тұрақты кернеу өлшеу ұясына Rx, Rk кедергісіне жеткізіледі. Rx кедергісінің мәні Rk қарағанда анағұрлым аз. Соған байланысты өлшеу тізбегі арқылы жүретін токтың I шамасын (20.13) теңдігі арқылы анықтауға болады:

Rx Rk
° Uconst °
(20.13)

 

20.3.сурет. Электр өткізгіштікті өлшейтін кернеуді бөлгіш тетігі бар өлшеу схемасы.

 

Бұл теңдікті электрлиттің меншікті өткізгіштігі мен өлшеу ұясының тұрақты мәні k арқылы өрнектелінгеннен кейін (20.14) теңдікті алуға болады.

(20.14)

Өлшеу тізбегі арқылы өтетін I (20.14) Rk арқылы өткенде кернеудің мәні Uk=I Rk тең болғандықтан арнайы өлшеу құралдарының көмегімен анықталынады. Uk мәні меншікті өткізгіштікке & пропорционалдығын ескерсек, онда төмендегі теңдік арқылы электролиттің концентрациясын анықтауға болады:

(20.15)

Бұл схеманың (20.3.сурет) жоғарыда келтірілген басқа схемаларға қарағанда аз да болса артықшылығы бар. Біріншіден U кернеуін өзгерте отырып не болмаса, Rk кедергісінің мәнін өзгертудің нәтижесінде өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасын жақсарта түсуге болады.

Электролиттің температурасының өзгеруін бірқалыпты ұстап тұру үшін арнайы тетіктер қолданылады.

 

 

 
 
Uг
Up
Ra Rx Ra
 
 

 

 

20.4.сурет. Төрт электродты өлшеу ұясы бар өлшеу құралының схемасы.1-сезгіш элемент; 2-күшейткіш; 3-реттегіш; 4-генератор.

 

Төрт электродты өлшеу ұясы бар өлшеу құралын алатын болсақ (20.4.сурет) сыртқы ораның әсеріне төзімді келеді. Поляризация құбылысы өлшеудің дәлдігіне көп әсерін тигізбейді. 20.4.суреттің негізгі элементтерінің қатарына Rx пен қатар екі Ra кедергілері жатады. Rx кедергісіне түскен кернеудің мәні күшейтілініп реттелінетін кернеумен салыстырылынады. Егер, Rx кедергісіне түсетін кернеу реттелінетін кернеуден Up айырмашылығы болған жағдайда, реттелінетін кернеудің мәні өзгертілініп, екі кернеудің арасында тепе-теңдік орнатылады. Сезгіш элемент Rx арқылы өтетін токтың I шамасы электролиттің электр өткізгіштігіне W пропорционал.

Бұл әдістің ерекше бір айырмашылығы ол сезгіш элементтер анықталынатын ортамен түйіспейді. Сондықтан көптеген өлшеу қателерінің түрлері, атап айтатын болсақ, поляризацияның әсерінен пайда болатын қателер, анықталынатын ортаның ластығы т.б. өлшемнің шамасына әсерлерін тигізбейді. Бірақ, бір айта кететін мәселе, ол өлшеу құралдарының электр схемаларының өте күрделі болатындығында.

 

7 дәріс. Тақырыбы мен жоспары: Термокондуктометрлік газ талдағыш. Термомагнитті газ талдағыш. Термохимиялық газ талдағыштардың жұмысы мен сипаттамалары, қателері. Сұйықтардың тұтқырлығын өлшеуСұйық пен газдардың тығыздығын өлшеу.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!