Гидростатикалық деңгей өлшеу әдісі



 

Гидростатикалық өлшеу әдісін қолданатын деңгей өлшегіштерде сол өлшенетін ортаның, яғни, биіктігі h және тұрақты ρ тығыздығы бар сұйықтың гидростатикалық қысымын өлшеумен шектелінеді.

(9.1)

Гидростатикалық қысымның шамасын манометрдің, диффенциалды манометрдің көмектерімен өлшеуге болады. Ол үшін манометрлерді өлшейтін ортаға дұрыс қондыру қажет.

9.3.,а,б,суреттерінде манометрдің көмегімен сұйықтың деңгейін өлшеу әдістері келтірілген. Осы әдістердің көмегімен ластанбаған, тұтқырлығы аз сұйықтардың деңгейін өлшеу үшін манометрлерді пайдалануға болады. Сонымен қатар, (9.3.,6,сурет)

Ауа
2
1
1
h
h

 


 

 

а) б)

9.3.сурет. 1- манометр; 2 – пьезотүтік.

 

көрстілінгендей таза сұйықтардың деңгейін өлшеу үшін пьзотүтікті де қолдануға болады. Пьзотүтік арқылы арнайы қондырғының көмегімен белгілі бір мөлшерде ауа жіберіледі. Түтік арқылы жіберілетін ауаның шығынын пьезотүтіктен секундына бір-екі көпіршік шығатындай етіп реттейді. Биіктігі h сұйықтың гидростатикалық қысымы түтіктің ішіндегі ауаның қысымымен теңескен кездегі қысымның шамасы сұйықтық деңгейіне сәйкес болады.

2
1
3
h2
h1
Диффманометр
h

 

 

9.3.сурет. 1 – диффманометр; 2 – теңестіру ыдысы;

3 – түтіктер.

 

Дифференциалды манометрдің көмегімен де сұйықтың деңгейін өлшеуге болады. Ол үшін диффманометрдің бір түтігіне өлшеу объектісінен келетін сигналды қосу керек те екінші түтігін атмосфераға ашық қою қажет, болмаса теңестіру ыдысымен қосқан жөн.

9.3.суретте диффманометрді объектке қосу схемасы келтірілген.

Теңестіру ыдысы (9.3.сурет) статикалық қысымды h1 теңестіреді. Өлшеу кезінде теңестіру ыдысындағы деңгей өзгермеуі керек. Егер өлшенетін сұйық пен теңестіруші ыдыстағы сұйықтардың тығыздықтары өзара тең болса, сонымен қатар h1 = h2 жағдайда, диффманометр өлшенетін ортаның деңгейін көрсетеді. Деңгей туралы ақпарат электр сигналы түрінде (4-20мА) өлшеу құралына және контроллерге жеткізіледі.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!