Радарлы деңгей өлшеу әдісі



Радарлы деңгей өлшегіштердің сезгіш элементтері өлшенетін ортамен жанаспайды. Сондықтан да ортаның физика-химиялық қасиеттері өлшеу құралдарына және оның өлшеу дәлдіктеріне кері әсерлерін тигізбейді. Осы әдіске негізделініп жасалынған өлшеу құралдарын жабық, ашық ыдыстардағы, резервуарлардағы, тоғандардағы сұйық заттардың, сусымалы заттардың, судың деңгейлерін белгілі бір дәлдікпен өлшеуге қолдануға болады.

Радарлы деңгей өлшеу құралдарында [7,11] екі түрлі технология қолданылады. Біріншісі импульстік технология деп аталынса, екіншісі жиіліктік модулделінген үздіксіз толқын технологиясы деп аталынады.

Импульстік технология бойынша деңгейді өлшеу үшін импульстің өлшенетін ортаның беті мен өлшеу құралының сезгіш элементіне дейінгі аралықтағы уақытын өлшеуге негізделінген. Бірақ та мұндай әдіс өте жоғарғы өлшеу дәлдікті керек етпейтін процестерде қолданылады.

tо
h
f1
fo
t
f ГГц   10.3   9.7  
fo
f1

а) б)

 

9.1. сурет. а)- толқынның таралу схемасы; б) - "KROHNE" фирмасының BM-70 А радарлы деңгей өлшегіші.

Ал, екінші деңгей өлшеу технологиясы болса, жоғарғы дәлдікті керек ететін технологиялық процестерде қолданылады. Осы технологиямен жұмыс істейтін радарлы деңгей өлшегіштердің (9.1,б, сурет) сезгіш элементінен сигнал (микро толқын) өлшенетін ортаның бетіне қарай бағытталады.

Бағытталатын толқынның жиілігі 9.7 ГГц тен 10.3 ГГц аралығында таратылады. Тоқын сезгіш элементтен өлшенетін ортаның бетіне бағытталынып және одан кері қарай шағылысқан кезде, сол мезгілдегі бағытталынып отырған толқынмен араласудың нәтижесінде, бағытталынған тоқын мен өлшенетін ортаның бетінен шағылған тоқынның араларында төменгі жиілікті толқын ∆ f = fо- f1 айырмашылығы пайда болады.

Осы айырмашылық өлшенетін ортаның деңгейіне h (9.1.сурет, б) тура пропорционал.

Радарлы деңгей өлшеу құралдарына мысалы ретінде бір-екі фирмалардың деңгей өлшеу құралдарының сипаттамаларын келтіре кетейік.

"KROHNE" фирмасының BM-70 А радарлы деңгей өлшегішінің (9.2. сурет) дәлдігі ± 5 мм, өлшеу шегі 40 метрге дейін жетеді, шығу сигналы 4- 20 мА тең.

 

h

 

9.2.сурет. "KROHNE" фирмасының BM-100 радарлы деңгей өлшеу құралы.

 

Осы фирманың BM-100 радарлы деңгей өлшеу құралы сұйықтардың, сусымалы заттардың, сығылған газдардың, екі фазаның бөліну шекарасын анықтауға қолданылады. Мұндай өлшеу құралына сыртқы ортаның температурасының, қысымының өзгеруі өлшеу дәлдігіне әсер етпейді. Өлшеу шегі болса, 60 метрге жетеді. Өлшенетін ортаның температурасы -40 +150оС аралығында өзгеруіне болады. Өлшеу дәлдігі ± 5 мм. Екі аналогты шығу тетігі бар. Шығу сигналы 4- 20 мА тең.

Siemens фирмасының SITRANS LR радарлы деңгей өлшеу құралының мүмкіншіліктері: өлшенетін ортаның температурасының өзгеруіне төзімді, өзін-өзі тексеру мүмкіншілігі бар, аналогты (4-20мА) және сандық шығу тетігі бар, өлшеу шегі 45 метрге жетеді, дисплейдің көмегімен жұмысқа дайындауға болады.

«Комбит» акционерлі өндіріс орнының [5] ұсынған деңгей өлшеу құралдарының құрамынан RTG 2920, RTG 2930, RTG 2940, RTG 2960, RTG 1800, серии PRO, Universal II өлшеу құралдарын ерекше айта кеткен жөн болар. Себебі, өлшеу құралдарының көмегімен сұйықтардың, мұнайдың, сусымалы заттардың деңгейлерін үлкен дәлдікпен өлшеуге болады. Өлшеу құралынан шығатын электр сигналы халықаралық стандартқа сәйкес және контроллерлерге тікелей қосуға мүмкіншілік береді. Өлшеу шектері 0 – 40 метрге жетеді.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!