Йынды шығын өлшеу әдісі



 

Мөлдір және тұтқырлығы аз сұйықтардың шығынын өлшеу үшін құйынды шығын өлшегіштерді қолданған жөн.

Құйынды шығын өлшегіштердің жұмысы Карманның «құйынды жолдарының» ерекшеліктерін пайдалануға негізделінген.

Сұйық пен газ құбыр ішінде арқылы белгілі бір жылдамдықпен қозғалып, өз жолында әртүрлі формадағы кескінді кездестірген кезде, оны айнала ағады. Осы жағдайда кескіннің шеттерінде құйындар пайда болып, сұйық пен газдың жылдамдықтарына сәйкес, белгілі бір жиілікпен үзіліп жатады. Құйындардың үзіліп түсу жиіліктері ағынның орташа жылдамдығына, (Рейнольдс саны >3800) яғни, көлемдік шығынға пропорционал.

Құйындардың үзіліп түскен кездегі қысымның мәндерін арнайы сезгіш элементтердің (18.1.сурет) көмегімен қабылданып, электр сигналына өзгертіледі.

 

,

мұндағы St – Строугалдың саны; v – ортаның жылдамдығы;

Сезгіш элемент
Кескін
d – кескіннің ені.

18.1.сурет. Құйынды шығын өлшегіштің жұмысы.

 

Хоневелл фирмасының SVM 3000 PLUS құйынды шығын өлшегіші (сезгіш элементі- SVM 3000 PLUS DSC) өлшенетін ортаның көлемдік шығынын өлшейді. Технологиялық процестер кезінде пайда болатын тербелістер осы өлшеу құралының сезгіш элементінің жұмысына әсерін тигізбейді.

SVM 3000 PLUS DSC сезгіш элементінің төмендегідей ерекшеліктері бар:

· микропроцессордың көмегімен басқарылады;

· өзін-өзі тексереді;

· электромагниттік бөгеулерден қорғанысы бар;

· сандық көрсету тетігі бар;

· шығу сигналы 4... 20 мA.

Құйынды шығын өлшегіштерді пайдаланған кезде оларды дұрыс орналастыра білу қажет. Сондықтан да төмендегі келтірілген кейбір орналастыру схемаларын білген жөн.

 
 
 
 

 


18.2.сурет. 1- Honeywell (АҚШ) фирмасының DPR 180 сандық өлшеу құралы; 2 – құынды шығын өлшегіштің өзгерткіші; 3 – қысымды өлшейтін сезгіш элемент; 4 – температураны өлшейтін сезгіш элемент.

Температураны, қысымды (18.2.сурет) өлшейтін сезгіш элементтер құйынды шығын өлшегіштің сезгіш элементінен кейін орналасқаны дұрыс. Сонымен қатар, құйынның тұрақты пайда болуына сезгіш элементтердің әртүрлі кедергілерден (мысалыға, иін, жапқыштар т.б.,) белгілі бір қашықтықта орналасқандары да өздерінің дұрыс әсерлерін тигізеді.

 

5 дәріс. Тақырыбы мен жоспары: Деңгейді, тығыздықты өлшеу және бақылау. Гидростатикалық, пьезометрлік, дифманометрлік, радиоактивті әдістермен өлшеу принциптері. Химиялық талдау әдістері.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!