Шығын өлшеудің әсіре дыбыстық әдісі



Жиілігі жоғары, ұзындығы қысқа болғандықтан әсіре дыбыстарды бір бағытта шоғырландыра таратуға болады. Әсіре дыбыстың осы қасиеті сұйықтардың шығынын өошеуде кеңінен қолданалады. Әсіре дыбыстардың тербеліс көзі болып есептелінетін пьзокристалдардың А мен В көмегімен (4.7.сурет) өлшенетін сұйық ортасына дыбыстар таратылады.

Әсіре дыбысты «Диагональ» әдісі (17.1.,а. сурет) бойынша өлшенетін ортаға тарату үшін, құбырға А мен В пьезокристалдарын оның диагоналы бойынша өске φ бұрышымен орналастырады. Бірінші пьзокристалдан таратылатын дыбыс құбырдың қарама – қарсы қабырғасынан шағылысып кейін қайтады. Сонымен қатар екінші пьезокристалдан тарайтын дыбыс та құбырдың қарама-қарсы қабырғасынан шағылысып кейін қайтады.

Өлшенетін ортада таратылатын дыбыстық толқынның бағыты сұйықтың бағытымен сәйкес келгенде, оның таралу жылдамдығы, сұйықтың таралу бағытымен сәйкес келмейтін жағдайға қарағанда, жылдамырақ болады.

 


а)

 

 


б)

17.1.сурет. а) –«диагональ» әдісі бойынша дыбыстың таралуы; б) - «шағылысу» әдісі әдісі бойынша дыбыстың таралуы.

 

Әсіре дыбыстың, сұйықтың шығыны өлшенетін ортада, тура және кері бағытта таралуын анықтай отырып, сол ортаның жылдамдығын анықтауға болады.

Әсіре дыбыстың А дан В нүктесіне қарай таралу жылдамдығы:

, (17.1)

теңдігімен өректелінетін болса, В дан А нүктесіне қарай таралу жылдамдығы:

, (17.2)

өрнектелінеді. Мұндағы А мен В әсіре дыбыстарды таратқыш пен қабылдағыштар; Со – сұйықтағы дыбыстың таралу жылдамдығы; L – сезгіш элементтердің ара қашықтықтары; Vm ағынның орташа жылдамдығы; VAB – дыбыстың А нүктесінен В нүктесіне таралу жылдамдығы; V – дыбыстың В нүктесінен А нүктесіне таралу жылдамдығы.

Дыбыс толқындарының А дан В нүктесіне таралу уақыты:

, (17.3)

теңдігімен анықталынатын болса, В дан А нүктесіне таралу уақыты (17.4) теңдігімен өрнектелінеді:

. (17.4)

 

Әсіре дыбыстық шығынды өлшеу құралдарына мысыл ретінде бір-екі фирмалардың шығаратын өлшеу құралдарының сипаттамаларын келтіре кетейік.

Осындай шығын өлшегіштер қатарына Германияның «KRONE» фирмасының UFM 400 и UFM 500 атты өлшеу құралын (4.8.сурет) жатқызуға болады.

Екі сезгіш элемент
Өзгерткіш
Сұйық


17.2.сурет. UFM 400 шығын өлшеу құралы.

 

Осы шығын өлшегіштің көмегімен ағын судың, таза сулардың, керосиннің, мұнайдың, майдың, күкірттің т.б., заттардың шығынын өлшеуге болады.

UFM 400 әсіре дыбыстық шығын өлшегіші 2, ал UFM 500 - 4 сезгіш элементтерінен тұрады. Өлшеу дәлдігі өлшенетін шаманың ± 1%. Шығу сигналдары: токтық және импульстік.

17.3.суретте көрсетілінген осы фирманың ALTOSONIC V атты әсіре дыбыстық шығын өлшегіші. Мұндай шығын өлшегіштер мұнай өнімдерінің шығынын өлшеуде жиі қолданады.

Микропроцессор
Мұнай өнімдері

 

17.3. сурет. ALTOSONIC V шығын өлшегіші.

 

Өлшеу дәлдігі өлшенетін шаманың £ ± 0,15%. Осы өлшеу құралымен дыбыстың сұйықта таралу жылдамдығын өлшеумен қатар, сұйықтың көлемдік шығынын, оның температурасын, тұтқырлығын, массалық шығынының мәндерін анықтауға мүмкіншілік береді. Диаметрі Dy = 100-1000 мм. Процессордың көмегімен шығынның орташа мәні анықталынады. Сезгіш элементінен 4-20 мА және импульсті сигналдар шығады.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!