Газ бен сұйықтың шығындарын өлшеу



 

Технологиялық процестердің негізгі параметр-лерінің қатарына жататыны құбыр арқылы өтетін сұйық пен газдың шығыны.

Технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесінің тиімділігін және өндіретін өнімдердің сапасын арттыру үшін заттардың шығынын дәлме – дәл өлшеудің үлкен маңызы бар.

Сонымен қатар, өлшенетін ортаның физика-химиялық қасиеттерінің әртүрлі болуларына байланысты және өлшеу дәлдігіне қойылатын талаптардың біреклкі болмауынан шығынды өлшейтін өлшеу құралдары бірнеше әдістерге негізделінген.

Шығын дегеніміз берілген құбырдың қимасы арқылы уақыт бірлігінде өтетін өлшенетін заттың мөлшері.

Көлемдік шығын және массалық шығын болып екіге бөлінеді.

Көлемдік шығынның өлшем бірлігі ретінде м3/с, м3/сағ., л/мин т.б., ал, массалық шығынның өлшем бірлігі ретінде кг/с, кг/сағ., т/сағ. т.б.

Өлшенетін ортаның шығынын өлшеген кезде «орташа шығын», «шын шығын» деген тұжырмдамаларды бір-бірінен ажырата білген жөн. Мысалыға, орташа көлемдік шығынды:

(16.1)

теңдігімен анықталатын болса, мұндағы V - τ2- τ1 уақыт аралығындағы өлшенген заттың көлемі, шын шығынның мәні өлшенетін ортаның шамасының уақытқа қарағандағы туындысына тең.

Сонымен, шын көлемдік және шын массалық шығынды анықтауға төмендегі теңдік қолданылады:

(16.2)

Сұйық пен газдың және басқа да заттардың шығынын өлшейтін құралдарды шығын өлшегіштер деп атайды.

Сол шығын өлшейтін өлшеу құралдарынан, шығынның өзгеруіне байланысты, шығатын электрлік сигналдарынан τ2- τ1 уақыт аралығындағы интегралы алынатын болса, онда өлшеу құралы арқылы өтетін ортаның шамасы анықталынады, яғни:

(16.3)

(16.4)

Газдардың шығынын өлшеген кезде, ортаның температурасы мен қысымына тәуелсіз мәліметтерді алу үшін, шығынның шамасы қалыпты жағдайға келтірілген көлемдік бірлікте өрнектелінеді. Қалыпты жағдайда: температураның шамасы =20оС, қысымның шамасы

Рқ =101325 Па (760 мм сынап бағанасы) және салыстырмалы ылғалдылық φ=0.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!