Жаттығу. Мәтіннің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер.



Немене шпион іздеп жүрсіңдер ме деген бала солдаттан

Солдат мырс етіп

Әрине шпион іздеп жүрміз

Бізге әлі бірде-бір шпион келіп көрген жоқ деді бала өкінішпенен

Солдат күліп жіберді

Саған шпионның керегі не

Мен оны ізіне түсіп жүріп ұстап алатын едім ғой

Мынаның мықтысын қарай гөр ондайға әлі жассың ең алдымен жігіт болу керек

Осылайша алтын погоны бар әскери адам Оразқұлмен орман аралап кеткенде бала шофермен біраз әңгімелескен

Мен барлық машинаны барлық шоферлерді жақсы көремін деді бала

Оның себебі не деді шофер қызығып

Машина деген жақсы ғой әрі тез жүреді әрі күшті сосын бензиннің де исі тамаша Шоферлердің барлығы да жас жігіттер бәрі де Мүйізді Бұғы ананың балалары ғой

Не дейді не дейді мынау Мүйізді Бұғы ана дегенің немене деді түкке түсінбей солдат

Ау сен білмеуші ме едің

Жоқ шырағым мұндай ғажайыпнаманы өмірімде естіген жоқпын

Сен өзің кімсің сонда

Мен қазақпын Қарағандыда туғанмын шахтерлер мектебінде оқығанмын

Жоқ сен кімнің баласысың соны айтшы

Әке-шешемнің баласымын

Олар кімнің баласы

Олар да өз әке-шешесінің баласы

Ал олардың әке-шешесі кімнің баласы

Шырағым-ау сен бұлай сұрай берсең дүниенің түбіне жете алмассың

Ал мен болсам Мүйізді Бұғы ананың балаларының баласымын

Оны саған кім айтты

Атам айтқан

Шырағым мынауың бір шамаға соқпайтын дүние екен деді солдат балаға басын шайқап (Ш.Айтматов «Ақ кеме»)

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!