Жаттығу. Төмендегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыр.



Танабай осыны айтып, уақыт шіркін мына жорғаның шабысындай болып көзді ашып жұмғанша өте шыққанына өкінді. (Ш.А.) Жаз айының жадыраңқы күнінде Танабай сайда пішен шауып жатқан. (Ш.А.) Сол сапарда көз ұшынан ол шауып бара жатқан жорғаның шаңын байқап қалып еді. (Ш.А.) Көз үйреніп, ішіндегі адамдарын анық түстегеннен кейін бұл үйде қорқарлық дәнеме жоқ. (Ғ.Мүс.) Ақ күртіктің үстімен келе жатқанда әуелі Қалишаның үйін көрмейсің, үйдің төбесінде жатқан пештің мойнын жабатын күл дорбаны көресің. (Ғ.Мүс.) Оспанның бір тума қарындасы тәрізді, өзіне ұқсас, өзімен тұтас қара бәйбішесі бар. (Ғ.Мүс.) Қимылдаған адам айып тартатындай ешкім тырс етіп дыбыс шығармады. (Ғ.Мүс.) Жеті қараңғы түнде ауылдың ту сыртында Итемген мен Оспан отыр. (Ғ.Мүс.) Жүністі бір жарлауыттың астына тастап, Қартқожа бүкшеңдеп, буыны сыртылдап, Шамкештің іргесіне келді. (Ж.А.) Елге келгеннен бері қарай Мағаш пен Кәкітайлардан Әбіш көп нәрселер естіп қалған-ды. (М.Ә.)

Тір

Бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасы Қаратпа, одағай сөздерден кейін Қыстырма сөздерден кейін Оңашаланған айқындауыш сөйлемдерден кейін Құрмаластағы жай сөйлемдердің аражігінде, сондықтан, сол себепті айтылған сөздерден кейін
Екі арада күрес, сайыс, жамбы ату, теңге ілу сияқты ойындар жүріп жатты. (Ш.А.) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. (Абай) Мүмкін, онда Момын шал да дәл мұндай көрінгеннің айдауында жүрмес еді. (Ш.А.) Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. (М.Ә.) Үй іші кедейленген соң, Қартқожа апасының аулында бала оқытып тұр еді. (Ж.А.)

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!