Сұрау сөйлемдерінің жасалуы



 

Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулар арқылы Сұрау есімдіктері арқылы   Сұраулық интонация арқылы
Баяндауыш құрамында ғой, ше шылаулары келу арқылы Баяндауыш құрамында шығар, болар сөздері келу арқылы Баяндауыш құрамында ә одағайы келу арқылы
Бүгін күн қызарып бұлтқа батты, ертең жел көтеріле ме, жоқ па? (Ә.Н.) Бағып отырған малыңды тастап, үй тұрғызуға керек дүниені қайдан іздерсің? (Ш.А.) Анау адам мұның сөзін дұрыс түсінсе жақсы, түсінбесе ше? (Ш.А.) Топырлап кіріп жатқан мына кісілерді де қуанышына құтты болсын айта келгендей көретін болар? (Ә.Н.) – Баламысың деген, ә? – деді шал мұртынан күліп. – Әуелі үйге жетіп алайық, қалғанын көрерміз. (Ш.А.)

 

Леп белгісі:

Лепті сөйлемдерден кейін Ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден кейін Одағай, қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса Бұйрық, тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлемнен кейін Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен айтылған сөйлемдерден кейін Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін
Шіркін, дәл осындай жігіт болып өсер ме еді! (Ш.А.) Жасасын бірлік, бейбітшілік! Оны естігенде Бекболат: – Е, бәрекелді!.. Япырай! Түгел түсіп пе? – деді. (Ж.А.) Төлеген әнтек қипалақтап тұрып: – Кәне, жолдастар! Тамаққа жүріңіздер! – деді. (Ж.А.) Көзі тостағандай, терең, тұңғиық, қандай тамаша десеңізші! (Ш.А.) – Сәлеметсіз-дер ме! – деді оған бейтаныс біреулер. (Ш.А.)

 

Көп нүкте

Қойылатын орындары Мысалы
Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де еңбек процесінде жетіліп дамиды: «... қол еңбек органы ғана емес, ол сонымен қатар еңбектің жемісі де». (К.А.)
Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда, айтылып отырған ой болашақта орындалатын жағдайда Кім біледі, бұл түнгі жортуылдар әлі қаншаға созылар еді, егер де мына бір жағдай болмаса... (Ш.А.)
Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе қосылып кетсе, оның алдынан қойылады Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық.... Жарықтық балажан еді ғой.
Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп айтқанда – Мен ұл туған жоқ... тек, осы қызым... Ақбалам болмаса... – деп Сүйеу үйде, түзде бірдей мақтанатын. (Ә.Н.)

 

1-жаттығу. Белгілі бір ақын не жазушымен кездесу ұйымдастырылса, немесе ғылыми жұмыс талқыланса, қандай сұрақтар қояр едіңіздер. 5 сұрақтан дайындаңыздар.


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!