Тапсырма. Дәйексөздерді пайдаланып, шағын эссе жазыңыз



Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн.

 

Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді. Т.Фуллер.

 

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.
А.П.Чехов.
Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын. Альберт Эйнштейн
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский
Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат. Қазыбек би
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

 

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытұлы
…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім… Мұқағали Мақатаев

 

Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов

 

Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет. Жалау Мыңбаев

 

Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көз
С. Аманжолов
“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов

 

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір. Тоқсары
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

 

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын. Абай

 

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің ең соңы болады (Қаз дауысты Қазыбек би).

ПУНКТУАЦИЯ

 

Тыныс белгілері – адамның ойын дәл, нақты, түсінікті, тиянақты етіп жеткізетін, жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің «punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған.

 

Тыныс белгілері қойылатын орындарына қарай екіге бөлінеді:

1) Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте.

2) Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері: үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша.

Нүктенің қойылатын орындары Мысалы
Хабарлы сөйлемнен кейін Ол торға салған бір асымдай тоң балықты босағаға тастай салды. (Ә.Н.)
Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы жігіттің арын сақта. (Мақал)
Цифр не әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3) Қопармалы тіл. (А.Б.)
Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз қолданылған цифр не әріптен кейін Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1. Сыйыса құрмаласу. 2. Қиыса құрмаласу. (А.Б.)
Драмалық шығармалардағы әр кейіпкердің атынан кейін Ұмсынай. Мейлілерің, қарақтарым, мен не қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.)
Кейіпкердің сөзіне қатысы жоқ, автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін Ораз. Омыраулама! (Мылтығын оқтанып.) Қалай аласың? (Ж.А.)
Бас әріптерінен не басқы буынынан қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма аттарынан кейін Қазақ әдеби тілінің тарихы, басталу кезеңі, қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың да пікірлері бар. (С.И.)
Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып алынғанда Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік материалдар Махамбет, Шөже, Дулат, Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың шығармалары болып табылады. (С.И.)
Жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, тыныс белгілерінің бірі қойылса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады – Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын пейілімен жыртық қалтасын айналдырып көрсетті. (Екінші қалтасын

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!