Тапсырма. Әрбір сөзбен екіден немесе үштен сөз тіркесін жасаңыз



Сөзге (қандай?), сыр (не істеу?), ойға (не істеу?), құлақ (не істеу?), көңіл (не істеу), сөз (несі?), бағы (не істеу?), көзге (не істеу?).

 

Дәйексөз (цитата)

Дәйексөз – мәтіннен сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек. Тыныс белгілері төл сөзге қойылатын тыныс белгілерімен бірдей.Өлеңді сөйлемдерді дәйексөз еткенде, ол үзінді тырнақшаға алынбайды.

 

Тырнақша қойылатын жағдайлар:

а) дәйексөз тырнақшаға алынады. Мысалы: Махамбет Өтемісұлы туралы З. Қабдолловтың мына пікірі еске түседі: «Махамбет - өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат».

б) диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады. Мысалы: «Шұға айныса, амалым жоқ, Егер Шұға сөзінде тұратын болса, не қиындық болса да, көрем», - деумен болды. (Б.М.)

в) сөйлем ішіндегі мақал-мәтелдер, афоризмдер тырнақшаға алынады. Мысалы: «Күшіне қарамай көже көпіреді» дегендей көктемде өзеннің бұрқырайтыны бар.

г) сөйлем ішінде басқа біреудің сөзі қолданғанда, ол сөз тырнақшаға алынады. Мысалы: Зеренің соңғы айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері шынымен төрт көзі түгел отыр еді.

д) атаулар мен ұйымдар, объект етіп алынған сөз, буын, сөз тіркесі, әріп т.б. нәрсе аттары тырнақшаға алынады. Мысалы: «Волга» мәшинесі келді. «Қан мен тер» романы. т.б.

ж) Газет, журнал, орден, т.б. атаулар тырнақшаға алынады.

 

3-тапсырма. Қажетті тыныс белгісін қойыңыз

Ерте кезде тәуелсіз жандарды еркін адам, дала еркесі, дала серкесі – бір сөзбен айтсақ қазақ деп атаған. Мұндай сәттерде оларға Көп жаса, қарағым! деп рақмет айтады.

Халықаралық этикет бойынша, бірінші болып жасы үлкен – кішіге, әйел – еркекке, ұстаз – шәкіртіне, бастық – қызметкеріне қол ұсыну жүйеленген. Міне, мен саған бірінші болып қолымды ұсынып отырмын, бұл саған деген ниетімнің дұрыс екенін көрсетеді деген пейіл табы бар онда. Атаны жасы кішілер құрметпен ақсақал, қария деп атайды, шал деуге болмайды, ол сыйламағандық болып есептеледі. Күйеу мен қайын жұрттың арасындағы қарым-қатынас ұзақтығы сүйек жаңғырталық деп қайта құда болып, өзара қыз алысып, қарым-қатынасты жалғастыра беретін кезі болады. Сондықтан да болу керек, халқымызда күйеу-жүз жылдық деген мақал қалыптасқан.

О, бәрекелді, атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі деген қандай жақсы айтылған. Шыңғысжан, мына Шоқанымыз дәл өзіңнің Омбыда оқығандағы түрің болыпты да қалыпты. Тек өмірлі бол, шырағым, төре бала, біз сияқты шал атаңа сәлем бере жүрсең болғаны деп Шоқанға тапсыра сөйледі.

Атамыз қазақ істің түйінін шешудегі кемшілік төрешіден болмайды, айтушы өзі ақсатып алады деуші еді ғой.

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!