АҢдатпа. Тезис. Рецензия



 

Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.

Тезис ғылыми жұмыстардың, мақала, баяндама, курс немесе диплом жұмыстарының негізінде жазылады, негізгі айтатын ой, ережелер өте қысқа, нақты, дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т., яғни 1 бет болу керек.

Пікір (рецензия) – бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т.с.); терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.

Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену.

Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.

 

РЕФЕРАТ

Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!