АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗУ РӘСІМІ



Білім алушы емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, емтихан өткен күннен 13 сағаттан кешіктірмей апелляция беруге болады. Өтініш Жоғары мектеп директорының атына жазылады. Осыдан кейін апелляциялық комиссия құрылады. Өтініш берілгеннен кейін ол екі күн ішінде қаралады. Нәтижесі студентке таныстырылады.

ГЛОССАРИЙ

Термин (лат. термінұс - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі. Ғылыми терминдер жүйелі түрде қалыптасса, әрі термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап, метафора, стиль, т.б.ұғымдарды дәл айқындап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады.Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне, өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қара сөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір кезде мән берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану - келешектегі міндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр.[1][2]

Дереккөздер

“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010 жыл.ЫСБН 9965-26-096-6

Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ЫСБН 9965-769-67-2

Анықтама ( лат. дефінітіо) – кең мағынада, ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін логикалық амал. Кез келген анықтама анықталушы (дефініендұм) және анықтаушы (дефініенс) ұғымдарды білдіреді; анықталушы ұғымның мазмұнын ашуға көмектеседі; сол ұғымды оған ұқсас ұғым; термин мағынасы берілетін пайымдау немесе үрдіс. Ең дұрыс анықтама анықталатын сөз немесе терминге логикалық түрде сай болады

Анықтама деп жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді айтамыз

Дереккөздер

Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ЫСБН 9965-808-89-9

Лексикография -гректің лексикос (сөздік), графос (жазу, жазамын); деген сөздерінен алынып біріктіріліп, тіл ғылымында бір тілдің сөз байлығын, тілдеп бар, қолданылып жүрген сөздерді жинастырып, жүйеге келтіріп, сөздік етіп бастырып шығару деген грамматикалық термин ретінде қолданылады.

Қазақ тілшің өзге салалары сияқты, қазақ тілінің сөз байлығы да революцияға дейін арнайы ғылыми зерттеудің объектісі болған жоқ. Қазақ тілінде қолданылатын сөздер есепке алынып, жүйеленіп, алфавит тәртібіне келтіріліп, қазақ тілінің сөздігі жасалған жоқ деуге болады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілін практикалық жағынан үйрену мақсатымен орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздік жасаудың бірнеше тәжірибелері жасалды. Қазақ тіліндегі бар және болуға тиісті сөздіктердің түрлері мына төмендегілер:

1.Түсіндірмелі сөздік. Бұл — тілдегі болатын сөздіктердің ең көлемдісі және сез байлығын есепке алуда, сөздердің мағыналарын анықтауда ең маңыздысы деуге болады. Тілдегі бар сөздер алфавит тәртібімен беріледі де, әрбір сөздің неше түрлі мағынасы болса, сонша сөйлемдер алынып, сөздің мағыналары түсіндіріледі.

2.Этимологиялық сөздік. Бұл — бір тілдегі сездердің осы күнгі тұлғасының қалай пайда болғандығын, шығу төркінін белгілі мысалдармен талдап түсіндіретін сөздіктің түрі. Бұған тілдегі бар сөздердің бәрі енбей, тек жасалуы, шығуы жағынан түсіндіруге қиыншылық келтіретін сөздер ғана енеді.

3.Терминологиялық сөздік. Белгілі тілдегі қолданылып жүрген әрбір ғылым саласындағы термин сөздерді есепке алатын сөздіктің түрін терминологиялық сөздік дейді. Терминдер әр caлалы болатындықтан, сөздіктің бұл түрі бір кітап болып шықпай, ғылымның әр саласының терминдері өз алдына бөлек сөздік болып, бірнеше кітап түрінде шығуы да мүмкін.

4.Орфографиялық (емлелік) сөздік. Белгілі тілде сауатты жазу үшін емлелік ережелердің жинағының болуы жеткіліксіз. Тілдегі қолданылып жүрген алуан түрлі сөздердің жазылуын емлелік, орфографиялық ережелерге сиғызу мүмкін емес. Сондықтан бірқатар сөздердің қалай жазылатындығы сөздікте ғана беріліп, сол арқылы дұрыс жазу дағдысы тұрақталуға, қалыптасуға тиісті. Сөйтіп, тілдегі көп қолданылатын сөздердің жазылу үлгісін алфавит тәртібімен белгілі кітапқа тізіп берілген сөздіктің түрін орфографиялық (емлелік) сөздік дейді.

Терминография — лексикографияның бөлімі. раздел лексикографии. Предметом Т. является разработка методологии и конкретных приемов составления спец. словарей. В задачи Т. входят разработка принципов классификации и типологии терминологич. словарей, выработка науч. обоснованных принципов отбора спец. лексики, а также установление единых принципов орг-ции и подачи (толкования, перевода, описания и т. п.) терминов, номенов и др. спец. лексики в спец. словарях.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.

Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:

1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.

2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.[1]

Дереккөздер[өңдеу]

Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ЫСБН 5-7667-2949-9


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!