ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК

ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

ЖББПжТДЖМ директоры

________ Р.Қ. Жолаев

«____»_________ 2015 ж.

 

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ»

ПӘНІНІҢОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

Модуль атауы: Ғылыми бағыт

 

Мамандықтар: 5В050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В090200 «Туризм», 5В050300 «Психология», 5В020700 «Аударма ісі», 5В030200 «Халықаралық құқық», 5В030100 «Құқықтану», 5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

 

Курс: 1

Кредит саны: 1

Оқыту түрі: күндізгі

Студенттің оқу жүктемесі:

Практикалық сағат - 15 сағат

СӨЖ – 28 сағат

Аралық бақылау саны – 2

Емтихан сағаты - 2 сағат

Емтихан түрі: жазбаша

Жалпы сағат саны: 45 сағат

 

АСТАНА – 2015

 

Пән силлабусы (оқу бағдарламасы) пәннің оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленген.

 

Силлабусты әзірлегендер: _________ ф.ғ.к., доцент Б.Б.Динаева.

_________ф.ғ.к., доцент С.М.Сапина.

 

 

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

 

2015 жылғы ___________ № хаттама

 

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., проф. ___________ Ж.С. Бейсенова

 

Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің кеңесінде мақұлданған.

 

2015 жылғы ___________ № хаттама

 

Төраға _____________ Р.Қ. Жолаев

Оқытушылар туралы мәліметтер мен байланыс телефондары:

Динаева Бекзат Бегалықызы, ф.ғ.к., доцент. 8 778 778 9181

Сапина Сәбира Мінатайқызы, ф.ғ.к., доцент 8701 317 4234

Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы, ф.ғ.к., доцент 8 775 391 8205

Утанова Айзада Құдайқұлқызы, ф.ғ.к., доцент 8701 735 38 88

Камиева Гүлмира Камиқызы, п.ғ.к, доцент 8 775 316 09 02

Шалқыбасов Дархан Игібайұлы, ғ.м., оқытушы 8 702 423 17 40

 

КАЗГЮУ Университеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, каб. 412. Тел 70-28-29 (ішкі-1293)

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде тілдерді оқыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін ескере отырып әзірленген.

Қазақ тілі курсы қазақ/орыс тілі бойынша дайындық бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

«Қазақ тілі» пәні Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің қазақ/орыс тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесінің негізгі қағидаларымен және қызмет ету заңдылықтарымен таныс тыңдаушыларына арналған.

«Қазақ тілі» пәні тілдің грамматикалық қағидаларын ескере отырып, орфографиялық ережелерді негізге ала отырып, сауатты жазуды дағдыландыруға үйретеді. «Академиялық жазылым және оқылым» пәніне көмекші пән ретінде қызмет ететін кездері де жоқ емес, себебі ғылыми жоба, курс және диплом жұмыстарын жазуда стильдік, грамматикалық ережелерді сақтау аса үлкен қажеттілік болып табылады.

Курстың негізін тыңдаушылардың сыни ойлауын қалыптастыру, стильдік жазуын тұрақтандыру, терминдердің талапқа сай жазылуы, қосылатын қосымшалардың заңдылықтары мен орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып, сөйлеуге машықтандыру, баяндап жазу (мазмұндама), суреттеу, ойдан шығаруып жазу (эссе) сияқты жазылым мен логикалық тұтастықты сақтай отырып, дәлелді, жүйелі сөйлеуге бағыттау сияқты дағдылар құрайды.

Курстың атауы Қазақ тілі

Кредит саны 1

Курстың ұзақтығы 8 апта

Курсқа қатысуға қойылатын талаптар: орта білім

Пререквизиті: оқу курсын игеру үшін мектептен алған білімдерінің негізінде жазбаша, ауызша, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Постреквизиті: оқу курсы барысында студенттің қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өмірімен, экономикасымен, тарихи тұлғаларымен таныстыру арқылы жазбаша, ауызша, тыңдалым, сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Оқытудың әдіс-тәсілдері:

Кейс-стади, RWST бағдарламасы – «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», INSERT картасы, Интеллект картасы, «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі»; ДЖИГСО, Блумм таксономиясы, т.б.

Пәннің мақсаты:

«Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған ғылыми еңбектер мен жалпы мәтіндік материалдарды оқып, түсіне алуға дағдыландыру.

Студенттер өздерінің туып-өскен Қазақ елінің даму тарихын, қалыптасу сатыларын, оның басты ұлттық құндылықтарын, мәдени және табиғи ескерткіштерін, мәдениетін, өнерін, ғылымын, ұлы тұлғаларын, ойшыл даналарын, өркениетке өрлеу жолын, Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін, тағы да басқа толып жатқан жан-жақты салаларын білулері керек. Олар мемлекеттік тілдің ерекшелігін жете түсініп, сауатты жазып, сауатты сөйлеу дәрежесіне жетуге міндетті.

Пәннің міндеттері:

Осы мақсаты жүзеге асыру үшін қойылатын міндеттер:

- жұмыс орнында, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-қатынасқа үйрету;

- қазақша дұрыс сөйлеу әуезділігіне жету, сауатты жазуға дағдыландыру;

- оқылған мәтінді аударып, сөздіктермен жұмыс істей отырып, оның мазмұнында берілген ойды ауызша айту, ойды жазбаша құра білу дағдысын қалыптастыру;

Құзыреттілігі:

- оқып отырған модулі аяқталғаннан кейін пән аясында өз білімі мен түсініктерін көрсете білу;

- мәліметтерді дұрыс қабылдап, тапсырмаларды жеке орындаумен ерекшелену, өздігінен білім алуға дағдылану;

- әртүрлі жағдайларға байланысты өздігінен шешім табуға дағдылану (кейс-стади тапсырмаларын шешу);

ойларын сыни тұрғыда жеткізу және жаза білу;

- пән аясында алған білімдерімен жетістіктерін ұтымды пайдалана алу, мүмкіндігінше өз қажетіне жарату, кәсіби біліктілігін одан әрі дамыту және мамандығын дұрыс таңдау;

- белсенді азаматтық позицияны ұстану және өзіндік патриоттық сананы қалыптастыру.

 

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер: қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарын, лексикалық оралымдар мен сөйлемдерді стилистикалық жағынан дұрыс құрастыруды үйреніп, жазу әрекетін меңгеруі, кез келген тақырыпқа еркін ой толғауы, коммуникативтік міндеттерді лингвистикалық құралдармен шешу дағдыларын қалыптастыруы керек.

Студенттің пәнді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттері:

«Қазақ тілі» пәні студенттердің қазақ тілінде ойларын еркін айта алу, мәтінді оқып, сауатты жаза білуге дағдыландырады. Оқылып тұрған мәтінді грамматикалық қателерсіз жазуға бейімдеп, жалпы дүниетанымдық дайындығының негізін құрайды. Пәннің қолданбалы сипаты мамандық бойынша әртүрлі стильдегі, ғылыми, публицистикалық, т.б. мәтіндерді тани білу, жаза алуды машықтандыруға байланысты.

Оқыту тілі: қазақ

2 модульдегі жұмыс форматы:

Қорытынды емтихан: жазбаша түрде (диктант).

Мәртебесі:курсЖалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебі бағдарламасының қазақ тобындағы студенттері үшінміндетті.

 

БАҚЫЛАУ ТҮРІ

 

Диктант және мазмұндама түріндеекі рет аралық бақылау алынады:

 

Диктантта міндетті түрде грамматикалық, орфографиялық ережелер сақталып, мәтіннен ауытқулар болмауы тиіс. Пунктуациялық ережелер де сақталуы керек.

Мазмұндамада екі баға қойылады: біріншісі мазмұнының ашылғанына, екіншісі грамматикалық қателер мен орфографиялық, пунктуациялық қағидалардың сақталуы қадағаланады.

 

 

ДИКТАНТ. Білім алушылардың сауаттылығын, қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тексеру мақсатында жүргізілетін жазба жұмысының белгіленген нормасы 190-200 сөз көлемінде.

Диктант мәтініне байланысты оқытушы мыналарды ескеруі қажет:

Қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;

Сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін, оқылу интонациясын ескеру;

Сызықша, тырнақша, көп нүкте, нүктелі үтір сияқты тыныс белгілерді қолдану жүйесі.

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

«5» деген баға қатесіз жазылған жазба жұмысына немесе 1 орфографиялық және 1 тыныс белгіден жіберілген қатеге;

«4» деген баға емледен 3 және тыныс белгісінен 3 (3/3) немесе емледен 2 және тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1 және тыныс белгісінен 5 (1/5) қатеге;

«3» деген баға емледен 6 және тыныс белгісінен 5 (6/5) немесе емледен 5 және тыныс белгісінен 6 (5/6), емледен 3 және тыныс белгісінен 8 (3/8) қатеге;

«2» деген баға емледен 9 және тыныс белгісінен 5 (9/5) немесе емледен 8 және тыныс белгісінен 9 (8/9) қатеге;

«1» деген баға «2» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен қатеге қойылады.

Ескерту: диктантты бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы бір текті үш қате бір қатеге саналады, келесі сондай қателер дербес болып есептеледі.

 

МАЗМҰНДАМА. Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы студенттің өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді. Мазмұндама көлемі жоғары сынып оқушылары мен 1-курс студенттері үшін 400-450 сөз.

Мазмұндаманы бағалауда білім алушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады. Мазмұндамаға екі баға қойылады: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін.

 

Баға Қателер
«5» 0/1
«4» 2/2, 1/5
«3» 3/6, 2/7
«3» 5/5, 6/4

ДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

1. Ерғалиев Қ. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу құралы. – Павлодар, 2012. – 135 б.

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы, Арыс, 2008.

3. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы: «Дәуір», 2005. -256 б.

 

Қосымша әдебиет:

1. Динаева Б. Қазақ мақал-мәтелдерінің прагмакогнитивтік аспектісі. Монография. – Астана, - 2013. – 172 б.

2. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, Арыс, 2008.

3. Даупбаев Қ. Тіл мәдениеті және стилистика. Оқу құралы. –Астана: «Фолиант», 2008. -67 б.

4. Дүсіпбаева Қ. Қазақ тілінің стилистикасы. –Өскемен: «Шығыс ақпарат», 2009. -119 б.


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!