Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе.



Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi. /6/

Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған.

Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды. Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.

Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды. /7/

Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.

Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.

Валюталық бағамбұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағалы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады;

Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.

Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;

Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.

Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытырын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы анықталады. /7/

Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша жүзеге асады. мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы бойынша жүзеге асады.

Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар бойынша.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағамдар – сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ, бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!