Болжамдар сипаты және тергеуді жоспарлауды түсіндіріңіз.



Криминалистикалық тактика криминалистика ғылымы жүйесiнiң үшiншi элементi бола тұра, бағам бағдарламасының үшiншi бөлiмiн құрастырады.

Криминалистикалық тактика деп, ғылыми ережелер жүйесiне негiзделе отырып жасалған алдын-ала тергеу мен соттық тергеудi ұйымдастыру және жоспарлау талаптарын, соттық зерттеулер жүргiзетiн адамдардың мiнез-құлқын және процессуалдық iс-әрекеттердi (бiрiншiден, тергеулiк) жүргiзу тәсiлдерiн айтамыз.

Криминалистика тактика мазмұнын:

1. Криминалистикалық болжамдар және тергеудi жоспарлау туралы iлiм.

2. Тергеулiк ситуация түсiнiгi және оған баға беру, тергеу мүддесiне қарай пайдалану бойынша нұсқаулар.

3. Тактикалық шешiм түсiнiгi және оны әртүрлi жағдайларда қабылдау бойынша нұсқаулар.

4. Тергеу процесiнде қылмыспен күрес жүргiзiп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлерiмен тергеушiнiң өзара әрекеттесуiн iске асыру қағидалары, алынған оперативтiк түпнұсқаларды пайдалану.

5. Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде техникалық-криминалистiк құралдарды және дәлелдемелердi жинап зерттеуден өткiзу тәсiлдерiн пайдалану бойынша нұсқаулар.

6. Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде арнайы бiлiмi бар тұлғаларды, маман және жұртшылық көмегiн пайдалану бойынша нұсқаулар.

7. Тергеу процесiнде ұйымдық және техникалық сипаттағы шараларды iске асыру қағидалары.

8. Тактикалық тәсiлдер және нақтылы процессуалдық әрекеттердi жүргiзу бойынша нұсқаулар.

9. Тергеу барысындағы тактикалық комбинациялар құрастырады.

Тактикалық тәсiлдер, нұсқаулар және комбинациялар криминалистикалық тактика негiзi болып саналады.

Криминалистикалық тәсiл дегенiмiз заңға қайшы келмейтiн, белгiлi ситуациялық жағдайда, қылмыстың алдын-ала тергеуге қажет дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және iске асыру мақсатындағы тергеу әрекеттерiнiң нәтижелiгiн арттыру үшiн тергеушiнiң қолданатын арнайы әдiс-тәсiлдерi мен қолайлы мiнез-құлқы.

Тактикалық тәсiлдердiң екi түрiн ажыратуға болады:

— әрекеттiк, яғни қандай да бiр қимылдарды iске асыру барысындағы тәсiлдер;

— бағыттық, яғни тергеудi жүргiзушi тұлғаның нақтылы мiнез-құлықтық бет алысты таңдап iске асыру тәсiлi.

Тактикалық тәсiлдердi қолдану шарттары:

1. заңға қайшы келмеу — рұқсат беретiн заңдар, қағидалар және ережелер жүйесiне сай келу, аталмыш тәсiлдердi (нұсқаулар, комбинациялар) тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi, сотпен iске асыру тәртiбi, мақсаты және мазмұны;

2. рұқсаттылық, яғни сипаты, мазмұны және мақсаттылығы бойынша заңға толығымен сәйкес болу керек;

3. ғылыми негiзделген;

4. тәжiрибемен дәлелденген, яғни қолданылған күш, құрал және жiберiлген уақыттың бекер болмауы;

5. қолайлы, яғни әрбiр тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi және соттардың пайдалану мүмкiндiгi бар.

Тактикалық-криминалистiк нұсқаулар дегенiмiз ол, тергеу жүргiзу немесе сот өндiрiсiндегi тактикалық тәсiлдердi таңдап қолдануға қатысты, ғылыми негiзделген және мақұлданған тәжiрибелiк кеңес.

Тактикалық комбинация деп тергеулiк ситуациясымен себептелген және нақтылы тергеу мiндетiн шешу мақсатын iске асыруды көздеген, тактикалық тәсiлдер немесе тергеулiк әрекеттердiң ұштасуын айтады.

Бiр ғана тергеу әрекетi шенберiндегi тактикалық тәсiлдердiң ұштасуын қарапайым тактикалық комбинация дейдi.

Нақтылы iстi тергеу барысындағы тергеу әрекеттерiнiң ұштасуы, күрделi тактикалық комбинация болып саналады. Күрделi тактикалық комбинацияға бiртектес не әртүрлi тергеулiк әрекеттер, сондай-ақ қамсыздандыру сипатындағы, ұйымдық-техникалық шаралар ене алады.

Оперативтiк-тактикалық комбинация дегенiмiз ол, бiртұтас тактикалық оймен қамтылған, тергеушi тапсырмасы бойынша тергеу әрекетiмен қатар жүргiзiлетiн жедел iздестiру шаралары. Мұндай шаралар мақсаты ретiнде, комбинация құрылымына енетiн нәтижелiк, талпынушылық және қауiпсiздiк, ал қажет болғанда нақтылы мезетке дейiнгi құпиялылық жағдайын қалыптастыру болып саналады. Бiртұтас оперативтiк-тактикалық комбинация құрылымында, жедел iздестiру шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тергеу әрекеттерi де жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай әрекеттер тергеушiнiң жедел iздестiру қызметкерлерiмен өзара әрекеттесу жолымен iске асырылады.

Тактикалық шешiм деп тергеулiк ситуацияға, тергеу процесiнiң жолына және нәтижесiне тактикалық ықпал жасау мақсатын таңдау және аталмыш мақсатқа жету әдiс-құралдарын анықтауды айтады. Тактикалық шешiмдi iске асырудың негiзгi құралдары ретiнде, тактикалық тәсiлдер және тактикалық комбинациялар жүредi.

Тактикалық шешiм үш бөлiктен тұрады: 1) ақпараттық; 2) ұйымдастырушылық; 3) операциондық.

1. Тактикалық шешiмнiң ақпараттық бөлiгi тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беруден тұрады:

— шешiмiн талап ететiн, процессуалдық мiндеттер;

— қарсы тұрушы күштердiң ойлары;

— тергеу мүмкiндiктерi;

— болжамалы ақпар.

2. Тактикалық шешiмнiң ұйымдастырушылық бөлiгi мынадай тұжырымдарды өзiне жинақтаған:

— функциялар тарату;

— өзара әрекеттесу бағыты мен нысандары;

— қолданыстағы күш-құралдарды iске асыру ретi;

— қосымша мүмкiндiктер;

— қажеттi ұйымдық-техникалық шаралар жүргiзу.

3. Тактикалық шешiмнiң операциондық бөлiгi, ол:

— тактикалық ықпал ету мақсатын;

— мақсатқа жету тәсiлдерi мен жағдайларын;

— тактикалық шешiмдi iске асырудың болжамалы нәтижелерiн анықтау.

Тактикалық шешiм мақсаттары:

— тергеулiк ситуацияны жағымды жаққа ауыстыру;

— шыңайы тергеулiк ситуацияны тиiмдi пайдалану;

— тергеуге қарсы тұрушы тұлғалар үстiнен тактикалық билiк орнату;

— бастапқы тергеу кезеңiндегi тұтқиылдық факторын зерттеу;

— тергеудi алға басу әдiстемесiмен қамтамасыз ету.

Тактикалық шешiмге қойылатын талаптар:

— заңдылық;

— өнегелiлiк;

— уақыттылық;

— негiздiлiк;

— шынайылық.

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!