Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу әдістемесі.



Егер қылмыс жасағанға дейін жасы 16-ға толса, кәмелетке толмағандар қылмыстық жауапқа тартылады 14-тен 16 жасқа дейінгілер кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіру, әйелді зорлау – қылмыстарына жиі қатысады, қылмыстық іс қозғалады.

Жас балалар мен кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеудің ерекшелігі сол, бұлардың өмірлік тәжірибелерінің аздығынан, өздеріне басқалардың көңілін аударту мақсаты т.б. жағдайлармен жасалатындығында.

Статистика бойынша 14-17 жастығы балалар көбінесе ұрлық, бұзақылық тонау, қарақшылық шабуыл, есірткі заттарға байланысты қылмыстарды жасайды. Кісі өлтіру мен зорлауды сирек жағдайда жасайды екен.

Ұрлықтар көбінесе топпен жасалынады. Топтын басшысы, жетекшісі болады. Ол обьектілерді өзі тауып, жасөспірімдердің әрекеттерін басқарып, егер «операция» сәтсіздікке ұшыраған кезде, өздерін қалай ұстау керектігін, қылмс іздерін қалай жою керектігін айтып қояды.

Дүкен, киоск, буфет, атомашина, пәтерлерге жасалған ұрлақтар – есіктерді сындырып кіру, немесе форточка арқылы кіру жолдарымен жасалады. Қылмыс кезінде жасөспірімнің киімінің бір бөлігі жыртылып, қалып қояды, тіс іздері қалады.

Қылмыстық топтарды бұрын сотталып, еклген қылмыскерлер басқарады. Кәмелетке толмағандар бұзақылық әрекеттер жасағанда дене жарақаттарын қол аяқтарымен салады. Пышақты өте сирек қолданады.

Кәмелетке толмағандар тонау мен қарақшылық шабуылға қатысқанда, ақша, заттарды тез беруді талап етеді. Жәбірленушіге бірден қарақшылық шабуыл жасау өте аз кездеседі.

Кәмелетке толмағандардың қылмыс ізін жою шаралары төмендегідей

- қылмыстық іздерді жою өте сирек кездеседі.

- ұрлап алған заттарды үйдін астына, шатыр астына, бұзалап не салынып жатқан үйлердің ішінде сақтайды.

- өлікті қылмыс болған жерден алыс емес жерге жасырады

Қылмысты іс қозғалатын жағдайлар:

- Жасөспірімді қылмыс жасап жатқан жерден ұстағанда

- Жәбірлануші мен куәгерлер «қылмскердің бейнесі және жүрісі - тұрысы осы кәмелетке толмағанның өзі» дегенде.

- Қылмысты істі тергеуші қозғайды, қылмыскердің жасын біліп алуы керек.

- Қылмыстың сипаттамасын, қылмыскердің жасын анықтау.

- 14-15 жастағылардың құжаттары өздерінде болмайды, кейде олар өтірік те айтады.

- Жұмыстағы, оқудығы достарының әсері. Бұрын әкімшілік немесе қылмыстық жазаланған ба еді? Жазаланған болса не үшін?

- Жасөспірімнің оқуға жұмысқа көзқарасы қандай? Кітап оқуды жақсы көреді ме? Жақсы көрсе қандай кітап әдебиеттер оқиды. Қандай фильмдерді жақсы көреді? Есірткі, алкоголь ішімдіктерін ішеді ме?

- Қылмыстың жасалу себебі, мақсаты.

Кәмелетке толмағандар ұрлайтын заттар:

- тамақтар, мотацикл велосипед, модельді заттар(киімдер, магнитафон, компьютер т.б.), ақша маркалар,ескі теңгерер т.б.

Қылмысты жасау әдісіне қрап кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды анықтауға болады.(Оқиға болған жерді қарау кезінде)

- қолдары мен аяқ іздерінің кішкентай болуы

- қылмыс болған жерде қалдырып кетен заттары, аяқкиім іздері арқылы

- азық - түлікте қалтырылған тіс іздері арқылы күдікті адамның жасын шамалап анықтауға болады.

Кәмелетке толмағандарды тінтігенде ұрланған заттарды, қылмыс жасау құралдарын, қылмыс кезіндегі қылмыскердің киімдерін, кунделіктерін, жазба дәптерін табуға әрекет етеді. Жасөспірімдер ұрланған заттарды сарайда, үй астында, шатыр астында жасырады. Ұрлақ тонау қарақшылық шабуыл кезінде олар көбінесе авторучка, зажигалка, пышақтарды алып, өзінде не үйінде ашық ұстайды. Олардан жауап алғанда, қылмысын мойындап, қылмыс ашылуына белсене қытысса, оған жеңілдіктер болатындығын айту керек. Жауап алғанда педагог не жасөспірімдер психиологиясынан маман адам қатысуы керек.

Егер оларды беттестірген кезде (жасөспірім өтірік жауап барген кезде немесе беттестіргенде жас айырмашылықтары өте аз болғанда) бірінші кәмелетке толмағаннан жауап алады. Куәгерлер ретінде жас балалар болса, олардан жауап алғанда педагог (бала бақша тәрбиешісі) мен ата – анасы қатыстырылады.

Бастапқы тергеу әрекеттері:

1. Ұстау, тінту.

2. о.б.ж. қарау.

3. Жаүап алу.

4. Экспертизалар тағайындау.

Кезектегі тергеу әрекеттері:

1. Жауап алу, беттестіру.

2. Танытуға көсету.

3. Тергеу эксперементін жургізу.

4. Жауапты о. Б. жерде алу. (тексеру)

5. Экспертизалар тағайындау.

 

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!